≡AAAAAAA | Сауатты Экономика | ← → |
Импринт
САУАТТЫ ЭКОНОМИКА
Жеке және ұлттық өркендеу туралы барлық адам білуі тиіс жәйттер
Жеке және ұлттық өркендеу туралы барлық адам білуі тиіс жәйттер
Орталық және Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңес одағы елдеріне арналып толықтырылып, қайта жазылған.
ДЖЕЙМС Д.ГВАРТНИ
Флорида мемлекеттік университеті
Флорида мемлекеттік университеті
РИЧАРД Л. СТРОУП
Солтүстік Каролина мемлекеттік университеті
Солтүстік Каролина мемлекеттік университеті
ДУАЙТ Р. ЛИ
Оңтүстік методист университеті
Оңтүстік методист университеті
ТОУЙНИ Х. ФЕРРАРИНИ
Солтүстік Мичиган университеті
Солтүстік Мичиган университеті
ДЖОЗЕФ П. КАЛОХОУН
Флорида мемлекеттік университеті
Флорида мемлекеттік университеті
РАНДАЛЛ К. ФАЙЛЕР
Хантер колледжі мен CUNY магистратура орталығы
Хантер колледжі мен CUNY магистратура орталығы
«Сауатты Экономика: жеке және ұлттық өркендеу туралы барлық адам білуі тиіс жәйттер». Авторлар: Джеймс Д. Гвартни, Ричард Л. Строуп, Дуайт Р. Ли, Тоуни Х. Феррарини, Джозеф П. Калхоун және Рандалл К. Файлер.
Алғаш рет 2020 жылы басылған.
Economic Fundamentals Initiative, 110 Jabez Street 1060, Newark, New Jersey NJ 07105, USA.
Джеймс Д. Гвартни, Ричард Л. Строуп, Дуайт Р. Ли, Тоуни Х. Феррарини, Джозеф П. Калхоун және Рандалл К. Файлердің «Сауатты Экономика: жеке және ұлттық өркендеу туралы барлық адам білуі тиіс жәйттер» кітабының үшінші басылымы мәтіні Орталық және Шығыс Еуропа және бұрынғы Кеңес одағы елдері үшін толықтырылып, қайта жазылды.
Copyright © Economic Fundamentals Initiative
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 халықаралық лицензиясы (CC BY-NC-ND 4.0) бойынша лицензияланған. Лицензия мәтіні мына жерде: https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/
ISBN 978-1-952729-27-0
Алғысөз
Кітап авторлары сіздің табысты және белсенді өмір сүргеніңізді қалайды. Біз сондай-ақ сіздің және басқалардың өз әлеуетін толық ашуға ынталандыратын және күш беретін ортада өмір сүргеніңізді қалаймыз. Алға қойған мақсатқа жету үшін ел басшылары, жалпы азаматтар экономиканың негізгі қағидаларын жан-жақты түсінуі керек деп есептейміз. Экономикалық шешімдер мен стратегиялар күнделікті өміріміздің сан саласына әсер ететінін көпшілігіміз байқай бермейміз. Саясаткерлер мен сайлаушылардың экономикалық сауатсыздығы таң қалдырады. Экономикалық сауатсыздық барлық жерде қауіпті, бірақ экономикалық сауатсыздық әсіресе дамушы және посткоммунистік елдерде кең таралған және ол қауіпті. "Сауатты Экономика" жобасының түпкі мақсаты – экономикадағы негізгі ұғымдарды халыққа қолжетімді ету.
Уақыт құндылығын ескере отырып, біз бұл басылымды жаңа терминдерді үйрену, формулаларды есте сақтауды қажет етпейтіндей немесе тек кәсіби экономистер үшін ғана маңыздыларын мейілінше азайтатын тәсілмен жаздық. Осы мақсатпен, біз шынымен маңызды болып табылатын іргелі экономикалық білімге назар аударамыз — бұл сізге жақсы таңдау жасауға, күрделі әлем туралы түсінігіңізді жақсартуға және белсенді өмір сүруге көмектеседі.
Экономикаға қатысты қазіргі біліміңіз қандай болса да, бұл кітап сізге маңызды мәлімет береді. Біз оны қысқа да нұсқа жазып, ретімен орналастырып, оқуға қолайлы етуге тырыстық. Кітаптың тақырыбы айтып тұрғандай, біз экономиканың негізгі қағидалары көкейге қонымды екеніне сенеміз. Еңбекте осы қағидалар қолданысы таратылып, шынайы өмірдегі оқиғалар экономикалық қағида әлеуеті арқылы түсіндірілді.
Біз сізге неліктен кей елдің гүлденіп жатқанын, ал басқаларының өркендемейтінін түсінуге көмектесуді мақсат еттік. Еңбекте саяси үдеріске баға беріліп, ресурстарды бөлудің үкіметтік және нарықтың жолдарының айырмашылықтары қарастырылды. Тіпті экономика және бизнес мамандығында оқитын алдыңғы қатарлы студенттердің өзі біздің «маңызы бар толыққанды жалпы жүйені» көрсетуге арналған еңбегімізден керегін алар. Сіз пәннің күрделі формулалары, жетілген модельдері мен техникалық математикасын ысырып қойып, әуелі әу баста осы салаға еліктірген экономика қағидаларына ден қоя аласыз.
Осы еңбек, әсіресе экономика курсын әрі қарай жалғастыруды көздемейтін студенттерге және айналасында қоршаған әлемде болып жатқан әрекеттерді түсінгісі келетін жалпы бұқараға берік негіз қалауға арналған. Кітап жоғары сынып оқушыларына, экономикадан өзге мамандықтардағы университет студенттеріне (мысалы, заң немесе журналистика), әсіресе, оқығысы келетін кез келген азаматқа қолайлы болу үшін жазылды.
"Сауатты Экономика" кітабы командасы бұл материалдарды нұсқаушылармен бөлісуге дайын болғандықтан, біз оларға білім беру қабілетін арттыруға арналған семинарларды ұсына аламыз. Бұл жайында http://www.econfun.org сайтымыздан қосымша ақпарат алуыңызға болады.
Берлин қабырғасы құлағаннан кейін 30 жыл өтсе де, азматтардың көбісі нарықтық экономикаға өту жолы мен бағытына күмән келтіруде. Осы өңір азаматтары «либерарды емес демократия» немесе «мемлекеттік капитализм» деген сияқты жалған уәделерге бой алдырмауы ерекше маңызды. Көптеген адамдар осы аймақтарда саяси және экономикалық еркіндік орнату үшін уақыттарын, мансаптарын, тіпті өмірлерін құрбан етті. Біз бұл кітапты азаттық үшін күрескен батырларға арнаймыз.
1-бөлім: Экономиканың негізгі он екі элементі
Негізгі он екі элемент
- Ынталандырулардың маңызы зор: пайда мен шығын мөлшерінің өзгеруі таңдауға алдын ала болжауға болатындай әсер етеді.
- Тегін дүние жоқ: тауарлар саны шектеулі болғандықтан, таңдау жасауымызға тура келеді.
- Шешімдер шекті сипатта қабылданады: Егер біз өз ресурстарымыздан барынша пайда алғымыз келсе, шекті пайда шекті шығындардан жоғары болатын нұсқаны таңдаған дұрыс.
- Сауда экономикалық ілгерілеушілікке ықпал етеді.
- Транзакциялық шығындар саудаға кедергі келтіреді.
- Баға сатып алушы мен сатушы таңдауларын теңестіреді.
- Пайда бизнестің ресурстар құнын арттыратын өнімді әрекеттерге бағыттаса, ал шығын ресурстардың құнын төмендететін әрекеттерден алшақтатады.
- Адамдар өзгелер бағалайтын тауар мен қызметті ұсыну арқылы табыс табады.
- Өмір сүрудің жоғары деңгейіне тек «жұмыстың болуымен» емес, адамдар бағалайтын тауар мен қызмет ұсыну арқылы жетуге болады.
- Экономикалық ілгерілеушілік тікелей сауда, инвестиция, істерді жүргізудің неғұрлым тиімді тәсілдері мен сенімді экономикалық институттар арқылы жүзеге асады.
- Нарықтық бағаның «көрінбейтін қолы» сатып алушылар мен сатушыларды баршаның әл-ауқатын жақсартатын әрекеттерге бағыттайды.
- Көп жағдайда әрекеттің ұзақмерзімді салдары немесе кейінгі әсері елеусіз қалады.
Кіріспе
Өмір көптеген таңдаулардан турады, ал экономика – ынталандырудың осы таңдауларға әсер етіп, өмірімізді қалыптастыруы. Білім алу, ақша жұмсау мен инвестиция салу, сондай-ақ жұмыстағы әрекетмізбен өзге де көптеген жеке шешімдеріміз әл-ауқатымыз бен өміріміздің сапасына әсер етеді. Біздің сайлаушы немесе азамат ретіндегі таңдауларымыз заңға немесе «ойын ережелеріне» ықпал етсе, онда оның еркіндігімізге,өркендеуімізге әсері зор. Өзіміз үшін де, жалпы қоғам үшін де саналы таңдау жасау үшін адамдардың қалай таңдау жасайтыны, олардың әрекетіне не түрткі болатыны, сол әрекеттерінің өзінің және өзгелердің әл-ауқатына қалай әсер ететіні туралы қарапайым қағидаларды түсінуіміз керек. Сондықтан экономика - бұл адамның қабылдайтын шешімдері, ол таңдауға түрткі болатын күштерді талдаумен, қоғамның тіршілік етуін түсіндірумен айналысады.
Экономикалық тұрғыда ойлау дегеніміз - адамның ойлау үдерісі кезіндегі басты тұжырымдарды пайдалана білу қабілеті. Келесі бөлімде экономиканы түсіну үшін маңызды он екі тұжырымдама түсіндіріледі, және неге кейбір елдер өркендеп, жоғары табыс деңгейіне жетеді, ал басқалары тоқырап, кедей болып қалатыны талқыланады. Шығынның шынайы мағынасы, баға не үшін маңызды, сауда әл-ауқатты қалай жақсартады және адамдар үшін құнды өнім шығару неліктен өмір сүру деңгейіне негіз болатыны туралы оқып білесіз. Кітаптың келесі бөлімдерінде бұл тұжырымдар аса маңызды тақырыптарды ашу үшін қолданылады.
1.1-элемент: Ынталандырулардың маңызы зор
Пайда мен шығынның өзгеруі таңдауларға алдын ала болжай алатындай әсер етеді.
Бүкіл экономика бір ғана қағидаға сүйенеді: ынталандырудың өзгеруі адамның мінез құлқының өзгеруін алдын ала болжай алады. Ақшалай және ақшалай емес факторлардың екеуі де ынталандыруға әсер етеді. Егер бір зат қымбаттаса, адамдардың оны таңдау ықтималдығы азаяды. Сол сияқты бір нәрседен пайда көру мүмкіндігі артса, адамдардың оны таңдау ықтималдығы да артады. Кейде экономиканың негізгі постулаты делініп жүрген осы қарапайым идея – өте күшті құрал, себебі ол біз істеп жүрген істің бәріне тиесілі.
Бір заттың шығыны артқан сайын жұрттың оны таңдау ықтималдығы азаяды. Осы тұжырым туралы ойланып көріңіз. Кездесуге кешігіп бара жатқан адамның, жолай досына кіре кету ықтималдығы аздау. Суық, жаңбырлы күні көкке шығатындар саны аздау. Қымбат баға сатылатын өнім санын кемітеді. Жазғы демалысқа бір күн қалғанда колледж дәрістеріне қатысушылар саны қалыпты күндегіден аз болады. Мұның бәрін түсіндірудің бір ғана жолы бар: шығын артқан сайын белгілі бір затты азырақ таңдайды.
Сол сияқты таңдаудан пайда көбірек түсетін болса, адамдардың оны таңдау ықтималдығы артады. Көше бойлап келе жатқан адамның бір центтен гөрі бір евро немесе бір долларды алу үшін еңкею ықтималдығы жоғары. Белгілі бір тақырыптың емтиханда келетінін білсе, студенттер осы сабаққа көбірек көңіл бөліп, қатысып отырады. Тұтынушы төмен баға ұсынып, жоғары сапалы қызмет көрсететін және ыңғайлы жерде орналасқан дүкеннен тауарды көбірек сатып алады. Талпынысына қарай сыйақы төленсе, қызметкерлер барын салып, тиімдірек жұмыс істейді. Бұлардың бәрін алдын ала болжау оңай, сондықтан осы мысалдар экономиканың «ынталандырудың маңызы зор» постулатын көрсетіп тұр деуге болады.
Бұл негізгі постулат нарықтағы бағаның өзгеруі сатып алушылар мен cатушылардың әрекетін үйлестіру үшін ынталандыру қалай өзгертетінін түсіндіреді. Егер өндіруші сатқысы келген (немесе сата алатын) тауарды сатып алушы көбірек сатып алғысы келсе, әлгі тауар бағасы көп ұзамай өседі. Баға өсіп жатқанда барлық сатушылар әлгі тауарды ұсынуға барын салады, ал бағасы қымбаттаған сайын сатып алушылар саны азая береді. Бұл үдеріс жоғары баға сұраныс пен ұсыныс санын теңестіргенше жалғасады. Белгілі бір межеге жеткенде, баға тұрақтанады.
Ал егер бәрі керісінше болса: сатушылар тұтынушылар сатып алуға әзір мөлшерден көбірек тауар ұсынса ше? Егер сатушылар бүкіл тауарын көрсеткен бағаға сата алмаса, бағаны түсіруге мәжбүр. Өз кезегінде төмен баға жұртты көбірек сатып алуға ынталандырады, бірақ сондай-ақ өндірушілердің сол тауарды көп мөлшерде ұсынуға деген ниетін жояды, себебі оларға өнімді жаңа, төмен бағаға ұсыну тиімді емес. Тағы бір қайталап айтсақ, бағаның өзгеруі тұтынушылар сұранысының мөлшерін өндіруші ұсынатын тауар мөлшерімен теңестіреді. Белгілі бір межеге жеткенде бағаны өзгертуге қандай да бір қысым болмайды.(1)
Мысалы, 2014 жылы АҚШ-тың Джоржия штатында ауа-райы нашар болып, шабдалы бағасы шарықтап кетті, баға алдыңғы жылмен салыстырғанда 180 пайызға көтерілді. Баға шарықтап кетсе де, тұтынушылар шағымданған жоқ. Неге? Жоғары баға шабдалы сатып алу шығынын өсіріп жібергенде, тұтынушылардың көбі шабдалыны толықтай немесе жартылай өзге жеміспен алмастырды да, қысқы тосапты алмұрт пен айвадан жасады.
Содан кейін сатып алушылар жоғары бағаға іс-әрекетін көрсеткеннен кейін, сатушылар да әрекетке кірісті. Шабдалы ұсынатын фермерлер шабдалы ағаштарын отырғызды. Басқа фермерлер алма және алмұрт бақтарын шауып тастап, оның орнына шабдалы көшеттерін отырғызды. Ақыр соңында екі жылдан кейін (жас ағаштар жеміс бере бастағанда) ұсыныс артып, шабдалы бағасы түсті.
Ынталандыру саяси таңдауға да әсер етеді. Адамның дауыс беру кабинсы мен сауда орталығында таңдау жасағандағы мінез-құлқы өзгеше болады деп айтуға негіз жоқ, көбіне сайлаушылар шығынды алып тастағанда жеке басына ең көп пайда келтіреді деп күтетін саяси үміткерді қолдайды. Олар түсетін пайдамен салыстырғанда жеке шығындары асып кететін жағдайда саяси таңдауларға қарсы шығады. Мысалы, жасы үлкен азаматтар әдетте зейнетақы мөлшерін кемітетін үміткерлер мен заң жобаларына дауыс бермейді. 2018 жылғы Ресейдегі губернаторлар сайлауында «Единая Россия» партиясы мүшелерінің аз өтуіне зейнетақыны азайту туралы ұсынысқа наразылық түрткі болды деп көп айтылды. Сол сияқты студенттер университет студенттеріне берілетін білім гранттарын қос қолдап қолдайтынын сауалнамалар көрсетті.
Ынталандыру маңызын айналып өту мүмкін емес. Олар адам табиғатының бір бөлігі. Стимулдар социализм кезінде де, капитилизм кезінде де маңызды. Кеңес одағында бір жылдары әйнек зауыттары басшылары мен жұмысшыларына сыйақының төленуі олардың өндіретін әйнектерінің тонналаған салмағына байланысты болды. Табысы әйнектің салмағына байланысты болғандықтан, зауыттардың көбі арғы жағынан ештеңе көрінбейтін қалың әйнектер шығарды. Осыдан кейін тәртіп өзгертіліп, басшылардың жалақысы өндірілген әйнектің шаршы метрі санына қарай төленді. Осы кезден бастап кеңес зауыттары тез сынып қалатын жұп-жұқа әйнектерді шығара бастады. Сол сияқты поляк фабрикаларына аз мөлшерде тері беріліп, өндірілетін аяқ киім санына квота белгіленгенде, нарықта балалар аяқ киімінің қаптап кеткеніне таң қалуға бола ма?
Кейбіреулер адамдар ашкөз және өзімшіл болғанда ғана ынталандыру маңызға ие деп ойлайды. Бұл – жалған. Адамдар өзімшілдік және жанашырлық сияқты түрлі себептерге сай әрекет етеді. Өзімшілдік және альтруистік таңдаулардың екеуіне де жеке шығын мен пайданың өзгеруі әсер етеді. Мысалы, өзімшіл мен жанашыр адамның екеуі де Деттифосс сарқырамасына жақындап қалған асау ағысты өзеннен гөрі таяз бассейндегі баланы құтқаруға тырысуы ықтимал.(2) Екеуінің де мұқтаж жанға сүйікті киімінен гөрі ескі киімін беру ықтималдығы жоғары.
Мәселен, жеке басының пайдасы үшін ынталандыруға жауап берген марқұм албаниялық филантроп Тереза ананы ешкім сараң деп айыптамас еді. Тереза ананың «Қайырымдылық миссионерлері» ұйымы Нью-Йоркте үйсіздерге баспана ашпақшы болғанда қала муниципалитеті ғимаратты түбегейлі жөндеуді талап етті. Ұйым бұл жобадан бас тартты. Бұл шешім Тереза ананың кедейлерге қамқор болуды қойды дегенді білдірмеді. Бұл стимулдардың өзгергенін көрсетті. Нью-Йорктегі кедейлерге көмектесу құны өсіп кеткенде Тереза ана бұл ресурс өзге өңірде көбірек жақсылық жасайды деп шешті.(3) Стимулдардың өзгеруі барлық адамның нақты шешімге әкелетін таңдауына оның бір жағынан ашкөз, материалистік мақсат, ал екінші жағынан жанашыр, альтруистік мақсаттарының қосындысы болғанына қарамастан әсер етеді.
1.2-элемент: Тегін дүние жоқ
Тауар тапшы, сондықтан біз таңдау жасауымыз керек.
Менің «серуенге» әр шыққаным ақылы уақытымның 175$ құрайтыны есіңде болар.
Мен сенің жалғыз досың екенімді бағалайсын деп үміттенемін.
Stu’s Views © 2004 Stu Барлық құқықтар қорғалған www.STUS.com
Планетамыздағы өндіріс ресурстарының шектеулі екені шындық, ал адамның тауар мен қызметке деген қалауы шексіз. Жаңа киім-кешек, сәнді яхта сатып алуды қалайсыз ба немесе Швейцарияның Альпі тауында демалғыңыз келе ме? Көбірек бос уақытыңыз болғанына, тынығып, саяхаттағанға қалай қарайсыз? Жап жаңа Porsche көлігіңізді жүргізіп, мұхит жағалауындағы үйіңіздің алдына тоқтауды армандайсыз ба? Көбіміз осының бәрін және өзге де нәрселердің болғанын қалаймыз! Алайда, ресурстар тапшылығы, соның ішінде уақыттың жетіспеушілігі қолды байлайды.
Қалағанымыздың бәрін иелене алмайтындықтан, қалағанымыздың басқа бір баламасын таңдауға тура келеді. Тегін дүние жоқ. Бір нәрсе істегенде, өзіміз бағалайтын басқа нәрсені істегенді құрбан етеміз. Осы себепті де экономистер барлық құнды балама құн (мүмкіндік шығыны) деп атайды.
Шығынның көбісі ақшамен өлшенеді, бірақ олар да мүмкіндік шығыны болып табылады. Сіз бір нәрсе сатып алуға жұмсаған ақшаны өзге жерге жұмсау мүмкін емес. Сіз сатып алған өнімнің мүмкіндік құны – ақшаңызды сатып алған өнімге жұмсағандықтан, бас тартуға мәжбүр болған сіз үшін бағалы заттың құны. Бірақ сіздің бір нәрсені ақшасыз да істей алуыңыз ол әрекеттің құны жоқ екенін білдірмейді. Серуендеп жүріп күннің қызара батқанын тамашалауға ақша жұмсаудың қажеті жоқ, бірақ серуенге шығудың балама құны бар. Серуенге жұмсаған уақытыңызды достарыңызбен кездесуге немесе кітап оқу сияқты өзіңіз бағалайтын өзге іске де жұмсауыңызға болар еді.
Кейбір өте маңызды істерді шығынына қарамастан істеу керек деп жиі айтылады. Бір қарағанда мұндай мәлімдеме орынды көрініп, жұртты өзіміз бағалайтын және біз төлеуге көмектесетін нәрселерге көбірек ақша жұмсауға ынталандырудың тиімді тәсілі болуы мүмкін. Алайда шығын деген өзіміз ескермеген балама (яғни бас тартқан балама) құн екенін мойындаған сәтте шығынды елемеудің орынсыздығы белгілі болып шыға келеді. Бір нәрсені оның шығынын ескерместен істеу дегеніміз сол істі оның баламасының құнын салмақтап көрместен істеу дегенді білдіреді. Бір-бірінен мүлде өзгеше (бірақ тартымдылығы бірдей) екі баламаның бірін таңдағанда ең дұрыс таңдау – шығыны аз балама.
Тұтынушы мен өндірушінің екеуінің де таңдаулары шығынға әкеледі. Тауар бағасынан көрінетін оның шығыны тұтынушыға өзінің осы қалауын сатып алуы мүмкін басқа балама өнімді қалауымен салыстыруға мүмкіндік береді. Егер біз шығынды ескермесек, табысымызды «бұрыс» нәрселерге, яғни құндылығы сатып алуға шамамыз жететін өнімдер құнынан төмен тауарлар мен қызметтерге жұмсаймыз.
Өндірушілердің де шығыны болады, ол өнімді жасап шығару немесе қызметті ұсынуға жұмсалған ресурстар құны. Мысалы, үй салуға ағаш, болат және гипсокартон сияқты ресурстарды қолдану аурухана немесе мектеп салуда ресурстарды пайдалануды шектейді. Ресурс құнының жоғары болуы оның нарықтағы өзге сатып алушылар мен сатушылар тарапынан да жоғары бағаланатынын көрсетеді. Коммерциялық фирмалар осындай хабарларды қағып алып ақпаратттарды қолдана отырып, әлгі ресурстардың құны төмендеу алмастырғыштарын іздестіреді. Дегенмен үкіметтің саяси шешімдері әлгіндей ақпаратттарды жоққа шығара алады. Мәселен, үкімет ықтимал қолдаушыларының көңілінен шығу үшін еркін және ашық нарықтағы бағаларды түсіріп, салық немесе субсидия енгізеді. Алайда мұндай саясат нарық стимулдарының ресурстарды ең жоғары бағалайтын тұтынушыларға бағыттау қабілетін кемітеді. Бұған 1991-1994 жылдары Грузиядағы болған жағдай жақсы мысал бола алады. Үкімет нан бағасын нарықтағыдан төмен бекіткен соң, кезекте тұратын тұтынушылар қатары бір километрден асып кеткен. Бағаны бақылау жойылған күні дүкендердің бәрі азық-түлікке толып, кезек жойылды. Грузияда осыған ұқсас құбылыс 2006 жылы қайталанды. Ресейден газ жеткізетін құбыр желісі жарылғанда, үй жылытуға қолданатын керосинге сұраныс күрт артты. «Баға шарықтауының» алдын алу үшін керосин саудасы бақылауға алынып, адамдар тағы да шұбырған кезекке тұрды. Баға босатылып, нарықтық тепе-тең бағаға көтерілгеннен кейін ғана кезек жойылды.
Саясаткерлер, шенеуніктер мен лоббистер «тегін білім», «тегін медициналық қызмет» немесе «тегін баспана» дегенді жиі айтады. Бұл алдамшы ұғымдар. Мұның бәрі тегін емес. Оның әрқайсысын өндіруге тапшы ресурстар қажет және олардың балама қолданысы да болады. Мысалы, мектеп жұмысын жүргізуге қажет ғимарат, жұмыс күші сияқты ресурстарды көбірек азық-түлік өндіруге, шипажай салуға, қоршаған ортаны қорғау немесе медициналық қызмет көрсетуге пайдалануға болар еді. Білім беру шығыны солардың құнына тең. Үкімет шығынды басқа нәрсеге ауыстыруы мүмкін, бірақ та одан құтыла алмайды. Үкіметтің халықты зейнетақы қорына ақша аударуға ынталандыру үшін жасаған жарнамасы әдетте тиімсіз болып жатады, ал салығы кейін төленетін жинақ шотын ашуға мүмкіндік беру оң нәтиже көрсетеді.
Балама құн – маңызды ұғым. Өмірде не нәрсенің де балама құны болады. Жұрттың бәрі тапшылық әлемінде өмір сүретіндіктен, таңдау жасауы тиіс. Балама құнды қарастыру арқылы өзіміз өмір сүріп жатқан әлемді жақсырақ түсінеміз. Балама құнның жұмыс күшіне, туу көрсеткіші мен халық санының өсуіне әсерін қарастырып көрейік. Көбіне бұл тақырыптар балама құн ұғымына қатысты деп қарастырылмайды.
Көбірек білім алған әйелдің азырақ оқыған құрбысымен салыстырғанда үйінен тыс жерде жұмыс істеу ықтималдығы жоғары екені туралы ойланып көрдіңіз бе? Оның жауабын балама құн береді. Жоғары білім алған әйелдің жұмыста ақша табу мүмкіндігі молырақ болған сайын, оның үйде отыруының шығыны да көбірек болады. Мына мәлімет осы көзқараспен үндес. 2014 жылы Украинда жұмыс күшін құрайтын он бес пен алпыс төрт жас аралығындағы жоғары білімнің екінші сатысын аяқтаған әйелдер 70% болса, ал аяқталмаған жоғары білім алғандар 62%, орта білімі бар әйелдер 40% болған.(4) Экономикалық теория болжамы тура келді. Әйелдің үйден тыс жерде жұмыс істемеу шығыны көп болған сайын үйде отыруды қалайтындар саны азайған.
Экономика дамып, табыс артқанда туу көрсеткіші қалай өзгереді деп ойлайсыз? Үй шаруасына жұмсалған уақыт нарықтағы жұмысқа қалатын уақытты кемітеді. Табыс артқанда бала өсіріп, үлкен отбасын асыраудың балама құны артады. Сондықтан туу көрсеткіші азайып, халық саны баяу өседі деген болжам жасалады. Бұл талдауды өмірдің өзі растап отыр. Соңғы екі ғасырда елдің жан басына шаққандағы табысының артуы туу көрсеткішін кемітіп, халық санының өсуін баяулатты. Мұндай үрдіс барлық елде кездеседі. Елдердің мәдени, діни, этникалық және саяси ұйымдасу айырмашылықтары өте айқын болғанымен, балалы болудың жоғары балама құны барлық елде туу көрсеткішіне бірдей әсер етеді.
Балама құн – аса қуатты құрал, оған осы кітапта бірнеше рет қайтып ораламыз. Егер сіз осы құралды ойлау жүйеңізде жиі қолдансаңыз, шынайы өмірдегі тұтынушы, өндіруші, кәсіпкер, саяси тұлға және өзге де шешім қабылдаушылардың мінез-құлқын түсіну қабілетіңізді керемет арттырасыз. Ең маңыздысы – бұл тұжырымдама сізге жақсырақ таңдауды жасауға көмектеседі.
1.3-элемент: Шешімдер шекті негізде қабылданады
Егер біз өз ресурстарымызды барынша пайдаланғымыз келсе, шешім шекті пайда шекті шығыннан асып кеткен кезде ғана таңдалуы керек.
Егер біз ресурстарымыздың берерін барынша алғымыз келсе, олардың шығынынан пайдасы көбірек болғанда әрекет етіп, келтіретін пайдасынан шығыны көп болғанда ысырып қою керек. Мұндай оңтайлы шешім қабылдау қағидасын жеке тұлға, бизнес, мемлекеттік қызметкер мен бүкіл қоғам қолдана алады.
Барлық дерлік таңдаулар шекті негізде жасалады. Яғни, бір нәрсені қосу (немесе кеміту) үшін жасалады, «не бүк қыламын, не шік қыламын» деу жоқ. «Қосымша» сөзі шекті сөзін алмастырады. «Тағы бір дана өнім шығарудың немесе сатып алудың шекті (немесе қосымша) шығыны қанша»? деп сұрауымызға болады. Шекті шешімдер үлкенді-кішілі өзгерістерді қамтуы мүмкін. «Тағы бір дана» деген жаңа жейде, жаңа үй, жаңа фабрика немесе университет студентінің түрлі әрекеттерді таңдау жасағанда уақыт шығыны да болуы мүмкін. Бұл шешімдердің барлығы шекті, себебі онда қосымша шығын мен пайда ескерілген.
Жалпы алғанда жұрт киім немесе тамақ аламын дегенде "барлығын немесе ештеңе алмаймын" деген оймен шешім қабылдамайды. Оның орнына олар шекті пайданы (көбірек тамақ) шекті шығынмен (киімді немесе тағы бір нәрсені азырақ алу) салыстырады. Жеке тұлғалар шешім қабылдағанда, тамақтың жалпы құны мен киімнің жалпы құнын емес, олардың шекті құнын салыстырады. Осылайша біз баламаларды шекті пайда шекті шығыннан асқанда ғана таңдаймыз.
Әрине кейбір нәрселер бөлуге келмейді. Азық-түлікті көбірек сатып алып, сәл шағындау баспананы сатып алу оңай, бірақ бала тууды жоспарлауда енді бір «жарты» баланы асырай аламыз деу мүмкін емес. Тіпті осындай игіліктерге де шек қағидасы қолданылады. Ата-ана бала тәрбиесіне көбірек немесе азырақ қаражат жұмсайды (баласының бақыты әрі табысты болуын қамтамасыз етеді деп ойлайтын қосымша сабақ, музыка мектебі және т.б.). Автокөлік бағасы көтерілгенде, тұтынушы шекті сапасы төмендеу көлік алуға (немесе қазіргі көлігін ұзағырақ мінуге) мәжбүр. Кейбір отбасылар үшін үйінің орналасқан жері балаларына мектеп таңдаудауды қиындатады. Көп жағдайда үкімет саясаты ата-анаға баласы баратын мектепті бала қажеттілігі мен мектеп сапасына қарай таңдау құқығын берудің орнына оларды баласын үйіне ең жақын мектепке беруге мәжбүрлейді. Адамның тұрғылықты жерін (және соған сай мектебін) үкімет қатты қадағалайтын Қытай сияқты елдерде таңдау еркіндігі мүлде шектелген.
Сондай ақ жаңа фабрика салуды жоспарлайтын бизнес басшысы жаңа фабриканың шекті пайдасы (мысалы, қосымша сату түсімі) шекті шығыннан (жаңа ғимаратты салу шығынынан) асатынын есептейді. Егер аспаса, директор мен компанияның жағдайы жаңа фабрикасыз жақсырақ болғаны.
Тиімді саяси әрекеттер де шекті шешім қабылдауды қажет етеді. Ластану салдарын жоюға қаншалықты күш-жігер жұмсалатынына қатысты саяси шешімді қарастырып көріңіз. Ластанудың қандай мөлшеріне рұқсат етуге болады деп сұрасаңыз, көпшілігі «ешқандай» деп жауап берер еді, яғни ластау мөлшеруін нөлге түсіруіміз керек деген сөз. Олар сайлау кабинасында осы ұстаныммен дауыс беруі мүмкін. Алайда шекті ойлау мұның ысырабы тым көп болатынын көрсетті.
Ластану мөлшері жоғары болғанда, айталық, дем алған ауадан қақалатындай болсақ, ластануды азайтудың шекті пайдасы оның шекті шығынынан асып кету ықтималдығы көп. Бірақ ластану мөлшері түскенде, шекті пайда, яғни ауаның қосымша жақсару құны да түседі. Атмосфераны қазіргіден тазарақ сақтаудың пайдасы бар (мысалы, алыстағы тауды көре аламыз немесе түсетін өзеніміз тазалау болады), бірақ бұл пайда өкпемізді сақтау құндылығына маңайлай да алмайды. Бүкіл ластану жоғалардың алдында бір уақытта көбірек ластануды жоюдың шекті пайдасы нөлге түсіп қалады.
Ластану мөлшері азайтылғанда, шекті пайда төмендейді, керісінше шекті шығын өсіп, ластану толық тоқтағанда, шарықтау шегіне жетеді. Шекті шығын деген ластану мөлшерін біраз азайту үшін құрбан етуге тура келетін өзге нәрселер құны. Тазарақ атмосфераның шекті шығыны шекті пайдадан аса салысымен, ластануды азайтуға қатысты қосымша әрекет пайдасыз болар еді. Ол тіпті кеткен шығынға да татымас еді.
Ластану мысалын жалғастыру үшін мына гипотетикалық жағдаятты қарастырып көрейік. Ластану 100 млн евро мөлшерінде зиян келтіріп жатқанын, оны азайтуға 1 млн евро ғана жұмсалғанын білеміз делік. Осы ақпаратқа сәйкес ластануды азайту үшін істеп жатқан әрекетіміз тым аз ба әлде тым көп пе деген сұрақ туындайды. Адамдардың көбі тым аз ақша жұмсап жатырмыз дер еді. Бұл дұрыс болуы мүмкін, бірақ ол ой берілген ақпараттан туындаған жоқ.
100 млн евролық зиян – бүкіл келтірілген залал, ал 1 млн евро шығын – тазалаудың жалпы құны. Енді не істеуге қатысты салмақты шешім қабылдау үшін тазалаудың шекті пайдасы мен шекті шығынын білуіміз керек. Ластануды азайтуға тағы бір 10 евро жұмсау зиян мөлшерін 10 евродан көбірек сомаға азайтар болса, біз көбірек ақша жұмсауымыз керек. Шекті пайда шекті шығыннан асады. Алайда ластануға қарсы әрекетке жұмсалған қосымша 10 евро зиян мөлшерін бір евроға ғана азайтса, ластануға қарсы қосымша қаржы жұмсау ақылға сиымсыз болар еді.
Адамдар пікір білдіргенде, дауыс бергенде маржинализм әсерін жиі елеусіз қалдырғанмен, жеке әрекеттерінде олай ете алмайды. Тамақ пен демалысты салыстырып көрейік. Жалпы қарағанда тамақ адамның тіршілігінің арқауы саналатындықтан, демалыстан әлдеқайда құнды көрінеді. Кедей елдердегі кедей адамдар табысының басым бөлігін дұрыс тамақтануға бөледі. Олар уақыт бөлгеннің өзінде, гольф, су шаңғысы немесе өзге де демалыс шараларына өте аз уақыт жұмсайды.
Бірақ адамның жағдайы жақсарған сайын тамақ сатып алудың балама құны түседі. Азық-түлік өмір сүруге ауадай қажет болғанымен, ақшаның басым бөлігін тамаққа жұмсау ақымақтық болар еді. Дәулетті адамдар әр қосымша евроны жұмсауға қатысты шешім қабылдағанда шекті сипатта тамақ құнын тынығу құнынан әлдеқайда аз көреді. Осылайша швед халқы(5) байыған сайын табысының аз бөлігін азық-түлікке, көп бөлігін тынығуға жұмсайды.
Маржинализм ұғымы оңтайлы шешімді шекті шығын мен шекті пайда көмегімен қабылдауға болатынын көрсетеді. Егер біз ресурстарымызды барынша тиімді пайдаланғымыз келсе, шекті шығынға тең не одан көп шекті пайда келтіретін әрекеттерді ғана жасауымыз керек. Жеке тұлға да, халық та таңдау жасауда маржинализм әсерін ескерсе, гүлденуге жол бастары сөзсіз.
1.4-элемент: Сауданың пайдасы
Сауда экономикалық ілгерушілікке септеседі.
Сауданың негізі – өзара тиімділік. Адамдар өзара саудаластыққа келісу себебі, олардың өз әл-ауқатын жақсаруына сенім артуы. Сауда-саттық ынталандыруын келесі мәлімдемеде тұжырымдайды: «Егер сіз маған жақсылық жасасаңыз, мен де сізге жақсылық жасаймын.» Сауда – екі жаққа да тиімді мәміле. Өзара тиімді осы әрекет саудаласушы серіктестердің әрқайсысына өзі бағалайтын нәрседен көбірек алуға жол ашады. Саудадан пайда табудың басты үш көзі бар.
Біріншісі, сауда тауарды азырақ бағалайтын адамнан оны көбірек бағалайтын адамға ұсынады. Сөйтіп жаңа ештеңе өндірілмесе де, сауда тауар құндылығын арттырады. Мысалы, пайдаланылған заттар ескі базарда немесе Craiglist (немесе оның Olx.kz сияқты жергілікті варианты) сияқты сайттарда сатылғанда айырбас бұрыннан бар тауарлар санын арттырмайды (ал жаңа тауарлар арттырады). Бірақ сауда-саттық өнімді оны көбірек бағалайтын адамға ұсына алады. Сатып алушы да, сатушы да ұтады, әйтпесе айырбас орын алмас еді.
Адамдардың қалауы, білімі мен мақсаттары алуан түрлі. Біреуге түкке тұрғысыз болып көрінетін өнім басқа адамға баға жетпес асыл зат. Электроника туралы таза техникалық кітап өнер коллекционеріне құнсыз болса, ал инженер оны жүздеген долларға бағалайды. Сол сияқты инженер керек қылмаған суретті коллекционер жоғары бағалауы мүмкін. Электроника кітабын инженерге, ал суретті коллекционерге жеткізген ерікті айырбас осы екі тауардан да алынатын пайданы өсіреді. Сауда жұрттың да, елдің де дәулетін арттырады. Бір елдің дәулетін сол елде өндірілген тауар мен қызмет мөлшері ғана емес, әлгі тауарлар мен қызметтердің қалай бөлінгені де анықтайды.
Екіншіден, сауда-саттық өндіріс пен тұтынудың үлкен ауқымына жол ашатындықтан, әрқайсымыздың кіріс пен шығыс тұрғысынан алғанда, барынша тиімді мамандануымызға мүмкіндік береді. Бір іске маманданған адам әлгі өнімді өзгелерге сата алады. Одан түскен түсімді өзі өндірсе қымбатқа түсетін заттарды сатып алуға жұмсайды. Сөйтіп айырбас пен мамандану арқылы адамдар көбірек тауар мен қызмет өндіреді, өзге жағдайда бұл мүмкін болмас еді. Экономистер бұл қағиданы салыстырмалы артықшылықтар заңы деп атайды. Бұл заң жеке тұлғалар, компаниялар, аймақтар мен елдер арасындағы саудада қолданылады.
Салыстырмалы артықшылық заңы көкейге қонымды. Егер біреу сізге белгілі бір өнімді өзіңіз өндіргендегі құнынан (барлық құнның балама құн екенін есте ұстаңыз) төмен бағаға ұсынуға әзір болса, ол үшін саудаласқан жөн. Ал өзіңіз уақыт пен ресурстарыңызды төменқұнды өндіруші ретінде шығаратын нәрселерге жұмсай аласыз. Басқаша айтқанда, сапалы және шығыны төмен жасай алатын өнімді өзіңіз өндіріп, өзгесінің бәрін сатып алыңыз. Соның нәтижесінде сіз бен сіздің саудадағы серіктестеріңіз мамандану мен сауда-саттықтан пайда тауып, жалпы өндіріс артып табыстарыңыз өседі. Ал барлық нәрсені өзіңіз өндіруге тырыссаңыз, сіз уақытыңыз бен ресурстарыңызды жоғары шығынға ұшырайтын өндіріске жұмсар едіңіз. Ал бұл жалпы өндіріс пен табысты кемітеді.
Мысалы, дәрігерлердің көбі науқасты тіркеп, оның келетін уақытын жақсы жазса да, осы қызметті атқаратын адам жалдағаны жөн. Дәрігер қағаз жазуға кететін уақытта басқа науқастарды қабылдай алар еді. Науқаспен өткізген уақыттың құны жоғары болғандықтан, дәрігердің қағаз толтыруының балама құны жоғары болады. Сондықтан дәрігерлер үнемі дерлік іс қағаздарын жүргізетін біреуді жалдағанды ұтымды көреді. Оған қоса дәрігер емдік қызметін ұсынуға маманданып, іс қағаздарын жүргізуде салыстырмалы артықшылыққа ие біреуді жалдаса, бұрынғымен салыстырғанда шығыны төмен, ал жалпы өнім мөлшері көбірек болады.
Үшіншіден, ерікті айырбас арқасында фирма кең көлемде өндіріс әдістерін қолданып, өнімнің бір данасының құнын төмендете алады. Сауда іскерлік фирмалардың өнімді үлкен нарыққа шығаруына жол ашып, олардың ауқымды өнім мөлшерін жоспарлап, масштаб эффектісі есебінен ұтатын өндіріс үдерістерін қолдануына мүмкіндік береді. 1989 жылдан кейін Молдованың әлемдік нарыққа шырын өндірісімен шыққаны осыған мысал бола алады. Мұндай үдерістер көбіне бір дананы жасап шығару шығынын едәуір азайтып, әр жұмысшыға шаққандағы өнім санын айтарлықтай өсіреді. Сауда болмаса, мұндай жетістікке жету мүмкін емес еді. Нарық механизмдері өндірісті үнемі өндіріс шығыны төмен өндірушілерге бағыттап отырады (ал құны жоғары өндірушілерден алшақтатады). Сондықтан ашық нарықта өнімдер мен ресурстарды бөлу өндірілген тауар мен қызметтің құнын, мөлшері мен алуан түрлілігін барынша арттырады. Бұған экономикасы орталықтан басқарылатын Қытай тамаша мысал бола алады. 1995 жылы осы ел әлемдік сауда жүйесіне қосылғаннан кейін, қытай азаматтары сауданы кеңейту артықшылықтары мен бағаны тиімді пайдаланып, миллиардтаған адамды (Қытай мен өңірдегі өзге елдер) кедейліктен құтқарды.
Заманауи әлемдегі сауданың маңызы әсіреленіп жіберілген деуге болмас. Сауданың арқасында біздің көбіміз өзіміз өндіре алмайтын талай тауарлар мен қызметтерді пайдаланып отырмыз. Компьютер, теледидар, ыдыс жуатын машина, көлік пен телефонды өндіруді былай қойғанда, өзіңізге баспана тұрғызу, киім-кешек пен азық-түлік өндіру қиындығын елестете аласыз ба? Адамдардың осы игіліктерге қол жеткізуінің себебі – экономикалары жеке тұлғалар ынтымақтасып, маманданып және сауда жасай алатындай етіп ұйымдастырылған. Ішкі немесе халықаралық айырбасқа шектеу қоятын ел азаматтарының саудадан пайда көріп, бай-қуатты өмір сүру мүмкіндігін шектейді. Әлемдік экономика динамикасы уақыт өте келе кез келген елдегі жұмыс орындарын өзгертері шындық. Көп экономистер импортқа тосқауыл қойғаннан гөрі жұмысшылардың жаңа жұмысқа ауысуына септескен жөн деп келіседі.
1.5-элемент: Мәміле шығындары маңызды
Мәмілелік шығындар – саудаға тұсау болады.
Ерікті айырбас cеріктестікке жағдай жасап, біз қалаған затымызды көбірек алуға көмектеседі. Алайда сауданың да өз шығыны бар. Сауда серіктестерін табу үшін, келіссөз жүргізіп, мәміле жасау үшін уақыт, күш-жігер мен өзге де ресурстар керек. Осы орайда жұмсалған ресурстарды мәмілелік шығын деп атайды, ол байлық құруды тежейді. Олар біздің өнімділік қабілетімізді де, саудадан пайда табуымызды да шектейді.
Кейде өнімді тұтынушыға жеткізуді қиындататын мұхит, өзен және тау сияқты физикалық кедергілер кесірінен транзакциялық шығын көп болады. Жол инфрақұрылымдарына инвестиция құйып, тасымал мен коммуникацияны жақсарту осы транзакция шығынын азайтады. Кейде транзакциялық шығындар ақпараттың болмауына байланысты жоғары болуы мүмкін. Мысалы, сіз бір пәнге қажетті экономикалық кітаптың ұсталған нұсқасын сатып алғыңыз келеді, бірақ сол кітапты сізге ыңғайлы бағаға сатқысы келетін адамды білмейсіз. Пайдаланған кітабын сатқысы келетін біреуді табуыңыз керек: осы орайда жұмсаған уақытыңыз бен күшіңіз сіздің транзакциялық шығыныңыздың бір бөлігі. Кей жағдайда мәмілелік шығын салық, лицензия талаптары, үкіметтің нормативтік актілері, бағаны қадағалау, тариф немесе импортқа квота сияқты реттеуші кедергілер кесірінен көп болады. Кедергі физикалық, ақпараттық немесе саяси болса да, мәмілелік шығынның көптігі саудадан түсетін табысты азайтады.
Өзгелерге сауда-саттықты ұйымдастыруға және жақсырақ таңдау жасауға көмектесетін адамдар мәмілелік шығынды азайтады және экономикалық прогресті ілгерілетеді. Кейде делдал деп аталатын мұндай мамандыққа кампустағы кітап дүкенін ұйымдастырушы, жылжымайтын мүлік агенті, акция брокері, автокөлік дилері және сан түрлі саудагерлер жатады. Көптеген адамдар делдал еш пайда келтірместен, тауар мен қызмет бағасын өсіреді деп санайды. Бұл рас болса, адамдар олардың қызметіне жүгінбес еді. Мәмілелік шығын саудаға кедергі келтіреді, ал делдалдар сол шығынды азайтады. Сондықтан да жұрт олардың қызметін бағалайды.
Мысалы, азық-түлік дүкен қожайыны – делдал. (Әрине, қазіргі алып супермаркеттерде көп адам жұмыс істейді, бірақ олардың бәрінің қызметі – делдалдық ету). Адам жеміс сатып алу үшін тікелей фермермен, апельсин алу үшін цитрус өсірушімен, сүт пен ірімшік алу үшін сүт өнімдері операторымен және сиыр еті не балық алу үшін ранчо қожайыны не балықшымен тікелей келісуі керек болса, бір ғана тамақ пісірудің өзіне қанша уақыт пен күш-жігер жұмсалатынын ойлап көріңіз. Азық-түлік дүкенін ұстаушылар тұтынушылар үшін байланыс орнатып, тауарды сатуға қолайлы жерге орналастырады, тауар қорымен қамтамасыз етіп отырады. Дұрыс жұмыс істейтін нарықтарда азық-түлік дүкендері мен өзге де делдалдардың қызметі мәмілелік шығынды айтарлықтай азайтып, ықтимал сатып алушылар мен сатушылардың сауда-саттықтан пайда көруін жеңілдетеді. Бұл қызметтер сауда ауқымын арттырады және экономикалық ілгерушілікті алға жылжытады.
Үкімет немесе технология бір адамға немесе фирмаға монополия құқығын беріп қойса, жетілмеген нарықтың қалай пайда болатынын кейінірек талқылайтын боламыз. Бір ел екінші бір елдің табиғи газы немесе мұнайын түгелдей алатыны сияқты маңызды табиғи ресурстардың жалғыз немесе монополист жеткізуші қолына өтуі қандай қатер төндіретіні айқын көрінеді.
Соңғы жылдары технологиялар бірқатар айырбастың мәмілелік шығынын азайтты. Смартфон экранын шертіп тұрып сатып алушы кез келген өнім және оның өндірушісі туралы мәлімет ала алады. Киноға билет, киім, шаруашылық заттарын сатып алуға, қонақ үйден бөлме жалдауға, үлкен концерт немесе футбол жарысына билет алуға, тіпті такси шақыртуға арнайы қосымшаны қолдану күнделікті әдетке айналды. Мәмілелік шығындардың осылай азайтылуы сауда көлемін арттырып, біздің өмір сүру стандартымызды жақсарта түсті.
1.6-элемент: Баға тепе-теңдікті қалыптастырады
Баға тұтынушылар мен сатушылардың таңдауларын теңестіреді.
Нарықтық баға сатып алушылардың да, сатушылардың да таңдауына әсер етеді. Тауар бағасының көтерілуі оны сатып алушыға қымбат етіп жіберсе, ол әдетте әлгі тауарды азырақ сатып алады. Сондықтан тауар не қызмет бағасы мен сұраныс саны арасында кері қарым-қатынас бар. Бұл теріс қарым-қатынас «Сұраныс заңы» деп аталады.
Әлгі тауар бағасының көтерілуі сатушыға қосымша кіріс келтіріп, ол сол тауар ұсынысын арттыруды қалайды. Сондықтан тауар бағасы мен өндіруші ұсынатын мөлшер арасында оң қарым-қатынас бар. Бұл оң қарым-қатынас «Ұсыныс заңы» деп аталады.
Сұраныс заңының әмбебаптығы сонша экономистер осы заңға бағынбайтын жағдайды ондаған жылдар бойы іздегенімен, ештеңе таппады. Алайда Ұсыныс заңы көп жағдайда дерлік дұрыс болып шыққанымен, оған мойынұсынбайтын ерекше жағдайлар да бар. Мысалы, колледж студенті оқу ақысын төлеу үшін жұмыс істейді (еңбегін ұсынады). Енді оның айлығы (еңбегін сату бағасы) өсті делік. Соның арқасында ол университет құнын бұрынғыдан азырақ сағат жұмыс істеп төлей алса, ол сабаққа көбірек уақыт бөлу үшін өзі ұсынатын жұмыс сағаттарын азайтуы мүмкін.
Сұраныс пен ұсыныс мөлшері мен баға арасындағы қарым-қатынасты көрсету үшін экономистер графиктерді жиі қолданады. Мұндайда тауар бағасы вертикал y-осінде, ал уақыттың әр өлшеміндегі (мысалы, апта, ай немесе жыл) тауар мөлшері көлбеу x-осінде орналастырылады. Мысал ретінде балмұздақ, ретінде грузин лариі (GEL) қолданылған 2-кескінде классикалық сұраныс пен ұсыныс графигі берілген. Сұраныс қисығы тұтынушылар балама бағамен сатып алатын балмұздақ мөлшерін көрсетеді. Сұраныс қисығы оң бұрышқа қарай құлап, баға түскенде тұтынушылардың балмұздақты көбірек сатып алатынын көрсетіп тұр. Бұл – Сұраныс заңының қарапайым графикпен көрсетілуі.
Ұсыныс қисығы балама бағаларда өндірушілер ұсынатын өнім мөлшерін көрсетеді. 2-кескін көрсетіп тұрғандай, оңға қарай жоғары көтерілді, яғни баға көтерілгенде өндірушілер ұсынатын балмұздақ мөлшері артады. Ұсыныс қисығы Ұсыныс заңын график түрінде бейнелейді.
Енді өте маңызды жәйт: мысалда баға өсе келе балмұздақтың бір литрі 5 лариге жеткенде, сұраныс мөлшері мен ұсыныс мөлшері теңеседі. Грузиялық тұтынушылар бес лари болатын тепе-тең бағамен күніне 15 мың литр балмұздақ сатып алғысы келеді, бұл өндірушілер ұсынғысы келетін мөлшерге тең. Баға балмұздақ тұтынушысының да, өндірушісінің де таңдауын үйлестіріп, оларды теңестіреді.
Мысалы, егер баға 5 лариден жоғары – 7,5 лари болса, өндірушілер тұтынушылар сатып алуға әзір мөлшерден артық өнім ұсынғысы келеді. Өндірушілер 7,5 лари көлеміндегі бағамен қалаған мөлшерін сата алмайды. Қолдағы тауар мөлшері өсіп, артық ұсыныс есебінен кей өндіруші артық тауарды азайту үшін бағаны түсіреді. Баға 5 лари болатын тепе-тең бағаға жеткенше түсе береді. Егер баға тепе-теңдіктен жоғары болса, нарық күштері оны тепе-теңдікке жеткенге дейін түсіреді.
Сол сияқты егер балмұздақ бағасы 5 лариден төмен, мысалы, 2,5 лари болса, тұтынушылар өндірушілер ұсынғысы келетін мөлшерден көбірек өнім сатып алғысы келеді. Осы арада туындаған шамадан көп сұраныс бағаны көтеруге қысым жасап, баға 5 лари көлеміндегі тепе-теңдікке қайтып келеді. Сатып алушылар мен сатушылар таңдаулары тек тепе-тең бағада бір-біріне сай келеді және нарық бағасы осы деңгейге ұмтылады.
Көпшілікке белгілі сұраныс пен ұсыныстың әрекеттесуін eBay сайтындағы аукцион жүйесі көрсетеді. eBay сайтында сатушы резервтік бағасын, яғни тауарды өткізетін минималды бағасын енгізеді, ал сатып алушы максималды ұсыныс, яғни өзі төлеуге әзір максималды бағаны жазады. Аукционды басқару жүйесі сатып алушылар атынан алдын ала белгіленген монетарлық қадам бойынша жүргізіледі. Саудаласу сауда кезеңі аяқталғанша немесе бір тұлға шығып тұрған «Қазір сатып ал» батырмасын басып белгілі белгілі бір бағаны төлегенше жүреді. Айырбас сатып алушылар сатушы сұрап тұрған минималды бағадан жоғарырақ баға ұсынғанда ғана орын алады. Осы жәйт орын алғанда ғана айырбас жүзеге асып, сатып алушы да, сатушы да пайда табады.
Электронды eBay нарығындағыдай айқын көрініп тұрмаса да, өзге нарықтардағы сұраныс пен ұсыныс күштерінің әрекеттесуі осы электронды нарықтағы үрдіске ұқсас. Сұраныс қисығының биіктігі тауардың тағы бір данасына тұтынушы төлеуге әзір максималды бағаны көрсетеді, ал ұсыныс қисығының биіктігі өндірушілердің тауардың тағы бір данасын ұсынуға әзір минималды бағаны көрсетеді. Баға тұтынушы төлеуге әзір максимум мен сатушының минималды ұсыныс бағасы арасында болғанда саудадан пайда көру ықтималдығы сақталады. Оған қоса тепе-теңдік бағасы бар кезде айырбастың барлық ықтимал пайдасы жүзеге асырылады.
Осылайша тұтынушылар өздері нақты бағасынан жоғары бағалайтын өнімді ғана сатып алуға бейім. Сол сияқты өндірушілер де сол бағадан аз шығынмен өндіруге болатын тауарды ғана ұсынады. Тепе-тең баға тұрған кезде тауар тұтынушылар үшін оның құны өндіруге қажетті ресурстар құнынан асып кеткенше өндіріледі және сатып алынады. Ойтүйін: нарық бағасы сұраныс мөлшері мен ұсыныс мөлшерін теңестіріп қана қоймайды, сонымен қатар өндірушілерді тұтынушылар өндіру құнынан артық бағалайтын тауар шығаруға бағыттайды. Бұл кез келген нарыққа тән.
Әрине, біз динамикалық әлемде өмір сүріп жатырмыз. Уақыт өте келе тауар мен қызметке сұраныс пен ұсынысты өзгертетін өзгерістер орын алады. Тұтынушы табысы, ұқсас тауарлар бағасы, болашақта баға өсуін күту және нарықтағы тұтынушы саны сияқты факторлар тауардың сұранысына әсер етеді. Осы факторлардың кез келгенінің өзгеруі тұтынушылардың балама бағамен сатып алғысы келетін тауар санын өзгертеді. Басқаша айтқанда, бұл факторлардың өзгерісі сұранысты, бүкіл сұраныс қисығын өзгертеді. Сұраныстың өзгеруін, яғни бүкіл сұраныс қисығының жылжуы мен сұраныс мөлшерінің өзгеруін, тауар бағасының өзгеруі нәтижесінде болатын сұраныс қисығы бойындағы өзгерісті ажырата білген жөн. (Студенттерге маңызды ескертпе: сұраныстың өзгеруі мен сұраныс мөлшерінің өзгеруін ажырата алмау – экономикада жиі кездесетін қателердің бірі. Оның үстіне экономикадан дәріс оқитындардың көбі осы тақырыпқа қатысты сұрақ қойғанды жақсы көреді. Ақылды студент мұны қаперге алады).
3-кескінде сұраныстың артуы тауардың нарықтық бағасына қалай әсер ететіні көрсетілген. Тұтынушылардың кірісі артты немесе балмұздақ алмастырғышы саналатын тоңазытылған йогурт бағасы өсті делік. Бұл өзгерістер барлық бағадағы балмұздаққа сұранысты арттырып, сұраныс қисығы оңға С1-ден С2-ге жылжиды. Өз кезегінде күшті сұраныс балмұздақтың тепе-тең бағасын 5 лариден 7 лариге көтереді. Жаңа жоғары тепе-тең баға кезінде тұтынушылар талап ететін мөлшер тағы бір рет өндірушілер ұсынатын мөлшермен теңеседі. Сұраныстың артуы (бүкіл сұраныс қисығының жылжуы) нәтижесінде ұсыныс қисығында қозғалыс орын алып, ұсынылатын мөлшер 15 мыңнан 20 мыңға дейін артады.
Тұтынушы табысының азаюы немесе тоңазытылған йогурт бағасының түсуі осыған қарама-қарсы нәтиже береді. Бұл өзгерістер балмұздаққа сұранысты азайтып (сұраныс қисығын солға жылжытып), бағаны түсіріп, айырбасталған тепе-теңдік мөлшерін азайтар еді.
Енді нарықтың ұсыныс жағын қарастырайық. Тауардың бір данасын ұсынудағы шығынға әсер ететін факторлардың өзгеруі бүкіл ұсыныс қисығының жылжуына түрткі болады. Өнімнің бір данасының шығынын азайтатын өзгерістер (мысалы, технологияның жақсаруы немесе тауарды өндіруге жұмсалған ресурстар бағасының түсуі) ұсынысты арттырып, бүкіл ұсыныс қисығын оңға жылжытады. Ал қажетті құрамды бөліктерінің бағасының өсуі немесе өндіруші төлейтін салық мөлшерінің өсуі сияқты тауарды жасап шығаруды қымбаттататын өзгерістер ұсынысты азайтып, ұсыныс қисығын солға жылжытады.
Балмұздақ жасауға қажетті құрамды бөліктер кілегей мен сүт бағасы түсті делік. Ресурс бағасының осылай түскені балмұздақ ұсынысы мен оның нарықтық бағасына қалай әсер етеді? Егер ұсыныс артып, нарықтық баға түседі десеңіз, дұрыс жауап бергеніңіз. 4-кескінде осы ой сұраныс және ұсыныс тұрғысынан көрсетілген. Кілегей мен сүт бағасының түсуі балмұздақтың бір стақанын өндіру шығынын азайтып, ұсыныс қисығының оңға жылжуына түрткі болады (Ұ1-ден Ұ2-ге). Соның нәтижесінде балмұздақтың тепе-тең бағасы 5 лариден 3 лариге түседі. Жаңа төмен баға кезінде сұраныс мөлшері артады да, ұсынылған мөлшерді сұраныспен тағы бір рет теңестіріп, күніне 20 мың литр мөлшеріне жеткізеді. Есте ұстаңыз: Ұсыныстың артуы (бүкіл ұсыныс қисығының жылжуы) балмұздақ бағасын түсіріп, сұраныс мөлшерін арттырады (бұрыннан бар сұраныс қисығы бойындағы қозғалыс). Балмұздақ өндіру шығынын арттыратын өзгеріс орын алса (мысалы, ингредиент бағасының өсуі), нәтиже бұған қарама-қарсы болар еді: ұсыныс азаяды (солға жылжу), балмұздақ бағасы өседі және айырбас мөлшері азаяды.
Мұндай нарықтық түзетулер бірден орын алмайды. Тұтынушының да, өндірушінің де жаңа шарттарға бейімделуіне уақыт кетеді. Негізі динамикалық ортада бейімделу үдерісі үнемі жүреді. Сұраныс пен ұсыныс өзгерісінің әсері және осы қисықтардың жылжуы астарындағы факторлар нарық үдерісін түсінуге аса қажет. Осы кітапта сұраныс пен ұсыныс талдауына жиі-жиі оралып отырамыз.
1.7-элемент: Пайда - өнімділікке арналған нұсқаулық
Пайда бизнестің ресурстар құнын арттыратын өнімді әрекеттерге бағыттаса, ал шығын ресурстардың құнын төмендететін әрекеттерден алшақтатады.
Компаниялар табиғи ресурстар, еңбек, капитал және кәсіпкерлік талантты сатып алады. Содан кейін өндірістік ресурстарды тұтынушыларға сатылатын тауарлар мен қызметтерге айналдырылады. Нарықтық экономикада өндірушілерге ресурстарды олардың балама қолданысынан алып кетуге тура келеді, себебі ресурстардың иелері оларды кем дегенде өзге жерге сатып, табыс таба алатын бағаға ғана сатады. Өндірушінің тауар не қызмет ұсынуының балама құны ресурстардың әлеуетті қолданысынан алып кетуге төленген ақшасына тең.
Өндірістің балама құны мен шығынның стандартты бухгалтерлік өлшемдерінің маңызды айырмашылығы бар. Бухгалтер фирманың таза табысына мән береді, таза табыс экономикалық пайдадан сәл өзгеше. Таза табысты есептегенде фирма иелігіндегі активтердің балама құны ескерілмейді.
Бухгалтерлер балама құнды санамайды, ал экономистер санайды.(6) Нәтижесінде, фирманың таза табысы экономист өлшеген пайдасынан асып кетеді. Экономист фирма иелігіндегі активтердің өзге мақсатқа қолданылу мүмкіндігін ескереді. Егер осы балама шығын жабылмаса, ресурстар түбі өзге мақсатқа жұмсалады.
Фирманың пайдасы былай анықталады:
Пайда = Жалпы кіріс − Жалпы шығын
Фирманың жалпы кірісі сатылған барлық тауардың сату бағасын (Б) барлық сатылған тауар санына (C) көбейткенге тең. Табыс табу үшін фирма өнімді сатқанда тауарды жасап шығаруға қажетті ресурстардың балама құнынан көбірек кіріс көруі тиіс. Яғни, фирма тұтынушы әлгі өнім өндірісіне қажетті ресурстар құнынан көбірек бағалайтын тауар не қызмет өндіре алғанда ғана табыс табады.
Тұтынушы тауарды оның бағасына сай немесе одан жоғары бағаламаса, оны сатып алмайды. Егер тұтынушы өндіріс шығынынан көбірек төлеуге әзір болса, онда өндірушінің ресурстарды балама қолданыстарынан алып кету шешімі табысты болғаны. Пайда – ресурстарды құндырақ өнімге айналдыруға берілетін сый.
Іскерлік шешім қабылдаушылар пайда түсіретін тауар мен қызмет өндірісін қолға алуға тырысады. Алайда әрдайым ойлағаның күткеніндей бола бермейді. Кейде өндірушілер өз өнімдерін шығындарын жабатын бағамен сата алмайды. Сатудан түсетін жалпы кіріс тауар не қызметті өндіруге жұмсалған ресурстардың балама құнынан аз болғанда кірісінен айрылу орын алады. Кірісінен айырылу – тұтынушы өндіруге жұмсалған ресурстардан азырақ бағалайтын тауар мен қызмет өндірген кәсіпкерлерге берілетін жаза. Кірісінен айырылу өзге өнім шығарғанда, ресурстар тиімдірек қолданыла алатындығын білдіреді.
Болгарияда (валютасы – болгар леві, BGN) жейде өндірушінің ғимаратты жалдау, қажетті станоктар жалға алу ақысы, еңбек құны, мата, түймелерді және басқа материалдарды сатып алу айына 20 000 BGN тұрады делік. Егер өндіруші 22 BGN тұратын айына мың жейде сатса, ол айына 22 000 BGN кіріс немесе 2 000 BGN таза пайда көреді. Жейде өндірушісі өзіне және тұтынушыға құн құрды. Тұтынушылар жейдені алу үшін оның өндіріс шығынынан көбірек ақша төлеуге әзір екендігі арқылы жейдені тігуге жұмсалған ресурстар құнынан гөрі жейдені көбірек бағалайтынын көрсетті. Өндірушінің пайдасы - бар ресурстарды пайдаланып жоғары бағаланатын құнды өнімге айналдырғаны үшін берілетін сый.
Ал, егер жейдеге сұраныс азайып, оны 17 болгар левіне ғана сату мүмкін болса, өндіруші 17 000 BGN кіріс тауып, ай сайын 3 000 BGN жоғалтады. Өндірушінің әрекеттері қолданылған ресурстар құндылығын азайтқаннан кейін осындай кірістен айырылу орын алды. Тұтынушы соңғы өнімді, яғни жейдені сол ресурстармен өндіруге болатын өзге нәрселер құнынан төмен бағалады. Біз жейде тігуге жұмсалған ресурстар өзге өнімге айналдырылса, тұтынушылар олардың құндырақ болатынын саналы түрде білген деуден аулақпыз. Бірақ олардың таңдаулары біріге келе өндірушіге осы ақпаратты және осы ақпарат астарындағы кірістен айырылуды азайтуға қатысты әрекет жасау стимулын жеткізді.
Нарықтық үдерістерімен кірістен айырылу мен іскерлік сәтсіздіктер өз шығынынан төмен бағаға сатылатын жейде тігу сияқты тиімсіз әрекеттерді доғаруға ат салысады. Кірістен айырылу мен іскерлік сәтсіздіктер ресурстарды жоғарырақ бағаланатын өзге тауар өндірісіне қайта бағыттайды. Сондықтан іскерлік сәтсіздік көбіне бизнес иесіне, инвесторлар мен қызметкерлерге ауыр тисе де, оның оңды жағы да бар: ол байлық және құн құрайтын жобаларға бағытталатын ресурстарды босатады.
Жер, ғимараттар, еңбек күші мен кәсіпкерлік дарын сияқты ресурстар құнды тауар мен қызмет өндіруге жұмсалса, бұдан барша халық та ұтады. Негізі кез келген уақытта талай ықтимал инвестициялық жобаларды іске асыруға болады. Осындай инвестициялардың кейбірі тұтынушы өндіріс шығынымен салыстырғанда көбірек бағалайтын тауар мен қызмет өндіруге көшу арқылы ресурстардың құнын арттырады. Мұндай инвестициялар экономикалық прогресті өркендетеді. Өзге инвестициялар ресурстар құндылығын түсіріп, экономикалық үдерісті тежейді. Қолжетімді ресурстардың берерін мейілінше тиімді пайдаланғымыз келсе, құндылықты арттыратын жобаларға жол ашып, ресурстарды өнімсіздеу қолданатын жобаларды доғару керек. Дәл осындай әрекеттерді пайда мен кірістен айырылу бағыттайды.
Біз талғам мен технология тез өзгеретін, білім жеткіліксіз болып, белгісіздік орын алатын заманында өмір сүріп жатырмыз. Бизнес иелері болашақтағы нарық бағаларының немесе өндірістің шығындары қандай боларына сенімді емес. Олардың шешімдері болжамалы факторларға негізделеді. Алайда нарықтық экономиканың сый-жаза құрылымы анық. Өндірісті тиімді жолға қойған және тұтынушыны өндірісі шығынынан жоғары бағамен тартатын тауар мен қызметті дөп басып таңдай білетін кәсіпкер өркендейді. Ал ресурстарды сұраныс аз өңірлерге тиімсіз бөлетін бизнес басшылары пайдасынан айырылып, қаржылық қиындықтарға тап болмақ.
Нарық үдерістерімен қатар жүретін іскерлік сәтсіздіктер сынға ұшырап жатса да, нарық нәтижесінде көрінетін өркендеуге осы сый-жаза жүйесі негіз болмақ. Бір қызығы, әу баста сәтсіздікке ұшыраған кәсіпкерлердің көбі түбі үлкен жетістікке жетеді. Оған Стив Джобс мысал. 1985 жылы Apple компаниясынан кеткеннен кейін ол жеке компьютерлердің жаңа деңгейін жасап шығарады деген оймен neXT фирмасын құрды. Компания қиындықтарға тап болды. Алайда Джобс одан сабақ алды. Ол 1997 жылы Apple корпорациясына оралып, нарықта ғаламат жетістікке жеткен iPhone, iPad және өзге де инновациялық өнімдерді шығарды.
Ең басты қағида қарапайым: табыс іскерлік инвестицияны экономикалық үдерісті ілгерілететін өнімді жобаларға бағыттайды, ал кірістен айырылу ресурстарды өнімсіз жобалардан алшақтатады. Бұл – өте маңызды қызмет. Осы қызметті дұрыс орындай алмаған экономикалар стагнацияға ұшырайды немесе одан да нашар күйге түседі.
1.8-элемент: Өнім немесе қызмет пайдалылығы табыс әкеледі
Кәсіпкерлер жұрт бағалайтын нәрселерді ұсыну арқылы табыс табады.
Адамдарың өндірістік қабілеттері, қалаулары, арнайы дағдылары, қатынасы мен тәуекелге баруы алуан түрлі болып келеді. Бұл өзгешеліктер адамдардың табысына ықпал етеді, себебі осы қабілеттер адамның өзгелерге ұсынуды қалайтын және ұсына алатын тауарлар мен қызметтердің құнына әсер етеді.
Нарықтық экономикада мол табыс табатын адамдардың көбінің бұған қол жеткізу себебі – олар өзгелерге құнынан гөрі жоғары бағалайтын нәрселерді ұсынады. Егер бұл жеке тұлғалар құнды тауар не қызмет ұсынбағанда, фирмалар (және жанама тұтынушылар) оларға осыншалықты көп ақша төлемес еді. Бұдан түйер ой: мол табыс тапқыңыз келсе, өзгелерге көп көмегі тиетін бір нәрсе жасап шығару тәсілін табуыңыз керек. Ал, егер сіз өзгелерге бағалайтын нәрселеріне қол жеткізуіне көмектесе алмасаңыз немесе көмектесуді қаламасаңыз, сіздің табысыңыз төмен болады.
Өзгелерге көмектесу мен табыс табу арасындағы осы тікелей байланыс біздің әрқайсымыздың өзгелерге олар бағалайтын тауар мен қызмет ұсынуға қажетті дағдыны меңгеріп, қабілетті жетілідіріп, машықтарды баптай түсуге мықты ынталандыру береді. Дәрігер, мұғалім, бухгалтер және инженер болу үшін колледж студенттері көз майын тауысып сабақ оқиды, күйзеліске түседі және оқу ақысын төлейді. Тағы біреулер электрик, техникалық қызмет көрсету саласы жұмысшысы немесе веб-сайт дизайнері болуға көмектесетін семинарға қатысып, тәжірибе жинап, сертификат алады. Тағы біреулер инвестиция салып, бизнес бастайды. Адамдар неліктен бұндай шаралар жасайды?
Кей адамға әлемді жақсарту арманы ынталандыруы мүмкін. Дегенмен, бұл енді басты мәселе, әлемді жақсарта түсуді ойламайтын адамдар, яғни көбіне табыс табудан ынталандыру алатындар да дағдыларын жетілдіріп, өзгелер бағалайтын әрекетті жүзеге асыруға аса ниетті боп келеді. Өзгелер бағалайтын тауар мен қызметті ұсыну мол табыс әкеледі. Мол дәулет іздеген адамдар өзгелердің не қалайтынына қатты көңіл бөлуге ынталы. Әлемді жақсарта түскісі келетіндердің өзі де өзгелер үшін әлемді жақсырақ мекен етуге көмегі тиетін білім мен дағдыны меңгеруге қатысты ақпаратқа зәру. Бұл ақпаратты әдетте түрлі мамандықтың табыс мүмкіндіктерінен көруге болады.
Табысы мол адамдар өзгелердің еңбегін жеп жатыр деп ойлайтындар да бар. Алайда дұрыс жұмыс істейтін нарықта адамдар өзгелерге өздері бағалайтын және ақысын төлеуге әзір нәрселерді ұсыну арқылы мол табысқа жетеді. Интернет қолданушылары Yahoo! немесе Ask Jeeves сайттарынан гөрі Google сайтын қолайлы көргендіктен, Ларри Пейдж бен Сергей Брин миллиардер атанды. Тағы бір мысал – танымал әншілер Бейонсе мен Тейлор Свифттің өнеріне миллиондаған адам тәнті болғандықтан, олар мол табысқа ие. Қоғам ойын тәртібін жақсы білетіндердің үлкен маржалы табыс табуына кедергі келтірмей, ойын «ережелерінің» әділ сақталуын реттеп отыруы керек. Нарыққа алғаш кіргендер ақыры алмастыру қиынға түсетін технологияларды сатып алып қолданғанда қиыншылық туындайды. Мұндай қарым-қатынас көбіне қуатты экономикалық талдаудан гөрі саяси пікірлерге көбірек жақындау мемлекеттік саясат пікірталасын тудырады.
Бизнестегі кәсіпкерлер миллиондаған тұтынушы тартымды санайтын өнім жасап шығару арқылы осындай жетістікке жетеді. Walmart компаниясын құрған, марқұм Сэм Уолтон Америкадағы кішкентай қалаларда бренд тауарларын арзандау бағаға сату және көп тауар қорын тиімді басқару сырын таба білгендіктен, АҚШ-тағы ең бай адамдардың біріне айналды. Microsoft корпорацисын құрған Билл Гейтс пен Пол Аллен компьютерлердің тиімділігі мен үйлесімділігін едәуір арттырған өнімдер легін жасап шығарып, миллиардер болды. Уолтон, Гейтс не Алленнің бар екенін білмейтін миллиондаған тұтынушы олардың дарыны мен өнімдерінің пайдасын көрді. Бұл кәсіпкерлер талай адамға көмектескендіктен, мол ақша жасады.
Осындай «жақсы капиталистер» тұлғасы транзиттік экономикаларда да бар. Билл Гейтстей даңқты болмаса да, чех Павел Баудиш Avast бағдарламаларын киберқауіпсіздіктегі басты күшке айналдырып, бірнеше миллиард долларлық дәулетке кенелді. Поляк механигі Збигнев Сосновски тұралап қалған мемлекеттік велосипед шығарушы компанияны жылына 1 миллионнан астам жасайтын Kross компаниясын Еуропадағы ең басты велосипед жасайтын компаниясына айналдырды. Google сайтында «Talking Tom Cat» деп іздеу жасасаңыз, словениялық жас жұп Изо және Само Логин жасап шығарып, қытайлық сатып алушыға бір миллиардтан астам долларға сатып жіберген балаларға қатты ұнайтын видеолар легін көресіз.
1.9-элемент: Құндылық табыс пен байлықтың негізін құрайды
Тек жұмыс орындары ғана емес, адамдар бағалайтын тауарлар мен қызметтерді өндіру – жоғары өмір сүру деңгейінің қайнар көзі.
«Тұтыну - кез келген өндірістің жалғыз мақсаты, жалғыз мәні және өндірушінің мүдделері тұтынушының мүдделерін қолдау үшін қажет болуы мүмкін шамада ғана ескерілуі керек».
Адам Смит 240 жыл бұрын атап өткендей, кез келген өндірістің мақсаты тұтыну болып табылады. Алдымен – өндіріс, содан кейін – тұтыну. Халық бағалайтын тауарлар мен қызметтер өндірісінің көлемін ұлғайтпай, табыс пен өмір сүру деңгейі өсе алмайды.
Жұрт бағалайтын және жиі сатып алатын тауарларды жою қоғамның әл-ауқатын нашарлататыны анық. Бұл тұжырымның интуитивті анық болып тұрғаны соншалықты, оны атап көрсетудің өзі ақымақтық сияқты көрінеді. Алайда тауарларды құртудың қоғамға пайдасы тиеді дейтін жалған идеяға сүйенген саясат кейде жүзеге асырылып жатады. 1933 жылы АҚШ Конгресі ұсынысты азайту арқылы ауылшаруашылығы өнімдері бағасының түсіп кетуіне жол бермеу үшін Ауыл шаруашылығын реттеу туралы (АШР) заң қабылдады. Осы Жаңа курс заңына сай, мақта, жүгері, бидай және өзге де дақылдарды азырақ еккен фермерлерге федерал үкімет өтемақы төледі. Картоп өсіретін фермерлерге өнімді адамның жеуіне жарамсыз ету мақсатында оған бояу шашқаны үшін ақы төленді. Еті нарыққа еніп кетпесін деп сап-сау ірі қара мал, қой мен шошқа бауыздалып, үлкен шұңқырларға көмілді. 1933 жылы ғана АШР заңына сай, алты миллион торай өлтірілді. 1936 жылы Жоғарғы сот бұл заңды конституцияға қайшы деп жариялады, бірақ оған дейін талай құнды ауылшаруашылық өнімдері АҚШ тұтынушыларына жетпей жойылып жіберілді. Бұл аздай, әлгі заңның өзгертілген нұсқаларына сай, қазірдің өзінде АҚШ үкіметі өндірісін шектеп отырған фермерлерге ақы төлейді. Осындай саясаттың пайдасын көретіндердің саяси талабын түсінуге болады, алайда мұндай бағдарламалар құнды ресурстарды құртып, мемлекетті кедейшілікке әкеледі.
Фермерлерді «қолдау» деген саяси қысым тек АҚШ үкіметіне ғана жасалып жатқан жоқ. Оның ғаламат шығыны салық төлеушілер мен тұтынушылар қалтасынан өтеледі. Еуропалық Одақтың «Ортақ ауылшаруашылық саясаты» құжаты – ЕО бюджетінің ең қомақты және ең кілтипанды баптарының бірі.
Әйтсе де, нысанаға алынған жалғыз ауылшаруашылық сала емес. АҚШ-тағы 2009 жылы шыққан «Шарқыш көлікке ақша» бағдарламасы - саясаткерлердің өнімді активті, бұл жолы қолданылған автокөлікті құрту арқылы өсіп-өркендеуге жол ашу талпынысының тағы бір мысалы. Бұл бағдарламаға сай, автокөлік дилеріне жаңа көлікке ауыстырылған ескі көліктерді жою үшін 3500-ден 4500 долларға дейін төленді. Дилерден көлік қозғалтқышына натрий метасиликаты ерітіндісін құю, одан кейін оны мыжғылап, қоқысқа тастау талап етілді. Қозғалтқыштың бір де бір бөлшегі қайтадан қолданылмауы тиіс болды. Бағдарлама қолдаушылары жұртты жаңа көлік сатып алуға ынталандырып, экономиканың өркендеуіне стимул береді, деп жақтады. Алайда жаңа көлік ескі қолданылған көліктен үнемі қымбат, әрі осы бағдарлама кесірінен қолданылған көлік ұсынысы азайып кетіп, оның бағасы өсіп кетті. Осының салдарынан көлік алуға (жаңасына да, ескісіне де) көбірек ақша жұмсайтындықтан, өзге нәрсе алуға ақша аз қалатын болды. Осылайша «Шарқыш көлікке ақша» бағдарламасы жиынтық сұранысқа ынталандыра алмады. Іс жүзінде жаңа көлік сатып алу субсидиясына салық төлеушілердің 3 млрд $ қаржысы жұмсалды, ал 700 мыңға жуық қолданылған көлікті жою шығыны шамамен 2 млрд долларға бағаланды. Жаңа көлік алуға шамасы жететіндерге субсидия беріліп, қолданылған көлік мінетін кедейлер ғана жазаланды. Бағдарлама тоқтаған кезде жаңа автокөлік саудасы құлдырап кетті. Германия да өзінің утилизация бағдарламасын шығарды. Оған салық төлеушілердің 7 млрд доллардан астам қаржысы кетті, бұл АҚШ-тағы сомадан екі есе көп.
Осыған ұқсас бағдарламалар Шығыс Еуропаның көп елінде, соның ішінде Ресей мен Словакияда жүргізілді. Румынияда «Рабла» бағдарламасы аясында сегіз жыл не одан көп жүрген 525 000 көлік 1 500 евролық ваучер үшін жойылды. 2005-2015 жылдары жұмыс істеген бағдарлама барысында жеке тұлға жаңа көлік сатып алуға үш ескі көлікке дейін ваучерлерді тапсыра алатын.
Автокөлікті құрту жақсы идея болса, неліктен көлік иелерінен жыл сайын көліктерін жоюды талап ететін бұйрық шығармасқа? Осының арқасында қанша жаңа көлік сатуға болатынын ойлап көріңіз. Мұның бәрі сауатсыз экономика. Өніміне тапшылық тудыру арқылы нақты бір өндірушілерге көмектесуіңіз мүмкін, бірақ тұтыну құндылығы бар сатуға келетін тауарды құртып, жалпы халықтың әл-ауқатын жақсарта алмайсыз.
Өнімдерді жоюдың көзге көрінбейтін басқа бір формасы – түрлі тауарларды сатып алудың балама құнын көтеруге қатысты үкімет әрекеттері. Әлем елдері жылына балық шаруашылығына субсидия түрінде 30 млрд $ бөледі, оның 60% қоршаған ортаға зиян келтіретін, деструкциялы, тіпті заңсыз іс-әрекетті тікелей қолдауға жұмсалады. Әлемдік балық шаруашылығының ұдайы нашар басқарылу факторлары салдарынан нарықтың тепе-теңдігі бұзылды. Әлемдік банктің есебінше, 2012 жылы ол әлемдік экономикаға 83 млрд долларға шығын әкелді. Оның үстіне бай елдер (Жапония, АҚШ, Франция және Испания) Қытай, Кореямен бірге әлемдік балық шаруашылығы субсидиясының 70 пайызын иеленеді. Мұндай ақшалай қолдау балықпен күнелтіп отырған мыңдаған қауымды субсидия алған бәсекелестерімен жарысуға мәжбүрлеп, алыстағы елден келген өндірістік флот мұхит қорын түгесіп жатқанда, миллиондаған адамның аспен қамтылуына қауіп төндіреді. Әсіресе Батыс Африка қатты зардап шегеді, мұнда балық аулау жергілікті халық үшін маңызды рөл атқарады. 1990 жылдардан бері, негізінен ЕО мен Қытайдан келген шетелдік кемелер оның жағалауында коммерциялық балық аулауды бастаған кезде, көптеген жергілікті балықшылардың күнкөрісі нашарлап, отбасын асырай алмай қалды.
Саясаткерлер мен мемлекеттік шығындар жобаларының жақтаушылары өздері құрған жұмыс орындарымен мақтанғанды жақсы көреді және оны жүзеге асырудың артықшылықтарын асыра cілтейді. Олар бағдарламадан келер пайданы әсірелеп көрсетеді. Сондықтан экономикалық сауаттылық ерекше маңызға ие болады. Жұмыспен қамту көбіне байлық құру құралы ретінде қолданылатындықтан, біздің экономикалық әл-ауқатымызды жай ғана жұмыс орнының көбеюі емес, халық бағалайтын тауар мен қызмет өндіретін жұмыс орындары жақсартатынын есте сақтауымыз керек. Бұл қарапайым шындық болмаса, баюдың орнына оны азайтатын қолдау бағдарламаларына алданып қалу оңай.
Жасанды жұмыс орындарын құруға негізгі назарды аудару дұрыс болмайды. Мұның қателігін француздың ұлы экономисі Фредерик Бастиа «Ce qu’on voit et ce qu’on ne voit pas» («Көрініп тұрған және көрінбей тұрған жәйттер», 1850) эссесінде сынған терезе туралы тәмсілдің жалғандығын қолмен қойғандай атап көрсетті:
Жап-жақсы дүкенші Джеймс Гудфеллоудың бейқам ұлы шыны панельді сындырып алғанда ашуланғанын көрдіңіз бе? Сол сәтке куә болсаңыз, ол жерде отыз адам тұрса да, олардың бәрінің дүкеншіге жауыр болған мына сөздерді айтып жұбатқанын көрер едіңіз: «Бір жамандықтың бір жақсылығы бар. Әркім тіршілігін жасауы керек, шыны сынбай қойса, әйнекшінің жағдайы не болар еді»?Жұбатудың осы формасы бүкіл бір теорияны көрсетіп тұр, оның кемшіліктерін осы қарапайым оқиғада ашып көрсетеміз. Өкінішке орай, бұл кемшіліктер біздің экономикалық институттарымыздың көбісінің жұмысына әсер етеді.Бүлінгенді жөндеу құны алты франк делік, әлгі жағдай әйнекшінің саудасын алты франкке жандандырады дерсіз, келісемін. Бұған қарсы бір де бір сөз айтпаймын, ойыңыз дұрыс. Әйнекші келіп, жұмысын істеп, алты франкін алып, қолын ысқылап, ішінен алаңғасар балаға батасын жаудырып кетеді. Мұның бәрі көрініп тұратын нәрселер.Ал егер біреу терезені сындыру жақсы іс, ол ақша айналымына түрткі болады, соның нәтижесінде бүкіл индустрияға серпініс береді деген тұжырымға келсеңіз (ондайлар көп), мені былай деуге мәжбүрлейсіз: «Доғарыңыз! Сіздің теорияңыз көрініп тұрған жәйттерді ғана қамтиды, көрінбейтін жәйттер ескерусіз қалған».Алты франкті әйнекті орнатуға жұмсаған дүкеншінің оны өзге жаққа жұмсай алмайтыны көрінбей қалды. Егер оған терезені алмастыруға тура келмегенде, мүмкін ол тозған аяқ киімінің орнына жаңасын алар еді немесе кітапханасына жаңа кітап алар еді. Қысқаша айтқанда, ол алты франкін бір жаққа жұмсар еді, бірақ оған әйнектің сынуы бөгет болды.(7)
Бастиа көңілімізді өндірістен байлыққа дәл аударып отыр. Бұрыннан бар құнды активті жою арқылы жаңа өндіріске сұраныс қалыптастыру қоғамның әл-ауқатын жақсартудың тиімді тәсілі емес.
1.10-элемент: Экономикалық ілгерілеудің көптеген көздері болады
Экономикалық ілгерілеуге негізінен сауда, инвестиция, өндірістің неғұрлым тиімді әдістері және сенімді экономикалық институттар арқылы қол жеткізіледі.
Экономикаға кіріспе пәнінің алғашқы күнінде әдетте студенттерге АҚШ сияқты дамыған елдердегі әр жұмысшы 1750 жылмен салыстырғанда қазір шамамен 30 есе көп табыс табатынын айтамыз. Содан кейін олардан мына сұраққа қатысты пікір айтуын сұраймыз: "Екі жүз елу жыл бұрынмен салыстырғанда неліктен қазіргі жұмысшылар соншалықты өнімдірек жұмыс істейді?" Бұл сұраққа қалай жауап береріңізді ойланып көріңіз.
Студенттеріміз әрдайым мына үш нәрсені атайды: біріншіден, қазіргі ғылым мен технологиялық жетістіктер 1750 жылғы жетістіктерден әлдеқайда озық. Екіншіден, қазір күрделі техника мен зауыттар, тамаша тас жолдар мен жетілген байланыс жүйелері бар. Үшіншіден, студенттер 1750 жылы жеке адамдар мен отбасылар өздері тұтынатын заттардың бәрін өздері өндіргенін, ал қазір оларды өзгелерден сатып алатынын ескереді.
Студенттер оның алдында экономиканы өтпесе де, негізінде дұрыс жауап береді. Олар технология, капитал (өндірістік активтер) мен сауда-саттықтың маңызын біледі. Олардың жауабы біздің экономика – «Жалпы ақыл-ой ғылымы» деген көзқарасымызды растай түседі.
Сауда-саттықтан түсетін пайда мен мәмілелік шығынды азайту маңызын экономикалық ілгерілеу көздері ретінде көрсетіп өттік. Экономикалық талдау экономикалық өсудің өзге үш көзін көрсетеді: адамдар мен өндірістік активтерге инвестиция салу, технологияны жақсарту және экономикалық институттарды жетілдіру.
Біріншіден, физикалық капиталға (құрал-жабдық, техника және ғимараттар) мен адами капиталға (білім, дағды, оқыту және жұмысшылардың тәжірибесі) инвестиция салу біздің тауар және қызмет өндіру қабілетімізді арттырады. Инвестицияның осы екі түрі бір-бірімен байланысты. Саны көп және сапалы техникамен жұмыс істесе, жұмысшылар көбірек өнім шығарады. Ағаш кесуші қол ара емес, электрлі ара ұстаса, жұмысы өнімдірек болады. Сол сияқты жүк тасушы да есек арбадан гөрі жүк көлігімен көбірек тасиды.
Екіншіден, технологияның жақсаруы (жаңа өнім түзуге және өндірістің шығыны аздау тәсілдерін табуға мидың қабілетін қолдану) экономикалық ілгерушілікке серпін береді. 1750 жылдан бері адам мен жануар күшін энергияның басты көзі ретінде бу қозғалтқышы, одан кейін іштен жану қозғалтқышы, электр энергиясы мен атом энергиясы алмастырды. Ат арба (және жаяу жүруді) тасымалдың басты тәсілі ретінде автокөлік, автобус, пойыз және ұшақ алмастырды. Технологиялық жетістіктер біздің өмір салтымызды әлі де өзгертіп жатыр. Дербес компьютер, микротолқынды пеш, ұялы телефон, телевизиядағы стримдік бағдарламалар, жүректегі қан тамырларын алмастыратын операция, автокондиционер және тіпті гараж есігі пультінің қандай өзгеріс жасағанын ойлап көріңіз. Соңғы елу жылда жасалып, нарыққа шыққан осы өнімдер біздің жұмыс істеу, тынығу және көңіл көтеру тәсілдерімізді түбегейлі өзгертті. Олар біздің әл-ауқатымызды жақсартты.
Үшіншіден, экономикалық ұйымдастырудың жақсаруы экономиканың өсуіне әкеледі. Экономикалық ұйымдастыру дегенде адам әрекетін ұйымдастыру амалдары және олар жұмыс істейтін ережелер, яғни біз көбіне өз-өзінен солай болуы керек сияқты көретін немесе елемейтін факторларды айтамыз. Халықтың саудаға араласуы не бизнес ашуы қаншалықты оңай? Елдің құқықтық жүйесі сол ел тұрғындарының сауда жасау, инвестиция салу және экономикалық ынтымақтасу деңгейіне көп әсер етеді. Жеке тұлғалар мен олардың мүлкін қорғайтын, келісім-шарттың әділ орындалуын қамтамасыз ететін және дауды шешетін құқықтық жүйе - экономикалық үдерістің аса маңызды бөлігі. Онсыз инвестиция келмейді, сауда жүрмейді, ал жаңашылдық идеялардың таралуына кедергі жасалынады. Кітаптың 2-ші бөлімінде құқықтық құрылым мен экономикалық ұйымдастырудың өзге элементтерінің маңызы жан-жақты қарастырылады.
Технологияларға көзделген инвестициялар және жаңартулар өздері мен өздері пайда болмайды. Олар - кәсіпкердің, яғни пайдадан үміттеніп, тәуекелге барған адам әрекетінің жемісі. Қазіргі таңда қандай инновациялық жаңалық боларын немесе қандай өндірістік техника шығынды азайтатынын ешкім білмейді. Оған қоса кәсіпкерлер тосын жағдайларға тап болып жатады. Сондықтан, экономикалық ілгерілеу әр-түрлі адамдардың өз идеяларының пайдалы болар-болмасын сынап көруіне жол беретін және ресурстарды өнімсіз жобаларға ысырап етуден тыятын жүйеге сүйенеді.
Мұндай ілгерілеушілік болуы үшін нарық ашық болуы керек, сонда адамдар өз жаңашыл ойларын еркін сынап көре алады. Жаңа өнімі немесе технологиясы бар кәсіпкер өз жобасын қаржыландыра алатын инвестор қолдауына ие болса жеткілікті. Бірақ кәсіпкерлер мен салымшылар ресурстары тиімді бөлінгеніне жауапты болуы үшін бәсеке керек: олардың ойлары тұтынушылардың шынайы өмірдегі тексерісінен өтуі тиіс, яғни тауар не қызметті өндіріс шығынынан жоғары бағаға сатып алу-алмауын тұтынушы шешеді. Бұл жердегі жалғыз сот та, төреші де – тұтынушы. Ол жаңа өнім не қызметті оның шығынын жабатындай мөлшерде бағаламаса, әлгі өнім нарықта қала алмайды. Мемлекеттің міндеті – қандай өнімге артықшылық беру керектігін таңдау емес, жаңа және жақсырақ өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
1.11-элемент: «Көрінбейтін қолдың» пайдасы
Нарықтық бағалардың «көрінбейтін қолы» сатып алушылар мен сатушыларды баршаның әл-ауқатын жақсартатын әрекеттерге бағыттайды.
Әр адам қандай капиталға ие болса да, әрдайым оның ең пайдалы жұмсағанын тауып алуға мүдделі. Әрине, ол қоғамның емес, өз пайдасын көздеп отыр. Алайда сол өз пайдасын іздеуі оны қоғамға көп пайдасы тиетін жұмыс орнын таңдауға жетелейді. Ол өзінің ғана баспайдасын көздейді және өзге кездердегідей бұл жолы көрінбейтін қол оны ол ниеттенбеген мақсаттарға жетелейді.(8)
Жеке қызығушылық - күшті ынталандырушы. Адам Смит талай жыл бұрын атап өткендей, көрінбейтін қол жеке мүддесін көздеген адамдарды тұтас бір қоғамның немесе елдің жалпы өркендеуіне серпін беретін әрекет жасауға бағыттап, мықты ынталандырады. Смит айтып отырған «көрінбейтін қол» – баға жүйесі. Адам «өзінің баспайдасын ғана ойлайды», бірақ оны нарықтық бағалардың көрінбейтін қолы өзгелердің мақсаттарын жүзеге асыртып баршаны өркендету жолына әкеледі.
Көпшілік «көрінбейтін қол» қағидасын түсінбейді. Жүйелі нәтижеге біреу сол іске жауапты болғанда немесе орталықтандырылған биліктің басқаруымен ғана жетуге болады деп түсінетіндер де бар. Адамның өз игілігі үшін ұмтылуы қоғамда сұраныс орталықтан жоспарлаусыз өзге үдерістер есебінен қанағаттандырылатын тәртіп қалыптастырады дегенді Адам Смит айтып кеткен еді. Бұл тәртіптің орын алу себебі – жеке меншік пен айырбас еркіндігі барда өз мүддесін көздеген адамдар әрекетін нарықтық бағалар реттейді. Нақты бір тауар немесе қызметтің қазіргі нарықтық бағасын көрсететін бір ғана статистикалық дерек сатып алушылар мен сатушыларға өз әрекеттерін өзгелердің қазіргі әрекеттерімен, қалауларымен мейілінше ұтымды үйлестіруге қажетті мәлімет береді. Нарықтық бағалар миллиондаған тұтынушы, өндіруші мен ресурс ұсынушылардың таңдауларын тіркеп отырады. Олар тұтынушы қалауы, шығын мен уақытқа қатысты ақпаратты, локация мен қазіргі жағдайды көрсетеді. Кез келген үлкен нарықта мұндай ақпаратты жеке адам немесе орталықтан басқарылатын билік органы ой елегінен өткізе алмайды.
Өз елді мекеніңіздегі супермаркетте сүт, нан, көкөніс пен өзге тауарлар мөлшері шамамен жеткілікті, яғни бұл тауарлар үнемі сөреде толып тұратындай, бірақ бұзылып немесе текке рәсуа болатындай тым көп еместігі туралы ойланып көрдіңіз бе? Әлемнің әр түкпірінде жасалып шығарылатын тоңазытқыш, көлік, планшет сіздің жергілікті нарыққа қалайша тұтынушылар қалайтын мөлшерде жеткізілген? Осыны іске асыру үшін компанияларға арналған нұсқаулық қайда бар? Әрине, ондай нұсқаулық жоқ. Оның жауабы нарықтың көрінбейтін қолында жатыр. Ол баспайдасын ойлаған адамдарды ынтымақтасқан әрекетке бағыттап, 1.6-элементте жазылғандай, баға белгілері арқылы олардың таңдауларын бір-бірімен сәйкестендіреді.
1974 жылы Нобель сыйлығын алған Фредерик Хайек нарық жүйесін «таңғажайып» деп атады, себебі бір ғана көрсеткіш, яғни тауардың нарықтық бағасы бір мезетте талай мәлімет беретіні соншалықты ол сатып алушы мен сатушының екеуінің де қалағанына қол жеткізуіне көмектесетін шешім қабылдауына ықпал етеді.(9) Өнімнің нарықтық бағасы өзгелердің не істеп жатқанынан хабарсыз мыңдаған, тіпті миллиондаған адам қабылдаған шешімдердің көрінісі. Нарық әр өнім немесе қызметке қатысты ғаламат компьютер желісі іспетті, әлгі желі барлық қатысушыларға қажетті ақпарат пен оған қатысты ынталандырушы әрекет ету көрсеткішті шығарып отырады.
Мыңдаған тауар мен қызмет түрін өндірушілер мен тұтынушыларға қажетті барлық ақпаратты бір де бір жеке адам немесе орталық жоспарлау органы нарық сияқты жинай алмас еді. Оған қоса бұл ақпарат нарықтық бағаларға сүзілген күйінде енген. Ол өндірушілер мен ресурс ұсынушыларды тұтынушылар (өндіруге жұмсалған шығынынан) жоғары бағалайтын өнім жасап шығаруға бағыттайды. Фермерді алма өсіруге ешкім мәжбүрлемейді. Құрылыс фирмасына үй сал деп те ешкім айтпайды, жиһаз жасаушыны орындық шығар деп ешкім үгіттемейді. Осы және өзге өнімдердің бағалары тұтынушының оларды өндіріс шығыны шамасында не одан жоғары бағалайтынын көрсеткенде, жеке басының баюын көздеген өндірушілер оларды өздері ұсына бастайды.
Өндірушілерге өндірістің шығыны аз тәсілдерін іздеп тауып, қолдану қажет дегенді айтып тұратын нұсқаушы да керек емес. Нарықтық бағалардың көрінбейтін қолы бағыттап тұратын баспайда кәсіпкерге ресурстардың үздік тіркесімі мен экономикалық жағынан ең тиімді өндірістік әдістерді табуға ынтазар етеді. Шығын азырақ болса, пайда көбірек болатындықтан, әр өндіруші шығынды азайтып, сапаны арттыруға тырысады. Іс жүзінде бұны оған бәсекелестік істеткізеді.
Заманауи қоғамда нарықтық бағалардың көрінбейтін қолы бағыттап отыратын жеке мүдделерден туындайтын ынтымақтастық расында да ғажап. Келесі жолы кешкі асқа отырғанда оны дайындауға атсалысқан барлық адам туралы ойланып көріңіз. Фермерден бастап, азық-түлікті дүкенге жеткізген жүк көлігі жүргізушісіне дейінгі бірде-бір адам сіздің алдыңыздағы жеп отырған дәмді асыңызды мейілінше төмен бағамен сатып алуыңызға мүдделі болды деу қиын. Алайда нарықтық бағалар олардың мүдделерін сіздің мүддеңізбен үйлестірді. Сиыр мен күркетауықты жақсы өсіріп, ең үздік ет ұсынған фермерге жоғары баға тиеді, азық-түлік тұтынушыға балғын және жақсы күйінде жеткізілсе, жүк көлігі жүргізушісі мен дүкенші көбірек ақша табады. Бұл тізбекті жалғастыра беруге болады. Олардың шығынды азайтуы әрдайым көбірек табыс табуды білдіреді. Біздің әрқайсымыз өзіміз жасап алғаннан әлдеқайда жақсы тауарлар легін тұтынуымызға ондаған мың адам үлес қосады, олардың көбін біз ешқашан кездестірмейміз. Оған қоса көрінбейтін қолдың ың-шыңсыз, автоматты түрде жұмыс істейтіні соншалықты тәртіп, ынтымақтасу және тауар мен қызметтің үлкен легінің қолжетімділігі өзінен-өзі болатын құбылыс сияқты көрінеді. Жеткілікті түрде бағаланбаса да, жеке мүдде мен көрінбейтін қол тіркесімі – экономикалық ілгерілеуге қуат беретін әлеуетті күш.
1.12-элемент: Күтпеген салдар қиындықтар туғызады
Көп жағдайда әрекеттің ұзақ мерзімді салдары немесе кейінгі әсері елеусіз қалады.
1946 жылы танымал экономикалық журналист Генри Хазлитт «Бір дәрісте өтетін экономика» (Economics in One Lesson) атты кітап жазды. Француз Фредерик Бастианың 1850 жылғы эссесі (1.9-элементте талқыланды) негізінде жазылған бұл кітап – бұрын-соңды экономика тақырыбында ең көп сатылған оқулық болса керек.
Тас лақтырып дүкен терезесін шаққан бала туралы Бастианың әңгімесін еске түсіріңіз. Сөйтіп дүкенші терезені жөндеуге әйнекшіні жалдады. Әйнекшіге жұмыс табыла кеткенін көрген біреулер терезенің сынғаны жақсы, себебі әйнекшіге жұмыс табылды деді. Алайда Хазлитт мұның дұрыс еместігін, себебі кейінгі әсерлердің елеусіз қалғанын баса айтқан.
Егер дүкенші ақшасын терезені жөндетуге жұмсамағанда, ол оны басқа нәрселерге, мүмкін аяқ киімге, киім-кешекке немесе тағы бірдеңеге жұмсар еді. Егер терезе сынбағанда, өндірістің басқа салаларындағы жұмыспен қамту артып, әлгі өңірде терезе де, дүкенші сатып алған заттар да бар болар еді. Кейінгі әсерлер қаперге алынатын болса, су басу, дауыл және мемлекеттің дұрыс саясат жүргізбеуі инфрақұрылымды тұрақтандырады, сөйтіп қоғамға залал келтіріп, жұмыс орындарының таза санын арттырмайтыны белгілі болады. Бүлінгенді жөндеу жұмыс орнын тудырады және экономика тұрғысынан пайда келтіреді деген көзқарас қазір «сынған терезе жалған тұжырымы» деп аталады. Жөндеуге жұмсалған ресурстар қоғамның өзге құнды тауар мен қызмет өндіру қабілетін төмендетеді. Осы жалған көзқарасқа келтірілген бірнеше мысалды 1.9-элементтен табасыз.
Хазлитт экономикалық жоспарды сараптағанда, мыналарға мән беруі керек екенін айтады:
. . .іле-шала орын алған нәтижені емес, ұзақ мерзімді нәтижені, тікелей салдарды емес, кейінгі салдарды, нақты бір топқа қалай әсер ететінін емес, жалпы халыққа қалай әсер ететінін қарастыру керек.(10)
Хазлитт осы сабақты ескермеу салдарынан талай экономикалық қателік орын алғанына сенімді. Ол 1930-жылдағы Ұлы депрессия кезінде экономика туралы көп жазды және саясаттың ұзақ мерзімді, көбіне күтілмеген салдарларын елеусіз қалдырып, қысқамерзімді пайдасына ғана мән беру үрдісі әсіресе саяси ортада басым екенін білді.
Кейінгі әсерлердің маңызын көрсететін үш мысалды қарастырайық. Бензин тұтынуды азайту арқылы көліктен шығатын газдың ауаны ластауын төмендету үшін грузин үкіметі қозғалтқышы үлкен ескі көліктерге бағытталған жаңа салық енгізді. Грузия табысы төмен ел болғандықтан, арзанға түсетін ескі көліктерге сұраныс әрдайым жоғары еді (сатылымдағы қолданыста болған көліктердің 91% 2006 жылдан бұрын жасалған еді). 2017 жылдың қаңтарында енгізілген жаңа акциздік салықтың сырғымалы тарифі болды. Мысалы, қозғалтқышы 1,5 литрлік 2002 жылғы көліктің кедендік рәсімдеу және акциздің салығы 3731 грузин лари болса, сол жылы шыққан 2,5 литрлік қозғалтқышты көлікке 6219 лари, ал 3,5 литрлік қозғалтқышты көлікке 8706 лари салық есептелді. Салық саясатындағы өзгеріс халықты қозғалтқышы шағын көлік алуға ынталандырып тұрғанымен, бұл ереженің енгізілгені дұрыс болды ма? Оның кейінгі әсерлерін қосқандағы толыққанды әсері қандай?
Жаңа акциздік салық Грузияда азғана уақыт қолданыста болғандықтан, өзге елдердің бензин тұтынуды азайтуды көздеген, осыған ұқсас тәжірибесін қарастырамыз. Жанармайды аз жейтіндіктен, жеңіл көлік ұстау арзанға түсетіндіктен, осындай көлік жүргізушілер саны артқанын деректер көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде көлік кептелісін арттырып, бензин тұтыну мөлшерінің азаюы жарлық жазушылар көздеген шамаға түсе қойған жоқ. Оған қоса, көлік апаты орын алса, стандартқа сай болу үшін таңдалған жеңіл көлік онда отырған адамдарға қозғалтқышы үлкендеу, ауырлау көліктер сияқты қорғаныс бере алмайды, сондықтан тас жолда қаза болатындар мен жарақат алатындар саны артуы мүмкін. Кейінгі әсерлер ескерілгенде жанармай тиімділігіне қатысты ереженің пайдасы бастапқыда көрінгендегіден әлдеқайда төмен екені байқалады.
Осыған ұқсас күтпеген салдарлар көлікте белдік тағуды талап ететін заң күшіне енгеннен кейін байқалды. Британ көлік министрлігі жүргізуші мен оның жанындағы жолаушыға белдік тағынуды міндеттейтін заң күшіне енгеннен кейінгі 20 айда алдыңғы орындағылардың өлімі саны 656-ға азайған. Алайда дәл сол кезеңде жаяу жүргендер (77), велосипед мінгендер (63) мен артқы орындықта отырғандар (69) өлімі артып кеткен,(11) оған белдік таққаннан кейін жүргізушінің өзін қауіпсіз сезініп, көлікті бейқам айдауы себеп болғаны анық.
Елдер арасындағы сауда-саттыққа шектеу қоюдың да ұзақ мерзімді әсерлері бар. Шетел тауарларына тариф енгізіп, импортқа квота белгілеуді қолдаушылар әрдайым дерлік өз саясатының ұзақ мерзімді әсерлерін елеусіз қалдырады. Тариф пен квота ұқсас тауарларды көбірек шығынмен өндіретін жұмысшыларды бастапқыда қорғауы мүмкін, бірақ оның болжанбаған ұзақ мерзімді салдарларға ие болуы мүмкін.
Шетелде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерді сатуға квота мен тариф енгізіп, мүше елдер ауыл шаруашылығына ЕО бюджетінен тікелей субсидия беруді қарастыратын Еуропалық Одақтың Ортақ ауылшаруашылық саясатын (ОАС) алыңыз. «ОАС халық азық-түлікті қолжетімді бағаға сатып ала алуы және фермерлер тұрмысы лайықты деңгейде болуы үшін құрылды», деп саясаттың 50 жылдығына арналған құжатта жазылған.(12) Жалпы алғанда, ОАС арқылы төленген субсидия бүкіл ЕО бюджетінің үштен бірі шамасында. Осы саясатты қолдаушылар «ОАС болмаса, ЕО ауылшаруашылық және азық-түлік секторы шамамен 8 пайызға кіші болар еді(13) , сондықтан бұл саясат жұмыс орындарын сақтап, жұмыспен қамтылғандар санын өсіріп отыр», дейді. Әлгі сектор ауқымы өскеніне еш күмән жоқ, бірақ саясаттың кейінгі әсерлері қандай?
Қаржының ОАС-қа жұмсалуы ЕО бюджетінің өзге мақсатқа жұмсалуы ықтималдығын ысырып тастайды және ЕО қорының өзге қоғамдық игілік түзу әрекетіне бөлінуіне жол бермейді. Еуропалық комиссия дерегі бойынша, осы субсидиясына Еуропалық Одақтың әр азаматы қалтасынан жылына 100 евродан астам ақшаға жұмсайды. Оған қоса, тариф пен квота жергілікті бағаларды әлемдік бәсекеге қабілетті бағалардан жоғары деңгейде ұстайды да(14), ЕО тұтынушылары азық-түлікке жалпы алғанда көбірек ақша төлейді. Сонда жекелеген отбасы азық-түлік ақысын екі рет төлейді: бірінші, ауылшаруашылығы секторын қорғау үшін олар дүкендегі өнімге жоғары баға төлейді, екінші, ауылшаруашылығы субсидиясын беру үшін азаматтар салық төлейді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеп азық-түлік өндіретін өзге фирмаларға тариф пен квотаның жанама әсері тиеді. Мысалы, 2007 жылы ОАС Франциядағы өндіріс көлемі 1,5 пайызға қысқарды және үлкен қызмет көрсету секторы еңбек күші мен капиталының бар болғаны 0,1 пайызы ОАС пайдасын көрген өзге секторларға ауды. ОАС-ты алып тастағанда капитал бағасы (жер мен техника) төмендеп ОАС жүйесіне кірмейтін барша шаруашылықтарға осы жағдай тиімді болар еді. Оған қоса ОАС ауылшаруашылығы жер телімдеріне өзге ауылшаруашылығы әрекеттерімен қатар таласатын орман ауқымын да азайтады. (Францияда ОАС орман шаруашылығына бөлінген алқап ауқымын 3,6 пайызға азайтты). Оған қоса тариф пен квота кесірінен ЕО-дан тыс елдер ЕО нарығында бұрынғыдан азырақ азық-түлік сатады, яғни осы елдердің ЕО экспортын сатып алу қабілеті төмендейді және осы сатылымнан айырылған секторлардағы жұмыспен қамту деңгейі түседі.
ОАС сияқты сауда-саттық шектеулерінің ұзақ мерзімді әсерлері ескерілсе де, нәтижесінде, ЕО-дағы жұмыспен қамтылу мен жалпы өндіріс артады деп күту бекер. Үкіленген индустрияда жұмыс орны саны артуы мүмкін, есесіне өзге индустрияларда жұмыс саны азаяды. Сауда-саттықты шектеу жұмыс орындары санын арттырмайды, қайта оны бір индустриядан екіншісіне ауыстырады. Алайда кейінгі әсерлерді қарастырмағандар бұл жәйттерді көрмейді.
Ұзақ мерзімді әсерлер тек саяси шешім қабылдауда қиындықтар туғызып қана қоймайды. Олардың күтілмеген нәтижелері жеке тұлғаларға да ықпал етуі мүмкін. Батыс Виржиниядағы бірінші сынып мұғалімінің басынан өткен жәйт осы мәселені көрсетті. Оның оқушылары үнемі қарындаштарын жоғалта беретін. Егер қарындаш тұқылына 10 цент төлесем, олар желініп біткенше қарындашты жоғалтпай ұстап жүруге ынталы болады деп ойлады. Өкінішке қарай, оқушылар ақшаны алып алу үшін ұштағышқа кезекке тұратын болды. Күтпеген салдарларды қырағы қараудың пайдасы бар!
2-бөлім: Экономикалық ілгерілеушіліктің негізгі жеті көзі
Элементтер:
- Құқықтық жүйе: экономикалық ілгерілушіліктің іргетасы. Ол жеке меншікті қорғайтын және келісім-шарттардың орындалуын біркелкі түрде қамтамасыз ететін құқықтық жүйе.
- Бәсекелес нарықтар: бәсекелестік ресурстарды тиімді пайдалануға ықпал етіп, жаңашыл жетістіктерді ынталандырады.
- Мемлекеттік ережелердің шектеулері: айырбасты азайтатын және бәсекелестікті шектейтін реттеу саясаты экономикалық ілгерілеуге кедергі жасайды.
- Тиімді капитал нарығы: ел әлеуетін жүзеге асыру үшін капиталды байлық құрайтын жобаларға бағыттайтын тетік болуы керек.
- Қисынды монетарлық саясат: тұрақты монетарлық саясат инфляцияны қадағалау, инвестицияны тиімді бөлу және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге аса қажет.
- Төмен салық мөлшерлемелері: адамдар тапқан табысының көп бөлігін сақтай алатын болса, көбірек өндіреді. Мемлекеттік шығындар мен тапшылықты бақылау (фискалдық саясат) экономикалық тұрақтылық пен өсу үшін өте маңызды.
- Еркін сауда: адамдар басқа елдердегі адамдармен еркін сауда жасаған кезде жоғары табысқа қол жеткізеді.
Кіріспе
1995 жылғы Нобель сыйлығының экономика бойынша лауреаты Роберт Лукас былай деген: «Экономикалық өсу туралы ойлай бастасаңыз болды өзге нәрсені ойлау қиын».(16) Неге Лукас пен өзге де экономистер экономикалық өсуге осыншалықты мән береді? Нақты өнім өсуі табыстың өсуі үшін қажет. Өсу болмаса, табыстың жоғары деңгейі мен өмірдің жоғары сапасына жетемін деу бекер.
Соңғы екі жүз жылда экономикалық өсу әсіресе Батыс елдерінде өмір сүру деңгейін арттырып, оны ұзартып, сапасын жақсартты. Бірақ бұл бір ерекше кезең болды. Адамзат тарихында экономикалық өсу кезеңдері аса сирек орын алды. 1800 жылға дейін әлем халқының дені талғажау етер ас-су мен баспана үшін аптасына елу, алпыс, тіпті жетпіс сағат ауыр еңбек етті. Ол бір өмір үшін арпалыс еді, көп адам оған шыдай алмады. 1800 жылғы өмір сүру деңгейі мың жыл бұрынғы, тіпті екі мың жыл бұрынғы Ежелгі Рим кезіндегіден айтарлықтай өзгере қоймады.
Адамзат тарихындағы бұлыңғыр экономикалық тарих шамамен екі жүз жыл бұрын өзгере бастады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының экономисі, марқұм Ангус Мэддисон табыс хронологиясы мен өмір сүру ұзақтығына қатысты болжам зерттеуі саласында беделді ғалым ретенде кеңінен танылған. 5-кескінде оның соңғы мың жылдағы бір адамға шаққандағы жылдық табыс деңгейі көрсетілген. 1990 жылы доллармен есептегенде 1820 жылғы әлемнің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 667$ құраған, ал 1000 жылғы көрсеткіш 450$ болған.(17) Сонда 800 жылда жан басына шаққандағы табыс деңгейі шамамен 50 пайызға ғана өскен. Батыс елдері делініп жүрген Батыс Еуропа мен одан тараған АҚШ, Канада, Аустралия мен Жаңа Зеландияның көрсеткіші жақсырақ, 1000 жылы 426$ болған осы елдердің көрсеткіші 1820 жылы 1,202$ жетіп, үш есе өскен. Алайда батыс елдерінің өзінде табыс көрсеткішінің екі еселенуіне бес жүз жылдай уақыт керек болды.
Енді 1820 жылдан бері қандай өзгеріс орын алғанын кеңінен қарастырайық. Соңғы екі жүз жылда ғаламат экономикалық өсу орын алды. 2003 жылы әлемдік жан басына шаққандағы табыс 6 516 долларға жетті, бұл 1820 жылғы деңгейден он есе көп. Батыста 2003 жылы жан басына шаққандағы табысы 23 710 долларға жетті, бұл 1820 жылғы көрсеткіштен шамамен жиырма есе көп. Яғни ғасырлар бойы күнкөріс ең төменгі деңгейлер шамасында болған жан басына шаққандағы табыс соңғы екі жүз жылда шарықтап кетті.
Өмір сүру ұзақтығына қатысты болжам үрдісі де осыған ұқсас. 1000 жыл мен 1820 жыл аралығында әлемдегі өмір сүру ұзақтығы 24 жастан 26 жасқа өсті, содан кейін 1900 жылы 31 жасқа көтеріліп, 2003 жылы 64 жасқа жетті. Батыс елдерінде 1000 жылы 24 жас болған өмір ұзақтығы 1820 жылы 36 жасқа дейін көтерілді, бұл көрсеткіш 2003 жылы 76 жасқа жетті.
Тарих көрсеткендей, экономикалық өсу өздігінен болмайды. Кей ел тоқырап жатқанда кей ел экономикасының өсіп, табыстың жоғары деңгейіне жетуінің себебі не? Экономикалық өсу мен тұрмыстың жоғары стандартына қандай институттар мен саясат жол ашады? Осы маңызды мәселелер осы сегментте қарастырылады.(18)
Дегенмен алдымен ЖІӨ-ні өлшеуге қатысты ескертпені айта кеткен жөн, бұл әсіресе посткоммунистік елдерге қатысты. «Тұтынуға дайын тауарлар мен қызметтер өнімнің құны» деген қарапайым анықтаманың астарында талай күрделі мәселелер жатыр. Еркін нарықта саудаланатын нәрсенің құнын шығару оңай. Ал бағасы бақыланатын нәрсенің құны қалай есептеледі? Оны халық төлеген нақты бағамен өлшеу керек пе әлде әлгі тауарға ерікті нарық жағдайында төленетін бағаны алу керек пе? Кезекте тұрған уақыт құнын қосу керек пе? Саудаға шығарылмаған өнім ше? Егер бір іске сарбаздар жұмылдырылса, олардың еңбегін қалай бағалау керек? Статистикалық органдары жасырын (көлеңкелі немесе қара) нарықтағы өнімді қаншалықты нақты бағамдай алады? Егер мен пиццаны үйде пісірсем, есепке ірімшік бағасы қосылады да, менің ас үйде өткізген уақытым есептелмейді. Ал егер пиццаны мейрамханадан сатып алсам, аспаз еңбегі ЖІӨ-ге қосылады. Бірақ, мен де мейрамхана аспазы сияқты шебермін десек, екі пицца бірдей болып шығады.
ЖІӨ-ні және соған байланысты баға өзгерістерін өлшеудегі қиындықтар коммунизм ыдырағаннан кейінгі алғашқы жылдарды түсінуде қиындықтар туғызады. Ресми статистика өнім көлемінің айтарлықтай төмендеуін көрсетеді, алайда бұл азаматтар өз басынан өткізген нақты тәжірибемен қабыспайды.(19)
2.1-элемент: Құқықтық жүйе
Экономикалық ілгерілушіліктің іргетасы – жеке меншік құқығын қорғайтын және келісім-шарттардың орындалу әділдігін қамтамасыз ететін құқықтық жүйе.
... жеке меншік режимі адамдарды материалдық игілік саласындағы өз әрекеттеріне жауапты етеді. Соның арқасында осындай жүйеде адам өз әрекетінің нәтижесін қалай да көреді. Жеке меншік мүлік бізді қоршауға алғанымен, айнамен де қамтамасыз етеді, сөйтіп өз іс-әрекетіміздің салдарын көріп отыратын боламыз.
Құқықтық жүйе жекеменшік құқығының қорғалуы мен келісімшарттардың орындалуына негіз болады. 1-тараудың 4-элементінде жазылғандай, сауда тауарларды оларды көбірек бағалайтын адамдарға бағыттайды және мамандану мен кең көлемді өндіріс әдістерінің пайдасы нәтижесінде өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сауда-саттықтағы сенімсіздікті азайту үшін құқықтық жүйе мәмілелер мен келісім-шарттардың әділ орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Осының арқасында айырбас мөлшері мен сауда-саттықтан түсетін пайда артып, экономикалық ілгерушілікке жол ашылады.
Жеке меншікке қатысты құқықтардың айқын жазылуы және сақталуы сауда-саттықта пайда табу үшін аса қажет. Мүлік - еңбек қызметтеріне, сондай-ақ ғимараттар мен жер сияқты физикалық активтерге меншік құқығын қамтитын кең термин. Мүлікке жеке меншік үш нәрсені қамтиды: (1) ерекше пайдалану құқығы; (2) басқыншылардан – меншік иесінің рұқсатынсыз мүлікті пайдалануға немесе теріс пайдаланғысы келетіндерге қарсы құқықтық қорғау; және (3) басқаларға беру (сату немесе сыйлау) құқығы.
Жеке меншік иелері өз мүлкін қалай пайдалану керектігін шеше алады, бірақ олар өз әрекеттері үшін жауап береді. Өз мүлкін өзгенің меншігіне қол сұғатындай немесе меншік құқығын бұзатындай тәсілмен қолданған адам да өз меншігін қорғайтын заңға бағынады. Мысалы, жеке меншік құқығы маған балғамды көлігіңіздің алдыңғы әйнегінен лақтыруға тыйым салады, өйткені мен мұны істесем, сіздің көлігіңізге меншік құқығыңызды бұзған болар едім. Сіздің жекеменшігіңізге қатысты заң маған немесе өзге біреуге оны сіздің рұқсатыңызсыз қолдануға (пайдалануға) жол бермейді. Сол сияқты менің балғамды немесе өзге заттарымды сізге немесе өзге біреулерге менің рұқсатымсыз қолдануға болмайды.
Жеке меншіктің маңызды қыры – одан туындайтын стимулдар. Нақты анықталған және күшіне енген жеке меншік құқықтарымен бірге жүретін стимулдардың экономикалық өсу мен ілгерілеуіне ықпал ететін төрт негізгі себеп бар.
Біріншіден, жеке меншік адамдарға өздеріне тиесілі заттарды күтіп ұстауға ынталандырады. Егер жеке меншік иесі өз мүлкін сақтай алмаса немесе оның тым көп пайдаланылып, бүлінуіне жол берсе, мүлкінің құндылығының түсуі сияқты өз шешімдерінің салдарын көреді. Мысалы, егер сізде автокөлік болса, сізде майды ауыстыруға, көлікті үнемі жөндеуден өткізуге және көліктің салонының жақсы күтімге алынғанын көруге ынтазар болар едіңіз. Неліктен осылай? Бұларға мән бермесеңіз, көліктің сіз үшін де, болашақ иелері үшін де құндылығы түседі. Егер көлік жақсы жұмыс істеп тұрса, оның сіз үшін де, оны сізден сатып алғысы келетін адам үшін де құны жоғары болады. Иенің мүлкін қалай күтіп ұстағанын нарықтық баға көрсетеді. Жақсы күтім марапатталады, ал нашар күтім мүлік құнының төмендеуімен жазаланады.
Ал меншік өзгелерге де тиесілі (үкіметтің немесе социалистік экономикаларда «халық меншігі» делінген көп адамнан тұратын топтың ортақ иелігінде) болғанда, әр қолданушының оны күтіп ұстауға деген ынталары әлсірейді. Мысалы, тұрғын үй үкіметке тиесілі болса, жеке адамда немесе шағын топта оны күтіп ұстауға деген мықты қаржылық ынталар болмайды, себебі мүлік құнының түсуі немесе артуынан жеке адам немесе шағын топ шығын да шекпейді, пайда да көрмейді. Осы себепті жеке адам иелігіндегі үйден гөрі үкімет меншігіндегі тұрғын үйлер көбіне күтімсіз ұсталып, тез тозады. Бұл нарық баға белгілерін беретін капиталистік елдерде де, белгі бермейтін социалистік елдерде де дұрыс. Мүлікті күтудегі, оған техникалық қызмет көрсетудегі және оны жөндеудегі салдыр-салақтық мемлекет меншігіндегі мүлікке деген ынталар тіпті басқа жеке активтер үшін жұмыс істейтін нарық жағдайында да әлсіз болатынын көрсетеді. Бұл мәселе кеңестік дәуірде «бір нәрсе бәріне тиесілі болса, ол ешкімдікі емес» деген кең тараған сөзде көрініс тапты.
Мәселелерді тудыратын жеке меншіктің жоқтығы емес, мүлікті пайдаланушылар мен дұрыс пайдаланбау шығындарын көтеретін топ немесе жеке тұлға арасындағы әртүрлі мүдделер. Дәл осы мәселе баспананы жалға беру нарығында да бар, онда жеке меншік иесінің мүддесі қолданушы мүддесінен өзгеше. Сондықтан жалға беру келісім-шарттарында мүлікті қалай пайдалануға болатыны мен пайдалануға болмайтынының ұзақ тізімдері жиі кездеседі. Өтпелі кезеңге дейін Шығыс Еуропада ұядай күтіліп ұсталған пәтерге сынып жатқан жеделсатыны пайдаланбай-ақ, шамы жанып кеткен қараңғы дәліздің лас баспалдағымен көтерілу өрескел саналмайтын, себебі тұрғындар ортақ аумақты емес, жеке пәтерін ғана күтіп ұстайтын. Өтпелі кезеңнің басында тұрғындарға жеке меншік құқығын беру басты мәселеге айналды. Көппәтерлі үйдің жеке меншіктегі мүлікке айналу керектігі анық еді, бірақ сонда кімнің мүлкі болатының қалай шешеміз? Жақында салынған үйлер мен пәтерлер мәселесі оңай, оларды тұрғындарға беру керек (немесе төмен бағаға сату керек). Ал коммунистер билікке келгенде иелерінен тартып алынған ескі ғимараттармен не істеу керек? Иелік әлгі үйде тұрып жатқандарға берілуі керек пе әлде ғимараттың байырғы иесіне (немесе олардың ұрпақтарына) берілуі керек пе? Чехияда ғимаратты байырғы иесіне қайтару, бірақ тұрып жатқан адамдарды жал ақысы қадағаланатын шартпен сол пәтерлерде қалдыру тәсілі қолданылды. Мұндай тәсіл қиындықтар тудырды: ғимаратты күтіп ұстауға қаражаттың жеткілікті болмауы және оны нарықтық бағасына сата алмайтыны иесін шарасыз күйге түсірді.
Алдыңғы бөлімдерде сақтандырудың маңызы туралы жазылған, бірақ сақтандыру да «бұрыс қолданыс» ынталарын тудырады. Активті белгілі бір тәсілмен қолдануға шешім қабылдайтын жеке адам нәтиже оң болмағанда шығынын өзге біреу төлейтінін біледі, мұндайды моральдық қауіп дейді. Көлігі ұрланса, сақтандыру компаниясы өзге көлік беретінін білетін жүргізуші көлігін кез келген жерге қояды немесе есігін құлыптауды ұмытып кетеді. Медициналық сақтандыруы жоқ шаңғышы тік беткейлермен сырғанауға тәуекел ете бермейді.
Екіншіден, жеке меншік адамдарды өз мүлкін өзгелер жоғары бағалайтындай қолдануға және дамытуға ынталандырады. Егер ол өз мүлкін өзгелер тартымды санайтын мақсатқа қолданып, дамытса, мүліктің нарықтық құны артады. Ал, өзгелер ұнатпайтын өзгерістер, әсіресе өзгелер деген тұтынушылар немесе болашақ сатып алушылар болса, мүлік құндылығын азайтады.
Жеке меншік жеке адамның дамуына да әсер етеді. Адам еңбегінің жемісін өзінде қалдыра алатын болса, ол кәсіби біліктілігін жетілдіріп, барын сала жұмыс істейді. Мұндай әрекет оның табысын көбейтеді. Неліктен колледж студенттері талай уақытын дәріске арнап, оқу ақысын төлейді? Оның жауабы еңбек қызметінің жеке меншік иелігінде жатыр. Себебі олардың өз жұмыс қызметтеріне жеке меншік құқықтары бар болғандықтан, өзгелер жоғары бағалайтын білім алып, дағдыларын дамытса, болашақта табысы да жоғары болады.
Сол сияқты жеке меншік иелігі жер, ғимарат және өзге де физикалық актив иелеріне оларды өзгелерге пайдалы болатын кейіпке келтіріп, қолдануға ынталандырады. Ал бұлай істемейтіндердің активтерінің құны түсіп, шығындарға ұшырайды. Тұрақ орындары, ыңғайлы кір жуатын орындар, жақсы жаттығу бөлмесі немесе кешендегі тартымды көгалдар мен бассейннің болуы туралы ештеңе ойламайтын тұрғын үй кешенінің иесін қарастырыңыз. Егер тұтынушылар әлгіндей инфрақұрылымды (оларды өндіруге кететін шығындарға қатысты) жоғары бағаласа, кешен иесі осы қызметтерді ұсынуға ынталы болады. Неге? Тұтынушылар инфрақұрылымы жайлы кешендегі пәтерге жоғарырақ ақы төлеуге әзір болады. Яғни, осындай жайлы инфрақұрылым ұсынатын пәтер иесі өз клиенттерінің әл-ауқатын жақсартады әрі өзінің таза табысын (және пәтер кешенінің нарықтық құндылығын) арттырады. Ал, тұтынушы қалауын елемей, өзіне ұнаған қызметтерді ғана ұсынатын тұрғын үй кешенінің иесі өз табысы мен капиталының (пәтерлерінің) құны түскенін байқайды.
Бір қызығы, жеке меншік тіпті социалистік елдердегі өнімділікке де әсер етеді. Оны бұрынғы Кеңес одағындағы ауыл шаруашылығы көрсетеді. Коммунистік режим кезінде отбасыларға жарты гектарға жетпейтін шағын жекеменшік жер телімінде өсірген тауарды өзіне қалдыруға және сатуға рұқсат берілетін. Мұндай жекеменшік жер телімдері егін шаруашылығындағы бүкіл аумақтың 2 пайызын ғана құрайтын, өзге 98 пайызында үлкен ұжымдық шаруашылықтар жұмыс істеп, жер мен өнім мемлекетке тиесілі болатын. Кеңес баспасөзі жазғандай, Кеңес ауыл шаруашылығы түсімінің бүкіл құнының төрттен бірі әлгі ұлтарақтай жеке меншік жер телімдерінде өсірілген. Яғни, жарты гектарға жетпейтін жерден алынған өнім мемлекет иелігіндегі шаруашылық көрсеткішінен алпыс есе көп болған.
Мемлекет меншігінен жеке меншікке қарай болмашы қозғалыстың өзі ғаламат нәтиже береді. 1978 жылы Қытайдың коммунистік үкіметі мемлекетке өткізілуі тиіс мөлшерден артық күрішті ұжымшарда қалдыруға рұқсат беретін де-факто саясатын жүргізе бастады. Осының нәтижесінде өнімділік лезде артып шыға келді, себебі шаруалардың тиімді еңбек етуге ынталандыру болды. Белгіленген квота мөлшерін толтырғаннан кейінгі өнімді шаруалар өзіне алып қалатын болды. Осы тәжірибе ауыздан-ауызға тарап, үкімет те осындай «жекешелендіруге» қарсы ресми саясатқа көз жұмған соң, мұндай практика лезде тарап кетіп, ауыл шаруашылығы түсімі қарқынды өсіп, кей шаруалар экономиканың ауыл шаруашылығынан өзге секторларына ауыса бастады.(21)
Үшіншіден, жеке меншік құқығы жеке меншік иелеріне өз мүлкін қолдану кезінде өзгелерге келтірген залалы үшін заң алдында жауапты етеді. Заң жеке меншік құқығы беретін өкілеттілікті мойындайды және оның сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ сол өкілеттілікпен қатар жүретін жауапкершіліктің сақталуын да қадағалайды. Жеке меншік басқаруды жауапкершілікпен байланыстырады. Мүлік иесі бақылау жүргізе алу позициясында тұрғандықтан оған жауапкершілік жүктеледі. Осы жауапкершілік өз кезегінде мүлік иесіне мүлкін жауапкершілікпен қолдануына және өзгелерге зиян келтіру ықтималдығын азайтатын қадамдар жасауына мықты ынта береді.
Мына мысал жайында ойланып көріңіз. Қураған ағаш көршінің үйіне құлап түспей тұрып оны кесіп алуға ағаш иесі ынталы. Ит қабаған болса, иесі оған тұмылдырық кигізуге немесе оны оқшаулауға ынталы. Көлік иесінің көлігін айдау құқығы бар, бірақ оның дұрыс күтім жасамау салдарынан көлік біреудің мүлкіне зақым келтірсе, көлік иесі жауапқа тартылады. Сол сияқты химикаттар шығаратын компания өз өнімдеріне ие, дәл осы себепті компания химикаттарды дұрыс қолданбаса, келтірілген зақымға заң алдында жауап береді.
Төртіншіден, жеке меншік ресурстарды болашақта пайдалану үшін сақтауға, сондай-ақ олардың сауатты дамуына ықпал етеді. Бір ресурсты пайдалану арқылы табыс табуға болады, бұл табыс әлгі ресурстан жасалған өнімді ұнатқан қазіргі тұтынушылардың,тапсырыс берушілердің қалауын көрсетеді. Бірақ болашақ тұтынушылар да меншік құқығы арқылы дауыс береді. Ресурс иесі, айталық, орман учаскесі немесе шағын тоғай иесі ағаштарын қазір немесе кейінірек жинауға қатысты шешім қабылдауы керек. Бөрене кейін құндырақ бола ма? Басқаша айтқанда, ағаштарды қазір кескеннен гөрі олардың өскенін күте тұрып кескенде бөрененің болжамды құны қымбатырақ бола ма? Немесе сол ағаштарды қазір кесіп алғаннан түсетін пайда болашақта қолдану үшін ағаштарды қорғап қалу құнынан көбірек бола ма? Егер кейінірек құны артатын болса, тоғай иесінің ағаштарды сақтай тұруға ынтасы бар, яғни ресурсты қазір құртпай, оның құндырақ болатын кезін күтеді.
Тұтынылатын ресурстың болашақтағы құны қазіргі құннан жоғары болады деп күтілетін жағдайларда жеке меншік иесі ресурсты сақтап қалудан ұтады. Мұндай ұстаным пайда түсетін уақытта мүліктің қазіргі иесінің көзі тірі болмайтын кездерге де қатысты. Алпыс бес жастағы ағаш фермері кесуге жарамды болу үшін елу жыл өсуі керек Дуглас шыршасын өсірді делік. Жасы келген ағаш фермерінің шыршаларды болашақта қолдану үшін сақтауға ынтасы бар ма? Жеке меншік құқығы барда, бұл сұраққа «иә» деген жауап беріледі. Шыршаның өсуі болашақ табысты баламалы инвестиция шамасында өсіреді деп күтілетін кезде фермер шыршаны болашаққа сақтап қоюдан ұтады. Жеке меншік жағдайында шыршалар өсіп, олардың кесуге жарамды болатын күні жақындаған сайын жер телімінің нарықтық құны артады. Сонда шыршаны нақты шабу уақыты фермердің өлімінен кейін келетін болса да, ол шыршаларды (немесе шыршалар өсіп тұрған жер телімін) кез келген уақытта сатып, олардың өсіп жатқан құнынан пайда көре алады.
Талай ғасырдан бері пессимистер ағаш, қажетті минералдар немесе энергияның түрлі көзін тауысатын болдық деп шулап келеді. Олар жеке меншік рөлін мойындамағандықтан, осы жаңсақ ұстанымға байланды да қалды. Ақырзаманды төндірген болжамдарды бір шолып өтейік. 16-шы ғасырда Англияда жылыту отыны ретінде кеңінен қолданылатын ағаштың қоры көп ұзамай таусылады деген қорқыныш пайда болды. Алайда ағаш бағасының жоғары болуы нәтижесінде ормандар аман қалып, көмір кеніштерін ашуға және көмірді жақсырақ қолдануға инвестиция табылды. Көп ұзамай ағаш дағдарысы жойылды.
Нақты бір ресурс ешкімнің иелігінде болмаса да, көп ретте иесі бар өзге ресурстар нарығы мәселені шешеді. 19-ғасырдың ортасында АҚШ-та жасанды жарық көзінің басты отыны – кит майы таусылады деген қорқынышты болжамдар жасалды. Киттердің қожайыны жоқ еді, олар ашық теңізде көптеп ауланатын. Егер бір кит аулаушы мүмкіндікті қапы жіберсе, көп ұзамай әлгі китті өзге біреу аулап алатын. Кит майының бағасы өскенде адамдардың киттерді болашаққа сақтап қалуға деген ынтасы қалмады, себебі әлгі жағдайда жеке меншік құқығы жоқ еді. Киттердің саны азайып бара жатса да, ешкім кит аулауды шектемеді.
Дегенмен кит майы бағасының қымбат болуы алмастырғыш қуат көзін тауып, дамыту ынталарды күшейтті. Кәсіпкер арзанырақ жаңа энергия көзін жасап шығара алса, қомақты табыс табатын еді. Осының арқасында уақыт өте келе мұнайдың коммерциялық өндіріске жарамды кеніштері ашылып, кит майынан арзанырақ керосин шығарылып, кит майы бағасы түсіп, кит аулау азайып, кит майы дағдарысы да тәмәм болды.
Кейінірек халық мұнай өнімдерін тұтынуға көшкенде осы ресурс та таусылады деген болжамдар шықты. 1914 жылы АҚШ Кен бюросы АҚШ-тағы мұнай қорының жалпы мөлшері алты миллиард баррельге жетпейді деген есебін шығарды, ал мұнайдың мұндай мөлшері қазір қырық ай сайын өндіріліп жатыр. 1926 жылы Мұнай қорын сақтау бойынша федерал кеңес АҚШ-тың мұнай қоры алдағы жеті жылға ғана жетеді деп болжады. Осыған ұқсас әлемге қатысты болжамды бертінде ғана, 1970-жылдары аса ықпалды Рим клубы қаржыландырған зерттеу жасады.
Жеке меншік иелігінен туындайтын ынталандыруларды түсінген адамға ресурстар таусылады деп ақыр заманды төндіретін мұндай болжамдардың не себепті орындалмағанын түсіну оңай. Жеке меншіктегі ресурс тапшылығы артқанда әлгі ресурс бағасы өседі. Бағаның өсуі тұтынушылар, өндірушілер, инноваторлар мен инженерлерге ресурсты тікелей пайдалануды үнемдеуге ынталандырады: (1) ресурс қолданысын азайтып, оны үнемдеу (бөлмеде адам жоқта жарықты сөндіру, үйді ысытуға газды көбірек жұмсағанша жемпір киіп алу, автокөлік пен техниканы үнемді режимге көшіру), (2) алмастырғыштарды табуға бұрынғыдан көбірек күш-жігер жұмсау (тұтынушының көліктен автобусқа ауысуы, мұнайды алмастыратын жел, су немесе атом энергиясын қолдану) және (3) тапшы ресурстың көп мөлшерін табатын және өндіретін жаңа әдістерді жасап шығару (көлбеу бұрғылау мен қойнауқатты сумен бұзу). Қазір бұл күштер ақырзаман уақытын кейінге ысырып тастаған және олар жеке меншік иелігіндегі ресурстардың заманақырын әрі қарай шегере береді деп сенуге себеп көп. Егер сіз бұл айырмашылықты анық көргіңіз келсе, сиыр мен американдық буйвол арасындағы айырмашылықты қарастырыңыз. Өлшемі мен етінің құндылығы тұрғысынан осыншалықты ұқсас екі жануар жоқ. Сөйте тұра ортақ иеліктегі бизон көп ауланып, құрып кетуге шақ қалды, ал жеке меншіктегі сиыр азайып кетті деп ешкім айта алмас.(22)
Меншік құқығын қорғайтын және келісім-шарттардың әділ орындалуын қамтамасыз ететін құқықтық жүйе – сауда-саттықтан пайда көру, капиталды қалыптастыру және ресурстарды дамытудың іргетасы, ал бұл үшеуі экономикалық өсудің қозғаушы күші. Ал, меншік құқығының сақталмауы, келісім-шарттардың орындалмауы мен құқықтық фаворитизм инвестицияға да, ресурстарды өнімді қолдануға да кедергі келтіреді.
Тарихта адамдар кең көлемді кооперативтер, социализм және коммунизм сияқты меншіктің басқа түрлерін пайдаланып көрді. Күшті мәдени үйлесімділігі бар шағын ауылдан тыс кез келген ауқымда бұл тәжірибелер сәтсізден апатқа дейін өзгерді. Қазір заң үстемдігі аясында жеке адамға ресурстарды өнімді және тиімді қолданып, өзгелерге қызмет етуде еркіндік пен ынталандыруды қамтамасыз ететін бірде-бір институттық құрылымды білмейміз.
«Заң үстемдігі» дегеннің басын ашып айта кеткен жөн. Мүлікке қатысты құқық шексіз емес. Бір адам құқығының сақталуы екінші адамға зиян келтірмеуі үшін қоғам ережелер шығарады («көлікті жолдың оң қапталында айдау керек» немесе «үйде өртке қарсы дабыл болуы тиіс»). Нобель сыйлығын алған экономист Рональд Коуз айтқандай, кей жағдайда нарық та дәл сондай нәтиже береді, бірақ жүйе көп адамға қатысты болғанда, жалғыз дұрыс шешім қоғамдық ережені бекіту болса керек.
2.2-элемент: Бәсекелес нарықтар
Бәсекелестік ресурстарды тиімді пайдалануға ықпал етеді және жаңашылдықты ынталандырады.
Бәсекелестік өндіріс тиімділігін ұдайы арттыруды қолдайды. Бәсеке себебінен өндірушілер өнімді өзгелерден арзан бағаға сата алу үшін ысырапқа жол бермейді және шығынды азайтады. Ол шығындары көп кәсіпкерлерді нарықтан шығарып тастап, өндірісті шығыны аз топтың қолына шоғырландырады.
Нарық ашық болып, балама сатушылар еркін кіре алатын жағдайда бәсеке бар. Бәсеке – нарықтық экономиканың күре тамыры. Фирмалар жергілікті, аумақтық, ұлттық немесе тіпті әлемдік нарықтарда бәсекелесуі мүмкін. Бәсекелестік үдерісі олардың әрқайсысын тиімді әрекет етуге және тұтынушылардың қалауын зерттеп табуға мәжбүрлейді. Бәсеке тиімсіз өндірушіні нарықтан шығарып тастайды. Тұтынушыға сапалы тауарды тартымды бағаға ұсына алмаған фирмалар кірісінен айрылып, түбі бизнестен шығып қалады. Табысты болу үшін фирма бәскелес фирмалардан жақсырақ жұмыс істеуі керек. Оған түрлі тәсілдер, соның ішінде өнім сапасы, көркі, қызмет көрсету, орналасқан жердің қолайлылығы, жарнама және баға арқылы қол жеткізуге болады, бірақ фирма тұтынушыға жоқ дегенде бәсекелестер ұсынатын шамадағы құн мен баға деңгейін ұдайы ұсынып отыруы тиіс.
McDonald’s, Carrefour, Amazon, General Motors немесе кез келген өзге фирманың бағаны көтеріп, арзанқол өнім сатып, сапасыз қызмет көрсетуіне жол бермейтін не нәрсе? Оның жауабы – бәсеке. Егер McDonald’s тартымды бағадағы дәмді сендвичті күліп тұрып ұсынбаса, жұрт Burger King, Wendy’s, Subway, Taco Bell және оның өзге де бәсекелестеріне кетіп қалады. Тұтынушыға жақсырақ өнімді арзанырақ бағаға ұсыну тәсілін тапқан шағын жаңа фирма тіпті ең үлкен фирмалардың да бизнесін иеленіп кетуі мүмкін. Fiat, Toyota, General Motors және Ford сияқты алпауыт компаниялар адамдар қалайтын көлік түрін ұнамды бағаға ұсынуда бір қадам болсын артта қалып қойса, тұтынушылар Honda, Hyundai, Volkswagen және өзге көлік өндірушілеріне кетіп қалады.
Бәсеке фирмаларға жақсырақ өнім жасап шығарып, өндірістің шығыны аздау тәсілін табуға ынталандырады. Технология мен бағалар ұдайы өзгеріп отыратындықтан, ендігі тұтынушыларға қандай өнім керек боларын немесе қандай өндіріс техникасының өнімнің бір данасын жасап шығару шығынын азайтарын ешкім білмейді. Оның жауабын табуға бәсеке көмектеседі. Әлеуметтік медиа арқылы сату алып супермаркеттерден кейінгі ең жақсы бөлшек сауда тәсілі ме? Әлде бұл түбі ғайып болатын қиял ғана ма? Оның жауабын бәсеке береді, ол жауап әр нарықта әртүрлі болады және уақыт өте келе өзгеріп отырады.
Нарықтық экономикада кәсіпкерлер жаңашыл болуға ерікті. Оларға тек қажетті қаражатты шығаратын салымшылардың (көбіне өзін де қосқанда) қолдауы ғана қажет. Орталықтан жоспарлаушы, парламенттегі көпшілік немесе бизнестегі бәсекелестердің келісімін алудың қажеті жоқ. Соған қарамастан, бәсеке кәсіпкер мен оның инвесторының жауапкершілігін сақтайды, себебі олардың идеясы тұтынушылардың «шынайы өмірдегі тексерісінен» өтү керек. Егер тұтынушы инновацияны оның шығындарын өтетіндей бағаласа, жаңа бизнес пайда тауып, өркендейді. Алайда тұтынушы жаңа өнім бағасына татымайды деп тапса, бизнес залалға ұшырап, ұтылады. Кәсіпкерлік жаңашылдық пен әрекеттің жалғыз төрешісі де, қазысы да – тұтынушы.
Нарыққа жаңа шыққан өнімдер әдетте алдын ала болжауға келетін баға-сапа алгоритміне сай жүреді. Бастапқыда жаңа өнім көбіне өте қымбат болып шығады, оны тек қана табысы жоғары азғана тұтынушы сатып алады. Бұл тұтынушылар өнімді елден бұрын алғанына қып-қызыл ақша төлейді, себебі өндіруші тәжірибе жинақтап алатын кейінгі кезеңмен салыстырғанда әу баста өнім сапасы төмендеу болып келеді. Оның үстіне өндіріс мөлшерінің аздығы да бағаның жоғары болуына әсер етеді. Осы бастапқы сатып алушылар маңызды рөл атқарады: олар өнімді алғаш шығару шығынын жабатын түсім береді және кәсіпкердің тәжірибе жинап, соның арқасында сапаны жақсартып, болашақта әр дана шығынын азайтуына жол ашады. Оның үстіне нарықтың өзі бұған ынталандырады. Уақыт өте келе кәсіпкер өнім бағасын төмендету мен оның көбірек тұтынушыға қолжетімді болуын арттырудың амалын табады.
Осы баға/сапа үрдісін ұялы телефондар мысалынан көруге болады. 1980-жылдардың соңында ұялы телефондар алғашқы рет нарыққа шығарылғанда бір телефон шамамен 4 000 долларға сатылатын, оның өлшемі кірпіштей болатын және телефон шалудан басқа ештеңе істей алмайтын. Уақыт өте келе телефон өлшемі кішірейді, ақпаратты өңдеу әлеуеті мен қызметтері көбейді және бағасы арзандады. Қазір кез келген ұялы телефонды алғашқы бағасының бір бөлігіне ғана сатып алуға болады және оны табыстары әртүрлі топтарға жататын кез келген тұтынушы қажеттілік деп санайды.
Көптеген өнімдер, тауарлар, соның ішінде автокөліктер, теледидарлар, кондиционерлер, ыдыс жуғыштар, микротолқынды пештер және дербес компьютерлер дәл осындай үлгіден өтті. Алғаш нарыққа шығарылғанда олардың барлығы өте қымбат еді, бірақ кәсіпкерлер тауардың сапасын жақсарта отырып, өндіріс шығынын қысқарту амалын тауып, әлгі тауарларды тұтынушылардың басым бөлігіннің қалтасы көтеретіндей етті. Кәсіпкер мен бәсеке үдерісінің екеуінің де рөлі туралы ой қозғағанда, осы баға-сапа алгоритмін мойындаған жөн.
Бәсекелестік ортада өмір сүруді қалайтын өндірушілер тоқмейілсуге болмайды. Бүгін табыс әкеліп тұрған өнім ертеңгі күннің бәсеке сынағынан өтпей қалуы мүмкін. Бәсекелес нарықта жетістікке жету үшін кәсіпкерлер жетілдірілген ойларды іздеуі, анықтауы және жылдам қолдануы тиіс.
Бәсекелестік сонымен қатар өнімнің немесе қызметтің бірлігіне шаққандағы құнын ең төмен деңгейде сақтай алатын фирманың бизнес құрылымы мен көлемін анықтайды. Нарықтық экономиканың басқа экономикалық жүйелерден айырмашылығы, ол бизнестің қандай түрлері болмасын бір-бірімен бәсекеге түсе алатынын белгілемейді. Бизнес құрылымның кез келген түрі жұмыс істей алады. Жеке фирма, серіктестік, корпорация, ұжымдық кәсіпорын, тұтыну кооперативі, коммуналдық немесе кез келген басқа ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорын нарыққа еркін шыға алады. Жетістікке жету үшін ол бір ғана сынақтан өтуі керек: шығын тиімділігі. Корпорация болсын, ұжымдық кәсіпорын болсын бір іскерлік компания тартымды бағаға сапалы өнім шығарса, ол пайдасын тауып, жетістікке жете алады. Бірақ әлгі ұйымның шығыны сапасы шамалас өнім жасап шығаратын өзге іскерлік ұйымдар шығынынан көбірек болса, бәсеке оны нарықтан шығарып тастайды. Әрине, кей тұтынушылар түрлі сапа/бағадағы тауарды таңдайтындықтан, сапасы әртүрлі өнімдердің нарықта қатар ұсынылуы ықтималдығын да бәсеке қамтамасыз етеді. Бағасы төмен Volkswagen көлікттерімен қатар Mercedes көліктері де (қымбат бағаға) сатылады. Ал шығысгерманиялық Wartburg көлік бренді мен ресейлік Жигули көлік бренді мемлекеттің араласуынсыз нарықта қала алмас еді. Осылай нарықтық экономикалардан келетін импортқа тыйым салу немесе жоғары тариф белгілеу коммунистік елдерге тән құбылыс еді.
Бәсекелестік үдеріс экономиканың әртүрлі салаларындағы кәсіпорындардың көлемін де анықтайды. Кейбір салаларда, мысалы, ұшақтар немесе автокөлік өндірісі, ауқымды үнемдеуді толық пайдалану үшін бизнес айтарлықтай үлкен болуы керек. Бір автокөлік шығару өте қымбат болар еді, бірақ тұрақты шығындар мыңдаған бірлікке таралса, өнім бірлігінің құны төмендейді. Әлбетте тұтынушы тауарды үнемді түрде шығарып, арзанырақ бағаға сататын фирмалардан алады. Мұндай индустрияларда шағын фирмалар тиімді түрде бәсекелесе алмайды, сондықан нарықта тек үлкен фирмалар қалады.
Дегенмен өзге секторларда көбіне жеке кәсіпкерлік немесе серіктестік ретінде құрылған шағын фирмалар көбірек шығын тиімділігіне қол жеткізіп жатады. Тұтынушылар жекелендірілген қызмет пен дараланған өнімдерге жоғары баға бергенде, шағын фирмалар үстемдікке ұмтылады ал ірі фирмаларға бәсекелестік қиынырақ болады. Бұл жағдай, әдетте, заңгерлік және медициналық қызмет көрсету нарықтарына, талғампаз мейрамханаларға, сән шаштараздарына және мамандандырылған баспаханаға тән. Яғни, мұндай нарықтарда әдетте шағын фирмалар үстемдік етеді.
Қанша кереғар көрінгенімен, бәсекелестікке негізделген жеке мүдде экономикалық ілгерілеушіліктің қуатты күші болып табылады. Өнімдер, технологиялар, ұйымдастырушылық тәжірибелер және іскерлік фирмалар арасындағы динамикалық бәсеке тиімсіздікті жояды және тұрақты жоғары өнімдер мен технологияларды ашуға және енгізуге әкеледі. Жаңа әдістер сапаны жақсартқанда немесе шығындарды азайтқанда олар тез өседі және көбінесе ескі өндіріс әдістерін ауыстырады.
Бұған тарихтан көп мысалдар келтіруге болады. Aвтокөлік ат-арбаны алмастырды. Супермаркет отбасылық дүкенді алмастырады. McDonald’s сияқты фастфуд желілері жергілікті дәмханаларды көптеп алмастырып жатыр. Carrefour, Metro Cash and Carry қарқынды өсіп жатыр, ал басқа бөлшек сауда желілері кішірейіп, тіпті бизнестен шығып қалып жатыр. MP3 пен iPod CD-плейерді алмастырды, ал CD-плейердің өзі кезінде кассеталық магнитофон мен патефонды алмастырған болатын. Дербес компьютер жазу машинкасын, ал смартфон есептеу құралдарын алмастырды. Осыған ұқсас мысалдарды жалғастыра беруге болады. Ұлы экономист Джозеф Шумпетер бұл динамикалық бәсекені «шығармашылық деструкция» деп атады және ол экономикалық талпыныстың өзегін құрады деп тұжырымдады.
Бәсеке жеке мүдделерді жинап алып, оларға жұмыс істетеді де қоғамның өмір салтын жақсартады. Адам Смит «Халықтардың байлығы» еңбегінде былай деп жазды:
«Қасапшы, сыра ашытушы немесе наубайшы кешкі асты бізге мейірбандылығынан емес, өз мүдделерін күйттегені үшін беріп отыр. Біз өзімізді олардың адамшылығына емес, өз-өзіне деген сүйіспеншілігіне жүгінеміз және олармен ешқашан өз қажеттіліктеріміз туралы емес, олардың олардың қалауы туралы сөйлесеміз.(24)
Жеке меншік пен бәсекелес нарық бірігіп, ынтымақтастық пен ресурстарды тиімді пайдаланудың негізі болып табылады. Нақты анықтамамен және жеке меншік құқығын сақтай отырып, өндірушілер өз ресурстарын пайдаланудың мүмкіншілік құнына тап болады. Сонымен қатар, ашық және бәсекеге қабілетті нарықтардағы бағалар өндірушілерге шығындарды төмендетуге, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, жақсырақ өнім өндіруге және тиімдірек өндіріс әдістерін дамытуға ынталандырады.
Бәсекелестік бизнестің мүдделерін қорғамайтынын атап өткен жөн. Шындығында, бизнес бәсекеге тап болғанды ұнатпайды және өздерін бәсекеден қорғайтын саясатты лобби жасайды. Олар әлеуетті бәсекелестердің нарыққа кіруіне жол бермеу үшін жиі кедергілер жасауға тырысады. Мемлекеттік реттеу мен саяси үдерісті талдаған сайын нарықтағы бәсекені азайтқысы келетін компаниялардың іс-әрекеті туралы мысалдар қайта-қайта көтеріліп отырады. Белгілі бір тауар мен қызмет нарығына үстемдік етіп алған олигархтар мәселесіне әсіресе посткоммунистік экономикаларға тән екеніне күмәніміз жоқ.
2.3-элемент: Сауатты және шектеулі реттеу
Айырбасты азайтып, бәсекені шектейтін қадағалау-реттеу саясаты экономикалық ілгерушілікті тежейді.
Бұдан бұрын да атап өткеніміздей, бәсекелес нарықтардағы сауда-саттық табысы экономикалық ілгерушіліккке де, әлеуметтік ынтымақтасуға да дем береді. Көбіне орныққан компаниялар бастамасымен түзілетін мемлекеттік реттеу – сауда кедергілері мен нарыққа ену шектеулерінің басты көзі. Реттеудің айырбасты шектеп, нарықтардың бәсекелестігін азайтатын басты үш тәсілі бар.
Біріншіден, мемлекеттік реттеу көбіне нарыққа енуді қиындатады. Көп елдер түрлі бизнес саласы мен мамандық нарығына еніп, бәсекелесуді қиындататын ережелер бекітеді. Ондай елде бизнес бастау немесе кәсіби қызметіңізді ұсыну үшін сізге лицензия алып, түрлі формаларды толтырып, әртүрлі бюродан рұқсат алып, білікті екеніңізді көрсетуіңіз керек, өз қаржыңыз да жеткілікті екенін дәлелдеп, өзге де реттеу сынақтарынан өтуге тиіссіз. Кей шенеунікке пара бермесеңіз немесе оның саяси қорына ақша аудармасаңыз, өтінішті қабылдамай қоюы мүмкін. Көбіне сізге қарсы күресетін, жақсы қанат жайған және саяси тұрғыдан ықпалды компаниялар сіздің өтінішіңізді өткізбей қояды.
Ернандо де Сото «Капитал жұмбағы» атты тамаша кітабында 1990-жылдардың соңында Перу астанасы Лимада күніне алты сағаттан жұмыс істеген адамдар тобына киім-кешек шығаратын шағын бизнесті заңды түрде ашуға қажетті талаптарды орындау үшін 289 күн қажет болғанын жазады. (Одан бұрын шыққан «Өзге жол» кітабында автор әлгі команда мүшелерінен он мәрте пара бопсаланғанын және заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат алу үшін екі мәрте пара беруге тура келгенін жазған). Профессор де Сото еңбегі ел арасында кеңінен таралғандықтан болар, әлгі сорақы кедергілер туралы жазылған экономиканың ортақ қағидаларын қарапайым ғана түсінудің әлеуеті туралы кітаптағы мысал себеп болып соңғы жылдары бизнес ашу жолындағы бюрократия жаппай жеңілдетілді. Дүниежүзілік банк мәліметінше, 2005 жылы 51 күн болған фирма ашуға кететін әлемдік орташа уақыт көрсеткіші 2018 жылы 20 күнге дейін қысқарған. Фирма ашуға қажетті мерзім Солтүстік Америкадан өзге барлық аймақтардағы табыс мөлшері әртүрлі елдердің барлығында айтарлықтай қысқарды, ал Солтүстік Америкада бұрынғы 3,5 күн шамасында қалды. Тізімнің соңында Венесуэла тұрғаны ешкімді де таңқалдырмады, онда заңды жолмен фирма ашуға 230 күн кетеді. Рейтинг басында Жаңа Зеландия мен Грузия тұр, бұл елдерде фирманы жарты күнде ашуға болады.(25) Посткоммунистік елдердегі ең ұзақ көрсеткіш Босния мен Герцеговинада, онда бұл үдеріс 80 күнге созылады. Негізі посткоммунистік елдер бизнес ашуды жеңілдету бағытында үлкен қадам жасады, аймақ бойынша орташа көрсеткіш – 14 күн, ал Шығыс Азияда – 28 күн, Латын Америкасында – 28 күн.
Екіншіден, заң үстемдігі мен келісімшарт еркіндігін саяси билікпен алмастыратын ережелер сауда-саттықтан түсетін пайданы жоққа шығарады. Бірқатар елдер саяси басшылыққа тұрақты түрде шексіз дерлік өкілеттілік беретін заң қабылдауды әдетке айналдырған. Мысалы, 1980-жылдардың ортасында Гватемаладағы кеденшілерге белгілі бір жағдайда баж салығын төлетпеу «ұлттық мүддеге сай» деп білсе, оны алып тастауға рұқсат етілген. Мұндай заң мемлекеттік қызметкерді пара бопсалауға ашық түрде шақырады. Ол ережелерді сенімсіз етіп, бизнес әрекетті әсіресе адал адамдарға тартымсыз етіп, олардың шығынын көбейтеді. Көбіне ереже шығаруға қатысты қолдау қоршаған ортаны таза сақтау немесе тұтынушыларды жауапсыз кәсіпкерлерден қорғау ниетінен туындайды. Бұл салада мемлекеттік реттеу оң рөл атқарады. Дегенмен, бұл жағдайда да заң нақты, бір мәнді және кемсітпейтін болуы керек. Әйтпесе ол сауда-саттықтан түсетін пайдаға тосқауыл келтіреді.
Мемлекеттік реттеу көбінесе бәсекелестердің қызметін шектеу арқылы кейбір кәсіпорындарға көмектеседі. Мұндай реттеу аздаған фирмаларға ғана пайда әкелетіндіктен, ол қосымша шығындарды тудырады: кәсіпорындар, кәсіподақтар және басқа да арнайы мүдделі топтар артықшылық алу үшін мемлекеттік саясатқа ықпал етуге тырысады. Кейбірі әлгі тосқауыл-блокпостты қою немесе ұлғайта түсу үшін саясаткерлер мен мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеушілерге ықпал жасаса, өзгелері (ең көп зиян шеккендер) оның әсерін азайту бағытында ықпал жасайды. Кез келген мәселенің барлық қыры бойынша жасалатын әсер аса білікті адамдардың уақыты мен күш-жігерін сарп етеді, олар өзгелердің өнімділігін азайтатын саясаттан саяси ұпай іздегеннің орнына байлыққа жол таба алар еді. Құнды ресурстарды бүкіл қоғамға емес, бір жеке тұлға немесе фирмаға ғана өнімділік беретін тәсілмен рәсуа ету пайда іздеушілік іс-әрекет тәсілі деп аталады және ол көбіне мемлекеттік реттеу салдарынан болады.
Үшіншіден, бағаны бақылау сауданы да тежейді. Үкімет кейде бағаларды еркін нарық деңгейінен жоғары қояды. Кейде үкіметтер нарықтық деңгейден жоғары бағаларды бекітеді. Мысалы, кейбір елдерде мемлекет ауыл шаруашылығы нарығындағы тауар өндірушілер үшін сатып алу бағасы белгілі бір ең төменгі мәннен төмен болмауын талап етеді. Ал жоғары бағаға сатып алушы ойлағанынан азырақ мөлшерде ғана сатып ала алады. Кей елдің үкіметі пәтер жал ақысына бақылау мен реттелетін электр қуаты құны кейстеріндегідей, нарықтық деңгейден төмен баға белгілейді. Өндірілген және сатылған өнім мөлшері тұрғысынан алғанда, бағаның жоғарылауы да, төмен бағалануы да бірдей нәтижеге әкеледі. Оның екеуі де сауда-саттық ауқымы және өндіріс пен айырбастан түсетін пайданы азайтады.
Әлем бойынша ең жиі қолданылатын баға бақылау тәсілі – ең төменгі жалақы белгілеу көрсеткіші болса керек. Ең төменгі жалақы мөлшерлемесі бағаның төменгі деңгейін белгілейді. Бұл кейбір жұмысшылардың (және жұмыс орындарының) сағаттық жалақысын нарық деңгейінен жоғары көтереді. Қазір бұл тақырып Солтүстік Македонияда және Еуропаның өзге де көп елінде қызып тұр. 2017 жылы Еуропалық Одаққа мүше елдерде ең аз жалақылар (баға деңгейі айырмашылықтары түзетілді) Латвиядағы 7 900$ мен Нидерландтағы 22 600$ аралығында болды.
Экономиканың қарапайым қағидасы ең төменгі жалақының көтерілуі біліктілігі төмен жұмысшылардың еңбекпен қамтылуын кемітетінін көрсетеді. Еңбекпен қамтылудың кемуі өлшеміне қатысты қарама-қайшы есептер бар, бірақ ең төменгі жалақы 10 пайызға көтерілген сайын жұмыспен қамтылу 1-2 пайызға кемитінін көрсететін талай эмпирикалық дәлел бар. Жұмыс орындарының қысқару қарқынынан айлықтың өсу қарқыны әлдеқайда үлкен болғандықтан, ең төменгі жалақының өсуі әрдайым дерлік біліктілігі төмен жұмысшылардың жалпы табысын арттырады. Ең төменгі жалақыны өсіруді жақтаушылар жалпы табыстың өсуі жұмыспен қамтылудың сәл ғана кемуі есебінен қайтарылады деген ұстанымда.
Ең төменгі жалақыны көтеруді қолдаушылардың көбі оның кедейлік көрсеткішін азайтарына да сенеді. Бір қарағанда бұл рас сияқты көрінеді, бірақ деректерді талдау нәтижелері бұл тәсілдің екіұшты екенін көрсетеді. Мұның бірнеше себебі бар. Мысалы, АҚШ-тың сандық көрсеткіштерін алайық. Ең төменгі жалақы алатын жұмысшылардың негізгі бөлігі 80% жағдайда табысы кедейлік деңгейінен жоғары үй шаруашылықтарының мүшелері болып табылады; олардың үштен бірі табысы орташадан жоғары үй шаруашылықтарында тұрады. Ең төменгі жалақы алатындардың жартысы 16 мен 24 жас аралығындағылар. Олардың көпшілігі жарты күн жұмыс істейді. Ең төменгі жалақы алатын 7 жұмысшының біреуі ғана жалақысы (шамамен 15%), бір немесе бірнеше баласы бар отбасының негізгі асыраушысы болып табылады. Сонда eң төменгі жалақы алатын жұмысшы – бойдақ, жас, табысы кедейлік деңгейінен жоғары үй шаруашылығында тұратын жарты күн жұмыс істейтін жұмысшы. Екіншіден, ең төменгі жалақыны өсірудің күтпеген салдары да болады. Жұмыс берушілер ең аз жалақыны өсіру шығындарын бақылау үшін (немесе оны өтеу) шаралар қабылдайды. Оған жұмыс уақытын қысқарту, трейнинг санын кеміту, қолайсыздау жұмыс кестесін реттеу және қосымша жеңілдіктерді азайту кіреді. Оған қоса ең төменгі жалақы алатын жұмысшылардың жоғары жалақы алуы олардың қандай өнімдерді тұтынатынына да әсер етеді. Бұл жұмысшылар зейнеткерлер сияқты өзге табысы төмен тұтынушылармен қатар фаст фуд сияқты тауарларға жоғарырақ баға төлеуге мәжбүр болады. Сөйтіп ең аз жалақы алатын жұмысшының қолында қалатын ақшасы ең төменгі жалақыға қосылған үстемеден аз мөлшерге өседі.(26) Ең соңғы дәйек, АҚШ-тағы кедей отбасылардың жартысынан көбінде ешкім жұмыс істемейді, сондықтан ең төменгі жалақының өсуі оларға көмектеспейді.
Дамушы елдердегі ең төменгі жалақыға қатысты зерттеу нәтижелері әртүрлі, бірақ ең төменгі жалақының экономикаға әсері болатындай жоғары мөлшері бүкіл экономикадағы жалақыларды өсіруі мүмкін, бірақ есесіне ресми түрде рәсімделген талай жұмысшы бейресми жұмысшыға айналады, ал онда табысы аз және тұрақсыз болады.
Ең төменгі жалақының жас, біліктілігі төмен жұмысшыға әсерін қарастырғанда қысқа және ұзақ мерзімдегі әсерлердің екеуін де ескерген жөн. Еңбек тәжірибесі аз жұмысшының өз-өзіне сенімін арттырып, болашақ жұмыс беруші алдында құнын өсіретін жақсы еңбек тәсілдері, дағды мен жұмысқа көзқарас қалыптастырады. Мұндай мүмкіндік әсіресе орта мектепті енді бітіргендер мен арнайы білімі жоқ өзге жастарға қажет. Жас мамандар жұмыс берушіге өзін дәлелдеп, күнделікті еңбек дағдысын жетілдірмейінше, олардың мансап баспалдағымен көтерілуі және болашақта көбірек табыс табуы неғайбыл.
Жоғары білім алғандар еңбек тәжірибесі мен дағдыларды жетілдіру қажеттігін жақсы түсінеді. Мысалы, ақысыз практикаға колледж студенттері жиі келеді, олар мемлекеттік агенттіктер мен коммерциялық емес ұйымдарда жалақы алмай-ақ жұмыс істейді, есесіне болашақ табыс мүмкіндіктерін кеңейтетін тәжірибе жинайды. АҚШ конгресі мүшелері колледж студенттеріне ақысыз тағылымдаманың маңызын насихаттағанда, бастапқыда жұмыс орнында тәжірибе жинаудың қаншалықты пайдалы екенін ашып көрсетеді. Дегенмен, бұл саясаткерлердің көпшілігі жалақысы төмен жастардың жұмыс тәжірибесі мен дағдыларын алу мүмкіндігін азайтатын ең төменгі жалақы деңгейін қолдайды, бұл олардың болашақ жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жақсартады. Біліктілігі төмен жастарға бұл жағымсыз әсер экономистерден басқа ешкімді алаңдатпайды десе де болады. Алайда, ең төменгі жалақының дәл осы күтпеген ұзақ мерзімді әсерлері жастардың, әсіресе білімі өте аз адамдардың ұзақ мерзімді жұмысқа орналасуына қатты кері әсерін тигізеді.
Еңбек нарықтарындағы мемлекеттік реттеудің маңызы тіпті айырықша. Көп ел еңбек шарты немесе түрлі жұмысты орындауға қажетті ерікті келісімшарт бекітуге қайшы және оларға бөгет болатын ережелерді қабылдаған. Оның бір мысалы – жұмыстан босату туралы ережелер. Бірқатар еуропалық ел жұмыс күшінің санын қысқартқысы келетін жұмыс берушіге мынадай талаптар қояды: (1) саяси биліктен рұқсат алу, (2) қызметкерге қысқартылатынын бірнеше ай бұрын хабарлау және (3) жұмыстан шығарылған қызметкерлерге тағы бірнеше ай айлық төлеу.
Мұндай ереже қызметкер мүддесін қорғайтын сияқты көрінуі мүмкін, алайда кейінгі салдарлары ескерілуі керек. Жұмысшыны жұмыстан шығарудың шығынын көбейтетін ереже оны жұмысқа алу шығынын да өсіреді. Жұмыстан шығару құны жоғары болғандықтан, жұмыс беруші қосымша жұмысшы алуға құлықсыз болады. Соның кесірінен жұмыс күші қатарына жаңадан енгісі келетіндердің жұмыс табуы қиындайды және еңбекпен қамтудың өсуі баяулайды. Мұндай жағдай еуропалық елдерге тән, онда еңбек нарығындағы ережелер АҚШ-тағы ережелерден қатаңырақ. Соңғы жиырма жылда Италия, Испания және Франция сияқты батысеуропалық елдердің жұмыссыздық көрсеткіштері АҚШ көрсеткішінен 4-5 пайызға жоғары болуының басты себебі – осындай ережелер.(27) Джон Хопкинс университетінің профессоры Стив Ханкенің зерттеуі 2010-2015 жылдары минималды жалақы белгіленген ЕО елдеріндегі жұмыссыздық көрсеткіші ең төменгі жалақыны талап етпейтін ЕО елдері көрсеткішінен 50 пайызға жоғары болғанын анықтады.
Ең төменгі жалақының әсерін зерттеуге посткоммунистік Ресей қызықты зертхана іспетті. 2007 жылы бұл елде федералды ең төменгі жалақы екі еседен артық өсірілді (ал кей аймақтарда одан да көп шамада өсірілді). Соның нәтижесінде жастардың жұмыспен қамтылуы көрсеткіші кеміп, көлеңкелі экономика ауқымы артты.(28)
Еуропамен салыстырғанда АҚШ-та жұмысқа алу және жұмыстан шығару ережелері аса қатал болмағанымен, осы екеуінде де кәсіптік лицензиялау – еңбек нарығындағы басты шектеу. АҚШ-та кәсіптік лицензиялаудың дені штат деңгейінде жасалады. Лицензия алу үшін үміткер шамалыдан шектен тыс мөлшерге дейінгі ауқымдағы ақы төлеуі, 6-12 тренингтен өтуі және емтихан тапсыруы тиіс.
1970 жылы лицензия талап етілетін жұмыста істейтін америкалықтардың саны 15 пайыздан аспайтын. Қазір бұл сан 30 пайызға жетті және әлі де өсіп жатыр. 1980-жылдардың ортасында 800 мамандық лицензиясы кем дегенде бір штатта берілетін. Қазір Лицензиялау, жүзеге асыру және реттеу кеңесі дерегінше, 1100-ден астам мамандыққа лицензия беріледі. Соңғы зерттеулер Еуропалық одақтағы жұмысшылардың шамамен 22 пайызы кәсіби лицензиялау талаптарын орындау керектігін көрсетті. Ондай талаптардың саны мен әсері мүше елдер арасында алуан түрлі, көш басында Германия тұр (33%). Еуроодақтағы 2015 жылғы лицензиялау сол индустриядағы еңбекпен қамтылуды шамамен 700 000 жұмыс орнына қысқартқаны есептелді. Дәл сол зерттеу қатаң електен өтіп, лицензияға қолы жеткендерге нарықтан жоғары жалақылар төленуі ЕО аумағыда табыс теңсіздігін ушықтыра түскенін де анықтады.(29)
Лицензиялауды қолдаушылардың айтуынша, ол тұтынушыларды сапасыз және қауіпті болуы мүмкін өнімдерден қорғайды. Алайда лицензия қоғамдық қауіпсіздік немесе тұтынушыны қорғауға қатысы жоқ талай мамандыққа да талап етіледі.(30) Мысалы, АҚШ-тың бір немесе бірнеше штатында мына мамандықтар бойынша жұмыс істеу үшін лицензия алу талап етіледі: интерьер дизайнері, визажист, флорист, шаш өруші, шампунь маманы, диетолог, жеке детектив, спорт жаттықтырушысы, тур гиді, есту аппаратын жөндеуші, жерлеу рәсімі бойынша қызметші, табыт сатушы және тіпті күзен өсіруші мен хиромант. Тұтынушылар қауымдастықтарынан лицензия талап етуі сирек кездеседі. Қайта лицензия мәселесін үнемі дерлік осы салада жұмыс істеп жатқандар көтереді. Бұл жәйт экономистерге тосын емес, себебі лицензияның пайдасын ең алдымен қызметті қазір ұсынып жүргендер көреді.
Көп мамандықта адам жоғары деңгейдегі нәтижеге қажетті дағдыны жұмыста жүріп, осы істің шеберлерімен бірге жұмыс істеу арқылы меңгереді. Лицензиялау талаптары осы әдістер арқылы өз дағдыларын дамытатын адамдарға қалаған мансапқа жетуге тыйым салады. Лицензиялау, әсіресе, ол міндетті ұзақ формальды оқытуды және жоғары алымдарды қамтитын болса, жеткізуді азайтады және лицензиясы бар тәжірибешілер ұсынатын тауарлар мен қызметтердің бағасын көтереді. Қазір лицензияланған кәсіпте істеп жүргендер тұтынушы мен лицензия алмаған өндірушілер есебінен пайда көреді. Лицензиясы жоқ өндірушілердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері азаяды және саудадан түсетін ықтимал табыстары жоғалады.
Лицензиялаудың жақсы баламасы – сертификат беру. Сертификаттау арқылы үкімет ешкімге оның таңдаған саласында жұмыс істеуге тыйым салмай, қызмет көрсетушілерден тұтынушыларға білімі, оқуы және басқа да біліктіліктері туралы ақпарат беруін талап ете алады. Негізі сертификаттың арқасында клиент өнім не қызмет ұсынушы біліктілігі туралы ақпаратты алдын ала көріп, таңдауы шектелмейді. Оған қоса тағылымдамадан өтуші маман сертификат арқылы клиенттің дәйекті таңдау жасауына қажетті ақпаратты бере отырып, өз біліктілігін әрі қарай дамыта алады.
Ережелер көбінесе мәселелерді шешудің оңай жолы болып көрінеді. Жалақы өскенін қалайсыз ба? Ең төменгі жалақыны өсіріңіз. Жұмыссыздық көрсеткіші төмен болғанын қалайсыз ба? Қызметкерді жұмыстан шығаруды қиындататын заң шығарыңыз. Бір мамандықтың табысы жоғары болғанын қалайсыз ба? Осы салада қызмет бағасын арзандатып жіберетін мамандардың енуін қиындатыңыз. Бірақ мұнда бір мәселе бар: мынадай қарадүрсін саясат өндірісті арттырмайды және оны енгізгендер оның салдарын ескермеген. Өмір сүру деңгейіміз халық бағалайтын тауармен, қызмет көрсетумен тікелей байланысты. Өзара пайдалы сауда-саттық пен бәсекелес нарықтар ресурстардың тиімді пайдаланылуы мен жұмыс істеудің жақсырақ жолдарын табуға ынталандырады. Олар ресурстарымызды тиімдірек пайдалануға көмектеседі. Осылайша, саудаға және нарыққа шығуға кедергілер жасайтын реттеу саясаты әрқашан дерлік кері нәтиже береді. Өсіп, өркендегісі келген ел сауда-саттықты және нарықтар бәсекесін шектейтін ережелерді мейілінше азайтуы керек.
2.4-элемент: Тиімді капитал нарықтары
Ел әлеуетін жүзеге асыру үшін капиталды байлық құратын жобаларға бағыттайтын тетік болуы керек.
Барлық өндіріс мақсаты тұтыну болғандықтан, ресурсты көбіне алдымен конвейер, ауыр техника мен ғимаратқа жұмсап, содан кейін оларды қолданып, тұтынушы қалайтын тауарлар өндіріледі. Басқаша айтқанда, инвестиция болашақ тұтынуды арттырады, бірақ қазір тұтынудың кей түрінен бас тартуға тура келеді. Капиталдық инвестиция – болашақта көбірек тұтыну тауарлары мен қызметтерін өндіруге септесу мақсатында жасалған ұзақ мерзімді ресурстарды салу және жасап шығару. Ол – экономикалық өсудің маңызды ықтимал көзі. Мысалы, пеш сияқты инвестициялық тауарларды жергілікті пиццерияның сатып алуы оның болашақ өндірісін арттыруға көмектеседі.
Осы инвестициялық тауарларды өндіруге жұмсалған ресурстарды (еңбек күші, жер телімі мен кәсіпкерлік) болашақта тұтыну тауарлары өндірісіне жұмсау мүмкін емес. Егер біз өндірілгеннің бәрін тұтына берсек, инвестиция жасауға ресурс қалмай қалады. Сондықтан инвестиция ақшаны жинақтап ұстауды талап етеді, яғни қазір тұтынуды азайтып, ақшаны өзге қажет нәрселерге дайын ұстап отыру қажет. Инвестор болсын, инвесторға қаржы ұстатқысы келген адам болсын инвестицияны қаржыландыру үшін ақшаны жинауы керек. Жинақталған капитал – инвестиция үдерісінің ажырамас бөлігі.
Дегенмен барлық инвестициялық жобалар өнімді болып шықпайды. Инвестиция есебінен өндірілген қосымша өнім құны оны өндіруге кеткен шығыннан асқан кезде ғана инвестициялық жоба ел байлығын арттырады. Егер қосымша өнім құны шығыннан аспаса, ондай жоба өнімсіз болып, байлықты кемітеді. Инвестицияларды әрқашан дәл болжаумен жасауға мүмкін емес, кейде ең мықты болып көрінген инвестициялық жобаның өзі байлықты арттыра алмай жатады. Экономикалық үдеріс жолында өз әлеуетін мейілінше пайдалану үшін елде жинақ ақшаны тартатын және оны байлық түзу ықтималдығы жоғары инвестицияларға бағыттайтын тетік болуы керек.
Нарықтық экономикада бұл қызметті капитал нарығы орындайды. Оған акция, облигация және жылжымайтын мүлік нарықтары кіреді. Капитал нарығының қызметінде қор биржалары, банктер, сақтандыру компаниялары, пайлық қорлар және инвестициялық компаниялар сияқты қаржы институттары маңызды рөл атқарады.
Шағын кәсіпкер, корпоратив акционер және венчурлық капиталист сияқты жеке инвесторлар тәуекел етіп, өз қаржысын капитал нарығына салады. Дегенмен кейде инвесторлар қателеседі. Кейде олар табыссыз жобаларға кіреді. Егер инвесторлар ондай мүмкіндікті пайдаланғылары келмесе, көптеген жаңа идея сыналмай, айналысуға тұрарлық, бірақ тәуекелі де жоғары талай жоба жүзеге асырылмас еді.
Интернет қызметтерді дамытудағы кәсіпкерлік, тәуекелге бару және капитал нарығы рөлін қарастырайық. 1990-жылдардың ортасында Калифорниядағы Стенфорд университеті магистратурасының студенттері Сергей Брин (Ресейден келген иммигрант) мен Ларри Пейдж интернеттен мәлімет табуды жеңілдететін зерттеу жобасымен айналысты. Олар кәсіпкер ретінде жетістікке жететін адамдарға ұқсамайтын. Алайда 1998 жылы Брин мен Пейдж жарнама арқылы табыс тауып, тегін интернет қызметін ұсынатын бизнес Google Inc. корпорациясын құрды. Олар жасап шығарған қуатты интернеттегі іздеу жүйесі күн сайын миллиондаған адам мен компанияның өнімділігін арттырып келеді. Олар байлықтың астында қалды, ал 2018 жылы 85 000 қызметкері (Alphabet аналық компаниясын қосқанда) болған Google корпорациясын бүкіл әлем біледі. Өткен он жылда eBay мен Amazon сияқты интернет компаниялары да табыс тауып, айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Бірақ өзге талай интернет стартаптардың тағдыры басқаша болды. Broadband Sports және eVineyard сияқты көп dotcom компаниялары банкроттыққа ұшырады, себебі олардың кірістері шығындарын өтей алмады. Бұл фирмалардың үкілі үміті ақталмады.
Осындай қателескен инвестициялар – жаңа технологиялар мен өнімдердің жемісті жаңашылдығы үшін төленуі тиіс баға. Дегенмен мұндай өнімсіз жобалар анықталып, тоқтатылуы тиіс. Нарықтық экономикада бұл қызметті капитал нарығы орындайды. Егер бір фирма залал шегуін жалғастыра берсе, инвесторлар түбі әлгі жобаны доғарып, өз ақшаларын рәсуа етуді тоқтатады.
Өзгеріc қарқыны мен кәсіпкерлік дарынның алуан түрлілігін ескерсек, капитал бөлісіне қатысты шешім қабылдауға қажетті білім жалғыз басшы, бір ғана индустриалдық жоспарлау комитеті немесе мемлекеттік агенттік мүшелерінде бола бермейді. Жеке капитал нарығынсыз инвестициялық қорларды байлықты арттыру жобаларына тұрақты түрде бағыттау және қамтамасыз ету тетігі жоқ.
Неге? Инвестициялық қорларды нарық емес, үкімет бөлгенде мүлде өзге факторлар іске қосылады. Қай жобаның жүзеге асарын нарық түсімі емес, саяси ықпал анықтайтын болады. Байлық түзудің орнына оны кемітетін инвестициялық жобалар өтіп кету ықтималдығы жоғары. Саяси шешім қабылдаушылар бұрынғы жобаларды жалғастырғаннан гөрі жаңа жоба бастауға құштар, себебі жол шұңқырын жөндегеннен гөрі жаңа тасжол лентасын қиған көзге көбірек түседі.
Кеңес заманындағы орталықтан жоспарланатын социалистік экономикаларға осы жағдай тән еді. Қырық жыл бойы (1950-1990) осы елдердегі инвестиция көрсеткіші әлемдегі ең жоғары көрсеткіштер қатарында болды. Орталықтан жоспарлаушылар ұлттық өнімнің шамамен үштен бірін капиталдық инвестицияға бағыттады. Алайда инвестицияның осындай жоғары көрсеткіштерінің өзі азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсарта қоймады, себебі қай жобаны қаржыландыруды экономикалық емес, саяси пайым анықтады. Ресурстар көбіне экономикалық тұрғыдан тиімсіз жобаларға бөлінді, ал шешуші саяси көшбасшы саяси ұпайы жоғары («беделді») инвестицияларды таңдады. Мұндай қате бөліністі екі мысалдан көруге болады. Сталин Беломор каналын салуды талап етті, бірақ оған аз уақыт бөлінгендіктен, канал тым таяз болып, кәдеге жарамай қалды. Хрущевтің Қазақстан жерінен Америка және Канада егістіктері деңгейінде бидай алу науқаны барысында ұзын-сонар суландыру жүйелері салынып, Арал теңізі тартылып қалды(31).
Инвестицияның дұрыс бағытталмауы және қарқынды өзгерістерге ілесе алмау салдарынан осы елдердің көбі социализмнен бас тартты.
АҚШ-тағы тұрғын үй алуға берілетін несиені үкіметтің бөлу тәжірибесі де капиталды бөлуге саясат араласқанда қалай боларын түсіндіреді. Fannie Mae және Freddie Mac деген атпен танымал Федерал ұлттық ипотека қауымдастығы мен Федерал үй несиесі ипотекалық корпорациясын Конгресс 1968 және 1970 жылдары үкімет қаржыландыратын корпорациялар деп таныған еді. Олар капитал нарығы жұмысын жақсартып, тұрғындардың несиеге баспана сатып алуын жеңілдетеді деп күтілген еді. Fannie Mae мен Freddie Mac жекеменшік компаниялар болса да, инвесторлар олардың ақша тарту мақсатында шығарған облигацияларын тәуекелі аз деп пайымдады, себебі олардың артында үкімет тұр еді. Соның нәтижесінде Fannie Mae мен Freddie Mac қарызды жекеменшік фирмалармен салыстырғанда жарты пайызға арзанырақ ала алатын болды. Осының арқасында олар бәсекелестерімен салыстырғанда үлкен артықшылыққа ие болып, талай жыл мол табыс тапты.
Алайда үкіметтің демеушілігі Fannie Mae және Freddie Mac корпорацияларын саясат алаңына да тартты. Президент екі корпорацияның директорлар кеңесіне бірнеше мүше тағайындады. Fannie Mae мен Freddie Mac корпорацияларының топ-менеджменті конргестегі басты лидерлерге үлкен қаржылық қолдау көрсетіп отырды. Олар Конгресc аппараты қызметкерлерін айлығы мол жұмысқа алатын, содан кейін әлгі жаңа қызметкер үкіметтегі бұрынғы бастығы арқылы корпорация мүддесіне ықпал жасайтын. Олардың ықпалдық әрекеттерін қор нарығы қатысушылары жыр қып айтатын. 1998-2008 жылдары Конгрестен айырықша жеңілдік алу және артықшылығы бар мәртебесін сақтап қалуға бағытталған лоббилік әрекеттерге Fannie Mae 79,5 млн $, ал Freddie Mac 94,9 млн $ жұмсады.(32)
Fannie Mae мен Freddie Mac ипотекалық несие бермеді, яғни олар адамдарға үй сатып алуға ақшаны тікелей қарызға берген жоқ. Олар ипотекалық несиені банктер мен өзге қаржы ұйымдарының ипотекалық несиелері ұсынылатын екінші дәрежелі нарықтан сатып алатын. Олардың ақшаны арзанырақ ақыға тарту мүмкіндігі болғандықтан, өте көп ипотекалық несие сатып алды. 1990-жылдардың ортасында үкімет қаржыландыратын осы екі ұйымға бүкіл ипотекалық несиелердің шамамен 40 пайызы тиесілі болды. Олардың екінші дәрежелі нарықтағы үстемдігі тіпті жоғары еді. Төлем қабілетсіздігі жария болған 2008 жылға дейінгі 10 жылда Fannie Mae мен Freddie Mac банктер мен өзге ипотекалық несие беруші ұйымдар сатқан ипотекалық несиенің 80 пайызынан астамын сатып алды.
Fannie Mae мен Freddie Mac қолдау жасап, Конгрестен жеңілдік алып жатса, Конгресс мүшелері оларды саяси мақсаттарын жүзеге асыруға, соның ішінде табысы төмен және орта деңгейдегі борышкерлердің үй сатып алуына ипотекалық несиені қолжетімді етуге пайдаланды. Конгрестің ертеректегі директивасына жауап берген Тұрғын үй және қалалық даму департаменті 1996 жылға дейін Fannie Mae мен Freddie Mac корпорацияларын қаржыландыратын ипотекалық несиелердің 40 пайызы табысы орта деңгейден төмен үй шаруашылықтарына баруы керек деп міндеттеді. Бұл сан 2 000 жылы 50 пайызға, 2008 жылы 56 пайызға дейін көтерілді. Осы талапты орындау үшін Fannie Mae мен Freddie Mac бастапқы жарнасы аз немесе мүлдем жоқ ипотекалық несиелерді көбірек ала бастады. Сонымен қатар олар субстандарт борышкер деп аталатын несие тарихы нашар борышкерлерге берілетін ипотекалық несие үлесін арттырды. Екінші дәрежелі нарықта үстем болғандықтан, олардың қарыз беру тәртібі қаржы ұйымдарының ипотекалық несие беру стандарттарына көп әсер етті. Тәуекелі жоғары несиелерді Fannie Mae мен Freddie Mac корпорацияларына сырғыта салуға болатынын түсінген қаржы ұйымдарының қарыз алушылардың сенімділігін немесе оның несиені қайтара алу қабілетін жіті тексеруге ынтасы азайды. Әрі-беріден соң, ипотекалық несие Fannie Mae мен Freddie Mac компанияларына сатылғанда несие тәуекелі де соларға ауады.
6-кескін субстандарт ипотекалық несиенің (құжаттары толық жиналмай берілгендерді қосқанда) жаңа несиелердегі үлесі 1994 жылы 4,5%, ал 2000 жылы 13,2% және 2006 жылы барлық ипотекалық несиенің 33,6 пайызына жеткенін көрсетеді. Дәл сол мерзімде борышкер үй бағасының кем дегенде 20 пайызын бастапқы жарна ретінде құятын стандартты несиелер үлесі барлық несиенің үштен екісінен үштен біріне дейін түсіп қалды. Субстандарт несиелердің төленбей қалу және кепілдіктегі үйдің сатылуы көрсеткіштері несие тарихы жақсы борышкерлерге берілген стандартты несиелердің осындай көрсеткіштерінен 7-10 есе көп. Сенімсіздеу борышкерлерге берілген несие үлесінің артуы төлемі кешіктірілген несие мен сатуға шығарылған пәтер көрсеткішінің артуына түрткі болды.
Конгресс те, Билл Клинтон мен Джордж Буштың президент әкімшіліктері де, осындай мемлекеттік реттеу саясатына қызу қолдау көрсетіп, соның арқасында бастапқыда үйге ие болған азаматтар санының артқанынан абырой жинады. Cаяси курс ипотекалық несие беру тәртібін бұзып, тәуекелі жоғары борышкерлерге несие оңды-солды берілгенде оның бастапқы әсері жағымды көрінді. Тұрғын үйге сұраныс артты, баспана бағасы 2001-2005 жылдары шарықтап, құрылыс индустриясы қызды.
Алайда жасанды түрде жасалған тұрғын үй нарығының қызуы тұрақты болмады. 2004-2005 жылдары барлық ипотекалық несиелердің шамамен жартысы субстандарт (құжаттары толық жиналмай берілгендерді қосқанда) және екіншілік ипотека (ауд.: пәтердің қазіргі нарықтық бағасынан ипотекалық несиенің төленбеген сомасын алып тастағанда шыққан соманы дәл сол пәтер кепілдігі негізінде несиеге беру) болған. Бағалар тұрақтанып, содан кейін 2006 жылдың екінші жартысында түсе бастағанда, нарық картадан қаланған үй сияқты жалп етіп күйреді. Сатылатын кепілдіктегі пәтер мен ипотекалық несиесі бойынша әдепкі көрсеткіші күрт өсе бастады. Осының бәрі 2007 жылдың желтоқсанында басталған рецессия қарсаңында орын алды. Әрине тұрғын үй индустриясындағы күйреуі экономиканың өзге салаларына да ауды және нашар ипотекалық несиелер АҚШ-та да, шет елдерде де банк пен қаржы саласында үлкен қаржылық мәселелер тудырды. 2008 жылдың жаз келгенше Fannie Mae and Freddie Mac төлем қабілетсіздік болдып қалды. Олардың жұмыстарын үкімет өз қолына алды және американдық салық төлеушіде шамамен 400 миллиард доллар үмітсіз қарыз қалды.
Федерал резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлеме саясаты да 2008-2009 жылдардағы Ұлы рецессияға үлес қосты, оны келесі элементте түсіндіреміз. Бірақ бір нәрсе анық: несиені бөлуге саясаттың араласуы және несие беру стандарттарының бұзылуы көп қаржылық капиталды жүзеге асырылмауы тиіс жобаларға бағыттады. Көп адам қалтасы шамасы келмейтін үй сатып алуға ынталанды, бұл тұрғын үйлерге сұраныс шарықтатып, одан кейін құлдыратып, ақыры рецессияның орын алуына апарып соқты.
Нақты ерекшеліктері өзгеше болғанымен АҚШ-тан өзге елдерде де бұрыс жүргізілген үкімет саясаты кесірінен 2010 жыл қарсаңында тұрғын үй нарықтарында дағдарыс орын алды. 2007-2010 жылдары үйдің орташа бағасы Ирландияда 35 пайызға, ал осы ел астанасы Дублинде 50 пайызға және одан да көп мөлшерге түсіп кетті. «Ирланд үй көпіршігінің» жарылуынан кейін Канада мен Финляндияның қаржы министрлігінің аға қызметкерлері енген сыртқы эксперттер оған мынадай баға берді: нарықтың шектен тыс қызып кетуіне Еуропаның орталық банкі белгілеген тым төмен есептік ставка, жылжымайтын мүлік салық түсімінің күтілетін мөлшерінен көбірек болады деп ирланд үкіметінің қомақты қаржы жұмсап қоюы және үкіметтің АҚШ-тағыдай үй бағасының 100% мөлшерінде ипотекалық несие беруге рұқсат ету арқылы азаматтарды үй алуға ынталандыру саясатының комбинациясы түрткі болды. Сыбайлас жемқорлықтың да әсері болды.(33) Испанияда осыған ұқсас саясат дәл сол уақыт аралығында дәл осындай нәтиже берді.
Инвестицияны бөлуге үкімет білек сыбана кіріскенде қалайда фаворотизм, мүдделер қақтығысы, орынсыз қаржылық қатынас пен жемқорлықтың әртүрлі формасы орын алады. Осы тектес әрекеттер өзге елдерде орын алғанда көбіне тамыр-таныстық негізіндегі капитализм деп аталады. Тарихты қарасақ, АҚШ-тан гөрі өзге елдердің үкіметі инвестиция бөлуде көбірек рөл атқарған, бірақ тұрғын үйге инвестицияларды үкімет бөлген америкалық тәжірибе тамыр-таныстық негізіндегі капитализмнің АҚШ-та да орын алатынын көрсетеді. Қалай аталып, қандай айдар тағылса да, капиталды бөлуге саясаттың араласуы азаматтарды қып-қызыл шығынға әкеледі.
2.5-элемент: Монетарлық тұрақтылық
Тұрақты ақша-несие саясат инфляцияны қадағалау, инвестицияны тиімді бөлу және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге аса маңызды.
Экономикаға ақша ауадай қажет. Оған қоса ақша – айырбас құралы. Ол мәмілелік шығынды азайтады, себебі ол – барлық тауар мен қызмет құнын көрсететін ортақ өлшем. Экономистер ақшаның осы қасиетін «айырбас құралы» деп атайды. Жоғарыда еңбек бөлінісінің пайдасын айтып өттік. Алайда адамдар бір іске маманданып, тауарды қазір бартер жүйесі деп аталып жүрген тәсілмен өзге тауарға тікелей айырбастаса, не болатынын елестетіп көріңізші. Бір сиырға қанша алма тең болар еді? Бір адамның сиырдың үштен бірін ғана сатып алуға жететін алмасы болса, айырбас қалай жасалар еді?
Ақша үй немесе автокөлік сату немесе сатып алу сияқты ұзақ уақыт жүзеге асатын күрделі айырбасты адамдарға пайдалы етті. Әдетте мұндай мәміледе табысты растау немесе тауар бағасын бірнеше жылда төлеп бітіру қарастырылады. Сонымен қатар ақша – сатып алу қабілетін болашақта қолдануға мүмкіндік беретін сақтау құралы. Осының арқасында өнімділік пен экономикалық дамуға дем беретін инвестиция қаржысы жиналады. Экономистер ақшаның бұл қызметін «құндылықты сақтау құралы» деп атайды. Сонымен қатар ақша – адамға пайда мен шығын, соның ішінде ұзақ мерзімдегі кіріс-шығын есебін жүргізуге мүмкіндік беретін «есеп бірлігі». Ақша болмаса, ұзақ мерзімде түскен пайда мен шыққан шығынды салыстыру мүмкін емес, осы салыстыру арқасында адам ақшаны қай кезде жұмсап, қай кезде іркіп ұстау, нені сатып алып, нені сатып алмауға қатысты тиімді шешім қабылдайды.
Дегенмен ақша өз құндылығы тұрақты болғанда ғана қоғамға жемісті үлес қосады. Осы орайда ақшаның экономикадағы рөлі тілдік қарым -қатынастық рөліне ұқсайды. Автор мен тыңдаушының екеуі де мағынасын анық түсінетін сөздер болмаса, қарым -қатынас жасау қиын болар еді. Ақшаның жайы да осы. Егер ақшаның тұрақты және алдын ала болжауға келетін құны болмаса, несие беруші мен борышкер өзара келісетін шарттарды табуы қиын болар еді, ақша жинау мен инвестиция жасау тәуекелі артып, ұзақ мерзімде жүзеге асырылатын мәмілелердің (үй немесе автокөлік бағасын төлеу сияқты) белгісіздік факторы артар еді. Ақша құны тұрақсыз болғанда пайдалы болуы ықтимал көп айырбас жасалмайды және мамандану, қолданылу аясы кең өндіріс пен әлеуметтік ынтымақтасудың пайдасы кемиді.
Монетарлық тұрақсыздық себебіне қатысты еш құпия жоқ. Өзге тауарлар сияқты ақшаның да құнын ұсыныс пен сұраныс анықтайды. Ақша ұсынысы бірқалыпты немесе баяу, орнықты көрсеткішпен өссе, ақшаның сатып алу қабілеті салыстырмалы түрде тұрақты болады. Ал ақша ұсынысы тауар мен қызмет ұсынысымен салыстырғанда қарқынды өссе, ақша құны түсіп, бағалар өседі. Оны инфляция дейді. Ол үкімет ақшаны басып шығарғанда немесе өз шығындарын төлеу үшін орталық банктен қарыз алғанда орын алады.
Тұрақты инфляцияның жалғыз көзі бар: ақша ұсынысының қарқынды өсуі. Ақша ұсынысы компаниялар есепшоты мен жеке тұлғалар қолындағы ел валютасы, чектік депозиттер мен осыларға ұқсас төлем көздерінен құралады(34). Осы ұсыныс экономика өсуінен жылдам артқанда тауар мен қызмет бағасы да көтеріледі.
7-кескін: Ақша массасының өсуі және инфляция, 1990-2014
Ақша ұсынысының жылдық орташа өсу көрсеткіші (%) | Инфляцияның жылдық орташа көрсеткіші (%) | |
Ақша ұсынысының баяу өсуі | ||
Швеция | 3 | 2.3 |
АҚШ | 3 | 2.1 |
Швейцария | 3.4 | 1.1 |
Сингапур | 3.5 | 1.4 |
Ұлыбритания | 5.5 | 2.7 |
Орталық Африка Республикасы | 6.4 | 3.6 |
Канада | 7.5 | 2.1 |
Ақша ұсынысының қарқынды өсуі | ||
Нигерия | 22.6 | 23.2 |
Уругвай | 23 | 23.4 |
Малави | 26.7 | 23.4 |
Гана | 29 | 24.5 |
Венесуэла, БР | 37.6 | 34 |
Ресей федерациясы | 41.4 | 39.3 |
Румыния | 46.1 | 53.1 |
Түркия | 48.4 | 41.7 |
Ақша ұсынысының гиперөсуі | ||
Украина | 140.4 | 276.8 |
Зимбабве | 164.8 | 165.3 |
Дереккөз: Дүниежүзілік банк, Әлемдік даму көрсеткіштері, 2015 және Халықаралық монетарлық қор, Халықаралық қаржылық статистика (жылдық есеп).
Ескертпе: мәлімет алынған жылдар: Гана мен Венесуэла – 1990-2013 жж, Ресей – 1994-2014, Украина – 1993-2014. Жетіспейтін мәлімет сол елге қатысты дереккөздерден алынды: 1990-2008 жылдардағы Канадаға қатысты сандар Дүниежүзілік банктен, ал 2009-2014 жылғы сандар Канаданың Орталық банкінен алынды. Зимбабве деректері 1990-2007 жылдардікі және олар Дүниежүзілік банктен, Әлемнің 2009 жылғы даму индикаторлары есебінен алынды.
7-кескінде ақша ұсынысының өсуі мен инфляция байланысы берілген. 1990-2014 жылдары ақша ұсынысын баяу жылдық көрсеткішпен (7,5% және одан аз) өсірген елдерде инфляция көрсеткіші де төмен болғанына мән беріңіз. Мұндай ұстаным АҚШ пен Канада сияқты табысы жоғары үлкен елдерге де, Швеция, Сингапур және Орталық Африка Республикасы сияқты табысы жоғары кішігірім елдерге де тән болды.
Бір елдегі ақша ұсынысы көрсеткіші қарқынды өскенде инфляция көрсеткіші де үдей түседі. 1990-2014 жылдары Нигерия, Уругвай, Малави, Гана, Венесуэла, Ресей Федерациясы, Румыния мен Түркияда ақша ұсынысы жылына 20-50% аралығындағы қарқынмен өсті. Осы елдердің жылдық инфляция көрсеткіштері монетарлық өсу көрсеткіштерімен шамалас болғанына мән беріңіз.
Монетарлық өсудің шектен тыс жоғары көрсеткіші (100% және одан жоғары) Украина мен Зимбабведегідей гиперинфляция тудырады. Осы елдердегі ақша ұсынысының өсу көрсеткіші шарықтағанда инфляция көрсеткіші де шарықтады.
7-кескінде ұзақ мерзімді көрсеткіштерді салыстыру арқылы ақша массасының өсуі мен инфляцияның жоғары деңгейі арасындағы тығыз байланыс көрсетілген. Уақыт көрсеткендей, бұл байланыс барлық экономикалардағы ең тұрақты қатынастардың бірі.(35)
Инфляция көрсеткіштері жоғары елдерде оның ауытқу амплитудасы да үлкен. Инфляция көрсеткішінің құбылып тұруы инфляция көрсеткішінің тұрақты түрде жоғары болғанынан да қиын, себебі ол болашаққа жоспар құруға кедергі жасап, өркендеу жолын бөгейді. Бір жылы бағалар 20 пайызға, келесі жылы 50 пайызға, одан кейінгі жылы 15 пайызға өссе және осылай жалғаса берсе, жеке тұлғалар мен компаниялар ұзақ мерзімге орнықты жоспар құра алмайды. Мұндай белгісіздік капиталдық инвестиция жобаларын жоспарлау мен жүзеге асыру тәуекелін арттырып, оларды тартымсыз етеді. Инфляция көрсеткішінің аяқ астынан өзгеруі табысты жобаны экономикалық апатқа айналдырады. Шешім қабылдаушылардың көбі осындай белгісіздікке ұрынғанан гөрі, ұзақмерзімді жауапкершілігі бар капиталдық инвестиция мен өзге мәмілелерден бас тартуды жөн көреді. Кейбірі тіпті бизнесі мен инвестициясын экономикалық ахуалы тұрақты елдерге көшіреді. Соның нәтижесінде әлгі ел мен ондағы компаниялар сауда-саттық, бизнес әрекеттер мен капитал қалыптастырудан түсетін болашақ пайдадан қағылады.
Оған қоса үкіметтер инфляцияны өршітетін саясат ұстанғанда халықтың көп уақыты байлық құруға емес, бар байлығын сақтап қалуға кетеді. Инфляция көрсеткішін нақты пайымдау мүмкін еместігі адамның байлығын құртуы мүмкін болғандықтан, адамдар тапшы ресурстарын тауар мен қызмет өндіруге салмай, инфляциядан қорғайтын әрекеттерге жұмсайды. Бизнестегі шешім қабылдаушылардың бағалар өзгерісін болжай алуы, олардың өндірісті басқаруы мен ұйымдастыру қабілетінен де құндырақ болып кетті. Инфляция қарқыны белгісіз болғанда бизнес ұзақмерзімді келісімшарттар жасаудан бас тартып, көп инвестициялық жобаны тоқтатып, ресурстар мен уақытты өнімділігі аздау әрекеттерге бұрады. Қаражат ғимарат, жабдықтар мен технологиялық зерттеу сияқты өнімдірек инвестицияларға емес, алтын, күміс және өнер туындыларын сатып алуға жұмсалады, себебі инфляция себебінен бұлардың бағасы өседі деген үміт болады. Ресурстар өнімдірек әрекеттерден өнімділігі төмен әрекеттерге кеткенде экономикалық үдеріс баяулайды.
Монетарлық саясатты түзушілер үнемі біресе ақша массасын ұлғайтып, біресе азайтып отырса да, экономикалық ілгерушілікке зияны тиеді. Монетарлық билік ақша ұсынысын қарқынды өсіргенде, ынталандырушы монетарлық саясат бастапқыда жалпы сыйақы мөлшерлемелерін түсіріп, инвестиция жасауға ынталандырып, жасанды экономикалық өсу түзеді. Алайда бұл өсу баянды болмайды. Егер ынталандырушы монетарлық саясат жалғаса берсе, ол инфляция тудырады, ондайда монетарлық саясатпен айналысатын органдар шектеуші саясатқа көшеді. Шектеуші саясатқа көшкенде, сыйақы мөлшерлемелері өседі, ал бұл жеке инвестицияларды азайтып, экономиканы рецессияға ұшыратады. Осылайша, кеңейту мен шектеу саясаттарын алмакезек ұстану экономиканы өсу мен құлдырау арасында қақпақылдап, экономикалық тұрақсыздық тудырады. Монетарлық саясат схемасы да белгісіздік тудырып, жеке инвестицияларды баяулатып, экономикалық өсу қарқынын азайтады.
Неліктен ақша ұсынысын бақылап отырғандар (монетарлық билік өкілдері) кеңейту және тежеу режимдерін кезек-кезек ұстанады? Ақша ұсынысы қарқынды өсірілгеннен кейін орнықсыз экономикалық даму байқалуы ықтималдығына мән беріңіз. Егер монетарлық билік өкілі қандай да бір саяси көшбасшыға бағынса немесе соның ықпалында болса, әлгі көшбасшы сайлау қарсаңында осындай экономикалық өсуді қолдан жасауға және одан кейін қалайда орын алатын құлдырауға дейін қайта сайланып алуға мүдделі болуы мүмкін.
Осындай саясиландырылған экономикалық циклдер әлемнің басым бөлігінде байқалады, ал өтпелі экономикаларда сәл өзгеше қарама-қатынас орнаған. Қашан да болсын бизнестің сенімін тудырып және соның арқасында инвестиция мен бизнес ауқымын кеңейтуге саяси тұрақтылық қажет. Посткоммунистік елдерге нарықтық экономикаға өтерде реформаның түрлі жолдарының бірін таңдауға тура келді. Кей елдер (Эстония сияқты) дәйекті болып, реформаны ерте жасады, ал өзге елдерді бұрынғы коммунистер билеп тұрды (Өзбекстан). Осылайша он бес ел жақсылы-жаманды, қарқыны мен түрі әртүрлі реформа жүргізді. Дегенмен олардың бәрінде экономикалық бірліктер біркелкі стратегияға арқа сүйеп, болашаққа жоспар құра алды. Ал, реформа мен одан бас тарту саясатын кезек-кезек ұстанып, жолын өзгертіп отырған елдерде (Болгария мен Украина сияқты) сайлау алдында белгісіздік көңіл-күйі қалыптасатын, себебі жаңа үкіметті кімнің қалыптастыратыны белгісіз болатын. Саясаттандырылған бизнес цикл керісінше жүрді: баяу өсу сайлаудың өтуіне түрткі болды, өйткені осал стратегия салдарынан орын алған белгісіздік инвестиция мөлшерін азайтқан еді.(36)
1990-жылдары бұл елдер коммунизмнен капитализмге өткенде экономикалық жетістік әлде сәтсіздіктің орын алуына өзге факторлармен қатар нашар ақша -несие саясаты да үлес қосты. Барлық экономикалар өндірістің күрт құлдырап кетуінің зардабын шегіп, нарықтық экономиканы қалыптастыруда қиналды. 1990-1994 жылдары Украинда ресми ЖІӨ 48 пайыздан көп мөлшерге түсіп кетті.(37) Осыған жауап ретінде украин үкіметі қомақты рубль түріндегі несие беріп, индустрия мен ауыл шаруашылығындағы субсидияларды қаржыландырды. Бюджеттің қомақты дефициттері (тапшылықтары) монетизацияланды, яғни үкімет шығынын төлеу үшін Украинаның Ұлттық банкі ақша басып шығара берді. 1992 жылдың ақпаны мен наурызында монетарлық база айына 50 пайызға өсіп отырды. Гиперинфляция 1992 жылы 2730 пайызға, ал 1993 жылы 10 155 пайызға жетті. Жалпы алғанда, Кеңес одағы ыдырағанда он бес елдің онында (шектен тыс ақша ұсынысы саясаты себебінен) гиперинфляция тіркелді. Польша, Югославия мен Болгарияда да осындай жағдай тіркелді. ЕҚДБ мәліметтері бойынша, тек соғысып жатқан Арменияда ғана инфляция Украинаға қарағанда жоғары болды(38), Парламентке бағынатын Украинаның Ұлттық банкі өз қателігін түсініп, несие беруді тоқтатты. 1994 жылдың шілдесінде инфляцияның айлық көрсеткіші 2,1 пайызға дейін түсті. Ұлттық банк шешімі парламентке ұнамады. Депуттардың қысымымен УҰБ 1994 жылдың тамызында қайтадан қомақты несие берілді (яғни, олар экспансиялық монетарлық саясат қолданды), осы несиелер қазан айында инфляцияны 23 пайызға көтеріп жіберді. Кеңестік экономиканың ыдырау үдерісінен туындаған құлдырау сол дәуірдегі ақша-несие саясатымен одан әрі тереңдей түсті.
Ақша-несие тұрақтылығы экономикалық ілгерілеу ортасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Монетарлық тұрақтылық болмаса, капиталдық инвестиция мен ұзақ мерзімдік жауапкершілігі бар өзге айырбастардан түсетін пайда жоғалып, ел халқы өз әлеуетін толық жүзеге асыра алмайды.
2.6-элемент: Сауатты фискалдық саясат
Тапқан табысының көбі өзінде қалса, халық өнімдірек жұмыс істейді.
Салық еңбек еткен адамның маңдай терімен төленеді. Салық мөлшері тым жоғары болса, фабрикалар жабылып, фермалар сатылып, аш-жалаңаш адамдар тобы көше кезіп, жұмыс таба алмай сенделіп жүреді.
«Былтырғы салықтарды нашар инвестиция деп көрсетейін бе»?
Салықтың жоғары мөлшері кірістің көп бөлігін алып қойса, жұмыс істеу және ресурстарды өнімді қолдану ынтасы кемиді. Шекті салық мөлшері аса маңызды. Ол – белгілі бір табыс деңгейінде салық алынатын қосымша табыс үлесі. Шекті салық мөлшері әр елде әртүрлі. Мысалы, АҚШ-та 2015 жылы 60 000$ салық алынатын табысы бар салық төлеуші тағы 100$ тапса, ол осы 100 доллардың 25 долларын федерал табыс салығы ретінде төлеуі керек еді. Сөйтіп, әлгі салық төлеушіден 25 пайыздық шекті салық мөлшері алынды. Шекті салық мөлшері Румынияда 16%, Польшада салық төлеуші 20 000 евродан көп табыс тапса, 32%, ал Францияда 152 260 евродан асатын табыстан 45 пайызға дейін жетті.
Шекті салық мөлшері артқанда, қосымша табыстың халық қалтасында қалатын үлесі азаяды. Мысалы, 25 пайыздық шекті салық мөлшері жағдайында, адам қосымша 100€ тапса, оның 75 евросын ғана өзіне қалдыруына рұқсат. Ал егер шекті салық мөлшері 40 пайызға көтерілсе, салық төлеуші 100 евроға артқан табысының 60 пайызын ғана өзіне қалдырар еді.
Шекті салық мөлшерінің шығысы мен табысты азайтуының үш себебі бар. Біріншіден, шекті салықтың жоғары мөлшері жұмысқа ынтаны жойып, еңбек өнімділігін кемітеді. Шекті салық мөлшері 55-60 пайызға шығып кетсе, адамға қосымша табысының жартысынан азы ғана қалады. Халыққа тапқан табысының көп бөлігін қалдырмаса, ол тым көп табыс табуға құлықты болмайды. Жұбайы не зайыбы жұмысы істейтін кей адам жұмыстан шығып кетеді. Өзгелері жұмыс сағатын азайтады, ертерек зейнетке шығып кетеді немесе демалысы көп немесе өзіне ыңғайлы жердегі жұмысқа ауысады. Жұмысы жоқ кей адамның еңбек шарттарына қатысты талабы күшті болып, жұмысқа тұру немесе жалақысы көтерілуі үшін басқа мекенге көшуден бас тартады немесе пайда түсуі ықтимал, бірақ тәуекелі де жоғары бизнес кәсіпорынды ашпайды. Жоғары салық мөлшерлемелері тіпті мемлекеттің ең қабілетті азаматтарын салықтары төмен елдерге көшуге мәжбүрлейді. Онда елдегі еңбек күші ұсынысының ауқымы мен өнімділігі азайып, өнідіріс төмендейді.
Әрине, адамдардың көбі шекті салық мөлшері өсті екен деп, дереу жұмысын тоқтата қоймайды немесе бұрынғыдай барын сала жұмыс істеуін доғара салмайды. Нақты бір мамандықты талай жыл оқыған адам жұмысын жалғастыра береді және әсіресе ол өмірінің ең тиімді кезеңінде болса, жан аямай жұмыс істей береді. Алайда нақты бір мамандық алуға талай ақшасы мен уақытын сарп етпеген жастар шекті салықтың жоғары мөлшері кесірінен жұмыс істеуге құлықсыз болады. Сондықтан салықтың жоғары мөлшерінің еңбек қарқынына теріс әсері болашақта көп жыл бойы өнімділіктің түсуі түрінде сезіледі.
Сонымен қатар жоғары салық мөлшері кей адамның өнімділігі аздау жұмысқа ауысуына түрткі болады, себебі ол онда салық төлемейді. Мысалы, жоғары салық бояушы жалдау құнын көтеріп жібереді де, сіз қолыңыздан келіңкіремесе де, үйіңізді өзіңіз бояуыңыз мүмкін. Салық жоғары болмаса, үйіңізді маманға қалтаңыз көтеретін ақыға боятып, сол уақытта өзіңізге ыңғайлы іспен айналысар едіңіз. Салықтың кесірі осындай ынталандырудан ысырап пен экономикалық тиімсіздікті туындатады.
Екіншіден, шекті салықтың жоғары көрсеткіші капиталды қалыптастыру деңгейін де, тиімділігін де кемітеді. Салықтың жоғары мөлшері шетелдік инвестицияны кері қайтарады, отандық инвесторлардың салық пен өндіріс шығыны төменірек шет елдерден инвестициялық жоба іздестіруіне себепші болады. Бұл инвестиция көлемін және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін өндірістік құрал-жабдықтардың қолжетімділігін азайтады. Отандық инвестор қазіргі табысын салықтан қорғайтын жобаларға бет бұрып, қайтарым мөлшері жоғары, бірақ салықтан жалтару артықшылығы аздау жобалардан жобалардан бас тартады. Осындай салықтан қорғау құралдары ресурстың құндылығын арттырмайтын жобалардан жеке адамның пайда көруіне жол ашады. Бұл жолы да тапшы капитал рәсуа болып, ресурстар ең өнімді қолданысынан басқа арнаға жіберіледі.
Үшіншіден, адам салық шегерімі жоқ тауарды қалап тұрса да, шекті салықтың мөлшері жоғары болғандықтан, оның орнына салық шегерімі бар тауарды тұтынуға ұмтылады. Салық шегерімі бар өнімді сатып алғанда сатып алушы оның толық құнын төлемейді, себебі бұл сауда оның төлеуі тиіс салықтарының мөлшерін азайтады. Шекті салық мөлшері жоғары болғанда, салық шегерімі бар сауда салыстырмалы түрде арзанға түседі.
1970 жылдардағы британдық люкс Rolls-Royce автокөлігінің сатылымы осы мәселенің жарқын көрінісін береді. Ол кездері Ұлыбританияда үлкен табыстың шекті табыс салығы 98% еді. Осындай салық мөлшерін төлейтін кәсіп иесі салық шегерімі бар кәсіп шығыны ретінде көлік ала алатын, онда неге айырықша, қымбат көлік алмасқа? Көлік сатып алу кәсіпкердің табысын көлік бағасына (айталық 100 000 фунттық көлік болса) азайтар еді, көлік сатып алғаннан кейін 2000£ оның табысы саналып, одан салық төленетін, себебі 98 пайыздық шекті салық мөлшері 100 мың фунтты 2 мың фунтқа түсірер еді. Іс жүзінде, көлік құнының 98 пайызын үкімет төлейтін (қапы қалған салық түсімі есебінен). Ұлыбритания ең жоғары шекті салық мөлшерін 70 пайызға төмендеткенде, роллс-ройс сатылымы түсіп кетті. Салық мөлшері азайтылғаннан кейін 100 мың фунттық көлік бизнесменге 2 000 фунтқа емес, 30 мың фунтқа түсетін болды. Шекті мөлшердің төмендетілуі дәулетті британдықтардың роллс-ройс сатып алу шығынын өсірді, сөйтіп олар оны сатып алуын сиретті.
Шекті мөлшердің жоғары болуы жеке адамның салық шегерімі бар тауарды сатып алу шығынын немесе бизнес шығыны ретінде көрсетілетін тауар шығынын жасанды түрде азайтады, бірақ қоғам төлейтін шығынды азайтпайды. Шекті салықтың жоғары мөлшеріне тап болған салық төлеушінің мықты кеңсе, Гавай аралындағы іскерлік конференция, бизнес ойын-сауық және компания автокөлігі сияқты салық шегерімі бар пункттерге көбірек ақша жұмсайтынын болжау қиын емес. Осындай салық шегерімі бар төлемдер оның төлейтін салығын азайтатындықтан, адам толық құнын төлеген жағдайда сатып алмайтын тауарларды жиі сатып ала бастайды. Ысырап пен тиімсіздік – шекті салықтың жоғары мөлшері мен содан туындаған жаңсақ ынталандырудардың жанама өнімдері.
Салық мөлшерін, әсіресе жоғары мөлшерді азайту әдетте ақша табу және ресурсты қолдану тиімділігін жақсарту ынталарын арттырады. 2005-2008 жылдары Грузия үкіметі салық заңдарын түбегейлі өзгертті. 2004 жылы қолданылған 21 түрлі салық 2005 жылы 6 салық түріне дейін азайтылды. 2009 жылдан бастап әлеуметтік салық жойылып, жиынтық салық мөлшері азайтылып (табыс салығы мен әлеуметтік салық), жалғыз өзіндік табыс салығы мөлшері қолданылып келеді. Шекті табыс салығы 32 пайыздан 20 пайызға дейін азайтылды.
Жоғарыда сипатталған ынталандырушы әсерлер көптеген экономистерді «біркелкі салық мөлшерлемесі» деп аталатын нәрсені қолдауға итермеледі, онда шекті салық мөлшерлемесі белгілі бір минимумнан жоғары барлық табыс деңгейлері үшін бірдей. Салық алынбайтын минимум үлкен болса, табыстың белгілі бір пайызы түрінде төленетін нақты салық есебінен табысы көп отбасылардың көбірек салық төлейтінін білдіреді. Көптеген посткоммунистік үкіметтер Ресей, Грузия, Словакия және Сербияны қоса алғанда, біркелкі салықтарға көшуде көшбасшы болды. Мұндай тәртіп «бухгалтерлік есептен тыс» орын алатын экономикалық әрекет немесе көлеңкелі экономика үлесін азайтатынын зерттеулер көрсетті.
Ал салықты қатты өсіру экономикаға күйретерлік соққы береді. Оны Ұлы депрессия кезіндегі АҚШ салық саясатынан көруге болады. 1932 жылы федерал бюджет тапшылығын азайту мақсатында Республикалық партияның Гувер әкімшілігі мен Демократиялық конгресс АҚШ тарихындағы бейбіт замандағы салық мөлшерінің аса көп ұлғаюуына жол берді. Жеке табыс салығының ең төменгі шекті мөлшері 1,5 пайыздан 4 пайызға дейін көтерілді. Табыс шкаласының жоғарғы жағындағы ең жоғары салық мөлшерлемесі 25 пайыздан 63 пайызға дейін көтерілді. Сөйтіп, жеке табыс салығының мөлшері бір жылда екі еседен артық өсті! Салықтың бұлайша өсуі үй шаруашылықтарының салықтан кейін қалатын табысын кемітіп, азаматтардың табыс тауып, тұтынып, ақша жинау және инвестиция жасауға ынтасын жойды. Мұның салдары өте өкінішті болды. 1932 жылы өндіріс 13 пайызға түсті, бұл Ұлы депрессия кезіндегі бір жылдағы ең үлкен құлдырау көрсеткіші еді. 1931 жылы 15,9 пайыз болған жұмыссыздық көрсеткіші 1932 жылы 23,6 пайызға жетті.
Төрт жылдан кейін Рузвельт әкімшілігі салықтарды тағы көтеріп, 1936 жылы ең жоғары шекті мөлшер 79 пайызға жетті. Сөйтіп, 1930 жылдардың екінші жартысында мол табыс табатындарға қосымша тапқан әр долларының 21 центін ғана өзінде қалдыруға рұқсат етілді. (Ескертпе: Осы элементке эпиграф ретінде берілген Рузвельттің сөзі мен оның президенттігі кезіндегі салық саясатының қарама-қайшылығына мән беріңіз). Ақша ұсынысын қатты қысқарту және тарифтерді өсіру сияқты бірнеше өзге фактор да Ұлы депрессияның ауыр әрі ұзақ болуына ықпал етті. Америка тарихының осы бір сүреңсіз беттерінің жазылуына Гувер және Рузвельт әкімшіліктерінің салықтарды өсіргені басты себеп болғаны анық.
Шекті салықтың жоғары мөлшерінің еңбекке деген ынтаны төмендететін әсері мол табыс табатындардың ғана мәселесі емес. Табысы салыстырмалы түрде төмен саналатын адамдар да шекті салықтың жоғары көмескі мөлшерінен зардап шегеді, яғни қосымша салықтарға трансферлік бағдарламалардан қапы қалған олжаны қосқандағы сома олардың қалтасын қағады. Мысалы, бір адамның табысы 20 000 евродан 30 000 евроға көтерілді делік. Соның нәтижесінде табыс және жалақы салықтары қосымша табыстың 30 пайызын жейді. Оған қоса, табысы өскендіктен әлгі адам қолданыстағы әлеуметтік бағдарламалардан тиесілі 5 000 евролық пайдадан қағылады. Ол шекті салықтың 80 пайыздық көмескі көрсеткішіне тап болады! Оның отыз пайызы – жоғары салық көрсеткіші, ал қалған 50 пайызы – трансферттік төлемдерден жоғалған пайда.
Осылайша қосымша 10 000€ тапқан адамның қолында оның 20% ғана қалады. Бұл олардың табыс табу ынтасын азайтып, табыс баспалдағымен өрлеуін қиындатары анық. Бұл тақырыпқа 3-бөлімнің 8-тармағында трансферлеу бағдарламаларының кедейлік көрсеткішіне әсерін қарастырғанда ораламыз.
Түйіндей келгенде, экономикалық талдау трансферттік пайданы жоғалтуды білдіретін көмескі көрсеткіштерді қосқандағы салықтың жоғары мөлшері өнімді әрекетті кемітеді, жұмыспен қамту мен инвестциияның екеуіне де кесірін тигізеді және ресурстардың рәсуа болуына себеп болады. Олар өркендеу мен табыстың өсуі жолындағы кедергі. Оған қоса, экономикалық құлдырау кезінде салық мөлшерін қатты өсіру экономикаға күйретерлік соққы береді.
Әрине, салық мөлшерінің төмен болуы салық жоқ дегенді білдірмейді. Нарықтың ұсынуы қиын кей тауар мен қызметті үкімет қамтамасыз етуінің заңды себептері бар екенін алдағы 3-бөлімде қарастырамыз. Ынталандырудың әсері мен күтпеген салдарларын қарастырғаннан кейін қоғам да табыс бөлісін өзгерту үшін салық пен ақша жұмсау тәсілдерін қалайтын-қаламайтынын шеше алады. Алда 3-бөлімде де айтылатындай, салық пен үкімет жұмсайтын қаражаттың (фискалды саясат деп аталады) экономикалық әрекетке тән тербелістерді азайтуда белгілі бір рөл атқаратынына көп экономист сенеді.
Әрине, салық ауыртпалығы тартылған қаржы салмағынан да ауыр (әсіресе, әлгі қаржы өнімділікті арттыруға арналаған қоғамдық инвестицияға бағытталған кездері). Жоғары салық ауыртпалығы фирмаларды көлеңкелі экономикада жұмыс істеуге итермелейтін кездері олар салық шенеуніктерінің көзіне түспейік деп, өзіне тиімсіз болса да, шағын болып қалуға ұмтылуы ықтимал. Оған қоса, салық жүйесі ауқымды және күрделі болған сайын әлгі фирмалар салықты дұрыс төлеу үшін көбірек уақыт пен ақша жұмсайды.
Күрделі мәселелерге индекс түзу әрдайым қиын және оның нәтижесі күмән тудырып жатса да, Дүниежүзілік банк «Doing Business» көрсеткішінің бір бөлігі ретінде жасаған салық ауыртпалығының бағалауы (онда салық мөлшері мен оның күрделілігі қамтылған) дұрыс сияқты көрінеді.(39) 2019 жылғы рейтингте салық тұрғысынан ең жайлы елдер қатарында Гонконг,(40) Сингапур, Жаңа Зеландия, Ирландия және Финляндия сияқты біз күткен бірнеше ел бар (оған қоса мұнайдан түсетін кіріс есебінен фирмаларға салық салынбайтын Парсы шығанағындағы бірнеше шағын ел де бар). Венесуэла, Сомали, Боливия, Чад және Орталық Африка Республикасы сияқты салық тұрғысынан ең жайсыз елдер де дұрыс көрсетілген сыңайлы. Посткоммунистік елдер арасында салмағы ең аз салық жүйелері мыналар: Эстония (12-орын), Грузия (14-орын), Латвия (16-орын) және Литва (18-орын). Транзиттік экономикалардың орташа көрсеткіші 67- орында, Грекиямен шамалас тұр, бұл әрине үлгі боларлық нәтиже емес. Егер посткоммунистік елдер салық ауыртпалығын Балтық жағалауы елдері мен Грузия сияқты көшбасшылар деңгейіне дейін түсірсе, олардың өсу көрсеткіші көтерілері анық.
2.7-элемент: Еркін сауда
Егер адамдар басқа елдермен сауда жасай алатын болса, олардың табысы артады.
Еркін сауда дегеніміз адамдарға өз қалауы бойынша сатып алуына және сатуына мүмкіндік беру. Қорғау тарифтері деген блокада жасаушы эскадрильялар сияқты күш қолдану іспетті, екеуінің мақсаты да бір – сауда-саттыққа жол бермеу. Бұл екеуінің айырмашылығы–блокада флоты мемлекеттің жауларын саудаға қатыстырумау мақсатында қолданатын құралы болса, қорғау тарифтері мемлекет өз халқын сауда-саттыққа қатыстырмайтын құрал.(41)
Халықаралық сауда қағидалары негізінен кез келген ерікті айырбас астарындағы қағидаларға ұқсас. Елішілік сауда-саттық сияқты халықаралық сауда да сауда серіктестерінің әдеттегіден көбірек тауар мен қызмет өндіріп, тұтынуына жол ашады. Оның үш себебі бар.
Біріншіден, әр ел халқы тауар не қызметті ел ішінде өндіргеннен гөрі сауда арқылы арзанырақ бағаға сатып алса, ұтады. Түрлі елдердің ресурс қоры айтарлықтай әртүрлі. Бір елде өндіру қымбатқа түсетін тауарларды өзге елде өндіру үнемді болуы мүмкін. Мысалы, Бразилия мен Колумбия сияқты климаты жылы әрі ылғалды елдер кофе өндіруге мамандануды пайдалы көреді. Молдова мен Грузия сияқты қоңыржай континентал климатты елдер шарап жасау мен жеміс бақтарын өсіруге маманданған, ал Сібір мүкжидек экспорттайды. Жері үлкен, халқы аз Канада мен Аустралияда кәсіпкерлер бидай, жемдік астық және сиыр еті сияқты кең жер аумағын қажет ететін кәсіпке бейім. Жері тапшы, еңбек күшінің біліктілігі аса жоғары Жапония камера, автокөлік және электронды өнімдер сияқты тауар шығаруға маманданған. Сауда-саттық әр кәсіп иесінің өз ресурстарын құны жоғары өнім шығаруға жұмсамай, өзі жақсы жасай алатын іске салып, көбірек өнім шығарып сатуына мүмкіндік береді. Мамандану мен сауда нәтижесінде жалпы өнім көлемі артып, әр елдегі адамдар сауда болмаған кездегіден жоғары өмір стандартына қол жеткізе алады.
Екіншіден, халықаралық сауда арқасында отандық өндірушілер мен тұтынушыларға ірі өнеркәсіптерді сипаттайтын ауқымды экономикадан пайда алуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе шағын елдер үшін айырықша маңызды. Халықаралық сауда жағдайында отандық өндіруші ауқымды жұмыс істеп, өнімнің бір данасының шығынын тек отандық нарыққа қарап отырған кездегіден гөрі азайта алады. Мысалы, сауда-саттық арқасында Коста-Рика, Гватемала, Тайланд және Вьетнам сияқты елдердегі текстиль өндірушілер кең ауқымды өндірістің артықшылықтарын пайдаланып отыр. Егер олардың өнімді сыртқа сату мүмкіндігі болмаса, бір өнім шығыны әлдеқайда жоғары болар еді, себебі олардың жергілікті текстиль нарықтары осы индустрияда қызмет құны арзан, үлкен фирмаларды ұстау үшін тым шағын. Бірақ халықаралық сауданың арқасында бұл елдердегі тоқыма компаниялары үлкен көлемдегі тауарларды өндіріп, сата алады және халықаралық нарықта тиімді бәсекелесе алады.
Халықаралық сауда отандық тұтынушылардың да шет елдердегі ірі өндірушілерден тауар алып, ұтымды сауда жасауына жол ашады. Қазіргі ұшақтарды жобалау және инженерлік схемасына кететін қомақты шығынды ескерсек, тым құрыса жалғыз ұшақ өндірушінің ірі ауқымды өндіріс есебінен үнемдеуді толық жүзеге асыруға жететіндей ішкі нарық жоқ бір де бір елде жоқ. Дегенмен халықаралық сауда арқасында Boeing пен Airbus төменгі бағамен көп ұшақ сатады. Соның нәтижесінде әр елдегі тұтынушылар осындай ірі ауқымды өндірушілерден үнемді бағаға сатылып алынған ұшақтармен ұшып жүр.
Үшіншіден, халықаралық сауда отандық нарықтағы бәсекені қыздырып, тұтынушының тауарлардың үлкенірек ассортиментін арзанырақ бағаға сатып алуға мүмкіндік береді. Шетелден келетін бәсеке отандық тауар өндірушілерді аяққа тұрғызуда. Бәсеке оларды өнім сапасын жақсартып, бағасын төмен ұстауға мәжбүрлейді. Сонымен қатар шет елдерден келетін тауарлардың алуан түрлілігі тұтынушыларға әлдеқайда көп таңдау түрін қолжетімді етеді.
Үкіметтер халықаралық сауданы шектейтін ережелерді жиі қабылдайды. Олар тариф (импортталатын тауарға салық), квота (импорт мөлшерін шектеу), айырбас бағамын бақылау (импортты тиімсіз етіп, экспортты ынталандыру үшін отандық валюта құндылығын жасанды түрде төмен ұстау) немесе импорттаушылар мен экспорттаушыларға қатысты бюрократиялық ережелерді қолдану. Мұндай сауда-саттық шектеулерінің бәрі транзакциялық шығынды арттырып, айырбас пайдасын кемітеді. Осы элементтің басында келтірілген Генри Джордждың дәйексөзіндегідей, сауда шектеулері мемлекет өз халқына қатысты қолданатын әскери блокада сияқты. Жау құрған блокада халыққа зиянын тигізетіні сияқты сауда-саттыққа шектеу түріндегі блокада енгізу де халыққа зиянын тигізеді.
Қандай да бір елді еркін сауданы қолдаушы деуге бола ма? Егер жергілікті сауда үйінде және супермаркетте өнімнің барлық түрі бар болса, бұл ел еркін сауданы қолдайтындай көрінуі мүмкін, бірақ әрдайым олай емес. Мысалы, Украинда өнеркәсіп тауарларының орташа тарифі 10 пайыздан асады, ал ауыл шаруашылық тауарларына 20 пайызға дейін жетеді. Өзге тауарлардың импорты тіпті тиімсіз етілген, қанттан 50%, ал күнбағыс майынан 30% баж салығы алынады. Болгарияда ЕО-дан тыс елдерден келетін импорттың тарифтік көрсеткіші 5-45% аралығында. АҚШ сүт өнімдері, қант, этанол, мақта, сиыр еті, консервіленген тунец және темекіге квота енгізген. Квотадан тыс импортқа аса жоғары тариф қолданылады.
Тарифке қоса ел өзге елдерден немесе нақты бір елдерден келетін тауарларға квота енгізуі (импортталатын мөлшерді санмен шектеу) немесе мүлдем тыйым салуы мүмкін. Тариф, квота мен тыйым сауда-саттық саясатынан өзге мақсаттарға да қолданылуы мүмкін. Мысалы, Украинамен қақтығыс басталғаннан кейінгі саяси дауларға жауап ретінде Ресей Еуропалық одақ, АҚШ, Канада, Аустралия және Норвегиядан келетін барлық дерлік ауыл шаруашылық өнімдері импортына тыйым салды. 2018-2019 жылдары АҚШ президенті Трамп Қытаймен пікірталас басталғанда тариф саясатын қолданды.
Экономист емес тұлғалар импортты шектеу жұмыс орындарын ашады дегенді жиі айтады. Бірінші бөлімдегі 9-элементте жазылғандай, жұмыс орындары емес, құндылық түзу маңызды. Егер жұмыс орындары жоғары табыстың кілті болса, біз қалағанымызды оңай құра алар едік. Бәріміз бір күн шұңқыр қазып, келесі күні оны толтырып жұмыс істер едік. Бәріміздің жұмысымыз болар еді, бірақ бәріміз сіңірі шыққан кедей болар едік, себебі жанағы атқарылған жұмыс адамдар бағалайтын тауар мен қызметті тұғызбайды.
Импортты шектеу жұмыспен қамтылуды жақсартуы мүмкін, себебі шектеулер қорғайтын индустриялардың ауқымы артуы немесе жоқ дегенде орнықты болып қалуы ықтимал. Алайда бұл жәйт шектеулер жалпы жұмыспен қамту көрсеткіштерін жақсартады дегенді білдірмейді. Бірінші бөлімнің 12-элементінде пысықталған кейінгі әсерлерді еске түсіріңіз. Бір ел шетелдіктердің сол елде тауар не қызмет сату қабілетін шектеу үшін тариф, квота және өзге барьерлерді енгізгенде, әлгі ел шетелдіктердің сол елден сатып алу қабілетін де азайтады. Бір елге импорттың келуі өзге елдегі адамдарға әлгі импорттаушы елден тауар экспорттауға немесе сол елге инвестиция салуға қажетті сатып алу қабілетін береді. Сондықтан импортты шектеу жанама түрде экспортты кемітеді. Экспорттық секторлардағы өндіріс пен жұмысбастылық төмендеп, қорғалатын салалардағы қандай болса да «сақтаған» жұмыс орындарын алмастыруда.(42)
Сауда-саттықты шектеу жұмыс орындарын ашпайды және құртпайды, ол оларды қайта бөледі.(43) Шектеулер жұмысшылар мен өзге ресурстарды өзге елдердегіден жоғары шығынмен өндірілетін заттар өндірісіне бағыттайды. Ел ресурстары өнімдірек қолданылатын, яғни егер шектеу ықпалы болмаса, фирмалары әлемдік нарық бәсекесіне ұтымды түрде төтеп бере алатын салалар өнімі мен жұмыспен қамтылу көрсеткіші кемиді. Осылайша, жұмыс күші мен басқа ресурстар өнімділігі жоғары салалардан өнімділігі төмен салаларға ауысады. Мұндай саясат өндіріс көлемін де, оны қабылдаған елдердің кіріс деңгейін де төмендетеді.
Табысы жоғары елдердің жұмысшылары күніне кейде 2-3$ ғана табатын шетелдіктермен бәсекелесе алмайды дегенге сенетіндер көп. Бұл көзқарас қате және ол жоғары жалақы көзі мен салыстырмалы артықшылық заңының екеуін де жаңсақ түсінуден туындайды. Табысы жоғары елдердегі жұмысшылар жақсы білім алған, олардың біліктілігі жоғары және олар көп өндіріс құралдарымен жұмыс істейді. Бұл факторлар олардың жоғары өнімділігіне үлес қосады, жоғары жалақы көзі – осы жоғары өнімділік. Бурунди мен Эфиопия сияқты табысы төмен елдерде жалақының төмен болу себебі дәл осы өнімділіктің төмен болуында жатыр. Украиналықтардың орташа табысы бурундиялықтардың орташа табысынан 25 еседен көп екендігі украиналықтардың бурунди кофесін рахаттанып ішуіне кедергі келтірмеуі керек.
Әр мемлекет әрдайым өзгелерден жақсырақ істейтін өндіріске ие бола алады. Ресурстарының көбін салыстырмалы түрде өзгелерден жақсырақ жасайтын өнімді әрекеттерге қолданғанынан жоғары және төмен жалақылы елдің екеуі де ұтады. Егер жалақысы жоғары ел бір өнімді шетелдік өндірушілерден өз елінде өндіргеннен төменірек бағаға импорттай алса, оны импорттағаны жөн. Ел ішінде тек жоғары шығынмен өндірілуі мүмкін тауарларды ұсынуға аз ғана ресурс кетеді, ал көп ресурс отандық өндірушілер төмен шығынмен өндіре алатын тауар мен қызметтерге бағытталады.(44) Сауда-саттық жалақысы жоғары және төмен елдің екеуінің де жұмысшыларына көбірек өнім өндіруіге жол ашады. Ал өнімділіктің жоғары деңгейі екі елдегі жалақыны өсіреді.
Шетелдік өндірушілер бір тауарды отандық өндірушілер бәсекелесе алмайтындай арзан бағаға(45) ұсына алса не істеу керек? Мұндайда экономикалық тұрғыдан тиімді өнімді қабылдап, отандық ресурстарды өзге заттарды өндіруге қолданған жөн. Біздің өмір стандартымызды жақсартатын жұмыс орыны емес, тауар мен қызметтің қолжетімділігі екенін есте ұстаңыз. Француз экономисі Фредерик Бастиа бұл ойды 1845 жылы жазған «Балауыз шырақ жасаушылар петициясы» сатиралық очеркінде жақсы ашып көрсеткен. Петиция Францияның депутаттар палатасына шырақ, шам және өзге де үй ішін жарық қылатын құралдар шығарушылар атынан жазылған. Петицияда отандық жарық құралдарын ұсынушылардың қиналысы былай сипатталған: «Жарық жасап шығаруда біздікінен әлдеқайда жақсы жағдайда жұмыс істейтін шетелдік бәсекелестің жойқын бәсекесінен қиналып жатырмыз, әлгі бәсекелес отандық нарықты өте төмен бағамен жаулап алды. Ол көрінген сәттен бастап-ақ біздің саудамыз тоқтайды, барлық тұтынушы соған бет бұрады, сөйтіп талай тармағы бар отандық индустрия бірден тұралап қалады».
Әрине, қарсылас деп отырғаны – Күн. Арыз жазушылар күн сәулесі ғимараттарға кірмес үшін депутаттардың терезе, жалюзи және саңылауларды жабуды талап ететін заң шығаруын өтінді. Ғимарат ішіне күн сәулесін түсіру заңға қайшы етілсе, жарықтандыру индустриясындағы жұмыс орындары көптеп ашылатын мамандықтар тізімі петицияға қоса берілген. Бастианың осы сатиралық очеркпен айтпақ ойы анық: Арызда ұсынылған заң қаншалықты ақылға қонымсыз болғанымен, отандық өндірушілерді «қолдап», жұмыспен қамтылуды жақсарту мақсатында бағасы төмен тауар мен қызметтің қолжетімділігін азайтатын заңдар одан да сорақы.
Соңғы бірнеше онжылдықта тасымал құны төмендеп, сауда кедергілері азайды. Сауда кедергілерін жою табысы төмен елдерде қатты байқалды. 1980 жылы кедей, нашар дамыған елдер 20% немесе одан жоғары тарифті көптеп енгізетін. Сонымен қатар көп ел валюта айырбастауды қадағалады, ел азаматтарының шетелдік валюта алуы қиындаса, импорт сатып алу ықтималдығы да азяды. Қазіргі жағдай мүлдем басқа. 1980-жылдардан бастап дамуы артта қалған елдер, соның ішінде Қытай мен Үндістан, тарифтерін түсіріп, валюта айырбастау қадағалауын жеңілдетті және өзге де сауда барьерлерін жойды. Соның нәтижесінде халықаралық сауда қарқынды өсті.
Халықаралық сауданың өсуі әлемнің шығым мөлшерін ұлғайтып, тұтынудың жоғары деңгейіне көтерілуіне жол ашты. Нашар дамыған елдердің көбінде, әсіресе Азиядағы халқы көп елдерде жан басына шаққандағы табыс қарқынды өсті. Cауда еркіндігінің артуынан әсіресе кедейлер ұтты. 1980-2015 жылдары әлем бойынша сіңірі шыққан кедейлер саны 1,1 млрд адамға азайды, әлем халқының 40 пайызын құраған бұл категория үлесі 10 пайыздан төмен шамаға түсті. Қазір дамушы елдер экспорттайтын өнімдердің шамамен үштен екісінде тариф жоқ.
Оған қоса, халықаралық сауданың өсуі бай және кедей елдер табысының алшақтығын азайтты. Соңғы онжылдықтарда нашар дамыған елдер табысы жоғары дамыған елдерден гөрі қарқынды дамыды. Әлем халқының үштен бірі тұрып жатқан Қытай мен Үндістанда табыс айырықша қарқынды өсті. Соның нәтижесінде, әсіресе 2000 жылдан бері әлем бойынша табыс бөлісі теңесіп келеді.(46)
Дегенмен сауда-саттықтың өсуінің табыс бөлісіне әсері АҚШ, Канада, Жапония және Батыс Еуропа мемлекеттері сияқты табысы жоғары елдерде өзгеше болып жатады. Болжам бойынша, табысы жоғары елдер біліктілігі жоғары, жақсы білім алған еңбек күшін көп қажет ететін тауарларды экспорттауға тырысады да біліктілігі төмен жұмысшылар өндірген тауарлардың салыстыруға келмейтін мөлшерін импорттайды. Сондықтан сауда-саттық біліктілігі төмен еңбек күшімен салыстырғанда біліктілігі жоғары еңбек күшіне сұранысты арттыруы мүмкін. Соңғы онжылдықтарда табысы жоғары елдердің барлығында дерлік табыс теңсіздігі өсіп кетті, оған халықаралық сауданың өсуі қомақты үлес қосқан сыңайлы.
Қазір табысы жоғары бірнеше елде халықаралық саудаға наразылық күрт өсіп кетті. Жетекші саяси тұлғалар түрлі сауда барьерлерін, нақтылай айтқанда кедей елдерден келетін импортқа қатысты шектеу енгізуге шақыруда. Бұл наразылық табыс теңсіздігінің артуы мен біліктілігі мен білімі төмен жұмысшылар табысының баяу өсуінен туындады. Бірақ бұл жерде мүддесі жақсы қорғалатын топтардың саяси ықпалы секілді тағы бір маңызды фактор бар. Сауданы шектеу нақты бір өндірушілер мен оларға шикізат ұсынушыларға, соның ішінде жұмысшыларға пайдалы, есесіне одан өзге индустриялардағы тұтынушылар мен өндірушілер ұтылады. Әдетте шетелдік қарсыластан қорғауды өтініп, үкіметке ықпал ететін салалар жақсы ұйымдасқан, олардың табысы бір салада шоғырланған және жақсы көрінеді, ал тұтынушылар, өзге жұмысшылар мен өзге ресурстарды өндеушілердің жалпы ұйымдасуы нашар және олардың халықаралық саудадан көрер пайдасы шашыраңқы. Топ мүддесінің саяси ықпалы (сыйлықтар және саяси қолдаудың өзге түрі) көбірек боларын аңдау қиын емес, соның арқасында саясаткерлер осы топ көзқарасын жақтауға қатты ынталы болады.
Оған қоса, мысалы, болат шетелде арзанға өндіріліп, баж салығынсыз шетелден әкелінгенде, жұмысынан айырылған жұмысшыларға келген зиянды көру оңай. Ал, еркіндеу сауданың көмегі тигендердің көрген пайдасы аса көрінбейді. Сауда-саттықты шектеу кезінде мықты экономикалық ой жеңімпаз партия стратегиясына жиі қайшы келіп жатады.
Сауда-саттыққа қарсы шығудың ықтимал қатері көп екенін тарих көрсетті. 1920-жылдардың соңында экономикалық қатынастар баяулағанда сауда-саттыққа осындай наразылық қалыптасты. Сөйтіп 1930 жылдың ортасында АҚШ-та Смут-Хоули тарифі туралы заң қабылданды. Бұл заң импортталатын 3 200-ге жуық өнімнің баж салығын 50 пайыздан астамға көтеріп тастады. Президент Герберт Гувер, сенатор Рид Смут, конгрессмен Уиллис Хоули және заңның өзге де қолдаушылары жоғары тариф экономикаға стимул беріп, жұмыс орындарын сақтап қалады деп ойлады. Хоули осы орайда былай деген еді: «Мен америкалық жұмысшылардың жұмысы болып, америкалықтардың тұтынуына қажетті америкалық тауарларды өндіргенін көргім келеді».(47)
Шешендік сөздер жалынды болғанымен, тариф нәтижесі мүлдем өзгеше болды. Тарифтің көтерілуі шетелдіктердің шамына тиіп, алпыс ел АҚШ өнімдеріне тарифті жоғарылатты. Халықаралық сауда да, АҚШ-тағы өндіріс те құлдырап кетті. 1932 жылы АҚШ-тың сауда-саттық ауқымы Стоут-Хоули заңына дейінгі көрсеткіштің жартысынан да төмен түсіп кетті. АҚШ сауда-саттықтан түсетін пайдадан қағылды, федерал үкіметтің тарифтік түсімдері азайды, өндіріс пен жұмыспен қамтылу көрсеткіштері құлдырады, ал жұмыссыздық көрсеткіші көкке ұшты. Смут-Хоули заңы күшіне енгенде жұмыссыздық көрсеткіші 7,8% еді, бірақ ол екі жылда 23,6 пайызға бірақ көтерілді. 1929 жылдың қазанындағы дағдарыста жоғалтқан позицияларын толық дерлік қайтарып, оңалып келе жатқан акция нарығы заңды қабылданғаннан кейінгі бірнеше айда қайта құлдырады.
Мыңнан астам экономист президент Гуверге Смут-Хоули заң жобасының келтірер залалын ескерткен ашық хат жазып, заң жобасына қол қоймауды өтінген еді. Ол бұл өтінішті қабыл алмады, бірақ экономистер ескертуінің дұрыстығын тарих көрсетті. Ақша ұсынысын күрт қысқарту және 1932, 1936 жылдарда салық мөлшерін едәуір өсіру сияқты өзге факторлар экономиканы Ұлы депрессияға ұрындырды. Смут-Хоули сауда заңы сол кезеңдегі қайғылы оқиғалардың басты себебі болды.
Тарих қайталана ма? Қайталанбаса екен деп үміттенеміз, бірақ 1930-жылдардағы жәйттер жетесіз саяси риторика мен сауда-саттыққа қарсылық апатқа апарып соғарын көрсетті.
Соғыстан кейінгі кезеңдердегі халықаралық сауда әсеріне қарасақ, Батыс Еуропаның ашықтық дәрежесі қос дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалардың оңалу жылдамдығы мен ауқымына әсер еткені анық көрінеді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі он жылдағы Батыс Еуропадағы экономикалық тұрақсыздық пен Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі он жылдағы экономикалық оңалудың айырмашылығы таңдай қақтырарлық, бұл айырмашылық сауда саясатының өзгешелігімен тығыз байланысты.(48) Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономика құрылымын қайта құруда соғыс кезінде қойылған және одан кейін нығая түскен сауда барьерлерін азайтуға септесетін институционалды тетік болмады. 1945 жылғы Германия жеңілісінен екі жыл ғана өткен соң жиырма үш ел тарифтерді түсіруге уағдаласып, Тариф және сауда бойынша бас келісімге (GATT) қол қойды. Соғыс біткеннен кейін бес жыл ғана уақыт өткенде Батыс Еуропаның басты елдері GATT келісімі мүшелері қатарын кеңейтіп, импорт тарифтерін әрі қарай түсірген үш дербес келіссөздер раундын өткізді. GATT келісімінің басты жетістігі – 1947 жылы Женевада өткен бірінші келіссөз айналымда тарифтердің едәуір түсірілуі. Тарифтердің күрт төмендеуі 9-кескінде берілген.(49)
9-кескін: Кейбір елдердегі кеден тариф деңгейі (%)
1913 | 1925 | 1927 | 1931 | 1952 | |
Бельгия | 9 | 7 | 11 | 17 | N/A |
Франция | 14 | 9 | 23 | 38 | 19 |
Германия | 12 | 15 | 24 | 40 | 16 |
Италия | 17 | 16 | 27 | 48 | 24 |
Нидерланды | 2 | 4 | N/A | N/A | N/A |
Ұлыбритания | N/A | 4 | N/A | 17 | 17 |
АҚШ | 32 | 26 | N/A | N/A | 16 |
Ескерту: Кейбір жылдар салыстыруға келмейді.
Дереккөз: 1913-1925 жылдардың есептеулері Ұлттар Лигасынан, Сауда және тариф бойынша басты келісімде хабарланғандай (1953) 62-бетінен, және 1952 жылғы GATT есебі есептеулерінің дереккөзінен алынды. 1927, 1931 жылдардың тариф деректерін мына жерден қараңыз: Liepmann (1938), p. 415, and Kitson and Solomou (1990), p. 65-6, for the United Kingdom in 1932.
10-11-кескіндер(50) Батыс Еуропадағы басты бес мемлекет – Франция, Германия, Италия, Нидерланды және Ұлыбританияның екі соғыстан кейінгі экспорт мөлшері мен нақты табысын көрсетеді.
Еуропаның аймақтық және халықаралық саудасындағы үкімет шектеулерін алып тастау әр экономиканың өз салыстырмалы артықшылығына сай мамандану пайдасын көруіне және соның арқасында қарқындырақ өсуіне жол ашты.
2-бөлім Қорытынды ойлар
Институттар мен саясаттардың маңыздылығы
Экономикалық өсу мен дамуға түрткі болатын басты факторлар экономикалық институттар мен саясат деп тұжырым жасаған ғылыми зерттеулер соңғы жылдары күрт көбейді. Экономикалық институттар деп экономиканың жұмыс істеу негізін құрайтын заңды талаптарды, ережелерді, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды айтып отырмыз. Оларға конституциялық мандат, құқықтық үдерістер, өзгеріс жасайтын ереже және монетарлық құрылымдары кіреді. Экономикалық саясаттар институттармен салыстырғанда әлдеқайда жылдам өзгертуге болатын нақтырақ саяси әрекеттер деп анықталады.
Институттар мен саяси шешімдер экономикалық өсу, даму және көрсеткіштерге әсерін талдайтын зерттеу саласын Жаңа институционалдық экономика деп атайды. Өндірісті гүлдетіп, зиянды әрекеттерге жол бермейтін институттар мен саяси шешімдер экономикалық өркендеудің негізі. Коммунизмнен капитализмге өту кезінде қалыптасқан институттардың жетілуін зерттеген талай эконометриялық зерттеу жақсы институттарды жылдам түзген елдердің жалпы экономикалық тұрғыдан өте жақсы көрсеткішке жеткенін анықтады.(51)
Қарқынды өсуге ең қажетті нақты институттарды атауға қатысты біраз пікірталас бар болғанымен, жеке меншік құқығының сенімді сақталуы, ашық нарықтар, монетарлық тұрақтылық және минимал сауда шектеулері мықты институционалды орта қалыптастырудың маңызды екенімен көпшілік келіседі. Осы сегментте Жаңа институционалды экономика аясындағы ойлар жазылған.
Институттар мен саясаттардың маңызы қаншалықты? Бұл сұраққа жауап беру үшін түрлі елдердің институттары мен стратегияларын салыстыруымыз керек. 1980-жылдардың ортасынан бері Канададағы Ванкувер Фрейзер институты бірқатар серіктестерімен бірге «Әлемнің экономикалық еркіндігі (EFW)» атты экономикалық еркіндіктің еларалық есебін жасап келеді. Ол үкімет аппараты ауқымын, құқықтық жүйе мен жеке меншік құқығы, ақша күші, сауда жасау еркіндігі мен мемлекеттік реттеу ортасын көрсетеді. Қазір төрткүл әлемдегі көп ұйым жариялап жүрген бұл көрсеткіш елдің институттары мен саясатының экономикалық еркіндікпен қаншалықты үндес екенін өлшейді. Ол үкімет аппараты ауқымын, құқықтық жүйе мен жеке меншік құқығы, ақша күші, сауда жасау еркіндігі мен мемлекеттік реттеу ортасын көрсетеді. Индекс 42 түрлі компоненттен құралған және 160 елдің рейтингін түзеді, бұл елдердің кейбірінің 1980 жылдан бергі мәліметі бар, кейбірі бұл сапқа кейіннен енген.
EFW көрсеткіші осы кітапта ілгеріде айтылған ойларды көрсетеді. EFW рейтингінде жоғары сатыға көтерілгісі келген ел жеке меншікті мықты қорғап, келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз етіп, монетарлық ортасын тұрақтандыруы тиіс. Оған қоса салық деңгейін төмен ұстап, отандық және халықаралық сауданың екеуіне де тосқауыл қоймай және игілік пен ресурстарды бөлгенде мемлекеттік реттеу мен шығынға сүйенбей, бұл істі толықтай нарыққа беруі керек. Егер осы институционалды және саяси факторлары расында да экономикалық көрсеткіштерге әсер етсе, EFW рейтінгі ұдайы жоғары елдер рейтингі ұдайы төмен елдерден әлдеқайда жақсы өмір сүреді.
12-кескін 2016 жылы EFW рейтингінің ең басындағы және ең соңындағы он елдің 2017 жылғы жан басына шаққандағы табысы мен экономикасының даму қарқынын көрсетеді. Рейтинг басындағы елдер тосыннан іріктелген жоқ, Грузия мен Маврикий мұнда соңғы экономикалық реформалары нәтижесі арқасында көтерілген. Рейтинг соңында Венесуэла тұр. Кезінде Оңтүстік Американың ең өркендеген елдерінің бірі болған Венесуэла Чавес/Мадуро үкіметі кезінде коммунистік/социалистік экономикалық жоспарлаудың масқара сәтсіздігінің айқын мысалына айналды. Экономикалық еркіндігі ең жоғары елдерде 2017 жылы жан басына шаққандағы орташа табыс 56 749 долларды құрады, бұл экономикалық еркіндігі ең төмен елдер көрсеткішінен жеті есе дерлік көп.
Экономикасы еркін елдердің өсу көрсеткіші де үнемі оң болғанын да 12-кескіннен көруге болады. Еркіндігі ең аз елдердің өсу көрсеткіштері алуан түрлі. Кейбірі тұрақтылық кезеңінде және есеп өсу көрсеткіші төмен жылдардан басталған жағдайларда қарқынды өскен, ал өзгелерінің, әсіресе нашар саясатпен, ұстанғандарының өсу қарқыны уақыт өте келе кеміп те кеткен. Үздік топтың жылдық орташа өсу көрсеткіші 3,7%, ал тізім соңындағы топтың көрсеткіші -0,4 пайызға тең.
12-кескін: Экономикалық еркіндік, табыс және экономикалық өсу
Экономикалық еркіндік | Ел | 2017 жылғы жан басына шаққандағы ЖІӨ | 2013-2017 жж жылдық өсу көрсеткіші |
Ең үздік 10 ел, 2016 | |||
1 | Гонконг | $61,540 | 2.8% |
2 | Сингапур | $93,905 | 3.5% |
3 | Жаңа Зеландия | $40,917 | 3.3% |
4 | Швейцария | $65,006 | 1.8% |
5 | Ирландия | $76,305 | 9.4% |
6 | АҚШ | $59,532 | 2.2% |
7 | Грузия | $10,689 | 3.7% |
8 | Маврикий | $22,279 | 3.7% |
9 | Ұлыбритания | $43,887 | 2.2% |
10 | Аустралия | $47,047 | 2.4% |
10 | Канада | $46,378 | 2.2% |
ОРТАША | $56,749 | 3.7% | |
Тізім соңындағы 10 ел, 2016 | |||
153 | Судан | $4,904 | 2.8% |
154 | Гвинея-Бисау | $1,700 | 4.5% |
155 | Ангола | $6,389 | 1.1% |
156 | Орталық Африка Республикасы | $726 | -4.4% |
157 | Сирия | $2,900 | N/A |
157 | Конго республикасы | $887 | 6.1% |
159 | Алжир | $15,275 | 3% |
160 | Аргентина | $20,787 | 0.7% |
161 | Ливия | $19,631 | -9.2% |
162 | Венесуэла | N/A | -7.8% |
ОРТАША | $8,133 | -0.4% |
Дереккөз: Дүниежүзілік банк мәліметі.
Ескертпе: Жан басына шаққандағы ЖІӨ сатып алу қабілеті паритеті негізінде есептелді.
Табысы төмен елдер жақсы экономикалық институттар мен саясаттар құрғанда, олар айырықша жоғары өсу көрсеткішін көрсетіп, табысы жоғары индустриалды елдермен табыс алшақтығын азайта алады. 1980 жылы халқы ең көп екі ел – Қытай мен Үндістан да әлемнің экономикалық еркіндігі ең төмен елдері сапында еді. 1980-1990- жылдары олар экономикалық еркіндікпен үндес саясаттарды ұстанып, қазір жылына 6% немесе одан жоғары таңғаларлық экономикалық өсу қарқынына жетіп отыр.
Жоғарыдағы мысалдан еркін елдер жақсырақ экономикалық жетістікке жетеді деп тұжырым жасауға болғанымен, бұл қалыпқа салуға келмейтін елдер әрдайым болады. Олар елдерді топтастырсақ айқын көрінеді. 13-кескінде елдер төрт топқа (квартильге) бөлінген, әр топта EFW рейтингінің төменнен жоғарыға қарайғы тізіміндегі елдердің 25% топтасқан және олардың ұзақ мерзімдегі табысының орташа көрсеткіші берілген. Қазіргі табыс 10 жыл не одан көп уақыттағы табыс әсерін көрсететіндіктен, айырмашылық айқын көрінеді. Қазір экономикасы еркін елдердің соңғы жылдардағы еркін болған мерзімі де көбірек деген тұспал жасасақ (бұл тұспалды тереңірек талдау растайды), еркінірек экономикалардың табыс деңгейі де жоғарырақ екені көрінеді (1995-2016 жылдардағы екі онжылдықтағы орташа ұпайлармен өлшенді). Ең еркін елдердің 2016 жылғы жан басына шаққандағы орташа табысы 40 376$ болды, бұл еркіндігі ең аз елдер көрсеткішінен жеті есе көп.
Еркіндеу елдер жалпы жақсырақ өркендеп қана қойған жоқ, еркіндеу экономика пайдасы кедейлеу үй шаруашылықтарына да тиді. 14-кескін экономикалық еркіндігі деңгейі бойынша топтастырылған елдер халқының ең кедей 10 пайызының жан басына шаққандағы орташа табысын көрсетеді. Еркіндіктің өз артықшылығын қарастырмағанның өзінде, таңдау берілсе, кедей үй шаруашылығының еркін қоғамда өмір сүруді таңдары анық. Осы айқын айырмашылық соңғы жылдары көп елдегі қоғамдық саясатқа қатысты пікірталастардың басты тақырыбына айналған миграция тақырыбының басын ашады.
Әрине, кедейлікті өлшегенде халықтың ең кедей 10 пайызының табысын қолдану шатастыруы мүмкін. Ең кедей 10% бай елде жақсы өмір сүре алады, бірақ кедей елде ең кедей 10% шынымен зардап шегіп өмір сүреді. Дүниежүзілік банк анықтаған «өте кедей» немесе «орташа кедей» күйінде өмір сүретін халық үлесін көрсететін 15-кескінді қарайық. Төтенше кедейлік күніне бір адамға 1,90 долларға өмір сүруді білдіреді, ал орташа кедейлік күніне 3,20 доллардан азды білдіреді (баға айырмашылығына түзетілген АҚШ доллары).(52) Экономикалық еркіндік деңгейі жоғары елде өмір сүру артықшылығы оңай көрінеді — мұндай ел азаматтарының кедей болуы екіталай. Жаһандық деңгейде әлем бойынша кедейшілікті жоюда үлкен жетістіктерге жетті. Дүниежүзілік банк дерегінше, 1981 жылы халықтың 42% өте кедей болған. 2016 жылы бұл көрсеткіш 10 пайыздан да төмен түскен. Алар асу әлі алда болғанымен, АҚШ президенті Рональд Рейган (1981–1989) мен Ұлыбритания премьер-министрі Маргарэт Тэтчердің (1979–1990) нарықтық экономикаға баса назар аударуы осы ілгерілеушілікке жол ашқан басты фактор екені анық.
Әрине, әлемнің әл-ауқатының жақсаруының жалғыз өлшемі ақша ғана емес. Экономикасы еркін елде өмір сүру өзге жәйттер тұрғысынан да қолайлы. Медициналық қызмет сапасының жақсы индикаторы – нәресте шетінеуі көрсеткіші (16-кескін).
Ең соңғы фактор – бақыт. Экономистке жұрттан «Қаншалықты бақыттысыз»? деп төтесінен сұрақ қою ыңғайсыз, бірақ 17-кескін осы сұраққа жауап пен елдегі экономикалық еркіндік деңгейі арасында айқын байланыс бар екенін көрсетті.
Жақында Фрейзер институты мен оның серіктестері Экономикалық еркіндік көрсеткішін «Жеке бас еркіндігін» өлшеу мақсатында түзілген екінші өлшеммен толықтырды. Бұл өлшем заңның үстемділігі, қауіпсіздік пен көшіп-қону, дін, жиналу, пікір айту және өз болмысын айқындау еркіндігіне мән береді. 18-кескіннен көрініп тұрғандай, жеке еркіндік пен экономикалық еркіндік тығыз байланысты. Еркін қоғамдар бай ғана емес, адам құқығын да көбірек құрметтейді.
Ел осы бөлімде жазылған саясаттарды ұстанғанда қарқынды дамып, кіріс деңгейі артып, кедейлікті жоюда ілгерушілік жасайтынын экономикалық теория да, эмпирикалық дәлел де көрсетіп отыр. Экономикалық ілгерушілікке жету кілті – мықты институттар құрып, экономикалық және жеке бас еркіндігінің екеуін де арттыратын тұрақты саясаттарды ұстану. Төрткүл дүниедегі азаматтар мен саяси көшбасшылар осы қажеттілікті неғұрлым ерте түсініп, еліндегі экономикалық еркіндікті арттыруға тырысса, әлем де өркендей түседі.
3-бөлім: Үкіметтің рөлі туралы экономикалық тұрғыдан пайымдаудың он негізгі элементі
ТАЛАПТАР СТАНДАРТТАР РЕТТЕУЛЕР ЕРЕЖЕЛЕР АШЫҚТЫҚ ЗАҢ
Элементтер:
- Үкімет жеке адамдардың құқығын қорғап, нарық арқылы қамтамасыз етілуі қиын тауарлар мен қызметтерді ұсыну арқылы экономикалық ілгерушілікке жол ашады.
- Монополия орнатылып, нарыққа кіруге кедергілер көп болғанда, нарықтар мінсіз тиімділікке қол жеткізе алмайды.
- Қоғамдық игіліктер мен сыртқы әсерлер өз мүддесін ойлайтын адамдарды мінсіз экономикалық тиімділікке жетелемейтін іс-әрекеттер жасауға ынталандырады.
- Саяси дауыс беру арқылы бөлу нарықтық үлестіруден түбегейлі өзгеше.
- Конституциялық немесе басқа қатаң ережелермен шектелмесе, ерекше мүдделі топтар демократиялық саяси үдерістер арқылы басқалардың есебінен үкіметтің ерекше ықыласына ие болады.
- Егер заң шығарушылар конституциялық немесе басқа қатаң ережелермен шектелмесе, олар бюджет тапшылығына және шамадан тыс шығындарға ұшырайды.
- Үкіметтің кейбір жеке тұлғаларға не фирмаға белсенді түрде басқалардың есебінен қандай-да бір қолдаушылық беруі тиімсіз нәтижелерге әкеледі және шенеуніктер мен кәсіпкерлер арасында орынсыз, әдепсіз қатынастар тұғыздырады.
- Аударымды (трансферт) алушылардың таза пайдасы аударымның сомасынан кіші, тіпті көп жағдайда тым аз болады.
- Экономика орталықтандырылған түрде жоспарлау үшін тым күрделі сала және оны іс жүзеге асыру тиімсіздік пен үкімет пен бизнес арасында тамыр-таныстық қарым-қатынасқа әкеледі.
- Бәсекелестік нарық үшін қаншалықты маңызды болса, үкімет үшін де соншалықты маңызды.
Кіріспе
Экономистер экономиканы бағалау үшін экономикалық тиімділік өлшемін пайдаланады. Ресурстар тиімді пайдаланылған кезде, шығынына қарағанда көбірек пайда әкелетін әрекеттер ғана істелінеді. Пайдасынан шығыны көп әрекеттер іске асырылмайды. Қарапайым тілмен айтсақ, экономикалық тиімділік дегеніміз қолда бар ресурстардан барынша көп пайда алу. Экономика курстарында, әдетте, нарықтың жекелеген қызметтер бойынша мінсіз тиімділікке неліктен қол жеткізбейтіндігі түсіндіріледі және жағдайды жақсарту үшін үкіметтің не істей алатыны талданады. Біз осы жолды ұстана отырып, мінсіз саяси әрекеттердің әлеуетін талдаймыз, сонымен бірге саяси үдерісті бағалау үшін экономикалық құралдарды пайдаланамыз.
Қазір мемлекеттік шығындар АҚШ және бірнеше басқа елдің ұлттық табысының кем дегенде 40 пайызын құрайды. Оның мөлшері мен ауқымын ескерсек, саяси үлестірудің қалай жұмыс істейтінін түсінудің өте маңызды екенін байқаймыз. Соңғы жарты ғасырда бұл тақырып экономиканың маңызды бөліміне айналды. Экономистер бұл зерттеу бағыты туралы айтқан кезде қоғам таңдауы терминін қолданады.(53) Мұны 3-бөлімде талдаймыз.
Үкімет көбінесе салық пен қарыздар арқылы кейбір жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге трансферт, субсидия және басқа да жеңілдік түрлерін (фаворитизм) береді. Біз осы үдерістерді талдап, бұл бағдарламалардың әсері неліктен көпшілігіміз ойлағаннан бөлек, көбінесе айтарлықтай өзгеше екендігін түсіндіреміз. 3-бөлімде үкімет жұмысы мен сол арқылы өмір сүру сапасын жақсартуға арналған конституциялық ережелер жиынтығы көрсетілген. Осы кітап сізді саяси үдерістердің әлеуеті мен шектеулері туралы байыпты ойлауға шақырып, ынталандырады деп сенеміз.
3.1-элемент: Құқық қорғау және тауарлар мен қызметтердің шектеулі ғана көлемін өндіру
Үкімет жеке адамдардың құқығын қорғап, нарық арқылы қамтамасыз етілуі қиын кейбір тауарлар мен қызметтерді ұсыну арқылы экономикалық үдеріске жол ашады.
Дана, әрі үнемшіл үкімет адамдардың бір-біріне зиян келтіруіне тыйым салады, оларға өзі қалаған саламен айналысуға, өзін-өзі дамытуға еркіндік береді және еңбекпен тапқан нанын тартып алмайды. Жақсы үкімет деген осы, және бұл біздің өркендеуіміз үшін маңызды.
Үкімет өмірлік маңызы бар экономикалық рөл атқарады. Үкімет өзінің екі негізгі қызметі арқылы қоғамның ынтымақтастығы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыра алады. Үкіметтің (1) адамдардың өмірін, бостандығы мен мүліктерін қорғауды қамтамасыз ететін қорғаныс қызметі; және (2) нарық арқылы қамтамасыз етілуі қиын, саны шектеулі ерекше тауарларды жеткізетін өндірістік қызметі бар.
Қорғаныс қызметі үкіметтің қауіпсіздік пен тәртіп сақтау жүйесін, қолдауын, соның ішінде ұрлық, алаяқтық және зорлық-зомбылыққа қарсы ережелердің орындалуын қамтамасыз етуін қамтиды. Азаматтарды бір-бірінен және сыртқы қауіптерден қорғау үшін үкіметке заңды күш қолдануға ерекше құқығы беріледі. Осылайша, «қорғаушы мемлекет» адамдардың бір-біріне зиян тигізуіне жол бермейді, адамдардың бір-бірімен ынтымақтастықта және үйлесімді қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін ережелер жүйесін орнатады. Үкіметтің қорғаныс қызметінің негізі - құқықтық жүйе. Ол жеке адамдарды және олардың мүлкін агрессорлардан қорғайды, келісімшарттардың әділетті орындалуын және заң аясында адамдардың тең болуын қамтамасыз етеді (2-бөлімдегі 1-элементті қараңыз).
Қорғаныс қызметі нарықтың үздіксіз жұмыс істеуі үшін өте маңызды. Үкімет меншік құқығын нақты анықтап, оны іске асырған кезде, нарықтық бағалар ресурстардың балама құнын көрсетеді, ал өндірушілер тұтынушылар жоғары бағалайтын тауарлар мен қызметтерді өндіреді. Сонымен қатар, келісімшарттар тиімді әрі таныс-тамырсыз орындалса, транзакциялық шығындар төмен болады және сауда көлемі ұлғаяды. Өз кезегінде, ынталандыру құрылымы: ресурстарды дамытуға, өзара пайдалы саудамен айналысуға және пайда әкелетін жобаларды іске асыруға ынталандырады.
Үкіметтің қорғаныс қызметінің маңызы өте зор, пайдасы ұшан-теңіз. Бұл функция жақсы орындалған кезде, азаматтар оларды ешкім алдамайтынына және өздері тапқан байлықты өзімшіл зиянкестер не үкіметтің иемденіп кетпейтініне сенімді болады. Қорғаныс қызметі азаматтарға егін ексе, уақыты келгенде өз өнімін жинап алуға кепілдік береді. Осы жағдай жасалса, адамдар егін егіп, мол өнім алу үшін еңбек етеді; нәтижесі - экономикалық үдеріс.
Керісінше, қорғаныс қызметі нашар орындалғанда мәселелер де көбейеді. Адамдар өндіріс пен сауда арқылы емес, алдау, арбау, ұрлық пен саяси фаворитизм арқылы өз жолдарын ашуға тырысады. Табыс пен байлық қорғалмайды, ал нарықтық бағалар тауарлар мен қызметтердің нақты құнын көрсетпейтін болады. Ресурстар тиімді пайдалану ынталары әлсіз болады, ал экономикалық өсу тоқырауға ұшырайды. Өкінішке орай, бұл - көптеген кедей, нашар дамыған елдердегі жағдай.
Үкіметтің екінші негізгі қызметі - өндірістік қызмет, бұл нарық арқылы қамтамасыз етілуі қиын қызмет түрлерін ұсынуды қамтиды. Бұл өндірістік қызметтің жанама да, тікелей де құрамдас бөліктері бар. Жанама құрамдас бөлігі нарықтардың тиімді жұмыс істеуіне ыңғайлы орта құруды көздейді. Жоғарыда атап өткеніміздей, меншік құқығын қорғайтын, келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ететін құқықтық құрылым саудадан түсетін табысты көбейтіп, нарықтың тиімділігін арттырады. Сол сияқты, тұрғындардың ақшаға қол жетімділігін қамтамасыз ететін ақша-несие механизмдері олардың сатып алу қабілетін тұрақтандырады, сөйтіп әртүрлі кезеңдегі белгісіздік азаяды және олар айырбастан пайда көреді. Тұрақты ақша-несие және баға ортасымен қамтамасыз ету - үкіметтің маңызды өндірістік қызметтерінің бірі. 2-бөлімнің 5-элементінде айтылғандай, үкімет бұл қызметті жақсы орындағанда, адамдар көбірек инвестиция салады, сауда арқылы көбірек байланысады және жоғары табыс деңгейіне қол жеткізеді.
Кейде үкімет өндірістік қызметін тікелей орындайды. Тауарға ақы төлеген адам ғана оны тұтынатындай жүйе жасау, сондай байланысты орнату қиынға соғатын тауар түрлері бар. Мысалы, ұлттық қорғанысты азаматтардың бәрі қолданады. Кейбір азаматтарды ғана шетелдік агрессорлардан қорғау мүмкін емес, барлығы бірдей қорғалады. Нарық мұндай сипаттамалары бар тауарларды өте аз шығарады. Демек, мұны үкімет ұсынса, экономикалық жағдай жақсаруы мүмкін. Бұл мәселе толығырақ төмендегі 3-элементте қарастырылған.
Басқа жағдайларда тұтынуды бақылау мен төлемдерді тікелей тұтынушылардан жинау өте қымбатқа түсуі мүмкін. Мұндай жағдайда нарық арқылы мұндай тауарларды ұсыну тиімсіз болуы мүмкін. Мысал ретінде жолды, әсіресе қаланың жолдарын келтіре аламыз. Төлемдерді жинау және тұтынушылардан пайдаланғаны үшін тікелей ақы алудың құны өте жоғары. Осылайша, жолдарды бәріне қол жетімді ету және оларды салық арқылы қаржыландыру көбінесе тиімдірек.
Біз бұрын атап өткендей, бар ресурсымыздан көбірек пайда алу үшін пайдасы шығынынан жоғары әрекеттерді ғана істеуіміз қажет. Бұл қағида нарыққа да, үкіметке де қатысты. Өкінішке орай, үкімет жобаны салықпен немесе қарыз арқылы қаржыландырса, пайда мен шығынды өлшеу қиынға соғады. Нарықта сатып алушылар мен сатушылардың таңдауы пайда мен шығын туралы ақпарат береді. Тұтынушылар тауарды көрсетілген бағасынан жоғары бағаласа ғана, оны сатып алады. Сол сияқты, өндірушілер өз шығындарын өтей алмаса, тауарды ұсынбайды. Бірақ үкімет қандай да бір іспен айналысып, оны салықпен қаржыландырғанда, тұтынушылар мен өндірушілердің таңдауынан хабар беретін ақпарат жоғалады. Мұнда өз ақшаларын жұмсайтын және сол арқылы өз пайдасы туралы ақпарат беретін сатып алушы болмайды. Сонымен қатар, жеткізушіге төленетін ақша міндетті салықтан алынады, демек бұл жобаның өз құнынан жоғарырақ бағаланатынына кепілдік бермейді.
Мемлекеттік жоспарлаушы ұйымдар пайда мен шығынды есептеуге тырысады, бірақ олардың есебі көбінесе болжам болады, өйткені олардың қолында сатып алушы мен сатушылардың таңдауына негізделген сенімді ақпарат жоқ. Оның үстіне, шынайы әлемде мұндай пайда мен шығынның есебіне көбінесе саясат та өз әсерін тигізеді.
Осы бөлімнің басында Томас Джефферсонның дәйексөзін келтірдік, онда үкімет үшін адамдарды басқаларға зиян келтіруден тыюдың маңыздылығы (үкіметтің қорғаныс қызметі) айтылған. Сондай-ақ нарық арқылы өндіруі қиын тауарларды үкімет ұсынуы мүмкін (үкіметтің өндірістік қызметі). Алайда, үкімет осы әрекеттердің шеңберінен шыққанда, үкіметтің ары қарай өсуін ақтай алмаймыз. Үкіметтің экономикалық рөлін нақтырақ бағалау үшін нарықтың кемшіліктерін тереңірек түсініп, саяси үдерістің жұмысына экономиканың құралдарын қолдану қажет.
3.2-элемент: Монополияларды реттеу
Монополия туындап, нарыққа кіруге кедергілер көп болғанда, нарықтар мінсіз тиімділікпен жұмыс істей алмайды.
Бір кәсіп адамдары демалу, көңіл көтеру үшін өте сирек кездеседі, бірақ олардың барлық жиыны қоғамға қарсы қастандықпен немесе бағаны көтеретін астыртын сөз байласумен аяқталады.
Қоғам өз ресурсынан мейлінше көп пайда көргісі келсе, оны тиімді пайдалануы керек. Бәсекелестік - оны тиімді пайдаланудың негізі. Бұрынырақ атап өткеніміздей, бәсекелес ортада жұмыс істейтін кәсіпкерлер тұтынушылардың пікірін ескеріп, экономикалық жағынан тиімді тауарлар мен қызметтерді өндіруге ынталы болады. Кәсіпорындар тұтынушыларға пайдасы бағасына сай тауар ұсынбаса, тұтынушылар ақшасын басқа жерде жұмсайды.
Жақын алмастырушысы жоқ тауар не қызмет көрсететін жалғыз фирма болған кезде монополия пайда болады. Мұндай жағдайда фирма өндірісті шектеп, бағаны көтеруге ынталы. Фирма ресурстарды тиімді пайдаланып, төмен бағамен көп мөлшерде өндірмей, азырақ өндіріп, жоғары баға қою арқылы көбірек пайда таба алады. Фирма тұтынушылардың өзіндік құнынан жоғарырақ бағалайтын тауар мен қызметтің жеткілікті көлемін өндіре алмаса тиімсіздік орын алады.
Монополияның екі негізгі себебі бар: ауқым әсері және берілетін артықшылықтар. Ірі фирмалардың бір бірлікке шаққандағы шығыны кішігірім қарсыластарына қарағанда төмен болған кезде, ауқым әсері орын алады. Ауқымның әсері сақталып, фирманың нарықтағы үлесі көбейе берсе, жалғыз фирма үстемдік етіп, монополияға айналады. Мысал ретінде электр қуатын өндіруді алайық. Электр қуатын өндіретін электр станциясы ұлғайған сайын, оның электр энергиясын өндіруге кететін жалпы шығыны төмендей түседі. Нәтижесінде нарықта жалғыз ірі фирма үстемдік етеді. Сондықтан үкімет электр компанияларының бағаларын реттейді және кейбір жағдайларда электр станцияларын иеленіп, басқарады.
Монополия болмағанның өзінде, кейбір салаларда бірнеше фирма үстемдік етуі мүмкін және әдетте бұл нарыққа кіру қымбатқа түседі. Бұл «олигополия» деп аталады, «бірнеше сатушы» дегенді білдіреді. Мұның «олигархия» немесе «бірнеше адамның билігі» деген терминмен ұқсастығына назар аударыңыз. Бір тауардың өзіндік құнын төмендетіп, тиімді бәсекелестікке жету үшін фирма нарықтың көп бөлігін, мысалы, 20 не 25 пайызын өндіруі керек. Бұл жағдайда нарыққа өндіру құны төмен бір тауармен тек төрт-бес фирма ғана шыға алады. Мұндай нарықта бірнеше фирма үстемдік етеді және олардың келісім жасасуға, өнімінің бағасын көтеруге және монополист ретінде әрекет етуге ынтасы болады. Автокөлік, теледидар және компьютердің операциялық жүйелері сияқты өндірістік салалар - бірнеше фирма үстемдік ететін нарыққа мысал бола алады. Посткоммунистік елдердегі ірі мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі осылай нарықтың шоғырлануына әкелді, олигархтар биліктегі адамдарға қолдау көрсетіп, инсайдерлік мәмілелерден пайда көрді.
Бірақ кейде үкіметтің өзі монополияға себепші болуы мүмкін. Лицензиялау, белгілі бір топтарға қолдаушылық беретін салықтар, тарифтер, квоталар және басқа да жеңілдіктер нарықтың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Бұл саясаттың кейбіреулері жақсы ниетпен жасалса да, олар нарықтағы фирмаларды қорғап, жаңа қарсыластардың шығуын қиындатады, осылайша монополия мен доминантты фирмаларға қолдау көрсетеді.
Нарық бәсекеге қабілетті болу үшін үкімет не істей алады? Бірінші нұсқаулықты медицинадан алсақ болады: зиян келтірмеу. Үкімет лицензиялау талаптары мен дискриминациялық салықтар арқылы жағдайды нашарлатпауы керек. Нарықтардың басым көпшілігінде сатушылар өз қарсылас фирмаларының (оның ішінде басқа елдердің бәсекелес өндірушілерінің) нарыққа кіруіне шектеу қоя алмайды не қоюы қиын. Бұл дегеніміз, үкімет кіруге шектеу қоймаса немесе кейбір фирмаларға бәсекелестеріне қарағанда оң жағдай туғызатын ережелер мен реттеулер жүргізбесе, өндірушілер бәсекені шектей алмайды.
Бәсекелестікті арттыру үшін үкімет бәсекелестікке қарсы әрекеттерге, мысалы, сөз байласуға, саладағы доминантты фирмалардың бірігуіне және фирмаларды өзара иеленуге тыйым салуы мүмкін. Осыған байланысты, Еуропалық Одақтың бәсекелестік туралы заңы фирмалардың келісуін немесе нарықты монополиялауға тырысуын заңсыз деп танып, еуропалық бірыңғай нарық шеңберіндегі бәсекелестікті қолдайды.
Әзірше бұл саладағы үкіметтің жетістіктері әртүрлі. Бір жағынан, үкіметтің саясаты бәсекелестікті шектейтін келіссөздер мен сол сияқты әр түрлі кейстерді азайтты. Алайда кейбір заңдар кері әсер тигізеді; олар нарыққа кіруді шектеп, бар өндірушілерді қарсыластарынан қорғайды және баға бәсекелестігін шектейді. Осылайша, нарыққа кіруде кедергілердің жоғары болуы мен бәсекелестіктің болмауы үкіметтің нарықты жақсартуына мүмкіндік берсе де, кейбір саяси шаралар іс жүзінде монополияны жандандыра түседі. Ары қарай мұның негізгі себептерін анықтай түсеміз.
3.3-элемент: Нарықтағы сәтсіздіктерді азайту
Қоғамдық игіліктер мен сыртқы әсерлер өз мүддесін ойлайтын адамдарды мінсіз экономикалық тиімділікке жетелемейтін іс-әрекеттер жасауға ынталандырады.
Алдында атап өткеніміздей, нарық ресурстарды тиімді үлестірсе, меншік құқығы жақсы анықталып, өндірушілер өз әрекеттерінің пайдасын көреді. Бірақ кейбір тауарлардың табиғаты бұл үдерісті қиындатады. Бұл элементте ресурстарды нарық арқылы тиімді бөлуде қиындықтар тудыратын экономикалық әрекеттердің екі санаты қарастырылады. Олар қоғамдық тауарлар мен сыртқы әсерлер.
Қоғамдық тауарлар
Кейбір тауарлардың табиғаты өндірушілердің оларды өндіруден пайда алуын қиындатады. Бұл экономистер қоғамдық игіліктер деп атайтын тауардың санатына қатысты. Қоғамдық тауарларға келесі екі сипаттама тән: (1) бірлесіп тұтыну - тауар бір тарапқа ұсынылғанда, ол автоматты түрде басқаларға да қол жетімді; және (2) бәріне қол жетімді - ақы төлемегендерге тұтынуға кедергі келтіру қиын немесе мүмкін емес. Мысалы, су тасқынымен күрес бірінші критерийге сәйкес, өйткені ол шешілсе, аймақтағы барлық адам пайдасын көреді; және бұл екінші критерийді де қанағаттандырады, өйткені өндіруші осы қызмет үшін ақы алуда қиындықтарға тап болады. Өндірушілер тауардың құнын төлеу мен оны тұтыну арасында тепе-тең қатынас орната алмайды, сөйтіп қоғамдық игіліктерді нарық арқылы жеткізу қиынға соғады.
Бұл тұтынушыларды ақы төлемесе де, тауарды тегін тұтынуға ынталандырады. Адамдардың көп бөлігі ақы төлемегенде, тауарды тұтынудың пайдасы оның өзіндік құнынан жоғары болса да, тауар өндірілуі мүмкін емес (немесе өте аз). Мұндай жағдайда нарық көбінесе қоғамдық игіліктің экономикалық тиімді көлемін өндіре алмайды. Су тасқынымен күрестен бөлек, ұлттық қорғаныс, муниципалдық полицияның қызметі және масалармен күрес - қоғамдық игілікке мысалдар. Бұл игіліктерді нарық арқылы жеткізу қиын болғандықтан, оларды көбінесе үкімет ұсынады.
Тауардың қоғамдық игілікке сәйкестігін оны өндіруші сала емес, оның сипаттамасы анықтайтынын атап өту маңызды. Көпшілік тауарды үкімет ұсынса, мұны қоғамдық игілік деп ойлайды. Бұл ой қате. Үкімет ұсынатын тауарлардың көпшілігі қоғамдық игіліктің сипаттамасына сай емес. Ойымызға медициналық қызмет, білім беру, пошта, қоқыс жинау және электр энергиясы келуі мүмкін. Бұл қызметтерді көбінесе үкімет ұсынса да, ақы төлей алмайтын тұтынушылар шетке ысырылып, тауар бір тарапқа ұсынылғанда, басқаларға қол жетімді болмай қалуы мүмкін. Парк те қоғамдық игілік емес, өйткені қаласаңыз, ақы төлемейтіндерді кіргізбеуге болады - ЕвроДиснейді есіңізге түсіріңіз. Осылайша, үкімет бұл тауарларды ұсынса да, олар қоғамдық игілік емес.
Нағыз қоғамдық игіліктер мен қызметтер өте аз. Көп жағдайда тауар не қызмет үшін төленген ақы мен оны тұтынушыны оңай анықтауға болады. Балмұздақ, көлік, теледидар, смартфон, джинсы және мыңдаған басқа заттар үшін төлем жасамасаңыз, өндірушілер сізге бұл тауаларды тегін бермейді және басқалар сатып алған заттардан сіз пайда көре алмайсыз. Нарық тауарларына келетін болсақ, оларды мемлекеттің ұсынғанынан пайда көру екіталай.
Сыртқы әсерлер
Кейде жеке адамның немесе топтың әрекеттері асып кететін әсерлерді туғызып, басқалардың әл-ауқатына олардың келісімінсіз әсер етеді. Мұндай асып кететін әсерлер сыртқы әсерлер деп аталады. Мысалы, сіз сабақ оқығыңыз келсе, бірақ сіздің үйіңіздегі не жатақханадағы адамдар қатты музыка қойып, сізге кедергі келтірсе, олар сыртқы әсер туындатты деген сөз. Сіз сыртқы тарапсыз - бұл мәмілеге, әрекетке немесе айырбасқа тікелей қатыспадыңыз, бірақ бұл жағдай сізге әсерін тигізді.
Таралу әсерлері сыртқы тарапқа шығын да, пайда да әкелуі мүмкін. Таралу әсер зиянды болса, мұны сыртқы шығын деп атайды. Шығын шегетіндер өз келісімін бермеген тарап болғандықтан, ресурстар өзінің толық өндірістік шығынынан төмен бағаланатын тауарларды өндіру үшін жұмсалуы мүмкін, ал бұл тиімсіз нәтижеге әкеледі.
Қағаз өндірісін қарастырайық. Нарықтағы фирмалар ағаш, жұмыс күші және басқа ресурстарды сатып алып, алдымен целлюлоза, содан кейін қағаз шығарады. Өндіріс барысында қоршаған ортаны ластаушы заттар шығарылуы мүмкін, олар фабриканың айналасында тұратын тұрғындарға күкірттің иісі, ауаны ластайтын органикалық қосылыстар, тіпті ғимараттардың бояуын кетіретін ластаушы заттар түріндегі шығын әкеледі. Мұндай ластаушы заттар кейбір адамдардың қалыпты тыныс алуын қиындатуы және денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін.
Целлюлоза фабрикасының жанында тұратын тұрғындар өздерінің зиян шеккендерін дәлелдей алса, олар фабриканы сотқа беріп, қағаз өндіруші өзі келтірген шығынды өтер еді. Бірақ келтірілген зиян мен оған целлюлоза фабрикасының жауапты екенін дәлелдеу қиын. Мұндай жағдайда тұрғындарға келтірілген зиян нарықта көрінбейді, демек, қағаз шығаруға кеткен шығын төмен болып көрсетіледі. Тиімсіздік туындайды, себебі сыртқы шығынды қосқанда, шығарылған қағаз өз өндіріс шығынынан төмен бағаланады.
Сыртқы шығындар негізінен мүліктік құқықтардың толық анықталмауынан және сақталмауынан пайда болады. Мысалы, таза ауа сияқты ресурстың меншік құқығы нашар сақталатындықтан, фирма қолданылған ресурстарының толық шығынын көтермейді. Нәтижесінде, осындай ресурстарды пайдалану арқылы өндірілетін тауарлар мен қызметтердің шығыны төмен болып көрсетіледі.
Кейде таралу әсер басқаларға пайда әкеледі. Таралу әсер басқалардың әл-ауқатын арттырса, бұл сыртқы пайда деп аталады. Алайда сыртқы пайда нарыққа қиындық тудыруы мүмкін. Сыртқы пайда келтіретін адамдарға не фирмаларға өтемақы төленбеген кезде, олардың тауары өндіріс шығынынан артық бағаланса да, олар тауарды жеткілікті мөлшерде өндірмеуі мүмкін.
Мысалы, фармацевтикалық компания аса қауіпті вирустан қорғайтын вакцина ойлап тапты делік. Вакцинаны одан тікелей пайда алатын тұтынушыларға оңай сатуға болады. Алайда, вирустың таралу сипатына байланысты көп адам вакцина алғанда, вакцинаны сатып алмаған адамдар да вирусты жұқтырмайтын болады. Алайда фармацевтикалық компаниялар вакцина алмағандардың пайдасын өлшей алмайды. Нәтижесінде олар вакцинаны аз мөлшерде шығаруы мүмкін. Осылайша, сыртқы пайда болған кезде нарық экономикалық тиімді мөлшерден төмен өнім шығаруы мүмкін.
Бәлкім, бұл жерде үкімет араласуы керек шығар. Сыртқы шығын жағдайында сыртқы шығын тудыратын әрекетке салынатын салық адамды не фирманы өз белсенділігін азайтып, экономикалық тиімді өнім көлемін шығаруға мәжбүрлейді. Дәл сол сияқты, сыртқы пайда жағдайында мемлекеттік субсидиялар өндірісті көтеріп, оны тиімді өнім деңгейіне әкелуі мүмкін.
Алайда сыртқы әсерлердің жағымсыз салдарын кейде үкіметсіз-ақ шешуге болады. Сыртқы пайда жағдайында кәсіпкерлер өз іс-әрекеттерінің басқаларға тигізетін пайдасынан көбірек табыс табудың жолдарын анықтауға ынталы. Бұл ойды гольф алаңдары арқылы көрсетейік. Көп адамдар гольф алаңының әсемдігі мен кеңдігі үшін оның жанында тұрғысы келеді. Осылайша, гольф алаңын салу әдетте сыртқы пайда әкеледі, себебі жақын маңдағы мүліктердің құны көтеріледі. Соңғы жылдары гольф алаңын жасаушылар бұдан қалай пайда табуға болатынын біліп алды. Енді олар жоспарланған алаң салынбастан бұрын, оның айналасынан үлкен жер сатып алады. Гольф алаңы аяқталғаннан кейін оның айналасындағы жер қымбаттайды, бұл жерді жоғары бағаға сатуға мүмкіндік береді. Олар өз қызметтерінің аясын гольф алаңынан жылжымайтын мүлікке дейін кеңейтіп, басқа жағдайда сыртқы пайда болатын істен енді табыс таба алады.
Ал сыртқы шығынға келетін болсақ, қарапайым ережелер арқылы оларды да шешуге болады. Мысалы, көршілес тұрғындардың шуына қатысты пәтер иелері көбінесе түнде қатты музыка қою туралы ережелер шығарып, ереже бұзушыларды шығарып жіберуі мүмкін. Мұнда әдеп пен әлеуметтік нормалар да маңызды болуы мүмкін. Бір бөлмедегі көршілеріңіз теледидардың оқуға кедергі болатынын біліп, оны өшіріп қою әдептіліктің белгісі деп ойлауы мүмкін. Жалпы уақыт өте келе компаниялар адамдар мен қоршаған ортаға зиян келтіретін ластайтын заттар шығару «қоғам үшін дұрыс емес» деп қарастыруда. Компаниялардың өздерін жақсы ұстауына қысым күшейіп келеді, ал экологиялық топтар тәрізді жеке бақылаушылар олар жауапсыздық танытса, бірден қоғамға әшкерелейді.
Біздің талдауымыз қоғамдық игіліктер мен сыртқы әсерлердің нарықтың тиімділігіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін көрсетті. Экономистер нарық қабілетсіздігін қолданыстағы ынталандыру құрылымының әсерінен жеке мүдделер мен қолда бар ресурстан барынша көп пайда алу идеясының қайшылығынан туындайтын жағдайды сипаттау үшін қолданады. Нарық қабілетсіздігі жеке мүддесі бар шешім қабылдаушыларды тиімсіз әрекетпен айналысуға итермелейді.
Үкімет нарық қабілетсіздігін шешіп, экономикалық тиімділікті арттыру үшін араласуы мүмкін. Бірақ саяси үдеріс - экономиканы ұйымдастырудың балама түрі ғана. Ұйымдастырудың бұл формасының қалай жұмыс істейтіні туралы көбірек білсек, мұны нарықпен шынайы салыстыра аламыз.(54) Енді осы тақырыпқа көшеміз.
3.4-элемент: Саяси қысым туралы түсінік
Ресурстарды саяси дауыс беру арқылы бөлу нарықтық бөлуден түбегейлі ерекшеленеді.
Экономикадан алатын алғашқы сабағымыз - тапшылық: қалауымызды толықтай қанағаттандыру үшін ресурстар әрқашан жетіспейді. Саясаттан алатын алғашқы сабағымыз - экономикадан алған бірінші сабақты елемеу.
Саяси үдеріс - экономиканы ұйымдастырудың балама формасы. Бұл туындаған мәселені оңтайлы шешуге болатын түзету құрылғысы емес. Үкіметті әділ сайланған шенеуніктер (автократиялық режим болмаса) басқарса да, үкімет әрекеттерінің нәтижелі болатынына кепілдік жоқ. Бұл, әсіресе, үкімет өзінің бүйрегі бұратын секторларға, бизнеске және мүдделі топтарға тапшы ресурстарды үлестірген кезде орын алады. 3-бөлімнің кіріспесінде айтылғандай, қоғамдық таңдауды талдау саласында соңғы жарты ғасырда жиналған білім демократиялық саяси шешімдерді қабылдау туралы айтарлықтай ақпарат береді.
Бір анығы, көпшілік қолдаған саясат қоғамды әрдайым жақсарта бермейді. Мынадай тәжірибені ойша жүргізіп көрелік: бес сайлаушыдан тұратын қарапайым экономиканы қарастырайық. Дауыс берушілердің үшеуі әрқайсысына 2€ таза пайда әкелетін, бірақ қалған екі сайлаушының әрқайсысына 5€ таза шығын әкелетін жобаны қолдайды делік. Жалпы алғанда, жоба 6€ таза пайда, 10€ таза шығын әкеледі. Бұл жоба тиімсіз және бес адамнан тұратын қоғамды нашарлатады. Дегенмен, шешім көпшілік дауыспен қабылданса, жоба үш те екі есебімен өтер еді. Сайлаушылардың санын бес адамнан 5 миллионға немесе 200 миллионға дейін көбейтсек те, жалпы нәтиже өзгермейді. Осы қарапайым мысалдан көпшілік даусы тиімсіз жобаларды қабылдауға әкелуі мүмкін екенін көреміз.
Нарықты экономикалық ұйымдастырудың негізгі балама формасы - демократиялық саяси бөлумен салыстыру. Төмендегі төрт жағдайды есте ұстаған жөн.
Біріншіден, демократия жағдайында үкімет көпшілік ережесі арқылы әрекет етеді. Керісінше, нарықтағы әрекеттер өзара келісім мен ерікті айырбасқа негізделеді. Демократияда көпшілік - тікелей немесе өздері сайлаған өкілдері арқылы - шешім қабылдайды, азшылық оған келісе қоймаса да, оны қолдап, ақы төлеуге мәжбүр. Мысалы, көпшілік жаңа футбол стадионына, тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасына немесе автокөлік компаниясын құтқаруға дауыс берсе, дауыс беруші азшылық мұндай жобаларды қолдап, салық төлеуге мәжбүр. Оларға мұның пайдасы бар-жоғына қарамастан, олар жоғары салық төлейді, табысынан айырылады немесе басқа жолдармен зиян шегеді.
Салық салу мен реттеу күшінің арқасында көпшілік азшылықты өз дегенімен жүргізеді. Ресурстарды бәсекелі нарықтар арқылы үлестіргенде мұндай мәжбүрлеу күші болмайды. Барлық тараптар келіспесе, нарықтық айырбас болмайды. Жеке фирмалар жоғары баға қоя алады, бірақ ешкімді өз өнімін сатып алуға мәжбүрлей алмайды. Шынында да, жеке фирмалар тұтынушыларды тарту үшін белгіленген бағадан асатын жеңілдіктер беруі керек.
Екіншіден, сайлаушылар кандидаттар туралы да, мәселелер туралы да жақсы хабардар болуға ынталары аз. Жеке дауыс беруші іс жүзінде ешқашан сайлау нәтижесін шешпейді. Жеке сайлаушының бір дауысы қалалық, облыстық немесе республикалық сайлауда шешуші рөл ойнағанынан гөрі, дауыс беруге барар жолда оны найзағай соғып кетуінің ықтималы жоғарырақ!
Осы жағдайды ескере отырып, сайлаушылардың көпшілігі сауатты дауыс беру үшін мәселелер мен кандидаттарды зерттеуге уақыт жұмсауы неғайбіл. Көбінесе олар өздерінің жанама, қосымша әрекеттерінің (теледидар қарау, әлеуметтік желідегі достарымен қарым-қатынас немесе жұмыс орнындағы пікірталастар) негізінде алынған ақпарат бойынша шешім қабылдайды. Осы ынталандыруларды ескере отырып, сайлаушылардың көпшілігі үміткерлердің ұстанымын немесе үкіметтің іс-әрекеттерінің (мысалы, ауылшаруашылық субсидиялары мен сауда шектеулері) экономикаға қалай әсер ететіні туралы аз біледі немесе мүлдем білмейді. Экономистер мұны саналы білімсіздік әсері деп атайды. Яғни, сайлаушылардың білетін ақпараты аз, бірақ олардың бұл ақпаратты білмеуі - ұтымды таңдау, өйткені жеке адамның дауысы сирек шешуші рөл атқарады.
Сайлаушылардың саналы таңдау жасауға ынтасының әлсіздігі нарықтағы тұтынушылардың ынтасынан күрт айырмашылығы бар. Нарықтағы тұтынушылар өз ақшасын қалай жұмсайтынын жеке-жеке шешеді, ал олар нашар таңдау жасаса, оның салдарын жеке өздері көтереді. Бұл олардың өз ақшаларын саналы түрде жұмсауға себебін тигізеді. Тұтынушылар автокөлік, дербес компьютер, спортзал абонементін немесе басқа да мыңдаған заттарды сатып алу туралы ойлағанда, олардың ақпарат алып, саналы таңдау жасауы күшті ынталандырады.
Үшіншіден, саяси үдерістер жалпыға ортақ бір нәтиже береді, ал нарықта әртүрлі нәтижелер орын алуы мүмкін. Басқаша айтқанда, үкімет бөлуі "бір өлшем бәріне сәйкес келеді" нәтиже берсе, ал нарық әр түрлі адамдар мен топтарға "дауыс беріп" қалаған нұсқаларын таңдауға мүмкіндік береді. Мұны мектептегі білім мысалымен түсіндіруге болады. Мектептегі білім үкімет арқылы емес, нарық арқылы ұсынылғанда (жеке мектептер мен үйде оқыту арқылы), кейбір ата-аналар діни құндылықтарға мән беретін мектептерді таңдайды, ал басқалары негізгі дағдыларға, мәдени әртүрлілікке немесе кәсіптік дайындыққа баса назар аударатын білімді таңдайды. Ақшасын төлеуге дайын жеке сатып алушылар (немесе топ мүшелері) қалаған білім беру нұсқасын таңдап, оны ала алады. Нарықтар пропорционалды өкілеттік жүйесімен қамтамасыз етеді, сөйтіп көп адам өз қалауына сәйкес тауарлар мен қызметтерді ала алады. Сонымен қатар, көпшілік әртүрлі азшылық өкілдерін өз дегендерімен жүргізгісі келгенде туындайтын қақтығыстар нарықта орын алмайды.
Төртіншіден, нарықтық және саяси шешім қабылдаушылардың ынталары әртүрлі. Бұрынырақ талқыланғанымыздай, нарықтық экономиканың пайда-шығын тетігі ресурстарды тиімді жобаларға бағыттап, тиімсіз жобаларды қабылдамайды. Бірақ, саяси процестің ресурстарды тиімді әрекеттерге бағыттайтын ұқсас механизмі жоқ. Тіпті дауыс беру арқылы бақылау мұндай механизмге жатпайды. Керісінше, сайланатын шенеуніктер Конституциямен шектелмесе, біреулерге басқалардың есебінен жақсылық жасау арқылы дауыс жинауға тырысады. Питрден алып, Полға берсеңіз, Полдың сізді қолдайтынына кәміл сенімді боласыз.
Қазіргі саяси процестерді көбіне коалициялар мен саясаткерлер арасындағы «алмасу» айналымдары ретінде қарастыруға болады. Арнайы мүдделі топтар дауыс, қаржылық жарна, болашақта жалақысы жоғары жұмыс орындары мен басқа да қолдау түрлерін салық төлеушілер қаржыландыратын субсидия, мемлекеттік тендер мен қолдау бағдарламаларына айырбастайды. Саналы білімсіздік әсері - сайлаушылардың жақсы хабардар болу үшін көп уақыт жұмсамауы - бұл үдерісті жеңілдетеді, өйткені заң шығарушы орындарда сайлаушылардың түсіне де кірмейтін шешімдер қабылданып жатуы мүмкін. Нәтижесінде, ресурстар сапалы өнім шығарып, оны дамытуға емес, лоббизм мен басқа да жағымпаздану әрекеттеріне жұмсалады.
Алдыңғы екі элементте айтқанымыздай, экономикалық талдаулар нарықтың ресурстарды тиімді үлестіре алмайтын кездері де бар екенін көрсетеді. Бірақ бұл саяси үдеріске де қатысты. Басқаша айтсақ, үкіметтің де, нарықтың да қабілетсіздігі бар. Үкіметтің қабілетсіздігі саяси қатысушылардың ынталандыруы ресурстарды тиімсіз пайдалауға ынталандырған кезде орын алады. Нарықтың сәтсіздігі сияқты, үкіметтің сәтсіздігі жекелеген шешім қабылдаушылар үшін неғұрлым тиімді шешім мен ресурстардан барынша көп пайда алу идеясы арасындағы қайшылықтан туындайды.
Грузия либералды экономикалық саясат жолына түскенде де, Раушан төңкерісін жасаушылар демократиялық және либералды бағыттағы үкіметтің де тиімсіз әрекеттер істеуі мүмкін екенін білді. Осылайша, 2010 жылы үкіметтің экономикалық рөліне қатысты Конституцияға шектеулер енгізілді. 94-бапта салықтың қандай түрлері рұқсат етілетіндігі (салықтың саны мен мөлшерлемелері) көрсетілген және халыққа салық мөлшерлемелерін өзгертуге немесе жаңа салықтарды енгізуге референдум арқылы өкілеттік берілген. Сонымен қатар, «Бостандық туралы» негізгі заңда бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 3 пайызынан, ал қарыз ЖІӨ-нің 60 пайызынан аспайтын мөлшерде шектелген. Алайда уақыт өтіп, үкімет ауысқанда, Парламенттегі негізгі партия шектеулерді жоюға және жаңа салықтар енгізуге және/немесе қолданыстағы мөлшерлемелерді өзгертуге өкілеттікті қалпына келтіруге тырысты. Әрі қарай демократиялық саяси үдерісті егжей-тегжейлі талдап, елді экономикалық өсу мен өркендеуге жетелейтіндей үкіметте қандай реформалар жасауға болатынын қарастырамыз.
3.5-элемент: Ерекше мүдделердің әсерін шектейтін ережелерді қабылдау
Конституциялық немесе басқа қатаң ережелермен шектелмесе, ерекше мүдделі топтар демократиялық саяси үдерістер арқылы салық төлеушілер мен тұтынушылардың есебінен үкіметтің ерекше ықыласына ие болады.
«Қымбаттым, үш ұйықтасаң да түсіңе кірмейтін оқиға болды! Жұмыстан үйге келе жатқанда мені бірнеше түсініксіз, бірақ қуатты, ерекше мүдделі топтар сатып алды!»
Демократиялық жолмен сайланған шенеуніктер көбіне көпшіліктің есебінен ерекше мүдделі топтарды қолдайтын саясатты таңдап, пайда табады. Салық төлеушілердің немесе тұтынушылардың есебінен ұйымдасқан топ мүшелеріне (мысалы, кәсіпкерлік мүдделерді қорғайтын бірлестік, кәсіподақ мүшелері немесе фермерлік топ) айтарлықтай жеке пайда әкелетін саясатты қарастырайық. Ұйымдасқан мүдделі топтың мүшелері салық төлеушілер немесе тұтынушылардың жалпы санынан азырақ болғандықтан, әр қатысушының заңнамадан алатын жеке пайдасы көп болуы мүмкін. Керісінше, салық төлеушілер мен тұтынушылардың көбі зиян шексе де, әрқайсысына шаққандағы шығын аз, ал шығынның себебін анықтау қиын.
Мүдделі топ мүшелерінің жеке үлесі айтарлықтай үлкен болғандықтан, олардың одақ құрып, кандидаттар мен заң шығарушыларға бұл мәселенің қаншалықты өзекті екендігін білдіруге ынталары зор. Мүдделі топ мүшелерінің жеке үлесі айтарлықтай үлкен болғандықтан, олардың одақ құрып, кандидаттар мен заң шығарушыларға бұл мәселенің қаншалықты өзекті екендігін білдіруге стимулдары зор. Керісінше, саналы білімсіздік әсері көрсеткендей, сайлаушылардың негізгі бөлігі бейқам болады, олар ерекше мүдде мәселесіне мән бере қоймайды, өйткені бұл мәселелер олардың жеке әл-ауқатына аз әсер етеді.
Сізге дауыс керек болса, не істер едіңіз? Әрине, бейқам, ұйымдаспаған көпшіліктің мүддесін қолдау арқылы сайлау науқанында жетістікке жетпейтініңіз анық. Алайда ерекше мүдделерді қолдап, ашынған жақтаушыларды, сайлау штабын өз жағыңызға шығара аласыз және ең бастысы науқанға жарна таба аласыз. Медиа саясаты дәуірінде саясаткерлер теледидар мен Интернетте үміткердің оң имиджін қалыптастырып, ол үшін ерекше мүдделерді қолдап, жарна жинап, оны сайлау науқанында қолдануда қатты қысым көреді. Ал бұл ойынға қатысқысы келмейтін саясаткерлер, яғни ұйымдасқан мүдделі топтардың саяси қолдауын үкіметтік қазынаның кілтіне айырбастағысы келмейтіндер айтарлықтай қолайсыз жағдайға тап болды. Осы ынталандыруларды ескерсек, саясаткерлер ерекше мүдделі топтардың көзқарасын қолдайтын "көрінбейтін қолмен" басқарылады, бұл көбіне жалпы сайлаушылардың ресурстарын ысырап қылатын және біздің өмір сүру деңгейімізді төмендететін саясатқа әкеледі. Экономистер саяси үдерістердің мұндай біржақтылығын ерекше мүдделер әсері деп атайды.
Ерекше мүдделер өзара көмек (логроллинг) пен қазыналық ауызбастырық заңнамалар арқылы одан әрі күшейе түседі. Логроллинг - саясаткерлердің "қажетті" заңды қабылдауға қолдау жинау үшін өзара дауыстарын саудалауы. Қазыналық ауызбастырық заңнама - әртүрлі топтарға пайда әкелетін, бір-бірімен байланысы жоқ жобаларды бір заң жобасына біріктіру. Логроллинг пен қазыналық ауызбастырық заңнама арнайы мүдделі топтар үшін пайдалы, көбінесе тиімсіз жобалардың қабылдануына әкеледі.
19-кескінде қазыналық ауызбастырық саясаты мен дауыс саудасы ерекше мүдделерді күшейтіп, тиімсіз жобалардың қабылдануына әкелетіні көрсетілген. Осы қарапайым мысалда бес адамнан тұратын заң шығарушы ұйым үш жобаны қарастыруда: (1) А ауданында спорт стадионын салу; (2) В ауданында жабық тропикалық орман өсіру; және (3) С ауданындағы жүгері өсірушілерге этанолға субсидия беру. Әр аудан тұрғындарының таза пайдасы не шығыны, яғни аудан тұрғындарының салық төлемдерін шегергенде қалатын пайдасы көрсетілген. Ескерту: жобалардың жалпы таза пайдасы - теріс шама. Барлық сайлаушылар бойынша жалпы шығын пайдадан 20 евроға артық болғандықтан, мұндағы әр жоба тиімсіз.
Бұл тиімсіз жобаларға жеке-жеке дауыс берілгенде, әрқайсысы 4:1 есебімен ұтылар еді, өйткені мұнда тек бір аудан ғана ұтады, ал қалған төртеуі ұтылады. Алайда, жобалар логроллинг (A, B және C өкілдері өз дауыстарын саудалайды) немесе қазыналық ауызбастырық (үш бағдарлама бір заң жобасына енгізіледі) арқылы біріктірілсе, барлығының тиімісіз болғанына қарамастан, өтіп кетуі мүмкін. Мұны A, B және C өкілдерінің жиынтық таза пайдасының оң екендігінен байқауға болады. Сайлаушылар қазыналық ауызбастырық пен басқа да ерекше мүдделік саясаттан зардап шексе де, бұл жобалар туралы білмейді, себебі олардың ақпарат алуға деген ынталандыруы нашар. Осылайша, ерекше мүдделерді көздейтін жобаларды, оның ішінде тиімсіз жобаларды қолдауға деген ынталандыру 19-кескіндегі қарапайым сандық мысалдан гөрі күштірек.
19-кескін. Дауыстарды сатып алу және тиімсіз заңдарды қабылдау
Халқының саны бірдей аудандардағы сайлаушылардың таза пайдасы (+) немесе шығыны (-) | ||||
Аудандар дауысы | Спорт стадионы | Жабық тропикалық орман жобасы | Этанолды субсидиялау | Жалпы |
A | €100 | -€30 | -€30 | €40 |
B | -€30 | €100 | -€30 | €40 |
C | -€30 | -€30 | €100 | €40 |
D | -€30 | -€30 | -€30 | -€90 |
E | -€30 | -€30 | -€30 | -€90 |
Жалпы | -€20 | -€20 | -€20 | -€60 |
Нарықтық айырбас - өзара пайдалы, оң нәтиже беретін әрекет: сауда серіктестерінің екеуі де пайда көреді, әйтпесе айырбас болмайды. Керісінше, «саяси айырбаста» біреуі жеңіп, біреу жеңіледі, жалпы нәтиже теріс; мұнда дауыс беруші көпшілік жеңіске жетсе де, азшылық өкілдері одан көбірек ұтылады. Бұл жерде жеңімпаздардың табысы басқалардың мойнына түскен шығыннан жоғары болатынына кепілдік жоқ.
Экономикалық жиынтық өнімді азайтатын көп бағдарламаның болуын ұйымдасқан топтарды қолдайтын саяси үдерістердің шектелмеуі арқылы түсіндіруге болады. Мысалы, шамамен 20000 компаниядан тұратын америкалық қант өндірушілерді қарастырайық. Көп жылдар бойы америкалық тұтынушылар қантқа әлемдік қант бағасынан 50 пайыздан 100 пайызға дейін жоғары төлейтін, себебі мұнда федералды үкіметтің бағаны қолдау бағдарламасы мен қант импортын шектейтін квоталар болды. Осы бағдарламалардың нәтижесінде қант өндірушілер шамамен 1,7 миллиард доллар немесе бір қант фирмасы шамамен 85 000$ пайда тапты. Бұл пайданың көп бөлігін табысы орташа республикалық деңгейден әлдеқайда жоғары ірі өндірушілер алды. Қанттың бағасы жоғарылағандықтан, тұтынушылар 2,9 - 3,5 миллиард доллар немесе бір үй шаруашылығы шамамен 25$ төледі.(56) Нәтижесінде, америкалықтардың жағдайы нашарлай түсті, өйткені олардың ресурстары өздерінде өндірілуі тиімсіз тауарға босқа ысырапталды, бұл игілікті сауда арқылы арзанырақ бағаға алуға болар еді.
Осыған қарамастан, Конгресс қант бағдарламасын әлі де қолдауда және мұның себебін түсіну қиын емес. Бұл бағдарламалар қант өндірушілердің, әсіресе ірі фирмалардың жеке байлығына айтарлықтай әсер ететіндіктен, олардың өз мүдделерін қолдайтын саясаткерлерге көмектесу үшін байлығы мен саяси ықпалын пайдаланатыны түсінікті. Міне олар да осылай істейді. Соңғы төрт жылдық сайлау циклында қант лоббилері үміткерлер мен саяси комитеттерге 16 миллион доллардан астам қаражат аударды. Американдық Crystal Sugar Company деген бір фирманың жалғыз өзі осы сайлау кезеңінде Конгресстің 221 мүшесіне 1,3 миллион доллар берді және тағы 1,4 миллион долларын Конгресті лоббилеуге жұмсады. Керісінше, қарапайым сайлаушының бұл мәселені зерттеуі немесе мұны ескере отырып дауыс беруі қисынсыз болар еді. Шын мәнінде, сайлаушылардың көпшілігі бұл бағдарламаларға өздерінің төлейтінін білмейді. Осылайша, саясаткерлер ресурстарды ысырап қылып, елдің байлығын азайтса да, қант өнеркәсібін субсидиялап, өздері де ары қарай пайда көре бермек.
Сондықтан қазіргі саясаттың басты міндеті - халықтан ресурс жинап, сол арқылы ұйымдасқан мүдделі топтарға қолдау көрсету және көпшліктің даусына ие болу деп айтуға болады. Мұндай мысалдар көп. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі салық төлеушілер мен тұтынушылар өздерінің табыстарын белгілі бір салаларды қолдауға жұмсайды және сол арқылы өз елдеріндегі белгілі бір мүдделі топтарды қолдайды. Бір қызығы, субсидиялау бағдарламалары көбінесе теңдік орнату үшін енгізіледі деп жарнамаланады, ал шын мәнінде ешқашан бұл мақсатына жетпейді және көбінесе керісінше әсер етеді. 2014 жылы Мысырдағы кедей адамдарға азық-түлік субсидияларының 20 пайызынан аз бөлігі ғана жетті. Көп елдердегі бензинді субсидиялау бағдарламалары орта тапқа ғана пайдалы, ал кедейлер қоғамдық көлікті қолданады немесе жаяу жүреді. Үндістанда сұйылтылған мұнай газына берілетін субсидиялардың 0,1 пайызынан азы ең кедей квинтилге, ал 52,6 пайызы ең ауқатты адамдарға беріледі. Дүние жүзіндегі ең кедей 20 пайыз адам қазба-отын субсидияларының 20 пайыздан азын алады.(57) Бұл бағдарламалардың әрқайсысының экономикалық ауыртпалығы аз болса да, олар бірігіп мемлекеттік бюджет тапшылығын көбейтеді, ресурстарды ысырап етеді және өмір сүру деңгейімізді едәуір төмендетеді. Арнайы мүдделердің саяси күші тікелей субсидиялардың, тарифтердің немесе жекелеген тауарлардың квотасы болуын түсіндіреді және бұл бағдарламалар халықтың таза пайдасынан гөрі ерекше мүдделердің әсерін күшейтуге бағытталады.
Ерекше мүдделер әсері жаңашылдық мен бәсекелестікті тежейді. Бұрыннан келе жатқан, қалыптасқан кәсіпорындардың саяси тарихы бар, лоббизм техникасын жақсы меңгерген және ықпалды саяси қайраткерлермен тығыз қарым-қатынас орната біледі. Демек, әдетте жаңа стартаптарға қарағанда қалыптасқан фирмалардың саяси ықпалы жоғарырақ және олар сол арқылы өздерінің жаңашылдық қолданатын қарсыластарын тежейді.
Uber-дің мысалын қарастырайық, ол технология арқылы жүргізушілерді жолаушылармен табыстырады. Жер үсті көлігін іздейтін тұтынушылар смартфонындағы Uber қосымшасы арқылы автокөлікке сұраныс жібереді, ал қосымша бірден көлікті күту уақытын көрсетеді. Uber сонымен бірге жолаушыларға жүргізушілер туралы және керісінше кері байланыс береді. Технология мәмілелік шығынды азайтады және дәстүрлі такси қызметіне қарағанда көбінесе тезірек, әрі арзанырақ. Uber әлемдегі ірі қалалар нарығына кіруге талпынған кезде, дәстүрлі такси индустриясы Uber мен осы нарыққа кіруге ниеттенген ұқсас фирмалармен күресіп, көбінесе олар қолданатын технологияны пайдалануға тыйым салатын заң шығарып үлгеретін.(58) Нәтижесінде жаңа технология мен сауда көлемінің ұлғаюынан түсетін пайда бәсеңдеді.
Электр машиналарын шығаратын Tesla компаниясының тәжірибесі - бұрыннан келе жатқан өндірушілердің жаңа фирманың кіруіне тосқауыл қою үшін саяси үдерістерді қолдануының тағы бір мысалы. Tesla-ның бизнес-үлгісі өз көліктерін тікелей тұтынушыға сатуға негізделген. Алайда қалыптасқан автодиллерлерден тұратын жақсы ұйымдасқан мүдделі топ штаттардың заң шығарушы ұйымдарына ықпал етті; олар өндірушілердің өз автокөліктерін тұтынушыларға тікелей сатуына тыйым салатын заң қабылдауды талап етті. Штаттардың жартысына жуығы осындай тікелей сатылымға тыйым салды. Бұл заңдар Tesla-ның автоөндіріс нарығына кіруін едәуір қиындатты.
Бір қызығы, Tesla-ның өркендеуіне үкімет фаворитизмі негіз болған. Tesla өзінің 100 мың доллардан жоғары бағаға сатылатын Model S атты сәнді электромобилін жасап шығару үшін федералдық үкіметтен жүздеген миллион доллар субсидия (гранттар, үкіметтің кепілдендірілген несиелері және салықтық жеңілдіктер) алған. 2014 жылы Невада штаты Рино қаласының маңында аккумулятор шығаратын зауыт салуға Tesla-ға 1,3 миллиард доллар субсидия пакетін ұсынды. Tesla он жыл бойы жалақы немесе мүлік салықтарын және жиырма жыл бойы сатылым салығын төлеуден босатылды; тағы да 195 миллион доллар көлемінде «аударылатын салық жеңілдігі» берілді, мұны Невададағы салық төлемдерін өтеу үшін басқа компанияларға сатуға болады.(59) Бәлкім бұл жерден бір үйренетініміз: үкімет жағымпаздық пен тамыр-таныстық негізінде дамитын бизнестің өзі басқа осындай артықшылығы бар, бірақ саяси ықпалы жоғарырақ бизнестен ұтылуы мүмкін.
Америка Құрама Штаттарының Конституциясын жасаушылар ерекше мүдделі топтардың күшінен туындайтын мәселелерді жақсы білді. Олар бұл мүдделі топтарды «фракциялар» деп атаған. Олар Конституцияның 1-бабының 8-бөлімінде фракциялардың қысымын шектеуге тырысты, онда Конгресс жалпы қорғаныс пен жалпы әл-ауқатқа ықпал ететін бағдарламалар үшін ғана бірыңғай салық сала алатындығы көрсетілген. Бұл тармақ белгілі бір топтарға көмек беру үшін жалпы салықтық түсімді пайдаланудың алдын алған. Алайда уақыт өте сот шешімдері мен заңнамалық актілер оның мағынасын бұрмалай түсті. Осылайша, қолданыстағы Конституция ұйымдасқан арнайы мүдделі топтардың саяси билігін шектемейді.
3.6-элемент: Артық шығындар мен бюджет тапшылығының алдын алу
Конституциялық немесе басқа қатаң ережелермен шектелмесе, заң шығарушылар бюджет тапшылығын туындатып, шектен тыс шығынданады.
Қарыздық міндеттемелер арқылы шығынды қаржыландыру сайланған шенеуніктерге тартымды көрінетіні анық. Қарыз алу арқылы ақша жұмсағанда, дереу саяси шығын көтермей, жедел саяси пайда табуға болады.
Үкіметтің шығыны табысынан жоғары болса, бюджет тапшылығы туындайды. Әдетте үкімет бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін пайыздық мөлшерлемемен облигация шығарады. Бұл облигациялар - ұлттық қарыздың бөлігі. Жылдық бюджет тапшылығы мемлекеттік қарыз мөлшерін тапшылық шамасына дейін көбейтеді. Керісінше, мемлекеттік табыс шығыннан жоғары болса, бюджет профициті болады. Үкімет облигация ұстаушыларға ақша төлеп, сол арқылы өзінің өтелмеген қарызын азайта алады. Негізінен, мемлекеттік қарыз барлық алдыңғы бюджет тапшылығы мен артық жиынтық әсерін көрсетеді.
1960 жылға дейін экономистердің арасында үкімет әдетте соғыс кезінде көбейген қарызды мүмкіндігінше тезірек төлеу үшін бюджет профицитіне шығуы керек деген ой басым болды. Наполеонмен соғыстан кейінгі 100 жылда Біріккен Корольдікте, Франко-Пруссия соғысынан кейін Францияда және Америка Азаматтық соғысынан кейін Америка Құрама Штаттарында қарыздың көлемі едәуір азайды.
Кейнсиандық революция осының бәрін өзгертті. Ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс Ұлы депрессияның ұзақтығы мен ауыртпалығын түсіндіретін және болашақта мұндай оқиғалардың алдын алатын теория ұсынды. 1940-1950 жылдар аралығында экономистер кейнсиандық көзқарасты қабылдады және көп ұзамай бұл теория интеллектуалды және саяси көшбасшылардың арасында танымал бола бастады. Кейнсиандық талдауға сәйкес, мемлекеттік шығын мен бюджет тапшылығын экономиканы тұрақты дамытуға қолдануға болады. Кейнсиандықтар үкімет бюджетті теңестіруден гөрі құлдырау кезеңінде бюджет тапшылығында болып, инфляция кезінде бюджет артықшылығына ауысуы керек деп тұжырымдады.
Кейнсиандық қазыналық саясаттың тиімділігі даулы болса да, оның көп елдердің бюджетіне әсері анық. Теңдестірілген бюджет шектеуінен босатылған саясаткерлер үнемі жиналған салықтан көбірек ақша жұмсайтын. Греция үкіметі 1995 жылдан бастап 22 жыл ішінде жиырма рет тапшылықты, екі рет профицитті басынан өткерді. 20-кескінде осы кезеңдегі Грецияның ЖІӨ үлесіндегі мемлекеттік тапшылығы көрсетілген. Рецессия кезінде, әсіресе 2008-2009 жылдардағы қаржы дағдарысы кезінде тапшылық жоғары болды. Қаржы дағдарысына дейін бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің орта есеппен 6,5 пайызын құраған, ал дефицитті бақылау уақыты өте қысқа болды. Греция тек 2016 және 2017 жылдары артықшылықта болды.
Тапшылық мемлекеттік қарызды көбейте түседі. Грецияның ЖІӨ үлесіндегі жалпы мемлекеттік қарызы 1995 жылғы 97 пайыздан 2009 жылы 134 пайызға, 2015 жылы 183 пайызға дейін өсті. Грецияның ЖІӨ-дегі мемлекеттік қарызының үлесі ЕО-да ең жоғары. Грециядан басқа қарызы жылдық экономикалық өнімнен асатын тағы төрт еуропалық мемлекет бар (Бельгия, Кипр, Португалия және Италия).(61)
Салық салудан гөрі қарыз алу арқылы шығынды қаржыландыру саяси тұрғыдан тартымды және бұған таңғалуға болмайды. Бұл экономистер айтатын болжамсыздықтың әсері: сайланған шенеуніктер тез, айқын пайда әкелетін жобаларды қолдауға ұмтылады, ал бұл жобалар шығыны жасырын тұрып, байқалмағанымен, болашақта төлеуді қажет етеді. Заң шығарушылар қайта сайлауда жеңіп шығуға көмектесетін өз округінің сайлаушылары мен ерекше мүдделі топтарға пайдалы бағдарламаларға ақша жұмсауға ынталы. Олар салық салғанды ұнатпайды, өйткені салық сайлаушыларға айқын ауыртпалық түсіреді. Қарыз - қазіргі салықтың баламасы; бұл үкіметтің көзге түсерлік шығындарын кейінге қалдырады. Бюджет тапшылығы мен қарыз алу саясаткерлерге жоғары салық салмастан сайлаушыларға тез арада пайда әкелуге мүмкіндік береді. Осылайша, тапшылық - теңдестірілген бюджеттен босатылған, демократиялық саясаттың табиғи нәтижесі.
Саяси үдерістердің шектелмеуі ұйымдасқан мүдделі топтарға пайдалы және саясаткерлер таңдаулы адамдарға пайда әкелу үшін көпшіліктің есебінен шығынды көбейтуге ынталы. Мысалы, заң шығарушы органның әрбір мүшесінің өз сайлаушыларына тиімді шығын бағдарламасы үшін күресуге үлкен ынтасы болады. Керісінше, заң шығарушының шығынды «бақылаушы» рөлін орындауға ынтасы өте аз, бұған екі себеп бар. Біріншіден, мұндай бақылаушының болуы оның әріптестеріне ұнамауы мүмкін, өйткені шығын шектелсе, олардың аудандарына арнайы бағдарламалар ұсыну күрделірек болады. Оның орнына олар бақылаушының аймағына пайдалы бағдарламаға қолдау көрсетпей, кек қайтарар еді. Екінші себеп бұдан да маңыздырақ: бақылаушы шығын мен тапшылықты қысқарта алса да (мысалы, салықты төмендету), үнемделген қаржы барлық аймақтағы сайлаушыларға бірдей мөлшерде түседі. Осылайша, бақылаушының әрекеттері сәтті болса да, оның округіндегі сайлаушыларға үнемделген пайданың аз бөлігі ғана жіберіледі.
Бәлкім, келесі мысал барлық елдің парламенттеріне мемлекеттік шығын мен бюджет тапшылығын бақылауға алудың неліктен соншалықты қиын екендігін түсіндіруге көмектесер. Украинаның Жоғарғы Радасында (Украина парламенті) 450 депутат бар. Осы 450 адам кешкі асқа барсын, астан кейін әр адам шығынның 1/450 бөлігіне тең шот алатындығын біледі делік. Азырақ тапсырыс беруге ешкім ынталы емес, өйткені оның үнемдеген ақшасы жалпы шотқа аз әсер етеді. Тіскебасарға асшаян, негізгі асқа стейк пен лобстер, ал десертке чизкейктің үлкен тіліміне неліктен тапсырыс бермеске? Ақыр соңында, қосымша шығын әр адамның жалпы шоттағы үлесіне бірнеше тиын ғана қосады. Мысалы, кешкі асқа келген бір адам жалпы есепшотты 45 евроға өсіретін қымбат заттарға тапсырыс берсе, оның жеке шығыны 10 центтен де аз болады (45 евроның 1/450 бөлігі). Қандай керемет! Әрине, оған басқа 449 астың артық шығыны үшін де қосымша ақы төлеуге тура келеді. Бірақ ол не тапсырыс берсе, басқалар осылай істейді. Нәтижесінде, әр адам аса қымбат асқа тапсырыс береді, ал салыстырмалы түрде бұлардың әкелетін пайдасы төленетін шығынынан төмен.(62)
Тапшылықты қаржыландырудың саясаткерлер үшін неліктен соншалықты тартымды екенін жоғарыда көрсеткен ынталар түрлері түсіндіреді. 2008–2015 жылдардағы жеті жылдық кезеңде ЕО мүшелерінің тапшылығы әсерінен ЕО-ның ЖІӨ-дегі қарызының үлесі 30 пайыздық пунктке өскен. Оның үстіне, әлеуметтік қорғау бағдарламалары бойынша қарт адамдарға уәде етілген жәрдемнің мөлшері мұны қаржыландыратын жалақыға салынатын салықтық түсімнен әлдеқайда көп. Мұндай қаржыландырылмаған міндеттемелер - қарыздың тағы бір түрі. 2016 жылы барлық ЕО-ға мүше елдерде әлеуметтік қорғау жалпы мемлекеттік шығынның ең көп бөлігін құрады (ең үлкені Финляндияда болды - ЖІӨ-нің 25,6 пайызы).(63) Жұмыс істейтін халықтың үлесі қысқарып, зейнеткерлердің саны өскен сайын(64), әлеуметтік қорғауға кететін шығын оны қаржыландыратын түсімнен асып түсіп, федералдық үкіметтің қарыздық жауапкершілігін одан әрі көбейте түседі.
ЕО-ға мүше елдердің үкіметі өз қаржыларын реттей алмаса, не болады? Мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-мен салыстырғанда көбірек өсуі несие нарығына да кері әсерін тигізеді. Қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы жоғары елдің үкіметіне несие беру қауіпті. Нәтижесінде қарызы көп үкіметке жоғары пайыздық мөлшерлеме төлеуге тура келеді. Өз кезегінде, пайыздық шығынның жоғарылауы үкіметтің өз бюджеті шегінде әрекет етіп, салықты ақылға қонымды деңгейде ұстап тұруын қиындатады.
Елдің қарызы табысқа қарағанда өсе берсе, инвесторлар елдің қазынашылығы шығарған облигацияларды сатып алуға құлықсыз бола бастайды. Ақыр аяғында қаржылық дағдарыс туындайды - үкімет тікелей дефолтқа ұшырайды немесе ақша шығарып, инфляция есебінен өз қарызын қаржыландырады. Екі жағдайда да экономика құлдырайды. Бұл жағдай Греция сияқты үкіметтің қаржысын басқара алмаған елдерде болды. Бірде-бір ел экономикалық заңдарға қарсы бола алмайды.
Алдағы жылдары барлық үкіметтің өз шығыны мен қарызын бақылағаны өте маңызды. Мұны саясаткерлерге салық түсімінен көбірек шығындалуға кедергі болатын саяси ережелерді өзгертпей жасау екіталай. Бұған бірнеше жолмен қол жеткізуге болады. Грузия үкіметі талап еткендей, Конституцияға үкіметтен бюджетті теңдестіруді талап ететін өзгертулер енгізуге болады. Немесе қазіргі жылдың шығынын өткен жылғы түсімнің деңгейімен шектеуге болады. Ұсынылып отырған Конституциялық ережелердің өзгерістері заң шығарушыларға салық салып немесе мемлекеттік қызметтерді ақылы жасамайынша, шығын жасауды қиындатады.
3.7-элемент: Экономикалық логикаға негізделмеген субсидиялардан аулақ болыңыз
Үкіметтің жекелеген адамға не фирмаға белсенді түрде басқалардың есебінен қандай-да бір жеңілдіктер беруі тиімсіз нәтижелерге әкеледі және шенеуніктер мен кәсіпкерлер арасында әдепсіз, орынсыз қарым-қатынастар пайда болады.
Саясаттың құралы (көбінесе бұл оның мақсатына да айналады) - мүмкіндігінше аз заң бұзылуымен салық төлеушілердің ресурсын алып, сайлау кезінде көбірек дауыс жинау үшін жиналған ақшаны көптеген талап етушілерге тарату. Қолдаумен қамтамасыз ету тұрғысынан саясат - есеппен жасалатын алдау өнері немесе дәлірек айтсақ, қалай ұсталмай алдау керектігі туралы өнер.
Жеке тұлғалар екі жолмен: өндіру не тонау арқылы байлыққа қол жеткізе алады. Адамдар құнды тауар не қызмет өндіріп, оларды айырбастау арқылы табыс тауып, байлық жолына түседі. Мұндай әдіс оң нәтиже береді, сауда серіктестеріне пайда әкеледі және қоғам бай-қуатты бола түседі. Алайда адамдар кейде қылмыс жолына түсіп, басқалардың келісімінсіз олардың меншігін тартып алу арқылы дәулетке жеткісі келеді. Әрине, тоналғандар тонаушының алып кеткен нәрсесін жоғалтады. Сонымен қатар, қауіпті жерде тұратын адамдар олардан қорғану үшін түрлі ресурстарды пайдаланады. Мысалы, ұрлық жиі болатын қоғамда адамдар көбірек құлып сатып алады, қауіпсіздік қызметін көбірек пайдаланады, полицияға сұранысы жоғары, тіпті ұрлықтың алдын алатындай үйлерін арнайы дизайнмен салады. Қоғамның шығыны тонаумен айналысқан адамның тартып алғанынан көбірек болады. Оң нәтижелі айырбаспен салыстырғанда, тонау теріс нәтиже береді. Ол қосымша табыс әкелмейді, оның үстіне оған ресурстар жұмсалып, қоғамның байлығын азайтады.
(Түпнұсқаны толығымен мына сайттан көруге болады: https://www.dailymotion.com/video/x2hwqki)
Үкімет өндіріс пен айырбасты ынталандырып, тонауға жол бермеу арқылы экономиканы өркендетеді. Тиімді заңдардың болуы мен оның қатаң орындалуы қылмыстық немесе саяси әрекеттер арқылы біреудің меншігін тартып алуды қиындатады, сонда аз ресурс тонауға ұшырайды. Оның үстіне, тонауға қарсы ресурс та аз жұмсалатын болады.
Алайда қазіргі әлемде үкіметтің өзі тонаудың негізгі көзіне айналған. Үкімет көбіне біреулердің ресурсын тартып алып, басқаларға субсидия мен артықшылық береді. Әрине, бұл техникалық тұрғыдан ұрлық емес, өйткені ол заң арқылы жасалады. Бірақ бұл - азаматтарға зиян келтіретін, экономикалық өсуді баяулататын теріс нәтижелі әрекет.
Қазір трансферттер мен субсидиялар Францияның жалпы бюджет шығынының шамамен жартысын құрайды.(66) Әлеуметтік қорғауға бөлінетін субсидиялар трансферттердің негізгі бөлігін құрайды (жалпы бюджеттің 43 пайызы),(67) бірақ үкімет қазір мәдениет, әуежай, белгілі бір өндіріс фирмалары, күн энергиясы, қазба отын және балапаннан бастап шарапқа дейінгі ауылшаруашылық тауарлары тәрізді көптеген салаларды қолдайды. Францияның ауылдық жерлерінде шағын бизнес бастауға 250 түрлі грант пен субсидия беріледі.
Субсидия мен үкіметтің фаворитизмі саяси демократияға да, экономикалық тиімділікке де қауіп төндіреді. Мұның бірнеше себебі бар.
Біріншіден, субсидиялар бағаны бұрмалайды және кәсіпкерлерді орталық үкіметтен көбірек фаворитизм іздеуге және жақсы, тиімді өнім әзірлеуге аз ғана уақытын бөлуге ынталандырады. Әрине, үкімет фаворитизмінің қол жетімділігі ерекше мүдделерді күшейтеді және алдауға ынталандырады. Мемлекеттен көбірек қаражат алып, бәсекелестеріне қарағанда артықшылыққа ие болу үшін бизнес пен басқа да пайда іздеушілер халықты жұмыспен қамту, кедейлікпен күресу, қоршаған ортаны жақсарту және шетелдіктерге тәуелділікті азайту сияқты мақсаттарды алға тартып, өз мүдделерін жасырады. Олардың әрекеттері қаржылық пайда мен саяси күшке бағытталса да, мүдделі топтар биік, ізгі мақсаттарға ұмтылудамыз деп айтудан жалықпайды.
Екіншіден, кейбір фирмалар мен секторларға берілетін субсидиялар басқаларды қолайсыз жағдайда қалдырады. Субсидия алмаған кейбір фирмалар нарықтан шығуы немесе тіпті нарыққа кіре алмауы мүмкін, өйткені олар субсидияланған бәсекелестерімен жарыса алмайды. Нәтижесінде ресурстар нарықтағы тұтынушыларына тәуелді бизнестерден саясаткерлерге ұнайтын бизнестерге ауысады.
Үшіншіден, бәлкім, ең маңыздысы, субсидия мен фаворитизм бизнес пен шенеуніктер арасында әдепке жатпайтын, орынсыз қатынас тудырады. Осылайша корпорацияларға оң көзбен қарау белең алып, «тамыр-таныстық негізіндегі капитализмге» жол ашылады, ал бұл өз кезегінде салық төлеушілер мүддесіне нұқсан келтіреді. Корпорацияларға оң көзбен қарау деңгейі неғұрлым жоғары болса (яғни, бизнеске бағытталған мемлекеттік субсидиялау бағдарламалары қаншалықты көп болса), мемлекеттің қолдауын алуға соғұрлым көп ресурс жұмсалады. (Ескерту: экономистер кәсіпкерлер мен басқа топтардың мемлекеттік қолдауға ұмтылуын сипаттау үшін көбінесе пайда іздеушілік терминін қолданады.) Саясат нарықтың орнын басқан кезде экономика тамыр-таныстық негізінде дамып, тиімсіз әрекеттерге толы болады, ал экономикалық өсу өзінің әлеуетіне жетпейді.
Табысы жоғары демократиялық елдердің үкіметі барған сайын салық пен қарыз арқылы белгілі бір дауыс беруші топтарға субсидия мен басқа да жеңілдіктер беріп, олардың жарнасы мен қолдауына ие болады. Шотландиялық Александр Титлер (автор ретінде оған көбірек сілтеме жасалған) мынадай дәлел келтірген:
Демократия тұрақты басқару формасы емес. Ол сайлаушылар дауыс беру арқылы мемлекеттік қазынадан көп ақша ала алатындығын білгенге дейін ғана өміршең болуы мүмкін. Көпшілік оны білгеннен кейін мемлекеттік қазынадан көбірек ресурс әперетін үміткерге дауыс беретін болады, сөйтіп нашар қазынашылық саясаттың әсерінен демократия құлайды...(68)
Кәсіпкерлер мен басқа да мүдделі топтар саясаткерлерге субсидия мен фаворитизм үшін белсенді қолдау көрсете бастағанда, бұл күштерді тежеу өте қиын болады. Үкіметтің фаворитизмі күшейіп, алушылар да, саясаткерлер де оған тәуелді болған кезде трансферттік шығындар көбейе түседі және ресурстар өнімді әрекеттерге жұмсалмайды. Оның үстіне, алдау-арбау, этикалық емес қатынастар, тіпті сыбайлас жемқорлық қалыпты жағдайға айналады. Салық көбейе түседі, бюджет дефициті одан әрі өседі және саяси айла-шарғымен басқарылатын экономика тоқырауға ұшырайды. Меншік құқығын Конституциямен қорғап, үкіметтің шығынын, субсидия беруін және қарыз алу әрекетін шектемейінше, демократиялық жолмен сайланған саясаткерлер ресурстарды ысырап жасап, жалпы өмір сүру деңгейіне нұқсан келтіретін бағдарламаларды қабылдай береді. Мұны Грецияның мысалынан айқын көреміз: 2015 жылы үкімет елді қарыз дағдарысына ұшыратты; елдің қарызы өсіп, экономикалық күйреуге ұшырады.
3.8-элемент: Абай болыңыз: пайдалы субсидиялардың өзі тиімсіз болуы мүмкін
Аударымды алушылардың таза табысы аударым сомасынан аз немесе көп жағдайда тым аз болады.
«Жұмысқа жарамсыздық бойынша көмек алуға болады. Ал жұмысқа қабілетсіздерге не беретін білмеймін».
Экономиканы білмейтін адамдар үшін трансферттік төлемдер атаулы көмек берудің тиімді жолы болып көрінуі мүмкін. Алайда экономикалық талдаулар көрсеткендей адамдардың ұзақ мерзімді әл-ауқатын жақсартатын трансферттік төлемдер жасау өте қиын. Экономикада жиі көретініміздей, күтпеген жанама әсерлер бұл тұжырымның дұрыстығын дәлелдейді.(69)
Трансферттік төлемдердің тиімділігін негізгі үш фактор төмендетеді. Әлеуметтік көмек тәрізді тікелей трансферттік төлем кезіндегі процесті байқау оңай болса да, ауылшаруашылығына субсидия не жеке тұлға мен корпорацияға жәрдем берген кезде де осыған ұқсас жағдай орын алады.
Біріншіден, мемлекеттік трансферттердің ұлғаюы салық төлеуші-донордың да, трансферт алушының да табыс тауып, байлық жинауға деген ынтасын төмендетеді. Көп трансферттік бағдарламалар трансферт мөлшері мен алушының табыс деңгейі арасында кері байланыс болуын талап етеді. Алушының табысы өскен сайын трансферт мөлшері азаяды. Бұл жағдайда салық төлеуші де, трансферт алушы да трансферт бағдарламасы болмаған кездегідей өнім өндіріп, табыс таппайды. Трансферттің көлемі өскенде, оны қаржыландыратын салық та өсетіндіктен, салық төлеушілер өнім өндіріп, табыс табу үшін тәуекелге барғысы келмейді, ынтасы азаяды; керісінше тапқан ақшасын сақтап қалатын салық паналарын іздеуге ынталы болады. Сол сияқты, трансферт алушылардың табыс табуға деген ынтасы төмен болады, себебі қосымша табыс олардың таза табысын аз ғана (көп жағдайда өте аз) мөлшерге көбейтеді. Нәтижесінде экономикалық даму баяулайды.
Трансферт саясатының теріс әсерін көру үшін мына мысалды талдайық. Профессор семестр басында ешқандай студент С-дан төмен алмайтындай, емтихан кезінде жинаған ұпайларды қайта бөлемін деген кездегі студенттердің реакциясын қарастырайық. Бұл жоспар бойынша емтиханда орта есеппен 90 және одан жоғары балл алып, «А» бағасын алған студенттер «D» және «F» алғандардың бағасын орташа мәнге көтеретіндей, өз баллдарынан бас тартуы керек. Әрине, «В» алған студенттер де бірдей үлестірімге қол жеткізу үшін белгілі бір ұпайларын құрбандыққа шалуы керек, бірақ олардың айырылатын ұпайының мөлшері азырақ.
«А» мен «В»-ға оқитын студенттердің, кем дегенде, кейбіреулері басқаларға көмек беру үшін олардың қосымша ынта-жігеріне «салық салынғандықтан», енді азырақ сабақ оқиды деп ойлайсыз ба? Онымен қоса, «C» мен «D»-ға тапсырған студенттер де сөйтер еді, себебі оларға үлгерімі төмен болғаны үшін қосымша трансферт беріледі, ал олар өз бетімен көбірек ұпай жинаса, бұл трансферттен қағылады. «F» алатын студенттер де сөйтеді, бірақ олар мүлде оқымауы да мүмкін. Ақыр соңында, сыныптағы әр студент нашар оқып, жалпы үлгерім төмендейді деп болжаймыз.
Салық пен трансферт сұлбалардың әсері ұқсас: адамдардың ынта-жігері мен жалпы табыс деңгейі төмендейді. Табыс «Құдайдың тегін тартуы» емес. Оны адамдар еңбек етіп өндіреді, табады. Жеке тұлғалар ақша төлеуге дайын адамдарға тауар мен қызмет түрлерін ұсынып, табыс табады. Ұлттық табысты экономикалық бәліш ретінде қарастыруға болады, оның көлемі миллиондаған адамдардың іс-әрекетімен анықталады, олардың әрқайсысы жұмыс істеп, сауда жасау арқылы өз үлесін алады. Осы бәліш жасауға үлес қосқан адамдардың тілімнен кішкене кесіп басқаларға үлестіру, осы адамдардың ынта-жігері мен инновациялық белсендігін төмендетуінсіз мүмкін емес.
Екіншіден, бөлінетін трансферт үшін бәсекелестік бенефициарлардың ұзақ мерзімді табысына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Үкімет табыс трансферті мен басқа да саяси игіліктерді алудың критерийлерін белгілеуі керек. Олар мұны жасамаса, бюджеттегі бар қаржы тез бітеді. Әдетте, үкімет трансферт алушыдан бір нәрсеге ие болуды, бірдеңе істеуді немесе бірдеңе болуды талап етеді. Мысалы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алушы адам жұмыссыз болуы керек, ал компания шағын кәсіпкерлікке берілетін субсидия не несие алуы үшін қызметкерлерінің саны белгілі бір мөлшерден аспауы керек. Критерий анықталғаннан кейін, адамдар «тегін» ақшаға немесе үкіметтің басқа да жәрдемдеріне ие болу үшін өз әрекеттерін өзгертеді. Осылайша, олардың трансферттен алатын таза табысы төмендейді.
Мына жағдайды елестетіп көрелік: Польша үкіметі әр жұмыс күні таңғы 9.00 бен 17.00 аралығында Қаржы министрлігінің кассасының алдында кезек күтуге ниетті адамдарға 300 злоты ақша беремін деп шешім қабылдады делік. Ұзын-сонар кезек пайда болады. Қаншалықты ұзақ? Адамдар өздерінің бос уақыты мен жұмыс уақытының қаншасын бөлуге дайын? Сағатына 30 злоты алатын адам 300 злот алу үшін он сағат кезек күтуге дайын болар еді. Бірақ сағатына одан азырақ, мысалы, сағатына 20 злоты не 10 злоты алатын адамдар жеткілікті болса, онда он сағаттан көбірек күту мүмкін. Барлығы кезек күтуге кеткен уақытта 300 злотының көп бөлігін жоғалтқанын түсінер еді. Бағдарламаның жақтаушылары трансферт алушылар 300 злотыға байырақ болады деп ойласа, олар қателеседі.
Бұл мысал трансферт бағдарламалары неліктен бенефициарларға біз ойлағандай көмектеспейтінін көрсетеді. Бенефициарлар трансферт алу үшін бірдеңе істеуі керек болғанда (мысалы, кезек күту, бланкі толтыру, шенеуніктерге лобби жасау, емтихан тапсыру, кешіксе де шыдау не белгілі бір саяси науқандарға жарна қосу), олар критерийге сәйкес келуге тырысады, нәтижесінде алатын ақшасы да азая түседі. Дәл сол сияқты, бенефициарлар субсидия алу үшін бірдеңе иеленуі керек болса (мысалы, бұрынырақ белгілі бір дақыл салынған жер немесе такси қызметіне немесе өнімді шетелдіктерге сатуға мүмкіндік беретін лицензия), иелері субсидия алуға қажетті активтің бағасын көтеруге тырысады. Активтің бағасы жоғары болған сайын (мысалы такси лицензиясы), берілетін субсидияның құнын алады.
Барлық жағдайда да ықтимал бенефициарлар критерийге сәйкес болу үшін бәсекелесіп, трансферттің көп бөлігін жұмсап жібереді. Нәтижесінде трансферт алушының таза табысы трансферттің сомасынан айтарлықтай төмен болады. Шынында да, шекті алушының (трансферт оны алуға кеткен шығынды әрең ақтайды деп есептейтін адамның) таза табысы нөлге жақын не оған тең болады.
АҚШ-тың ЖОО cтуденттеріне беретін субсидиясының (грант пен арзан несиелер) әсерін қарастырайық. Бұл бағдарламалар ЖОО-ны қолжетімді ету үшін жасалған. Сонымен бірге бұл субсидиялар ЖОО-ға деген сұранысты арттырады, сөйтіп оқу ақысы қымбаттайды. Нью -Йорктің Федералды Резервтік Банкінің жақында жүргізген зерттеуі бойынша, студенттерге берілетін трансферттердің 65 пайызға жуық өсуі оқу ақысының жоғарылауы түрінде студенттерге өтті деп есептейді. Сонымен қатар, субсидиялау бағдарламалары еңбек нарығына шамадан көп университет түлектерін шығарды, бұл олардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін азайтты және дипломдарының құнын төмендетті. Посткоммунистік өтпелі кезеңдегі елдерде университеттердің тез көбейіп, сапасы төмен және ескірген (көптеген салаларда) білім беруінен, түлектер өз дипломы бойынша жұмысқа тұра алмайды, диплом керек емес жұмысқа орналасады; сөйтіп нарықта «артық білім» мәселесі пайда болды. Мұндай түлектердің көбі оқу бітіргеннен кейін жылдар бойы төмен біліктілікті қажет ететін жұмыстарда қалып қояды.(70)
Трансферт тиімсіздігінің үшінші себебі бар. Трансферт бағдарламалары ойланбай, ағатттық жасағандардың жағымсыз жағдайларын жақсартуға тырысады, сөйтіп олардың қиындықтан шығуға деген ынтасын төмендетеді. Мысалы, дауыл соғатын аудандардағы сақтандыру төлемдері үшін берілетін мемлекеттік субсидиялар адамдардың дауылдан болатын экономикалық шығынға қарсы жұмсалатын жеке шығынын төмендетеді. Бірақ, әрине, қоғам зардап шегеді. Субсидия дауылдан сақтандыруды арзандатқандықтан, адамдар дауыл болатын аудандарда көбірек қоныстана бастайды, соның салдарынан дауылдың зияны көбірек болады. Әйтпесе мұнда азырақ адам тұрар еді. Тағы бір мысал - жұмыссыздық бойынша жәрдемақы. Жәрдемақының болуынан жұмыссыз адам ұсыныстардан бас тартып, жақсырақ жұмыс іздей беруі мүмкін. Нәтижесінде, олар жұмыс табуға көп уақыт жұмсайды, сөйтіп жұмыссыздық деңгейі жоғарырақ болады, әйтпесе адамдар тезірек жұмысқа шығар еді.(71)
Кедейлік пен мемлекеттік бағдарламалардың әсерін түсіну барысында үкіметтің ресми статистикасында көрсетілетін «кедейшілік» пен өмір сүру сапасын сезімталдықпен көрсететін «кедейліктегі өмір» түсінігінің айырмасын анықтау маңызды. 1960-шы жылдардың ортасында АҚШ президенті Линдон Джонсон «кедейшілікке қарсы соғыс» жариялады. Президент Джонсон мен бағдарламаның басқа да жақтастары америкалықтар табысының аз бөлігін қоғамның жағдайы төмен мүшелеріне аударса, кедейлікті жоюға болады деп сенді. Халық келісті және табыс трансферті бағдарламаларының көлемі айтарлықтай өсті. Төмендегі диаграммадан (21-сызба) көріп отырғанымыздай, АҚШ-та кедей немесе кедейлікке жақын азаматтарға берілетін трансферттердің нақты мәні (2017 жылғы мәндер) 1960 жылдардан бастап күрт (тоғыз есеге) өсті. Ал кедейлік деңгейі, өкінішке орай, өзгере қоймады.(72) Бір кездері президент Рональд Рейган: «Алпысыншы жылдары біз кедейшілікке қарсы соғыс жүргіздік, бірақ кедейлік бізді жеңді» деген.
Неліктен кедейшілікке қарсы бағдарламалар тиімді болмады? Трансферттер кедейлікке қарсы күресті баяулататын күтпеген үш жанама әсер тудырады.
Біріншіден, табысқа байланысты берілетін трансферттер табысы төмен адамдардың табыс табуға, табысын өсіріп, кедейліктен құтылуға деген ынтасын төмендетеді. Көбіне бұл бағдарламалар бойынша жәрдем мөлшері біртіндеп азайып, трансферт алушының табысы жеткілікті өскенде тоқтатылады. Нәтижесінде табысы төмен көп трансферт алушылар кедейлік тұзағына түседі. Олар көбірек табыс тапса, қосымша салық пен енді алмайтын трансферттің әсерінен, қосымша табысы өздері күткеннен азырақ болады. 2018 жылы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) табыстың көбеюінен тоқтатылған жәрдемнің көлемі Чехиядағы жұмысшылардың ең аз жалақы мөлшерінің 93 пайызына, ал Хорватияда 92 пайызына тең деп хабарлады.(73) Кей жағдайда қосымша жалақы трансферт алушының таза табысын төмендетуі мүмкін. Осылайша, кедейлік тұзағының әсерінен табысы аз трансферт алушылардың жұмыс істеуге, көбірек ақша табуға, тәжірибе жинауға және қызметте өсуге деген ынтасы айтарлықтай төмендейді. Трансферттер көбінесе адамдардың басқаша жолмен табатын табысын алмастырады, нәтижесінде кедей адамдардың таза табысы төмен - трансферттік шығындар көрсететін сомадан әлдеқайда аз болады.
Бұл жаңа тұжырым емес. Алексис де Токвиль 1835 жылы Англияның кедейлер туралы заңдарын шолып шығып, пауперизм туралы естеліктер еңбегінде былай деп жазды:
«Адам қоғамдағы барлық тіршілік иелері сияқты бос жүруге құмар. Алайда оны жұмыс істеуге итермелейтін екі стимул бар: өмір сүру қажеттілігі мен өз жағдайын жақсарту ниеті… Тұрақты негізде қайырымдылық жасайтын, әкімшілік формасы бар ұйымды заңмен бекітсек, өндіріс пен жұмысшы тобының есебінен өмір сүретін бос, жалқау тап пайда болады».(74)
Жұмыспен қамту орталығы
Вебер мырза, менің ойымша, сіз жұмыс табу үшін күш-жігеріңізді жұмсап жатқан жоқсыз.
Екіншіден, кедейшіліктің ауыртпалығын айтарлықтай төмендететін трансферттік бағдарламалар қауіпті таңдаулардың балама құнын төмендетеді (мысалы, есірткі қолдану, мектепті не жұмысты тастау, жасөспірімдер мен күйеуге шықпаған әйелдердің бала көтеруі, ажырасу немесе әкелердің балаларын тастауы); бұл жағдайлар көбінесе кедейлікке әкеледі. Адамдар осындай жоғары қауіпті таңдауларды көбірек жасаған сайын, кедейшіліктің деңгейін төмендету қиынға түседі. Кедейшіліктің деңгейі толық отбасыларға қарағанда толық емес отбасылар арасында едәуір жоғары. Мысалы, 2017 жылы Чехияда жалпы халықтың 9,7 пайызы, ал жалғыз басты анасы немесе әкесі бар үй шаруашылығындағы адамдардың 37 пайызы кедейшілік шегінен төмен өмір сүрген. Беларуссияда 2013 жылы жалпы халықтың 11 пайызы, ал толық емес отбасылардың 17 пайызы кедейшілікте өмір сүрді. Брукингс институтында қызмет ететін Изабел Савилл мен Рон Хаскинстің 2009 жылы жүргізген зерттеуі бойынша, АҚШ-та адам тек үш негізгі нәрсені орындау арқылы өзінің кедейлікте өмір сүру ықтималдығын 12 пайыздан 2 пайызға дейін төмендете алады. Олар: (кем дегенде) орта мектепті аяқтау, толық жүктемемен жұмыс істеу және бала дүниге келгенге дейін үйлену.(75) Жеке таңдаудың кедейлікке әсерін тәрбиешілер, ата-аналар, қамқоршылар мен басқалар жастармен бірге талқылау қажет, жастар өз өмірлерін өзгертетін шешім қабылдаған кезде бұл өте маңызды шара. Сайлаушылар мен жалпы қоғам мүшелері зиянды шешім қабылдау ықтималдығын арттырып не төмендететін, адамның мінез-құлқын өзгертуге стимул беретін бағдарламаларды қабылдағанда бұл ойларында болуы керек.
Үшіншіден, үкіметтің кедейшілікте қарсы трансферттері жеке қайырымдылық әрекеттерін бәсеңдетеді. Адамдар үкіметтің кедейлерге қамқорлық жасайтынын түсінген кезде, отбасылар, шіркеулер мен азаматтық ұйымдар босаңси түседі. Иудей-христиандардың ондық түсінігі, исламдағы зекет парызы жеке адамның жолы болмай жүргендерге көмектесу керектігін баса көрсетеді. Үкімет салық салып, көбірек әрекет жасаса, жеке адамдар мен топтардың белсенділігі азаяды. Оның үстіне жеке тұлғалар мәселенің шын бейнесін көріп, көмек алушылардың өмір салтына назар аударады және өздері тырысып, әрекет жасайтындарға көбірек көңіл бөлуге бейім. Осылайша қайырымдылық көрсететін жеке тұлғалар үкіметке қарағанда тиімдірек, сондықтан жеке тұлғалардың белсенділігі азайғанда мәселе ұшыға түседі. Тағы да зерттеулер жеке қайырымдылық ұйымдары үкіметке қарағанда табысының едәуір көп бөлігін бенефициарларға ұсынады, себебі үкіметтің үстеме және әкімшілік шығыны әлдеқайда көп деген қорытындыға келген.(76)
Экономикалық тұрғыдан алғанда, фермерлік бағаны қолдаудан бастап, кедейшілікпен күрес бағдарламаларына дейін қамтитын трансферттік бағдарламалардың тиімсіздігіне таң қалмаңыз. Жанама әсерлерді есепке алып, экономикалық талдау жасасақ, бенефициарларға ұзақ мерзім көмек көрсетудің өте қиын екенін байқаймыз. Ең дұрысы мұндай бағдарламалар кедейліктің тұсауына шырмалған, бірақ мұндай трансфертті алмау үшін, содан шығуға барынша тырысатын адамдарға мүмкіндік беру керек. Шын мәнінде, трансферттік бағдарламалар осы миссияның бірінші бөлігін ғана орындайды, оның үстіне бұл жетістік екіншісін тежеу есебінен жүзеге асырылады. Нәтижесінде дамушы елдерде де, дамыған елдерде де жәрдем «шартты ақшалай көмек» ретінде беріле бастады: трансферт алушы белгілі бір әрекет жасаған кезде ғана қолдау көрсетіледі.
Қорытындылай келе, кедейшілікке қатысты күрделі саяси шешімдер жөнінде бірнеше ескерту жасай кеткен жөн. Баспасөз беттеріндегі шолуларды оқығанда немесе кандидаттарды тыңдағанда, олардың нақты не туралы айтып отырғанын түсіну маңызды.
- «Кедейшілік» анықтамасы бізді жиі шатастырады. Бір адамдар кедейлік туралы айтқан кезде, олар «абсолютті кедейлік» туралы ойлайды, бұл жеке адам немесе отбасының алдын ала белгіленген «тауарлар мен қызметтердің ең төменгі қоржынын» сатып алуға жеткілікті қаражатының жоқтығын білдіреді.
- Басқалары «салыстырмалы кедейлікке» сілтеме жасайды, бұл жеке тұлға немесе отбасының табысы табысты бөлу кестесінде бекітілген ұстанымынан төмен болса (мысалы, қоғамның орташа табысынан төмен болса), олар кедей болып саналады.
- Салыстырмалы кедейшіліктің теңсіздікке қатысы бар, бірақ екеуі бірдей емес. Әрқайсысында төрт отбасы бар екі қоғам бар делік. Бірінші қоғамның табысы 1000 000$, 50 000$, 50 000$ және 4000$, ал екіншісінің табысы 51 000$, 50 000$, 50 000$ және 24 999$ болсын. Екі қоғамдағы салыстырмалы кедейлік деңгейі бірдей (25%), бірақ теңсіздік деңгейі әр түрлі болады.
- Кедейшіліктің көрсеткіштері кейде салық (табысты төмендетеді) пен трансфертті (табысты көбейтеді) есепке алмай ұсынылады. Қайсысы қолданылып жүр? Бірінші анықтама бойынша, кедейшілікте өмір сүретіндердің саны соңғысына қарағанда екі есе көп.
- Тұтынудың минималды деңгейін көрсететін стандарттар әр елде әртүрлі және уақыт өте өзгеріп отырады. Орташа және жоғары табысты елдерде қисынды өмір сүру деңгейінің көрсеткіші болатын кейбір тауарлар мен қызмет түрлері алдыңғы ұрпақтың ойына кіріп шықпайтын (Ұялы телефон немесе теледидарды еске түсіріңіз).
- Соңында, белгілі бір уақыттағы кедейшілік пен өмір бойы кедейлік көрудің айырмасын білу өте маңызды. Студент кезінде табыстың төмен болуы мен өмір бойы кедей болу - екі бөлек әңгіме.
3.9-элемент: Орталықтан жоспарлау ешқашан жұмыс істеген жоқ
Экономиканы орталықтан жоспарлау тым күрделі әрі тиімсіз.
Жүйедегі адам өзін өте ақылды деп ойлайды. Ол шахмат тақтасына фигураларды қалай қойғысы келетінін өзі білетіні сияқты, үлкен қоғамның әр түрлі мүшелерін қалағанынша басқара аламын деп ойлайды; ол шахмат тақтасындағы фигуралардың қозғалыс қағидасы жоқ, оларды тек қолмен қозғау керек деген сенімде; бірақ адамзат қоғамының ұлы шахмат тақтасында әрбір фигураның өз қозғалыс қағидасы бар, ол тіпті заң шығарушының таңдаған қағидасынан өзгеше болуы мүмкін. Бұл екі қағида сәйкес келіп, бір бағытта әрекет етсе, адамзат қоғамы оңай әрі үйлесімді даму жолына түседі және қоғам бақытты әрі табысты болады. Олардың ойы қарама-қарсы немесе әрбасқа болса, ойын насырға шауып, қоғамда әрдайым бейберекетсіздік орнайды.
Алдында талқылағанымыздай, көбінесе үкімет нарыққа қарағанда қоғамдық игіліктермен қамтамасыз етуді жақсырақ басқара алады. Қоғамдық игіліктер - бұлар төлем жүргізген тұтынушыларға ғана ұсыну қиындық тудыратын тауарлардың шағын тобы. Көп адамдар мемлекеттік шенеуніктер нарыққа қарағанда экономиканы тұтастай немесе оның көп бөлігін жақсырақ басқарады деп сенді. 1917 жылғы большевиктер төңкерісінен бері орталықтан жоспарлаудың көп жақтастары мемлекеттік шенеуніктер салық, субсидия, мандат, директива мен ережелерді қолданып, экономиканың негізгі секторларын орталықтан жоспарлап, басқарса, халықтың жалпы жағдайы жақсарады деп айтып келді. Орталықтан жоспарлау кезінде біз бұрын талқылаған нарықтық күштер ескі Кеңестік жүйедегідей тікелей басқару мен бақылауды қамтитын үкіметтің диктатурасымен алмастырылады. Мұндай мемлекеттік бақылау салыстырмалы түрде кез келген қоғамда орын алуы мүмкін, онда сайланған шенеуніктердің тұтынушылар, инвесторлар мен кәсіпкерлерге қатысты үкімдері нарықтық күшті ауыстырады.
Орталықтан жоспарлаудың жаңадан бастаушыларға неліктен тартымды екенін түсіну қиын емес. Әрине, жоспардың болғаны жақсы-ақ. Сайланған шенеуніктер мен мемлекеттік сарапшылар кәсіпкерлерден гөрі халықтың «жалпы әл -ауқатын» жақсартуға ынталы емес пе? Мемлекеттік шенеуніктер жеке бизнес өкілдеріне қарағанда "ашкөздігі аздау" аз емес пе? Қоғамдық таңдау экономикасы мен саяси процестерді түсінбейтін адамдар орталықтан жоспарлауды жақтайтын дәлелдерге көбірек сенеді. Алайда экономика орталықтан жоспарлаудың тиімсіздігін көрсетеді. Мұның негізгі бес себебі бар.
Біріншіден, орталықтан жоспарлау нарықтық шешімдерді саясатпен алмастырады. Шынайы өмірдегі орталықтан жоспарлаушылар (және оларды басқаратын заң шығарушылар) бәрін білетін, ниеті таза әулиелердің тобы емес. Жоспарлаушылар бөлетін субсидия мен инвестициялық қаржыға саяси көзқарастардың әсері болатыны сөзсіз. Шешімдер демократиялық жолмен қабылданған кезде де бұл үдерістің қалай жұмыс істейтінін ойлап көріңіз.
Заң шығарушы ұйым шығындарды мақұлдауы керек. Бизнес пен кәсіподақтың мүдделерін қорғайтын лоббилер инвестициялық қор мен субсидияға таласады. Сайлау науқанына жарна қосатын немесе көп дауыс жинап беретіндерге заң шығарушылардың бүйрегі бұрып тұрады. Саясаткерлер жаңа, тез өсіп келе жатқан фирмаларға қарағанда экономикалық тұрғыдан әлсіз болса да, лоббистік тәжірибесі мен саяси ықпалы бар бұрыннан келе жатқан фирмаларға арқа сүйегенді ұнатады. Сонымен қатар, заң шығарушы комитеттің төрағалары жобаны басқа заң шығарушылардың сайлаушылары тиімсіз («қазыналық ауызбастырық» жобалары) көрсе, келіспесе, көп бағдарламаларды қабылдамайды. Осындай ынталандыру құрылымын ескерсек, тек аңғал идеалисттер ғана мұндай саяси үдерістер ысырапсыздыққа, байлыққа жетелеп, инвестициялық қорлар нарыққа қарағанда жақсырақ пайдаланылады деп сенеді. Ең жоғары тиімділікке жетуге менеджерлердің ғана ынталандыруы жоқ деп айта алмаймыз. Кепілді жұмыс орны бар, қанша еңбек еткеніне қарамастан бірдей жалақы алатын жұмысшылардың жұмысқа өздерінің күш-жігерін барынша азайтуға ынталандырады. Кеңестік дәуірдің бейнесін мына сөйлем арқылы көрсетуге болады: "Олар бізге ақша төлегендей бізді алдайды, ал біз жұмыс істегендей оларды алдаймыз". (Кеңестік кезеңнен тағы мына фраза сақталған: «Мемлекеттен ұрламаған адам өз отбасынан ұрлайды»).
Екіншіден, мемлекеттік кәсіпорындар мен агенттіктердің шығынды төмендетуге, жаңашыл болуға және тауарларды тиімді жеткізуге ынталандыруы әлсіз. Жеке меншік иелерінен айырмашылығы, мемлекеттік кәсіпорынның директоры мен менеджері тиімділікті жоғарылатудан, шығынды төмендетуден көп пайда көрмейді. Тапсырушыларға сапалы қызмет көрсетіп, өз агенттіктерін дамытуға қызықпайды, мемлекеттік бюджетке ғана сүйенеді. Олар мемлекеттен көбірек қаржы алуға ұмтылады. Бюджет көп болса, кеңеюге, жалақыны өсіруге, клиенттерге қосымша ақша жұмсауға және менеджерлердің өмірін жайлы ететін басқа факторларға қаржы пайда болады. Мемлекеттік кәсіпорындар мен агенттіктердің менеджерлері жоспарлаушыларды өздерінің қарапайым халық үшін өте маңызды тауарлар мен қызметтер шығаратынына және оларға көбірек қаражат бөлінсе, қоғам үшін бұдан да керемет істер жасайтынына сендіруге тырысады. Сонымен қатар, олар қаржы бөлінбесе, адамдар зардап шегеді және оның салдары апатты болуы мүмкін деп шу шығарады.
Заң шығарушылар мен басқа үкіметтік жоспарлаушылар мұндай мәлімдемелерді бағалауға қиналады, себебі мұндай шағымдар өте көп болса да, ең алдымен жоспарлаушылардың нарықтық секторда сияқты кәсіпорынның көрсеткіштерін салыстырып бағалайтын ақпараттары жоқ. Нарықтық секторда тиімсіз өндірушілер банкрот болып,, жойылады, бірақ мемлекеттік сектордың сәтсіз бағдарламаларын тоқтататын ондай тетік жоқ. Іс жүзінде, нашар көрсеткіш көрсетіп, мақсатқа қол жеткізбегенде, агенттіктер мұны көбінесе мемлекеттік қаржыландыруды көбейтетін себеп ретінде қолданады. Мысалы, қылмыс деңгейі өскенде, полиция бөлімі құқық қорғау органдарына қосымша қаржы бөлуді талап етеді. Дәл осылай, оқушылардың үлгерімі төмендесе, мемлекеттік мектептің әкімшілері бұл сәтсіздікті сылтауратып, тағы да көбірек қаражат сұрайды. Мемлекеттік кәсіпорын менеджерлерінің өз бюджеттерін кеңейтуге деген күшті ынталандыруын және тиімді жұмыс істеуге әлсіз ынтасын ескере отырып, салыстырмалы түрде мемлекеттік кәсіпорынның шығыны жеке фирмаға қарағанда жоғары деп айтуға болады.
Үшіншіден, өз ақшасын тәуекелге тігетін салымшылар салық төлеушілердің ақшасын жұмсайтын орталық жоспарлаушыға қарағанда тиімдірек инвестициялық таңдау жасайды деп сенуге толық негіз бар. Есіңізде болсын, инвестор пайда тапқысы келеді, сол үшін өз ресурсының құнын мүмкіндігінше арттыратын жобаны тауып, ақшасын соған салады. Инвестор қателік жасаса, яғни жобасы кірістен айрылса, оның салдарын өз қалтасы тікелей сезеді. Керісінше, мемлекеттік жобалардың сәттілігі мен сәтсіздігі мемлекеттік жоспарлаушылардың жеке байлығына сирек әсер етеді. Жоба нәтижелі болса да, жоспарлаушының жеке табысы одан өсе қоймайды. Сол сияқты, жобаның ысырабы көп болса да - салынған ресурстардың құнын түсірсе де - бұл сәтсіздіктің жоспарлаушы табысына әсері аз. Керісінше осы ысырапшыл жобалардың арқасында оның жеке пайдасы өсуі мүмкін, бұл жобалардың артындағы қуатты саяси топтарға субсидия мен басқа да жәрдемдер беріледі, ал олар өз кезегінде агенттікке не кәсіпорынға қосымша саяси қолдау көрсетеді. Осындай ынталар түрлерін ескерсек, мемлекеттік жоспарлаушылар жеке инвесторларға қарағанда қоғамның байлығын көбейтетін жобаларды тауып, олармен айналысады деп сенуге негіз жоқ.
Төртіншіден, мемлекеттік шығын тиімді жұмсалмайды, себебі үкіметтің шектеусіз бюджеті ортақ игілікке айналады. 2 -бөлімнің 1-элементінде айтқанымыздай, жеке меншіктің болуы қазіргі қабылданатын шешімдердің болашақтағы әсерін ескеруге жақсы ынталандырады. Бірақ ақша мен ресурс ортақ болса, болашақ туралы ойлауға ынталық жоқ. Мысалы, мұхиттағы балықты біреу ұстағанша, балықтар ортақ игілік болып саналады; ал адамдар балықты шектен тыс көп аулағандықтан, балықтар жойылудың алдында тұр. Балықты аулау жылдамдығы бәсеңдесе, барлық балықшылар үшін жақсы болар еді, себебі осылайша балық популяциясы көбеймек. Алайда балық ортақ игілік болғандықтан, әр балықшы өзінің бүгін ұстамаған балығын міндетті түрде ертең басқа біреу аулайтынын біледі. Осылайша, балықшының болашақта көбірек балық болсын деп бүгін азырақ аулауға ынтасы аз.
Дәл осылай, мүдделі топтар мемлекеттік шығын бағдарламаларын «аулайды» (яғни, саяси жоспарлаушыларды лоббилейді), олардың жоғары салық пен болашақтағы өндіріс үшін қосымша қарыз алудың жағымсыз салдарын қарастыруға ынтасы аз. Әрбір шығын бағдарламасының жақтаушылары салық төмен, ал жеке инвестиция көбірек болса, болашақтағы өнім көлемі жоғары болатынын білуі мүмкін. Бірақ сонымен қатар олар мемлекеттік бюджеттен көбірек ақша алмаса, мұның басқа мүдделі топтардың аузында кететінін біледі. Осы ынталандыруларды ескерсек, шығыны көп тиімсіз жобалар мен тұрақты бюджет тапшылығы міндетті түрде орын алады. Мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы 3 -бөлімнің 6 -элементінде толығырақ талқыланған.
Бесіншіден, орталықтан жоспарлаушылар жақсы жоспар құрып, оны орындауға, үнемі жетілдіріп отыруға жеткілікті ақпарат жинай алмайды. Біз динамикалық түрде өзгеретін әлемде өмір сүріп жатырмыз. Технологиялық жетістіктер, жаңа өнімдер, саяси толқулар, сұраныс пен ауа райының өзгеруі тауарлар мен ресурстар тапшылығын салыстырмалы түрде үнемі өзгертіп отырады. Орталық ұйым бұл өзгерістерге ілесе алмайды, оларға саяси баға беріп, кәсіпорын басшыларына дұрыс нұсқаулар бере алмайды.
Ал нарықтағы жағдай бөлек. Нарықтық баға аса бөлшектелген ақпаратты тіркеп, жүйелейді. Баға туралы ақпаратта экономикада болып жатқан тұрақты өзгерістер көрініс табады және ол үнемі түзетіліп отырады. Баға аса шашыраңқы таралған ақпаратты көрсетеді және фирмалар мен ресурстарды өндірушілерге сигнал жібереді. Бұл баға сигналдары кәсіпкерлер мен ресурс иелеріне өз әрекеттерін таңдап, оларды жаңа шарттарды ескере отырып, үйлестіруге қажетті ақпарат пен стимул береді. Бизнес немесе жеке адамдар бұл нарықтық баға сигналдарын түсінбей, дұрыс жауап бермесе, шығын шығады.
Осы нарықтық бағалар арқылы инвесторлар, фирмалар мен жұмысшылар өздерінің ақшасы мен күш -жігері қай істе құндырақ екенін біледі. Мемлекеттік ұйымдар өнімнің нарықтық бағасын ескермей, өздері таза оң пайда әкелуде ме, әлде қоғамның ресурсын жай шашып жатыр ма деген сұрақтарға жауап бермей, шешім қабылдайды.
Нобель сыйлығының лауреаты Фридрих Хайек орталықтан жоспарлаушылар үшін ақпараттық мәселелер салдарын келесідей сипаттады:
Адам қоғамдық тәртіпке зиян келтірмей, жақсартқысы келсе, онда ол өзінің ұйымдасқан күрделі жүйеде екенін және мұнда ол барлық мәселені шешетіндей, толық ақпаратқа ешқашан ие бола алмайтынын білуі керек. Сөйтіп ол өзінің қолындағы білімін қолдануы керек. Ол өзінің өнімін қолдан жасайтын қолөнерші сияқты емес, керісінше, өсімдіктердің өсуіне қолайлы орта туғызатын бағбан сияқты әрекет етуі керек.(78)
Басқаша айтқанда, экономика бөлшектеп басқарылмайтын, тым күрделі жүйе. Керісінше, 2-бөлімде айтып кеткеніміздей, экономикалық өсу мен өркендеуге қол жеткізудің ең жақсы стратегиясы - жеке мүддесін көздейтін тұлғаларға өнімді, байлық әкелетін әрекетпен айналысуға мүмкіндік беретін ортаны қалыптастыратын институттар мен ұзақмерзімді саясат құру.
Бірнеше жыл бұрын мемлекеттік жоспарлау мен индустриялық саясат экономикалық дамуға әкеледі деген пікір кеңінен тараған болатын. 1970-1980 жылдары әйгілі бұқаралық ақпарат құралдары мен интеллектуалды топтарда танымал болған бұл көзқарастың басты жақтаушылары экономист Пол Самуэльсон мен Лестер Туроу болды. Олар нарықтық экономиканың дилеммаға тап болғанын алға тартты. Олар не мемлекеттік жоспарлауға көшуіміз керек, не баяу өсім мен экономикалық құлдыраудың зардабын тартамыз деп сендірді. Кеңестік жүйенің ыдырауы мен жапон экономикасының нашарлауы бұл көзқарастың танымалдылығын азайтты. Соған қарамастан, көпшілік әлі күнге дейін үкімет денсаулық сақтау мен білім беру сияқты экономиканың салаларын басқара алады деп сенеді. Дегенмен, орталықтан жоспарлаудың стимулы мен ақпарат проблемасын ескерсек, мұның күмәнді идея екенін аңғарамыз.
Екі жарым ғасырдан астам уақыт бұрын Адам Смит орталықтан жоспарлаудың сәтсіз болу себептерін, оның ішінде белгілі бір секторларды жоспарлаудан туындайтын жайттарды айтқан болатын (осы элементтің басындағы дәйексөзді қараңыз). Үкіметтегі жоспарлаушылар өкінішіне қарай, жеке адамдардың өз ойы бар, мұны Смит «қозғалыс принципі» деп атаған. Жеке тұлғалардың орталық жоспарға қайшы келетін әрекеттерге итермелейтін жеке стимулдарға тап болған кезде мәселелер туындайды. Үкімет қорғаныс қызметінің шегінен шығып, әр түрлі салаларға субсидия беріп, кәсіпорындарды жүргізіп, түрлі секторларды басқарып, ерекше жағдайларда бүкіл экономиканы орталықтан жоспарлағанда, ішкі қақтығыстар туындайды және өмір сүру деңгейі өз әлеуетінен едәуір төмендейді.
Бұл мәселеге әр түрлі елдердегі үкіметтің жоспарлау тарихы мысал бола алады.
Жоспарлау нәтижесінде келесі жанжалдар мен ішкі қақтығыстар туындады:
- Америка Құрама Штаттарының федералды үкіметі кейбір фермерлерге астық өнімдерін өндірмегені үшін ақы төлейді, сонымен бірге басқа фермерлерге өнімдерін өсіру үшін суару жүйелерін субсидиялайды. Еуропалық Одақтың осындай субсидиялары ауылшаруашылық өнімдерінің артық өндірілуіне әкелді, бұл «сары май тауы» деген әйгілі сөз тіркесін тудырды.
- Америка Құрама Штаттарының сүт өндірушілерге арналған мемлекеттік бағдарламаларының арқасында сүттің бағасы жоғары, ал үкімет қымбат сүтті қолжетімді ету үшін мектептегі түскі ас жобаларын субсидиялайды.
- Үндістанның азық-түлікті субсидиялау бағдарламасы тұтынушыға да, өндірушіге де «пайда» әкеледі. Нәтижесінде, Үндістан тұтынушыларға астықты жасанды түрде төмен бағамен берді, үкімет фермерлерден астықты жоғары бағаға алғандықтан, сол мезетте артық ұсыныс жиналып қалды. (Қоршаған ортаға келтіретін зиянына қарамастан, фермерлерге ауылшаруашылық ресурстары - электр энергиясы, су және тыңайтқыш үшін субсидия берілді.) Үкімет шіріген күріш пен бидайдың үлкен қорын сатып алды, ал тұтынуға болатын шектеулі астық қоры әділетсіз жолмен бөлінді, үкіметтің кедейлерге көмектесеміз дегені жайына қалды.(79)
- Бүкіл әлем бойынша балық шаруашылығын субсидиялауға жылына 30 миллиард доллар жұмсалады, оның 60 пайызы тиімсіз, деструктивті әрекеттерге тікелей ынталандырады. Осының нәтижесінде 2012 жылы орын алған нарықтық бұрмалау әлемдік экономикаға 83 миллиард доллар шығын әкелді.(80)
- 2015- 2016 жылдары G7 үкіметтері мұнай, газ және көмірді өндіру мен тұтынуға жыл сайын кемінде 81 миллиард доллар қаржылай қолдау көрсетті және мемлекеттік бюджеттен 20 миллиард доллар қаржы бөлді, сонымен бірге жел мен күн энергиясын кең көлемде субсидиялады. 2019 жылы Ұлыбритания қазба отынды қолдауға 12 миллиард евро, ал бәсекелес жаңартылатын энергия көздерін қолдауға 8,3 миллиард евро жұмсайды деп күтілген.
- Үндістанға қайта оралсақ, Қоршаған ортаның ластануын бақылау жөніндегі органның (EPCA) ластанумен күресу бойынша кешенді іс -шаралар жоспарында сығылған табиғи газды (CNG) қолдауға болмайды, себебі ол «азот оксидінің негізгі көздерінің бірі және ауадағы қатты бөлшектерді (PM1) көбейтеді» делінген. Алайда бұл ұстаным Делидің Ластануды бақылау жөніндегі орталық кеңесінің 42 тармақтан тұратын шаралар жоспарына (2015 ж.) қарама-қайшы, бұл жоспарда қаладағы қоғамдық көлікті мүмкіндігінше тезірек CNG режиміне ауыстыру талап етілген.
Жалпы алғанда, мұндай қарама-қайшы саясат бір жағынан экономиканың басқаруына азаматтар мен өнімділікті қоятын нарық реттеу жүйесі мен екінші жағынан белгілі бір секторлар мен фирмаларға пайда әкелетін экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің арасындағы үлкен шиеленістен туындайды.
Экономикалық талдаулардан мемлекеттік жоспарлауды кеңінен қолдану экономикалық тиімсіздік пен тамыр-таныстық негізіндегі сый алмасуға әкелетінін көреміз. Мемлекеттік шенеуніктер сауда-саттық жүйені толық түсінгенде, біріншіден сайлау кезіндегі дауыстарды қалай сатып алуына көздейді. Кәсіпорындар тұтынушылардан емес, үкіметтен көбірек ақша алса, олар көбірек уақытын шығынды азайтып, тұтынушылардың көңілінен шығуға емес, саясаткерлерге әсер етуге жұмсайды. Нарықтарды саясатпен алмастырсақ, экономикалық регрессия болады және украин экономисі Людвиг Фон Мизестің сөзімен айтқанда: «Адамзаттың басынан кешірген ең жаман зұлымдықтың бәрі - жаман үкіметтен».(81)
3.10-элемент: Бәсекелестік пен сыртқы тіректер байланысы өте маңызды
Бәсекелестік нарық үшін қаншалықты маңызды болса, мемлекет үшін де соншалықты маңызды.
КИМ ЧЕН ЫН СОЛТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ САЙЛАУДА 100% ДАУЫС ЖИНАДЫ
«САЙЛАУ»
Бәсекелестік – тәртіпке үйрететін күш. Нарықта кәсіпорындар тапсырыс берушілердің көңілін табу үшін бәсекелеседі. Фирмалар өз тапсырыс берушілеріне нашар қызмет көрсетсе, олар жақсырақ ұсыныс жасайтын бәсекелестерінен ұтылады. Бәсекелестік тұтынушыларды жоғары бағадан, сапасыз тауарлардан, нашар және/немесе дөрекі қызметтен қорғайды. Бұл тұжырым нарық секторында барлығына дерлік қатысты. Өкінішке орай, мемлекеттік сектордағы бәсекелестіктің маңыздылығы жиі ескерусіз қалады.
Алдыңғы элементте талқылағанымыздай, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың ынталандырушылық құрылымы тиімді жұмыс істеуге бағытталмаған. Мемлекеттік сектордағы мекемелер мен кәсіпорындардың қызметін бағалайтын, олардың пайдасы мен шығынын салыстыратындай көрсеткіштер жоқ. Нәтижесінде, мемлекеттік кәсіпорындардын басшылары көбінесе экономикалық тиімсіздіктерін жасырады. Олардың шығынды бақылауға ынтасы аз. Агенттіктер биылғы бюджетін игере алмаса, келесі жылы оларға бөлінетін бюджеттің көлемі өспеуі мүмкін. Агенттіктер игерілмеген қаржысын жылдың соңына қарай тез жұмсап, бітіруге тырысады.
Мемлекеттік сектордың ынталандыру құрылымын ескерсек, үкімет барлық мүмкін жерде бәсекеге түсуі керек. Қолда бар ресурсымызды барынша тиімді пайдаланғымыз келсе, жеке фирмалар мемлекеттік органдар мен кәсіпорындармен тең жағдайда бәсекелесе алуы керек. Мысалы, саяси жағымпаздық немесе парақорлық болмаса, жеке фирмалар үкіметпен автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, полиграфиялық цех, азық -түлік пен қоқыс жинау қызметтері, көшелерді тазалау, мектептегі білім және осыған ұқсас агенттіктердің нарығында тең дәрежеде бәсекелесе алады. Бәсекелестік үкімет пен жеке сектордың тиімділігін арттырады, шығынды азайтады және жаңашылдық белсенділікті арттыруға ынталандырады.
АҚШ штатттары немесе Германия, басқа елдердің аймақтары, облыстары мен жергілікті (муниципалды) үкіметі тәрізді орталықсыздандырылған мемлекет бірліктерінің арасындағы бәсекелестік азаматтарды үкіметтің қанауынан қорғайды. Азаматтар мемлекеттік қызмет пен салық деңгейі өздеріне ұнайтын басқа жерге оңай көшіп кете алса, жергілікті үкімет оларға қысым көрсете алмайды. Әрине, тұрғылықты жерді ауыстыру азық -түлік дүкенін ауыстыруына ұқсас емес! Алайда үкіметтің қызметтері орталықсыздандырылған сайын, азаматтар ел ішінде көшу арқылы ең тиімді мекенді таңдайды. Сонымен қатар адамдар ешқайда көшпесе де, жергілікті үкіметтердің арасындағы бәсекелестіктің пайдасын көреді. Кейбіреулердің жергілікті үкіметі тиімдірек аймақтарға көшуі басқалардың да солай істеуіне түрткі болады деген ой үкіметті өз тұрғындарына бей-жай қарамауға итермелейді.
Орталықсыздандыру азаматтардың өзі қалаған мемлекеттік қызмет түрлерін алу мүмкіндігін көбейтеді. Адамдардың тұрғын үй немесе автокөлікке қатысты талғамы мен қалауы әр түрлі болатыны сияқты, олардың мемлекеттік қызметке жұмсалатын шығынға қатысты ойлары да әртүрлі болады. Кейбіреулер жоғары деңгейдегі қызметті қалайды және сол үшін көбірек салық төлеуге дайын. Адамдардың тұрғын үй немесе автокөлікке қатысты талғамы мен қалауы әр түрлі болатыны сияқты, олардың мемлекеттік қызметке жұмсалатын шығынға қатысты ойлары да әртүрлі болады. Кейбіреулер жоғары деңгейдегі қызметті қалайды және сол үшін көбірек салық төлеуге дайын. Ал басқалары азырақ салық төлеп, мемлекеттік қызметтің аз болуын қалайды. Тағы біреулер мемлекеттік қызмет түрлерін салықпен қаржыландырғысы келсе, ал басқалары пайдаланушылар қызметке тікелей төлесін деп ойлайды. Орталықсыздандырылған саяси жүйенің шеңберінде жеке тұлғалар мемлекеттік қызмет пен салық деңгейі туралы ойлары бір жерден шығатын, өздеріне ұқсас адамдармен топтаса алады. Осылай топтасу арқылы адамдар өз қалауына сәйкес қызмет түрлерін ала алады.
Сонымен қатар, адамдардың орталықсыздандырылған үкіметтік құрылымдар арасындағы қозғалысы тиімділікті арттырады. Мемлекет жоғары салық салып (сәйкесінше қызмет сапасын көтермей), шектен тыс реттеу жұмыстарын жүргізсе, салық төлейтін кейбір жеке тұлғалар мен кәсіпорындар көшіп кетуі мүмкін.
2003-2013 жылдар аралығында жеке табыс салығын салмайтын АҚШ -тың тоғыз штатының халқы басқа штаттардан келген адам санына байланысты жылына орта есеппен 3,7 пайызға өскен. Дәл осы уақытта табыс салығы ең жоғары тоғыз штаттың халқы орташа есеппен 2 пайызға төмендеді. Табыс салығы жоқ тоғыз штаттағы жұмыс орнының өсу деңгейі салық деңгейі жоғары штаттардан екі есе артық болды. Сол сияқты, Еуропалық Одақтың табыс салығы төмен мүше-елдеріне шетелден жоғары білікті жұмысшылар көбірек ағылады.(82) Демек, миграция - салық деңгейі жоғары, нашар басқарылатын үкіметтерге сигнал. Фирма клиенттерге дұрыс қызмет көрсете алмай, шығынға бататыны сияқты, үкімет те өз азаматтарына нашар қызмет көрсеткенде, өз азаматтарынан айырылады. Алайда Қытай сияқты елдер өз азаматтарына рұқсатсыз көшуге тиым салады, белгілі бір қалада тұруға рұқсаты (hukou) жоқ адамдар сол қалада медициналық көмек алып, балаларын мектепте оқыта алмайды.
Қорытындыласақ, орталықсыздандыру мемлекеттік қызметті сапалы әрі арзан көрсететін аймақтарға көшуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, сайлаушылардың бұлай көшуі үкіметті тәртіпке келтіреді және азаматтардың қалауына сәйкес шешім қабылдауға итермелейді.
Орталықсыздандырылған үкіметтер арасындағы бәсекелестік азаматтардың мүддесіне қызмет етсе, оларды жоғарыдағы билікпен басып, шектеуге болмайды. Ұлттық үкімет (немесе Еуропалық Одақ) төменгі билік деңгейлері ұсынатын қызметтерді субсидиялап, реттесе, бәсекелестік процеске өз зиянын келтіреді. Орталық үкіметтің басты міндеті - өзінің шектеулі функциясын жақсы орындау және үкіметтің төменгі деңгейлерінің жұмысы және қызмет көрсету сапасына араласпай, бейтараптық сақтау.
Үкімет бірліктері жеке кәсіпорындар сияқты өздерін бәсекелестерден қорғағанын қалайды. Үкімет монополия болуға ұмтылуы әбден мүмкін. Сондықтан үкіметтер арасындағы бәсекелестік бірден болмайды. Мұны саяси құрылымға қосу керек.
Елдің әл-ауқатын жақсартатын Конституциялық ережелер
Жеке және әсіресе мемлекеттік құрылымдарға үлкен инерция тән, ол статус -квоны ешқашан өзгертпейді. Тек нақты не келе жатқан дағдарыс қана шынайы өзгерістер әкеледі. Ал сол дағдарыс болған кезде, қоғамда кең таралған идеяларды қостайтын әрекеттер жасалады. Менің ойымша, біздің негізгі міндетіміз - қолданыстағы саясатқа балама нұсқаларды әзірлеу, оларды сақтау, қазір мүмкін емес дүниелер саяси тұрғыдан мүмкін болған сәтте дер кезінде ұсына білу.
3 -бөлімнің негізгі идеясы не? Ең алдымен, экономикалық талдаулар арқылы монополия, қоғамдық игіліктер мен сыртқы әсерлер нарыққа тән мәселелер екендігін анықтадық: өз мүдделерін ойлайтын адамдар тиімсіз әрекеттерге барады. Бұл нарықтық қабілетсіздіктер тиімділікті арттыру сылтауымен үкіметтің нарыққа араласуына мүмкіндік береді. Алайда үкімет әрқашан тиімді деп айта алмаймыз.
Ресурстарды саяси жолмен үлестіру (демократиялық тәртіппен жүрсе де) - экономикалық ұйымдастырудың балама түрі ғана және нарық сияқты оның артықшылығы мен кемшілігі бар. Нарықтың қабілетсіздігі сияқты үкіметтің қабілетсіздігі де болады. Үкіметтің қабілетсіздігі келесілерді қамтиды:
- Сайлаушылардың ақпарат жинап, саналы түрде дауыс беруге ынтасы аз.
- Үкімет жеке тұлғалардың құқығын қорғаудан бөлек, тапшы ресурстарды бөлуге белсенді түрде қатысатын болса, сайланған шенеуніктер жақсы ұйымдастырылған мүдделі топтардың сойылын соғуға ынталы болмақ.
- Саяси жағымпаздық ресурстарды ысырап жасайды, пайда іздеушілікті ынталандырады.
- Саяси үдерістер қысқа мерзімге ғана бағытталады (көбінесе келесі сайлауға дейін), нәтижесінде үкімет шамадан көп қарызданады және орындалмайтын не орындалуы қиын уәделер береді.
Егер үкімет экономикалық өркендеу үшін оң күш болатын болса, саяси ойын ережелерін сайлаушылардың, саясаткерлердің және бюрократтардың жеке мүдделерін экономикалық ілгерушілікке сәйкес келтіруі керек. Бұл ережелер қандай және оларды қалай іске асыруға болады?
Әлбетте, бәрінің заң алдында тең болуы мен үкіметтің құзыретін шектеу - экономикалық ілгерушілікке әкелетін саяси құрылымның негізі. Институционалдық механизмдер әр елде әртүрлі, алайда басқа елдердің табысты (және сәтсіз) тәжірибесінен сабақ алуға болады. АҚШ Конституциясын құрастырушылар жалпы құрылымды дұрыс анықтаған. Олар жүйеге бақылаушы және теңгерімге келтіруші тетіктерді қосты. Саяси билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінді. Сол кезде заң жобасы әр түрлі, бір біріне қарама-қайшы мүдделерді қорғайтын екі заң шығарушы ұйым арқылы өтіп, заңды қабылдау үшін Президенттің келісімі қажет болды.
Орталық үкіметтің құзыретінің шектелуі орталықсыздандырылған федералды жүйеге әкелді және үкіметтің өкілеттігі одан әрі бөлшектелді. Орталық үкіметтің шектеулі фискалдық өкілеттігі нақты көрсетілді (I бап, 8 -бөлім), ал басқа барлық құзырет штаттар мен халықтың өзіне берілді (Оныншы түзету). Конгресс «ортақ қорғаныс пен жалпы әл -ауқатты қамтамасыз ету» үшін бірыңғай салық қана салуы керек еді. Мұндағы бар мақсат - кейбір таңдаулы топтар мен аймақтардың федералды қазынаны талан-таражға түсіруінен қорғау еді.
АҚШ-тың Конституциясы, сонымен қатар, жеке тұлғалардың меншік құқығын және олардың ерікті айырбасқа қатысу еркіндігін қорғады. Бесінші түзетуде жеке меншік «әділетті өтемақысыз қоғамдық меншікке алынбайды» деп көрсетілген. Штаттарға «келісімшарт міндеттемелерін бұзатын» заңдар қабылдауға тыйым салынды (I бап, 10 -бөлім). Бәлкім, ең бастысы, штаттарға саудаға кедергі келтіруге тыйым салынды, нәтижесінде Америка Құрама Штаттары әлемдегі ең үлкен еркін сауда аймағына айналды.
Америка Құрама Штаттарының Конституциясы үкіметтің, әсіресе федералды үкіметтің экономиканы саясаттандырып, азаматтардың құқығын шектеуін болдырмауға тырысты. Басқаша айтқанда, Конституция үкіметтің мәжбүрлемей, келісімге келу арқылы әрекет еткенін құптайды. Бұл не үшін маңызды? Адамдар әр тарап ұтқанда ғана келісімге келеді. Нарық болсын, үкімет болсын, осындай келісім арқылы әрекет етсе, екі жаққа да тиімді болады, сөйтіп басқалардың есебінен таңдаулы топтар ғана ұтпайды, жалпы әл -ауқат жақсартады.
Уақыт өте үкімет көбінесе азаматтардың экономикалық және жеке өміріне белсенді түрде араласуға тырысады, осылайша қазіргі кезде көп елдердің үкіметі барлығына араласады. Мұның нәтижесін айналамыздан айқын көре аламыз: саяси фаворитизм, ерекше мүдделерге бөлінетін қаржы, үлкен бюджет тапшылығы, шамадан тыс реттеу, саяси сыбайлас жемқорлық пен азаматтар өміріне қол сұғушылық әрекеттерін жиі байқаймыз.
Мемлекеттердің қашан құрылғанына қарамастан, барлық елдің алдында тұрған міндет - жалпы консенсус негізінде жұмыс істейтін, саяси үдерістерді экономикалық ілгерушілікпен үйлестіретін Конституциялық ережелер жиынтығын құру.
Мұны қалай жүзеге асыруға болады? Экономикалық өркендеу мен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Конституцияда қандай ережелер болуы керек? Жоғарыдағы талдау негізінде бірнеше ұсыныс айта аламыз. Басқа да талқылауға тұрарлық идеялар болса да, экономикалық теория мен эмпирикалық зерттеулер негізінде үкіметтің жақсы жұмыс істеуіне және экономикалық прогреске ықпал ететін мынадай жалпы қағидаларды ұсынғымыз келеді.
Өркендеудің Конституциялық қағидалары
- Орталықсыздандыру: экономикалық шешімдер өздері әсер ететін тұлғаларға мүмкіндігінше жақын үкімет деңгейінде қабылдануы қажетКейде субсидиарлық деп аталатын бұл қағида Америка Құрама Штаттары Конституциясының Оныншы түзетуінде кездеседі, онда былай делінген: «Конституцияда Америка Құрама Штаттарына берілмеген немесе штаттарға тыйым салынбаған өкілеттіктер сәйкесінше штаттарға немесе адамдарға тиесілі». Субсидиарлық қағидасы - 1992 жылғы Маастрихт шартына сәйкес «Еуропалық Одақтың жалпы қағидасы». 2009 жылғы Лиссабон келісімінде былай жазылған, «субсидиарлық қағидаcы бойынша, Одақ өзінің айрықша құзыретіне кірмейтін салаларда мүше-елдер өзінің орталық, не аймақтық, жергілікті үкіметінің деңгейінде шеше алмайтын жағдайлар орнағанда ғана әрекет етеді...»Субсидиарлық қағидаcы бірнеше себептен туындайды. Жалпы ұлттық деңгейден гөрі, жергілікті билік пен азаматтар тікелей байланысқанда, үкімет адамдардың қажеттілігі мен тілегін жақсырақ білетін болады. Жоғарыда айтылғандай, үкіметтер арасындағы бәсекелестік азаматтарға жақсы қызмет көрсетуге ынталандырады. Жергілікті топтардағы азаматтар ортақ мәселені шешуге ниетті, сондықтан елді мекендер бұл мәселелерді шешу үшін түрлі тәсілдер қолданады, нәтижесінде көп тәсілдің ішінен тиімдісін таңдап, басқа үкімет бөлімдерінде қолдануға болады.«Субсидиарлық» термині ХХ ғасырдың басында Рим Папасы Пиус XI-дің «Quadragesimo anno» энцикликасында ең алғаш рет қолданылғанымен, бұл ұғым адамзатқа баяғыдан таныс. Алексис де Токвиль ХІХ ғасырдың басындағы Американы сипаттай отырып, былай қорытындылады:Орталықсыздандырудың тек әкімшілік құндылығы ғана емес, азаматтық мәні де бар, өйткені бұл азаматтардың қоғамдық істерге деген қызығушылығын арттырады; оларды еркін болуға үйретеді. Орталық үкіметке әлдебір жеке тұлғаның не ұжымның қолдау көрсететіне қарамастан жергілікті тұрғындар арасынан оның талаптарына мойынсынбайтын белсенді, еркіндікке құмар қарсылас шығатыны анық.(84)
- Үкіметтің билігін тәуелсіз тармақтарға бөлетін бақылаушы және теңгерімге келтіруші тетіктерӘдетте үкімет үш негізгі тармаққа бөлінеді:
- Заң шығаратын заң шығарушы тармақ.
- Заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін атқарушы билік.
- Заңдардың түсіндірмесін жасайтын сот билігі.
Осы үш негізгі қызметін орындалуын қамтамасыз ететін көп институционалдық тетіктер бар. Монархия, диктатура мен әскери хунталарды (оларда демократиялық тәртіптің элементтері болуы мүмкін, бірақ, шын мәнінде бір тұлға немесе кішкентай топ үстемдік етеді) ескермегенде, жүйелерді келесідей жіктеуге болады:- Парламенттік: Парламент атқарушы биліктің көшбасшысын (әдетте «Премьер -министр» деп аталады) таңдайды және Премьер -министр арқылы министрлерді таңдайды. Мұндай жүйелерде Премьер -министр Парламенттің айтқаны бойынша қызмет етеді және оны кез келген уақытта алып тастай алады. Осындай елдерде символды мемлекет басшысы (Англия патшайымы сияқты монарх) немесе өкілеттігі шектеулі Президент (Германиядағыдай) болуы мүмкін.
- Президенттік: атқарушы билікті сайлаушылар тікелей сайлайды және әдетте заң шығарушы органның мақұлдауымен жаңа басшы өз кабинетін тағайындайды. Осындай жүйенің жақсы мысалы - Америка Құрама Штаттары.
- Жартылай президенттік немесе аралас: сайлаушылар шектеулі, бірақ маңызды құзыреті бар Президентті таңдайды. Министрлер кабинеті Парламенттің алдында есеп береді. Мұндай жүйенің мысалын Франциядан көреміз.
Парламенттік жүйені қарастырғанда, ондағы нақты институционалдық факторларды білу қажет. Сайлау шағын аудандарда өтіп, адамдар бір мүшені сайлай ма, әлде көп сайлау аймағынан бірнеше мүше таңдала ма? Ал үлкенірек аудандарда өтсе, орындар дауыстардың үлесіне қарай бөліне ме және заң шығарушы органның мүшесі болу үшін ең төменгі үлес қандай?Посткоммунистік өтпелі экономикасы бар елдердің көпшілігі (шамамен 60 пайызы) аралас жүйені қабылдады. Отыз пайызында парламенттік, ал қалғандарында президенттік жүйе. Уақыт өте келе кейбір елдер, соның ішінде 2004 жылы Грузия, 2012 жылы Чехия және 2015 жылы Армения өз бағдарын өзгертті. Бұл аралас жүйедегі елдерде Президенттің өкілеттігі әр түрлі. Әсіресе, Украинада тұрақсыз: 1994, 1996, 2004, 2010 және 2014 жылдары Президент пен Парламенттің салыстырмалы билігінің мөлшеріне өзгерістер енгізілді. Негізгі институттардың мұндай тұрақсыздығы инвесторлардың жоспарына айтарлықтай қиындық келтіреді.Жоғарыда аталған жүйелердің өз артықшылықтары мен кемшіліктері болғанымен, зерттеулер көрсеткендей, президенттік республикалардың үкіметтері кішірек болатынын көрсетеді. Бұл парламенттік жүйеге коалициялық үкіметтің тән болуымен байланысты болуы мүмкін, әртүрлі партиялар үкіметті қолдау үшін өз сайлаушылары мен мүдделеріне сәйкес талаптар қояды. Екінші жағынан, әлемде парламенттік жүйе президенттік жүйеге қарағанда тезірек дамыйды. Посткоммунистік жүйедегі президенттік жүйенің де өз кемшілігі бар; биліктің орталықтандырылуына байланысты, үкімет ауқымды, сыртынан қарағанда демократиялық ел болып көрінгенімен, шын мәнінде автократиялық мемлекетке айналған. Экономист Роджер Майерсон, Жерар Роланд және Тимофий Мылованов посткоммунистік елдердегі үкіметтің әр түрлі формаларының артықшылығы мен кемшілігі туралы тамаша талдау жасаған.(85)2007 жылы экономика бойынша Нобель сыйлығын алған Роджер Майерсон бақылаушы және теңгерімге келтіруші тетіктерінің практикалық құрылымын ұсынды. Өтпелі экономикалы елдерде етек жайған сыбайлас жемқорлық мәсеселесіне келсек, мұны шешудің тиімді жолы - үкіметті қылмыстық істерді тергеу мен қудалау жауапкершілігінен ажырату. Тергеуді Премьер -министрге, қудалауды Президент кеңсесіне қалдыруға болады. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерін тергейтін тәуелсіз органның болуы заңның бұзылу мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді, бұл қарапайым принцип қалыптасқан құқықтық жүйе үшін де, жаңадан дамып келе жатқан демократиялық елдер үшін де маңызды. - Тәуелсіз сот жүйесіСот тағайындауларын бақылау маңызды болғанымен, бұл құқықтық жүйенің тежеу және тепе-теңдік қызметін атқаруына ықпал ететін жалғыз фактор емес. Экономикалық зерттеулер сот тәуелсіздігі экономикалық өркендеудің маңызды факторы екенін үнемі көрсетеді. «Тәуелсіздік» дегенде біз заңда ресми көрсетілетін, бірақ шынайы өмірде орын алмайтын (де -юре немесе заң бойынша тәуелсіздік) тәуелсіздікті емес, нақты тәуелсіздік (де-факто немесе іс жүзіндегі тәуелсіздікті) туралы айтып отырмыз.(86) Мұндай тәуелсіз сот жүйесіне келесі принциптер ықпал етеді:
- Билік бөлінісі. Сот билігі саяси партиялармен, әсіресе биліктегі партиямен байланыста болмауы керек және атқарушы билікпен қатынасы қауіпсіздік, қаржылық және әкімшілік мәселелермен шектелуі керек.
- Жалақыны қамтамасыз ету. Соттың жалақысы тұрақты және кепілдендірілген болуы керек.
- Зейнеткерлікке немесе қызмет мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс орнына кепілдік беру. Соттар жұмысқа «қабілетсіздігі» үшін немесе «өз міндетіне сәйкес емес әрекеттер жасаса» ғана қызметінен босатылуы немесе уақытша шеттетілуі тиіс. Мұндай әрекеттерге пара алу жатады.
- Ашық сот. Қоғам мүшелері сот үдерісі жүріп жатқан жерге кез келген уақытта кіруге және шешімді білуге құқылы болуы керек. Сот талқылауын әділ жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдары болып жатқан оқиғаларды хабарлауына мүмкіндігінше еркіндік беретін нұсқаулықтар мен қағидалар қолданылуы керек.
- Заңды жұртшылыққа жеткізу талабы. Мүдделі, белсенді азаматтық қоғам саяси басшылар мен мемлекеттік органдарға қатысты жергілікті және халықаралық құқықты білмесе, үкіметті оның іс -әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) бола жауапкершілікке тарта алмайды.
- Сотты әділ түрде іріктеу. Соттар «адалдығы» мен «қабілетіне», «тиісті дайындығы мен біліктілігіне» қарай кемсітусіз іріктелуі керек.
Соттарды тағайындау немесе сайлау арқылы іріктелсе де, осы соңғы қағида қолданылуы керек. Шынында да, сапалы төрелік жасайтын, саясатқа араласпайтын сотты таңдау хабары жоқ сайлаушылар үшін күрделі болуы мүмкін. - Тәуелсіз орталық банкДемократиялық жүйенің бір кемшілігі (әрине, оның артықшылықтары да көп), бәсекелес сайлауға түсетін саясаткерлер қазір пайда әкелетін шешімдер қабылдауы мүмкін, бірақ болашақта олар қызметте болмайтын кезде бұл шешімдер әлдеқайда үлкен шығындарды әкеледі. Олар осындай қысқа мерзімдік шешімді қаржыландыру үшін салықты жоғарылатпай, мемлекеттік шығынды көбейте береді. Мұндай дилеммаға тап болған саясаткерлер көбінесе орталық банктен ақша шығарып, шығынды жабуға тырысады. 2 -бөлімнің 5 -элементінде айтқанымыздай, ақша тым көп шығарылса, инфляция арта түседі, бұл тіпті гиперинфляцияға әкелуі мүмкін. Осылай инфляция әсерінен ынталандырудың өзгеруі мен болашақты жоспарлауды қиындататын белгісіздіктің пайда болуы таяу жылдардағы экономикалық өсуді баяулатып, азаматтардың әл-ауқатын төмендететінін экономикалық теория да, нақты дәлелдер де көрсетеді. Орталық банктер саясаткерлердің қысымына қарсы тұрып, тәуелсіз шешім қабылдағанда, баға деңгейі төмен әрі тұрақты, ал экономиканың даму қарқыны жоғары болды.
- Меншік құқығын қорғауXVII ғасырдың аяғында философ Джон Локк меншікті иелену мен пайдалану «табиғи құқық», ал «меншікті қорғау» - үкіметтің «ұлы және басты мақсаты» деп мәлімдеді. Елдердің барлығы дерлік өз Конституциясына меншікті қорғау туралы тармақтар қосқан. Мысалы:
- Еуропалық Одақтың негізгі құқықтар жөніндегі Хартиясында былай делінген: «Әркім өзінің заңды жолмен алған мүлкін иеленуге, пайдалануға және мұраға қалдыруға құқылы. Ешкімді өз меншігінен айыруға болмайды, тек қоғамдық игілік пен заңда көзделген жағдайлар болса ғана, уақтылы әділ өтемақы төлеу шартымен алуға болады».
- Америка Құрама Штаттары Конституциясында көп айтылатын бір тармақ бар: «Ешкім ... заңсыз өз өмірінен, өз бостандығынан немесе меншігінен айырылмайды; жеке меншік игілік қоғамдық пайдалануға әділ өтемақысыз тартып алынбайды».
- Ресей Федерациясы Конституциясында бұл тіпті нақтырақ айтылған: «Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады. Әр адам өзі немесе басқа адамдармен бірлесіп жеке меншікке иелік етіп, оны пайдалануға, билік етуге құқылы. Соттың шешімінсіз ешкім мүліктен айырылмайды. Мемлекет талабы бойынша мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару үшін алдын ала, әділ өтемақы берілген жағдайда да ғана мүмкін болмақ».
Өкінішке қарай, бұл сөздердің көпшілігі қағаз жүзінде қалып қояды. Көп жағдайда үкіметтер меншік қорғауды жояды. «Қоғамдық мүдде», «әділ өтемақы» немесе «дұрыс өтемақы» сияқты сөз тіркестерін бұрмалауға болады. Меншік иесі ешкімнің құқығын бұзбаса да, үкімет ережелері арқылы жеке меншікті еш өтемақысыз алуы немесе бақылауы жиі кездеседі. Заң шығарушы ұйым өз әрекетін «қоғамдық мүдде үшін» немесе меншік иесі өз мүлкін ары қарай да пайдалана алады деген себептермен ақтаса, сот жиі үкімет жағына шығады. Әсіресе, меншікті де-факто (меншікке құжат жүзінде иелік етсе де, оны белгілі бір мақсаттарға пайдалана алмау) тартып алу мәселесі күрделі. Мысалы, жеке тұлға жағалаудың бір бөлігіне иелік етіп, оның үстіне ештеңе сала алмаса, мұның оған не керегі бар?Қорыта айтқанда, экономикалық өсу үшін меншік құқығын заңмен немесе тіпті Конституциямен бекіту жеткіліксіз. Мұндай құқықтар сенімді, ал әлеуетті инвесторлар оларға сенетін болу керек. Экономикалық зерттеулер көрсеткендей, меншік құқығымен қоса, сот тәуелсіздігі, үкімет құрылымында бақылаушы және теңгерімге келтіруші механизмдердің болуы эконмикалық өсуге жақсы әсер етеді. - Сөз бен баспасөз бостандығына кепілдікЖоғарыда талқыланғанымыздай, үкімет құрылымында бақылаушы және теңгерімге келтіруші тетіктердің болуы маңызды, бірақ олардың сыртынан да мониторинг жасалуы қажет. Бұл әсіресе «сыбайлас жемқорлыққа» қатысты; пара беруші де, алушы да заңмен жазалануы керек, сондықтан екі жақтың да бір-бірін сатуға ынтасы жоқ, сөйтіп бұған қарсы дәлел табу қиын. Еркін баспасөз мен үкіметтің жалпы тиімділігі (және сәйкес экономикалық табыс) арасындағы байланысты күрделі статистикалық тестілер арқылы дәлелдей аламыз, дегенмен төмендегі қарапайым графиктің өзінен мұны айқын көреміз. Авторитарлық елдерде журналистерге цензура қойылуы, қамауға алу, тіпті өлтіру қаупінің болуы таңғаларлық емес.Соңғы 20 жылдағы технологиялық жетістіктер азаматтардың үкіметті бақылап, оларды жауапкершілікке тарту мүмкіндігін айтарлықтай арттырды. Тағы да қарапайым график арқылы Интернеттің енуі мен сыбайлас жемқорлықтың арасындағы байланысты анық көре аламыз (бұл жерде әлеуметтік желі ретінде Facebook алынып отыр):Әлеуметтік желілер өтпелі экономикасы бар елдердің көпшілігінде халықтың үкіметті жауапкершілікке тартуында маңызды рөл атқаруда. Қытайдың «Great Firewall» саясатының қытайлық қоғамды бақылау үшін жасалатындығы да құпия емес. Интернет арқылы танымал болған наразылықтарға 2018 жылдың көктемінде Арменияда болған #RejectSerzh наразылығы мен 2013-2014 жылдары Украинада өткен Еуромайданды жатқызуға болады.(87)Баспасөз бостандығы бұқаралық ақпарат құралдарын қыспау немесе журналистерді қорқытпау туралы ғана емес. Үкіметтің теледидарды басқарып, сол арқылы үгіт-насихат жүргізуі - көп елдердің мәселесі. Сонымен қатар, бай саясаткерлердің газеттерді, телеарналар мен радиостанцияларды сатып алуы да - алаңдатар жағдай. Әрине, жеке меншікке қол сұғу күмән туғызады, бұл дұрыс мемлекеттік саясат шектеулерді талап ететін саланың бірі.
- Қозғалыс, инвестиция және сауда бостандығыЖеке тұлғалардың бизнесте бәсекелесу және ерікті айырбасқа қатысу бостандығы - экономикалық бостандық пен үдерістің негізі. Бағаны бақылау, сала мен бизнеске кіруге шектеу қою, ұлттық шекарада тауарлар мен қызметтердің айырбасын шектейтін заңдар және сауданы шектейтін басқа да мемлекеттік ережелер экономикалық тұрғыдан тиімді емес. Кәсіби лицензиялау (мысалы, шаш өру сияқты кәсіппен айналысу үшін үкіметтің рұқсатын алу)- еңбек мүмкіндігін шектейтін, бәсекелестікке қарсы негізгі тетік, бұл - әсіресе қоғамның аз қамтылған мүшелеріне соққы. Қоғам мүддесін ойлайтын болсақ, сертификаттау (жеке тұлғаның кәсіби дайындығы туралы ақпарат береді, бірақ тұтынушы бұл дайындықты өзі бағалайды) бұдан гөрі тиімдірек. Сертификаттар сатып алушыларға таңдау жасауға жеткілікті ақпарат береді, сонымен қатар басқа сатушылардың жолын кесе көлденең жаппайды. Керісінше, лицензиялау сауданы шектейді, қызмет көрсететін немесе тауар шығаратын кәсіпорындарға монополиялық билік беріп қояды.Сауда бостандығы - сөз бостандығы мен дін бостандығы сияқты адамның негізгі құқығының бірі. Сауда серіктесі басқа елде тұрса да, азаматтарға ең жақсы ұсыныс беретін адамнан сатып алуға және сатуға рұқсат бермеудің еш себебі жоқ.Бір таңқаларлығы, өзара еркін сауда (екі серіктес бір -бірінен еркін сатып алады және сатады) екі жаққа тиімді болса да, экономистер арасындағы келісуі бойынша, мұның екі тарапта жүруі маңызды емес. Барлық жағдайда дерлік, мемлекет өзінің сауда серіктесінің саясатына қарамастан, тауар импортына кедергілерді алып тастаса, өз азаматтарының өмірін жақсартады. Мұндай «біржақты еркін сауданың» пайдасын ХХ ғасырдың ең тамаша экономистерінің бірі Джоан Робинсонның (1903–83) дәйексөзінен көре аламыз:«Саудадағы серіктесіңіз өз айлағына тас лақтырып, келген жүк кемелерін бөгеп жатқанда, оған жауап ретінде өз айлағыңызға тас лақтырғаннан ештеңе ұтпайсыз».Қоғам сауда еркіндігі, қозғалу еркіндігі мен инвестиция еркіндігін жеке-жеке тақырыптар ретінде талдауға тырысады. Бірақ бұл дұрыс емес. Бір елде басқа елге қарағанда жұмысшыларға азырақ жалақы төленсе, үшеуі де әсер етеді. Жұмысшылар жоғары жалақы төлейтін аймаққа көшуге тырысады, инвесторлар жалақы деңгейі төмен елге арзан жұмыс күші үшін келеді, ал осы жұмыс күшінің өндірген тауары әлемдік нарықта арзан болады. Яғни бостандықтың біреуінің бұзылуы басқа екеуіне қысымды күшейтеді.
- Сыртқы қолдауларды қолдануСайлаушылар басқа барлық экономика тұрғыдан саналы адамдар сияқты шығын мен пайданы салыстыру арқылы шешім қабылдайды. Жоғарыда талқылағанымыздай, саясаткерлер көбінесе келесі сайлаумен шектелетін, өте қысқа уақытпен, қазіргі сәтпен өмір сүреді. Нәтижесінде қазіргі шығыны жоғары, алыс болашақта пайда әкелетін саясатты қабылдау қиынға түседі. Осы уақыт мәселесі саясаткерлерге сенімді саяси шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді. Сондай -ақ, көпшіліктің есебінен пайда тапқысы келетін ерекше мүдделі топтар көшбасшыларға қысым жасауы мүмкін.Алыстан ойлайтын, көреген көшбасшылар үшін мұны шешудің бір жолы - мүшелікке қосылу немесе жалғастыру шарты ретінде жақсы саясатты талап ететін халықаралық ұйымға қосылу арқылы қысымға жауап беру қабілетін шектеу. Мұндай ұйымдар көп. Еуропалық Одақ (ЕО) бюджет тапшылығының төмен болуын талап етеді және мемлекеттік қарыздың жалпы деңгейіне шектеу қояды. Сонымен қатар өз мүшелерінен жалпыға ортақ құқықтық ережелер (acquis communautaire) жиынтығын қабылдауды талап етеді. ЕО-ның кейбір саясаты (Бірыңғай ауыл шаруашылығы саясаты бойынша берілетін субсидиялар - мұның айқын мысалы) тиімсіз болуы мүмкін (немесе экономикалық логикаға қайшы), бірақ ЕО-ға мүшелікке ұмтылмайтын, посткоммунистік елдердің көбінің саясатынан әлдеқайда жақсы. Еуроодаққа кіруге ұмтылған елдер көп ауыр реформа жасады, алайда сайып келгенде бұл өз азаматтарына пайдалы болып шықты.(88)Сондай-ақ, НАТО, ДСҰ, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) және Инвестициялық дауларды реттеудің халықаралық орталығына (ICSID) кіру арқылы елде оң өзгерістер жасауға болады. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) үкіметті өсуге бағытталған саясаттарды қабылдауға ынталандырудағы рөлі зор. Шамадан тыс мемлекеттік шығын валюталық дағдарыс тудырып, үкімет халықаралық несие нарығы арқылы бұл қарызды одан әрі қаржыландыра алмаған кезде көбінесе ХВҚ -ның көмегіне жүгінеді. Мысал ретінде 2010-2018 жылдардағы грек дағдарысын келтіре аламыз. Грек үкіметі ХВҚ мен Еуропалық орталық банкінің қысымымен ғана қажетті реформаларды қабылдады.Мүшелікті қажет етпейтін сыртқы рейтингтердің өзі үкіметтің жұмысына оң әсер етуі мүмкін. Мысалы, Грузия Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізудің оңайлығы» индексі бойынша алғашқы он елдің қатарына кіретінін мақтан тұтады және министрлер бұл рейтингті жақсартатын реформаларды қабылдауға жауапты.
3-бөлім Қорытынды ойлар
Жоғарыда айтылған ережелер жеке меншік құқығын қорғауды күшейтеді, бәсекелестікті ынталандырады, федерализмді нығайтады, мемлекеттік шығын мен қарызды бақылауға көмектеседі, сонымен қатар саясаткерлердің ерекше мүдделі топтарға қызмет етуін шектейді. Бұл талан -таражға салып, тонайтын емес, өзара келісімге негізделген үкіметті құруға бастар оң қадам болмақ. Дегенмен, тағы бір маңызды мәселе бар. Заң қағаз жүзінде емес, іс жүзінде орындалған кезде ғана жоғарыда айтылған ұсыныстар жұмыс істейді.
Мысал ретінде сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық пен саясаткерлер мен олардың жақындарының сот төрағаларына ықпалын төмендету үшін Гватемаланың өз Конституциясына енгізген сәтсіз тәжірибесін келтіре аламыз. Сот төрағаларын таңдауда заң факультеттерінің декандарына үлкен рөл берілді. Циниктер алдын ала болжағандай, бұл «реформа» декандарды таңдау жүйесінде жемқорлықтың пайда болуына әкелді. Сот жүйесіне әсер еткісі келетіндер декан болуға үміткер профессорлардың үгіт -насихат жұмыстарын жүргізді, олар декан сайлауында дауыс беретін студенттерге арнайы үлкен кештер ұйымдастырды. Сондай -ақ, заң университеттері саңырауқұлақтай көбейді, олардың көпшілігі қағаз жүзінде ғана жұмыс атқарды.(89)
Осы бөлімді көптеген атақты адамдардың сөздерімен қорытындылайық деп едік, бірақ әсіресе 1956 жылы «A Brave New World» еңбегінің радиоға бейімделген нұсқасын жазған Алдоус Хакслидің әдемі жеткізілген сөзімен аяқтағымыз келеді:
"Еркіндік пен тіпті жалпы адамзаттың бағасы - мәңгілік қырағылық".
2-3 бөлімде мемлекеттің өркендеуі туралы жаздық. Ал кітаптың соңғы бөлімі азаматтардың жеке әл -ауқатына бағытталған, табысты өмір сүруге қажетті практикалық кеңестерден тұрады.
4-бөлім: Іс жүзінде жеке қаржыны басқарудың он екі негізгі элементі
Элементтер:
- Өзіңіздің артықшылығыңызды табыңыз.
- Өнімділігіңізді арттырып, қызметіңізді басқаларға құнды ететін дағдыларды, қасиеттерді және кәсіпкерлік шеберлігіңізді дамытыңыз.
- Ақшаңызды тиімді жұмсап, тұрақты түрде ақша жинау үшін бюджетіңізді жоспарлаңыз.
- Еш нәрсені пайдалы қызмет мерзімінен артық қаржыландырмаңыз.
- Ақшаңызды тиімді қолданудың екі жолы: кредит картаңызға қарызды болмау және қолданылған заттарды сатып алуды қарастырыңыз.
- Ай сайын төтенше жағдай немесе "қара күндерге" арналған жинақ есеп-шотыңызға ақша салуды бастаңыз.
- Күрделі пайызды өз пайдаңызға қолданыңыз.
- Инвестицияңызды әртараптандырыңыз (диверсификация жасаңыз) - барлық жұмыртқаны бір себетке салмаңыз.
- Индекстелген инвестициялық пай қорлары немесе индексті биржалық қорлар (ETF) арқылы көп тәуекелге бармай, мамандардан асып түсе аласыз.
- Ұзақ мерзімді мақсаттар үшін ақшаңызды акцияға салыңыз, бірақ ақша қажеттілігі жақындаған сайын облигациялардың немесе қолма-қол ақшаның үлесін көбейтіңіз.
- Тұрғын үй сатып алғанда, білім алғанда және басқа инвестициялық шешім қабылдағанда тәуекелді төмендететін қадамдар жасаңыз.
- Тәуекелді азайту үшін сақтандыруды қолданыңыз.
Кіріспе
Посткоммунистік елдермен салыстырғанда Еуроодаққа мүше елдердің табысы әлдеқайда жоғары. Десе де, Батыс Еуропаның (және одан да көп кедей елдерде) көп азаматы қаржылық күйзелісті бастан кешіруде. Бұл қалай болғаны? Жауабы мынада: қаржылық тұрақсыздық, негізінен, біз тапқан табыс емес, біз өзіміз жасаған таңдаулардың нәтижесі.
Егер сіз өзіңіздің қаражатыңыз үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алмасаңыз, қаражаттарыңыз сіздің мойныңызға отырып алады. Ұлы американдық философ (және бейсбол жұлдызы) Йоги Берра айтқандай: «Қайда бара жатқаныңызды білмесеңіз, өте мұқият болуыңыз қажет, себебі жетуіңіз керек жерге ешқашан жетпеуіңіз мүмкін.(90)» Басқаша айтқанда, бәрімізге жоспар керек. Жоспарымыз болмаса, өзіміз қаламаған жерге жетуіміз мүмкін. 4 -бөлімдегі он екі элемент осындай практикалық жоспардың негізі бола алады. Осы - практикалық ұсыныстар, бірден қолға алынатын әрекеттер. Түсіндірілетін ұсыныстар, табыс не білім деңгейіңізге қарамастан, жақсырақ қаржылық шешім қабылдауға көмектеседі.
Көбінесе жеке қаржы мен инвестициялық шешімдер экономика саласынан мүлдем алыс сияқты көрінеді. Бірақ бұл - жалған түсінік. 1 -элементте салыстырмалы артықшылық қағидасына сәйкес белгілі бір салаға мамандану арқылы мемлекеттің қалай пайда көретіні, сонымен қатар дәл осылай жеке тұлғалар да басқалар жоғары бағалайтын кәсіпке мамандандыру арқылы көбірек пайда таба алатыны түсіндірілген. Дәл осылай, байлық құру үшін мемлекетке кәсіпкерлік, қаржылық есеп, мансапты жоспарлау мен капиталға (әсіресе адами капиталға) инвестиция салу қаншалықты маңызды болса, жеке адамдар үшін де соншалықты маңызды.
Мұнда ұсынылған қағидалар, нұсқаулықтар мен құралдарды төрт санатқа бөлуге болады: 1-2 элементте қалай көбірек табыс табу, 3-6 элементте өз табысыңызды қалай тиімдірек қолдану, 7 -10 элементте инвестициядан қалай көбірек пайда көру және 11-12 элементте тәуекелді сауатты басқару бойынша бағыт-бағдар берілген.
Мұнда берілген кеңестер маңызды, практикалық жағынан қолайлы және түсінікті. Бұл кеңестер сізді табысты қаржыгер немесе лезде миллионер етпейді, бірақ үлкен қаржылық қателіктерді жасаудың алдын алады. Әрине, күрделірек жоспарлар да жасауға болады. Дегенмен, мінсіздікке ұмтылу көбінесе адамның қолын байлайды, әрекет еткізбейді. Дұрыс қаржылық жоспар құруға уақыт пен тәжірибем жоқ деп ойлайтын адамдар үлкен қаржылық мәселелердің алдын алатын қарапайым нұсқаулардың өзін қолдана алмауы мүмкін. Бұл бөлімде осындай нұсқаулықтар ұсынылған.
Өмір көптеген таңдаулардан турады. Біздің мақсатымыз - сізді табысты өмірге жетелейтін әрекеттер жасауға көмек беру. Америка Құрама Штаттарындағы экономика пәнінің үздік оқытушыларының бірі Джон Мортон былай дейді:
«Мен әрқашан оқушыларыма өмірдің лотерея еместігін және, нөлдік сома ойыны емес екенін айтамын. Жетістікке жету арқылы басқалардың жетістігін тартып алмайсыз. Барлығы сіздің таңдауыңызға байланысты, ал әр таңдаудың салдары бар».
Дұрыс қаржылық таңдау жасап, қолда бар ресурсты қалай тиімді пайдалануға болатынын айтпастан бұрын, ақша мен байлықтың маңызы туралы бірқатар ойды өздеріңізбен бөліскіміз келеді. Жақсы өмір сүру үшін тек ақша керек емес. Бақытты болу үшін жақсы неке, отбасы, жора-жолдас, қызықты жұмыс, діни наным және ұнайтын хобби сияқты қаржылық емес активтер ақшадан гөрі маңыздырақ.(91) Ақша мен байлыққа ғана ұмтылудың мәні жоқ.
Сонымен бірге, байлыққа деген құштарлықта еш қисынсыз нәрсе жоқ. Бұл тілек тек өзінің қара басын ойлайтын адамдарға ғана тән емес. Мысалы, Тереза ана кедейлерге көбірек жәрдемдесу үшін көбірек байлық жинағысы келер еді. Көбіміз бай болғымыз келеді, сөйтіп діни, мәдени және қайырымдылық ұйымдарына көбірек ақша аудара аламыз немесе қарт ата -анамызға көбірек көмектесе аламыз. Өмірдегі мақсатымызға қарамастан, қарызымыз аз, байлығымыз көп болса, мақсатымызға оңайырақ жетеміз. Осылайша, біздің бәрімізде қаржылық шешімдер қабылдауды жақсартуға стимул бар.
4.1-элемент: Салыстырмалы артықшылығыңызды анықтаңыз
Салыстырмалы артықшылық қағидаcы көбінесе халықаралық сауда арқылы мемлекеттің өмір сүру деңгейін қалай жоғарылатуға болатынын түсіндіру үшін жиі қолданылады. 1 -бөлімнің 4 -элементінде көрсетілгендей, сауда серіктестері салыстырмалы артықшылық заңына сәйкес маманданғанда көбірек өнім өндіріп, өзінің табыс деңгейін көтере алады. Өз кәсіби және бизнес мүмкіндіктерін қарастырған жеке тұлғалар үшін де салыстырмалы артықшылық тұжырымы маңызды.
Мемлекет сияқты, жеке тұлға да мамандану арқылы табысын арттыра алады, яғни өзінің күшін салыстырмалы артықшылығы бар істерге көбірек жұмсайды. Өз дағдыларыңыз бен балама құн арасындағы байланыс туралы ойланып көріңізші. Мысалы, өте ерекше жағдайды қарастырайық. Сіз басқалардан кез келген сала бойынша ең үздіксіз делік. Бұл барлық істі өзіңіз істеуіңіз керек дегенді білдіре ме? Немесе қарама-қарсы, екінші ерекше жағдайды алайық: бір адам кез келген іс бойынша нашар делік. Енді осы адам бірде бір салаға маманданбайды, бәсекеге түсе алмайды деген сөз бе? Екі сұраққа да жауабымыз бірдей: жоқ.
Балама құнды ескерсек, қаншалықты талантты болсаңыз да, кейбір салалар бойынша ғана басқаларға қарағанда айырықша өнімді боласыз. Сол сияқты, өндіріс жылдамдығыңыз қаншалықты төмен болса да, кейбір заттарды басқаларға қарағанда аз шығынмен өндіре аласыз. Салыстырмалы артықшылығыңыз бар салаға мамандану арқылы бәсекеге түсіп, жақсы табыс таба аласыз.
Сіздің салыстырмалы артықшылығыңыз абсолютті қабілетіңізбен емес, салыстырмалы қабілетіңізбен анықталады. Мысалы, Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг үздік жаңашыл, кәсіпкерлік дағдыларды ғана емес, компьютер бағдарламашысы болуға қажетті дағдыларды да игерген. Гарвардтың жатақханасында тұрып, әлеуметтік желіні негізін қалап насихаттау үшін көп бағдарламалау дағдысы мен шығармашылық қабілет қажет етті. Цукерберг жоғары білікті бағдарламашы болса да, оның салыстырмалы артықшылығы Facebook-тің инновациялық, әлеуметтік медиа мүмкіндіктерін дамытуда болды. Сол сияқты, Facebook-те жұмыс істейтін компьютерлік бағдарламашылардың біліктілігі Цукербергке қарағанда төмен болуы мүмкін, бірақ олардың салыстырмалы артықшылығы басқаруда емес (немесе инвесторлармен байланыс орнатуда емес), бағдарламалауда.
Жеке тұлғалар басқалар жоғары бағалайтын істі өте жақсы меңгеріп, табысқа қол жеткізе алады. Бұл Цукерберг сияқты адамдардың қалай көп ақша табатынын түсіндіреді. Ол 2007 жылы небәрі 23 жасында байлығын өз күшімен жинаған, әлемдегі ең жас миллиардер атанды.(92)
Кейбір адамдар ақшасы көп адамдармен сауда жасағанда, пайда таппаймын деп ойлайды. Есіңізде болсын, сауда екі тарапқа да пайдалы. Әдетте, неғұрлым табысты, бай адамдармен сауда жасасаңыз (біреуге жұмыс істеу де саудаға жатады), сіздің жағдайыңыз соғұрлым жақсы болады, себебі олар сіздің қызметіңізді табысы төмендеу адамдарға қарағанда жоғарырақ бағалайды. Мысалы, осы кітаптың авторлары ойын -сауық агенттері болса, оларға басқа музыканттарға қарағанда Бьорк, Роллинг Стоунз немесе U2 -мен жұмыс істеген әлдеқайда тиімдірек болар еді, себебі олар осылай көбірек ақша табамыз деп ойлар еді.
Ең сорақысы - өзіңізді мен жағдайдың құрбанымын, өз күшім мен бастамам арқылы табысқа жете алмаймын деп сендіру немесе басқалардың сендіруіне көну. Алғашында кейбір адамдардың басқаларға қарағанда артықшылығы аз болады, алайда артықшылығы аз болса да, күшін ақылмен жұмсап, тырысып бақса өте жақсы нәтижеге жете алады. Мақсатыңызға жету үшін өз кәсіби өсуіңізге деген жауапкершілікті өз қолыңызға алып, жеке таланттарыңызды қалай дамытуға болатынын жоспарлап, нарықтық байланысты тиімді пайдалануыңыз керек. Сіздің жеке табысыңыз сізге ғана байланысты. Сіздің қызығушылығыңыз, дағдыларыңыз бен мақсаттарыңыз туралы сізден артық ешкім білмейді.
Әдетте шығын мүмкіндігінше төмен болуы керек деп ойлаймыз. Бірақ есіңізде болсын, шығын ең жоғары балама құнды көрсетеді. Осылайша, балама опциялар неғұрлым тартымды болған сайын, сіздің таңдауыңыз соғұрлым қымбат болмақ. Студент кезіңізде көбірек ақша табу үшін Starbucks -та жұмыс істеуіңіз керек пе? Немесе университетті тезірек бітіру үшін көбірек курс алуыңыз керек пе? Екі нұсқа да қызықтырары анық. Ары қарай, дағдыларыңыз жетіліп, мүмкіндігіңіз одан әрі артқан сайын, таңдау жасау да қымбатырақ болады.
Керісінше, жақсы таңдауларыңыз аз болса, шығыныңыз да төмен болмақ. Мысалы, бұл кітапты оқу құнын төмендетудің тиімді жолы - сізді түрмеге қамау, сонда сіздің қабырғаға телміріп қараудан басқа қолыңыздан келетіні кітап оқу болады. Әрине, бұл - жақсы идея емес. Бұл сізге ұнайтын басқа мүмкіндіктердің бәрін құртып, бір істің (біздің ойымызша өте пайдалы істің) ғана құнын төмендетеді. Сондықтан жағдайыңызды жақсартудың жолы - мүмкіндіктеріңізді азайту емес, керісінше көбейту арқылы өзіңізді жақсартасыз.
Жастарға жақсы білім алу туралы жиі айтылатыны содан, осылайша олар өмірде одан да тартымды мүмкіндіктерге ие болады. Жақсы білім өнімділігіңіз бен жұмыс берушілердің сізге төлейтін ақысын арттырады. Бұл сіздің табысыңызды өсіреді, бірақ бұл сонымен қатар кейінірек одан да жақсырақ ұсыныстарға ие боласыз деп үміттенген кезде сізге келуі мүмкін кейбір тартымды ұсыныстардан бас тартуға тура келетінін білдіреді.
Мансабыңызға қатысты дұрыс шешім қабылдау өзіңіз ең жақсы істей алатын істі анықтаумен ғана шектелмейді. Өзіңіздің нені рақаттанып, сүйіспеншілікпен істейтініңізді білу де маңызды. Кәсібіңізден ләззат алсаңыз, оның маңызды екеніне сенсеңіз, онда қуана-қуана жұмыс істейсіз және жұмысыңызды жақсарту үшін көбірек жұмыс істеуге дайын боласыз. Осылайша, біліктілік пен құштарлық қатар жүреді. Сондай-ақ шынайы байлық өмірде қаншалықты өз орныңызды тапқаңызбен де өлшенеді. Мысалы, бұл кітаптың авторлары (барлығы экономистер) экономикалық сұрақтарға жауап іздеп, өз білгендерін, кәсіби түрде зерттеген әлемнің түкпір-түкпірін басқаларға жақсырақ түсінуге көмектесетін тәсілдермен білгенімізді білдіруді қанағаттанарлық деп тапты. Кейде ұзақ жұмыс істесек те, сол өткізген уақытымызға өкінбейміз. Біздің істеп жүргеніміз екінің бірінің қолынан келмейді. Бірақ біз үшін бұл қиындықтар түкке тұрмайды, себебі одан алатын ләззаттың теңдесі жоқ.
4.2-элемент: Басқалар үшін өз құндылығыңызды арттырыңыз
Өнімділігіңізді арттырып, қызметіңізді басқаларға құнды ететін дағдыларды, қасиеттерді және кәсіпкерлік шеберлігіңізді дамытыңыз.
Нарықтық экономикада қаржылық жетістік басқаларға қаншалықты құнды бола алатыныңызды көрсетеді. Бұл қызметкерлерге де, кәсіпкерлерге де қатысты. Табысыңыздың жоғары болғанын қаласаңыз, басқаларға олар жоғары бағалайтын қызметті қалай ұсынуға болатынын білгеніңіз жөн.
Жоғарыда айтылғандай, білімді жетілдіру, біліктілікті арттыру және тәжірибе жалпы өнімділікті арттырады және басқаларға құндырақ қызмет көрсету қабілетін жақсартады. Нәтижесінде адами капиталға салынатын инвестициялар - білім алу, біліктілікті жетілдіру, және басқа да дағдыларды игеру - өнімділікті де, табысты да жақсартады. Бірақ басқа жеке қасиеттер де өнімділікке әсер етеді. Ең маңызды екеуі - жеке көзқарас пен кәсіпкерше ойлау. Бұл екі атрибуттың өнімділік факторы ретінде маңызы психологтар айтатын эмоционалды интеллектпен (EQ) тығыз байланысты. Қазір көп психологтар жеке табысқа жету көрсеткіші ретінде IQ -ге қарағанда EQ маңызды деп санайды.(93) Экономистер көбінесе жеке өнімділіктің осы маңызды факторына аса көп назар аудармаған.(94)
Адамның жеке көзқарасы өнімділік пен табысқа қалай әсер етеді? Мынандай қарапайым мысалды қарастырып көрейік. Жұмыс беруші екі үміткерді бағалайды делік. Біріншісінің мынандай қасиеттері бар: адал, сенімді, табанды, таза ниетті, басқаларды құрметтей алады, білім алуға, білімін жетілдіруге деген ұмтылысы бар және басқалармен жұмыс істей алады. Екіншісінің қасиеттері өзгеше: басқаларды сыйламайды, сенімсіз, дау-жанжалға жақын, білім алғанды ұнатпайды, дөрекі, кінәмшіл, арам, ішімдік мен есірткіге тәуелді. Сіз жұмыс беруші болсаңыз, қайсысын жалдар едіңіз? Әлбетте, көпшілік бірінші үміткерді таңдар еді, себебі оның бойында жетістікке жетелейтін қасиеттер бар. Басқа факторлар бірдей болса, мұндай оң көзқарастағы қызметкерлер өнімдірек болады. Керісінше, екінші тұлғаның бойындағы қасиеттер орға жығуға бағытталған. Олар өнімділікті және қызметкердің басқалармен жұмыс істеу қабілетін төмендетеді.
Табысты болғыңыз келсе, қасиеттердің бірінші жиынтығын дамытып, жетілдіруіңіз қажет. Олар әдетке - сіздің өміріңіздің негізгі құндылықтарына айналуы керек. Сонымен қатар, екінші жиынтықтан аулақ болыңыз, бұл да өте маңызды. Ешкімге, тіпті достарыңызға да сәтсіздікке апаратын қасиеттердің ешқайсысының «керемет» екеніне сендіруге жол бермеңіз. Бұл - қиыншылыққа апаратын жол, оны таңдамаңыз.
Сізге айтатын жақсы нәрсеміз да бар: жамандыққа емес, жақсылыққа бастайтын қасиеттерді өзіңіз таңдай аласыз. Оның үстіне отбасыңызға, қазіргі табысыңызға, білім деңгейіңізге немесе мамандығыңызға қарамастан таңдау жасай аласыз. Бойыңыздағы қасиеттердің болашақ қаржылық табысыңызға әсері зор. Жақсы қасиеттер нашар білім немесе балалық шақтағы нашар қаржылық жағдай тәрізді басқа да әлсіз тұстарыңызды жеңуге көмектеседі.
Әрине, жамандыққа бастайтын қасиеттерді таңдап, бұл үшін басқаларды кінәлауға болады: отбасыңызды, өскен ортаңызды, оқыған мектебіңізді немесе жалпы қоғамды кінәлай аласыз. Бұл факторлар сіздің шешімдеріңізге әсер етуі мүмкін, бірақ осы факторлар шешімдеріңізді анықтамайды. Жеке қасиеттеріңізді дамыту - өз қолыңызда тұр. Өскен ортаңыз нашар болса, жақсы қасиеттерді дамытып, сақтап қалу қиын болуы мүмкін. Алайда нашар ортадан суырылып шығып, одан қиындыққа қаймықпаған адамға барлығымыз сүйсінеміз, құрметтейміз.
Кейбіреулеріңіз: «Менің жеке қасиеттерім - бұл менің жеке ісім. Маған не істеу керектігін ешкім айта алмайды немесе ешкім мінезімді өзгерте алмайды» деп ойлауыңыз мүмкін. Миша деген бизнес иесі де осылай ойлайды делік. Миша тұтынушылардың тілегін елемейді және керісінше тұтынушылардың нені бағалауы керек екенін өзі шешеді делік. Миша бұл таңдауды жасауға ерікті. Алайда, осылайша Мишаның сатылымы төмендеуі мүмкін, тіпті шығынға ұшырап, бизнесі жүрмеуі әбден мүмкін. Сол сияқты, жұмысқа үміткерлер де «өз қалағанын істеуге» ерікті. Олар өз қасиеттері мен мінез -құлқының өнімділік пен жұмыс істеу қабілетіне қалай әсер ететініне көз жұмуы мүмкін. Бірақ тұтынушылардың қалауын елемейтін бизнес тәрізді, өз қасиеттері мен мінез -құлқына селқос қарағандықтан, бұл жеке тұлғалардың да мүмкіндіктері шектеліп, табысы төмен болады. Ешқайсымыз бөлек жатқан арал емеспіз. Өзгелердің бізге табыс әкелгенін қаласақ, олармен ынтымақтасып, оларға құнды қызмет көрсетуіміз керек.
Қорытындымыз өте қарапайым: жетістікке бағытталған қасиеттер - қаржылық табыстың маңызды факторлары. Бұл қасиеттерді сатып ала алмайсыз. Оларды сізге біреу бермейді. Өзіңіз таңдау жасап, өміріңізге енгізуіңіз керек. Осындай таңдау жасай алсаңыз, онда айтарлықтай экономикалық жетістікке жететініңіз сөзсіз. Керісінше, өміріңіз сәтсіздікке ұрындыратын қасиеттер жиынтығынан тұрса, онда болашақта тағдырыңызға өкпелеп, қаржылық қиындықтармен жолығатыныңыз анық.
Кәсіпкерше ойлау - сіздің өнімділігіңізді арттыратын жеке қасиет. Кәсіпкерлік көбінесе бизнестегі шешім қабылдаумен байланыстырылады, бірақ шын мәнінде бәріміз кәсіпкерміз. Біз үнемі білім, дағды және басқа ресурстарды дамыту мен пайдалану туралы шешім қабылдаймыз. Біздің қаржылық жетістігіміз - осы таңдаулардың нәтижесі.
Қаржылық табысқа жеткіңіз келсе, кәсіпкер сияқты ойлаңыз. Басқаша айтқанда, басқаларға құнды қызмет көрсету үшін өз талантыңызды қалай дамытуға және қолдануға болатынына назар аударыңыз, соған қолда бар ресурсыңызды жұмылдырыңыз.
Басқаларға өз бағасынан құнды тауар мен қызмет ұсыну - қаржылық табыстың кілті. Құрылыс агенті Роберт Джонс туралы гипотетикалық мысалды қарастырайық. Джонс үлкен жер телімін сатып алады да, оларды бөліп, жол, кәріз, гольф алаңы мен саябақ сияқты түрлі инфрақұрылым нысандарын салады. Джонс жер телімдерін жердің құнынан, өзі салған түрлі инфрақұрылым нысандары мен еңбекақы шығынынан, оның ішінде ең жақсы баламадан табуы мүмкін табыстан жоғары бағаға сата алса, пайда табады. Оның әрекеттері тиімді болса, ресурстың құндылығы артады және тұтынушыларға басқа ешқайда жоқ жақсы жер тілімдерін ұсынып, оларға шығындарын төмендетуге көмектеседі. Джонстың бұл істе жолы болуы немесе болмауы оның ресурс құндылығын жоғарылату қабілетіне байланысты.
Кәсіпкер сияқты ойлап, қызметіңіздің құндылығын қалай арттыруға болатыны туралы ойланған сәттен бастап, сәттілікке бір қадам жақындай түсесіз. Кәсіпкерлік талант әдетте күтпеген жерден шығады. Бұрынғы кеңестік мемлекеттің әлемдегі ең дамыған цифрлық елдердің біріне айналатынын кім білген? Skype пен TransferWise -тің туған жері Эстонияға қош келдіңіз, бұл - толықтай онлайн режимінде жұмыс істейтін, Интернетке кіру адамның негізгі құқығы деп жарияланған ел.(95)
Орта жастағы, милкшейк жасайтын машина сатушысы Рэй Крочтің франчайзингтік бизнесте төңкеріс жасайтынын және Калифорниядағы Сан-Бернардино қаласындағы McDonald’s мейрамханасын әлемдегі ең үлкен фаст-фуд желісіне айналдыратынын кім білген? Ади Дасслердің 1924 жылы анасының асханасында бастаған спорттық аяқ киім бренді 20 миллиард долларға бағаланатынын ше?(96) 1950 жылдары IKEA-ның негізін қалаушы Ингвар Кампрад Швецияның Эльмхульт атты шағын қалашығында алғашқы кішігірім көрме залын ашқанда, оның әлемдегі ең үлкен жиһаз дүкеніне айналатынын білген адам бар ма?(97)
Бұл бәрімізге кең танымал мысалдар, бірақ барлық жерден бір із көреміз. Табысты кәсіпкерлер мен кәсіпқой көшбасшылар көбінесе өзі жетістікке жеткен салаға қатысы жоқ түрлі ортадан келеді. Бірақ олардың бәріне тән ортақ нәрсе бар: олар басқалардың назарынан тыс қалған ресурстар құндылығын артыру үшін мүмкіндіктерді жақсы пайдаланады, стратегиялық тұрғыдан әрекет ете біледі.
Байлар арасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлер үлесі тең емес. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жұмыс күшінің басым бөлігін құраса да, олардың үлесі миллионерлердің арасында едәуір көп. Мысалы, 2015 жылы Нидерландыда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар шамамен жұмысшылардың 17 пайызын (98), ал жұмыс істейтін миллионерлердің шамамен 80 пайызын құрады.(99) Өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлердің қаржылық табысына төрт негізгі фактор ықпал етеді. Біріншіден, олар басқалардың назарынан тыс қалған тартымды мүмкіндіктерді анықтап, оларды жақсы пайдалана алады. Екіншіден, олар тәуекелге баруға дайын. Үлкен тәуекел мен жоғары табыс - егіз ұғымдар. Белгілі бір дәрежеде өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлердің табысы - олардың кәсіпкерлік қызметімен байланысты белгісіздікке берілетін өтемақы. Үшіншіден, олардың инвестициялық көрсеткіштері жоғары. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіп иелері табысының көп бөлігін бизнестің өсуі мен кеңеюіне салады. Төртіншіден, олар әдетте өз ісін жақсы көреді, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істей алады.
Айта кету керек, Орталық және Шығыс Еуропа (ОШЕ) және бұрынғы кеңестік елдерде шағын кәсіпкерлік үлесі елдер бойынша және елдің ішіндегі аймақтар бойынша айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл жеке кәсіп ашуға әсер ететін мәдени, сонымен қатар саяси себептерге байланысты болуы мүмкін.(100) Алайда, кәсіпкерше ойлау кез келген жағдайда пайдалы.
Сонымен қатар, қызметкерлер де өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлер табысының жоғары болуына әсер ететін қасиеттерді өз бойында дамыта алады. Олар өз жиғанын акцияға салым салып, кәсіптегі тәуекелмен бетпе-бет келіп, орташа деңгейден жоғары табысқа қол жеткізе алады. Қаласа, көбірек инвестиция салып, жұмыс істеп көбірек табыс таба алады, байлық жинай алады.
Ең бастысы, қызметкерлер «кәсіпкер сияқты ойлау» арқылы пайда таба алады. Кәсіпкерлер табысы олардың тұтынушыларды қанағаттандыру қабілетіне тәуелді болатыны сияқты, қызметкерлер табысы жұмыс берушіге қазір және болашақта қаншалықты бағалы болатынына байланысты. Қызметкерлер өз табысын арттырғысы келсе, басқалар жоғары бағалайтын дағдыларды, білімді, қасиеттерді және жұмыс әдеттерін қалыптастыруы қажет.
Білім алу туралы шешім қабылдағанда да кәсіпкерше ойлаудың маңызы зор. Өз қызметіңізді басқалар үшін құнды ететін білім алып, дағдыларыңызды жетілдірмесеңіз, оқығаныңыз табысыңызға айтарлықтай әсер етпейді. Сауатты жазу, түсінікті қарым -қатынас жасау, математиканың негізгі құралдарын қолдану, деректер мен ақпаратты жинау мен түсіндіру, сондай -ақ сізді көпшіліктен ерекшелеп, өнімділігіңізді арттыратын нақты дағдыларды дамыту қажет. Орта және жоғары білім беру мекемелерінде және одан тыс жерлерде басқаларға құныңызды арттыратын дағдыларды орта және орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде де, одан тыс жерлерде де қалыптастыру өте маңызды.
Бүгінде дипломның болуы жұмыс беруші назарын аудартып, жоғары жалақы төлейтін жұмысқа кепілдік бермейді. 2019 жылы Армения мен басқа посткоммунистік елдерде университет түлектері арасындағы жұмыссыздық деңгейі 25% -ға жақын болды. Еңбек және білім нарықтары тез өзгереді. Жұмыс табудың ең жақсы жолы - кәсіпкерше ойлау және ресми білім мен жұмысқа дайындығыңызды көрсету арқылы басқаларға қызмет етудің жолдарын табу. Бұл тарапта жаппай ашық онлайн курстар, сертификат бағдарламалары мен тағылымдамалар пайдалы болуы мүмкін.
Басқаларға көбірек пайда әкелетіндей, өз талантыңызды дамыту мен пайдалану - қаржылық табыстың кілті. Бұл Артур Брукс айтатын «еңбекпен келген табыс» үшін де маңызды. Оның үстіне, еңбекпен келген табыс көңіл толатын, бақытты өмірге бастайды. Еңбекпен келетін табысқа сізді біреу жетелемейді; сіз оған өзіңіз жетуіңіз керек. Біліміңіз, жұмысыңыз бен өмір салтыңыз өмірлік мақсатыңызға сәйкес болса, табысыңыз да еңбегіңізге лайық болады. Біз ұзақ уақыт бойы студенттерден қалай өмір сүргісі келетіні туралы сұрап келдік. Қай жағынан алып қарағанда да, көбіне олардың жауаптары бірдей болатын: «Мен әлемді жақсартатын жақсы істермен айналысқым келеді». Әрине, олардың бұған жету жоспарлары әр түрлі. Олардың жоспарларының әртүрлі болғанына қарамастан, жағымды қасиеттері мен кәсіпкерше ойлауы олардың мағыналы, көңілі толатын, бақытты өмір сүру ықтималдығын арттырады.
4.3-элемент: Шығындарыңыз бен жинақ ақшаңызды қаржылық жоспарлаңыз
Ақшаңызды тиімді жұмсап, тұрақты түрде ақша жинау үшін бюджетіңізді жоспарлаңыз.
Ақша - бұл тек құрал. Сізді қалаған жеріңізге апарады, бірақ ақша сізді жүргізуші ретінде алмастыра алмайды.
Қаржылық тұрақсыздық - әдетте қате таңдаулардың нәтижесі. Тапқан ақшасынан көбірек жұмсау, борышты қалай өтейтіндігін ойламай көп қарыз алу, бюджеттік жоспарлаудың болмауы және басқа зиянды қаржылық әдеттер адамның жағдайын нашарлатып, күйзеліс тудырады. Бюджетті жоспарлау - салауатты қаржылық өмірге қол жеткізудің, байлық жинаудың және жеке мақсаттарға жетудің кілті. Жеке тұлғалар, мемлекет сияқты, ақша жинау мен инвестициялау арқылы байыйды. Бірақ байлық құру үшін де стратегиялық жоспар қажет. Байлыққа жету үшін шығынды, жинақ ақшаны және инвестицияны қалай басқару керектігі туралы жоспар болуы керек. Жеке тұлға немесе үй шаруашылығы үшін бұл жоспардың атауы - бюджет. Бюджет қаражатыңызды үнемді жұмсап, жинау және әртараптандырылған инвестиция жасау арқылы табысыңызды тиімді пайдалануға жол ашады.
Бюджетті тиімді жоспарлау - бір реттік оқиға емес, тұрақты үдеріс. Ол екі нақты әрекеттен тұрады. Біріншіден, белгілі бір уақытқа арналған, жоспарланған немесе күтілетін кіріс пен шығыс көрсетілетін бастапқы бюджетті құруыңыз керек. Көп адамдар айлық бюджет жасайды, бірақ жылдық бюджет те жиі кездеседі. Азық -түлік, автокөлік төлемі, жалдау ақысы немесе ипотека сияқты көзге көрінетін шығынды ғана емес, барлық шығынды мұқият қарастырған жөн. Туған күнге сыйлықтар, жыл сайынғы үй жануарларының лицензиялық ақысы (Гаагада жылына 112,80 евро төлейді, бұл - соғыс қылмыскері болмаудың тағы бір жақсы себебі), журналға жазылым және көлігіңіздің майын ауыстыруды ұмытпаңыз. Айлық немесе жылдық табысыңызды есептеңіз; содан кейін әр тиыныңызды қайда жұмсайтыныңызды анықтаңыз. Біз жинақ ақша мен инвестицияны жұмсалмаған, қалдық ақша түрінде емес (әрине, қалса), бюджетте нақты жоспарланған элемент ретінде көрсетуге кеңес береміз.
Екінші әрекет: нақты шығынды көрсетіп, бюджетке қажетті түзетулер енгізу. Барлық шығынды есепке алу және оны бюджет санаттары бойынша көрсету сіздің әдеттеріңіз бен қаржылық мақсаттарыңызға жетудегі прогресіңіз туралы құнды ақпарат береді. Шығынды қадағалау болашақта жақсы, дәлірек бюджет құруға көмектеседі. Мысалы, бастапқы бюджетке бір-екі шығынды енгізбеуіңіз мүмкін, бұл жағдайда нақты шығындар орын алған кезде, келесі жолы оларды жаңа бюджетке міндетті түрде қосыңыз. Мысалы, айына мейрамханада тамақтану үшін бюджетіңіз 50 евро болды, бірақ шын мәнінде 80 евро жұмсадыңыз делік. Бұл айырмашылықты ескеру үшін басқа жоспарланған шығындарыңызды өзгертуіңіз керек. Нақты шығынды көрсету арқылы болашақта бюджетіңіз бен шығыныңызға түзетулер енгізуге көмектесетін кері байланыс тетігін қалыптастыра аласыз.
Табысыңызды жоспарлау мен өзіңіздің мінез -құлқыңызды бақылау арқылы шығыныңызды бағалап, өзіңіз үшін құнды санаттарға көбірек ақша бөле аласыз. Келесі төрт қарапайым қадам қаржылық тұрақтылыққа жетелейді: дереу, бірден бастаңыз, мақсат қойыңыз, құралдарды қолданыңыз және мақсатқа жету үшін бюджет құрыңыз.
1-қадам. Дәл қазірден бастап, табысқа жету мүмкіндігіңізді арттырыңыз! Бюджет жасау тек жұмыс істейтін немесе жалақысы жоғары адамдарға арналған немесе мен «кейінірек» бастаймын деп өзіңізді алдаманыз. Жәрдемақы алатын балалар, ата -анасынан ақша алатын оқушылар және тікелей табысы жоқ адамдардың өзі бюджет жасап, өз мақсаттарын қоя білуі керек. Бюджет жасау жас өскен сайын немесе көбірек ақша тапқан кезде оңайламайды. Шындығында, бұл күрделене түседі. Кейінге қалдыру оңай. Бюджет жасайтын, ақшасын ұқыпты жұмсайтын және болашаққа ақша жинайтын адамдар, әдетте, ертерек, табысы салыстырмалы түрде төмен болған кезде бастайды.(101) Бюджет жасауға арналған тегін ұялы қосымшалар (Интернетте жақсы құралдар көп) бар.
2-қадам. Мақсат қойыңыз. Ынталандырулардың маңызы зор. Жеке өміріңіз үшін мұның маңызы зор, мақсаттарыңыз әрекет етуге шақырсын. Қысқа, орта және ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттар қойыңыз және оларды бюджетке енгізіңіз. Қысқа мерзімді межелерге келесі жылдың ішінде қол жеткізіп, бірден марапатқа ие болуға болады. Жағдайыңызға байланысты бұл пайыздық мөлшерлемесі ең жоғары несие картасы бойынша қарызды жою, тосын шығындарды жабуға арналған жинақты көбейту, телефон немесе басқа технологиялық құрылғыны жаңартуға ақша табу сияқты мақсаттар болуы мүмкін. Орта мерзімді мақсатқа ұзағырақ мерзімде, бір жылдан үш жылға дейінгі уақытта қол жеткізуге болады. Қолма-қол ақшаға автокөлік сатып алу, пәтердің немесе үйдің құнының 20 пайызын жинау және әртараптандырылған портфолио қалыптастыратын жақсы жинақ шотын құру - бұл әдетте көбірек уақытты қажет ететін мақсаттардың мысалы. Ал ұзақ мерзімді мақсаттарға балаңыздың оқуына және зейнетке шығуға қаражат жинау мен инвестициялау, студенттік несие немесе үй сатып алу үшін алынған несиені төлеу жатады.
Жоғарыда айтылғандай, жинақ пен инвестиция бюджетіңіздің нақты санаты болуы керек. Әрине, тезірек стратегиялық түрде жинақ пен шығынды қадағалай бастасаңыз, соғұрлым тезірек байлыққа жетесіз. Тек ертерек бастау арқылы қаншалықты көп байлық жинай алатыныңыз анық емес. Бүгін жинаған немесе инвестициялаған ең аз соманың өзі үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін. Енді ұзақ мерзімді жоспарды қарастырып көрелік.
Жиырма екіге толған кезіңізден бастап екі жыл бойы күніне 2 евро үнемдей бастаңыз. Бұл кофеге, бөтелкедегі суға немесе тағамға жұмсайтын немесе күннің соңында қалтаңызда қалатын сомадан да аз болар. Содан кейін жиырма төртіншіден жиырма алтыншы туған күніңізге дейін күніне 3 евро үнемдеңіз. Бұл бір евроға ғана артық және бұл кезде табысыңыз да жоғарылауы мүмкін. Жиырма алты мен отыз жас аралығында жинақ сомасын күніне 4 евроға дейін көтеріңіз. Бұл соманы жұмсамай, оны қайтарым мөлшері оң шотқа салғаннан жағдайыңыз нашарламайды. Осылайша отызға жеткенде барлығы 9490 евро үнемдейсіз, оған пайыздық төлемді қоссаңыз, жақсы сома шығады. Күн сайын аз мөлшерде үнемдеу арқылы ақшаңызды көбейте аласыз.
Бірақ бұл жерде шынайы тосын сый бар. Алпыс жеті жасыңызда зейнетке шыққан кезде, алғашқы тоғыз жылда жинаған ақшаңызды ақылмен инвестициялаған жағдайда ол өсіп, 150000 евродан асып кетуі мүмкін. Ең жақсысы, бұл - инфляцияны ескергендегі сома. Қор биржаларының қайтарым мөлшері соңғы сексен жылдағы көрсеткішке тең болса осынша ақша жиналады (осы қайтарым мөлшері мен күрделі пайыздың күші туралы толығырақ мәліметті келесі элементтерден білетін боласыз). Сонымен қатар, ертерек бастасаңыз, жинақ жоспарын өмір бойы тұрақты жүргізуіңіз мүмкін. Тағы да кейбір ақылды инвесторлар, соның ішінде Уоррен Баффет пен НБА-дағы Даллас Маверикстің иесі, Shark Tank-тегі Марк Кубан қарыздан аулақ болудың және қарыз алмау үшін ертерек ақша жинауды бастаудың маңыздылығын баса айтады.
3-қадам. Бюджет құруға көмектесетін құралдарды қолданыңыз. Бюджетті әзірлеу үшін бос қағаздан бастап, жаңа велосипед ойлап табудың қажеті жоқ. Қазір заманауи веб -сайттар, электрондық кесте және қосымшалар арқылы бюджет жасау дәл бұлай ешқашан оңай болмаған. Көп ресурстардың құны өте төмен немесе тегін. Былай айтқанда, барлығы қолжетімді, бәрі сіздің қолыңызда. «Бюджет жасау құралдарын» Интернеттен іздеп, жоғары сапалы, қауіпсіз бюджет жасайтын құралдарды табасыз. Шығын мен табысты мұқият есепке алуға көмектесетін, қаржылық мақсаттарыңызды көз алдыңызда ұстайтын, төлем туралы ескертулер жасайтын, бюджеттен тыс импульсті сатып алуды қадағалайтын және мақсатқа жету жолдарын ұсынатын ресурстардың бірін таңдаңыз. Таңдаған бюджет құралымен жұмыс істеуді әдетке айналдырыңыз. Шығын мен табысты дұрыс құралдардың көмегімен қадағалау оңай.
4-қадам. Әрекеттердің жоспарын құрыңыз: мақсатыңызға жету үшін нақты және ұсынылған баптармен, жеке бюджетіңізді әзірлеңіз. Біз сатып алуымыз «қажет» нәрселер туралы жиі ойланамыз, бірақ көпшілігімізге жеткілікті тамақ, таза су, қарапайым баспана мен киімнен бөлек көп нәрсе қажет емес. Мақсатқа жетудегі алғашқы қадамдардың бірі - өз «қажеттіліктеріңізді» анықтау және оларды «қалауыңыздан» ажырату. Ақша жинап, инвестициялау үшін өз қалауыңызды азайтыңыз және қысқа, орта және ұзақмерзімді мақсаттарға жету үшін бюджет шегінде жоспар құрыңыз. Сөйтіп, өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды басқара аласыз.
Сәулетші үйдің жобасы болмаса, оны сала алмайды. Хирург медициналық топтың басқа мүшелерімен келіспей, науқастың соқыр ішегін алып тастай алмайды. Спортшы ұлттық құрамаға кірмес бұрын табысқа жету философиясын қабылдамаса, Олимпиадаға ешқашан жете алмайды. Егжей -тегжейлі әрекет жоспарын құру, оны ұстану және қажет болған жағдайда оны жаңарту өмірдің барлық саласында, соның ішінде қаржылық жетістікке жетуде маңызды.
Бюджеттің әрбір бабы басқаларымен салыстырылуы керек. Жаңа табыс көздері анықталмаса, табыс шектеулі болғандықтан, бір санаттың шығыны өскенде, басқа санатқа бөлінетін шығын төмендеуі керек. 1 -бөлімде айтылғандай, әр таңдаудың өзіндік балама құны бар. Шығын туралы шешім қабылдаған кезде сол құн туралы ойланыңыз. Бюджетіңіз арқылы жалпы жағдайды бағалаңыз. Ай сайынғы негізгі көрсеткіштерді анықтаңыз: қанша табыс табасыз, салық төлейсіз, үнемдейсіз, инвестициялайсыз, жұмсайсыз және қарызыңыз бар екенін көрсетіңіз.
Кәсібіңізге, табысыңызға немесе жағдайыңызға қарамастан, бюджет жасау үдерісіндегі екі әрекет қалаған мақсатыңызға жету үшін шығынды жүйелі тексеруге және бағыттауға көмектеседі. Бұл екі әрекет: бюджет құру және әл -ауқатыңызды жақсарту үшін шығынды қадағалау мен түзету. Жоспарыңыз нақты болсын және өз өміріңіздің бас директоры болыңыз. Шығыныңызды реттейтін, қарызыңызды қадағалайтын, төтенше жағдайда қаржымен қамтамасыз ететін, әр түрлі қаржылық мақсаттарға жетуге көмектесетін және инвестициялауға қаражат жинауға мүмкіндік беретін бюджет әзірлеңіз.
Келесіде өзіңізге «қажет» нәрселер туралы ойланғанда, олардың көпшілігінің сізге қажеті шамалы екенін ұғыңыз. Есіңізде болсын, бүгін жұмсалған ақша болашақтағы байлығыңызға әсер етеді. Біз болашақта бай болу үшін бүгін нашар өмір сүріңіз деп айтып тұрған жоқпыз, мұндай сенімнің де мағынасы жоқ. Бірақ шығынды азайтып, жинақ ақшаны арттырудың көптеген шығармашылық жолдары бар. Бюджет және жинақ жоспарын құру бірден нәтиже береді, қаржыңызды бақылауға алып, өзіңізді қауіпсіз сезінесіз және бұл болашақта байлық жинауға көмектеседі.
АҚШ -тың жетекші қаржылық кеңесшілерінің бірі Дэйв Рэмси ақшаны жаратудың дұрыс әдеттерін қалыптастыруда әр адамның жеке жауапкершілігінің маңызы туралы айтады. Ол: «Жеке қаржымен жұмыс істегенде ашқан жаңалығым мынадай: бұл біз ойлағандай қиын емес. Жеке қаржының 80 пайызы мінез -құлықтан. Ал қалған 20 пайызы біліммен келеді».(102) 4 -бөлімді толық оқығаннан кейін сіздің басыңызда керекті негізгі білім болады. Ал өзіңіз қаржылық тұрақтылық пен жемісті өмірге жеткізетіндей тұтыну, үнемдеу, қарыз алу және табыс табу туралы шешім қабылдауға дайынсыз ба?
4 -ден 12 -ге дейінгі элементтерде ақшаны тиімді жұмсау, күтпеген қарыздан аулақ болу, тосын шығынды жоспарлау, инвестициядан жақсы қайтарым алу және өміріңізге қауіп төндіретін тәуекелді барынша азайту туралы қосымша мәліметтер берілген.
4.4-элемент: Дұрыс қаржылық шешімдер қабылдаңыз
Пайдалану мерзімі несиені төлеп біткенше аяқталатын затты несиеге алмаңыз.
Демалыс, киім -кешек немесе басқа да тез тұтынылатын немесе құнсызданатын дүниелерді қарызға алғанда не болады? Екі жылдан кейін тозығы жететін ескі көлікті сатып алу үшін қырық сегіз айға несие алған кезде ше? Екі сұраққа жауабымыз бір: сіз өзіңізге де, басқаға да құны болмайтын нәрсе үшін төлем жасамақшысыз. Бұл төлемдер көңіліңізді түсіріп, қажытады, қаржылық сенімсіздік тудырады.
Пайдалану мерзімі несиені төлеп біткенше аяқталатын затты несиеге алу арқылы болашақта сіз үшін құны бес тиын да болмайтын нәрсеге төлем жасайсыз. Нәтижесінде болашақтағы тұтынуыңызды азайтуға мәжбүр боласыз. Сонымен қатар, бұл стратегия қарызыңызды көбейтеді және болашақта кедейлене түсесіз. Бұл - қаржылық апатқа апаратын жол.
Жеке адам немесе отбасының несиеге бірдеңе сатып алғаны дұрыс па? Жауабы «иә», бірақ сирек жағдайды айтпағанда, сатып алатын затыңыз ұзақ мерзімді актив болса және несие актив тозғанға дейін өтелсе ғана алуға болады. Осылайша тауарды қолдана отырып, ақысын да төлей бересіз.
Бұл критерийге сәйкес келетін операциялар өте аз. Ойымызға негізгі шығынның үш категориясы еске түседі: тұрғын үй, көлік және оқу орын ақысы. Дұрыс күтілсе, жаңа тұрғын үй болашақта қырық не елу жылға дейін пайдаланылуы мүмкін. Бұл жағдайда шығынды қаржыландыру үшін отыз жылдық ипотеканы (бар болса) пайдалану өте орынды. Сол сияқты, автокөлікті бес не алты жыл қолдануға болса, қырық сегіз айға немесе одан да аз уақытқа несие алудың еш әбестігі жоқ. Ұзақ мерзімді актив несие қайтарылғаннан кейін де қосымша табыс әкелсе немесе құнды қызмет көрсете алса, онда несиелік төлемнің бір бөлігі, іс жүзінде, үй шаруашылығының таза пайдасын арттыратын жинақ пен салымның бір түріне айналады. Тұрғын үй сияқты, білімге салынған инвестиция, әдетте ұзақ уақыт бойы таза пайда әкеледі. Жастар несие арқылы оқуын қаржыландырғанда, болашақта өз дивидендтерін жоғары табыс түрінде алмақ. Алдағы жиырма-отыз жыл ішінде несиені өтеуге жеткілікті жоғары табыс таба алса, білімге салынған инвестиция - дұрыс шешім. Бірақ бұл жерде тәуекел де бар: қосымша білім болашақтағы табысыңызды арттырмаса, несиені қайтару өте қиын болуы мүмкін. (Ескерту: Бұл мәселе 4 -бөлімнің 11 -элементінде толығырақ қарастырылады.)
Көп үй шаруашылықтары үшін бұл нұсқаулықтың қортындысы қарапайым: тұрғын үйден, автокөліктен және білімнен басқа ештеңені қаржыландыруға несие алмаңыз. Әрине, елдегі медициналық сақтандырудың түріне байланысты, төтенше жәрдемге әлі ақша жинап үлгермесеңіз, маңызды медициналық емдерге несие алған дұрыс. Аппендицитті алып тастау үшін несие алған дұрыс, бірақ бет терісін тарту үшін (тележұлдыз болмасаңыз!) несие алған ақталмайды. Сонымен қатар, заттың пайдалану мерзімі біткенше несиені қайтаратыныңызға көз жеткізіңіз. Осы қарапайым нұсқаулықты қолдану арқылы қаржылық қиындыққа ұшырамайсыз.
Тағы қарызға байланысты тәуекелдің бірі - табысыңыздың валютасынан бөлек валютада қарыз алу. Валюталардың айырбас құны еш ескертусіз өзгеруі мүмкін.
Мысалы, 2000 -шы жылдардың басында Польша, Венгрия, Хорватия және Румыния сияқты елдерде үй сатып алушылар ипотекалық пайыздық мөлшерлемені төмендету үшін швейцариялық франкпен несие алды. Алайда олардың көпшілігі табысын өз елінің валютасымен алатын.
2008 жылғы қаржылық дағдарыста ОШЕ валюталарының құны швейцариялық франкке қатысты төмендеді, өйткені франктың құны евро мен басқа валюталарға қарағанда өсіп кетті. Швейцария 2011 жылы валютасын евроға байлап тұрақтандыруға тырысты. Кейін 2015 жылы Швейцария өз валютасын евроға байламайтын болды және валюта одан әрі қымбаттап кетті.
Екі жағдайда да қарыз алушылар бастапқыға қарағанда өз валютасында көбірек қарыз төлейтінін білгенде есеңгіреп қалды. Кәсіпорындар форвардтық келісім-шартты қолданып, айырбас бағамын тұрақтандыруы мүмкін, ал мұндай келісімшарттар жеке тұлғаларға қол жетімді бола бермейді. Жағымсыз тосын жағдайларды болдырмас үшін табыс пен несиенің валютасы бірдей болғаны жөн.
4.5-элемент: Ақшаңыздан көбірек пайда табудың екі жолы
Несие картасымен қарыз алмаңыз және пайдаланылған заттарды сатып алыңыз.
Көпшілігіміз бүгін көп нәрседен тартынбай, болашақта көп дүниеге ие болғымыз келеді. Көп адамдар, оның ішінде табысы орташадан жоғары адамдар, осы мақсатқа жеткізбейтін екі әрекет жасайды. Біріншіден, алуға жағдайы болмаса да, затты сатып алу үшін қарызға кіреді. Екіншіден, қолданылған заттар пайдалы қызмет көрсетіп, әлдеқайда үнемді болғанына қарамастан, олар жаңа зат сатып алуға ұмтылады.
Несие карталарын ұқыпсыз пайдалану қаржылық табысқа үлкен кедергі келтіруі мүмкін. Көп адамдар карталарын мұқият пайдаланса да, бір адамдар несие картасындағы пайдаланылмаған ақшаны банктегі ақша сияқты көреді. Бұлай ойлау дұрыс емес және қауіпті. Несие картасындағы пайдаланылмаған ақша сіздің қосымша қарыз алу мүмкіндігіңізді көрсетеді. Ағымдық есеп-шотыңызда қаражат болса, сол ақшаны жарату үшін несие картасын қолдана аласыз, бірақ ай сайын берешек ақшаны төлеуіңіз керек. Ағымдық есеп-шотыңызда қаражат жеткіліксіз болса, ештеңе сатып алмаңыз.
Несиелік карта мен оның электронды нұсқалары (мысалы, PayPal немесе Yandex Money) қолдануға ыңғайлы болғанымен, олар адамды азғырады және қарыз алудың қымбат әдісі болып саналады. Несие картасымен қарыз алу оңай болғандықтан, олар қауіпті. Кейбір адамдар карточкаларында пайдаланылмаған ақша болған кезде өздерін басқара алмай, сауда жасап жібереді.(103) Сізге бұл мәселе таныс болса, дереу әрекет етіңіз! Қайшы алыңыз да, несие карталарыңызды кесіп тастаңыз. Бұлай жасамасаңыз, қаржылық бақытсыздыққа тап боласыз.
Несие картасымен сауда жасағанда өз ақшаңызға көбірек тауар алғандай әсерде боласыз, бірақ ай соңында келетін берешек ақша сомасы бәрін өз орнына қояды. Бұл жерде тағы бір ой сізді азғырады: пайызды, теңгерімнің аз үлесін жабуға жеткілікті шағын төлем жасап, ақшаңыздың қалған көп бөлігін басқа нәрсеге жұмсау үшін өзіңізде қалдырғыңыз келуі мүмкін. Бұл опцияны таңдап, асырып шығындана берсеңіз, үлкен қиындықтарға тап боласыз - өтелмеген қарыздың үстінен жоғары пайыздық мөлшерлеме төлеуге тура келеді.
Адамдар несие картасы бойынша жиі 15 пайыздан 18 пайызға дейінгі пайыздық төлем төлейді. Бұл көпшіліктін, тіпті табысты инвесторлардың жинақ пен инвестициядан табатын пайызынан әлдеқайда жоғары. Кейінгі элементтерде инвестиция үстінен жылына 7 пайыз алып, бай бола алатыныңызды көресіз. Өкінішке қарай, өтелмеген қарыздың жоғары пайыздық мөлшерлемесі сізге кері әсер етеді. Несие картасының 15-18 пайыздық төлемдері табысы жақсы адамның өзін кедейлікке әкелуі мүмкін.
Францияның оңтүстігінде бірнеше күн демаламын деп шешкен Шон атты жас маманның жағдайын қарастырайық. Бұл саяхат Шонға 1500 евроға түседі, ол мұны несие картасымен төлемек. Бірақ Шон айдың аяғында толық соманы төлеудің орнына, ең төменгі мөлшерді ғана өтейді. Ол соманы толықтай өтеп біткенше, осылай келесі он жыл бойы төлеп жүре бермек. Несие картасының пайыздық мөлшерлемесі 18% болса, Шон өз сапарына қанша төледі? Ол 120 ай бойы 26,63 евро, немесе барлығы 3195,40 евро төлейді. Осылайша, Шон несие картасы компаниясына ұшақ билеті, қонақүй, тамақ пен ойын-сауыққа төлегенінен әлдеқайда көп ақша төлейді.
Шон саяхаттан кейін несие картасының компаниясына ақша төлемей, алдын ала жоспарлап, сапар алдында өзіне төлем жасай бастаса, сапарды әлдеқайда арзанға түсіре алар еді. Жиырма ай бойы 5 пайызға тең жылдық күрделі пайызбен (күрделі пайызды 7 -элементте талқылаймыз), ай сайын 75 евро салса, Шон 1560,89 евро жинар еді. Ал ол болса, дәл осы (бұрынғы барған) сапары үшін несие картасымен 3195,40 евро төледі. Басқаша айтқанда, несие картасының қарызын төлеудің орнына, Шон осы сапары үшін ақша жинап, жоспарласа несиеге төлеген ақшасымен екі сапарға баратын еді.
Кей жағдайда несие картасы бойынша қарызыңыз қазірдің өзінде көп болуы мүмкін. Әрине, қарыздың болмағаны жақсы еді, бірақ бұл жоғары табыс табуға жол ашады. Несие картасының қарызын төлеуге үнемдеген ақшаңызға 18 пайыз үстінен мөлшерлеме қосылады.
Бұған былай қарап көріңіз. Бір евроны жұмсамай, оны үстінен 18 пайыз алатындай инвестициялаңыз; бір жылдан кейін сізде 1,18 евро болады. Несиелік картаңыздың қарызын өтеу үшін бір евро үнемдесеңіз, бір жылдан кейін ол сіздің таза табысыңызды 1,18 евроға өсіреді. Сөйтіп қарызыңыз азаяды: біріншіден, қарызыңыз бастапқыда үнемдеген сомаға, екіншіден, пайыз түрінде төлейтін 18 центке дейін азаяды.
Несиелік картаңыздың мөлшерлемесі 18 пайыздан төмен болса да, жолыңыз болғыш немесе керемет инвестор болмасаңыз, бұл кез-келген жинақ бағдарламасынан табатын үстемақыдан әлдеқайда жоғары. Әрине, жинақ ақшадан 18 пайыз пайда тауып жатырмын деп сезінбеуіңіз мүмкін, себебі бұл ақша сіздің инвестициялық шотыңызға түспейді. Бірақ жалпы логикасы бірдей. Несие картасы бойынша қарызы бар және қаржылық табысқа қол жеткізгісі келетін кез келген адам ең алдымен бұл қарыздан құтылуға тырысуы керек, қажет болған жағдайда жинағыңызды қолданыңыз.
Несие картасы бойынша қарызыңызды өтеуге ақшаңыз болмаса не істеу керек? Пайыздық мөлшерлемесі төмен банктен несие алыңыз және 3-элементте ұсынылған бюджет құру қағидаларына сүйене отырып, несиені мүмкіндігінше тез төлеудің жоспарын жасаңыз. Әрине, келесі жолы тағы да несие картасымен қарыз алып қоймаңыз.
Несие картасы бойынша қарыз алмау немесе алған жағдайда, бірден төлеуден бөлек, жаңа заттан сапасы кем түспейтін, қолданылған заттарды сатып алу арқылы ақшаңызды үнемдей аласыз. Жаңа заттарды сатып алғанда мынандай мәселе туындайды: олар бірден құнсызданып кетеді. Осылайша, жаңа заттарды сатып алуға болса да, олар жаңа заттың қасиеттерін ұзақ уақыт бойы сақтап тұрмайды.
Затты сатып алғаннан кейін ол бірден нарықта «пайдаланылған» тауарлардың санатына өтеді. Сондықтан пайдаланылған заттарды сатып алу арқылы айтарлықтай үнемдеуге болады. Ескі және жаңа автокөліктің сату құнын салыстырып көрелік. Мысалы, шамамен 30000 евроға жаңа Toyota сатып алсаңыз (2019 жылы Киевтегі ең танымал Toyota көлігінің орташа бағасы осындай болды), оны бір жылдан кейін шамамен 18000 евроға немесе алғашқы бағасынан 12000 евроға арзан сатасыз. Көлігіңізбен жиырма мың шақырым жүрсеңіз, онда оның амортизациялық құны (көліктің құнының төмендеуі) - әр шақырым үшін 60 цент.
Бірақ жаңа көлікті сатып алудың орнына, бір жыл бұрынғы автокөлікті сатып алуға болады. Сонда шамамен 20000 евро немесе жаңа көліктің құнынан 10000 евроға аз төлейсіз. Мұның 18000 евросы бұрынғы иесіне таза түсіп, ал қалған 2000 евросы жарнама, сату, комиссия немесе басқа «мәміле шығынына» жұмсалуы мүмкін.
Көлікті күтіп айдасаңыз, пайдаланылған Toyota көлігіңіз сегіз жыл бойы мүлтіксіз қызмет көрсетуі мүмкін, кейін оны шамамен 10000 евроға қайта сата аласыз. Жылына 20000 шақырым жүрсеңіз, бір километрге шаққандағы тозу шығын 10000€/160000 шақырым немесе 6 центтен сәл көп болады. Бұл жаңа көліктің шығынынан 54 центке аз. Жылына 20000 шақырым жүрсеңіз, ескі көліктің амортизациялық құнынан жылына шамамен он бір мың евро үнемдейсіз. Әрине, көліктің жылы өскен сайын, жөндеуге кететін шығын да көбеюі мүмкін, бірақ жаңа көлікті алғаннан гөрі ескі көлікті алу ақшаңызды әлде қайда үнемдейді.
Қолданылған басқа да көп заттар жұмыс атқару жағынан жаңасынан кем түспейді және көбінесе әлдеқайда арзан. Ойымызға бірден киім, жиһаз, тұрмыстық техника, жаңартылған телефондар мен ойыншықтар келеді. Ашық базарлар мен қолданылған заттар сататын (секонд-хэнд) дүкендерге барып көріңіз. Базарға барып, ең жақсы ұсынысты іздеудің өзі - тегін демалыс түрі! Бұған уақытыңызды кетіргіңіз келмесе, пайдаланылған заттарды табудың басқа да жолдары бар. Онлайн қосымшалар уақытыңыз бен мәмілелік шығындарын азайтады. Бірнеше қарапайым қадам арқылы сапасы да, бағасы да жақсы заттарды таба аласыз. Әрине, жаңа затты сатып алған да кейде тиімді болуы мүмкін. Біз тек өзіңізге зиян келтірмей, қолданылған заттарды сатып алу арқылы үнемдеуге болатынын жеткізгіміз келеді. Ақшаңызды тиімді қолданудың жолдарын іздеңіз.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жастар "жасыл", минималист немесе қалдықсыз өмір сүретін пост-консюмеристік (пост-тұтынушылық) мәдениеттің мүмкіндіктерін зерттеп жатыр. IFixit, RREUSE.org, makeresourcescount.eu ресурс, және басқа да көптеген YouTube арналары пайдалы заттарды қоқысқа тастамай, жөндеуге және бар ресурсыңызбен көңілді, әрі бақытты өмір сүруге шақырады. Интернеттен «үнемді экологиялық таза өмір» деп іздесеңіз, көп практикалық ресурстар мен осы идеяны ұстанушы адамдарды таба аласыз. Әлемнің түрлі қалалары "ортақ тұтыну экономикасын" дамыта бастады.(104)
Өзіңіз қалаған заттарға көбірек ақша жұмсау үшін үнемді стратегиялардың бірін немесе бірнешеуін таңдап, қолдана аласыз. Ең бастысы, ойланбастан жаңа заттарды сатып алмай, әртүрлі басқа шешімдер бар екенін түсіну керек.
4.6-элемент: Күтпеген жағдайды жоспарлаңыз
Ай сайын төтенше жағдайлар (немесе «қара күндер») үшін жинақ есеп-шотына ақша салуды бастаңыз.
Біз өз болашағыңыз үшін ақша сақтау маңыздылығы туралы айтқан болатынбыз. Сізге тағы да төтенше жағдайлар үшін бөлек жинақ ақша қажет. Өмірде күтпеген оқиғалар көп болады: машина бұзылады, төбеден су ағады, құрғақшылық болады, балаңыз қолын сындырады және т. б.(105) Біз олардың қайсысы қашан болатынын болжай алмаймыз. Бірақ кез келген ұзақ мерзім ішінде әр үй шаруашылығы күтпеген жағдайға тап болатынын білеміз. Сондықтан мұндай сәттерді жоспарлау маңызды. Мұндай кезде төтенше жағдайға арналған жинақ есеп-шоты керек. Бұл сізді ауыр күйзеліс пен қаржылық қиындыққа жеткізбей, күтпеген шығындарды жабуға көмектеседі.
Мұндай жинақтардың баламасы: төтенше оқиғалар болғанша күту, содан кейін барып оны шешу үшін жоспар құру. Бұл көбінесе несие картасымен немесе өте қолайсыз шарты бар басқа әдістермен қарыз алуға мәжбүр қылады. Содан кейін пайыздық төлемдерді өтеп, ақыр соңында қаражатты қалай қайтаратыныңызды анықтауыңыз керек. Кей жағдайда төтенше жағдайларға қор жинаған отбасыңыз бен көршілеріңізге жүгінуіңіз мүмкін. Ақшаңызды жеткізе алмағандықтан, қисынсыз қаржылық шешімдер қабылдауыныз мүмкін.
Мұндай оқиғалар үшін қандай мөлшерде ақша бөлген жөн? Мұны анықтаудың бір жолы - өзіңіз, туыстарыңыз бен көршілеріңіз өткен жылы тап болған түрлі тосын жағдайлардың тізімін жасау және олардың шығынын бағалау. Көлік жөндеу, күтпеген сапар, дәрігерге бару, тұрмыстық техниканы ауыстыру сияқты өткен жылы болған күтпеген оқиғаларды еске түсіріңіз. Шығындарды қосыңыз да, бұл санды он екіге бөліңіз. Шыққан соманы төтенше күндердің жинақ есеп-шотына ай сайын аударуды бастаңыз.
Есеп-шотыңызға орташа сомадан көбірек салған дұрыс болар, болашақта ісіңіз кері кететін кездер болуы мүмкін. Қалай болғанда да, есеп-шотыңызға тым көп ақша салып жіберсеңіз, оны қосымша қаржылық қауіпсіздік жастығы ретінде қолдана аласыз. Шоттағы ақша көбейе берсе, соңында оның бір бөлігін басқа мақсаттарға пайдалана аласыз немесе зейнетақы жинақтау бағдарламасына аудара аласыз. Ең бастысы - жинақ есеп-шотына аударатын ай сайынғы ақшаны бюджеттің қосымша пункті емес, міндетті пункті ретінде қарастырыңыз. Осылайша, бұл төлемдерге ипотека, электр төлемі мен басқа да тұрақты шығындар сияқты қарауыңыз керек.
Төтенше жағдайларға арналған жинақ есеп-шоты қаржылық қиындықтарға алаңдамай, тыныш өмір сүруге мүмкіндік береді. Мұндай шоттың көмегімен шығындарды бірден өтей аласыз. Бұл шығындардың қашан орын алатынын болжау мүмкін емес, дегенмен оның мөлшерін шамалауға болады. Тосын шығындардың мөлшері орташадан төмен болған кезде есеп-шотыңыздағы ақша өседі. Ал кездейсоқ шығындар әдеттегіден көбірек болған кезде, шотыңыздағы ақша азаяды, бірақ сіз бұған дайын болғандықтан мазасызданбайтын боласыз. Осылай ақша жинау арқылы өз ақшаңызды басқара аласыз, әйтпесе ақша сізді билейтін болады.
4.7-элемент: Күрделі пайыздың күші
Күрделі пайызды (инвестициядан алынатын табысты) өзіңізге жұмыс істетіңіз.
Күрделі пайыз - әлемдегі ең қуатты күш.
4.3-элементте жүйелі түрде бюджет жасаудың, тұрақты ақша жинау мен оны тиімді жұмсаудың маңызын баса айттық. Мұны ертерек, тезірек бастаудың екі негізгі себебі бар. Біріншіден, алдында айтқанымыздай, қазір бірдеңені сылтауратып, бюджет жасау, қор жинау және ақшаны ақылмен жұмсауды кейінге қалдыратын адамдарға кейінірек ақшаны түйіндеу қиынырақ болады. Бірақ бұл элементте біз ақша жинаудың екінші себебі туралы көбірек айтқымыз келеді: неғұрлым ертерек бастасаңыз, соғұрлым жемісі көбірек болады.
Жинағыңызға салынған шағын сома болашақтағы табысыңызды айтарлықтай өсіреді. Жиырма екіден отыз жасқа дейін аз ғана соманы жинау арқылы қосымша зейнетақы қорын жинап үлгеретін жас адам туралы 4.3-элементтегі мысалды еске түсіріңіз. Осы тоғыз жыл ішінде аз-аздап, 9000 евродан сәл жоғары ақша үнемдеу арқылы алпыс жеті жасыңызға қарай байлығыңызды 150000 евроға көбейту аса қиын емес. Аз ғана ақшаны кейін үлкен сомаға түрлендірудің кілті - «күрделі пайыздың кереметін» қолдану, ақша жинауды бірден бастау.
Күрделі пайыз - шын мәнінде таң қаларлық ғажайып емес, бірақ кейде солай көрінеді. Бұл сондай-ақ міндетті түрде пайыз ғана емес - қор нарығына ақша салып, тапқан бар табысыңызды қайта инвестициялап отырсаңыз, бұл қайтарымды біз кейде жай ғана күрделі пайыз деп атаймыз.(106) Күрделі пайыздың қалай жұмыс істейтінін түсіндіру оңай болса да, оның нәтижесі шынымен таңғаларлық. Күрделі пайыз - бұл тек пайыздан пайыз табу деген сөз. Тапқан пайыздық төлемді жұмсамасаңыз, онда жинақтың үстіне де, келесі жылы алынатын пайыздың үстіне де пайыз қосылады. Жыл сайын осылай жасасаңыз, пайыздың үстінен пайыз, оның үстінен тағы пайыз жинайсыз. Бұл көп болып көрінбеуі мүмкін және алғашқы бірнеше жылда байи бастағаныңыз байқала қоймайды. Бірақ көп ұзамай қаражатыңыз айтарлықтай өсе бастайды және қаражатыңыз неғұрлым көп болса, ол соғұрлым тезірек өседі. Бұл қарлы таудан төмен қарай домалап келе жатқан кішкентай жентек қар тәрізді. Бастапқыда оның көлемі біртіндеп өседі. Бірақ бірте-бірте қар жиналып, үлкейе түседі және көп ұзамай ол алып қар шарына айналады және одан әрі өсе түседі. Нәтижесінде қолыңызда көп ақша болады.
Жинақ бағдарламасын ертерек бастаудың маңызы күрделі пайыздың жұмыс істеу қағидасымен байланысты, ол кейінірек өсімді жеделдетуге жағдай жасайды. Зейнетке шығар алдында жинай бастаған ақшаңыз соңында алатын қаражатыңызға көп қоспайды. Жентек қар тау етегінен алысқа домалай қоймайды, нәтижесінде көлемі де көп өспейді. Сондықтан ақша жинауды неғұрлым тезірек бастасаңыз, жинақтың өсуіне соғұрлым көп уақыт тиетіндіктен, өсім деңгейі де соған сәйкес жақсы болады.
Қарапайым мына мысалды қарастырайық. Он алты жастағы бала темекі шегу туралы шешім қабылдауда делік. Мұның маңызды таңдау екендігіне бірнеше себеп бар, ең бастысы - денсаулық мәселесі. Денсаулық факторынан бөлек, темекі шекпеу қаржы тұрғысынан да дұрыс шешім. 2017 жылы Еуропада бір қорап темекінің орташа бағасы шамамен 3 пен 13 доллар арасында өзгеріп тұрды(107), түсінікті болуы үшін бір қорап 8$ тұрды деп алайық. Біздің жасөспірім, оны Хонза деп атайық, темекі шегуден бас тартса, ол жылына 2920$ үнемдейді (күніне бір қорап темекі шегеді десек). Хонза бұл соманы басқа нәрсеге жұмсамай, оны жылына 7 пайыз табатын және табыс салығынан босатылған зейнетақы шотына не қорына салсын. 24-кескіннен көріп отырғанымыздай, Хонза он жыл бойы осылай ақшасын сақтаса, ол жиырма алты жасында жинаған 29200 долларынан 40344 долларға дейін ақша табады. Осындай кішкентай құрбандық үшін бұл нәтиже жаман емес, оның үстіне Хонзаның денсаулығына да пайдалы.
Бірақ бұл қайтарымның басы ғана, күрделі пайыз енді жұмысқа кіріседі. Хонза отыз алты жасына дейін ақшасын жинақ жоспарында ұстаса, онда өзінің үнемдеген 58400 долларын 119707 долларға дейін көбейтеді. Қырық алты жасына дейін жалғастырса, онда үнемдеген 87600 долларын 275825 долларға дейін жеткізеді. Хонза елу алтыға толғанда өзі жинаған 116800 долларын 582935 долларға айналдырады. 24-сызбадан көріп отырғанымыздай, ол алпыс бес жасында зейнетке шыққанда, оның өзі салған 143080 доллары 1106667 долларға дейін өседі. Осылайша, Хонза темекі шекпей, сол ақшаны инвестициялау арқылы 1,1 миллион долларға жуық қор жинайды - бұл сома ағымдағы сатып алу қабілетіне келтірілген.(108)
Ал енді Хонза он алтыдан жиырма алтыға дейін темекі шегіп, содан кейін темекіні тастап, күн сайын бір қорап темекінің құнын үнемдесе, не болатынын көрейік. Оның темекіні тастағаны жақсы, оның үстіне ол әлі де үнемдеген қаражатынан пайда көре алады. Жинақ бағдарламасын он жылға кейінге қалдыру арқылы Хонзаның қолында алпыс бес жасында 1106667 доллардың орнына 542070$ ғана болады. Хонза үшін он жылға кеш бастаудың құны - 564597$!
Елеулі қор жинау үшін көп нәрседен бас тартудың қажеті жоқ. Тұтынуда кішкене шектеулер жасау арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз. Күн сайын таңертең премиум кофенің орнына, қарапайым кофе сатып алыңыз немесе кофені үйде жасаңыз. Мейрамханада күн сайын түскі ас ішудің орнына, аптасына бір не екі рет түскі асты өзіңізбен әкеліңіз. Мейрамханада ұсынылатын қымбат минералды суды алмаңыз, оның орнына кранның тегін суын сұраңыз (әрине, суы таза елдерде солай істеңіз). Жұмысқа трамваймен емес, жаяу немесе велосипедпен барыңыз (бұл оның үстіне медициналық қызметтің ақысын төмендетеді). Демалатын саяжайыңыз болса, ол жерге автобуспен не пойызбен жетуге қалай қарайсыз? Хонза темекі шегуден бас тартып, аптасына 56 доллар үнемдеді; бұл ақшаны инвестициялады. Сіз де тұтыну әдеттеріңізге өзгеріс енгізіп, ақша үнемдей аласыз.
Тағы да қайталаймыз, зейнетке шыққан кезде бай болу үшін аса үнемшіл болудың не үлкен құрбандыққа барудың қажеті жоқ. Болашақта бай болу үшін өмір бойы кедейшілікте өмір сүруден не табасыз? Оның орнына, біз қарапайым адамдардың өмір сүрудің жоғары деңгейіне жете алатынын, көп байлық жинай алатынын баса айтамыз, себебі көп қайтарым алу үшін көп ақша үнемдеудің қажеті жоқ. Хонзаның темекі шекпеу арқылы жинаған 1 млн 106 мың 677 доллары оның өз тұтынуын 143 мың 80 долларға азайтуынан пайда болды. Шынында да, ақшасын үнемдеп, инвестициялайтын адамдар олай істемейтін адамдарға қарағанда әлдеқайда көп тұтынатын болады. Хонза зейнетке шыққан кезде (бәлкім одан да ертерек) өзінің байлығын жұмсай бастайды және ол өзі жинаған ақшасынан әлдеқайда көп ақшаға ие болады.
Бар болғаны салықтан босатылған зейнетақы шотына ертерек ақша салып, сәл шыдамды болу, жинақтан жақсы қайтарымды қалай табуға болатынын білу (келесі екі элементті қараңыз) және күрделі пайыздың күшін пайдалану қажет.
Ескерту: шариғат немесе ислам банкингі
Шариғат немесе ислам қарыз бойынша пайыз төлеуге тыйым салады. Шариғатқа сәйкес пайданы бөлісу сияқты түрлі қаржылық келісімдер арқылы несие берушілерге олардың ақшасын пайдаланғаны үшін өтемақы беріледі. Мұсылмандарға тұтынуға тыйым салынған алкоголь мен шошқа еті сияқты өнімдерге салым салуға да тыйым салынған. Сонымен қатар, әділеттілік тұжырымдамасының негізінде іскерлік мәмілеге қатысатын барлық тарап пайда мен шығынды бөлуі тиіс, бұл инвестициялық табыс алу үшін кәсіпкерлік тәуекелді де көтеруіңіз керектігін білдіреді. Мәселен, көлік алғыңыз келсе, ислам банкі көлікті өзі сатып алып, оны белгіленген төлемдер бойынша сәл жоғары сомаға қайта сатуға келіседі. Сіз көлікке төлем жасайсыз, банк те мәміле бойынша ақша табады, және мәміле ислам банкингінің заңдарына сәйкес. Шариғат банкіне депозит салғанда пайыздың орнына, ақша шотта тұрған кезде банктің тапқан пайдасының белгілі бір бөлігін аласыз.
Исламдық банкингпен айналысатын банктер бөлек заңды тұлға болуы керек, бірақ кейбір ірі халықаралық банктердің ислам бөлімшелері бар.
4.8-элемент: Активтеріңізді әртараптандырыңыз
Барлық жұмыртқаны бір себетке салмаңыз.
Банктегі жинақ шотынан кейін ең көп тараған екі қаржылық актив - акциялар мен облигациялар. Енді осы екі құралдың қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп көрелік. Акциялар корпоративтік кәсіпорындағы меншіктің үлесін білдіреді. Акция иелері өздерінің меншік үлесіне сәйкес, фирманың болашақтағы табысынан үлес алуға құқылы. Бизнес болашақта жақсы табыс әкелсе, акционерлер ұтады. Акционерлер әдетте дивиденд түрінде (акция иелеріне тұрақты төлем) немесе акциялардың құны жоғарылағанда табыс табады. Бірақ бұл бизнестің табысты болатынына және болашақта табыс табатынына кепілдік жоқ. Компания сәтсіздікке ұшыраса, онда оның акцияларының құны төмендейді. Акционерлер корпорацияның қарызына жауапты болмаса да, олар акция сатып алуға жұмсаған қаражатынан айырылуы мүмкін. (Ескерту: «Капиталдағы үлес» - акцияның тағы бір атауы.)
Облигациялар - кәсіпорындар, үкімет пен басқа ұйымдар үшін қарыз алудың ыңғайлы жолы. Бұл ұйымдар облигацияны сатып алушыларға болашақта белгіленген уақытта үстінен пайыз төлеуге және негізгі борыштың барлығын (қарыздың сомасын) өтеуге уәде (және заңды міндеттеме) беріп, олардан қарызға ақша алады. Облигация шығарушы ұйым төлем жасауға қабілетті болса, облигация алушылар өз қаражатын үстіндегі пайызбен бірге қайтаратынын біледі.
Барлық инвестициялар тәуекелмен байланысты. Корпоративті акциялардың нарықтық құны салыстырмалы түрде қысқа мерзімде күрт өзгеруі мүмкін. Жоғары сапалы облигациялардай, номиналды қайтарымға кепілдік берілсе де, пайыздық және/немесе инфляция деңгейінің өзгеруінен активтің құны айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Қаражатыңыздың көп бөлігі бірнеше корпоративті акцияға (немесе одан да жаманы, бір акцияға) салынса, өте осал боласыз.
Тәуекелді әртараптандыру - өзара байланысы жоқ активтердің көп мөлшерін ұстау - арқылы төмендете аласыз. Әртараптандыру арқылы үлкен сандар заңы сізге жұмыс істейтін болады. Әртараптандырылған портфельдегі инвестициялардың кейбірі нашар, ал басқалары өте жақсы нәтиже көрсетуі мүмкін. Жақсыларының көрсеткіші нашарының орнын толтырады, ал қайтарым мөлшері орташа деңгейге жақындайды.
Шешім қабылдауға күнделікті қатыспай-ақ, байлыққа қол жеткізгісі келетіндер үшін қор нарығы тартымды табыс мүмкіндігін ұсынады. Бұл тәжірибе жүзінде талай рет дәлелденген. Соңғы екі ғасырда корпоративті акциялардың нақты қайтарым мөлшері (нақты деген инфляцияға түзетілген деген сөз) шамамен жылына 7%, ал облигациялардың нақты қайтарым мөлшері 2-3 пайызға дейін болды.(109)
Акциялармен байланысты тәуекел мынандай: болашақта олардың құны қандай болатынын ешкім нақты білмейді; сөзсіз инвестицияңыздың нарықтық құны төмендеп, айлар немесе жылдар өткен соң ғана өсетін кезі болады. Бұл тәуекел құбылмалылық деп аталады; бұл - акциялардың болашақта белгілі бір сомаға кепілдік беретін жинақ шоты, ақша нарығының сертификаты, мен қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға қарағанда көбірек табыс әкелуінің де себебі осы. Көп адамдар акциялардан гөрі, табысқа кепілдік беретін облигация мен жинақ шотын көбірек бағалайды; инвесторлар тәуекелі аз, табысын болжауға болатын опцияларды таңдамау үшін акциялардың қайтарымы орташадан жоғары болуы керек.
Пай қорлары мен биржалық сауда қорлары (ETF) инвесторларға тәуекелді әртараптандырып, төмендетуге көмектеседі. Бұл қорлар инвесторлардың қаражатын біріктіріп, оны акция (капиталдағы үлес), облигация, жылжымайтын мүлік немесе қазынашылық вексель сияқты түрлі инвестиция санаттарына бағыттайды. Осылайша, пай қорларының түр-түрі бар.
Инвестициялық пай қорлары инвесторлардың қаржысын әртүрлі фирмалардың акциясына салады. Бұл қорлар ұсақ салымшылардың өзіне салымын әртараптандырып, тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді. Ұзақ уақыт бойы, мысалы, отыз немесе отыз бес жыл бойы әртүрлі компаниялардың акциясынан құралған портфельді ұстап немесе үнемі көбейтіп отырсаңыз, қор нарығындағы тәуекеліңіз айтарлықтай төмендейді. Тарихқа көз жүгіртсек, әр түрлі акциялардың жиынтығын ұзақ уақыт бойы ұстасаңыз, қайтарым мөлшері жоғары болады және бұл қайтарым мөлшері салыстырмалы түрде аз өзгереді. Әр түрлі акциялардың жиынтығын ұстайтын инвестициялық пай қорына тұрақты төлем жасау - қор нарығына салым салудың арзан жолы.
Әртараптандыру қор нарығындағы инвестициялардың құбылмалылығын екі жолмен төмендетеді. Біріншіден, кейбір фирмалар нашар жұмыс істейді, басқалары жақсы нәтиже көрсетеді. Мұнайдың бағасы төмендегенде мұнай өнеркәсібінің пайдасы азаяды, алайда әуе отынының бағасы төмендегендіктен, әуе компанияларының табысы жоғарылайды. Болаттың бағасы төмендегенде болат өнеркәсібінің пайдасы азаяды ал бұл өз кезегінде көлік өнеркәсібінің пайдасын арттырады.
Екіншіден, әртараптандыру сізді жалпы экономикалық жағдайлардың өзгеруінен қорғайды. Рецессия немесе өркендеу болған кезде барлық фирмалардың акциясының бағасы өзгереді. Ал әртараптандыру инвестицияңыздың құбылмалылығын төмендетеді, себебі рецессия басқаларына қарағанда кейбір фирмалар мен салаларға көбірек зиян әкеледі. Дәл солай эконмикалық өсім де компанияларға әртүрлі әсер етеді. Мысалы, рецессия кезінде Max Mara-ға (жоғары санатты сән бренді) көбірек зиян келсе, керісінше Zara-ның (бағасы төмендеу бәсекелес) сатылымы мен пайда көлемі жоғарылауы мүмкін. Сол сияқты, салыстырмалы түрде рецессия кезінде BMW-ға қарағанда Skoda-ның жағдайы жақсаруы мүмкін.
Кейбір жұмыс берушілер компанияның акциясын сатып алуға мүмкіндік беретін зейнетақы бағдарламасын ұсынады (бірақ басқа фирмаларға инвестиция салу ұсынылмайды) немесе компанияның акциясын айтарлықтай жеңілдікпен сатып алуға болады. Мұндай бағдарламалар компанияның акциясын тартымды етеді. Өз компанияңызға сенсеңіз, бұл ұсынысты қабылдауыңыз мүмкін. Бұл бағдарламалар әдетте сатып алынған акцияны үш жылдан кейін қайта сатуға және содан түскен ақшаны басқа мақсаттарға инвестициялауға рұқсат береді. Рұқсат етілген сәттен бастап, осы опцияны таңдағаныңыз жөн. Әйтпесе барлық жұмыртқа бір себетте - өзіңіз жұмыс істейтін компанияның қоржынында сақталмақ. Бұл сізге екі түрлі қауіп әкеледі: жұмысыңыз бен инвестицияңыз жұмыс берушіңіздің табысына өте тәуелді болмақ. Бұлай істемеңіз.
Жұмыс орныңыз үкімет міндеттейтін жалпы зейнетақы жоспарын ұсына алады. Бұл қорлар қайда жұмыс істейтіндігіңізге байланысты әр түрлі жолмен ақшаны инвестициялауы мүмкін. Зейнетақы қорындағы ақшаңыздың қайда салынғандығын білу және жеке салымыңызды әртараптандыру мақсатында басқа инвестиция түрлеріне салу маңызды.(110)
Акцияларға инвестиция салу мен диверсификация маңыздылығын былай қортындылай аламыз: жеке тұлғалар қаржылық табысқа жету үшін тартымды қайтарым ұсынатын әртүрлі инвестиция түрлеріне ақшаларын салу керек. Қор нарығындағы ұзақ мерзімді инвестициялар дәстүрлі түрде жоғары табыс әкеледі. Инвестициялық пай қорлары ұсақ инвесторларға да әр түрлі акциялардан тұратын портфель ұстап, ай сайын қосымша инвестиция жасауға және мәмілелік шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді. Ұзақ уақыт бойы әр түрлі құралдардан тұратын портфельге инвестиция салу арқылы акциялардың иелену тәуекелін төмендетуге болады. Инвестициялардың барлығына белгісіздік тән. Бірақ өткен бір жарым ғасырды ескерсек, ұзақ мерзімді кезеңде әртүрлі корпоративті акциялардан тұратын портфельдердің табыстылығы жинақ шотына, облигацияға, депозиттік сертификатқа, ақша нарығындағы қорларға және т.с.с. қаржы құралдарына қарағанда жоғары. Пай қорлары арқылы акцияға инвестиция салу зейнетақы қорларына ақша жинайтын жастарға ерекше тартымды.
Акция немесе облигацияға қарағанда тәуекелі әлдеқайда төмен банк депозитінің өзіндік қаупі бар: банктің банкротқа ұшырау қаупін ескеруіңіз керек. Егер банк дәрменсіз болып, ақшаңызды сізге қайтара алмаса, көптеген елдер сізге өздері жариялаған шектеуге дейін ақша төлейтін ұлттық депозиттерді сақтандыруды ұсынады. Ақшаңыз қайтарылатын кепілді сомадан көп болса, әр банктегі ақшаңызды сақтандыру шектеуден төмен болатындай, қаржыңызды екі немесе одан да көп банкке бөліп салғаныңыз дұрыс. Егер банк немесе басқа кез келген инвестициялық институт орташадан жоғары табыс ұсынса, әрқашан «неге?» деген сұрақ қойыңыз. Ақылды инвесторлар бұл банктен ат-тонын алып қашуы мүмкін, себебі олар мұның қиындыққа апаратынын біледі. Банкротқа ұшырайын деп тұрған банк амалын тауып, ақша тартқысы келуі мүмкін. Сәл жоғары пайыздық мөлшерлеме үшін арандап қалмаңыз! Біз «ең жоғары депозит пайызын ұсынған» үш банктегі ақшасынан айырылған посткоммунистік елдегі бір жақсы экономисті білеміз. Бақытымызға орай, ол - теоретик, қаржы профессоры емес.
Алаяқтарды да ұмытпаңыз, әсіресе нарықтағы орташа деңгейден жоғары қайтарым мөлшерін ұсынатын («шындыққа жанаспайтындай, өте тартымды») инвестициялардан сақ болу керек.
Бұған бір мысал: 1996 жылғы Албания Понзи схемасы (немесе пирамидасы): Албания әміршіл экономикадан нарықтық экономикаға көшкен кезде, жеке тұлғалар инвестиция туралы аз білетін. Кейбір қылмыскерлер айына 5% немесе одан да көп, яғни жылына 60% қайтарамыз деп ақшалай инвестиция жинады; бастапқы инвесторларға бұл 60%-ды бизнестен түсетін пайдадан емес, көбірек ақша жинау арқылы төледі. Осылайша, қылмыстық операторлар «пирамиданың» беделін түсірмей, схема бойынша ақша төлеу үшін ай сайын көбірек ақша жинауға тырысты. Ақырында мұның алаяқтық схема екендігі анықталды, ал адамдар схеманың күйреуінен ақшасын жоғалтты.(111)
Мұндай схемалар көп елдерде болды. Мысал ретінде 1990 жылдары Ресейде болған МММ-ды айтуға болады. Сондай-ақ «Нигерия ханзадасы» деп аталып жүрген алаяқтық схема көп елдерде кең тараған, мұны өзін баймын немесе байлыққа жетуді білемін деп басқаларды алдайтын кез келген адам іске асыра алады. 1980 жылдары хат, одан кейін факс, қазір әлеуметтік желі немесе электрондық пошта арқылы хабарлама жіберіледі; хатты соғыс немесе ауыспалы режим әсерінен қаржылық операциялар жасай алмай отырған адам жазады. Бұл адам сізге ақшаны өз елінен қауіпсіз шығаруға көмектессеңіз, үлкен соманы төлеуге дайын екендігін айтып, ақшаны жіберу үшін банктегі есеп-шотыңыздың нөмірін сұрайды. Оған есеп-шотыңыздың нөмірін берсеңіз, не болатынын білесіз бе? Ол бар ақшаңызды өз атына аударып алады, сосын бұл ақшаны қайтару өте қиын! Бұл схеманың түр-түрі бар; кейде алаяқ төлем жасау үшін ақша сұрайды, ал бұл төлемдер ешқашан бітпейді және уәделі сома ешқашан берілмейді.
4.9-элемент: Ешкім үнемі «нарықты жеңе алмайтынын» түсініңіз
Индекстелген инвестициялық пай қорлары арқылы көп тәуекелге бармай, мамандардан асып түсе аласыз.
Жоғарыда талқыланған акциялардың артықшылығына қарамастан, көп адамдар акцияларға салым салудан тартынады, себебі олар болашақта табысты болуы мүмкін кәсіпорынды анықтауға уақыт пен тәжірибем жоқ деп ойлайды. Бұл әсіресе капитал нарығы енді ғана дамып келе жатқан, инвесторлар мен реттеушілердің де тәжірибесі аз елдерге тән. Тіпті бұрыннан қалыптасқан нарықтың өзінде жеке акциялардың болашақтағы бағытын немесе олардың орташа бағасын шамалау қиын. Белгілі бір акциялардың болашақтағы бағасы немесе акциялардың жалпы деңгейімен не болатынын ешкім нақты айта алмайды.
Көп экономистер кездейсоқ жүріс теориясымен келіседі. Бұл теорияға сәйкес, акцияның ағымдағы бағасы компанияның болашақтағы табысы, экономикалық жағдай мен акцияның бағасына әсер ететін басқа да факторлар туралы ең нақты ақпаратты көрсетеді. Демек, болашақта акцияның бағасы күтпеген оқиғаларға байланысты өзгереді. Бұл факторларды болжау мүмкін емес. Оларды болжай алатын болсақ, олар қазірдің өзінде акцияның ағымдағы бағасында көрініс табар еді.
Apple, Google және Microsoft сияқты табысты акцияларды таңдап, басқаларынан аулақ болсақ болмай ма? Бұл - тамаша идея, бірақ бір гәп бар: кездейсоқ жүріс теориясы нақты акциялардың бағасына да қатысты. Болашақтағы тартымды табыс ағымдағы акцияның бағасында көрініс тапқан. Белгілі бір акцияның болашақ бағасы күтпеген өзгерістер мен фирманың болашағы туралы қосымша ақпаратқа байланысты өзгереді, бұл тек уақыт өте белгілі болады. Белгілі бір акцияның болашақ бағасына сансыз факторлар әсер етеді және олар үнемі күтпеген жолмен өзгеріп отырады. Мысалы, ешкім танымайтын жоғары сынып оқушысы дәл қазір өзінің жертөлесінде жұмыс істеп жатқан ойының әсерінен Apple-дің акциясының бағасы төмендеуі мүмкін. Осылайша, қай акцияның қаржылық стратосфераға жететінін, қайсысы ұшу алаңында жарылып кететінін немесе ұшып шыққаннан кейін апатқа ұшырайтынын алдын ала біле алмаймыз.
Қор нарығы, белгілі бір компаниялар туралы мәліметтер, экономикалық тенденциялар мен болжамдармен танысу арқылы өз мүмкіндігіңізді аздап жақсарта аласыз. Алайда көпшілігіміз үшін ең дұрысы - ұзақ мерзімді (яғни, зейнеткерлік) жинақтарымызды үлестік пай қорларына аудару.
Үлестік пай қорларының екі үлкен категориясы бар: басқарылатын қорлар және индекстелген қорлар. Басқарылатын үлестік пай қорының портфельдің менеджері, яғни «сарапшысы» қай акцияларды ұстап, оларды қашан сатып алып, сату керектігін шешеді. Болашақта қай акциялардың табысты болатынын анықтау үшін қор менеджері жеке компаниялар мен нарықтық тенденцияларды талдайтын зерттеушілер тобымен жұмыс істейді. Менеджердің міндеті – қор үшін ең жоғарғы пайда мөлшерін беретін инвестициялық құрылымды таңдау.
Қордың екінші түрі - индекстелген инвестициялық пай қоры; акция мөлшері S&P 500 (Standard & Poor's 500 индексіне АҚШ-тың 500 ірі компаниясының акциясы кіреді), STOXX Europe 600 немесе FTSEurofirst 300 сияқты қор нарығының көрсеткіштерімен анықталады. Мұндай индекстелген портфельді жинау көп еңбекті талап етпейді. Индекстелген қорларға компаниялардың болашағын бағалайтын зерттеу жүргізу де керек емес. Осы екі фактордың арқасында индекстелген қорлардың операциялық шығыны басқарылатын қорларға қарағанда әдетте 1 немесе 2 пайыздық пунктке төмен. Нәтижесінде индекстелген қорлардың қызмет ақысы төмен болады, сондықтан салымыңыздың үлкен бөлігін тікелей акция сатып алуға жұмсай аласыз.
Америка Құрама Штатының S&P 500 сияқты қор нарығының жалпы көрсеткішімен индекстелетін үлестік пай қорлары өз акционерлеріне шамамен қор нарығының орташа табыс мөлшерін ұсынады. Тек қана АҚШ-та емес, ірі экономикалардың көпшілігінде бір немесе бірнеше осындай индекс қорлар бар және жаңалары үнемі ашылып отырады. Жеке дамушы елдердің, соның ішінде Шығыс Еуропа компаниялары енгізілген индекс қорлары (iShares MSCI China ETF, Franklin India Index Fund, Expat Czech PX UCITS ETF немесе VanEck Vectors Russia ETF) да бар. Сондай-ақ белгілі бір елдердегі акцияларды бақылайтын аймақтық қорларды сатып ала аласыз.(112) Орташа қайтарым несімен тартымды? Бұрынырақ айтқанымыздай, ұзақ мерзімді инвестициялау кезінде қор нарығының нақты орташа қайтарым мөлшері шамамен 7 пайыз. Бұл - акцияңыздың нақты құны инфляцияны ескере отырып, шамамен әр он жыл сайын екі есе өседі деген сөз. Бұл жаман емес. Ең маңыздысы, он жылдық уақыт кезеңінде орташа қайтарым мөлшері бойынша индекстелген қорлар басқарылатын пай қорларының барлығынан дерлік асып түседі. Бұған таң қалмаңыз, өйткені кездейсоқ бағытта жүру теориясы бойынша, тіпті сарапшылардың өзі акцияның бағаларын аса дәлдікпен нақты түрде болжай алмайды.
Он жыл ішінде S&P 500-дің табысы белсенді түрде басқарылатын қорлардың 85 пайызының табысынан жоғары болды. Еуропалық белсенді және пассивті жүргізілетін қорлардың көрсеткіштері де бұл нәтижені растайды.(113) Жиырма жыл ішінде S&P 500-мен индекстелген пай қорлар белсенді басқарылатын қорлардың шамамен 98 пайызынан жақсы нәтиже көрсетті.(114) Осылайша ұзақ мерзімді кезеңде нарықтағы орташа көрсеткіштен асып түсетін белсенді түрде басқарылатын қорды табу ықтималдығыңыз шамамен елуден бір ғана.
Басқарылатын пай қорының бірнеше жыл немесе тіпті ондаған жыл бойы жақсы нәтиже көрсетуі болашақта да бәрі жақсы болады дегенді білдірмейді. Мысалы, 1980 жылдары Америка Құрама Штаттарының басқарылатын ең жақсы жиырма қорының табыстылығы S&P 500 индексінен он жыл бойы жылына 3,9 пайыздық ұпайларға артық болды. Бірақ 1990 жылы нарыққа келген инвесторлар 1980-ші жылдардағы «табысты» қорларды таңдап, пайдаға батамыз деп ойласа, олардың қуанышы су сепкендей басылатын еді. 80-ші жылдары ең жақсы нәтиже көрсеткен жиырма қор 1990 жылдары S&P 500 индексінен жылына 1,2 пайыздық пунктке төмен табыс мөлшерін көрсетті. Сол сияқты 1990-1999 жылдары ең ірі жиырма басқарылатын пай қорының орташа табыстылығы S&P 500 индексінен жылына 3,1 пайыздық мөлшерге жоғары болды, бірақ дәл осы қорлар 2000-2009 жылдары S&P 500 индексінен жылына 1,3 пайыздық мөлшерге төмен нәтиже көрсетті.(115)
1990 жылдардың аяғындағы қор нарығының көпіршігі кезінде «табысты» болған қорлардың инвестиция көрсеткіші өте алдамшы еді. 1998-1999 жылдары екі жылдың қортындысы бойынша ең тиімді басқарылатын қор Van Wagoner Emerging Growth болды, оның орташа жылдық қайтарымы - 105,52 пайыз. Бірақ келесі екі жыл ішінде, 2000–2001 жылдары бұл қордың орташа жылдық табысы минус 43,54 пайыз болды, бұл - осы кезеңдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі.(116)
Бұл мысалдарда басқарылатын инвестициялық қорға қарағанда S&P 500-мен индекстелген пай қорларының өміршеңдік жағынан артықшылығын төмендетеді. S&P 500 индексінің тоқтап қалуы екіталай, ал басқарылатын қор зейнетке шыққаныңызға дейін жабылып қалуы әбден мүмкін. Пай қоры екі себеппен жабылуы мүмкін, олардың екеуі де нашар көрсеткішке байланысты. Қор жабылып, қалған ақша пай иелеріне үлестіріледі немесе табысы жақсы басқа басқарылатын қормен біріктіріледі. Бүгінде мыңдаған басқарылатын пай қорлары болса да, алайда 1970 жылы АҚШ-та тек 358 болды. Бертон Малкиэл осы қорлардың 2013 жылға дейінгі жұмысын бақылап отырды. Осы 43 жыл ішінде 274 қор - барлық қордың 75%-дан астамы өз қызметін тоқтатты. Қалған 84-тің 4-еуі ғана S&P 500 индексінің жылдық көрсеткішінен 2 пайыздық мөлшерге немесе одан жоғары нәтиже көрсетті.(117)
Тарихқа үңілсек, қор нарығы басқа негізгі инвестиция түрлеріне қарағанда көбірек табыс әкелген. Және индекс қорлары қарапайым инвесторларға жекелеген акцияны немесе нақты пай қорды таңдамай-ақ, пайда табуға мүмкіндік береді. 21 елдің акциясы мен облигациясының 118 жылдағы табыстылығын салыстырған зерттеуден барлық ел бойынша қор нарығының табысы облигацияның қайтарымынан жоғары болғанын көрсетті.(118) Екі дүниежүзілік соғысты ескергеннің өзінде, қор нарығының орташа жылдық қайтарымы 3-6% болған.
Әрине, көтерілу мен құлдыраудан ешкім сақтанбаған, тіпті акция бағасы ұзақ уақыт төмендейтін де кезеңдер болады. Сондықтан көп инвесторлар зейнетке шығатын уақыт жақындағанда портфеліндегі акция мөлшерін азайтуға тырысады (келесі элементті қараңыз). Алайда акция нарығының ұзақ тарихына сүйене отырып, ұзақ мерзімді кезеңде акция нарығының жалпы индексінен алынатын табыс басқа кез келген инвестиция түрінен, соның ішінде басқарылатын үлестік қордың табысынан жоғары болады деп болжай аламыз.(119)
25-кескінде көрсетілгендей, ұзақ мерзімді кезеңде акциялар тарихи түрде жоғары және салыстырмалы түрде тұрақты қайтарым мөлшерлемесін ұсынады. Бұл жерде әртүрлі мерзімдегі қор нарығының жалпы индексінің 1871 мен 2014 жылдар аралығындағы ең жоғары және ең төмен орташа жылдық нақты қайтарым мөлшері (инфляцияға түзетілген) туралы мәлімет көрсетілген. Кескін инвестор S&P 500 индексіне негізделген пай қорына жыл сайын белгіленген соманы салды деп көрсетеді.(120) Әрине, акциялар қысқа мерзімге ғана ұсталғанда, үлкен ауытқулар болуы мүмкін. 1871–2014 жылдар аралығында S&P 500-дің жылдық қайтарымы 47,2 пайыздан минус 40,8 пайызға дейін өзгерген. Тіпті бес жылдық кезеңнің өзінде жылдық жиынтық қайтарым 29,8 пайыздан минус 16,7 пайызға дейін ауытқыған.
Алайда, инвестициялық кезең ұзарған сайын ауытқулардың азайғанына назар аударыңыз. Отыз бес жылды қарастырсақ, 1871 мен 2014 жылдар аралығындағы ең табысты отыз бес жылдың жиынтық жылдық табысы 9,5 пайыз, ал ең нашар отыз бес жылдағы жиынтық табыс 2,7 пайыз. Осылайша, ең нашар кездің өзінде акциялардың нақты жылдық қайтарымы облигациялардың нақты қайтарымымен бірдей болды. Осындай жоғары және ұзақ мерзімде салыстырмалы тұрақты қайтарым мөлшерін беретін акциялар - зейнетке шығу үшін қаржы жинаудың ерекше тартымды әдісі.
Уақыт өте табыстың ауытқуы азаятынын барлық еркін елдер нарығынынан көре аламыз. (Бұл елдің экономикалық саясатын демократиялық емес үкімет жүргізген кезде орын алмауы мүмкін, себебі олар азаматтардың әл-ауқатына көп мән бермейді).
Осы элементтің ең маңызды қортындысы мынандай: уақытыңыз бен тәжірибеңіз болмағандықтан, акциялар инвестициясынан қорқудың қажеті жоқ. Табысты инвестор болу үшін сізге көп зерттеу жүргізудің, немесе «супер акция таңдаушысы» болудың қажеті жоқ. Индекске байланған үлестік пай қорына ұзақ мерзімде тұрақты салым салу арқылы тәуекелі аз, тартымды инвестициялық табыс таба аласыз. Көпшілігіміз үшін бұл салым зейнетақы жоспарының маңызды элементі болуы мүмкін. Әрбір ірі беделді инвестициялық фирманың бірнеше индекстелген үлестік пай қорлары бар. Әр фирма өз қорларын әртүрлі атауы мүмкін, сондықтан қажеттілігіңізге байланысты өзіңізге сәйкес қорды табу үшін олардың сипаттамасымен танысыңыз.
4.10-элемент: Инвестицияларыңыздың ұзақтығын қажеттіліктеріңіздің уақытымен сәйкестендіріңіз
Ұзақмерзімді мақсаттар үшін ақшаңызды акцияға салыңыз, ал қысқа мерзімде ақша керек болғанда, облигация алыңыз немесе қолма-қол ақшаның үлесін көбейтіңіз.
Жалпы зейнетақы жоспарына салатын қаражат тәрізді ұзақ мерзімді инвестиция үшін индекс қоры - ең жақсы шешім. Акциялардың ұзақ мерзімдегі қайтарымы облигацияға қарағанда едәуір жоғары, алайда қысқа мерзімде облигацияның бағамы тұрақтырақ. Инвестициялық жоспардағы қаражат қажет болуы мүмкін уақыт жақындаған сайын, қаржыны неғұрлым тұрақты инвестиция түрлеріне аудару қажет. Бес жылдық кезең үшін бес жыл ішінде өтелетін облигацияны сатып алған әлдеқайда қауіпсіз, бұл уақытта бастапқы инвестицияңызды үстінен пайыздық төлеммен қоса қайтарып аласыз. Жалпылай айтсақ, сізге ақша керек болатын уақытқа қарай, мысалы баспана алу үшін бастапқы жарна керек болатын немесе зейнетке шығатын кезге қарай өтелетін облигацияларды сатып алыңыз. Нақты қашан керек болатынын білмесеңіз, ақшаңызды өтем мерзімі әр түрлі облигацияларға бөліп салыңыз.
Облигацияға несиелік тәуекел (яғни негізгі қарыз сомасын қайтара алмау тәуекелі), күтілмеген инфляция және үкіметтің фискалдық саясатынан пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі сияқты тәуекелдер тән. Мемлекеттік облигация мен жоғары сапалы корпоративтік облигацияға инвестиция салғандағы үлкен тәуекел - инфляция, бұл негізгі қарыздың да, белгіленген пайыздық төлемнің де құнын төмендетеді. Алайда бұл тәуекелді АҚШ-тағы инфляциядан қорғалған қазынашылық бағалы қағаздар (TIPS) немесе Франциядағы ұзақ мерзімді қазынашылық облигациялар (OAT) сияқты инфляциядан қорғалатын облигацияларға ақша салу арқылы азайтуға немесе жоюға болады. Бұл облигациялар инфляциямен индекстеледі, яғни белгіленген пайыздық мөлшерлеме мен инфляцияның әсерінен сатып алу қабілетінің әлсіреуіне байланысты өтемақы төленеді. Күтпеген инфляция облигациядан күтілетін пайданы төмендететін факторлардың бірі болғандықтан, инфляциядан қорғалатын облигацияны сатып алу және ұстау арқылы тәуекелден қорғануға болады. Облигацияның бұл түрі, әсіресе, өз активтерінің нақты сатып алу қабілетін арттырғысы келетін зейнеткерлерге тартымды.(121)
Облигацияға тән тағы бір тәуекелділік - пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі. Бес пайыздық сыйақы төлейтін 1000 евроға тең отыз жылдық облигация сатып алдыңыз делік. Облигация шығарушы сізге отыз жыл бойы жыл сайын 50 евроға тең пайыздық төлем жасамақшы, облигацияның уақыты жетілгенде 1000 евроңызды да қайтарып береді. Алайда облигацияны сатып алғаннан кейін көп ұзамай жалпы пайыздық мөлшерлеме 10 пайызға дейін көтерілсе, онда облигацияңыз бірден жарты құнын жоғалтады. Қалайша? 10 пайыздық мөлшерлемемен инвестор 500 евроға облигация сатып алу арқылы жыл сайын 50 евро мөлшерінде пайыздық төлем алады. Демек, енді сіздің 1000 евроға алған облигацияңыз 500 евроға пара-пар. Әрине, пайыздық мөлшерлемесі 5%-ға тең отыз жылдық облигацияны сатып алғаннан кейін көп ұзамай пайыздық мөлшерлеме 2,5 пайызға дейін төмендесе, онда сіздің облигацияңыз шамамен екі есе қымбаттайды. Бірақ бес жылдық мақсат үшін ақша жинап жүрген болсаңыз, мұндай тұрақсыздық (немесе тәуекел) сіз үшін қауіпті. Облигацияны отыз жыл ұстасаңыз, онда алғашқы 1000 евроңызды қайтарасыз және облигацияны ұстаған кезде орын алған баға өзгерісі сізге әсер ете қоймайды. Осылайша, облигацияның өтелу мерзімін ақша қажет болатын кезбен сәйкестендіруіңіз дұрыс қадам болмақ.
Акциялардан тұратын портфельді қанша уақыт ұстау керек және акцияларды облигацияға қашан ауыстыру керек? Бұл инвестициялық қорды қашан қолданғыңыз келетініне байланысты. Жоғарыда айтқанымыздай, салыстырмалы түрде қысқа мерзімді инвестиция үшін облигация дұрысырақ болуы мүмкін. Мысалы, жас жұп үй немесе пәтер сатып алу үшін 20 пайыз бастапқы жарна жинағысы келсе, акциядан мүлде аулақ болғаны жөн, оның орнына жиналған қаржысын облигацияға салғаны дұрысырақ. Себебі баспана сатып алу үшін алғашқы жарна жинауға көбінесе бірнеше жыл ғана кетеді. Керісінше, ерлі-зайыптылар жаңа туған нәрестесіне жоғары білім беру үшін он сегіз жыл немесе зейнетке шығуға отыз бес - қырық бес жыл бойы ақша жинауы мүмкін. Бұл екі жағдайда да инвестициялық қорының көп бөлігі немесе тіпті толықтай акциядан тұрғаны жөн.
Баласының жоғары білім алуына нәресте туа сала бірден ақша жинай бастаған ата-ананың байлық жинауға және акциядан табыс табуға байланысты тәуекелді әртараптандыруға көп уақыты бар. Бұл жағдайда университет инвестициялық портфельдің бір бөлігін акцияда ұстаудың жөні бар. Алайда, он сегіз жылдық мерзімде де акциялардың өз тәуекелі бар, мұны 2008–2009 жылдардағы Ұлы рецессия кезінде акциялардың бағасының құлдырағанынан көре аламыз. Тағы да, инвесторлар университетке арналған қордың тәуекелін төмендету үшін акцияларды азайтып, облигацияларды көбейте алады, әсіресе ақша қажет болатын уақыт жақындаған сайын мұны ескерген жөн. Ай сайын нақты ақша мөлшерін инвестициялау арқылы табысты жақсартуға болады: нарық құлдыраса, жаңа акцияларды арзанырақ сатып аласыз, бұл құлдыраудың әсерін жеңілдетеді.
Адамдар көбірек табыс тауып, ұзағырақ өмір сүрген сайын зейнетақы жинақтарының маңыздылығы арта түседі. Зейнетке шыққаннан кейін өмір салтымызды түбегейлі өзгерткіміз келмейді, демек зейнетке шыққанда жеткілікті ақшамыз болуы керек. Зейнетке шығуға он жылдан көп уақыт қалса, әртараптандырылған акция портфолиосы ең дұрыс инвестициялық шешім болмақ. Неғұрлым консервативті портфолио жасап, оның 10, 20 немесе тіпті 40 пайызы облигациядан немесе ақшадан тұруы әдетте жиынтық табысты төмендетсе де, зейнетақы активтерінің құны тұрақты болады.
Арамыздағы ең ауқатты адамдарды есепке алмағанда, зейнетке шығатын уақыт жақындаған сайын, портфельді біртіндеп облигацияға ауыстыру - өте орынды қадам. Мұны қашан ауыстыра бастау керек деген сұрақтың жауабы зейнетке шығатын уақытқа және айына қажет табыс мөлшеріне байланысты. Портфолиосы үлкен немесе қажеттілігін өтейтіндей зейнетақы алатын адамдар күтілетін жиынтық табысын жоғарылату үшін өз жинағын әлі де акция түрінде сақтай алады. Облигацияға көшудегі негізгі мақсатымыз - акцияларды уақытша төмен бағаға сатуды болдырмау. Ай сайынғы шығындарды өтеу үшін портфолиодан ақша алатын уақыт жақындаған сайын стратегиялық түрде, біртіндеп облигацияларға көшу арқылы тәуекелді азайтудың маңызы зор.
Көп елдерде зейнетақы жинақтары табыс салығынан босатылған, бұл жинақ ақшаңыздың тезірек өсуіне мүмкіндік береді. Мысалы, Украинада мемлекеттік емес зейнетақы қорына жасалған аударымдар жалпы жалақының 15%-на дейінгі мөлшерде шегеріледі, ал инвестициялық қайтарымға салық салынбайды, сөйтіп жиынтық табыс тезірек өседі.(122) Төмен салық мөлшері - үкіметтің азаматтарды зейнетақы қорын жинауға ынталандыратын әдісі; кейбір елдерде, мысалы, Болгарияда, тіпті жеке зейнетақы қорындағы жинақ, түскен қайтарым мен берілетін ақша мөлшері барлық салықтан босатылған.(123) Кейбір ОШЕ елдерінде жеке зейнетақы инвестициялары әлі болмаса да, салықтық жеңілдіктер арқылы ерікті зейнетақы жарналарын ұлғайту әлемдік тенденция екенін байқаймыз. Салықтық жеңілдіктері бар жеке зейнетақы шоттары қолжетімді болмаса да, ақша жинай беріңіз; осылайша мұндай шоттар пайда болғанда, жыл сайын мүмкіндігінше көбірек рұқсат етілген соманы сала аласыз.
Осы уақытқа дейін біз қаржы нарығындағы тәуекелдер туралы айттық, бірақ зейнетке шығу үшін ақша жинауға байланысты тағы бір, әлдеқайда маңызды тәуекел бар. Ешкім өзінің қанша өмір сүретінін нақты білмейді. Бір білетініміз - орташа өмір сүру ұзақтығы (бұл темекі шегу немесе ішімдік ішу сияқты өткен шақтағы мінез -құлыққа байланысты түзетілуі де мүмкін). Польшада немесе Чехияда тұратын 60 жастағы адам тағы 21 жыл өмір сүреді деп күтсек болады, бірақ кейбірі келесі жылы өмірден өтеді, ал басқалары 100 жасқа дейін өмір сүруі мүмкін. Мұндай белгісіздікті қалай жоспарлай аласыз? Мұның бір шешімі - өте ұзақ өмір сүргенде қажет болатындай ақша жинау. Ертерек өмірден кетсеңіз, жинағыңызды отбасыңызға немесе лайықты қайырымдылық ұйымына қалдыра аласыз (мәселен, экономикалық білімге қолдау көрсетіңіз!). Алайда тәуекелге бейім емес адамдардың көпшілігі басқа нұсқаны таңдайды. Белгілі бір адамның қанша өмір сүретінін білмесек те, демографтар кез келген топтың орташа өмір сүру ұзақтығын өте дәл болжай алады. 4.12 элементте қарастырылған сақтандыру түрлерінен бөлек, өзіңізді «тым ұзақ өмір сүруден» де сақтандыра аласыз. Актуарийлер топтың орташа мүшесінің қанша өмір сүретінін нақты болжай алса, барлығымыздың жиғанымызды жинап, өмірден ертерек өтетін адамдарға ұзақ өмір сүретіндерді субсидиялауға неліктен рұқсат етпеске? Мұндай келісім «аннуитет» деп аталады.
Болашақ зейнетке шығуға дайын болғысы келетіндер үшін кеңесімізді былай түйіндеуге болады: зейнетке шығу үшін қор жинауды ертерек бастаңыз, зейнетке шыққанға дейін әртараптандырылған портфолио ұстаңыз, бірақ ақша қажет болатын уақыт жақындаған сайын біртіндеп қорыңызды тәуекелі мен қайтарымы төмен облигация сияқты активке ауыстырыңыз және зейнетақы бағдарламасына берілетін қолайлы салық режимін пайдаланыңыз.
Қалай және қайда инвестиция салу туралы шешім қабылдағанда көп нәрсені ескеру қажет. Осы ескертулерді есте сақтаныз.
4.11-элемент: Тәуекелдеріңізді азайтыңыз
Тұрғын үй, білім алу және басқа инвестициялық шешімдер қабылдағанда тәуекелді төмендететін қадамдар жасаңыз.
Ерте ме, кеш пе көпшілігіміз баспаналы болу туралы ойлаймыз. Баспана сатып алу үшін едәуір қаражат қажет. Өзіңіз қалаған жерден үй сатып алып, оны жақсы күте алсаңыз, бұл да жақсы инвестиция болуы мүмкін. Алайда 2008-2009 жылдардағы Ақш-тағы тұрғын үй дағдарысы көрсеткендей, ықтимал тұзақтар бар. Сондықтан түрлі жайттарды ескеру керек. Қиындықтарға тап болмау үшін келесі факторларға назар аударыңыз.
Біріншіден, үйді сатып аласыз ба, әлде жалға аласыз ба? Көп адамдар жалға алмай, сатып алған дұрыс, себебі үйді меншікте ұстау - байлық құрудың бір түрі деп бірден жауап береді. Олар ақша жалға берушінің қалтасына кетеді, ал бұл ақшаны жеке капитал құруға жұмсауға болады; ипотеканы жауып, жылжымайтын мүліктің нарықтық бағасы жоғарылағанда, үй иесінің активінің нақты құны да өседі деп ойлайды. Алайда ипотеканың алғашқы бірнеше жылында ай сайынғы төлемнің барлығы дерлік пайызды жабуға кетеді, ал өте аз бөлігі іс жүзінде негізгі қарызды жабады. Осы үйді үш жылдың ішінде сатсаңыз, үстінен өте аз не ешқандай табыс көрмейсіз. Яғни үй жалдауға беретін ақының орнына банкке пайыздық төлем бересіз.
Екіншіден, жылжымайтын мүлікті сатып алу мен сату қымбатқа түсуі мүмкін, сондықтан онда кемінде үш жыл тұрамын деп ойламасаңыз, үйді сатып алған дұрыс емес. Сізге риэлторлық комиссияны, сонымен қатар әр елде комиссияға салынатын ҚҚС-ны (Австрияда 3 пайыз: Хорватияда 3 пайыз; Италияда 7 пайызға дейін) төлеу қажет болады.(124) Ипотеканы жабу бағасы әдетте бірнеше мың долларға дейін болуы мүмкін. Үйді сатып алғаннан кейін бірнеше жылдың ішінде сатсаңыз, онда мәмілелік шығын меншікті капиталдан асып кетуі мүмкін.
Үшіншіден, бастапқы жарнаны жинамай жатып, үй (немесе пәтер) сатып алмаңыз. АҚШ-та бұл 20 пайыздан кем емес. Бастапқы жарнаға жинаған ақша 20 пайыздан төмен болса, ипотекалық сақтандыру немесе несие берушілерді ипотекалық сақтандыру деп аталатын сақтандыру түрін сатып алу керек, ал бұл ай сайынғы төлем мөлшерін жоғарылатады. Ипотекалық сақтандыру несие берушіні несие алушының төлем қабілетсіздігінен сақтандырады. Бұл Ұлыбритания, Дания және Австралия сияқты елдерде жиі кездеседі. Әр елдің өз ережесі бар, сондықтан тағы не үшін төлеу керектігін алдын ала біліп алыңыз.(125) Сонымен қатар, «еліктіргіш бастапқы пайыздық» мөлшерлемесі төмен ипотека бағдарламасымен үй сатып алмаңыз. Бастапқы кезеңнен кейін пайыздық мөлшерлеме күрт өседі, сөйтіп ипотека бойынша ай сайынғы төлем едәуір жоғарылайды. Тағы да 4.4-элементте айтылғандай, табысыңыз қандай валютада болса, қарызды да сондай валютада алыңыз, себебі табыс алатын валютаңыз арзандап кетсе, басқа валюталық қарызыңыз үлкейіп кетуі мүмкін.
Төртіншіден, ипотекалық төлемді төлей алсаңыз да, қарастырып отырған тұрғын үйге шамаңыз жетпеуі мүмкін. Ипотека - ай сайын төленетін нақты төлемдердің бірі ғана. Алайда тұрғын үйдің тағы да басқа тұрақты төлемдері мен міндеттемелері бар. Ипотекада көрсетілмесе де, мүлік және/немесе жер салығын төлеуіңіз қажет. Оған қоса үйді сақтандыру керек. Бір күні төбеден су тамшылауы мүмкін, ыстық су жылытқыш, кондиционер немесе сантехникалық жүйе істен шығуы мүмкін. Немесе көптеген басқа нәрселер техникалық қызмет көрсету шығындарына әкелуі мүмкін. Үй иесі мұның бәрін тұрақты шығын ретінде көру керек. Баспана алмастан бұрын осы факторларды айлық бюджетке кіргізіп, талдаңыз.
Соңғысы, ипотека төлеп жатқанда, тұтынушы ретінде міндеттемеңізді ұлғайтатын тағы бір ипотекалық несие немесе үй әлде пәтеріңіздің төленген бөлігін кепілдік ретінде қойып жаңа қарыз алмаңыз. Тұрғын үйдің бағасы төмендеуі де, қымбаттауы да мүмкін. Америка Құрама Штаттарындағы 2008-2009 жылғы тұрғын үй дағдарысынан кейін көп адамдар ауыр жағдайға тап болды. Себебі олардың үйінің нақты құны өтелмеген ипотекалық қарызынан әлдеқайда түсіп кетті. Кейбір адамдар үйлерін сатып, үлкен шығынға ұшырады. Басқалары шығынға батып, үйлерін сатқысы келмеді, олар нарықтың қалпына келгенін күтіп, үйлерін сақтап қалды. Тағы біреулер одан да ауыр жағдайға тап болып, банкрот болды немесе банк олардың үйлерін тартып алды. Осылайша, өзіңізді сақтандыру үшін өзіңіз төлеген үй меншігінің үлесі барынша үлкен болу керек.
Жоғарыда келтірілген нұсқауларды тыңдасаңыз, өз ақшаңызға ғана өмір сүруді, тұрғын үйге ақша үнемдеуді және тұрғын үйге қатысты тәуекелдерді азайтуды үйренесіз. Енді білімге салынатын инвестицияға тоқталайық.
Көп адамдар орта білімнен кейінгі білімге, яғни жоғары білімге салынатын инвестиция өте тартымды, себебі ол жоғары жалақыға жол ашады деп сенеді. Өкінішке орай, әрқашан олай бола бермейді. Жақсы университетте немесе колледжде оқу ақысы қымбат. Студент уақыты мен ақшасын жұмсап, жоғары оқу орнында екі жыл оқып, диплом алмай, оқуды тастап кетсе, бұл инвестицияның ақталуы екіталай. Орта білімнен кейін тағы білім аламын дейтін шәкірт үшін ең үлкен тәуекел - инвестициясының теріс қайтарымы. Шәкірттің оқу бітіргеннен кейін тапқан жалақысы оқуға жұмсалған шығынынан аз болса, осындай жағдай орын алады. Оқу ақысын үкімет субсидияласа да (немесе толық төлесе де), әдетте күнделікті өмір сүру шығыны студентке берілетін стипендиядан әлдеқайда жоғары және оқып жатқанда жіберіп алған жұмыс істеп жалақы алудың орнын ешкім өтемейді.
Европалық Одақтың статистика бюросының (евростат) мәліметтері бойынша, 2016 жылы кәсіби білімі бар жұмысшылардың орташа жылдық табысы толық емес орта білімі барларға қарағанда 10 мың евроға ғана жоғары болды (Бұл айырмашылық Хорватияда 4000 евро; Румынияда 3000 евро; Польшада 4000 евро).(126) Бірақ университет түлектерінің табыстарында айтарлықтай айырмашылық бар. Оқуды бітіргеннен кейінгі нақты табыс көп факторға, соның ішінде біліктілікке, университеттегі мамандыққа және белгілі бір еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына байланысты. Жалақы бойынша әлемдегі ең үлкен ақпарат базасын құрастырған PayScale.com-нің мәліметі бойынша, жоғары табысты университет мамандықтарына инженерия, актуарлық және қолданбалы математика, информатика, физика, статистика, экономика және ақпараттық жүйелерді басқару кіреді. Табысы төмен мамандықтарға бала мен отбасылық зерттеулер, білім беру, әлеуметтік жұмыс, фитнес, спорт, музыка және аспаздық өнер енген.(127) Оқу саласын таңдағанда, қазіргі нарықты ғана қарастырмаңыз. Сіз 40 немесе одан да көп жыл жұмыс істеу керек боласыз. 20 жылдан кейін қандай мамандықтар сұраныста болады? Сондай-ақ, сіз басқа жерге көшу туралы шешім қабылдауыңыз мүмкін бе деп ойлануыңыз керек. Өз еліңізде алған дипломыңыз басқа елде де заңды деп таныла ма? Ресейде оқыған экономист (жеткілікті жақсы білімі болса) Канаданың жоғары оқу орнына жұмысқа орналаса алады, бірақ дәрігер медициналық тәжірибе жасамастан бұрын тағы біраз жыл қосымша дайындықтан өтуі мүмкін.
Болашақта күтілетін табысыңыз төмен болса, осы білімді қаржыландыру үшін көп ақша алу қауіпті. 4-бөлімнің 1 және 2 элементінде айтқанымыздай, өзіңізге ұнайтын жұмыс түрін таңдаудың маңызы зор. Алайда таңдау жасау үшін көп ақпарат білу керек. Оқитын кәсібіңізден қанша табыс табуға болатынын іздеңіз. Біз білімге салған инвестицияңыздан мүмкіндігінше көп қайтарым табатын, саналы таңдау жасағаныңызды қалаймыз. Бұған сол жұмыстан алатын жеке қанағаттану сезімін де қосуды ұмытпаңыз.
Студенттер неліктен қайтарымы төмен білім алу нұсқаларын таңдайтынын қарастырайық. Біріншіден, көп студенттің болашақ табысы туралы пайымы шындыққа жанаспайды. Олар болашақтан көп үміт күтетіндіктен, білім алу үшін болашақ табысынан көбірек төлеуге дайын болуы мүмкін. Еңбек нарығының қазіргі және болашақтағы жағдайы мен табыс әлеуеті туралы хабардар болып, зерттеу жасау керек. Өз еліңіз бен қоныс аударатын елдегі негізгі мамандықтар, оның ішінде олардың талаптары, жалпы жағдай, өсу перспективасы және орташа жалақы туралы ақпарат беретін анықтамалықтарды немесе статистиканы іздеңіз. Болашақ табыс туралы пайымның нақты болуы жоғары білім туралы дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Басқа жерге көшуім мүмкін деп ойласаңыз, ерте жастан керекті тілдерді үйрене беріңіз. Көшетін еліңіз ағылшын әлде француз тілді ме? Әлде сіздің біліміңіз Ресейде көбірек мойындала ма?
Екіншіден, көп студенттер оқудың толық құнын есептемейді. Білім алудың жалпы құнына оқу ақысы, кітап, түрлі төлемдер, баспана мен тамақ шығыны кіреді, оның үстіне балама шығынды қосуды ұмытпаңыз. Тіпті күндізгі бөлімде оқымасаңыз да, оқып жатқан кезде белгілі бір табыс көзінен бас тартуды білдіреді. Алатын біліміңізге қатысты барлық шығынды ескеру маңызды.
Үшіншіден, студенттер қарызды асыра пайдаланады. Кейбіреулер несиеге берілген ақшаны «тегін ақша» деп ойлап, өте көп қарыз алады. Көп жастар университетті бітіргеннен кейін студенттік несиені өтеу үшін ай сайын қаражаттарынан ақша бөлудің қаншалықты қиын болатынын білмейді. Пайыздық мөлшерлеме 3% болса, 20 000 евро несиені он бес жыл бойы айына 138 евромен өтейсіз. Ал 40 000 евроны өтеу үшін айына 276 евро төлеу керексіз. Болашақ табысыңыз жалақыңыздан оқу несиесін өтеу үшін ай сайын ақша бөлуге жеткілікті бола ма? Бұл мәселе туралы несие алғанға дейін мұқият ойланыңыз.
Біз білімді қаржыландыру үшін ешқашан қарыз алудың қажеті жоқ деп айтудан аулақпыз. Бұл нұсқа ақталатын кездер де болады. Әр елде білімді қаржыландырудың түрлі жолдары бар және басқа елдермен салыстырғанда АҚШ-та оқу ақысы білімге кететін шығынның көп бөлігін құрайды. Өтпелі экономикалы елдерде жағдай тез өзгеруде, көп елдерде университеттердің тікелей мемлекеттік қаржыландырудан оқу ақысына негізделген қаржыландыруға ауысуына байланысты жеке университеттердің саны өсуде. Жоғары білім - жалпы жақсы инвестиция, бірақ барлық инвестиция сияқты оны да мұқият қарастыру керек.
Тәуекелді одан әрі азайту үшін студенттер мен олардың ата-аналары білімді қаржыландырудың басқа да жолдарын іздей алады. Жалпы кеңесіміз: қарыз ең соңғы нұсқа болатындай қаржылық жоспар құрыңыз. Ата-анаңыз, жақындарыңыз бен достарыңыз өз ақша жинау жоспарын құра алады немесе қаржы институттарының ұзақ мерзімді ақша жинау бағдарламаларын қарастырса болады.
Сонымен қатар, стипендия мен гранттар да бар. Олардың тиімді екені сөзсіз, себебі ақшаны қайтарудың қажеті жоқ. Америка Құрама Штаттарының мәдени орталықтары, Британ кеңесі немесе Француз институты сияқты жерлерден шетелде білім алу мүмкіндіктерімен танысыңыз. Мүмкіндіктерді іздеу мен танысуға уақыт бөліңіз. Әр бағдарламаның өз нұсқаулығы, талабы мен мерзімі болады. Білімге инвестиция салмастан бұрын осы опциялардың барлығын қарастырыңыз және нарықтағы жағдайға байланысты өзіңізге оңтайлы жолды таңдаңыз.
Тұрғын үй мен білім өміріңіздегі ең ірі инвестиция болуы мүмкін, бірақ басқа да инвестициялық мүмкіндіктер пайда болуы мүмкін. Таңдау жасау үшін келесі сақтық шараларын ескергеніңіз жөн. Инвестиция салғаннан кейін сіз оларға тәуелді боласыз. Сіздің мүддеңіз бен инвестиция ұсынған тараптың мүддесі қаншалықты сәйкес келетініне назар аударыңыз. Сізге біреу өте тартымды ұсыныс жасаса, сәл аялдап, бұл ұсынысты неліктен сізге жасағанын, оның артында не тұрғанын мұқият зерделеу қажет. Қарыз іздеушілер жобаны қаржыландыру үшін алдымен банктік несие сияқты арзан қаржы көздеріне жүгінеді. Банктің немесе басқа инвестициялық институттардың қаржысы қолжетімді болса, сіз сияқты жеке инвесторларды тауып, өте жоғары қайтарым мөлшерін ұсыну - ақылға қонымсыз дүние. Инвестицияның ұсынатын қайтарым мөлшері жоғары болса, онда оған жоғары тәуекел тән; яғни жобаның сәтсіз болуының ықтималдығы жоғары. Банктер мен кәсіби инвесторлар бұл инвестицияға қызығушылық танытпаса, онда «Неліктен мен қызығуым керек?» - деп өзіңізден сұраңыз.
Инвестициялық өнімнің сатушыларының мүддесі мен сіздің мүддеңіз жиі айтарлықтай өзгеше болады. Бұл жерде сіз жақсы табыс тапқыңыз келеді, ал олар сатылымнан түсетін сыйақыға, басқарушылық төлемнен түсетін пайдаға немесе бизнестен алатын жоғары жалақыға жұмыс істейді. Ашығын айтқанда, олардың бар ойлағаны - сіздің ақшаңызды қалайда қолға түсіру. Олар сізді алдауға тырыспауы мүмкін. Олар өз өнімін үлкен табыс әкелетін тамаша мүмкіндік көріп шын сенуі де мүмкін. Бірақ олар сондай ізетті болып көрінсе де, оларды жақсы білсеңіз де, сізге қол ұшын созғысы келгендей көрінсе де, олардың мүддесі сіздікінен өзгеше. Сонымен қатар, ақшаңызды оларға бергеннен кейін, сіз ештеңені өзгерте алмайсыз.
Инвестициялық шешімінің сәтті болатын-болмайтынын алдын ала қалай анықтауға болады? Инвестициялардың барлығын әп-сәтте табысты ететін сиқырлы таяқшасы жоқ. Алайда ондаған мың долларыңызды (немесе жергілікті валютадағы баламасын) үнемдеп, инвестициялық апаттың алдын алатын әрекеттер бар. Әсіресе, келесі алты нұсқаулық өте маңызды.
- Бір нәрсе шындыққа жанаспайтындай, өте тартымды болып көрінсе, мұның жалған болуы әбден мүмкін. Бұл тұжырымды көп айта берсек те, әлі өзекті. Кейбір инвестициялық маркетологтар сіздің ақшаңызды қолға түсіру үшін бәріне дайын болуы мүмкін, себебі ақшаны алғаннан кейін сіз оларға тәуелді боласыз.
- Өз абыройын ойлайтын, қалыптасқан компаниялармен ғана жұмыс істеңіз. Беделді, қалыптасқан ұйымдар өз клиенттеріне түсініксіз инвестициялық өнімдер ұсынбайды. Мысалы, беделді фирманың ұсынысына қарағанда аз ғана адам білетін брокерлік фирманың алғашқы акция шығарылымының сәтсіздікке ұшырау ықтималдығы жоғарырақ.
- Телефон немесе электрондық пошта арқылы ұсынылған мүмкіндікке ешқашан инвестиция салмаңыз. Бұл - оңай олжа іздейтін алаяқтар қолданатын маркетингтік әдіс. Өзіңізге алаяқтардың құрбаны болуға жол бермеңіз. Өзіңіз сенбейтен адамдарға жеке мәліметтеріңізді бермеңіз. Әлеуметтік сақтандыру нөміріңіз, туған күніңіз, ұялы телефоныңыз нөміріңіз бен пошта мекенжайыңызды құпия ұстаңыз.
- Тез шешім қабылдауға мәжбүрлесе, көнбеңіз. Инвестициялық стратегия жасауға уақыт бөліңіз. Ешқашан қысыммен асығыс шешім қабылдамаңыз.
- Достықпен инвестициялық шешімін қабылдамаңыз. Көп адам достарының ақылымен нашар инвестициялық шешімін қабылдап, күйіп жатады. Достығыңызды сақтап қалғыңыз келсе, объективті үшінші тараптың кеңесін тыңдап барып, инвестиция салыңыз.
- Қыр соңыңыздан қалмай, үгіттесе, әмияныңызды алып, тайып тұрыңыз. Тартымды инвестициялар жоғары қысым көрсететін маркетингсіз-ақ жасалады. Жақсы портфолио жасап қойсаңыз, қаражатыңыздың кішкентай бөлігін «қажетсіз» облигациялар мен қымбат металдар сияқты жоғары тәуекелді инвестицияға жұмсай аласыз. Бірақ бұл инвестициялар жоғалтуға қорықпайтын қордан жасалуы керек. Өз байлығыңызды нақты көбейткіңіз келсе, онда қаражатыңыздың көп бөлігін әртараптандырылған портфолио құруға көмектесетін тәуекелі төмен инвестицияға жұмсаңыз.
Адамдар ақша пайда болғаннан бері оны алаяқтық жолмен басып алудың түрлі жолдарын ойлап тапты. Жаңа өнімдер мен тез дамушы нарықтар инвестиция алаяқтарын өзіне тартады; мысалы, қазір биткоин алаяқтары көп. Кейде кішігірім тіркеу ақысын төлесеңіз, биткоинды тегін береміз дейді. Ал бірде алаяқтар жалған биткоин биржасын құрып, инвесторды қызықтыратындай төмен баға қояды.(128) Алаяқтарды ажырата білу өте маңызды; үйрену үшін жоғарыдағы 3-ережеден бастаңыз.
Біз алаяқтық туралы көп айттық, бірақ заңды ұсыныстың өзі өте нашар инвестиция болуы әбден мүмкін. Тарихқа үңілсек, «қаржылық көпіршіктер» өте көп болған, онсыз да бағасы жоғары заттың бағасы ары қарай да өсе береді деген қисынсыз ой қайғылы оқиғаларға алып келген. 1600-ші жылдардың басында Голландиядағы алыпсатарлардың әсерінен бір қызғалдақтың бағасы орташа жылдық табыстан алты есе жоғары болды. Аңыз бойынша өте жанкешті адам үйіне келсе, қызғалдақты білмейтін аспазшысы оны пияздың жаңа түрі деп ойлап, кешкі сорпаға салып жібергенін естиді. 1990-шы жылдардағы биржадағы технологиялық көпіршікке парапар оқиғалар өте аз. Интернеттің пайда болуымен «жаңа экономикадағы» бизнес деген жалаумен алыпсатарлық көп жасалды. Нәтижесінде жүздеген dot-com компаниялары қорға шыға сала бірнеше миллиард долларға бағаланды. Осы dot-com компанияларының көпшілігі Америка Құрама Штаттарының Nasdaq қор биржасында тіркелген еді, қордың жиынтық индексі 1990 жылдың басында 500 пункттен төмен болатын, ал 2000 жылдың наурызында оның деңгейі 5000-нан жоғары болды. Индекс көп ұзамай құлдырады, 2002 жылдың қазанына қарай шамамен 80%-ға төмендеп, АҚШ-та рецессия тудырды. Инвестиция болашақ туралы негізсіз болжамға емес, активтің нақты құнына байланысты болуы керек.
4.12-элемент: Өзіңізді қорғау үшін сақтандыруды пайдаланыңыз
ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ
1. БҮГІН ЕШҚАНДАЙ ҚАТЕЛІК ЖАСАМАҢЫЗ.
2. ЕРТЕҢ ЕШҚАНДАЙ ҚАТЕЛІК ЖАСАМАҢЫЗ.
3. ҚАЙТАЛАҢЫЗ
Өмір тәуекелге толы. Тәуекелдің түрі көп: мейрамханадағы нашар қызмет сияқты шағын және қаржылық тұрғыдан маңызды емес тәуекелден бастап, ауыр сырқат немесе торнадодан үйдің құлауы сияқты үлкен және қаржылық әсері жойқын тәуекелдер болады. Тәуекелді жоя алмасаңыз да, оны азайтып, басқаруға болады.
Сіз тәуекелдерді азайтатын таңдау жасай аласыз. Көлік жүргізген кезде хабарлама жібермеңіз, сонда апатқа ұшырау ықтималдығы төмендейді. Қауіпсіздік белдігін тағу соқтығысу кезінде жарақат алу ықтималдығын азайтады. Түтін детекторлары мен қауіпсіздік жүйесін орнату арқылы үйіңіздің өртену немесе ұрлық түсу ықтималдығын азайтасыз. Қантты азайтып, холестерині төмен тағамдарды тұтыну арқылы аурудың ықтималдығын төмендетесіз. Жасаған таңдауларыңыз тәуекелді төмендетсе де, оны ешқашан толықтай жоя алмайсыз.
Тәуекелді басқарып, оның жағымсыз салдарынан өзіңізді қалай қорғауға болады? Сақтандыру арқылы мүліктің зақымына (мысалы, үй немесе автокөліктің), ауруға, табыстан айырылуға немесе басқа қауіпті оқиғаларға байланысты қаржылық шығынды азайта аласыз. Сақтандыру жүйесі арқылы адамдар ақшасын біріктіріп, тәуекелді бөліседі, сөйтіп жағымсыз оқиғадан зардап шеккен мүшелеріне көмек береді. Біз тәуекелді бөлісу принципін ұмытып жатамыз, себебі жеке тұлғалар жарнаны сақтандыру компаниясына төлеп, топ мүшелерімен өзара байланысқа түспейді. Тәуекелдерді бөлу үдерісінде сақтандыру компаниясы делдалдың рөлін атқарады. Компания топтың әр мүшесінен (сақтанушылардан) сыйақы жинап, содан кейін жабылған шығын орын алған кезде төлемдерді төлейді.
Тәуекелді бөлісуді түсіну үшін келесі мысалды қарастырайық. Сіз бен төрт серіктесіңіз түскі асқа мейрамханаға бардыңыз делік және жалпы есеп 100 евро болады деп күтесіз. Түскі астың соңында даяшыдан чекті кездейсоқ біреуіңізге беруін сұрайсыздар, сөйтіп сол адам барлық соманы төлеуі керек. Әрқайсыңыз екі нұсқаның бірін таңдай аласыздар: (1) тәуекелге барып, 100 евролық шот сізге келмейді деп үміттену немесе (2) сақтандырушыға 20 евро сыйақы төлейсіз, сізді таңдаған жағдайда, ол шотты төлейді. Көп адам 2 -ші нұсқаны таңдайды, себебі мұның тәуекелі аз. 20 евро сыйақы төлеп, өзіңізді 100 евролық шотты төлеудің 20 пайыз ықтималдығынан қорғайсыз.
Әрине, тәуекелді бөлісу қызметін ұсынатын сақтандырушылардың өз шығыны болады. Олар тәуекелді бағалауы, келісімдерді ресімдеуі, сыйақыларды жинауы, шағымдарды тексеріп, растауы және төлемдерді өңдеуі керек. Демек, олар тәуекелдің шығынынан бөлек, операциялық шығындарын да жабуы керек. Осылайша, сақтандыру сыйақысы күтілетін шығыннан біршама жоғары болуы керек. Мысалы, сақтандыру компаниясы топ мүшелерін 100 евро төлеудің 20 пайыз ықтималдығынан қорғау үшін әрқайсысымыздан 20 евродан сәл жоғары, мүмкін 22 евро алуы керек; сонда осы қызметті ұсынуға олардың да стимулы болады.
Сақтандыру тәуекелді төмендетеді, себебі келеңсіз оқиғаның ауыртпалығын көп адам бірлесіп көтереді. Түскі ас жағдайын алсақ, 100 евролық есеп сенімді түрде келеді. Белгісіздік топтың қай мүшесіне шоттың түсетінін білмеген кезде туындайды. Топтағы адамның саны өскенде, ықтимал шығынның мөлшері де өседі, алайда кез келген мүшенің шотты төлеу ықтималдығы азая түседі.
Көпшілігіміз үлкен сомамен тәуекелге барғымыз келмейді. Бұл түрлі оқиғалардың жағымсыз салдарын азайту үшін сыйақы төлеуге дайын екенімізді көрсетеді. Сақтандыру - тәуекелді төмендетудің бір жолы. Мұның түсіну үшін келесі қарапайым сұраққа жауап беріңіз. Әділ тиынды(129) лақтырғанда, елтаңба шықса сізге 1000 евро төлейміз, ал нөмір шықса, сіз 1000 евро төлейсіз десе, келісер ме едіңіз. Ойын «әділ» болса да, көпшілігіміз ақшамен бұлай ойнағымыз келмейді. Неліктен? Біз әдетте табатын дүниемізді емес, жоғалтатын дүниемізді көбірек бағалаймыз. Жоғалтқан дүниемізге көбірек қайғырамыз. Бұл түсінікті, өйткені бәс тігусіз сіз екінші топты емес, бірінші топты таңдайсыз.
Алайда сақтандыру әрқашан экономикалық жағынан тиімді бола бермейді. Тәуекелден сақтандырудың қаншалықты керектігін мұқият талдауыңыз керек. Әрине, үлкен қаржылық қиындық туғызатын оқиғалардан сақтану керек. Мұндай қауіптерге ұзақ уақыт жұмыс істеуге кедергі келтіретін ауыр сырқат, автокөлік апаты немесе үйіңізге зақым келтіретін су тасқыны жатады. Тұрмыстық техниканың немесе теледидардың істен шығуы сияқты салыстырмалы ұсақ келеңсіздіктерден сақтану әдетте экономикалық жағынан тиімді емес. Сақтандыру қызметінің ақысы ықтимал зиянға қарағанда қымбатырақ болуы мүмкін. Демек, мұндай тәуекелді қабылдап, шығынды жоспарлап, жабу үшін төтенше жағдайға арналған шотты (4 -бөлімнің 6 -тарауын қараңыз) пайдаланған дұрысырақ. Керісінше, автокөлік, тұрғын үй және медициналық сақтандыру әдетте экономикалық жағынан тиімді. Бұл жағдайда тәуекелді көп адамға бөлу арқылы жағымсыз оқиғаның ықтимал залалынан болатын шығынды азайтуға болады. Енді осы сақтандыру түрлерін қарастырайық.
Көп елдерде автокөлік иелеріне өз көліктерін белгілі бір деңгейде сақтандыру міндетті. Сақтандыру компаниясына хабарласып, полисіңіздің қаншалықты талапқа сай екенін анықтаңыз. Тұтынушылар әртүрлі факторларға байланысты сыйақы төлейді. Бұл жүргізушінің жүргізу тарихын, оның сипаттамаларын, автокөліктің түрін және полистің нақты шектеулері мен шегерімдерін қамтиды. Шегерім (франшиза) - сақтандыру жағдайы орын алғанда клиенттің өзі бірінші төлеуі тиіс сома. Мысалы, шегерім 500 евро болса, клиент алғашқы 500 евроны төлейді, қалғанын сақтандыру полисі өтейді. Әдетте, шегерім жоғарылаған сайын, сыйақы мөлшері төмендей түседі. Сақтандыру мөлшері - шығын орын алған жағдайда сақтандырушы төлейтін ең жоғары сома.
Автокөлік полисі әдетте зақымның негізгі түрлерінен сақтандырады. Шектеулі полистер жол апатының әсерінен көлікке келетін зақымды өтейді. Толық сақтандыру полистері ұрлық, вандализм және ағаш құлап, әйнекті сындыруы сияқты әртүрлі шығыннан сақтандырады. Азаматтық -құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың (АҚЖС) екі түрі бар. Біріншісі сіздің көлігіңіздің кесірінен басқа адамдарға немесе көлікке келтірілген зиянды өтейді. Екіншісі өзіңіз бен көлігіңіздегі жолаушылардың денсаулығы мен өміріне келтірілген шығынды төлейді. Мысалы, сақтандыру мөлшері 500 000 евро болса, нақты шығын одан көп болса да, зақым келген жағдайда сақтандыру компаниясы ең көп дегенде 500 000 евро төлейді деген сөз. Сақтандыру полисін сатып алған кезде сақтандыру лимиті мен шегерім деңгейін (франшиза) мұқият зерттеген жөн. Төтенше жағдайға арналған есеп-шотыңыздағы немесе басқа жинаған ақшаңыз шегерімді (франшизаны) төлеуге жете ме?
4 -бөлімдегі 11 -элементте талқыланғанымыздай, тұрғын үй - көпшілігіміз үшін өміріміздегі ең үлкен инвестиция. Ең үлкен активіңізді ықтимал зақымнан сақтандыру маңызды. Кейбір елдерде белгілі бір сақтандыру түрлері міндетті немесе қаржы беруші ипотекалық несие ұйымының өз талаптары болады. Полисіңіздің қаншалықты талапқа сай екенін сақтандыру компаниясынан сұрауды ұмытпаңыз. Автокөлік полисі сияқты, тұрғын үй полисінің шегерімі (франшиза) мен сақтандыру лимиті болады. Жоғары шегерім (франшиза) мөлшерін таңдасаңыз, сыйақыңыз әдетте төмен болады. Өзіңіз көтере алатын тәуекел деңгейін мұқият талдаңыз.
Медициналық сақтандыру ережелері әр елде әр түрлі. Қаржыландыру мен төлем әдістерінің және жоспарлардың әртүрлі болуына байланысты кейде оларды түсіну қиын. Кейбір адамдар мемлекеттік бағдарлама арқылы сақтандырылады және өз бетінше қосымша сақтандыру деңгейін қосуы да, қоса алмауы да мүмкін. Тағы да жұмыс берушісі арқылы немесе тікелей сақтандыру компаниясынан полис алу арқылы сақтандырылуы мүмкін. Адамдар сыйақыны өздері төлеуі де, үшінші тұлғалар арқылы төлеуі (мысалы, үкімет немесе жұмыс беруші) де мүмкін. Кімнің қанша төлейтінін анықтайтын ережелер әр елде әртүрлі. 2010 жылы АҚШ Конгрессі Науқастарды (Пациенттерді) қорғау және қолжетімді күтім туралы заң қабылдады, бұл мәселені одан әрі күрделендіріп жіберді. Көбірек адамды сақтандыру үшін түрлі салықтар, айыппұлдар мен субсидиялар жүйесі енгізілді. Ал басқа елдерде үкімет денсаулық сақтау жүйесін толықтай бақылайды. Бұл кітапта әртүрлі елдердегі медициналық сақтандыру жүйесін салыстырмаймыз, алайда бірнеше қағиданы нақтырақ түсіндіруді жөн көрдік.
Медициналық сақтандыруға төленетін төлемнің төрт түрі бар. Біріншіден, сақтандыру бағдарламасына қатысу үшін сыйақы (немесе салықтар) төленеді. Екіншіден, шегерім (франшиза) қолданылуы мүмкін. Үшіншіден, дәрігер қызметі немесе дәріқағазға қосымша ақы төленеді. Төртіншіден, бірлескен сақтандыру төлемдері - медициналық қызметті тұтынушы төлеуі міндетті үлес болады. Мысалы, клиент медициналық қызмет ақысының 20 пайызын төлейді, ал қалғанын сақтандыру компаниясы өтейді. Кей елдерде қосымша және бірлескен сақтандыру төлемдерін қамту үшін ерікті сақтандыру бағдарламасына қосылуға болады.
Белгілі бір жағдайларда сақтандырудың болуы тәуекелді жоғарылатады. Бұл моральдық қауіп ретінде белгілі. Келесі мысалдарды қарастырайық. Рэйчел өзінің он екі жылдық автокөлігін сатып, соңғы технология мен қауіпсіздік құралдары орнатылған су жаңа көлік сатып алады. Рейчел жаңа көлікте өзін қауіпсіз сезініп, көлігі соқтығысса қауіпсіздік құралдарының арқасында жарақаттан аман қаламын деп көлігін мұхият жүргізбеуі мүмкін. Ал Джейкобтың анасы ол скейтборд тепкенде дулыға, тізе және шынтақ қорғаныштары мен ұзын шалбар кигенін талап етеді. Джейкоб өзін қауіпсіз сезініп, жарақат алу ықтималдығының аз екенін біледі, сөйтіп скейтбордта жаңа, қауіпті трюктер жасауы мүмкін. Ал Иванка бірнеше жыл бойы шаңғымен сырғанамады, өзіне сенімді емес. Оның сүйегі сынса, медициналық сақтандыру полисімен барлық шығыны толықтай өтеледі, сондықтан ол қауіпті жолға шығуы әбден мүмкін. Осы мысалдардың барлығында адамдар өздерін қауіпсіз сезініп, өз мінез -құлқын өзгерткендіктен, тәуекел жоғарылай түседі.
Сонымен қатар, өміріңізді, ұзақ мерзімді медициналық күтімді және еңбекке жарамсыздықтан өзіңізді сақтандыра аласыз. Осындай сақтандыруға (немесе кез келген сақтандыру түріне) деген қажеттілік жекелеген елдің әлеуметтік саясатына байланысты. Мұндай кең ауқымды кітапта жекелеген жағдайлардың бәрін қамту мүмкін емес. Біздің бір айтарымыз: «бәрі жақсы болады» деп сеніп, жүре бермеңіз. Өз жағдайыңызды мұқият зерттеңіз. Өміріңіздегі тәуекел деңгейіне әсер ететін таңдауларды бағалап, жоя алмайтын, бірақ сақтандыруды тиімді пайдалану арқылы төмендетуге болатын тәуекелдерді мұқият талдаңыз. Ықтимал жағымсыз әсері жойқын тәуекелден сақтанған дұрыс, бірақ ықтимал қаржылық залалы төмен тәуекелдің шығынын ай сайынғы бюджеттен ескерген немесе төтенше жағдайларға арналған жинақ арқылы жапқан жөн. Сақтандыру стратегиясының ең маңызды мақсаты - жойқын қаржылық шығынның алдын алу.
Әдетте сақтандыруды орта немесе жоғары табысты елдермен немесе отбасымен байланыстырамыз, алайда дұрыс сақтандыру өнімдерін таңдау арқылы кедейлер көбірек ұтады. Қазіргі уақытта осындай көп өнім әзірленуде.
4-бөлім Қорытынды ойлар
Сауатты қаржылық менеджмент күрделі болып көрінуі мүмкін, бірақ жоғарыда көрсетілген ережелер сізге дұрыс бағыт береді деп үміттенеміз. Шын мәнінде бұл ережелер соншалықты күрделі емес. Ақшаңызды ақылмен жұмсап, жинаңыз. Әрекет жасамастан бұрын ойланыңыз. Не болса да әрекет етіңіз: жұмыс, отбасы мен көңіл көтеру сияқты өзекті мәселелер әрқашан табылады, қаржы мәселесін кейінге қалдырмаңыз. Өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды талдауға тұрақты уақыт бөліңіз. Жолдасыңыз болса, бірігіп отбасылық бюджетті жоспарлаңыздар. Ең бастысы, Чарльз Диккенстің Дэвид Копперфилд туралы романындағы Микоубер мырзаның кеңесін жадыңызда ұстаңыз: «Жылдық табыс жиырма фунт, ал жылдық шығын он тоғыз бүтін оннан алты фунт болса, бақыт дегеніміз осы. Жылдық табыс жиырма фунт, ал жылдық шығын жиырма бүтін оннан алты фунт болса, бақытсыздық дегеніміз осы».
Қорытынды ойлар мен алғыс айту
Қорытынды ойлар
Экономист және оқытушы болумен қатар авторлардың барлығы да әлдекімнің ата-анасы, тәтесі не көкесі. Өз студенттерімізге және осы кітап оқырмандарына білімді мұра етумен қатар біз болашақ ұрпақ өміріне оң ықпал еткіміз келеді. Сіздің де осындай ұстанымда екеніңізге сенімдіміз.
Бұл мақсатты түрлі тәсілдермен жүзеге асыра аламыз. Қоғамдық стратегияның жеке адамдар өз әлеуетін жүзеге асыра алатындай орта қалыптастырып жатқанына сенімді болу үшін біз жергілікті, ұлттық және ғаламдық деңгейде жұмыс істеуіміз керек. Жеке адам тұрғысынан алғанда, әрқайсымыз балаларымызға үлгі болып, жетістікке жету әдеттерін олардың бойына сіңіріп, мықты таңдаулар жасауына ықпал ете аламыз.
"Сауатты Экономика" кітабының осы сегментінен көргеніміздей, қаржылық тұрақтылық тұрмыстың сананы билеуіне жол бермей, барлық керек-жарақты қолжетімді етіп, жалпы халықтың әл-ауқатын жақсартады. Талмай еңбек етіп, мақсат қойып, оған жетуге дағдыланып, қазіргі таңдаудың болашақтағы салдарларын қаперде ұстай отырып бірсәттік сыйға бола жолдан таймайтындар әдетте осылай істемейтіндерге қарағанда өмірдің барлық саласында көбірек жетістікке жетеді.
Жастарды жауапкершілікке үйретудің ең жақсы тәсілдерінің бірі – ақшаның аспаннан жаумайтынын, оның еңбекпен табылатынын түсінуге көмектесу. Жас баланың өзіне қалағанын алу үшін ақша табуға болатын тапсырмалар беруге болады. Мұндай тапсырма оқуға қатысты нақты мақсат немесе итті қыдырту немесе кешкі асқа картоп аршу сияқты үй шаруасын орындау сияқты ынтасы болуы мүмкін. Ақша деген қалағаныңды көбірек алу құралы ғана емес, өзгелердің қалағанын алуына сіз көрсететін көмек өлшемі. Ақша табудың ең жақсы жолы – өзгелерге қызмет ету және олар ұтатындай тәсілдерді табу. Осы кәсіпкерлік сабақ бала қай мансапты таңдаса да, оған маңызды жемістерін береді.
Балаға бір нәрсе сатып әпергенде немесе спорт бөліміміне ақы төлегенде қанша ақша жұмсалғанын, оның несімен тиімді екенін айтып отырған жөн. Өйткені балаларымызға өмір бойы шектеулі табысын қалай жұмсауға қатысты шешім қабылдауға тура келеді. Бір нәрсеге қаржыны көп жұмсаса, екінші нәрсеге азырақ жұмсауы керек болады. Бәріміз де айналамыздағылармен келісімге келуді үйренуіміз керек. Осы шындықты баламызға жас күнінен көрсетіп, оларға дұрыс таңдау жасауды үйрететін тәрбие беруге тиіспіз. Көп ата-ана (баласына ақшаны есесіне ештеңе сұрамастан беретіндер де) баласының майда-шүйдеге берілген ақшасының бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсауын қолдайды. Мұндай ата-аналар ақшаны қайда жұмсау керектігі, өзге адамдардың әл-ауқатына қам жеу тұлғаның өмірдің мәнін түсінуі мен өмір сүріп жатқан қоғамының экономикалық жағдайына қаншалықты әсер ететіні туралы сөйлесуге де уақыт табады.
Өмірде жетістікке жету үшін мақсат қою, оған жету жолында жан аянбай жұмыс істеу, өз қызметіңді өзгелердің кәдесіне жарайтындай ету, белгілі бір мақсатқа ақша жинау және ақшаны орнымен жұмсаудың маңызы зор. Бұлар – жетістікке жеткізетін басты құрамдары. Экономика қаншалықты қанағаттанарлық өмір сүрудің әдісін ұсынады.
Қазір сапарымыздың соңына жетіп отырмыз. Бұл кітапты жазғанда сіздерге жақсы өмір сүруге көмектесетін мәлімет пен құрал беруді мақсат еттік. Сіздің санаңыз жаңаша ойлау жолдарын қабылдап, сіз алған білімді өз өміріңізді және айналаңыздағы адамдар өмірін жақсартуға қолданасыз деп үміттенеміз.
Алғыс
Авторлар осы жобаның ағылшын тіліндегі нұсқасын және Орталық және Шығыс Еуропа, бұрынғы Кеңес одағы елдері тілдеріне аударып, бейімдеуге көмектескен бірнеше адамға алғыс білдіргісі келеді.
Кітап мәтініне қатысты айтар болсақ, біз бүкіл қолжазбаны өңдеп, оның мазмұнын да тілінің жатықтығын да жақсарта түскен талай өзгертулер жасаған Джейн Шоу Строупқа қарыздармыз. Синье Томас кескіндерді дайындауға және зерттеу жұмыстарына бастан-аяқ көмектесті. Кітапқа әріптес оқытушылар, колледж ұстаздары мен экономика пәні мұғалімдерінің көп пікірлері енгізілді. Жаңа қосымша материалдарды жасап шығаруға қатысқан Джон Мортон, Скотт Нидерджон, Марк Шаг, Уильям Вуд, Джой Коннорс және Пэм Куперге айырықша алғыс білдіреміз. Оларға қоса Брендон Брайс, Джоаб Кори, Розмари Файк, Натан Фоулер, Фред Франсен, Майк Хаммок, Джон Кесслер және Келли Марксон мазмұнының өзектілігін арттырып, жаңа мысалдар енгізіп, осы кітаппен бірге жүретін электронды пакетті күшейтуге атсалысты. Сонымен қатар St. Martin’s Press баспасы қызметкерлері Тим Бартлетт пен Клейр Лампенге пайдалы ескертулер айтып, редакциялау жұмысымен айналысқаны үшін алғыс айтқымыз келеді.
Ілгеріде есімдері жазылған аудармашылар мен сарапшыларға қоса жобаға көп үлес қосқан, әсіресе жұмыс қиындап кеткен кездері бізді ынталандырып отырған Барбара Форбске рақмет айтқымыз келеді. Жоба басталғалы бері қаржылай да, интеллектуалды тұрғыдан да қолдау көрсеткен, белгісіз болып қалуды қалаған демеушімізге өз атымыздан да, оқырмандарымыз атынан да айырықша алғыс білдіреміз. Оның экономикалық және саяси еркіндікті жақсарту ісіне атсалысуы арқасында миллиондаған адамның өмірі жақсарады.
Жылдар бойы авторлардың алдынан шамамен елу мыңдай студент өтіпті. Аудиторияда және одан тыс жерде өткен талай пікірталаста қойылған қиын сұрақтар біздің тақырыпқа тереңірек үңілуімізге жол сілтеді. Біз осындай қарым-қатынасты бағалаймыз. Сәті түссе, осы кітапты оқыған адамдардың көбімен де жолымыз түйісер. Бетпе-бет кездескенге дейін өмірде «экономист сияқты ойлауды» жалғастыруға және алған біліміңізді қасыңыздағы адамдармен бөлісуге шақырамыз. Болашағымыз соған байланысты.
Ескертулер
- Нарық қалыптастыру үрдісі адам табиғатының әмбебап бөлігі деуге болғанымен, егер қоғам барын салса, оны қалыпты адам әрекетінен шығарып тастауға болады. Оған азаматтарды тауарлардың нақты құны бар деп нандырып, аштық орын алса да, тауарлар белгіленген «құннан» төмен бағаға сатылмаған посткоммунистік елдердің (немесе Рим католик шіркеуінің) өтпелі кезеңі мысал бола алады.↩︎
- Еуропадағы ең арынды сарқырама Исландияда.↩︎
- Philip K. Howard, The Death of Common Sense (New York: Random House, 1994): 3–5.↩︎
- Country Gender Assessment for Ukraine 2016, The World Bank, 48: http://documents.worldbank.org/curated/en/128891470822320083/pdf/107673-PUB-P156988-ADD-ISBN-PUBLIC-SoltisBookENweb.pdf.↩︎
- Charlotte Web, “Swedes now spend more on fun than on food: study,” The Local Sweden, September 30, 2009: https://www.thelocal.se/20090930/22392 көріңіз.↩︎
- Мысалы, бір корпорация өнім, айталық жейде шығару үшін ғимарат пен жабдықтарға 100 млн $ инвестиция салса, бұл корпорация әлгі ақшаны мотоцикл шығару сияқты өзге мақсатқа салғандағы табыстан бас тартады. Корпорация 100 млн долларды жай ғана банкке депозитке салып, айталық 5 пайыздық сыйақы мөлшерлемесін алып отыруына да болар еді. Бір жылда сыйақы мөлшерлемесінен 5 млн $ табар еді. Бас тартылған сыйақы мөлшерлемесінен түсуі ықтимал 5 млн $ – корпорация әрекеттерінің балама құны, бірақ ол фирманың бухгалтерлік есебінде жазылмайды. Осы себепті бухгалтерлік есеп шығындарында қолданылған ресурстардың балама құны азайтылып көрсетіледі. Сондықтан да таза табыс пайдадан көбірек шығады.↩︎
- Сынған терезе туралы тәмсілді оқыңыз (соңғы рет 2019 жылдың маусымында редакцияланған): https://en.wikipedia.org/wiki/Parable_of_the_broken_window.↩︎
- Адам Смит, Мемлекеттер байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу (An Inquiry into the Nature and Causes of the Wealth of Nations, Volume II Glasgow Edition (Indianapolis: Liberty Fund, Inc., [1776] 1981): 454. Сондай-ақ мына сайтта қолжетімді: http://www.econlib.org/library/Smith/smWN.html.)↩︎
- Ф. А. Хайек, “Қоғамда білімді қолдану,” Американдық экономикалық шолу 35 (қыркүйек, 1945): 519–530.↩︎
- Генри Хазлитт, Экономиканы бір сабақтың ішінде шолу (New Rochelle: Arlington House, 1979): 103.↩︎
- “SCIENCE WATCH: Seat Belts and Pedestrians.” The New York Times (June 18, 1985). Section C, 9: https://www.nytimes.com/1985/06/18/science/science-watch-seat-belts-and-pedestrians.html көріңіз.↩︎
- Luxembourg: Publications Office of the European Union, 2012. “The Common Agricultural Policy—A Story to be Continued” http://doi.org/10.2762/35894.↩︎
- Оқыныз: Patrick Jomini, Pierre Boulanger, Xiao-guang Zhang, Catherine Costa, and Michelle Osborne, “The common agricultural policy and the French, EU and global economies,” Groupe d’Économie Mondiale (GEM), (October 2009. Revised February 2, 2010): https://ecipe.org/wp-content/uploads/2014/12/Jomini_boulanger-The_Common_Agricultural_policy_and_the_French.pdf.↩︎
- Pierre Boulanger and Patrick Jomini, “Of the benefits to the EU of removing the Common Agricultural Policy” Groupe d’Économie Mondiale (GEM), (November 19, 2009. Revised February 2, 2010): https://ecipe.org/wp-content/uploads/2014/12/BoulangerJomini_removingCAP112009.pdf қараңыз.↩︎
- Бұл диаграмма Ханс Рослинг бастаған, қазір оның ұлы мен келіні жүргізіп отырған үлкен жобадан алынды. Осындай көп графикті https://www.gapminder.org сайтынан табасыз және өз графигіңізді де түзе аласыз.↩︎
- Оқыңыз: Robert E. Lucas Jr., “On the Mechanics of Economic Development,” Journal of Monetary Economics 22, No. 1 (1988): 3–42.↩︎
- Жалпы өнім мен кірістің ең кеңінен қолданылған өлшемі – жалпы ішкі өнім (ЖІӨ). ЖІӨ көрсеткіштерінің өзгеруі де экономиканың өсуін өлшеуде кеңінен қолданылады.↩︎
- Өсу мен дамуға сан түрлі фактор әсер еткенімен, заманауи көзқарас бойынша, институттар мен саясат та басты рөл атқарады. Заманауи көзқарасқа үлес қосқан басты тұлғалар: Нобель сыйлығы лауреаты Дуглас Норт, ағылшын экономисті Питер Бауер, Массачусетс технология университеті профессоры Дарон Асемоғлы және Гарвард профессоры Джеймс Робинсон. Оқыңыз: Peter T. Bauer, Dissent on Development: Studies and Debates in Development Economics (Cambridge: Harvard University Press, 1972); D.C. North, Institutions, Institutional Change, and Economic Performance (Cambridge: Cambridge University Press, 1990); and Daron Acemoglu and James A. Robinson, Why Nations Fail: The Origins of Power, Prosperity, and Poverty (New York: Crown, 2012).↩︎
- Мысалы, мына еңбекті оқыңыз: Randall K. Filer and Jan Hanousek, “Output Changes and Inflationary Bias in Transition,” Economic Systems, Vol. 24, Issue 3. Available at: https://ideas.repec.org/p/wpa/wuwpma/0012010.html.↩︎
- Tom Bethell, The Noblest Triumph (New York: St. Martin’s Press, 1998): 10.↩︎
- Қосымша ақпаратты мына жерден табасыз: Reinventing the Bazaar: A Natural History of Markets (New York: W. W. Norton, 2002): 94–101. Макмиллан атап көрсеткендей, нағыз жекешелендіру таңдалғаны жөн еді. Соған қарамастан, жеке меншікке қарай қозғалыс әлі де «кедейлікке қарсы әлемдегі ең үлкен бағдарлама» болып қала бермек.↩︎
- Бизондар туралы көбірек мәліметті мына жерден оқыңыз: Lueck, Dean “The Extermination and Conservation of the American Bison” in The Journal of Legal Studies Vol. 31, No. S2, The Evolution of Property Rights: A Conference Sponsored by the Searle Fund and Northwestern University School of Law (June 2002), pp. S609–S652. Адамзат бір хайуанды көп аулап, оның жеке түрін құртып жіберген жағдайлар да бар. Оған кезеген кептер мысал. Кит негізінен майы үшін ауланатын, ал кезеген кептер еті үшін ауланатын. Бірақ кептердің ет нарығының кішкентай ғана бөлігін құрағаны соншалықты олар құри бастағанда да, ет бағасы кептерлерді сақтап қалу немесе өзге етті көбірек өндіру туралы бастама көтеретіндей өскен жоқ. Ешқандай дағдарыс болған жоқ. Сөйтіп кезеген кептерлер түбіне дейін жоғалды. Егер кит те негізінен майы үшін емес, еті үшін қарқынды ауланса, олар да жоғалып кетуі мүмкін еді. Алайда кит майының шам нарығында маңызды болғаны соншалық оның бағасы күрт өскенде кит майына сұраныс пен бағаны түсіретін алмастырушы тауар табылып, киттерді сақтап қалды.↩︎
- Clair Wilcox. Competition and Monopoly in American Industry. Monograph No. 21, Temporary National Economic Committee, Investigation of Concentration of Economic Power, 76th Cong. 3d sess. (Washington, D.C.: United States Government Printing Office, 1940).↩︎
- Adam Smith. An Inquiry into the Nature and Causes of the Wealth of Nations, Volume I Glasgow Edition (Indianapolis: Liberty Fund, Inc., [1776] 1981): 18. Also available at: www.econlib.org/library/Smith/smWN.html.↩︎
- World Bank, Doing Business Project (doingbusiness.org). “Time required to start a business (days).” https://data.worldbank.org/indicator/ic.reg.durs.↩︎
- Минималды жалақы туралы заңның кедейлерге ықпалы туралы жан-жақты талдауды мына жерден табасыз: Thomas MaCurdy, “How Effective Is the Minimum Wage at Supporting the Poor?” Journal of Political Economy 123 (2015): www.jstor.org/stable/full/10.1086/679626.↩︎
- Осыған қатысты зерттеу мында: Edward Bierhanzl and James Gwartney, “Regulation, Unions, and Labor Markets,” Regulation (Summer 1998): 40–53.↩︎
- Muravyev, A., Oshchepkov, A. (2016) “The effect of doubling the minimum wage on employment: evidence from Russia.” IZA J Labor Develop 5, 6.↩︎
- Maria Koumenta and Mario Pagliero, 2018. “Occupational Licensing in the European Union: Coverage and Wage Effects,” CEPR Discussion Paper 12577, CEPR Discussion Papers Series.↩︎
- Мына жерден қараңыз: the Department of Treasury, Office of Economic Policy, Occupational Licensing: A Framework for Policymakers, 2015; Morris M. Kleiner, “Why License a Florist?” New York Times, May 28, 2014; Jacob Goldstein, “So You Think You Can Be a Hair Braider?” New York Times, June 12, 2012; and Dick M. Carpenter II, Lisa Knepper, Angela C. Erickson, and John K. Ross, License to Work: A National Study of Burdens from Occupational Licensing, Institute for Justice, May 2012.↩︎
- Суреттер кеңес одағы ыдырағалы тұрған 1990 жылы түсірілгенін байқаған шығарсыздар. Оның себебі КСРО-ның әуе кеңістігінен суретке түсіру оңай емес еді. Ең маңыздысы, теңіздің 1990 жылдан кейін де тартыла беруі де кеңес саясатының салдары. Аймақтық экономика қисынсыз өндіріс әрекеті схемасы негізінде құрылса, инфрақұрылым мен жұмысшылардың мамандануын өзгерту өте қиын. Аяқ астынан Каспий теңізіндегі балықшыларға «Енді балық ауламайсыңдар, басқа жұмыс тауып алыңдар» десе, не болар еді?↩︎
- Бұл сандар Жауапты саясат орталығының «Лобби: ең көп қаржы жұмсаушылар» материалынан алынды (2008), оны мына жерден табасыз: http://www.opensecrets.org/lobby/top.php?indexType=s. (Қосымща деректерді мына жерден қараңыз: Peter J. Wallison and Charles W. Calomiris, “The Destruction of Fannie Mae and Freddie Mac,” American Enterprise Institute [2008] available at https://www.aei.org/research-products/report/the-last-trillion-dollar-commitment/).↩︎
- Мына материалды қараңыз: Peter Nyberg (2011) Report of the Commission of Investigation into the Banking Sector in Ireland (Dublin) https://merrionstreet.ie/en/News-Room/Releases/commission-of-investigation-into-the-banking-sector.38671.shortcut.html, and Ron Wright Strengthening the Capacity of the Department of Finance (Dublin) https://web.archive.org/web/20110310164641/http://www.finance.gov.ie/documents/publications/reports/2011/deptreview.pdf.↩︎
- Несиелік карталар (және дебеттік карталар) ақша емес екенін ескеріңіз. Несиелік карта-бұл автоматты түрде несие алу құралы, егер ол жақын арада қайтарылса, пайыздар есептелмейді, ал дебеттік карта - бұл нақты ақша болып табылатын депозиттегі қаржыны банктік шотқа аударудың қарапайым тәсілі.↩︎
- Әрине, экономистер "корреляция себептік байланысты білдірмейді" деп жиі айтқанды жақсы көреді. Мүмкін, жоғары инфляцияға тап болған елдер артта қалуға тырысу үшін көп ақша шығаратын шығар. Алайда, деректер ақшаның шамадан тыс басып шығарылуы инфляцияны тудыратының (әдетте салықты көтермей мемлекеттік шығындарды төлеу үшін) растайды. Әйгілі Милтон Фридман айтқандай: "Инфляция әрдайым және барлық жерде монетарлық саясат феномені".↩︎
- Frye, T. (2002). “The Perils of Polarization: Economic Performance in the Postcommunist World.” World Politics, 54(3), 308–337. http://doi.org/10.1353/wp.2002.0008.↩︎
- Посткоммунистік елдерде Кенес үкіметі ыдырағаннан кейінгі ЖІӨ-нің нақты төмендеу дәрежесін өлшеу өте қиын. Орталықтандырылған жоспарлау кезінде өндірушілер квоталарды алу үшін өндіріс көлемін қағаз жүзінде арттыруға ынталы болды. Нарықтық экономикада өндірушілер керісінше салықтарын азайту үшін қағаз жүзінде өндіріс мөлшерін төмендетуге ынталы болады. Сонымен қатар, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сапаны жақсаруын өлшеу мүмкін емес. Мысал ретінде осы еңбекті қараныз, Randall Filer and Jan Hanousek (2003) “Output Changes and Inflationary Bias in Transition”, Economic Systems, Vol. 24. http://dx.doi.org/10.2139/ssrn.1516073.↩︎
- Anders Aslund, Ukraine:What Went Wrong and How to Fix It (Peterson Institute, 2015): 48–49.↩︎
- Дүниежүзілік банк «бір ел, екі жүйе» ұғымын ұстанады және Гонкогтың салық жүйесін континенталды Қытай салық жүйесінен бөлек қарастырады.↩︎
- Henry George, Protection or Free Trade (New York: Robert Schalkenbach Foundation, 1980).↩︎
- «Жұмыс орнын сақтап қалушылардың» көбі шетелдіктер қолдарына тиген доллар не евроға зат сатып алмастан, тауарларды ұсына беретіндей әрекет етеді. Шындығында ондай емес. Егер шетелдіктер америкалықтарға долларға, европалықтарға евроға тауар сатып, бірақ қолына тиген доллар мен евроға өнім сатып алуды қаламаса, онысы америкалықтар мен еуропалықтардың импорт ақысына чек жазып беріп, оны ешкім қолма-қол ақшаға айналдырмағаны немесе ұлт батырларының суреті (АҚШ банкноттары) немесе ойдан алынған көпір суреті салынған (евро банкноттары) әсем қағаз жолақтарын экспорттағаны сияқты болар еді. Бұл әрекет дұрыс болар ма еді? Іс жүзінде, импортталған тауар мен қызметті өндіруші қолына тиген чекті қолма-қол ақшаға айналдырады. Оларға бір парақ қағаздың керегі жоқ, олар қалағанын сатып алу немесе өнімді активтерге инвестиция жасау үшін ақшаның сатып алу қабілетін қолданғысы келеді. Және олар көбіне Америка мен Еуропа экспорттайтын өнімдерді сатып алғысы келеді. Осылайша импорт экспортқа сұраныс тудыруға көмектеседі.↩︎
- Валюта айырбас бағамын нарық күштері анықтағанда, бұл нарықтағы тепе-теңдік шетелдіктерден сатып алынған тауар, қызмет және активті (реалды активтер және облигация сияқты қаржылық активтер) осы заттарды шетелдіктерге сатумен балансқа келтіреді. Соңғы жиырма жылда АҚШ-тың тауар мен қызмет импорты экспорттан үнемі асып тұрды. Айырбас бағамын нарық белгілейтін жағдайда мұндай сауда дефицитін осыған шамалас мөлшердегі капитал түсімі молынан жауып кетеді. Капитал түсімі нәтижесінде сыйақы мөлшерлемелері төмендеп, инвестиция артып, қосымша жұмыс орындары ашылады. Сондықтан осындай жағдайдың өзінде еңбекпен қамтылуға кері әсері тиеді деп алаңдауға еш себеп жоқ. Ұзақ уақыт бойы 1980-2005 жылдар аралығында сауда дефициті орын алғанымен, АҚШ-тағы жұмыс орындарының саны шамамен 35 миллионнға көтерілді.↩︎
- Дәл осы логика «аутсорсинг», яғни шығынды азайту мақсатында белгілі бір әрекеттерді шет елде жүзеге асыруға да қатысты. Егер бір әрекетті төменірек бағаға шет елде атқару мүмкін болса, отандық ресурстар босап, өнімділігі жоғарырақ істерге жалдануға әзір тұрады. Соның нәтижесінде, өндіріс көлемі өсіп, кіріс деңгейі артады.↩︎
- «Арзан» деген «сапасы төмен» дегенді білдірмейді. Біз сапаны тұрақты өлшем ретінде қарастырамыз. Экономист сапасы әртүрлі екі өнімді екі бөлек өнім ретінде көреді. Батыс Техас орта мұнайы Луизиана лайт сортынан бөлек өнім, сол сияқты Mercedes пен Kia – жалпылама «көлік» емес, екі бөлек өнім.↩︎
- S. Hong, H. Han, and C.S. Kim, “World distribution of income for 1970–2010,” Empirical Economics (2019). https://doi.org/10.1007/s00181-019-01657-w.↩︎
- Дәйексөз мына жерден алынды: Frank Whitson Fetter, “Congressional Tariff Theory,” American Economic Review, 23 (September 1933): 413–27.↩︎
- Douglas A. Irwin, “GATT’s contribution to economic recovery in post-war Western Europe” in: Europe’s Postwar Recovery, ed. B. Eichengreen (Cambridge: Cambridge University Press, 1995): 127–150. Диаграммаларға сілтемелер Ирвин мәтінінен қараңыз.↩︎
- бұл да сол жерде., 7-б.↩︎
- бұл да сол жерде., 2-б.↩︎
- Мысалы, мынаны қараңыз: Havrylyshyn, and Tupy (2016) “25 Years of Reforms in Ex‐Communist Countries: Fast and Extensive Reforms Led to Higher Growth and More Political Freedom,” CATO Institute Policy Analysis No. 795.↩︎
- Салыстырмалы деректің мағынасы болу үшін бұл мәліметтер 2011 жылы болған АҚШ доллар бағасымен берілген. Доллар әр түрлі елдердегі бағалардағы айырмашылықтарды ескере отырып бірінғай бағаны көрсетеді.↩︎
- 1986 жылы экономика бойынша Нобель сыйлығы Джеймс Бьюкананға экономикадағы қоғамдық таңдау теориясын дамытудағы рөлі үшін берілді. Қоғамдық таңдау талдауын нақты және жан-жақты түсіну үшін Randy Simmons, Beyond Politics: The Roots of Government Failure (Oakland, California: The Independent Institute, 2011) еңбегін қараңыз.↩︎
- Көпшілік әл-ауқат экономикасының әкесі деп санайтын А.К. Пигу дәл осы ойды айтқан. Пигу өзінің 1932 ж. классикалық «Әл-ауқат экономикасы» (II бөлім, 20-тарау, 4-бөлімше) еңбегінде былай деген: "Еркін кәсіпорынның шалағай түзетулерін экономистердің зерттеулерінде қолданылатын ең жақсы түзетулермен салыстыру жеткіліксіз. Мемлекеттік органның сол идеалға қол жеткізетінін не тіпті соған шынымен ұмтылатынын елестету қиын. Мұндай билікке надандық, топтық қысым және жеке мүдделерді іске асыратын жемқорлық тән. Дауыс берілетін болса, дауыстары қатты сайлаушылардың үндері бәрінен асып түсуі мүмкін.”↩︎
- Thomas Sowell, Is Reality Optimal and Other Essays (Stanford: Hoover Institution Press, 1993).↩︎
- Jared Meyer and Preston Cooper, “Sugar Subsidies Are a Bitter Deal for American Consumers,” Economic Policies for the 21st Century at the Manhattan Institute, Manhattan Institute (June 23, 2014) қараңыз. economics21.org/commentary/sugar-subsidies-are-bitter-deal-american-consumers. Соңғы жылдары кәмпит өндірушілер мен басқа да қантты пайдаланушылар Канадаға, Мексикаға және қантты әлемдік нарықтағы бағамен сатып алуға болатын басқа елдерге қоныс аударуда. Алдында айтылған сауда туралы талдауымызды ескерсек, қант өнеркәсібіндегі жұмыс орындарын «сақтап қалған» импорттық шектеулер басқа салалардағы, әсіресе қантты көп қолданатын салалардағы жұмыс орындарының қысқаруына әкелді.↩︎
- Jeffrey Frankel, “The arguments against food and energy subsidies,” World Economic Forum, August 18, 2014. https://www.weforum.org/agenda/2014/08/food-energy-subsidies-egypt-india-indonesia.↩︎
- Holman W. Jenkins Jr., “How Uber Won the Big Apple,” қараңыз. Wall Street Journal, July 24, 2015. http://www.wsj.com/articles/how-uber-won-the-big-apple-1437778176.↩︎
- John Voelcker, “Where Can Tesla Legally Sell Cars Directly To You? қараңыз. State-By-State Map: LATEST UPDATE.” Green Car Reports, April 22, 2015, n.p. www.greencarreports.com/news/1095337_where-can-tesla-legally-sell-cars-directly-to-you-state-by-state-map; Phil Kerpen, “Tesla and Its Subsidies.” National Review Online, January 26, 2015, n.p. http://www.nationalreview.com/article/397162/tesla-and-its-subsidies-phil-kerpen.↩︎
- James Buchanan, The Deficit and American Democracy (Memphis: P. K. Steidman Foundation, 1984).↩︎
- Ashley Kirk, “European debt crisis: It’s not just Greece that’s drowning in debt,” Daily Telegraph, February 8, 2017. https://www.telegraph.co.uk/news/0/european-debt-crisis-not-just-greece-drowning-debt.↩︎
- Біз осы мысал үшін Солтүстік Каролина штаты университетінде ұзақ жылдар бойы профессор болып қызмет еткен кіші Э. C. Пасуорға алғысымызды айтамыз.↩︎
- Eurostat, Statistics Explained, “Government expenditure on social protection.” http://ec.europa.eu/eurostat/statistics-explained/index.php/Government_expenditure_on_social_protection.↩︎
- Eurostat, Statistics Explained, “Population structure and ageing.” http://ec.europa.eu/eurostat/statistics-explained/index.php/Population_structure_and_ageing.↩︎
- James R. Schlesinger, “Systems Analysis and the Political Process,” Journal of Law & Economics (October 1968): 281.↩︎
- World Bank, “Subsidies and other transfers (% of expense),” International Monetary Fund, Government Finance Statistics Yearbook and data files. https://data.worldbank.org/indicator/GC.XPN.TRFT.ZS.↩︎
- Eurostat, Statistics Explained, “Total general government expenditure on social protection, 2016 (% of GDP % of total expenditure.” http://ec.europa.eu/eurostat/statistics-explained/index.php?title=File:Total_general_government_expenditure_on_social_protection,_2016_(%25_of_GDP_%25_of_total_expenditure).png.↩︎
- Басқалар бұл сөзді лорд Томас Маколей айтты деп санайды. Авторды нақты анықтау мүмкін емес. Осы тақырып бойынша қосымша ақпарат алу үшін Лорен Коллинздің “The Truth About Tytler” еңбегін қараңыз: http://www.lorencollins.net/tytler.html.↩︎
- Осы мәселені толық талдау үшін James Gwartney and Richard Stroup, “Transfers, Equality, and the Limits of Public Policy,” Cato Journal, (Spring/Summer 1986) қараңыз.↩︎
- Мысалы, Anna Kiersztyn, “Stuck in a mismatch? The persistence of overeducation during twenty years of the post-communist transition in Poland,” Economics of Education Review, 32:1 (2013), p. 78–91 қараңыз.↩︎
- Бұл мәселе бойынша дәлелдерді Lawrence Katz and Bruce Meyer, “The Impact of the Potential Duration of Unemployment Benefits on the Duration of Unemployment,” Journal of Public Economics 41, No. 1 (February 1990): 45–72 қараңыз. Сондай-ақ Daniel Aaronson, Bhashkar Mazumder, and Shani Schechter, “What Is Behind the Rise in Long-Term Unemployment?” Federal Reserve Bank of Chicago, Economic Perspectives (Second Quarter 2010): 28–51 қараңыз.↩︎
- Federal Safety Net, “Poverty and Spending Over the Years.” Мұнда кедейлердің медициналық сақтандыруға жұмсалған шығын (Medicaid) қосылмаған. http://federalsafetynet.com/poverty-and-spending-over-the-years.html.↩︎
- OECD Data (2019), “Financial disincentive to return to work” (indicator). http://doi.org/10.1787/3ef6e9d7-en.↩︎
- Seymore Drescher, translator (London: Civitas, 1997): 27–28.↩︎
- Ron Haskins and Isabel V. Sawhill, Opportunity Society (Washington, D.C.: Brookings Institution Press, 2009).↩︎
- Като институтының қызметкері Майкл Таннер АҚШ-та мемлекеттік жәрдемақылардың тек 30% -ы, қайырымдылық ұйымдарының қаражатының 82% -ы атаулы бенефициарларға жететінін мәлімдеді.↩︎
- Adam Smith, The Theory of Moral Sentiments, Glasgow Edition of Oxford University Press (Indianapolis: Liberty Fund, Inc., [1790] 1976): 233–34. Сонымен қатар, мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.econlib.org/library/Smith/smMS.html?chapter_num=7 - book-reader.↩︎
- Friedrich Hayek, “Pretence of Knowledge.” Nobel Prize Lecture in Economics. Stockholm, Sweden. December 11, 1974.↩︎
- Jeffrey Frankel, “The arguments against food and energy subsidies,” World Economic Forum, August 18, 2014. https://www.weforum.org/agenda/2014/08/food-energy-subsidies-egypt-india-indonesia.↩︎
- Oby Ezekwesili, “Why we need to end fisheries subsidies,” World Economic Forum, October 2, 2015. https://www.weforum.org/agenda/2015/10/why-we-need-to-end-fisheries-subsidies.↩︎
- Omnipotent Government: The Rise of the Total State and Total War (New Haven: Yale University Press, 1944) еңбегінен алынған.↩︎
- M. Czaika and C.R. Parsons, “The Gravity of High-Skilled Migration Policies,” Demography, 54 (2017): 603.↩︎
- Freidman, Milton, Capitalism and Freedom (Chicago: University of Chicago Press, 2002).↩︎
- Alexis de Tocqueville, Democracy in America (New York: George Dearborn & Co., Adlard and Saunders, 1835): Volume 1, Chapter 5. Қазіргі Америка Құрама Штаттарында жергілікті үкіметтің билігі әлі де сондай ма деген сұрақты талдамаймыз. Бұл ашық сұрақ болып қалсын.↩︎
- 2019 жылдың соңына қарай профессор Мылованов Питтсбург университетіндегі профессорлық қызметін тастап, Украинаның Экономика, сауда және ауыл шаруашылығын дамыту министрі болды, бұл қызметті 2020 жылдың наурызына дейін атқарды.↩︎
- Stefan Voigt, Stefan, Jerg Gutmann, and Lars P. Feld (2015) “Economic growth and judicial independence, a dozen years on: Cross-country evidence using an updated Set of indicators,” European Journal of Political Economy 38 p: 197–211 қараңыз.↩︎
- Әрине, технология қуғын -сүргінге де қолданылуы мүмкін: диссиденттерді немесе азшылық өкілдерін бақылау үшін бетті тану технологиялары қолданылады.↩︎
- ЕО-ға мүшеліктің посткоммунистік елдерде табысты реформа жасауға қалай әсер еткенін білуі үшін Олех Хаврилишиннің еңбегіндегі 6-тарауды қараңыз -Oleh Havrylyshyn, Present at the Transition (Cambridge: Cambridge University Press, 2020).↩︎
- “Buy any deans necessary, Letting academics pick magistrates has not worked in Guatemala,” The Economist (July 25, 2019): 37. https://www.economist.com/the-americas/2019/07/25/letting-academics-pick-magistrates-has-not-worked-in-guatemala.↩︎
- Йоги сонымен қатар: «Жол айрығына келгенде, саспаңыз, екеуін де таңдаңыз», - деп кеңес берген.↩︎
- Америка кәсіпкерлік институтының Президенті Артур Брукс - бақытты анықтайтын факторларды зерттейтін көрнекті ғалымдардың бірі. Оның ойларын мына шолудан қараңыз: “A Formula for Happiness,” New York Times, December 14, 2013 at: http://www.nytimes.com/2013/12/15/opinion/sunday/a-formula-for-happiness.html.↩︎
- Көбінесе тұтынушылар мен «жоспарлаушылар» заттарды әртүрлі бағалайды. 2019 жылы әлемдегі ең жас миллиардер Кайли Дженнер болды. Біз оның ерін жылтыратқышын сынамай-ақ, еркін азаматтардың мыңдаған тауардың ішінен оны таңдауынан көп ақпарат ала аламыз.↩︎
- Майкл Акерс пен Гровер Портердің “What is Emotional Intelligence (EQ)?” еңбегін: http://psychcentral.com/lib/what-is-emotional-intelligence-eq/ сайтынан қараңыз.↩︎
- Адам бойындағы қасиеттер мен экономикалық табыс арасындағы байланысты анықтайтын алғашқы зерттеулердің бірін осы кітап авторларының бірі жазған. Қараңыз: Randall K. Filer, “The Influence of Affective Human Capital on the Wage Equation,” in Ronald Ehrenberg, ed., Research in Labor Economics, Vol. 4 (Greenwich: JAI Press, 1981).↩︎
- Theresa Harold, “How a former Soviet state became one of the world’s most advanced digital nations,” Alphr.com, (30 Oct 2017) http://www.alphr.com/technology/1007520/how-a-former-soviet-state-became-one-of-the-worlds-most-advanced-digital-nations.↩︎
- Adidas AG, Financial Publications: https://www.adidas-group.com/en/investors/financial-reports.↩︎
- Michael Jarrett and Quy Nguyen Huy, “IKEA’s Success Can’t Be Attributed to One Charismatic Leader,” Harvard Business Review (hbr.org), February 2, 2018. https://hbr.org/2018/02/ikeas-success-cant-be-attributed-to-one-charismatic-leader.↩︎
- Дүниежүзілік банк, “Self-employed, total (% of total employment) (modeled ILO estimate),” International Labour Organization, ILOSTAT database data retrieved in April 2019. https://data.worldbank.org/indicator/SL.EMP.SELF.ZS.↩︎
- Janene Pieters, “A Fifth Of Dutch Millionaires Are Farmers,” NLTimes.NL, September 12, 2017. https://nltimes.nl/2017/09/12/fifth-dutch-millionaires-farmers.↩︎
- Bruno Dallago, Kier Discussion Paper No. 968, “Diverging Paths of Entrepreneurship in Post-Transformation Countries, a Comparative View”; Kyoto Institute of Economic Research, March 2017. http://www.kier.kyoto-u.ac.jp/DP/DP968.pdf.↩︎
- Томас Стэнли мен Уильям Д. Данко өздерінің «The Millionaire Next Door» (Atlanta: Longstreet Press, 1996) атты бестселлер-кітабында миллионерлерде ең көп кездесетін ерекшелікті байқаған: олар ұзақ уақыт бойы өте үнемді өмір салтын ұстанған. Олардың жартысынан көбі мұрагер болмаған, тек 20 пайыздан азы өз байлығының 10 пайызын немесе одан көбірек бөлігін мұрагерлік жолмен алды.↩︎
- Қараңыз: “Your Top Debt Management Questions Answered.” Dave Ramsey. N.p., October 25, 2014. https://www.daveramsey.com/blog/the-truth-about-debt-management.↩︎
- Несиелік карта арқылы импульстік сауда жасамау үшін кейбіреулер креативті әдістерді қажет етуі мүмкін. Мұндай жағдайда экономист, қаржылық кеңесші Уильям C. Вуд несие картасын тоңазытқышта мұз қылып қатыруды ұсынады. Мұз еріген кезде сатып алуға деген құмарлығыңыз салқындауы мүмкін.↩︎
- Justin Higginbottom, “Governments Finally Embrace The Sharing Economy,” Ozy.com, September 30, 2018. https://www.ozy.com/fast-forward/governments-finally-embrace-the-sharing-economy/89688.↩︎
- Профессор Уильям С.Вуд мұндай пункттерді «SIT шығыны» деп атайды. Вуд SIT екі нәрсені білдіреді дейді: (1) тосын төлем жасау; (2) күтпеген жағдайға, сақтандыру мен салыққа тап болу».↩︎
- Сонымен қатар, кейбір мұсылмандарға шариғат заңы бойынша пайыз алуға рұқсат етілмейді және олар қайтарымды пайданы бөлу сияқты келісім арқылы алады, бұл туралы осы элементтің соңында білетін боласыз.↩︎
- Nils-Gerrit Wunsch, “Retail price of a premium pack of 20 cigarettes in selected European countries in 2017 (in GBP),” April 3, 2019. https://www.statista.com/statistics/415034/cigarette-prices-across-europe. ↩︎
- Біздің есебімізде инвестициялық табыс - жылына 7%. Бірақ бұл нақты емес. Орташа жылдық қайтарым шамамен 7 пайыз деп күтсеңіз де, бұл қайтарым жылдан жылға өзгеріп отырады. Бұл зейнетке шыққанда қанша ақшаңыз болатынын өзгерте алады, бірақ айырмашылық шамалы болуы мүмкін.↩︎
- Бұл - Америка Құрама Штаттары нарығындағы орташа қайтарым мөлшері, бірақ басқа дамыған елдердің көрсеткіштері де осыған ұқсас. Мысалы, Америка Құрама Штаттарына қарағанда Ұлыбританияның нарығы жақсы күйде болса, инвесторлар жағдай жақсарғанша ақшаны Ұлыбританияға аударар еді. Белгілі бір елдегі облигацияның табыстылығы үнемі жоғары болса, инвесторлар сол елдегі тәуекелдің жоғары екендігін біледі, олар мұны дефолтпен (төлем жасай алмау) немесе девальвациямен (валютаның құнсыздануы) байланыстырар еді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік облигациялардың жоғары мөлшерлемесі әдетте үкіметтің нашарлығын көрсетеді. Нақты (инфляциядан кейін) қайтарым мөлшері 7 % болса, бұл Dell және Microsoft сияқты кейбір акциялардың табыстылығымен салыстырғанда аса көп болып көрінбеуі мүмкін. Бірақ 7 пайыздық күрделі жылдық қайтарым мөлшері дегеніміз жинақ ақшаңыздың құны әр он жылда екі есе өседі деген сөз. Керісінше, пайыздық мөлшерлеме 2% болса, ақшаңызды екі есе көбейту үшін отыз бес жыл қажет, бұл шамамен жинақ шоты мен ақша нарығындағы пай қорларының салықтан кейінгі табысына тең. Ескерту: Әртүрлі пайыздық мөлшерлеме бойынша ақшаңызды екі есе көбейтуге қанша жыл қажет екенін білу үшін орташа жылдық табысыңызды жетпіске бөліңіз. Мұны кейде 70 ережесі немесе дәлдікті ұнататындар үшін 72 ережесі деп атайды.↩︎
- Krystyna Krzyzak, “CEE: A System In Flux,” Investment & Pensions Europe, January 2018 (Magazine). https://www.ipe.com/pensions/country-reports/cee/cee-a-system-in-flux/10022463.article.↩︎
- Christopher Jarvis, “The Rise and Fall of Albania’s Pyramid Schemes,” Finance & Development, a quarterly magazine of the IMF, March 2000, Volume 37, Number 1. https://www.imf.org/external/pubs/ft/fandd/2000/03/jarvis.htm.↩︎
- Біз атаған кез келген нақты қор олардың басқаларынан артық екендігін көрсетпейді. Инвестиция салмастан бұрын мұқият зерттеу жүргізу керек. Есіңізде болсын, сіздің болашағыңыз - өз қолыңызда.↩︎
- Dimitar Boyadzhiev et al., Morningstar Manager Research EMEA, “Morningstar’s European Active/Passive Barometer,” February 2019. https://www.morningstar.com/en-uk/lp/european-active-passive-barometer.↩︎
- Қараңыз: Jeremy J. Siegal, Stocks for the Long Run, 3rd edition (New York: McGraw Hill, 2002): 342–43.↩︎
- Қараңыз: Burton G. Malkiel, A Random Walk Down Wall Street: The Time Tested Strategy for Successful Investing (New York: W. W. Norton & Company, 2015): 177–78.↩︎
- Қараңыз: Burton G. Malkiel, A Random Walk Down Wall Street: The Time-Tested Strategy for Successful Investing (New York: W. W. Norton & Company, 2003): 189–190. Бір кезеңде жоғары қайтарым мөлшерін ұсынған пай қоры болашақта да осылай табыс әкеле бермейтінін түсіну үшін қосымша келесі дереккөзді қараңыз: Mark M. Carhart, “On Persistence in Mutual Fund Performance,” The Journal of Finance 52, No. 1 (March 1997): 57–82.↩︎
- Қараңыз: Burton G. Malkiel, A Random Walk Down Wall Street: The Time-Tested Strategy for Successful Investing (New York: W. W. Norton & Company, 2003): 180–181.↩︎
- Abraham Okusanya, “Lessons from 118 years of asset class returns data,” FinalytiQ, March 28, 2018. https://finalytiq.co.uk/lessons-118-years-capital-market-return-data/.↩︎
- Индекс қорларына инвестиция салатындар да сарапшылардан кеңес алуы керек. Салықты кейінге қалдыру, өсиет пен сенімгерлерді белгілеу, дұрыс сақтандыру және т.б. осы сияқты салық және құқық мәселелері бойынша мамандарға жүгіну қажет.↩︎
- Қараңыз: Liqun Liu, Andrew J. Rettenmaier, and Zijun Wang, “Social Security and Market Risk,” National Center for Policy Analysis Working Paper, No. 244, July 2001.↩︎
- Инфляцияға сәйкес индекстелген облигация шығаратын елдердің қатарында Ұлыбритания, Германия, Ресей Федерациясы және Швеция бар.↩︎
- OECD, Directorate for Employment, Labour and Social Affairs: Pension systems: “Ukraine: Pension system profile.” https://www.oecd.org/countries/ukraine/45336467.pdf.↩︎
- OECD Project on Financial Incentives and Retirement Savings, Policy Brief N°1, “The tax treatment of retirement savings in private pension plans,” December 2018. https://www.oecd.org/daf/fin/private-pensions/Tax-treatment-of-retirement-savings-Policy-Brief-1.pdf.↩︎
- Tranio, “Real estate agency commission rates in different countries,” September 18, 2017. https://tranio.com/articles/real_estate_agents_commissions_in_various_countries.↩︎
- Bank for International Settlements, Joint Forum, “Mortgage insurance: market structure, underwriting cycle and policy implications,” August 2013. https://www.bis.org/publ/joint33.pdf.↩︎
- Eurostat, “Mean and median income by educational attainment level–EU-SILC survey.” Last update: 27 August 2019. https://ec.europa.eu/eurostat/en/web/products-datasets/-/ILC_DI08.↩︎
- Pay Scale, Inc. College Salary Report Updated for 2019. Retrieved from www.payscale.com/college-salary-report/majors-that-pay-you-back/bachelors.↩︎
- Bitcoin.org, “Avoid Scams: Familiarize yourself with some of the most commonly observed bitcoin scams to help protect yourself and your finances—Free Giveaways.” https://bitcoin.org/en/scams#free-giveaways.↩︎
- Әділ монета - лақтырғанда екі жағының түсу мүмкіндігі 50% болатын монета. Монетаның «бет жағы» мен «артқы жағы» болады, патша, патшайым не президент бейнеленген жағы артқы жағы. Еуро монеталарының елтаңба бейнеленген беті - «артқы жағы». Бір қызығы, кейбір зерттеулер ЕО -ның монетасы «әділ» емес екенін, көбінесе елтаңба жағымен түсетінін анықтаған. (Осылай істеп, ақшаңыздан айырылсаңыз, бұған авторлар жауапты емес ☺).↩︎
Элементтерде қолданылған оқуға арналған әдебиеттер
Ынталандырулардың күші
Дуайт Ли
Ойлануға арналған сұрақ: осы мәтінді оқып отырғанда, ынталандыру деген не және оның не себепті маңызды екенін ойлай отырыңыз.
Адамдарды қалағаныңыздай әрекет еткізудің ең сенімді жолы — оларға сол үшін сый беру, басқаша айтқанда, ынталандыру. Бұл айдан анық, сөз етуге де тұрмайтын жәйт емес пе деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ, ол сөз етуге тұрарлық жәйт.
Адамдарға қалаған ісіңізді істегені үшін сый (немесе пара) беруге болмайды деуіңіз мүмкін. Ынталандырудың қажет екенін мойындасаңыз да, қалаған әрекетіңізді қалай жасатудың жолдары анық емес.
Жақында кей адамдардың игі іске бағыттайтын ынталандыруға эмоциялық қарсылық білдіретініне куә болдым. Зимбабве мен Оңтүстік Африкада піл табынын ұстап, одан пайда табуға рұқсат етілетіндіктен, піл саны артқанын естіп білдім. Қоршаған ортаны аялайтынын баса айтқан студент пілді адамдардың ашкөздігін қанағаттандыру үшін ғана қорғаған, қорғамай-ақ қойғанымыз артық еді дейді. Басқаша айтқанда, әлгіндей әрекет салдарынан пілдер ғана жапа шегетін болса, ол айтқанынан қайтқысы жоқ. Оның ұстанымына сәйкес игі іске жеке бас мүддесі үшін емес, жанашырлық пен қамқорлық таныту үшін ынталандыру керек. Бұл ұстанымды «осыған ұқсас көзқарасты» ұстанатын өзгелер де қолдайды деп ойлаймын. «Өмірің қыл үстінде тұрғанда хирургке барудан бас тартып, күрделі операцияны анаңа жасатсаң, әлгіндей моральдық ұстанымыңа тәнті болар едім» дегенді оған айтпай тұра алмадым.
Адамдарды ынталандыру қажет дегенге иландырғаннан, лайықты ынталандыруды анықтау әлдеқайда қиын. Әрине, бізге керегі – адамдарды өзіміз қалаған әрекетке ынталандыратын ынталандырулар, ал қалау дегенміз не. Кей жағдайда оның жауабы айдан анық. Бірақ, әрдайым олай емес.
Игі іс жасаған сайын өзге бір жақсылық жасау мүмкіндігіңіз азаяды. Айналып өту мүмкін емес тапшылық қатынасы деген осы, бұл жайында балама құн туралы айтқанда тоқталамыз. Әрдайым ортақ байламға келуге болады. Қалай дұрыс әрекет ету керектігін анықтау үшін көбіне әртүрлі дереккөздерден мәліметтер жинау керек. Сонымен ынталандың маңызды екі қызметі мыналар: (1) жасауға болатын үздік істер туралы мәлімет беру және (2) адамдарды әлгі істерді жүзеге асыруға ынталандыру.
Ынталандыру және бас бостандығынан айырылғандармен қарым-қатынас
Кейде әрекеттің қалаулы бағыты айқын, мына мысалдар адамдар әрекетіне әсер ететін ынталандыру күшіне баса назар аудартқызады. Бұған жақсы мысал – Британ үкіметінің 1860-жылдары кеме капитандарымен келісім шарт бекітілді, осы шарт бойынша бас бостандығынан айырылғандарды Австралияға тасымалдау бекітілді. Австралияға жөнелтілген бас бостандығынан айырылғандардың осы сапардан аман қалу көрсеткіші 40% ғана еді, мұның тым төмен көрсеткіш екені бәріне белгілі болатын. Гуманитарлық топтар, шіркеу мен үкімет органдары сапардан аман қалғандар көрсеткішін жақсарту үшін капитандарды бас бостандығынан айырылғандарға жақсырақ қарауға шақырып, осыған орай моральды алға тартты. Соған қарамастан, сапардан аман қалғандар көрсеткіші 40 пайыз күйінде қалды.
Едвин Чадуик есімді экономист ынталандыруды өзгертуді ұсынды. Чадуик капитандарға Англияда кемеге мінген әр бас бостандығынан айырылушы үшін ақы төлеудің орнына Австралия жеріне кемеден аман-есен түскен әр адам үшін ақы төлеуді ұсынды. Жағдай бірден және айтарлықтай өзгерді. Сапардан аман қалғандар көрсеткіші 98 пайыздан асты, себебі енді капитандар бас бостандығынан айырылғандар денсаулығын сақтауға жақсы ынталандыруға ие болды. Олар кемеге мінетіндер санын азайтып, сапар кезінде бас бостандығынан айырылғандарға жақсырақ ас-су беріп, олардың тазалық сақтауына жағдай жасады.(1)
Тікелей және жанама ынталандыруларды қалыптастыру
Бас бостандығынан айырылғандарды тасымалдау мысалындағыдай кейде қалаулы ынталандыруды тікелей қалыптастыруға болады. Не істелу керектігін білгенде оның істелуіне сый (айталық, ақшалай төлем) белгілейсіз. Өкінішке орай, көп жағдайда біз қалаған мінез-құлық түрі бәсекелес мақсаттарды теңдестіруді қажет етеді. Мұндайда бір іске тікелей ынталандыру тым "тиімді" болып кетуі мүмкін, себебі ол адамдардың басқа істерді елеусіз қалдыруына түрткі болады.
Кеңес Одағында ынталандыруды тікелей қолданудан туындаған олқылықтар көп еді. Мысалы, басшылар аяқ киім өндірісін арттыру стимулына жауап ретінде аяқ киімдердің бірнеше өлшемін ғана шығарып, тұтынушыларға қандай өлшем қажет екеніне мүлде мән бермеген. Мұндай ынталандырулар адамдардың іс-әрекетіне әсер еткенімен, тиімді экономикаға қажетті әлеуметтік ынтымақтастықты қалыптастыра алмады.
Тікелей ынталандыру арқылы адамдарды ынтымақтастық орнатуға ынталандыруды көздегенде, қалаған нәтижеге қол жеткізу сирек кездеседі. Одан гөрі ынталандыру жалпы ережелер жиынтығы арқылы жанама түрде іске асырылуы керек, сонда әлгі жалпы ережелер әлеуметтік қарым-қатынас кезінде ынталандыру тудырады.
Көлік кептелісі ынтымақтастыққа ынталандырудағы жалпы ережелер маңызын көрсетеді. Қарбалас уақытта кептеліс шиеленісіп кетсе де, көлік қозғалысынан әлеуметтік ынтымақтастықтың алдын ала жоспарланбаған талай тамаша көрінісін байқауға болады. Мұндай ынтымақтастық болмаса, үлкен қалаға қатынап жұмыс істейтін ондаған мың адам кептеліс қақпанына түсіп, текке сарғайып отырар еді.
Көлік жүргізушілерінің бір-бірімен осыншалықты ұтымды ынтымақтасу ережелері қарапайым: (1) жолдың оң жағымен қозғалу; (2) жасыл жанғанда жүру, сарыда жылдамдықты күшейте түсу немесе тоқтауға дайындалу және қызыл жанғанда тоқтау; (3) белгіленген жылдамдық шегінен сағатына 10 мильден аспау және (4) өзге көліктерге сүйкенбей жүру. Бұл ережелер межелі жерге қауіпсіз және жайлы жетуге деген ынтамызды барлығының мүддесіне сай келетін ымырашыл мінез-құлық үлгісіне айналдырады.(2)
Ережелер жиынтығы қалай жеке ынталандыру арқылы әлеуметтік ынтымақтастыққа ынталандыратын орта қалыптастыра алатынының тамаша мысалы – нарықтық экономика. Нарықтық экономика ынталандыруларды тікелей тудырмайды. Анығында, нарық ынталандыруды мүлде тудырмайды. Ең маңызды ынталандыру жеке тұлғалардың махаббатын табу, құрметке бөлену, әлемді жақсарта түсу, отбасын асырау сияқты субъектив қалауларынан туындайды. Нарық -- адамдарға өз қалауын басқаларға жеткізуге мүмкіндік беретін әртүрлі ынталандыруды үйлестіретін мінез-құлық ережелері. Нарық ынталандыру аталып жүрген баға, пайда мен шығын адамдардың қарым-қатынасынан туындайды. Тек нарық арқылы анықталатын осы ынталандыру әлеуметтік ынтымақтастықты күшейтетін ақпараттарды қамтиды.
Бекіту сұрақтары: жеке ынталандырулардың нарық арқылы әлеуметтік ынтымақтастықты қалай күшейтетінін түсіндіре аласыз ба? Жеке ынталандырулар әлемді жақсарта түседі деп ойлайсыз ба? Неліктен?
- Осы мысалға қатысты көбірек мәліметті мына жерден табасыз Robert B. Ekelund, Jr., and Richard Ault, Intermediate Microeconomics: Theory and Applications (Lexington, Mass.: D.C. Heath and Company, 1995), pp. 21–22.↩︎
- Көлік қозғалысы мысалы мына дереккөзден алынды: Paul Heyne, The Economic Way of Thinking, 8th ed. (Upper Saddle River, N.J.: Prentice-Hall, Inc.), chapter 1.↩︎
Дуайт Лидің «Стимулдар күші». Бұл материалды Экономикалық Білім Қоры Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша ұсынды.
Таңдалмаған жол
Роберт Фрост
Ойлануға арналған сұрақ: Жолайрықта бір соқпаққа түскенде екіншісі жүрілмей қалады. Осы шарт саяхатшыны таңдау жасауға итермелейді. Мына өлеңді оқығанда таңдалған жолмен жүру құнын табыңыз.
Күзгі орманда қақ айырылған қос жол жатты алдымда,
Жолаушымын амалы жоқ екеуін бірдей таңдауға.
Жарыла алсам екіге мен де бірінде ғана қалғам ба.
Көп тұрдым көз жүгіртіп, соңына жолдың жете алмай,
Шілік тоғайға сіңіп кеткен иіріміне ұзақ қадала;
Жолаушымын амалы жоқ екеуін бірдей таңдауға.
Жарыла алсам екіге мен де бірінде ғана қалғам ба.
Көп тұрдым көз жүгіртіп, соңына жолдың жете алмай,
Шілік тоғайға сіңіп кеткен иіріміне ұзақ қадала;
Елітті бір жол ерекше болып көзіме,
Осы жол маған дұрысырақ дедім өзіме,
Шөбін де ешкім баспапты, сеніңіз осы сөзіме.
Түссе де біреу бұрын-соңды бұл жолға
Басқан ізі қояр ма екен қазір көріне.
Осы жол маған дұрысырақ дедім өзіме,
Шөбін де ешкім баспапты, сеніңіз осы сөзіме.
Түссе де біреу бұрын-соңды бұл жолға
Басқан ізі қояр ма екен қазір көріне.
Сол таңда көмілген еді жапыраққа қос жол да,
Орман жатты үнсіз ғана беріліп жолын тапқанға.
Келесіге қалдырып бірін, аттандым мен де шаттана.
Жолдардың жолға ұласарын анық білсем де,
Сенбес ем, бәлкім, ораласың қайта деп үн қатқанға.
Орман жатты үнсіз ғана беріліп жолын тапқанға.
Келесіге қалдырып бірін, аттандым мен де шаттана.
Жолдардың жолға ұласарын анық білсем де,
Сенбес ем, бәлкім, ораласың қайта деп үн қатқанға.
Келмеске кеткен күндерді еске ап, күрсініп,
Орманға келдім өмірдің мәнін түсініп,
Баяғы керім қос жол да жатыр көз сүзіп.
Таңдағам тыңын тимеген жұрттың табаны
Өзгерді өмір, бар ма екен жолдың жаманы.
Орманға келдім өмірдің мәнін түсініп,
Баяғы керім қос жол да жатыр көз сүзіп.
Таңдағам тыңын тимеген жұрттың табаны
Өзгерді өмір, бар ма екен жолдың жаманы.
Бекіту сұрағы: өмірде де осындай жолайырықтарға келгенде адамдар неге әртүрлі таңдау жасайды? Субъектив шығын мен пайда тұрғысынан түсіндіріңіз.
Мүмкіндіктер мен шығындар
Дуайт Р. Ли
Ойлануға арналған сұрақ: мәтінді оқи отырып, тапшылық бізді таңдау жасауға қалай мәжбүрлейтінін ойланыңыз.
Нарық әлеуметтік ынтымақтастыққа септесу арқылы жұмыс істейді. Ол адамға өзгелерге мүмкіндік тудыра отырып өзіне тиімді жағдай жасауына қажет ақпарат пен мотивация береді. Біз экономиканың жеке ұғымдардына тоқталмай, тоны тұтас жүйе ретінде қарастыратын боламыз. Енді адамдардың барлық әрекетіне экономикалық тұрғыдан түсінік беру үшін кейбір негізгі концепцияларға тоқталып көрейік. Балама құннан бастайық.
Шектеулер мен мүмкіндіктер
Экономика көңілсіз ғылым ретінде есептеледі, себебі ол барлық мәселелердің түп тамыры саналатын тапшылықты зерттейді. Тапшылық бізді істейтін ісіміздің бәрінің шегі бар деген шындықпен бетпе-бет келтіреді. Қаншалықты жемісті жұмыс істесек те, өзіміз қалаған нәтижеге жетіп, рахаттана алмаймыз. Еш шектеусіз істей алатын жалғыз әрекетіміз – көбірек қалау. Тапшылық кесірінен бір істі істеген сайын, өзге бір қалаған ісімізді ысырып қоюға мәжбүрміз. Осылайша істеген ісіміздің бәрінің балама құны бар. Ол құн біз бас тартқан ең құнды баламаға тең.
Бірақ құн барлық нәрсеге қатысты болғандықтан, шектеулер туралы бұлтартпас шындық мәселенің бізге белгілі бір жағы ғана деуге болады. Тапшылық шегі құнды тек мүмкіндік болғанда ғана қалыптастырады. Баламалардың бірін таңдау мүмкіндігі болмаса, ешқандай шығын да болмайды. Мысалы, мені белгілі бір үйде тұруға, белгілі бір жұмысты істеуге, белгілі бір қызға үйленуге және ұсынылған тауарларды тұтынуға мәжбүрледі делік, осының бәрін істегенде мен еш шығын шығармаймын. Шығынның жарқын жағы – оны тудыратын мүмкіндік. Мүмкіндіктеріміз көбейсе, істеген ісіміздің бәрінің құны да артады.
Әдетте құн төлеуден айналып өтуге тырысқанымызбен, іс жүзінде кез келген қызмет үшін құн төлеу талап етілетін елде өмір сүру әлдеқайда жақсырақ. Егер мен өнімдерді бағасына қарамай, оның шығынын өзгелерге ысыра салып тұтына алатын болсам, менің жеке жағдайым керемет болар еді. Бірақ әлдекім өз шығынын төлемей, мойныма іле салса, тәтті қиялымның парша-паршасы шығады ғой. Нәтижесінде бізде өнімдерді ақылға салып таңдауға деген мотивация да, ақпарат та болмас еді. Таңдау шығыны таңдау жасаған адамның мойнына ілінгенде ғана біз қолда бар мүмкіндікті ұтымды пайдаланамыз.
Бұл – нарықтық баға артықшылығын түсіндірудің бір тәсілі. Адам сауда орнында төлейтін баға оның таңдауының балама құнын көрсетеді. Жалпы алғанда сіз еркін нарықта бір тауар немесе қызметті өзгелер оған төлеуге әзір сомадан немесе оны осы жерде ұсынуға жұмсалған сомадан төмен бағаға сатып ала алмайсыз, бұл – нарықтық мәмілерден туындайтын әлеуметтік ынтымақтасудың маңызды бөлігі.
Арнайы мүдделер шығындар есебін қажет етпейді
Бір өкініштісі, көп экономикалық шешім нарықтық бағаға орай нарықта жасалмайды, оны үкімет саяси себептерге қарай қабылдайды. Осының салдарынан саяси ықпалды топқа ақысын жалпы халық төлейтін артықшылықтарды иелену мүмкіндігі пайда болады. Саяси олжа жинағысы келгенде қомақты қаржы жұмсалуын негіздеу мақсатында шығынды жасырып-жабады; әдетте олар кей жәйттердің маңыздылығы соншалықты оның шығынын қаперге алудың қажеті жоқ деп санайды.
Педагогтар білім тым маңызды, оның шығынын қаперге алудың қажеті жоқ десе, экологтар планетаны сақтаудан маңызды іс жоқ, сондықтан қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары оның құнына қарамастан жүзеге асырылуы керек дейді; медициналық грант алушылар адам денсаулығы шығынға қатысты кез келген жетесіз ойдан басым десе, Ұлттық өнер қорын қолдаушылар «өнер құндылығы адам баласының жан-жүрегіне жетеді» және «өнер құндылығын доллармен, центпен өлшегенде оның құты қашады» дейді. (АҚШтың Ұлттық қоғамдық радиодан естіген өнерді қаржыландыруға қатысты мәлімдемеден алынды)
Бұл мәлімделемелердің барлығын ұйымдасқан топтардың қоғам ақшасын көбірек қарпып қалу талпынысы ретінде түсінген жөн. Шығынды қаперде ұстау ақшаның маңызын әсірелеу деген сөз емес. Ақша – шығынды көрсетудің тиімді тәсілі, бірақ ақша барлық нәрсенің құны бола алмайды. Мен түскі асқа төлеуге 10 доллар шығарғанымда, бұл ақша оның құны сияқты көрінуі мүмкін, бірақ нағыз құн – балама құн, яғни мен ақшаны тамақтың ең құнды баламасына жұмсаудың орнына тамаққа жұмсау арқылы бас тартқан субъективті құндылық.
Негізсіз шағымдар
Бір істі істеу шығынын ескермеуіміз керек деген тұжырым әлгі істі оның баламаларын қарастырмастан істеуіміз керек дегенге пара-пар. Осындай айқын негізсіз шағымдар белгілі бір мүддені көздейтін топтардың пікірталастарында қолданылып келе жатқаны саяси пікірталаста алдап-арбаудың қисынды ойдан басым түсіп кететінін көрсетеді. Бір істің басқа баламаларын қарастырмау әлгі іс әрдайым басқалардан құндырақ болғанда ғана орынды болмақ. Бірақ бұл бүкіл ресурсымызды осы бір іске ғана сарп етеміз деген сөз. Мысалы, тамылжыған оркестр музыкасының құндылығы соншалық оның шығыны ескерілмеуі керек дегенге нансақ, жұрттың бәрі үй-күйсіз, аш-жалаңаш болып, бүкіл уақытын оркестрді тыңдауға жұмсар еді. Мұның негізсіз ой екені анық, бірақ бір нәрсенің маңыздылығы соншалық оның шығынын ескерілмеуі керек жөнсіз деген ой бұдан да сорақы.
Екі не одан көп топ өз бағдарламасы шығынды ескерілместен қаржыландырылуы керек деп мәлімдеген жағдайда шығынының қаншалықты орынды екені айқын көрсетілуі керек. Жастарды оқыту мен науқастарды емдеудің екеуі де оның шығынын қаперге алмайтындай өте маңызды бола алмайды, тапшылық әлеміндегі ахуал осындай. Жастарды оқытуға көбірек қаражат бөлінсе, онда науқастарды емдеуге азырақ қаражат жұмсалады немесе керісінше болады. Бір нәрсенің құнын елемеу келесі нәрсеге салыстыруға да татымайтының білдіреді.
Әрине белгілі бір мүддені көздейтін топтардың шығынды елемеу туралы талаптарына қарамастан, тапшылық шын және одан туындайтын балама құн саяси процеске енеді. Бәсекелес альтернативалар салыстырылуы керек болғандықтан, саяси үдерісте балама құн қаперге алынады. Бір өкініштісі, саяси үдерістегі олқылықтар мен біржақтылық үкімет әрекететінің балама құнының салмақты түрде ой таразысына салынуына жол бермейді. Осының салдарынан баламалар қарастырылмаған жағдай орын алады. Шешімдер ресурстарды құнды әрекеттен төмен бағаланатын әрекеттерге бағыттағанда, сондай-ақ қойылған мақсатқа қайшы әрекет етуге мәжбүрлегенде ысырап орын алады.
Нарықтық бағалар балама құнды толық көрсете бермейді, бірақ саяси шешімдердің саяси бағдарлама шығындарының көбін елеусіз қалдыруынан туындайтын кемшіліктерді ескерсек, олардың біршама жуықтайтынын байқаймыз.
Бекіту сұрақ: Үкіметтің жастарды оқыту, науқастарды емдеу, егде жастағыларды зейнетақымен қамтуға ұмтылу арқылы балама құнды елемеуінен қандай кемшіліктерді байқауға болады?
Дуайт Лидің «Мүмкіндіктер мен шығындар». Бұл материалды Экономикалық Білім Қоры Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша ұсынды.
Нарықтар мен маржинализм
Дуайт Ли
Ойлануға арналған сұрақ: Шекті кіріс пен шекті шығынды теңестіре отырып, фирмалар өнімді және құндылықты барынша қалай арттырады?
Жеке істе үздік нәтижеге қол жеткізу үшін «шекті пайданы шекті шығынмен теңестіру» керек, яғни уақытты түрлі әрекеттерге жұмсалатын уақыттың шекті құны бірдей болатындай етіп бөлу керек. Шекті пайда мен шекті шығынды теңестіру маңызы жеке өмірін мейлінше тиімді ұйымдастырғысы келген адамға ғана емес, жалпы экономиканың өркендеуіне де аса қажет. Адамдар мен фирмалар нарықтық бағалар беретін ақпарат пен ынталандырулар арқылы өз мүдделерін ойлай отырып, экономиканың барлық секторында шекті пайда мен шекті шығынды ұдайы теңестіруге ұмтылады. Осы үдерісті талқылау нарықтық бағалар ынталандыратын өзара байланыс пен ынтымақтастықтан туындайтын артықшылықтарды айшықтай түседі.
Экономикада фирма саны көп, олардың әрқайсысы ең алдымен табысты арттыруды көздейді. Бірақ бір фирмада қабылданған шешімдер өзге фирмаларға әсер етеді. Мысалы, бір фирма көбірек өнім өндірсе, ол тапшы ресурстарды көбірек қолданады, сөйтіп өзге фирмалардың жұмысының өнімділігі төмендейді. Ең дұрысы, әрбір фирма экономиканың басқа жерінде балама құнын барынша азайтатын мөлшерде өнім өндіреді. Бұл идеалға жету үшін ауа-райы, ашылып жатқан ресурстар, елдердің жауласуы, өндірістік технологиялар және миллиондаған жұмысшы, ресурс иелері мен тұтынушылардың жеке жағдайы мен субъектив қалаулары сияқты жәйттер туралы өте көп мәлімет керек.
Бұл мәліметтің бәрін жинап, тұрақты түрде жаңартып, оны дұрыс қолдануға тіпті мемлекеттік органның да әлеуеті жетпейді. Бір жақсысы, бұл мәліметті нарықтық бағадан байқауға болады, фирманың ресурстарды сатып алған бағасы әлгі ресурстардың үздік баламасының шекті құнын көрсетеді. Осылайша әр фирма белгілі бір өндіріс шығынын барынша төмендететін ресурстар тіркесімін таңдауға мүдделі (мұндайда барлық ресурстардың әр долларға шаққандағы шекті өнімділігін теңестіру керек болады(1)), сондай-ақ олар осы өнімді экономиканың өзге салаларында барынша аз шығынмен өндіретін кірістер тіркесімін таңдайды. Шекті пайда мен шекті шығынды теңестіру әр фирманың өзгелер үшін салған салымының құнын қадағалап отыратын әсерлі үйлестіру жұмысынан хабар береді.
Өндіріс пен шекті түзетулер
Алайда әр фирманың өндірісте тапшы ресурстарды мейілінше ұтымды пайдаланып, өнім өндіру құнын (шығынын) аса төменге түсіргені жеткілікті емес. Әр фирма өз өнімін ең төмен шығынмен шығарса да, бүкіл фирмалар өнімі жиынтығының шығыны тым көп болуы мүмкін. Мысалы, біз күн сайын әр америкалық үшін аса төмен шығынмен бір реттік жөргектер шығара аламыз делік. Бұл жөргектердің тым көп болатыны анық, себебі олардың шекті шығыны (мейілінше аз болғанның өзінде) олардың шекті құнынан әлдеқайда көп болар еді, яғни бір жөргек шығару құны жөргектің бағасынан асып кетеді. Қолданылған ресурстардан құны жоғары тауарлар тіркесімін шығару үшін әр тауар ең төменгі шығынмен шығарылуымен қатар, әр тауар шекті құны шекті шығынымен теңесетін шамада ғана шығарылуы керек.
Тағы бір қайталап айтайын, шекті пайданы шекті шығынмен теңестіріп отыру барлық фирмалар өнімдерінің ең құнды тіркесімін түзеді. Әр фирма өзіне қажетті барлық мәліметті нарықтық бағаларды қадағалау арқылы таба алады. Фирма өнімінің бағасы оның шекті құнын көрсетсе, ал фирманың өндіріс шикізатының құны оның шекті шығындары арқылы анықталады. Мейілінше көп пайда табуды көздейтін фирма осы ақпаратты қолданғанда ең үлкен құн түзетін өндіріс комбинациясын табады. Өнімге төленетін баға оның шекті шығынынан (өзге фирмалардың өндіріс көлемін азайтудан түзілген құн) артық болғанда, әр фирма өндірісін ұлғайтып, пайдасын арттыра алады.(2) Сөйтіп барлық фирма бағасы шекті шығынға тең өнім мөлшерін шығарғанда, әр фирма өз пайдасын максимумге жеткізеді және өндіріліген тауарлар тіркесімінің құны да өте жоғары деңгейге көтеріледі. Өндіріс ауқымын нарықтық бағалар реттейтіндіктен, бұл шешім барлық фирмалардағы шекті пайданы шекті шығынмен теңестіру арқылы жасалады. Кей фирма өнімін арттырып, кей фирма өнімін азайту арқылы өндірілетін тауарлар тіркесімінің құнын арттыруы мүмкін емес.
Еркіндік – үлкен артықшылық
Мен шынайы әлемде орын алуы екіталай «кемелдік» күйін сипаттап шықтым. Әлгі шектер ешқашан тепе-тең болмайды, себебі өнім шығаруға пайдаланылатын кірістермен шығатын өнім құнына әсер ететін сансыз қалаулар, жағдайлар мен технологиялар ұдайы өзгеріп тұрады. Бірақ нарықтық бағалар жаңа ахуалды хабарлау және шектерді теңестіруге бағытталған талпынысқа ынталандыру үшін үнемі өзгеріп отырады. Сонда шығарылатын өнім не қызметтің шығыны азайып, құны артады. Бұл нарықтық түзетулер барлық шешім қабылдаушыларды кез-келген мемлекеттік жоспарлаушылар тобының қолынан келе бермейтін басқалармен санасуға мәжбүрлеп, экономикалық шешімдердің құндылығын арттыру үшін әлдеқайда жақсы жұмыс жасайды.
Дегенмен нарық беретін ең үлкен артықшылық – еркіндік. Баршаның игілігі туралы пәлен көзқарасты насихаттау үшін былай жүріп-тұр деп алыстағы билік өкілі берген пәрменмен көптің ішінде сеңдей соғылысып жүргенше жеке адам өзінің құндылықтарына сай мұратына жетуге ұмтыла алады. Мысалы, бизнес иесі жағдайы нашар отбасынан шыққан жастарды жұмысқа алуды немесе ерікті жұмыспен айналысамын деп кетіп қалса, фирма пайданы максимумге жеткізбеуі мүмкін. Немесе науқас анасынан алысқа кеткісі келмеген жұмысшы жалақысы жақсы жұмыстан бас тартуы мүмкін. Адамдар осындай шешімдерді күн сайын қабылдап жатады. Оның астарындағы құндылықты саяси үдеріс арқылы жеткізу де, билік өкілдерінің оған дәл мән беруі де мүмкін емес. Дегенмен халықтың құндылықтары мен алаңдаушылықтары олардың шешімдерінің нарықтық бағаларға әсері арқылы тарайды. Сөйтіп адам өзгелер шешім қабылдағанда оның да алаңдаушылығын ескереріне сенімді болады. Сөйтіп адам өзгелер шешім қабылдағанда оның да алаңдаушылығын ескереріне сенімді болады.
Қорытынды сұрақ: Үкіметтер немесе фирмалар өнімді және құндылықты арттыру үшін жақсы жұмыс істей ме? Түсіндіріңіз.
- Мысалы, X кірісінің 1 долларға шаққандағы шекті өнімділігі 2 данаға тең, Y кірісінің 1 долларға шаққандағы шекті өнімділігі тек 1 данаға тең болса, фирма X кірісінің қолданысын 1 долларға ұлғайтып (өнімді 2 данаға арттырып), Y кірісі қолданысын 2 долларға азайтып (өнімді 2 данаға азайтады), дәл сол өнімді 1 долларға азырақ шығынмен өндіреді.↩︎
- Бұл мәлімдеменің бір шарты бар. Егер фирма монополист болса, барлық экономикалық оқулықта жазылғандай, баға мен шекті табысы әртүрлі болады. Алайда монополия үкіметтің араласуынсыз түзілсе, мұндай «ауытқу» ұзақ мерзімде жағымды да болуы мүмкін. Фирма «монополиялық» күшіне жетуге тырысып, және ұақытша жеткенде экономиканың динамикалық тиімділігі артады.↩︎
Дуайт Лидің «Нарықтар және маржинализм». Бұл материалды Экономикалық Білім Қоры Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша ұсынды.
Мамандық пен байлық
Дуайт Р. Ли
Ойлануға арналған сұрақ: Осы мәтінді оқи отырып мамандану, ерікті айырбас пен серіктестіктің байлыққа қалай жеткізетінін анықтаңыз.
Әлеуметтік серіктестіктің елеулі бөлігі нарықтық байланыстан туындайды. Енді осы серіктестік беретін кейбір артықшылықтарды қарастырып көрейік. Жалпы алғанда бұл артықшылықтар тайға таңба басқандай көрініп тұр. Біздің әрекеттеріміз бір-біріне қайшы келмей, үйлесімді болса, көбірек өнім шығара алатынымыз белгілі. Алайда экономиканы шындап түсіну үшін біз серіктестік пен өнімділік байланысын жіліктеп қарастыруымыз керек.
Байлықтың аспаннан топ етіп түсуі сирек кездеседі. Дәулет оңайшылықпен жемісін бере қоймайтын табиғи қабілетке адамның жігері, ақылы мен шыдамдылығын қосу арқылы жасалады. Бұл енді сөзсіз. Бірақ біздің өнімділік әлеуетімізді жақсартудағы нарық жетістігінің бір өлшемі – адамдар байлық қалыпты жағдайдың бір бөлігі деп ойлайтын болды. Ғалымдар мен саясатқұмарлар байлықты бөлуді бірінші кезектегі мәселе көреді, бірақ өздері шығарған ережелердің байлықты түзуге тұсау болуы мүмкін екенін ескере бермейді. Олар баюдың себептерін анықтау әлдеқайда қиын екенін ескерместен, кедейшіліктің себептері (немесе байлықтың «бұрыс» бөлінуі) туралы қайта-қайта талқылаудан жалықпайды. Басқа кезде ақылды көрінетін талай адамның көзін капитализм жетістігі байлап тастағаны соншалық, олар ағылшын тіліндегі «distribution» (бөлу) сөзінің «production» (өндіру) сөзінің алдында тек сөздікте ғана жүретінін түсіне алмай келеді.
Мамандықтың айырықша рөлі
Он сегізінші ғасырдың соңында экономика жеке дара ғылым саласы ретінде бой көтергеннен кейін оның басты мәселелері айқындалды. Адам Смит экономика туралы кітабын «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» деп атады және оның алғашқы бетінен-ақ "байлық" ұғымын түсіндіруге ұмтылды.
Смит кітабын «Еңбектің өндіру әлеуетіндегі ең ұлы үдеріс . . . еңбек бөлінісінің әсерінен болса керек» деп бастады. Ол түйреуіш фабрикасындағы әр жұмысшының түйреуішті басынан аяғына дейін жасап шығаруын емес, өндірістегі нақты бір қадамға көңіл бөлуінің артықшылығын айта келе, мамандану немесе еңбек бөлінісі маңызын айырықша атап өтті. Мамандық арқылы жұмысшының біліктілігі артты, өндірістік әлеуетті арттыратын станоктар қолданды, бір істен келесі іске ауысып, уақыт жоғалтпайтын болды. Бұл артықшылықтар анық байқалды, ал өнімділік күткендегіден әлдеқайда асып түсті. Смиттің айтуынша, түрлі машыққа маманданған он жұмысшы күніне қырық сегіз мыңға жуық түйреуіш жасап шығарады. Бірақ әр жұмысшы түйреуіш өндірісіндегі барлық қадамды жасайтын болса, Смит әр жұмысшының күніне жиырма түйреуіш, барлығы жабылып 200 түйреуіш жасап шығаратынына күмән келтірді.
Бірақ өнімділікті арттыру үшін өнім санын көбейту жеткіліксіз. Бір маман өзі тұтынғысы келетіннен әлдеқайда көп өнім немесе өнім бөлшегін жасап шығарады. Өнім оны бағалайтын адамдардың қолына түспейінше, оны көп өндіру тиімді емес. Сондықтан мамандықтың артықшылығы адамдар әрқайсысы өзгелер қалаған өнімді өндіру үшін маманданып, өзіне қажет басқа керектерін өзге маманданған өндірушілерден ала алатын өзара серіктестік орнатқанда ғана байқалады. Мұндай ынтымақтастықты қамтамасыз етудің және мамандандырудың өнімділігін жүзеге асырудың жалғыз жолы - өзара саудасу (тауар мен қызмет алмасу).
«Бұл [еңбек] бөлініс ауқымы әрдайым . . . нарық ауқымын қамтуы тиіс» дегенде, Адам Смит айырбас пен өнімділік арасындағы маңызды байланысты көрсетті. Егер сіз шағын ауыл тұрғындарымен ғана айырбас жасасаңыз, сіздің өнімді түрде мамандану қабілетіңіз аса шектеулі. Мысалы, жетістігін аз ғана адам бағалап, қадірлей алатын тума дарынның қаншасы роман жазып, табиғаттың суретін салып немесе музыкалық аспапта ойнау шеберлігін шыңдау жолына түсе алар еді? Мұндайда көп адам бес аспап болғанымен, бір істе шебер бола алмайды. Нарық шағын болған сайын маманданудың өнімділік әлеуеті де соншалықты шектеулі болады.
Нарықты кеңейту
Мамандану мен нарық өлшемі арасындағы байланыс жекеменшік мүлік пен ерікті айырбасқа негізделген нарықтық серіктестік орнату маңызының тағы бір түсіндірмесін береді. Нарықсыз, әдетте бірден ойымызға келетін базарсыз да серіктестік орнату мүмкін. Отбасы мүшелері өздері ғана білетін жәйттер мен ортақ мұрат-мүдделері негізінде ынтымақтасады. Шағын фирма қызметкерлері ортақ мақсат пен бақталастарының қысымына төтеп беру үшін ынтымақта болады. Бұл шіркеу, клуб және салыстырмалы түрде шағын қоғамдық ұйымдарға да қатысты. Отбасы, фирма және қоғамдық ұйымдағы ынтымақтасуды айырбас қарым-қатынасы ретінде түсіндіруге болады. (Бұл түсіндірмеге Гари Беккердің отбасы туралы жазбасы және отбасын «матасқан шарттар» деп сипаттауы жақсы мысал бола алады). Бірақ мұндай қарым-қатынас жеке байланыс пен ортақ мақсатқа тәуелді болғандықтан, салыстырмалы түрде алғанда шағын топтарға ғана қатысты.
Нарық өнімділігінің кілті оның ынтымақтасу жолдарын керемет кеңейтетіндігінде және біздің өнімді мамандану қабілетімізді арттыруында жатыр.
Әрине нарықтардың кеңеюі тасымал мен коммуникация желілерінің жақсаруына тәуелді. Алайда нарықтық бағалар арқылы тарайтын мәлімет пен осы бағалар ынталандыратын серіктестік болмаса, тасымал мен ауызша және жазбаша коммуникацияның жақсаруы мамандану артықшылықтарының көбін жүзеге асыруға жеткіліксіз болар еді. Бразилиялықтар көбірек джинсы киім-кешек керек деген қалауын әлемдегі барлық елдің киім-кешек өндірушілеріне факс, электронды пошта және телефон арқылы үсті-үстіне хабарлап, оларға әлгі киімдерді дереу жіберуді сұрады делік. Бірақ джинсыдың нарықтық бағасының өзгеруін көрсететін ақпарат болмаса, бразилиялықтар мақта өсірушілер, ауыл шаруашылығы химикатын шығарушылар, бояу өндірушілер, текстиль жұмысшылары, жүк көлігі жүргізушілері, ұшқыштар, саудагерлер мен өзге де тараптарды арнайы күш-жігер жұмсауға және қалаулы стиль мен мөлшердегі джинсиді Бразиялияға жеткізуге ынталандыра алмас еді.
Нарықтың тұлғасыздық сипаты
Нарық тұлғасыз деп жиі сыналады. Солай да шығар, алайда нарықтың дәл осы тұлғасыз болуы серіктестік орнату жағдайында мамандану ауанын барынша кеңейтеді. Адамдар нарықтық бағаға сай әрекет жасағанда, өзі серіктестік орнатқан тұлғаны білу, ол үшін қам жеуі міндетті емес.
Көп мәдениетті ынтымақтастық орнату мен әлемдік үйлесімді баптауға дипломаттарға қарағанда, нарық әлдеқайда көп үлес қосады. Мамандануға жол ашатын да, байлықтың түзілуін түсіндіретін де осы нарықтағы серіктестік пен үйлесім.
Бекіту сұрағы: Неліктен серіктестік пен ерікті айырбас маманданудан туындайтын өнімділіктің шынайы артуына жетелейтінін түсіндіре аласыз ба?
Дуайт Лидің «Мамандану мен байлық».Бұл материалды Экономикалық Білім Қоры Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша ұсынды.
Пайда үшін өмірді құрбан ету
Дуайт Ли
Ойлануға арналған сұрақ: автокөлік өндірушілер пайда табу үшін адам өмірін құрбан етіп жатыр ма? Өмір құндылығы мен табыс арасында қайшылық неліктен туындайды?
Жұрт адам өміріне баға жетпейтіні туралы көп айтса да, олар күнде өз әрекеттерімен өміріне баға белгілейді. Адамдар көңіл көтеру мақсатында, қолайлы болғаны және ақша жинау үшін сақтық шаралары сақталмайтын іс істеп, өмір жасын қысқартатын тәуекелге барады. Адам өзі бағалайтын нәрселерді иелену үшін өз қалауымен қауіп-қатерге басын тіккенде, өз өмірінің бағасын белгілейді, яғни өмірінің шекті құндылығы шектен тыс тамақ ішу, жаттығу жасамау, көлікті қатты айдау және т.с.с. құндылығы аз әрекеттерден де төмен екенін көрсетеді.
Өкінішке қарай, адам тәуекелге барғанда, кейде жайсыз жағдайға тап болады. Өз басын саналы түрде қатерге тігу салдарынан жарақат алған немесе өліп кеткендерге жаның ашиды. Бірақ жанымыз ашыды екен деп өз қалауы мен жағдайға қарай әрекет етуді жөн санаған ересек адамды тәуекелге барудан тоқтатуға талпынғанымыз оған жәрдем болмайды. Дегенмен (1) шек тұрғысынан алғанда, адам өміріне құн жетпейді дегенмен келіспейтін және (2) баға мен табыстың адамдарға өз қалауын іскерлік фирмаларға жеткізуге өкілеттік беретінін түсінбейтін ізгі ниетті адамдар осындай қағидаға күнделікті көз жұма қарайды және оны қолдайды. Корпорациялар пайдасын арттыра түсу үшін қауіпті өнім шығарып, адамдардың өмірін құрбан етіп отыр деген айыптауды естігенде осындай адамдар бірден наразылық білдіреді.
Өнімдер жеткілікті деңгейде қауіпсіз болмағандықтан, күн сайын адамдар жарақат алады немесе қайтыс болып жатады. Қалыптасқан құқықтық нормативтер жарақат алғандарды тән ауруы мен тартқан азабының өтемақысын төлету үшін «қауіпті» өнім өндірушілерді сотқа беруге ынталандырады. Шағым түсіруші мен оның заңгеріне төлем қомақты, кейде тіпті айырықша көп болатыны сотқа шағым түсірудің айқын стимулы болса керек. Мысалы, 1999 жылы сот General Motors компаниясын алты адамға 4,9 млрд $ төлеуге міндеттеді. Олардың 1979 жылғы Malibu көлігін сағатына 50-70 миль жылдамдықпен келе жатқан мас жүргізуші қаққан кезде көлік өртеніп, әлгі алты адам қатты күйіп қалған болатын.(1)
Ашкөз корпорациялар табысын арттыру үшін адамдар өмірін құрбан етіп жатыр деген айыптау қоғамның ар-намысына тиіп, сотты иландырып, үлкен төлемді негіздеуге көмектеседі.
Мұндай айыптау шындыққа жанаса ма? Әрине. Бірақ бұл – корпорацияларға қатысты сын емес, қайта нарықтық экономиканың дұрыс жұмыс істеуінің сипаты. Корпорациялар табысты арттыру үшін кей тұтынушысының өмірін құрбан етеді, одан біздің бәріміз ұтамыз. Корпорацияларға табысын арттыру үшін салыстырмалы түрде біршама қауіпсіздеу өнімді саналы түрде сатуға рұқсат ететін экономикада өмір сүріп жатқанымыз – бағымыз бар екенін көрсететіні рас. Табыс жолында біреулердің өмірін құрбан ету сүт, печенье немесе әжеңіздің ертегісі сияқты жағымды болмауы мүмкін, бірақ қашып құтыла алмайтын шындық осы.
Тапшылық - өмір шындығы. Қалаулы заттарды өндірудің шегі болады. Бір нәрсенің көбірек болғанын қаласақ, өзге нәрселер азырақ болады. Табыс жолында қауіпсіздік аяқасты етілді деп наразылық танытушылар осы жәйтті елеусіз қалдырады. Мысалы, автокөліктер Sherman танктері сияқты жасалатын болса, жол апатынан қаза болғандар саны азаяр еді. Алайда тым асырылған қауіпсіздік жолында жылдамдық, жұмсалатын бензин, комфорт, және тұраққа қою қолайлылығы құрбан етіледі. Мұндай Танкомобильдің тым қымбат бағаға алғаннан кейін көп затты ала алмай қалатыныңыз айтпаса да түсінікті. Автокөлік қауіпсіздігін танкомобиль деңгейіне көтеруден бұрын-ақ орташа өмір ұзақтығына қосылған уақыттың шекті құны осы жолда сарп етілер нәрсенің шекті құнынан әлдеқайда төмен болар еді. Көліктерді мейілінше қауіпсіз ету арқылы жол апатынан болатын өлімді мейілінше азайтудың еш мәні жоқ.
Пайда байланыс құралы ретінде
Сонда қауіпсіздіктің қандай мөлшері дұрыс саналады? Адамдардың жауабы әртүрлі. Мысалы, автокөлік апатынан гөрі мотоцикл апатынан аман қалу ықтималдығы 17 есе аз екеніне қарамастан, кей адам мотоцикл тепкеннен рахат алады. Әдетте адам табысы өсіп, өзі көбірек адамды асырап отырғанда қауіпсіздікке көбірек мән береді. Магистратурада оқып жүргенде есігі толық жабылмайтын, шарқыш Volkswagen Bug көлігімен жүретінмін. Мен азырақ қауіпсіздік есебінен көбірек білім алуды таңдадым. Қазір отбасым бар, табысым да жоғары болғандықтан, қауіпсіздікке көбірек төлеуді қалаймын, дәл Sherman танкі болмаса да, соған жақын Suburban мініп жүрмін.
Адамдар қауіпсіздікке қатысты талаптарын көлік өндірушілеріне қалай жеткізеді? Оны олардың түрлі көлік бағасын төлеуге әзірлігі мен осы бағалардан туындайтын табыс көрсетеді. Sherman танкі сияқты қауіпсіз көлік шығарудан еш пайда түспес еді, себебі оны ешкім де сатып алмайды. Көлік шығарушы компаниялар тұтынушы ырқына көніп көлік дизайнын оның талғамына сәйкестендірген сайын көбірек табыс табады. Сондықтан көлік өндірушілер пайданы арттыру үшін қауіпсіздікті елеусіз қалдырғанда, біздің қалауымызды ескеріп, біздің тілегімізді орындайды.
Бұл – қателік кетпейді дегенді білдірмейді. Тұтынушылар көлікке қатысты қалауларын баға мен пайда арқылы хирургиялық дәлдікпен жеткізе алмайды. Автокөлік қауіпсіздігіне мотивация берудегі пайданың артықшылығы – бір компания тұтынушылардың қалауын ескере қоймаса, қалауды ескеретін компаниялардың табыс табу мүмкіндіктері артады. Осы нарықтық үдеріс мінсіз болмаса да, ол өзге үдерістерден бәрінен де жақсы жұмыс істейді.
Өкінішке қарай, өнім қауіпсіздігі қаншалықты лайықты деңгейде болса да, адамдар жол апатынан жарақаттанып, қаза болады. Апатты оқиғалардың шығынын да, қырғынын да көріп жүргеніміздей өнім қауіпсіздеу етіп жасалғанда, шығынның бұдан аздау болары да белігілі. Ал миллиондаған адамның білім, медицина, киім-кешек пен баспана сияқты артықшылықтарды иелену үшін өзі қалаған қауіпсіздігіне төмен төлейтінінен көрінеді. Көбірек білім алу, жақсы медицина және тұрмысының жақсаруы орташа өмір жасының ұзақтығымен тығыз байланысты. Өмірі апатты жағдайда үзілгендер бірден көзге түседі, ал нарықтық бағалар мен пайда жетелеген экономикалық жүйе қалыптастырған өркендеу арқасында ажалын асықтыратын амалдардан аман қалғандарды білмейміз. Бірақ өмірі шорт үзілгендерден аман қалғандар саны көп екеніне еш күмән жоқ.
Бекіту сұрағы: баға мен пайда сізге немесе өзге тұтынушыларға қалауларыңызды бизнеске жеткізуге қандай өкілеттік береді?
- Іс жүзінде өтелген сома азырақ, дегенмен адамдардың нақты істегі шекті қауіпсіздігін қаншалықты бағалауы нәтижесінде алынған сомадан жоғары болады. 2000 жылдың наурызына дейін шағымданушылар 400 млн $ өтемақы талап еткен, бірақ General Motors бұл істі аппеляциялауды жалғастыру үшін оны төлеуден бас тартты.↩︎
Дуайт Лидің «Пайда үшін өмірді құрбан ету».Бұл материалды Экономикалық Білім Қоры Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша ұсынды.
Мен, қарындаш және отбасымның шежіресі
Леонард Е. Рид
Ойлануға арналған сұрақ: осы мәтінді оқи отырып нарықтардың миллиондаған адамды бір-бірімен ынтымақтасуға ынталандыратын желіні қалай құратынын түсіндіріңіз.
Мен – графит қарындашпын, оқу мен жазуды білетін барлық ұл-қыз, ересектерге таныс, қарапайым ағаш қарындашпын.
Жазу – менің жұмысым әрі сүйікті ермегім, қолымнан келетін іс осы.
Маған шежіре жазудың не қажеті бар деп таңғалуыңыз мүмкін. Бірақ менің хикаям қызықты. Содан кейін мен тал немесе батып бара жатқан күн, тіпті найзағай жарқылынан асқан жұмбақпын. Бірақ, өкінішке қарай, мені қолданатындар мені құдды тегі жоқ, кездейсоқ зат іспетті көріп, бағаламайды. Мұндай өркөкірек қарым-қатынас мені қарабайыр деңгейге түсіріп тастайды. Бұл үлкен қателік, адамзат оны түземесе, құрып кетуі мүмкін. Осы орайда дана Г.К. Честертонның «Бізді әлемде таңғажайыптың жоқтығы емес, сол ғажапты көре білу қабілетіміздің жоқтығы құртады» дегені еске түседі.
Мен қарындашпын, бір қарағанда қарапайым болып көрінсем де, сіздің таңғалу мен тамсануыңызға лайықпын, оны дәлелдеп көрейін. Негізі егер сіз мені түсінсеңіз, жоқ, елдің түсінгенін қалау жөнсіз, егер сіз менің бойымдағы ғажайыпты көре білсеңіз, адамзат айырылып қалғалы тұрған азаттықты сақтап қалуға көмектесесіз. Менен мықты сабақ ала аласыз. Мен бұл сабақты автокөлік, ұшақ немесе механикалық ыдыс жуғыштан жақсырақ беремін, себебі мен сондай қарапайым болып көрінемін.
Қарапайыммын ба? Дегенмен, жер бетіндегі бір де бір адам мені жасау тәсілін білмейді. Фантастика сияқты естіледі, солай ма? Жылына АҚШ-та мен тектестердің бір жарым миллиарды жасалып шығарылатынын ой елегінен өткізсеңіз, қайран қаласыз.
Мені қолыңызға алып, қарап шығыңыз. Не көріп тұрсыз? Көзге көп нәрсе түспейді – ағаш, лак, сауда белгісі, графит өзек, металл сақина және өшіргіш.
Сансыз көп бұрынғы бабаларым
Отбасы шежіресін тым тереңге тарқата алмайтыныңыз сияқты маған да барлық бабамның атын атап, түсін түстеп беру қиын. Дегенмен шыққан жерімнің тектілігін көрсетіп, сізді таң қалдыру үшін олардың біразын таныстырып өтпекшімін.
Менің шежірем Солтүстік Калифорния мен Орегонда өсетін самырсын ағашынан басталады. Енді самырсынды кесіп, бөренелерді темір жолға жеткізуге қажетті ара, жүк көлігі, арқан және өзге де сансыз керек-жарақты еслестетіп көріңіз. Оны кесіп, тиеген адамдар мен жұмысқа қажет болған алуан түрлі дағды елестетіп көріңіз: руданы қазып алу, болат құйып, одан ара, балта, мотор жасау, кендір өсіріп, одан ауыр да берік арқан жасау кезеңдері, төсектері мен асханасы бар ормандағы вахталық қоныс, шошала және оған қажетті барлық азық-түлікті өсіру. Вахташылар ішкен кофені өндіруге мыңдаған адам атсалысты!
Бөренелер Калифорния штатындағы Сан Леонардодағы ағаш өңдеу комбинатына жөнелтілді. Бұған қоса платформалы жүк көлігі, рельс, пойыз қозғалтқыштарын жасап шығаратын, өзара байланыс жүйесін құрастырып, орнататын адамдарды елестете аласыз ба? Бұл легион да менің бабаларымның бір легі.
Сан Леонардодағы ағаш өңдеуді алыңыз. Самырсын бөренелер ұзындығы қарындаштай, жуандығы ширек дюймге жетпейтін кішкентай бөліктерге кесіледі. Содан кейін олар камерада кептіріліп, бетінің ұшын қызартып алатын қыздарша боялады. Боп-боз емес, көрікті болғанымды жұрт ұнатады. Кесінділерге балауыз жағылып, тағы да камерада кептіріледі. Бояу мен кептіру камерасын жасауға, қыздыру, жарық пен электр энергиясын беріп отыруға, комбинатты белдіктер мен өзге де заттармен қамтамасыз етуге қанша адамның еңбегі жұмсалды десеңізші? Бабаларымның арасында ағаш жаңқасын жинаушылар да болды ма? Иә, оған қоса комбинатқа электр энергиясын беретін Pacific Gas & Electric Company ГЭС-інің бөгетіне цемент құйған жігіттер де бар!
Елдің түкпір-түкпіріне алпыс вагон кесіндіні тасымалдауға қатысқан арғы-бергі аталарымды да ұмытпаңыз.
Қарындаш зауытына кірсеңіз, 4 млн доллардың станоктары мен ғимаратын көресіз. Бұл капиталдың бәрін үнемді әрі ақша жинағыш ата-анам жинаған. Күрделі жабдық әр кесіндіге сегіз жүлге салып өтеді, содан кейін өзге станок басқа кесіндіге графит салып, желім жағады да үстіне өзге кесіндіні жабады, өзінше бір графит сендвичі жасалады. Мен сияқты жеті бауырым да осы «ағашқа оралған» сендвичтен сүргіленіп шықты.
Негізі менің "қорғасынымда" қорғасын мүлде жоқ (ауд.: 17-ғасырға дейін қорғасын штифт қарындаш ретінде қолданылған, бұл сөз содан қалған сияқты). Графит Цейлон аралынан қазылып алынады. Осы шахтерлер, олардың құрал-жабдығын жасайтындар, графит тасымалданатын қағаз қаптарды жасаушылар, қапты буатын жіпті есушілер және қаптарды кемеге тиейтіндер мен кемені жасайтындарды есепке қосыңыз. Менің дүниеге келуіме маршрут бойындағы маяк шырақшылары мен порт лоцмандарының да көмегі тиді.
Графитке Миссисипи балшығы қосылады, оның құрамындағы аммоний гидроксиді қоспаны бөгде заттардан арылтады. Содан кейін күкірт қышқылымен реакцияға түскен жануар майы, яғни сульфомай сияқты ылғалдандырушы агент қосылады. Біраз аппараттан өткеннен кейін қоспа тартылған етке ұқсап қалады, одан кейін ол кесіліп, кептіріледі және 1010 градуста күйдіріледі. Оны берік әрі жұмсақ жазатындай ете түсу үшін графит Мексикадан жеткізілетін канделиль балауызы, парафин және суландырылған табиғи майлардан түзілген ыстық қосылысқа салынады.
Менің самырсыным алты қабат лакпен қапталады. Лак құрамын толық білесіз бе? Оған кастор бұршағын өсірушілер мен кастор майын тартушылар да қатысады деп кім ойлаған? Олардың да қолы тиді. Лактың әдемі сары түсін шығаруға да талай адамның еңбегі сіңді!
Енді жазуларды қараңыз. Бұл пленка шайырмен араластырылған көміртегі күйесіне ыстық басу арқылы жасалған. Шайырды қалай жасайсыз, құдай-ау, көміртегі күйесі деген не өзі?
Бойымдағы құртақандай металл сақина — жез. Мырыш пен мыс қазушылар, осы табиғи өнімдерден жылтыраған жез табақтарын жасай алатын мамандарды қосыңыз. Сақинаға кигізілген қара белдеу — қара никель. Қара никель деген не, ол қайда қолданылады? Сақинаның орта тұсында қара никель болмауының толық хикаясы талай бетті алады.
Содан кейін менің басты әшекейім – ауызекі тілде кейде «резеңке» деп дөрекі аталып жүрген бөлігіммен адам менің қате жазғандарымды өшіреді. Ондағы «фактис» деген ингредиент өшіру функциясын атқарады. Ол – Голланд Шығыс Үндістанынан алынған рапс майын күкірт хлоридімен әрекеттестіру арқылы алынған өшіргіш сияқты өнім. Жұрт ойлағандай емес екен. Каучук өшірмейді, тек біріктіріп тұрады. Одан кейін талай қайнатушы агент пен катализатор бар. Талшықтас Италиядан әкелінеді, ал «резеңке» түсін беретін пигмент – кадмий сульфиді.
Ешкім білмейді
Жер бетінде мені жасау тәсілін білетін адам жоқ деген тұжырымыма шек келтіргісі келетіндер бар ма?
Негізі мені жасап шығаруға миллиондаған адам қатысты, олардың әрқайсысы кейбірлерден басқа адамдарды білмейді. Бразилияда кофе дәнін теруші мен өзге жердегі азық-түлік өсірушілерді шежіреме қосқаным өрескел, орынсыз болды деп ойлауыңыз мүмкін. Мен өз ұстанымымнан танбаймын. Осы миллиондардың ішінде, тіпті қарындаш зауыты президентін қосқанда өндіріс құпиясының кішкентай ғана бөлігінен көбірек үлес қосқан адам жоқ. Ноу-хау тұрғысынан алғанда Цейлондағы графит қазушы мен Орегондағы ағаш кесушінің жалғыз айырмашылығы – ноухау түрі. Шахтер, ағаш кесуші, зауыттағы химик немесе мұнай кенішіндегі жұмысшының (парафин мұнай өндірісінің жанама өнімі) бірін тізімнен алып тастасақ, мен дайын болмас едім.
Таң қалдыратын жай: мұнай кенішіндегі жұмысшы, химик, графит немесе балшық шығарушы, кеме, поезд немесе жүк көлігін жасап шығарушы, сондай-ақ жүргізушілер, маған металл сақина тағатын станокты басқарушы немесе компания президентінің ешқайсысы өз жұмысын мені қалағандықтан жасаған жоқ. Олардың ешқайсысы мені дәл бірінші сынып оқушысындай қажетсінбейді. Қайта осы көп адамның арасында өмірі қарындашты ұстап көрмеген, тіпті оны мүлде көрмегендер де бар. Олардың мотивациясы мен емес. Олардың мотивациясы мынадай болса керек: әлгі миллиондаған адамның әрқайсысы өзінің кішкентай өндірістік құпиясын өзі қалайтын тауар мен қызметке айырбастауды көздейді. Әлгі қалаулы заттардың арасында мен болуым да, болмауым да мүмкін.
Басшы жоқ
Бұдан да таңғалдыратын факті: мені жасап шығарған сансыз әрекетті жүзеге асыруды бұйырып немесе жұртты бағыттап отырған басшы жоқ. Ондай тұлғаның ізін де таба алмайсыз. Оның орнына Көрінбейтін қолды байқаймыз. Әлгінде айтқан ғажайып дегенім осы.
«Ағашты Құдай ғана жасай алады» дейді. Біз неге бұл оймен келісеміз? Себебі өзіміз ағаш жасай алмайтындықтан ба? Сонда біз өзі ағашты сипаттай аламыз ба? Үстіртін ғана болмаса, толық сипаттай алмаймыз. Мысалы, біз пәлен молекулалар жиынтығы – ағаш дерміз. Алайда ағаштың өмір циклында орын алатын молекулалардың ұдайы өзгерісін бағыттау былай тұрсын, жазып ала алатын адам бар ма? Мұндай жетістікке жету ойға да келмейді!
Мен – қарындашпын, мен – ағаш, мырыш, мыс, графит және өзге де ғажайыптар қосындысынан турамын. Алайда Табиғаттың бөлшегі саналатын осы ғажайыптарға олардан да артық ғажайып қосылды: жасампаз адам энергиясының конфигурациясы – қандай да бір басшының нұсқауынсыз-ақ халық қажеттілігі мен қалауына орай аяқ астынан, табиғи түрде құрала қалатын миллиондаған кішкентай ноу хау! Ағашты тек Құдай ғана жарата алатындықтан, мені де Құдай жасайтынына сенімдімін. Адам баласы ағашты жарату үшін молекулаларды біріктіре алмайтыны сияқты осы миллиондаған ноу-хауды реттеп, мені де жасай алмайды.
«Мен бейнелейтін таңғажайыпты көре білсеңіз, адамзаттан сусып бара жатқан еркіндікті сақтауға көмектесе аласыз» дегенде айтпағым осы еді. Егер біреу адам зәрулігі мен сұранысына жауап ретінде әлгі ноу-хаулар өзінен-өзі, автоматты түрде жасампаз және өнімді тізбекке тұра қалатынын және онда үкімет немесе өзге бұйырушы ұйымдастырушы жоқ екенін білсе, ол еркіндіктің аса қажет құрамдас бөлігі – азат адамдарға деген сенімге ие болады. Сенімсіз азаттық болмайды.
Мысалы үкімет, хат жеткізу сияқты әрекетке монополия жарияласа, адамдардың көбі еркін әрекет ететін кәсіпкерлер хатты дұрыс жеткізе алмайды деген ойға қалады. Оның себебі мынау: әр адам хат жеткізуге қатысты барлық істі атқару тәсілін білмейтінін мойындайды. Сонымен қатар ол өзге адам да бұл істі атқара алмас еді деген пікірде. Бұл тұспалдар дұрыс. Қарындашты жасап шығаруға қажетті білім бір адамның басында болмайтыны сияқты мемлекет деңгейінде хат тасымалын ұйымдастыруға қатысты білім мен тәсіл бір адамның бойында болмайды. Еркін халыққа сенім жоқта, яғни әлгі қажеттілікті өтеу үшін миллиондаған кішкентай ноу-хаудың табиғи және ғажайып түрде ынтымақтасып, құрала қалатынын білмейтін адам хатты тек үкіметтің «басшылығымен» ғана жеткізуге болады деген жаңсақ қорытындыға келеді.
Жеткілікті дәлел
Егер еркіндік берілсе, ерлер мен әйелдердің қандай жетістікке жете аларына мен, яғни қарындаш қана дәлел болсам, сенімі аздардың айтқаны әділ болар еді. Алайда дәлел жетіп артылады, оның бәрі біздің әрқайсысымызға қатысты. Көлік немесе калькулятор, бидай оратын комбайн немесе диірмен жабдығымен немесе ондаған мың өзге нәрсемен салыстырғанда хат жеткізу ісі тым қарабайыр. Жеткізу ме? Неліктен адамдарға жасап көру еркіндігі берілген осы салада олар адам дауысын шартарапқа бір секундтан аз уақытта жеткізе алып отыр; олар болып жатқан оқиғаның бейнесін, қозғалыс кейпінде кез келген адамның үйіне жеткізеді, олар 150 жолаушыны Сиэтлден Балтиморға төрт сағаттан аз уақытта жеткізеді, олар газды Техастан Нью-Йорктегі адамның плитасына адам сенгісіз төмен ақыға еш субсидиясыз жеткізеді, олар төрт фунт мұнайды Парсы шығанағынан Солтүстік Американың Шығыс жағалауына, яғни жер шарының келесі бөлігіне үкіметтің бір хатты көшенің арғы бетіне жеткізуге алатын ақысынан аз ақшаға жеткізеді!
Менің берер сабағым мынау: барлық шығармашыл энергияны құрсамаңыз. Осы сабақпен үндес әрекет ететін қоғам құрыңыз. Қоғамның құқықтық жүйесі барлық кедергілерді жойсын. Осы жасампаз ноу-хаулардың еркін жайылуына жол ашыңыз. Еркін ерлер мен әйелдердің Көрінбейтін қол ишарасына ереріне сеніңіз. Бұл сенім құпталады. Мен – қарындашпын, бір қарағанда қарапайым көрінсем де мұның шынайы сенім екеніне менің жасалып шығарылу ғажайыбым дәлел, күн, жаңбыр, самырсын, жер шынайы болғандай ол да шынайы.
Бекіту сұрағы: ынтымақтасу желісі елдің өндірістік потенциалын қалай арттырады және соның нәтижесінде заманауи өмір салты стандарттарының негізін қалай қалайды?
Леонард Ридтің «Мен, қарындаш». Бұл материалды Экономикалық Білім Қоры Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша ұсынды.
Жұмыс орындарын ашу не байлық құру
Дуайт Р.Ли
Ойлануға арналған сұрақ: жұмыс орындарын ашу үшін үкімет әскери базалар құрып, жолдар салуы тиіс пе?
Әдетте үкімет жобалары оның қанша жұмыс орнын ашатынымен бағаланады. Импортқа шектеу қою ел ішіндегі жұмыс орындарын қорғау және жаңа жұмыс орындарын ашу тәсілі ретінде көрінеді. Салық жеңілдіктері мен салықтан жалтаруға мүмкіндік беретін заңдар көбіне бапталып отырған саладағы жұмыспен қамтуды арттыру ретінде түсіндіріледі. Президенттер өз билігі кезінде ашылған жұмыс орындары санын мақтан етіп айтады. Көбірек жұмыс орны ашылса, президент әкімшілігі де көбірек жетістікке жеткен болып саналады. Бұрын-соңды бюджет ақшасын жұмсайтын бағдарламаны насихаттаушылар оның жұмыс орнын ашатынын айтпай өткен емес-ау. Тіпті соғыстың да жұмыс орнын ашатын оң тұсы бар деп саналады.
Негізі жұмыс орнын ашудың еш жамандығы жоқ. Жұмыс істеу арқасында адамдар байлық түзеді. Сондықтан жұмыс орнының ашылуын жалаулатып көрсетуді түсінуге болады. Алайда адамдар шын мәнінде байлығын арттыруды қалайтынын, ал жұмыс орны соған жетудің құралы ғана екенін оңай ұмытып кетеді. Осы қарапайым факт естен шығып кеткенде, жұмыс орнын ашу басты мақсат етіп қойылғандай адамдарды алдаусырата салуға болады. Ойға қонымды көрінгенімен бұл дәлелдер байлықты түзудің орнына оны құртатын саясатты қолдауға қолданылады. Адамның салын суға кетіретін көп мысалдың бірнешеуін келтіріп өтейін.
Жұмыс орнын ашу басты мәселе емес
Барлық экономикалық әрекеттің мақсаты – қолда бар тапшы ресурстармен (соның ішінде адамның талпынысы) мейілінше көп құндылық қалыптастыру. Алайда тапшылық шегін қаншалықты кергілесек те, бұл шек кеңеймейді. Тапшылық мәңгібақи бізді қалаған нәрсеміздің бәріне жеткізбей тұрады. Әрдайым атқаруға болатыннан әлдеқайда көп жұмыс болады. Сондықтан жұмыс орнын ашу басты мәселе емес. Мәселе адам мейілінше көп құндылық өндіретін жұмыс орнын түзуде жатыр. Қытайға барғанында қайламен, күрекпен бөгет салып жатқан топтың үстінен түскен инженер туралы ойдан шығарылған хикаяның айтары осы. Жұмысшыларға жер қазатын моторлы жабдық берсе, жұмысты бірнеше ай емес, бірнеше күнде бітіруге болатынын айтқан инженерге сол жердің бригадирі ондай жабдық талай жұмыс орнын құртады деп жауап беріпті. «Аһ», деді инженер, «Сіз бөгет салуды көздеп отыр екен десем. Көздегеніңіз жұмыс орнын сақтау болса, жұмысшыларға күрек орнына қасық бермейсіз бе»?
«Афина колледж қалашығы тұрғындары маған арзан ақыға, айталық айына 5 центке жұмыс істеуге келіссе, олардың бірін қалдырмай жұмысқа алар едім» дегенді Джорджия университетіндегі студенттеріме мысал ретінде айтамын. Айлықты тағы азайтсақ, бүкіл Джорджия штаты тұрғындарын жұмысқа аламын. Жұмысшыларды сондай айлыққа жұмысқа алсам, оларға бөгетті қасықпен салдырғанның өзінде пайда табар едім. Әрине, өзге жұмыс берушіге жалданса, әлдеқайда көп ақша табатынын білетін студенттер менің ұсынысымның ақылға сыйымсыз екенін түсінеді. Бұл жұмыс орны санына мән беру түзілетін немесе түзілмейтін құндылықты елеусіз қалдыратынын ашып көрсетеді. Мен ұсынғаннан гөрі студенттерім кіре алатын жалақысы жоғары жұмыс орындарында көбірек құндылық өндіріледі. Ашық еңбек нарықтарындағы жалақы тудыратын үлкен артықшылық бар, ол адамды әйтеуір бір жұмысқа емес, ең жоғары бағаланатын жұмысқа тартады.
Нарықтық жалақының тағы бір артықшылығы – ол жұмыс берушілерді қызметкерлерді олардың балама жалақысына жұмысқа алуға және дәл осы құндылықты азырақ жұмыс күшімен түзу арқылы жұмыс орны санын қысқартуға дайын тұруға мәжбүрлейді. Бүкіл экономикалық ілгерілеу қазіргі немесе жақсартылған тауар мен қызметті азырақ жұмысшымен ұсына алу нәтижесінде орын алады, яғни кей жұмыс орындарын қысқартып, жаңа, өнімділеу жұмыс орындарының өнімділігін арттыруға еңбек күшін босатады. Әл-ауқатты жақсартудың осы жолын түсінбеу салдарынан деструктивті қоғамдық саясатты ұнатушылар көбейеді.
Динамитті жарып, көбірек жұмыс орнына жол салу
1840-жылдары бір француз саясаткері Бордо қаласында көп жұмыс орны ашылуы үшін Парижден Испанияға тартылған рельстің Бордо тұсындағы бөлігін жарып жіберу қажет деген үндеу тастады. Жүк бір поездан екіншісіне тасылып, жолаушыларға қонақ үй керек болар еді, ал мұның бәрі халыққа жұмыс болады. (Бұл ұсынысты 19-ғасырда өмір сүрген экономист және эссеші Фредерик Бастиат «Экономикалық софистика» (Economic Sophisms, pp. 94-95) еңбегінде талдап, сынаған. Бұл мақала Экономикалық білім беру қорында бар).
Әлгі ұсыныс менің айына 5 центке жұмысшы жалдау ұсынысымнан да сорақы. Енді мен жұмысшыларды көпе-көрнеу зақым келтіруге емес, бір құнды тауар өндіру үшін жалдамақ болдым ғой. Өкінішке қарай, абсурд болғанына қарамастан, экономикалық тұрғыдан жойқын жобалар ұсынылып, жүзеге асырылып жатады. Жұмыс орындарын ашамыз деген желеумен саясаткерлер әдетте белгілі бір құндылықты өндіруге қажетті күш-жігерді арттыратын заңнаманы қабылдайды.
Импортты шектеуді жақтайтын дәлелдерінің бірі – ел ішінде жұмыс орындары ашылады (немесе бұрыннан бар жұмыс орындарын сақтап қаламыз). Рас. Рельстің бір бөлігін талқандау Бордода жұмыс орындарын түзгеніндей, бұл да ел ішінде біраз жұмыс орнын түзеді. Алайда рельстің талқандалуы сияқты импортты шектеу де құнды өнімдерді сатып алу бағасын өсіріп жібереді. Бір елдің өнімдерді импорттауының жалғыз себебі – бұл оларды иеленудің ең арзан тәсілі. Әлгі тауарларды өз елінде өндіргеннен гөрі сыртқы сауда арқылы алуға қажетті қызметкер саны азырақ. Сауда-саттықтың осылайша жұмысшыларды босатып, олардың тұтынуға дайын тауар мен қызмет өндірісін арттыруына жол ашуы технологиялық үдеріс іспетті. Рельске динамит қою, фабрикаларды талқандау және жұмысшыларға жер қазатын заманауи жабдықтың орнына күрек ұстату жұмыс орындарын қалай ашса, импортты шектеу де солай ашады.
Жұмыс орындарын ашу – экономикалық әрекеттің түпкі мақсаты, яғни дәулет түзу жолындағы құрал екенін әрдайым есте ұстаңыз.
Үкіметтік жұмыс орындарын ашу
Жұрт жұмыс орнын құралдан гөрі мақсат ретінде қабылдауға бейім болғандықтан, олар жұмыс орындары ашылады дегенге алданып, үкімет бағдарламаларын қолдап жатады. Адамдардың осы орайда әскери база, шоссе құрылысы және кәсіпкерлікке таңылатын экологиялық талаптарды жақтап аргумент келтіріп жатқанын бәріміз де естідік. Жұмсалатын қаржыны негіздеу үшін мемлекеттік мекемелер пайда/шығын зерттеулерін жиі жасап жатады, онда ашылған жұмыс орындары пайда ретінде көрсетіледі. Мұнысы сіз автокөлік сатып алуға жеткілікті ақша табу үшін істеген жұмыс сағаттарыңызды көлік әкелетін пайда ретінде санау сияқты. Үкімет жобасы аясында ашылған жұмыс орындары жобаның шығынына, яғни балама құнға жатады. Үкімет жобасына кірген жұмысшылар өзге бір істі істеп, молырақ құндылық түзе алар еді. Мәселе үкімет жобасының жұмыс орындарын ашу-ашпауында емес, осы жұмысқа кіргендердің өзге жұмыс орнында түзуі ықтимал байлықтан көбірек байлық түзер-түзбесінде. Үкімет бағдарламасын жақтаушылар бұл сұрақты қойғысы келмейді. Осы сұрақ қойылғанда үкімет ашқан өнімділігі төмен жұмыс орындар саны әлдеқайда аз, ал жеке сектордағы өнімділігі жоғары жұмыс саны әлдеқайда көп болар еді.
Бекіту сұрағы: егер жоғары өмір стандартына қол жеткізгіміз келсе, жұмыс орнын ашу мен байлық түзудің қайсысы маңыздырақ? Олардың айырмашылықтары не?
Дуайт Лидің «Жұмыс орындарын ашу не байлық құру».Бұл материалды Экономикалық Білім Қоры Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша ұсынды.
Не көрініп, не көрінбейді?
Фредерик Бастиа
Оқып отырғаныңыз Фредерик Бастианың «Не көрініп, не көрінбейді?» атты мақаласының қысқартылған нұсқасы.(1) 19-ғасырда өмір сүрген Бастиа – экономист әрі француз парламентінің мүшесі болған. Бір қызығы, ол 150 жыл бұрын көтерген мәселелер әлі де өзекті.
Экономика саласында бір әрекет, әдет, институт, заң бір ғана нәтиже емес, нәтижелер қатарын тудырады. Олардың алғашқысы ғана тура әсер, ол өзінің себебімен қатар орын алады және көрініп тұрады. Өзге әсерлер бірінен кейін бірі орын алып жатады, олар көрінбейді. Егер оларды болжай алсақ, жолымыздың болғаны.
Жаман экономист пен жақсы экономистің бір ғана айырмашылығы бар: жаман экономист көрінетін нәтижемен шектеледі, ал жақсы экономист көрінетін нәтижені де, болжауға келетін нәтижелерді де ескереді.
Сөйте тұра бұл өзі үлкен айырмашылық. Соған сай үнемі дерлік мынадай үрдіс орын алып жатады: тікелей салдар ұнамды болғанда одан кейінгі салдарлар жойқын немесе керісінше болуы мүмкін. Осылайша жаман экономист соңынан үлкен пәлені ерте келетін кішкентай жақсылыққа ұмтылса, жақсы экономист қазір кішкентай қиындық болғанымен оның соңынан үлкен жақсылық келетінін көре біледі.
Сынық терезе
Бұзық ұлы шыны панельді сындырып тастағанда абыройлы азамат Джеймс Гудфеллоудың ашуланғанын көріп пе едіңіз? Сол көріністі көрген болсаңыз, сол жерде отыз адам тұрса, отызы да қапаланып тұрған дүкен иесіне бірауыздан мынадай жұбату айтып жатқанын байқаған шығарсыз: «Бір жамандықтың бір жақсылығы бар. Мұндай оқиғалар кәсіпкерлікке серпін береді. Кім де болса күнін көруі керек. Ешкім терезені сындырмаса, әйнекшінің күні не болар еді»?
Осы қарапайым мысалдың жұбату формуласында жатқан экономикалық институттардың көбіне тән үлкен теорияны ашып көрсетуімізге болады.
Келген залалды жөндеу алты франк тұрады делік. Егер әлгі оқиға жоғарыда айтылған кәсіпкерлікке алты франк көлемінде серпін берді десеңіз, келісемін. Оған шек келтірмеймін, сөзіңіз дұрыс. Әйнекші келіп, жұмысын істеп, алты франкті алып, өзін-өзі құттықтап, ішінен алаңғасар балаға батасын жаудырып кетеді. Бұл – көрініп тұрған жәйт.
Бірақ егер дедукция тәсілімен (мұндай жағдай тым жиі орын алады) терезені сындырған жақсы, ол ақша айналымына сеп болады, жалпы кәсіпкерлікке серпін береді деген қорытындыға келсеңіз, мен былай айқайлап жіберуге міндеттімін: олай ешқашан болмайды! Сіздің теорияңыз көрініп тұрған жәйтпен шектеліп қалған. Онда көрінбейтін жәйттер ескерілмеген.
Дүкенші алты франкті бір нәрсеге жұмсағандықтан, оны өзге жаққа жұмсай алмайтыны көрінбей тұр. Егер ол терезені алмастыруға мәжбүр болмағанда, ол, мысалы, тозған аяқкиімінің орнына жаңасын алуы немесе кітапханасына тағы бір кітап қосып қоюы ықтимал екені көрінбей тұр. Қысқаша айтқанда, ол алты франкты жұмсайтын жер табар еді, бірақ қазір қолында алты франкі жоқ.
Енді жалпы кәсіпкерлікті қарастырайық. Терезенің сынуы мен шыны индустриясына алты франк көлемінде серпін берілуі көрініп тұрған жәйт.
Егер терезе сындырылмағанда, аяқ киім кәсіпкерлігі (немесе өзге кәсіпкерлік) алты франкілік серпін алар еді. Бұл көрінбей тұрған жәйт.
Егер біз жағымсыз фактор болғандықтан, көрінбей тұрған жәйтті, жағымды болғандықтан, көрінетін жәйтті ескерсек, терезенің сынған-сынбағанынан жалпы кәсіпкерлікке немесе елдегі жұмыспен қамтуға келер еш пайда жоқ екенін түсінуіміз керек.
Енді Джеймс Гудфеллоуды қарастырайық.
Сынған терезеге қатысты бірінші болжам бойынша ол алты франк жұмсайды да, бір терезеге ие болады, оның дүние-мүлкі артқан да жоқ, кеміген де жоқ.
Терезе сындырылмаған екінші болжам бойынша, ол алты франкке жаңа аяқ киім сатып алар еді. Сөйтіп оның аяқ киімі бар болар еді әрі терезе де орнында тұрар еді.
Джеймс Гудфеллоуды қоғамның бір бөлшегі ретінде қарастырсақ, дүкеншінің еңбегі мен ие болған заттары тұрғысынан алғанда, қоғам сынған терезе құнын жоғалтты деген қорытынды жасауымыз керек.
Жалпылай келе мынадай күтпеген қорытынды жасаймыз: «Қоғам еш себепсіз құртылған нысан құнын жоғалтады... сындыру, құрту, оңды-солды шашу елдегі жұмыспен қамтуға серпін беру емес» немесе қысқаша айтқанда: «Құрту пайда әкелмейді.»
Оқырман мен ұсынып отырған шағын драмада екі емес, үш қатысушы бар екеніне баса назар аударуы керек. Біріншісі, бұзықтық салдарынан екі игіліктің орнына біреуін ғана иеленіп қалған тұтынушы – Джеймс Гудфеллоу. Екіншісі, тосын оқиға кәсіпкерлігіне серпін берген өндіруші, ол әйнекші кейпінде көрінді. Үшіншісі – етікші (немесе кез келген өзге өндіруші), оның кәсіпкерлігіне дәл осы оқиға кесірінен қолдаудан айырылды. Әрдайым көлеңкеде қалатын осы үшінші тұлға және көрінбейтін жәйтті бейнелеп тұрған адам – мәселенің негізгі элементі. Құртуды пайда көрудің қаншалықты қисынсыз екенін бізге аңғартатын да осы адам.
Театр мен бейнелеу өнері
Мемлекет өнерге субсидия беруі керек пе? Осы ұстанымды қолдайтын және оған қарсы аргумент көп.
Cубсидия жүйесін қолдайтындар өнер халықтың руханиятын кеңейтеді, көтереді және поэзияландырады, оны материалдық әлемнен алшақтатып, оған әсемдік сезімін сыйлайтындықтан, оның жүріс-тұрысы, әдеттері, адамгершілігіне, тіпті өнеркәсібіне де жақсы әсер етеді деуі мүмкін. Париждегі Théâtre-Italien театры болмаса, Франциядағы музыканың күйі не болар еді, Théâtre-Français болмаса, драма өнері қайда қалар еді, коллекциялар мен мұражайлар болмаса, суреттер мен мүсіндердің жағдайы не болар деп біреу сұрауы мүмкін. Орталықтандырусыз және соның арқасында бейнелеу өнеріне берілетін субсидиясыз француз өнімдерін бүкіл әлемге танытқан француз еңбек күшінің бекзат сипаты -- айырықша талғамның қалыптасу-қалыптаспауы екіталай еді дейтіндер де бар. Осындай нәтиже барда француз азаматтарын осы қасиеттерден айыру ақымақтық болмас па еді? Соңғы сараптама көрсеткендей, еуропалықтар француздардың жоғары талғамын олардың артықшылығы, оларға абырой беретін сипат санайды.
Мен күмән келтірмейтін осы және өзге күшті дәлелдерге олардан да мықты дәлелдерді қарсы қоюға болады. Ең алдымен, игілікті әділ бөлу мәселесін көтеруге болады. Суретшінің табысын толықтыру үшін заң шығарушының шебердің жалақысынан ақша ұстау құқы бар ма? Альфонс Мари Луи де Ламартин(2) былай деген: «Театрдан субсидияны алып қою арқылы неге қол жеткізбексіз? Осы қисынға салсаңыз, университет, мұражай, кітапхананың бәрін таратып жіберген дұрыс болар»? Бұған былай деп жауап беруге болар еді: жақсы және кәдеге жарайтын нәрсенің бәріне субсидия беретін болсақ, қай межеде тоқтаймыз? Онда осы қисынға сай ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, коммерция, әлеуметтік қорғау мен білім беру саласының бәрін асырауға бөлінетін ақша тізімін жасап алу керек емес пе? Оған қоса субсидияның өнерді дамытатыны рас па? Бұл әлі шешімін таппаған мәселе. Өз табысына ғана өмір сүретін театрлардың өркендеп жатқанын өз көзімізбен көріп отырмыз. Ең соңында айтарым, сұраныс пен қалау бірін-бірі өсіріп, ел байлығы оларды қанағаттандыруға мүмкіндік беретін шамада түрлі өнер салаларына енуде(3). Мемлекет бұл үдеріске араласпауы керек, себебі мемлекеттік бюджет мөлшері қанша болса да, ол өзге негізгі индустрияларға салықты көбейтпейінше, жоғары өнер кәсіпкерлігіне қолдау көрсете алмайды, ал бұл – өркениеттің табиғи дамуын кері кетіреді. Қалау, талғам, еңбек күші мен халықты бұлайша жасанды түрде бөлу халықты тұғырынан айырып, тұрақсыз әрі қауіпті жағдай қалыптастырады.
Мемлекеттің араласуына қарсы тараптар келтіретін дәлелдердің бірі осы: азаматтар өз сұраныстары мен қалауларын өздері қанағаттандыруды қалайды, яғни өз әрекеттерін өздері бағыттағысы келеді. Таңдау мен түрткі жоғарыдан, яғни заңды жазатындардан емес, төменнен – азаматтардан шығуы керек деп ойлайтынымды мойындаймын. Бұған қарсы доктрина маған еркіндікті жойып, адамның қадір-қасиеті аяқасты ететіндей көрінеді.
Алайда жалған әрі әділетсіз тұжырым бойынша экономистерге қандай айып тағып отырғанын білесіз бе? Біз субсидияға қарсы шыққанда, бізге әлгі саланың жауы деген айып тағылады, ал біз ондай саланың ерікті болғанын және оның өз күнін өзі көргенін қалаймыз. Демек, егер біз мемлекеттен салық арқылы діни істерге субсидия бермеуді сұрасақ, біз атеист болып шығамыз. Егер мемлекеттен білім беру саласына салық арқылы субсидия бермеуді сұрасақ, біз білімді жек көрген болып шығамыз. Егер біз мемлекет салық субсидия беру арқылы жер телімдеріне немесе кәсіпкерліктің кей саласына жасанды құн қосу керек десек, онда біз жекеменшік пен еңбек күшінің қас жауы болып шығамыз. Егер біз мемлекет суретшілерге субсидия бермеуі керек десек, біз өнерді түкке тұрғысыз санайтын жабайы болып шыға келеміз.
Мен бұл тұжырымдарға қарсы тұруға барымды саламын. Дін, білім саласы, жеке меншік, еңбек пен өнерге жалақы қарғыбауын тақпай, олардың еркін дамуын қорғауды өтінгенде, біз осы салалардың бәрін құрту деген санасыз ойдан аулақпыз. Қайта біз қоғамның осы өміршең күштерінің азаттық аясында үйлесімді дамуы керектігіне және қазір көріп отырғанымыздай, олардың қиындық тудырып, қолшоқпар болып, зұлымдық пен бейберекетсіздік көзіне айналмауы керектігіне сенеміз.
Біздің қарсыластарымыз субсидия тимейтін және жоғарыдан реттелмейтін сала құриды деп ойлайды. Біздің ойымыз бұған қарама-қайшы. Олар адамзатқа емес, заң жазушыға сенеді. Біз заң жазушыға емес, адамзатқа сенеміз. Альфонсо де Ламартин былай деген еді: «Бұл қағидаға салсақ, бізге осы елді байытып, даңқын шығаратын көрме өткізуді тоқтату керек».
Мен де Ламартинге былай жауап берер едім: «Сіздің ойыңызша, субсидия бермеу деген - құрту. Мемлекеттің қалауынсыз еш нәрсе де болмайды деген тұжырым сізді салықпен суғарып отырмаса, ештеңе де тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келтірген. Бірақ өзіңіз таңдаған мысалмен сіздің қателігіңізді дәлелдеймін. Көрмелердің ішіндегі ең ұлы, ең бекзат, ең либерал, ең әмбебап ұғымға, гуманитарлық ұғымға негізделген (оным әсірелеу емес) көрме қазір Лондонда дайындалып жатыр(4) , бұл – үкімет араласпайтын және салық төлеуші ақшасы жұмсалмайтын жалғыз көрме».
Бейнелеу өнеріне оралсақ, субсидияны қолдайтын және оған қарсы салмақты дәлелдердің көп екенін тағы да айтамын. Осы эссенің арнайы мақсаты болғандықтан, оларды соңына дейін жіліктеп талдап шығудың қажеті жоқтығын оқырман түсінеді.
Алайда М. де Ламартин айтқан, осы экономикалық зерттеу аясына дөп түскен бір дәлелді елеусіз қалдыра алмаймын.
Ол былай деді:
Театрларға қатысты экономикалық мәселені бір сөзбен қорытындылауға болады, ол сөз – жұмыспен қамту. Оның қандай жұмыс екені маңызды емес, ол кез келген өзге жұмыс сияқты өнім береді. Өздеріңіз де білетіндей, театрлар суретші, тас қалаушы, декоратор, костюмер, сәулетші, т.с.с сексен мыңнан астам еңбеккерге жалақы төлейді, олар астанамыздағы талай кварталдың өмірін жандандырып отыр және олар сіздің оң қабақ танытуыңызды талап ете алады!
Оң қабақ дейді ме? Субсидия деу керек. Оған қоса:
Париждегі ойын-сауық провинциялық өңірлерді жұмыспен және тұтынушылар тауарларымен қамтиды. Бай-бағлан ғана тамашалайтын ойын-сауық республиканың түкпір-түкпіріндегі театрлардың күрделі индустриясындағы екі жүз мың еңбеккерге айлық пен нанын тауып беріп отыр. Францияны әлемге әйгілі еткен осы бекзат сауықтың арқасында олар бала-шағасын асырайды. Сіз алпыс мың франкті осы адамдарға беріп отырсыз. [Өте жақсы! Өте жақсы! Ду қол шапалақ].
«Нашар! Нашар!» дер едім мен, себебі бұл ой біз қарастырып отырған экономикалық аргументке қайшы.
Иә, солай. Әлгі алпыс мың франктің театр қызметкерлеріне толық жетуі екіталай. Оның біраз бөлігі жол-жөнекей қолды болуы мүмкін. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін адам болса, ақшаның қомақты бөлігі өзге жерге кететінін табар еді. Қызметкерлерге қалған-құтқан ақша тисе жақсы! Дегенмен бүкіл субсидия шып-шырғасы шықпай суретші, декоратор, костюмер, шаштаразға, т.с.с. тиді делік. Бұл – көрініп тұрған жәйт.
Сонда әлгі ақша қайдан шығады? Бұл мәселенің екінші жағы, бірінші жағын тексеру маңызды болғандай бұл да маңызды. Бұл 60 000 франк қайдан шығады? Егер заң шығарушы орган оны алдымен Риволи көшесіне, содан кейін Гренель(5) көшесіне жіберуге дауыс бермегенде, бұл ақша қайда жұмсалар еді? Бұл – көрінбей тұрған жәйт.
Әрине, заң шығарушы орган бұл соманы сайлау жәшігінен басып шығарды деп отырған ешкім жоқ, бұл – ел байлығының бір бөлігі, театрға бөлуге дауыс берілмегенде, бұл алпыс мың франкті ешкім көрмес те еді, білмес те еді. Депуттардың басым бөлігі оны бір жерден алып, бір жерге бөлуге дауыс береді. Бір саладан бас тартқанда ғана оларды басқа салаға жіберуге болады.
Яғни, бір франк салық төлеген салық төлеуші қолында әлгі франктің қалмасы анық. Ол бір франктан айырылады, ал әлгі рахатты (ауд.: тауар не қызметті) оған ұсынуы ықтимал болған жұмысшы сонда түсімнен айырылады.
Онда 16-мамырдағы дауыс беру елдің әл-ауқаты мен жұмыспен қамтылуын жақсартады деп алданбай-ақ қояйық. Ол иеліктегі активтерді, жалақыны қайта бөледі. Бар болғаны сол.
Рахаттың бір түрі мен жұмыстың бір түрі үшін ол одан гөрі көбірек көңіл бөлуді қажет ететін, одан гөрі орынды рахат пен жұмысты құрбан етті деуге бола ма? Осы орайда білек сыбана күресер едім. Мен былай дер едім: «Салық төлеушілерден алпыс мың франкті алғанда сіз дихан, жылға қазушы, ағаш шебері мен ұстаның жалақысын азайтып, әнші, шаштараз, декоратор мен костюмердің жалақысын соншалықты көбейтесіз». Соңғы айтылған таптағылар өзге таптардан маңызды дегенді еш нәрсе көрсетіп тұрған жоқ. Ондай дәйекті М. де Ламартин де келтірмеді. Ол театрлардың жұмысы кез келген өзге жұмыс сияқты өнімді әрі жемісті дегенді ғана айтты, мұның өзіне шүбә келтіруге болады. Театр жұмысының өзге жұмыстар сияқты өнімді еместігінің басты дәлелі – өзге жұмыстардан театрға субсидия беру талап етілуі.
Алайда жұмыстың әр түрінің ішкі құндылығы мен сіңген еңбегін салыстыру қазіргі тақырыбымнан тыс жәйт. Егер М. де Ламартин мен оны қолпаштаушылар актерлердің сұранысын қамтамасыз ететіндердің жалақысын көрсе, олар салық төлеушілерге қажетті өнімдерді ұсынатындар айырылып қалған түсімді де көрер еді. Егер олар оны көрмеген болса, олардың ақшаны қайта бөлуді пайда табу деп түсінгендері күлкілі-ақ. Егер ол өз қағидаларын мықтап ұстанған болса, түбі көрінбейтін көп субсидия сұрар еді: бір франк пен алпыс мың франк үшін шындық болған қағида миллиард франк үшін де шындық.
Мырзалар, салықтан жиналған қаржыны бөлгенде «Бюджеттен бөлінетін қаржы жұмысшы табына көмек» дегендей шала-шарпы тұжырыммен шектелмей, бөлінетін ақшаның пайдалы іске жұмсаларына жүйелі дәлел келтіріңіздер. Жұрт білуі тиіс мына фактілерді бүркеп қалу қателік: атап айтқанда бюджеттен бөлінетін қаржы жеке қаржы жұмсалатын орынға кетеді, соның нәтижесінде ол бір жұмысшының орнына өзгесіне тиер, бірақ тұтас алғанда бүкіл жұмысшы табына берер пайдасы жоқ…
Ойлануға арналған сұрақ
- Спорт стадиондарын салуға бюджет ақшасын бөлуді жақтаушылар мұның жұмыспен қамтылуды жақсартатынын жиі айтады. Осы көзқарасқа баға беріңіз.
- АҚШ федерал үкіметі ауыл шаруашылығына субсидия беруге миллиардтаған доллар жұмсайды. Бұл субсидия халықтың жұмыспен қамтылуын және шығымды арттыра ма? Түсіндіріңіз.
- [1850 жылдың шілдесінде жарияланған осы памфлет – Бастианың соңғы еңбегі. Халық оның жариялануын бір жылдан аса күтті. Автор отбасын Шуазель көшесінен Алжен көшесіне көшіргенде қолжазбаны жоғалтып алғандықтан, памфлеттің жариялануы кешіктірілді. Ұзақ та нәтижесіз іздеуден кейін ол еңбегін толықтай қайта жазып шықты және Ұлттық жиында айтылған кей мәлімдемелерді еңбегіне арқау етті. Жазып шыққан соң, ол жұмысының тым салмақты болып кеткенін көріп, екінші памфлетті отқа тастап, біз қайта басқан нұсқаны жазды. –Редактор.]↩︎
- Альфонс Мари Луи де Ламартин (1790-1869), француз романтицизмінің ақиық ақындарының бірі, кейіннен ол көрнекі мемлекет қайраткеріне айналды. Алғаш рет депутат болып 1834 жылы сайланды, 1848 жылғы Революция кезінде республиканы жариялауға шақырып, атағы шықты. Шешендік қабілетімен Парижді құртамыз деп тұрған топты тыныштандырып, уақытша үкіметтің басшылығына сайланды. Дегенмен іскер саясаткерден гөрі идеалист және қызыл тілді шешен болғандықтан, көп ұзамай ол ықпалынан айырылып, 1851 жылы демалысқа шықты.↩︎
- [Economic Harmonies. еңбегінің 3-тарауын қараңыз—Редактор.]↩︎
- Өнер мен индустрияларды дамыту жөніндегі Лондон өнер қоғамы ұйымдастыруымен 1851 жылы Лондондағы Гайд паркте өткен Ұлы көрме туралы айтылып отыр. Тамаша халықаралық көрмелер немесе «әлемдік» жәрмеңкелердің алғашқысы болған бұл көрме экспонаттар қойылған айырықша сәулет нысаны Хрусталь сараймен танылды. Көрме Виктория патшайымның консорт-ханзадасы Альберттің төрағалығымен өтті — еңбекті француз тілінен ағылшын тіліне аударған аудармашы жазған дерек].↩︎
- [Яғни қала әкімдігінен сол жағалаудағы театрларға дейін. — еңбекті француз тілінен ағылшын тіліне аударған аудармашы жазған дерек].↩︎
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ). Ол не және оны қалай өлшейді?
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір кезеңде (бір жыл не тоқсан) ел ішінде өндірілген, тұтынуға дайын барлық тауар мен қызметтің нарықтық құны. ЖІӨ – өндіріс өлшемі, ол экономикада өндірілген тауарлар мен қызметтер шығынын өлшеу үшін ойлап табылған. ЖІӨ анықтамасы оның нені өлшейтінін көрсетіп тұр. Ол өндірілген тауарлар мен қызметтердің «нарықтық құнын» өлшейді. Тауар немесе қызметке төленген нарықтық баға оның ЖІӨ-ге қосатын үлесін көрсетеді. Мысалы, жаңа көлік 20 000 долларға, ал теледидар 1 000 долларға сатылса, көлік теледидармен салыстырғанда ЖІӨ-ге 20 есе көп үлес қосады.
Тек қана соңғы қолданушы сатып алған тауар мен қызметтер саналады. Көп тауар өндірістің аралық кезеңдерінен өтеді. Өндірістің осы аралық кезеңдерінен өткен шикізат пен тауарларды сатып алу есепке алынбайды, себебі олардың құны тауардың немесе қызметтің соңғы пайдаланушысы төлейтін сатып алу бағасында көрсетіледі. Сондықтан шикізат материал мен аралық тауарлар да, соңғы қолданушы төлеген баға да есептелсе, қосарланған санау орын алар еді.
ЖІӨ – «ел ішіндегі өндіріс» өлшемі: елдің географиялық шекарасы аясында осы ел азаматтары немесе шетелдіктер өндірген өнім. Осы ел азаматтарының географиялық шекарадан тыс аумақтағы өндірісі есептелмейді. Мысалы, Мексикада жұмыс істейтін америкалық бизнес кеңесші тапқан табыс АҚШ емес, Мексиканың ЖІӨ-сіне қосылады. Сол сияқты АҚШ-та жұмыс істейтін жапондық химик-инженердің табысы Жапонияның емес, АҚШ-тың ЖІӨ-сіне қосылады.
Биылғы ЖІӨ-ге осы кезеңде өндірілген тауарлар мен қызметтер ғана енеді. Пайдаланылған заттарды сатып алынуы мен сатылуы бұл есепке енбейді, себебі олар биылғы өндірісті көрсетпейді. Олардың құны алдыңғы, өндірілген жылы есептелген. Мысалы, 2007 жылғы көліктің 2010 жылы сатылуы 2010 жылдың ЖІӨ-ге енгізілмейді, себебі ол 2010 жылы өндірілген жоқ. Ол жасалған 2007 жылдың ЖІӨ-ге қосылып қойған, тұрып қалған өнімді сатылған жыл есебіне қосу қосарланған санау болып кетеді. Керісінше, пайдаланылған заттармен сату бойынша мәмле жасауға және қаржылық активті және өзге тауарлар транзакциясын ұйымдастыруға көмектесетін адамның қызмет қазіргі өндірісті көрсетеді. Сондықтан сату қызметінің сату комиссиялары мен басқа сатуға байланысты сервистер төлемдері қызмет көрсетілген жыл есебіне қосылады. Қаржылық транзакциялар мен табыс аударымдары қосылмайды, себебі онда өндіріс жоқ.
Акция және облигация, пай қоры және депозит сертификаты сияқты басқа қаржылық құралдарды сатып алу және сату меншік құқығын бір адам немесе ұйымнан екінші адамға не ұйымға ауыстыруды білдіреді. Сол сияқты әлеуметтік қамсыздандыру жәрдемақысы, мүгедектігіне байланысты төлем, сыйға беру және басқа трансферттік төлемдер тек қана кіріс пен меншік құқығы бір тараптан екіншісіне өткенін ғана көрсетеді. Олар осы кезеңдегі өндіріске қатыспады, сондықтан мұндай трансферттер ЖІӨ-ге қосылмайды.
ЖІӨ – нарықтардағы өндіріс өлшемі. Нарықтан тыс өндірістік әрекет оған кірмей қалады. Мысалы, үй шаруашылығы аясындағы ас әзірлеу және бала бағу қызметтері бойынша нарықтық транзакция жасалмайтындықтан, олар ЖІӨ-ге қосылмайды. Оған қоса көлеңкелі экономикадағы әрекет, яғни есірткі саудасы, жезөкшелік және салықтан жалтару мақсатында табысты көрсетпеу сияқты тіркелмейтін заңсыз әрекеттер де ЖІӨ-ге кірмейді.
ЖІӨ жеке және мемлекеттік сектордың екеуінде де өндірілетін тауар мен қызмет түрлерін өлшейді. Фирма иесі ел азаматы болса да, шетелдік болса да, оның ел ауқымында өндірген өнімі есептеледі. Жоғарыда айтқанымыздай, мемлекеттік трансферттік төлемдер қарастырылмаған. Бірақ жергілікті, штат және федерал үкіметтердің тауар мен қызмет сатып алуы және/немесе ұсынуы ЖІӨ-ге кіреді, себебі олар қазіргі өндіріске жатады.
Түрлі кезеңдердегі ЖІӨ-ні салыстыру
Түрлі кезеңдердегі ЖІӨ-ні салыстырғанда бағалардың жалпы деңгейінің өзгеретінін ескерген жөн. Бір кезеңдегі ЖІӨ-нің өзге кезеңдегіден үлкен болуының екі себебі бар: (1) бағалардың жалпы деңгейінің өсуі және (2) өндірілген тауар мен қызмет мөлшерінің артуы. Осының соңғысы ғана өмір сапасын жақсартады. Сондықтан уақыт өте келе номинал ЖІӨ өзгеретіндіктен, оның жоғары бағаны ғана көрсетіп өсуі мен өндірілген тауар мен қызмет мөлшерінің артуынан өскенін айыра білген жөн.
Номинал ЖІӨ-ні белгілі бір кезеңдегі бағалардың жалпы деңгейінің артуының ықпалына қатысты түзетіп алу үшін экономистер ЖІӨ дефляторын, яғни баға индексін қолданады. ЖІӨ дефляторы – бағалардың жалпы деңгейін базалық жылдағымен (оның құны –100) салыстыратын өлшем. Бағалар базалық жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда өскенде ЖІӨ дефляторы да соған пропорционал түрде өседі. ЖІӨ дефляторы мен номинал ЖІӨ нақты ЖІӨ шығаруға қолдануға болады, ол тұрақты сатып алу қабілетінің долларымен өлшенеді. Нақты ЖІӨ номинал ЖІӨ-ден оны бағалардың жалпы деңгейінің өсуі есебінен арттырып тұрған соманы алып тастайды. Базалық жылдағы баға деңгейімен салыстырыла өлшенген осы кезеңдегі (t) реалды ЖІӨ мынаған тең:
Егер қазір бағалар базалық жылдағыдан жоғары болса, оң жақтағы коэффциент бірден аз болады және ол қазіргі номинал ЖІӨ санын алдыңғы базалық жылдағымен салыстырғанда жоғарырақ болатын қазіргі бағалар деңгейімен салыстырады. АҚШ-тың 2005 және 2009 жылдардағы ЖІӨ салыстырайық. 2009 жылы АҚШ-тың номинал ЖІӨ 14 трлн 256 млрд $, ал 2005 жылы 12 трлн 638 млрд ғана болды. Яғни 2009 жылы ЖІӨ 2005 жылғымен салыстырғанда 12,8 пайызға жоғары болды. Алайда номинал ЖІӨ-нің артуының ауқымды бөлігі нақты өнімнің артуын емес, инфляцияны көрсетті. ЖІӨ-дегі барлық тауар құны өзгерісін өлшейтін баға индексі – ЖІӨ дефляторы 2005-базалық жылдағы 100,0-ден 2009 жылы 109,7702-ге дейін өсті. Бұл – 2005 жыл мен 2009 жыл аралығында бағалардың 9,8 пайызға өскенін көрсетеді (109,7702-100, процент түрінде). 2009 жылғы реалды ЖІӨ-ні шығару үшін 2009 жылғы номинал ЖІӨ-дегі 2005 жылғымен салыстырғандағы бағалардың жоғарырақ деңгейі алынып тасталады. Жоғарыдағы теңдеуді қолдана отырып, 2009 жылғы 14 трлн 256 млрд долларлық ЖІӨ 100-ге көбейтіліп, шыққан сан 109,7702 дефляторына бөлінеді. Сонда 12 трлн 987 млрд долларлық нақты ЖІӨ шығады [($14,256.3 *100)/ 109.7702], нақты ЖІӨ 2005 жылғы ЖІӨ-ден 2,8 пайызға ғана көп. Яғни, номинал ЖІӨ 12,8 пайызға артса да, нақты ЖІӨ2,8 пайызға ғана өскен.
Түрлі кезеңдердегі ЖІӨ-лерді салыстырғанда номинал ЖІӨ-лерді емес, нақты ЖІӨ-лерді салыстырған абзал. Нақты ЖІӨ санынан бағалардың жалпы деңгейі өзгерісі алынып тасталған, онда өндірілген тауар мен қызметтің нақты шығымының өзгеруі ғана қалған. Осының арқасында нақты ЖІӨ-лерді салыстырудың мәні арта түседі.
Оған қоса, уақыт бойынша өмір сүру деңгейін қарастырған кезде, жан басына шаққандағы ЖІӨ, яғни бір адамға шаққандағы ЖІӨ пайдаланылуы керек. Жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткішінің артуы әлгі кезеңде орта есеппен адам басына көбірек таурлар мен қызмет өндірілгенін көрсетеді. Жан басына шаққандағы өнім артпайынша, өмір сапасының жақсаруы екіталай.
АҚШ коммерция министрлігінің Экономикалық талдау бюросы (ЭТБ) ЖІӨ-ні тоқсан сайын есептеп отырады және соның негізінде АҚШ экономикасына шолу жасап шығарады. ЭТБ мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер мен жеке адамдардың шешіміне ықпал ететін экономикалық статистика береді. Көрсетілген сілтемедегі http://www.bea.gov/index.htm статистика АҚШ экономикасының жаңарып отыратын, көп қырлы келбетін ұсынады.
Common Sense Economics тарабынан тартууланды.
Жеке меншік пен балама құн
Дуайт Ли
Ойлануға арналған сұрақ: жекеменшік құқығы мен балама құнның қандай экономикалық байланысы бар?
Нарық құнды анықтап, баршаның мүддесіне қызмет етсе, үкімет әлгі құнды бүркемелеп, арнаулы топтың мүддесін қорғайды. Бұл сегментте мен жекеменшіктің маңызды рөлін таныстыра отырып балама құнды талқылаймын. Жеке меншік – нарықтық экономиканың іргетасы, себебі жеке меншік және соның арқасында жүзеге асатын айырбас болмаса, адамдар өз шешімдерінің толық құнын біле алмас еді.
Көлік жүргізу тым қымбат
Сіз сақтандыру полисі, қызмет көрсету ақысы, бензині мен салығы төленіп қойылған Rolls Royce Silver Shadow ұтып алдыңыз делік. Мемлекеттік лотереяны ұтқандай болмаса да, мұндай роллс ройс бағасы 250 000$ төңірегінде. Бұл – жақсы жаңалық. Ал, сіздің осы көлікті айдайтындай бай болмауыңыз бір жайсыз жаңалық болуы мүмкін. Сіздің алғашқы реакцияңыз мынадай болар: мұны қалтаңыз көтермейді дегенде нені меңзеп тұрсыз? Барлығының ақысын біреу төлеп қойды.
Рас, бірақ мен әлі де болса, бұл көлікті міну сізге қымбатқа түседі деп ойлаймын. Роллс ройс сізге қалай бұйырса да, оны міну құны – ол үшін өзге біреудің төлеуге әзір бағасы. Көлік сіздің жекеменшігіңіз болғандықтан, әлгі құнды ескерусіз қалдыра алмайсыз. Иесі ретінде сіз оны құнын біліп, ең жақсы баға ұсынған біреуге сата аласыз. Сондықтан сіз бұл көлікті роллс ройсқа құмар біреу төлеуге әзір 250 000 долларға сатып ала алатын өзге заттардай немесе олардан жоғары бағаласаңыз ғана мініп жүре бересіз. Сіздің роллс ройсты сатып, 20 000 долларға жап-жақсы, қызмет ақысы ұнамды көлік сатып алып, 230 000 долларды сақтауға немесе басқа нәрселерге жұмсауыңыз әбден мүмкін.
Әрине, бұл хикая қиял ғана, себебі сіз роллс ройс ұтқалы жатқан жоқсыз. Бірақ ол шындыққа жанасатын, маңызды ойды көрсетеді: жекеменшік адамды өз шешімінің балама құнын (қалт жіберген олжа) қарастыруға итермелейді. Жекеменшіктің балама құнын қарастыру нарықтық әрекеттің ерекшелігі болып саналады, сол себепті нарықтық ынтымақтастық ресурстар мен өнімдерді оларды барынша бағалайтындар қолына бағыттайды.
Құс бақылаушылары мен ескі көлік жүргізушілердің серіктестігі
Одюбон қоғамы мүшелері құстар мен өзге жануарлардың табиғи ортасын қорғауды мақсат еткен. Жабайы табиғаттың мекендейтін ортасын қорғау және жоғары қуатты көліктер немесе осы мәселе бойынша кез келген басқа көліктер үшін бензиннің қолжетімділігін арттыру арасындағы таңдаудың қалай болатынын болжау оңай. Мұнай компаниялары мұнайдың төгілуін болдырмау үшін төтенше сақтық шараларын қолдануға уәде береді және шын мәнінде жасайды, бірақ Audubon қоғамы бұған сенімді емес. Сақтық шараларының сақталуына қарамастан, олар «Теңіз түбі бұрғыланбасын»! деген ұстанымынан танбай отыр.
Автошабандоздар бензиннің арзандағанын қалайтынын Одюбон қоғамына қалай жеткізіп, оларды тұмса табиғатқа қатер тудыратын мұнай өндірісіне қарсы болмауға қалай иландыра алады? Негізі олар бұл істі шешіп қойған. Бензиннің өзге тұтынушыларымен қатар автошабандоздар Одюбон қоғамын олардың бензинге телитін құндылығы жабайы табиғатты қорғаудың балама құны екеніне және қоғамның оны ескерусіз қалдырмауына иландырған. Олар мұны жекеменшікке негізделген нарықтық өзара байланыс арқылы жасаған.
Одюбон қоғамы Луизиана штатындағы Rainey Preserve қорығына ие. Бұл құстар мен басқа да жабайы табиғат үшін тамаша мекен, бірақ ол мұнай компаниялары қалпына келтіруге ынталы мұнай мен табиғи газдың коммерциялық көлемін қамтиды. Жер Одюбон қоғамына тиесілі болғандықтан, мұнай компанияларға оны бұрғылауына жол бермейді деп ойлауға болады. Олай емес! Одюбон қоғамы мұнай компанияларына онда бұрғылауға рұқсат етті.
Әрине, мұнай компанияларынан мұнайдың ағып кетуіне қарсы мықты сақтық шаралары талап етіледі, бірақ ол талап теңіз табанын ұңғылау жағдайындағы сақтық шараларындай мықты емес. Неге бүйтті? Rainey Preserve қорығы Одюбон қоғамына тиесілі болғандықтан, өзгелер мұнайға төлеуге әзір ақша Одюбон қоғамы ұңғылауға рұқсат бермеген жағдайда құрбандық етілетін мүмкіндік саналады. Алайда Одюбон қоғамы теңіз аумағының балама құнын көрмейді, себебі ол оған тиесілі емес. Өзгелердің теңіз астындағы мұнайға қызығушылығын ескеруге қоғамның мотивациясы жоқ.
Жекеменшік Одюбон қоғамын автошабандоздармен ынтымақтасуға ғана ынталандырып беріп қойған жоқ, Одюбон қоғамымен серіктес болуға автошабандоздарға да мотивация берді. Олардың бензин сатып алғаны Одюбон қоғамына тұмса табиғат ортасын қорғауға мүмкіндік береді, ал бұл Рейни қорығындағы мұнай өндіруге рұқсат беру түріндегі ымыраға келуден де құнды. Одюбон қоғамы мүшелері автошабандоздарды жақтырмауы, ал автошабандоздар өз арасында құс бақылаушыларды күлкі етуі мүмкін, бірақ жекеменшік себебінен олардың әрқайсысы екінші тарап қамын (және балама құнын) ескеріп, оның мүддесіне сай әрекет етеді.
Әскери тұтқындардың мүмкіндік құны
Орта ғасырлардағы Еуропа елдерінің соғыстары көбіне бейбіт қарым-қатынасқа ұқсайтын, тұтқындарға жақсы қарау сол кезде әдет болатын. Шағындау әскер бағынғанша қарсыластар екі жақтағы сарбаздарды санап алатын. Ол кездері сарбаз қолына түсірген тірі тұтқынның меншігіне құқылы болғандықтан, осындай қансыз «шайқастар» орын алатын. Әлгі сарбаз тұтқынын отбасына сата алатын, сөйтіп жеңімпаз жақтың тұтқынды өлтіруінің балама құны бар еді. Жеке ұйымдар, соның ішінде діни ұйымдар тұтқын сатушылар мен оны сатып алғысы келетіндер арасында делдалдық ететін.
Тұтқындардың соры ма, алыстан ататын қару-жарақ шығып, қоян-қолтық ұрыс сиреген кезде сарбаздардың тұтқын алуы да азайды. Қырып-жою технологиясы жетілгендіктен ғана емес, тұтқындар иелігі мемлекетке өткендіктен де соғыстар қиян-кескі майданға айналды. Мүлік, яғни тұтқын мемлекетке тиесілі болса, жеке тұлғалардың балама құны жойылатындықтан, тұтқындарды өлтіру немесе жарымжан ету жиіледі. Әрине, адам баласын жекеменшік мүлік ретінде қарастыруға болмайды. Алайда балама құн феномені тұрғысынан алғанда, қолға түскен сарбаздарға «қоғамдық мүлік» болғаннан гөрі «жекеменшік мүлік» болған әлдеқайда тиімді еді.
Нарықтық қатынастардан пайда болған ынтымақтастыққа жекеменшік ауадай қажет, өйткені ол адамның өз әрекетінің балама құнын ескергенін көрсетеді. Көп адам жекеменшігі болмағандықтан, белгілі бір мәселенің туындауына жекеменшікті айыптайтына не күлеріңді не жыларыңды білмейсің.
Қорытынды сұрақтар: Неге нарық құндарды үкіметтен өзгеше шығарады? Бұл айырмашылық нарықтық айырбас пен өндіріс мінез-құлыққа қалай әсер етеді?
Дуайт Лидің «Жеке меншік пен балама құн». Бұл материалды Экономикалық Білім Қоры Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша ұсынды.
Ауыл шаруашылығы жерлерінің сарқылуы
Дуайт Ли
Ойлануға арналған сұрақ: Жеке меншік иесіне ресурстарды күтіп ұстап, болашаққа сақтап қоюға ынталандыруды қамтамасыз ете ме? Түсіндіріңіз.
Маңызды ресурстарды тауысатын болдық деген қорқыныш көп. Мұндайда мұнайға қатысты уайым көп айтылады, сондай-ақ, қалдық полигондары мен орман туралы да жиі жазылады. Адамдар таусылып қалады-ау деп уайымдаған заттардың (көмір, мыс, темір, тіпті жез) тізімін жалғастыра беруіме де болар еді. Көбіне мұндай қорқынышқа еш негіз жоқ. Оған халықты үрейлендіріп өз есебін түгендеуден үмітті топ мүддесі, байбаламшыл журналистика мен жалпы бұқараның экономиканың қарапайым қағидаларын түсінбеуі себеп болады. Расында да алаңдаушылық тудыратын жердегі мәселе – құру қаупі төнген ресурсқа жеке меншік құқығының жоқтығы.
Ресурстардың құруының алдын алудағы меншік құқығының рөлін байқау үшін мына сұрақты ой елегінен өткізіңіз: бұрын-соңды жаңармайтын ресурс түгесілді ме? Мен бұл сұрақты ондаған аудиторияға қойдым, бірақ бір де бір адам қандай да бір ресурстың атын атай алмады. Сонда түгесілу ықтималдығы жоғары ресурс деген жаңармайтын ресурстар емес пе? Әрі-беріден соң, оны «жаңармайтын» деген аты да білдіріп тұр. Бір түсініксіз жәйт, қазір бірнеше хайуан түрі жойылып кетуге шақ қалыпты, ал олар жаңаратын ресурсқа жатады. Мұндай ресурстарды құртып жіберу ықтималдығымыз аз болуы керек еді ғой? Жұмбақ шешімі мынада екен: жаңармайтын ресурстар бір жерде жатады, олар аңдар сияқты жортып жүрмейтіндіктен, оларға жеке меншік құқығын телу оңай. Адам өз иелігіндегі ресурстың болашақтағы құнын қаперге ала отырып оны сақтап қояды. Аңдар тау-тас, даланы кезіп жүретіндіктен, оларды жеке меншік ретінде иелену қиын, осы себепті адамға олардың болашақтағы құнын есте ұстауға ынталандыру жоқ. Сондықтан жаңаруы, яғни өсіп-өнгеніне қарамастан, хайуандардың кей түрі құрып кеткен.
Егер адамдар ресурстардың болашақ құнын дұрыс қарастырудағы жеке меншіктің ынталандыру беретін күшін түсінсе, жаңармайтын ресурстарды тауысатын болдық деп қорқыныш тудыру әлдеқайда қиын болар еді. Дегенмен адамдардың ресурстарды тауысып жатырмыз немесе біржола құрттық деген жаңсақ үрейге бой алдыруының тағы бір себебі бар: шекті құнды жалпы құннан ажырата алмау.
Жоғалып бара жатқан ауыл шаруашылығы алқаптары
Колорадо университетіндегі алғашқы дәріс беру жұмысымды бастағанда, егістік аумақтарының азаюы «мәселесіне» қатысты дебатқа шақырды.
Егістік аумағының кішіреюі нарық күштерінің дұрыс жұмыс істеуінің нәтижесі деген салмақты дәлелдеріме қарамастан (мені дебатқа дейін құптағандар саны дебаттан кейін де өспеді), өзге мақсатқа берілген егістік жерлерге қатысты алаңдаушылық жалғаса берді. Мысалы, Уорлдуотч институтының өкілі Лестер Браун азық-түлік ұсынысы халық санының өсу қарқынына ілесе алмайды деген болжам жасалған жылдық есеп оқыды, ол мәселелердің бір себебі егістіктер мен жайылымдық жерлерге құрылыс салынуы деп біледі екен.
Әлемде қазір ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер аумағының бұрынғыдан кішілеу екені рас, бірақ егістік пен жайылымдардан осылайша «айырылу» дағдарыс емес, тіпті алаңдауға себеп болар нәрсе емес. Қайта, бұл – жақсы жаңалық. Мысалы, Польшада 1960-жылдардан бері ауыл шаруашылығына арналған жер үлесі 28 пайызға азайғанымен, алайда азық-түлік өндірісі 70 пайызға жуық өсті. Ауыл шаруашылығына азырақ жер қолданылса, көбірек жер демалып бос тұрады және орманға айналуы мүмкін.
Дағдарыс деп дабырласқандар мұндайды ешқашан айтпайды, бірақ қазір АҚШ-та 80 жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда орман алқаптарының аумағы өскен.(1) Екіншіден, тұтынушылар әлгі жерде өсірілуі ықтимал азық-түліктен гөрі даму нысандарын құндырақ көретінін нарықтық бағалар арқылы жеткізгендіктен, ауыл шаруашылығы жерлеріне сауда орталықтары мен тас жолдар, қала маңындағы үй учаскелері, ойын-сауық парктері, гольф алаңқайлары салынды.
Азық-түлік пе, әлде гольф пе?
Неліктен тұтынушылар өз еркімен азық-түлікті гольф алаңдары, сауда орталықтары мен көлік қоятын орындар жолында құрбан етті? Гольф немесе көлік орнынан гөрі ас-су маңыздырақ емес пе еді? Жалпы құндылық бойынша, әрине солай. Тамақ жеп, гольф ойнамау немесе тамақ жемеу, гольф ойнаудың бірін таңда десе, ең құмар гольф ойыншысының өзі асты таңдар еді. Бірақ экономикалық таңдаулар барлығын немесе ешқайсысын деген таңдаулардан тұрмайды. Оның орнына, біз шешімді шекті пайда немесе шекті шығын бойынша қабылдаймыз, бір нұсқаның кішкене ғана көбірек болуы екіншісін құрбан етуге тұрарлық па деп шешеміз. Одан әрі ойлансақ, азық-түлік гольф немесе біз онсыз да өмір сүре алатын өзге көп нәрселерден құндырақ болып көрінбейді. Гольф алаңын пайдалану ақысын төлейтін ойыншы тағы бір гольф алаңының құрбан етілген, сол жерде өсірілуі ықтимал азық-түліктей құнды екенін білдіреді.
Шекті қағида бойынша, ауыл шаруашылығында болған миллиондаған акр жер құрылысқа берілмегенде, гольф азық-түліктен сенімді түрде құндырақ болар еді. 1900 жылы фермаларда қолданылған ат күші расында да жылқы немесе есек күші еді, олардың жем-шөбін дайындауға ондаған миллион акр жер керек болды. Жылқы мен есек және оларды асырап келген жер телімдерін жүк көлігі, трактор, комбайн және бензинмен жүретін өзге де техника алмастырды. Сонымен қатар тыңайтқыш, пестицид, суғару жүйесі, тұқым және ауа-райы болжамының жақсаруы арқасында әр акрден алынатын өнім саны артқандықтан және егін жинау, өнімді қаптау, сақтау және тасымалдау тәсілдері жетілуі себепті өнімнің көбірек бөлігі тұтынушы дастарханына бүлінбей жететіндіктен, халықтың белгілі бір санын асырауға бұрынғыдан әлдеқайда аз жер керек. 1900 жылғы аумаққа қазір де егін ексек, қазіргі технология арқасында қауынға батып жүре алмай қалар едік. Мұндай жағдайда тағы бірнеше акрге қауын егу немесе сол жерге гольф алаңын салудың қайсысы құндырақ болар еді?
Қазіргі ауыл шаруашылығы жерлердің аумағы 1900 жылғы көрсеткіштен әлдеқайда аз, себебі азық-түлік өндірісі артқандықтан, оның шекті құндылығы үй, сауда орталығы, гольф алаңы және өзге нәрселердің шекті құндылығынан төмен болады. Салыстырмалы құндылықтың бұлай өзгеруін тұтынушылар егістік жердің өзге қолданысы бағасымен салыстырғанда азық-түлік бағасын түсіретін сатып алуларымен жеткізеді. Бұл ауылшаруашылық алқаптарының азаюына түрткі болады, яғни аталған үрдіс жердің шекті құны ауылшаруашылық өндірісіне қарағанда ауылшаруашылық емес мақсатта қолдануда көбірек болғанға дейін жалғаса береді.
Бірақ ауыл шаруашылық жер "дағдарысы" жоғалады деп ойламаңыз. Қомақты бюджет алғысы келген қоғамдық агенттіктер мен зерттеуге қаражат немесе көбірек субсидия алғысы келген жеке ұйымдар халықты қорқыту үшін үнемі түрлі дағдарыс тауып отырады. Халықтың көбі жалпы құндылық пен шекті құндылық айырмашылығын түсінсе, дағдарысты қолдан жасап дабыралату мұншалықты оңай болмас еді.
Қорытынды сұрақ: неге жеке меншік құқығының қорғалуы экономикалық ілгерушілікке септеседі? Неге ортақ иелік пен жеке меншік құқығының қорғалмауы экономикалық ілгерушілікті тежейді?
- Gregg Easterbrook, A Moment on the Earth (New York: Viking, 1995), pp. 10-13.↩︎
Дуайт Лидің «Ауыл шаруашылығы жерлерінің сарқылуы». Бұл материалды Экономикалық Білім Қоры Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша ұсынды.
Көмек сұраған өтініштерге цензура
Дуайт Ли
Ойлануға арналған сұрақ: Үкіметтің экономикадағы рөліне қатысты адамдар неге әртүрлі көзқарасты ұстанады?
Жұрттан «Үкіметтің қадағалағаны ұнай ма»? деп сұрасаңыз, олар бірауыздан «Жоқ!» деп жауап береді. Дәл сол адамдардан «Үкіметтің бағаны бақылағанын ұнатасыз ба»? деп сұрасаңыз, олардың жауабы әртүрлі болады. «Табиғат апаттарынан кейін үкімет бағаның спеклятивті өсіп кетуінің алдын алу үшін бағаны бақылауы керек пе»? деп сұрасаңыз, олар бірауыздан «Иә!» деп жауап берер.
Бұл жауаптар нарықтардың бір-бірімізбен қарым-қатынас жасауымызға қалай мүмкіндік беретінін мүлде білмейтіндігімізді көрсетеді. Адам нарықтық бағалардың байланыс құралы екенін түсінген сәтте-ақ, үкіметтің бағаны бақылауы қадағалаудың зиянды түрі екенін түсіне қояды. Әсіресе табиғат апаттары кезінде оның зияны көп болады, себебі жапа шегушілер өздеріне қандай көмек қажеттігін жеткізуге жанталасады.
Нарықтық айырбас және содан туындайтын бағалар арқылы жасалатын байланыс әлеуметтік ынтымақтасудың тамаша деңгейін түзеді. Осы өзара байланыс пен ынтымақтасу пайдасын табиғиат апаттарынан артық көрсететін мысал жоқ. Жапа шегушілерге апат аймағынан тыс адамдардың көмегімен қатар, өз аумағын жылдам әрі толық қалпына келтіру үшін бір-бірімен де ынтымақтасу қажет. Өкінішке қарай, табиғат апаты орын алғанда, осы ынтымақтасуға жол ашатын баға сигналдарына үкіметтің тыйым салу ықтималдығы жоғары. Бұл тыйымға қоғамдық пікір қолдау көрсетеді.
Табиғат апатынан кейін еңбек күші, құрылыс материалдары, электр генераторлары мен аумақты қалпына келтіру мен жайлы тұрмысқа қажетті өзге де өнімдер бағасы күрт өсіп кетеді. Бағаның бұлай өсуі көбіне былай түсіндіріледі: арсыз өндірушілер жапа шегушілердің есебінен байып жатыр. Өндірушілер байып жатқан шығар, бірақ олар жапа шегушілер есебінен байыған жоқ. Үйі құлап, қалыпты өмірі бұзылғандар оларға қажетті тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерден емес, табиғат апатынан жапа шекті. Жоғары баға жапа шегушілерге көмек көрсету қажеттілігі туралы хабарлаудың ең жақсы тәсілі деуге болады. Жоғары бағалар көмек сұраған өтініштердің жылдам әрі тиімді жауап алуына кепілдік береді.
Майамиге ағаш жеткізу
Флориданың оңтүстігінде Эндрю дауылы жайпап өткен соң, Майамиге ағаш материал жібергенен кейін көп уақыт өтпей, Охайода сөз сөйлегенімде қызықты оқиға естідім. Баға сигналының маңызын көрсету үшін мен дауыл мен оның зардабын айтып едім, бір ер адам Кливленд маңында тұратын құрылысшы-мердігер ұлының әйелі екеуі талай жыл армандаған үйді қалай салғаны туралы бір оқиғаны айтып берді. Үйдің іргетасы құйылып, ағаш материалдар келе жатқанда Майамиде Эндрю дауылы жүріп өтеді. Апат туралы жаңалықты естігенде, ол ағашты өзі пайдаланудың орнына (әйелінің қарсылығына қарамастан) оны Майамиге жібереді. Неге? Себебі ол ағаш бағасы жоғары екенін жаңалықтан біледі, оның ағаш материалдарына сұраныс Кливлендтен гөрі Майамиде жоғары болатын.
Кливлендтегі құрылысшы арсыз алыпсатар ма? Әрине жоқ. «Бағаны өсірушілерді» сынап отыратын адамдармен салыстырғанда, ол Эндрю дауылынан жапа шеккендерге әлдеқайда көп жақсылық жасады. Рас, біраз адам Майамиге керекті заттарды тегін жіберді. Әрине бұл адамдарға алғыс айту керек. Алайда олардың көмегі Эндрюге жапа шегушілер аса қажет деп көрсеткен (жоғары баға арқылы) заттарды Майамиге көптеп жіберген (әлемнің түкпір-түкпіріндегі) делдарлар көмегімен салыстырғанда әлдеқайда аз болды.
Табиғиғат апаты құрбандарына өнімді жоғары бағаға сатушыларды сынайтындар өз ісіне қарап алуы керек. Олардың сыны (экономикалық сауатсыздықтан туындаған) мен одан қалыптасқан қоғамдық пікір көбіне бағаның бақылауға алынуына түрткі болады, ал бұл көмекке зәру адамдардың қолын байлайды. Атлантадағы Journal-Constitution газеті жазғандай, былтыр сәуірде Джорджия штаты «Бағаны алыпсатарлық өсірушілерге қарсы» заң қабылдады. Әлгі заң өндірушілерге «бағаны апат орын алғаннан бір күн бұрынғыдан бір пенниге де» көтеруге тыйым салады. Жойқын торнадодан қатты зардап шеккен Атлантаға бірнеше штаттан құрылыс бригадалары мен құрылыс материалдары көптеп жіберіліп жатқанын хабарлаған материалда әлгі заң еш мысқылсыз жақсы тәжірибе ретінде аталып өтті. Егер «Бағаны өсірушілерге қарсы» заң мүлтіксіз орындалса, алыс штаттардан көмек көптеп келеріне немесе қандай да бір делдалға осы заңға сай шара қолданылғаннан кейін көмек ағыны азаймасына сенетін біреу бар ма? (Джорджияда бағаны спекулятивті өсіру жазасы бір жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 5 000 долларлық айыппұл турады)
Электрлі ұстара
Табиғи апаттан жапа шегушілер бір-бірімен де байланыста болуы керек. Жалғыз практикалық әдіс – нарықтық бағалар. Жапа шеккен аудандағы адамдардың бәрі өнімдердің келіп жатқанын бағалайды, бірақ олар әлгі өнімдердің ең қолайлы тұтына алатындарға жеткенін қалайды. Бағаны бақылау жапа шегушілердің баға арқылы өзара қарым-қатынасына тыйым салу арқылы бұған жол бермейді.
1989 жылы Хюго дауылы Оңтүстік Каролинаны жайпап өткенде Чарльстонда тұрып жатқан досым үкіметтің баға қадағалауынан қандай зиян келетінін өз көзімен көрді. Досым тұрған өңірде бірнеше күн электр жарығы болмағандықтан, көп адам бензинмен істейтін электр генераторына зар болды. Өкінішке қарай, жергілікті техникалық тауарлар дүкенінде екі ғана генератор болған, дүкен иесі баға бақылауы кесірінен көбірек тауар ала алмаған. Баға бақылауына қатысты тағы бір мәселе болды. Досымның отбасына пайдалы болғанымен, өзгелер көп зиян шекті. Оның әкесі жергілікті техникалық заттар дүкені иесінің досы болғандықтан, ол электр генераторының бірін үкіметпен белгіленген бағаға алған. Дүкен иесі генераторды өзге біреуге қымбатырақ бағаға заңды түрде сата алмайтын болса, онда неге досына сатпасқа? Досымның әкесі риза болды, себебі енді электр ұстарасымен бұрынғыдай қырына алатын болды. Өкінішке орай, қаладағы азық-түлік дүкендері мыңдаған доллар тұратын азық-түліктің бүлінуіне жол бермеу үшін электр қуатын қажет етті. Баға бақылауы болмаса, осындай дүкендердің бірі генераторға жоғары баға ұсынып, оның досымның әкесінен гөрі қолайлы қолданыстар болатынын тиімді жеткізіп (тұтынушылар атынан) сатып алар еді. Бір адам қырыну қолайсыздығын сезінер еді, есесіне оның жүздеген көршісі генераторға төленетін қымбат баға арқылы азық-түлікті сақтаудың маңыздырақ екенін дәлелдеп, оны иландырар еді. Әрине, баға бақылау жүйесі болмағанда, барлық дүкендер мен менің досымның әкесі (егер ол әлі де осы тауарды қаласа) электр генераторларын тез қамтамасыз етер еді, өйткені олар апат аймағынан тыс орналасқан өндірушілермен байланысар еді.
Баға бақылауы әкелетін зиянның айырықша көрнекі мысалдары табиғат апаттарынан кейін байқалады. Өкінішке орай, үкіметтерге әлеуметтік ынтымақтастыққа нұқсан келтіруді және бағаны белгілеу арқылы байлықты жоюды негіздеу үшін табиғи апаттар қажет емес. Үкіметтер тауарлар мен қызметтердің кең спектріне баға бақылау жүйесін енгізуінің ұзақ тарихы бар. Мұндай баға қадағалаудың айырықша қауіпті түрі екені кеңінен мойындалмайынша, үкіметтер бұл ісін жалғастыра береді.
Бекіту сұрағы: Бағаның жоғары шегін белгілеу жапа шеккен өңірлерге тауар, қызмет пен ресурстардың ағылуына кедергі келтіретін болса, үкіметтің баға бақылау жүйесі керек пе?
Дуайт Лидің «Көмек сұраған өтініштерге цензура». Бұл материалды Экономикалық Білім Қоры Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша ұсынды.
Нарықтар және еркіндік
Дуайт Ли
Ойлануға арналған сұрақ: Нарықтық экономикаларда айырбас еркіндігі мен байлық бір-бірін қалай нығайтады?
Еркін нарықта пайда болатын әлеуметтік ынтымақтасу мамандануға жол ашады, ал өркендеу осы мамандануға тәуелді. Көп адам өндіріс пен тұтынуды нарықтық айырбас арқылы жүзеге асырғанда ғана қалыптасатын мамандану болмаса, біз қазіргіден әлдеқайда кедей болар едік. Біз нарықтан материалды байлықтан да маңызды нәрсе – еркіндік артықшылығын аламыз. Тек қана нарықтық экономикаларға тән есеп беру мен тәртіп болмаса, біз еркіндігіміздің көп компонентінен лезде айырылып қалар едік.
Еркіндік өз-өзінен болатын сияқты көрінеді, әсіресе АҚШ-та біз өзге көп елдің халқы тек армандап қана қоятын азаттықтың рақатын көріп жүрміз. Еркіндік денсаулық сияқты: адам оны жоғалтқанша, оны бағалай алмайды. Дені сау адам уақытша қуанышқа елігіп, денсаулығын құртатыны сияқты азат халық та еркіндік шарттарын бүлдіретін қысқамерзімді саяси артықшылықты таңдап, өз еркіндігін жоя алады.
Байлық қаншалықты маңызды болса да, ол денсаулық пен еркіндіктің екеуінен де кейін тұрады. Денсаулығы немесе азаттығы жоқ адамға байлықтың құндылығы шамалы. Әрі қарай тарқатсақ, жақсы денсаулық пен еркіндік – байлық түзудегі маңызды элементтер, соның ішінде еркіндік аса қажет. Науқас адам өнімді бола алады, бірақ нарықта еркіндік болмаса, өнімді ынтымақтасу мүмкін емес.
Сондықтан қазір екі бөлек, бірақ бір-біріне қатысы бар ойды пысықтаймын. Біріншіден, нарықтың өнімді ынтымақтасуы еркіндікке тәуелді және екіншіден, еркіндік нарықтың өнімді ынтымақтасуына тәуелді. Әдетте экономистердің тапшылық салдарынан екінің бірін таңдауға тура келетін ұнамсыз тапсырмасы бар. Алайда байлық пен еркіндікке қатысты ондай келісімге келудің қажеті жоқ; нарықтық экономикада бұл екеуі бірін-бірі демеп отырады, жалпы алғанда оның бірі болмаса, екіншісі де болмайды.(1) Еркіндікті шектейтін саясат арқылы байлықты арттыруға талпыну осы екеуін де кемітіп тынады.
Нарықтарға еркіндік керек
Адамдарға өзгелердің еңбегінің пайдасын көру мен өз талпынысы құнының өзгелерге пайдасы тиюіне рұқсат ету арқылы нарықтың сиқыры іске қосылады. Негізі барлық пайда мен шығын субъективті, олар адамдардың өздері ғана дәл бағалай алатын қалаулары мен орта жағдайларына тәуелді. Бұл енді пайда жағдайында айдан анық көрінеді. Алған пайдасының құндылығын тауарды тұтынған немесе қызметті пайдаланып көрген адамнан өзге кім бағалай алады? Алайда пайда субъектив болса, шығын да солай. Шығын деген бар болғаны пайдасын жойып алған құндылық. Олар субъектив болғандықтан, адамдар түрлі нарықтарға ену немесе одан шығу еркіндігі болып, өзіне ұнайтын өнімді тауып, оны екі тарап та келісетін бағаға сатып алғанда және сатқанда ғана шығын мен пайданы өзге адамдарға дәл хабарлай алады. Үкіметтің бағаны бақылауы біздің сатып алушы және сатушы ретіндегі еркіндігімізді шектейді және біздің бір-бірімізбен байланыстарымызға цензура жасау арқылы байлықты құртады.
Орталықтан жоспарлау ұтымды тәсіл емес, себебі адамдарда өздері ғана білетін жергілікті ақпаратқа сай әрекет ету еркіндігі жоқ. Жекелеген өндірушілер мен тұтынушылардың нарықтық таңдауларын саяси биліктің орталықтан басқаруы алмастырғанда, экономикалық шешімдер міндетті түрде ақпараттық вакуумде қабылданады. Өндіріс экономикасы қалың халық арасындағы ақпаратты пайдалануды талап етеді, ал ол ақпаратты жеке еркіндіксіз пайдалану мүмкін емес. Еркіндіктен айырылсаңыз, нарықтық экономиканың негізі ақпарат ағынынан айырыласыз.
Еркіндікке нарықтар қажет
Еркіндік пен нарықтар арасындағы байланыс өзге бағытта да жүреді. Нарық еркіндікке тәуелді болғандай, еркіндік те нарыққа тәуелді. Барлық нарықтың экономикалардың тірегі жеке меншіктің жеке еркіндікті қорғайтыны анық. Барлық аудитория мен баспа станоктары мемлекетке тиесілі болса, үкімет саясатына қарсы пікір білдіруге қаншалықты еркіндігіңіз бар? Барлық өндіріс құралдары мемлекетке тиесілі болса, өз бизнесіңізді ашуға қаншалықты еркіндігіңіз бар? Жеке меншікті жойып, соған тәуелді нарықты тұсай бастасаңыз, еркіндікті жоя бастағаныңыз.
Алайда нарық та халық төзетін жалғыз орта қалыптастырып, еркіндікті қорғайды. Жауапкершілік жоқта еркіндік деген жай ғана бейбастақтық, өз әлсіздігінің жетегінде кету және артықшылық қана береді, оның заманы ұзаққа бармайды. Нағыз еркіндік немесе өміршең жалғыз еркіндік баршаның қамын, мүддесін ескеретін тәсілмен жүзеге асады. Бұл талапқа сай келетін жалғыз еркіндік – нарық тәртібіне мойынұсынатын еркіндік. Нарықтарды жойсаңыз, еркіндіктің сақталуына жауапты есеп берушілікті жоясыз.
Мысалы, табиғатты ластау мәселесі қоршаған ортаны қалдық тастайтын орын ретінде қолданатын нарықтардың жоқтығынан туындайды. Егер мұндай нарықтар болса, ластаушылар басқаларға шығарған шығарындыларының құнын көрсететін бағаларды төлеуі керек еді. Табиғатты ластаушылар өзгелер алдында жауап берер еді және біз де қалдықтарды қоршаған ортаға тастау еркіндігіне төзер едік. Бірақ бізде ластаушы нарықтар болмағандықтан, біз өміріміздің көптеген салаларында қолайсыз болатын ластаушы әрекеттерге үкіметтің шектеулерін қабылдаймыз.
Біздің еркіндігіміз – осал еркіндік
Біздің еркіндігіміз – осал еркіндік, одан бір сәтте толықтай айырылу сирек кездеседі. Әдетте еркіндіктен біртіндеп айырыламыз, адамдар оның сусып бара жатқанын сирек байқайды. Үкімет тұтынушыны қорғаймыз деген желеумен кәсіптік лицензиялау енгізіп, еркіндікті тікелей азайтып жатқанда да, оны аз ғана адам байқайды, байқағандардың өзі бұл шектеудің оларға әсері болатынын көрмейді. Австриялық тамаша экономист Ф. А. Хайек айтқандай, «Менің еркіндіктен алатын пайдам . . . еркіндікті өзгелердің пайдалануының нәтижесі»(2) Мысалы, шаштың химиялық құрамына қатысты мемлекеттік емтиханды тапсыра алмағандықтан, үміткер шаштараз болу еркіндігінен айырылғанда ең қатты жапа шегетін тарап – үміткер-шаштараз емес, шашын қиғызғысы келетін адамдар.
Сонымен қатар еркіндіктен айырылудың ішкі динамикасы да бар. Тікелей шектеу еркіндікті үнемі көрініп тұрғанынан көбірек шектейді, себебі әр шектеу еркіндік кепілі іспетті нарық алаңының жауапкершілігін азайтады.
Томас Джефферсонның «Мәңгілік қырағылық – азаттық құны» деп дұрыс айтқан. Адам еркіндік пен нарық арасындағы байланысты түсінгенде өз еркіндігін қорғауда қырағы болуға бейім.
Бекіту сұрағы: Сауда-саттықты шектеу мен салықтар айырбас еркіндігіне қалай әсер етеді? Олар байлық түзуге қалай ықпал етеді?
- Мен бұл мәлімдемені елдің табиғи ресурстарының арқасында орасан байлыққа ие және оның қол астындағылардың бостандықтарын басып тастайтын автократиялық саяси режимі бар жағдайды түсіндіру үшін біліктілік еттім. Бірақ сондай жағдайда да, еркіндіктің болмауы әлгі елдің өз ресурстарының толық пайдасын көруіне жол бермей, байлығын арттыру немесе тіпті сақтап қалуға қажетті өнімділікке кедергі келтіреді.↩︎
- Оқыңыз F.A. Hayek, The Constitution of Liberty (Chicago: University of Chicago Press, 1960), p. 32.↩︎
Дуайт Лидің «Нарықтар және еркіндік».Бұл материалды Экономикалық Білім Қоры Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша ұсынды.
Күнмен әділетсіз бәсекелестік
памфлеті Фредерик Бастианың «Балауыз шырақ жасаушылар петициясы» еңбегінің қысқартылған нұсқасы
Ойлануға арналған сұрақ: Саясаткерлер «Арзан импорт – экономикаға қатер» дегенді жиі айтады. Мәтінді оқу барысында осы ойды естеріңізде ұстаңыз.
«Мырзалар, сіздер дұрыс жолдасыздар. Сіздер абстрактілі теорияларды елемейсіздер, тауардың мол әрі арзан болуына мән бермейсіздер. Сіздің басты қамқорлығыңыз - өндірушінің мүддесі. Сіздер оны шетелдік бәсекеден қорғап, ұлттық нарықты ұлттық индустрияға сақтап қалғыларыңыз келеді.
Біз шетелдік қарсыласпен адам төзгісіз бәсекеде қиналып жатырмыз, ол жарық өндіру бойынша жұмыс істейтін орта шарттары біздікінен әлдеқайда жақсы сияқты, сондықтан ол біздің нарықты төмен бағасымен толығымен толтырады. Ол көрінген сәттен бастап-ақ біздің саудамыз тоқтайды, барлық клиент соған бет бұрады, сөйтіп талай тармағы бар отандық индустрия бірден тұралап қалады. Осы қарсылас – Күн бізге қиян-кескі соғыс жарияламақшы, оны көкте шақырайтып тұрған сұм Альбион сияқты, себебі ол осы бір мізбақпас аралға сәулесін аңдап төгеді, ал бізді еш аямайды.
Ел игілігіне жұмыс істеп жатқан біз сияқты өндірушілерге зиянын тигізетін күн сәулесінің үйге түсуіне жол беретін барлық терезе, шатырдағы люк, мансарда терезесі, ішкі-сыртқы қақпашалар, перде бір сөзбен айтқанда барлық тесік, саңылау сызаттың, бәрін жабуды бұйыратын заң шығарарсыз деп дұға етеміз. Өзіміз маңдай теріміз сіңді деп санайтын ел бізді күшіміз теңеспейтін осы шайқаста жалғыз қалдырмас.
Мырзалар, бұл талабымызды сатира деп қарамайсыздар немесе осы орайда айтар уәжімізді тыңдамастан ысырып тастамайсыздар деп сенеміз.
Біріншіден, егер сіздер табиғи жарық көзін мейілінше көлегейлеп, жасанды жарыққа сұранысты арттырсаңыздар, бұл француз өндірушілерінің қайсысына ұнамас екен?
Сіздердің қандай наразылық айтарларыңызды алдын ала біліп отырмыз, мырзалар, бірақ сіздер Еркін сауданы жақтаушылардың еріккен еңбектерінен алынған тезистерден өзге ештеңе ұсына алмайсыздар. Бізге қарсы айтылған ондай ойды соңғы сөзіне дейін быт-шытын шығарамыз және оны дереу сіздерге және қолданып отырған саясаттарыңызға қарсы қолданамыз.
Сіздер қалаған қорғанысты беріп, сендер байысаңдар, оның шығыны тұтынушы мойнына ілініп, одан ел ұтылады дерсіз.
Біздің жауабымыз:
Cіздің тұтынушы мүддесін қорғаймын деуге еш құқығыңыз қалмады, себебі тұтынушы мен өндіруші мүддесі текетірескенде үнемі өндірушіні құрбан ететінсіздер. Жұмысшыларды және жұмыс іздеп жүргендерді қолдау мақсатында осылай істегенсіздер. Сол себепті де тағы бір мәрте осылай істеуіңіз керек.
Бұл наразылықты жойған өздеріңіз. Cіздерге тұтынушы темір, көмір, бидай, матаның тегін импортталуына мүдделі дегенде, сіздер оған «Мақұл» деген жауап қатасыздар, бірақ өндіруші олардың болмағанын қалайды. Жақсы, солай-ақ болсын. Егер тұтынушы табиғи жарықты тұтынғысы келсе, өндіруші де оған тыйым салынуына соншалықты мүдделі.
Егер сіз күн сәулесі табиғаттың тегін сыйы, одан бас тарту байлық түзетін құралдарға жол ашамын деген желеумен келіп тұрған байлықтан бас тарту дейтін болсаңыз, сіздің саясатыңыз жойқын соққы алдында тұрғанын ескертеміз. Есіңізде болсын, осы уақытқа дейін шетелдік өнімдерден үнемі бас тартып келдіңіз, себебі олар отандық өнімдердің қасында тегін сый іспетті.
Тауар өндіруге табиғат пен адам еңбегі түрлі пропорцияда (ел мен климатқа қарай) атсалысады. Табиғат орындайтын бөлік өте тегін, адам еңбегі орындайтын бөліктің құны бар, ол ақылы.
Егер Лиссанбоннан келген апельсин Париж апельсинінің жарты бағасына сатылса, оның себебі ол табиғи болғандықтан тегін. Екінші қолдан өсірілген апельсиннің өсуіне септігі тиген жылудың алдыңғы апельсиннің де өсуіне септігі тиген.
Апельсин бізге Португалиядан жеткізілгенде біз оны жартылай тегін, жартылай ауыр еңбекпен өсірілген деген тұжырымға келеміз. Басқаша айтқанда, ол бізге Париж апельсинінің жарты бағасына келеді.
Енді осының тегін жартысын (кешірерсіз) алып тастау керек деп жанталасамыз. Сіз отандық еңбек күші шетелдік еңбек күшімен бәсекелесуге қалай шыдас береді дерсіз, отандық жұмысшы бар жұмысты өзі атқарады, ал шетелдік жұмысшы жартысын ғана істейді, қалғанын күн істейді. Бірақ осы тегін жарты сіздің бәсекеге жол бермеуіңізге себепші болса, тұтастай тегін нәрсе сіздің бәсекені мойындауыңызға қалай жол береді?
Егер сіз ұстанымыңызға берік болсаңыз, жартылай тегінді отандық индустрияға зиянды деп танысаңыз, тұтастай тегінге тіпті қос қолдап қарсы шығуыңыз керек еді.
Тағы бір жәйт, көмір, темір, бидай немесе мата сияқты тауар бізге шет елден жіберілгенде және біз оларды өзіміз шығарғанда жұмсайтын еңбек күшінен аз еңбек күшін жұмсап алғанда бізге тегін сый түріндегі айырма тиеді. Айырманың үлкен-кішілігіне қарай сыйлық та үлкенді-кішілі болады. Егер шетелдік біз өзге жағдайда төлейтін соманың тек төрттен үшін, жартысын немесе ширегін ғана сұраса, сый мөлшері өнім құндылығының ширек мөлшері, жартысы немесе төрттен үшіне тең. Донор ештеңе сұрамаса (күннің бізге жарық беруі сияқты), сыйдың мінсіз және толық болғаны. Біз ресми түрде қоятын сұрақ мынау: Біздің еліміздің тегін тұтыну артықшылығын көргенін қалайсыз ба әлде қажырлы өндірістің көз бояушы артықшылығын көргенін қалайсыз ба?
Таңдау жасаңыз, бірақ оныңыз қисынды болсын. Сіз көмір, темір, бидай, шетелдік матаның келуіне тыйым салсаңыз, күні бойы тегін түсетін күн нұрына рұқсат берсеңіз, ұстанымыңызға берік болып қала аласыз ба»?
Бекіту сұрағы: Тариф пен квота сияқыт сауда-саттық шектеулері ел ішіндегі жұмыспен қамтылу ахуалын жақсарта ма? Бұл шектеулер табыс деңгейінің жоғарылауына себепші бола ма? Неліктен?
«Күнмен әділетсіз бәсекелестік» памфлеті Фредерик Бастианың «Балауыз шырақ жасаушылар петициясы» еңбегінің қысқартылған нұсқасы, ол авторлық құқық туралы заңмен қорғалған. Қайта басу немесе таратуға қатысты мәлімет алу үшін мында хабарласыңыз: webmaster@fee.org.
Полковник Дэвид Крокеттің өмірі кітабынан «Иемденетіндей ол сіздікі емес» үзіндісі (қысқаша мазмұны)
Авторы: Эдвард Эллис
Ойлануға арналған сұрақ: Қиын жағдайға тап болған адамдар мен отбасыларға қолдауды үкімет арқылы берген дұрыс па, әлде жеке тұлғалар өз қалталарынан тікелей бергені дұрыс па?
Бір күні Өкілдер палатасында еңбек сіңірген әскери офицердің жесіріне жәрдемақы бөлу туралы заң жобасы қарастырылып жатты. Бірнеше адам тамаша сөз айтып, мұны қолдады. Спикер енді дауыс беруге шақыруға ыңғайлана бастағанда, Крокетт орнынан тұрып:
«Спикер мырза, мен осы палатадағы кез-келген адам сияқты, марқұмды еске алуға қарсы емеспін, артында қалғандардың қайғысына да ортақпын, бірақ қайтыс болғандарға деген құрметіміз не артында қалғандарға жанашырлығымыздың қоғамда орнаған тәртіпті шайқалтуына жол бермеуіміз керек. Конгрестің бұл ақшаны қайырымдылық түрінде таратуға құқығы жоқ екенін дәлелдейтін дәлелдерді айтпай-ақ қояйын. Мұны палатаның барлық мүшесі біледі. Жеке адам ретінде өз қалауымызша кез келген ақша сомасын қайырымдылыққа беруге құқығымыз бар; бірақ Конгресс мүшелері ретінде қоғамның бір долларын да иемденуге құқығымыз жоқ. Кейбіреулер бұл біздің қайтыс болған адам алдындағы қарызымыз деген әдемі үндеу жасады. Спикер мырза, марқұм соғыс аяқталғаннан кейін ұзақ өмір сүрді; ол қайтыс болғанға дейін қызметте болды, мен үкімет оған қарыз болды деп ешқашан естіген емеспін.
Бұл палатадағы әр адам мұның қарыз емес екенін біледі. Бұл ақшаны қарызды төлеу деп қарастыруымыз өрескел қате. Мұны қайырымдылық ретінде беруге ешқандай құқығымыз жоқ. Спикер мырза, мен өз ақшамызды қалағанымызша беруге құқығымыз бар деп айтқан едім. Мен осы палатадағы ең кедей адаммын. Мен бұл заң жобасына дауыс бермеймін, бірақ бір апталық жалақымды беруге дайынмын, ал Конгрестің әр мүшесі солай жасаса, онда заң жобасында көрсетілген сомадан да көбірек ақша жиналмақ».
Ол өз орнына отырды. Бәрі үнсіз. Заң жобасына дауыс беру басталды және ол алғашында күтілгендей бірауыздан қабылданбады. Әрине, осы жалынды сөзден кейін аз дауыс жиналып, заң жобасы қабылданбады.
Кейінірек Крокеттен оның бір досы иемденуге неліктен қарсы болғанын сұрағанда, ол былай түсіндірді:
«Бірнеше жыл бұрын бір кеште басқа Конгресс мүшелерімен Капитолийдің баспалдақтарында тұрған едім, сол кезде біздің назарымыз Джорджтаун жақтағы үлкен жарыққа ауды. Оның үлкен өрт екендігі анық еді. Бірден арбаға секіріп, бар жылдамдықпен ұшып бардық. Қолымыздан келгеннің бәрін істегенімізге қарамастан, көп үй өртенді, көп отбасы баспанасыз қалды, ал біреулердің үстіндегі киімінен басқа ештеңесі қалмады. Ауа райы өте салқын болды, әйелдер мен балалардың қиналып жатқанын көргенде, оларға көмек көрсету керек деп ойладым. Келесі таңда оларға көмектесу мақсатында 20 000$ бөлетін заң жобасы ұсынылды. Біз барлық басқа ісімізді ысырып қойып, заңды тез-тез қабылдадық».
«Келесі жазда сайлау жақындағанда, мен өз ауданымдағы адамдарды тексеруге шықтым. Ол жерде маған қарсы оппозиция жоқ еді, бірақ сайлауға дейін әлі біраз уақыт болғандықтан, әлі не боларын білмейсің. Бір күні салыстырмалы түрде аса таныс емес ауданда келе жатсам, далада бір адам жер жыртып, жолға қарай келе жатыр екен. Ол шарбаққа жақындағанда қарсы ұшырасайын деп, жүрісімді тездеттім. Ол жеткенде, мен тіл қаттым. Ол сыпайы жауап берді, бірақ жауабы салқын болып көрінді».
«Мен сөзді бастадым: «Достым, мен өздерің үміткер деп жүрген байқұстың бірімін және... »
«Иә, мен сізді білемін; сіз полковник Крокеттсіз, мен сізді бұған дейін бір рет көргенмін және соңғы сайлауда сізге дауыс бергем. Менің ойымша, сіз тағы да сайлауалды үгіт-насихат жүргізесіз, бірақ өзіңіз бен менің уақытымды босқа кетірмеңіз. Мен енді сізге дауыс бермеймін».
«Мен есімнен танып қала жаздадым... Неге олай айтқанын түсіндіріңіз деп жалындым».
«Ал, полковник, оған уақытымыз бен сөзімізді зая кетірмейік. Мен оны қалай түзетуге болатынын білмеймін, бірақ сіздің өткен қыста берген даусыңыз сіздің Конституцияны түсінбейтініңізді немесе оны басшылыққа алатындай адал және берік емес екеніңізді көрсетеді. Не десек те, сіз менің өкілім болатындай адам емессіз. Бірақ осылай сөйлеп тұрғаным үшін кешірім сұраймын. Сізді қорлау не тіл тигізу мақсатында сайлаушының үміткермен ашық сөйлесу артықшылығын пайдаланғым келмеді. Мен тек екеуіміздің Конституцияны әртүрлі түсінетінімізді айтқым келді; әдептірек болғанымда сізді адал деп айтар едім… Бірақ сіздің Конституцияны менен өзгеше түсінетініңізді елеусіз қалдыра алмаймын, өйткені Конституция бәрінен биік болса, ол қасиетті болып саналуы және ондағы барлық ережелер қатаң сақталуы керек. Оны бұрмалайтын биліктегі адам неғұрлым адал болса, ол соғұрлым қауіптірек».
«Мен сіздің айтқандарыңыздың дұрыстығын мойындаймын, бірақ бұл жерде бір қателік бар сияқты, өйткені өткен қыста бірде-бір конституциялық сұрақ бойынша дауыс бергенім есімде жоқ»
«Жоқ, полковник, қателісіп тұрған жоқпын. Мен алыста тұрсам да, үйден сирек шықсам да, Вашингтоннан газеттер алдырып, Конгрестің барлық жұмыстарымен мұқият танысып отырамын. Газеттерде былтыр қыста Джорджтаундағы өрттен зардап шеккендерге 20 000$ бөлу туралы заңға дауыс бергеніңіз жазылған. Бұл рас па?»
«Иә, достым, мойындаймын. Дұрыс айтасыз. Бірақ біз сияқты Қазынасы ақшаға толы, ұлы және бай мемлекет азап шеккен әйелдер мен балаларды құтқару үшін мардымсыз 20 000$ бергенде, ешкім шағымдана қоймас және менің орнымда сіз болсаңыз да, дәл осылай істейтініңізге шүбәм жоқ»
«Мен ақша үшін шағымданып отырған жоқпын, полковник! Бұл - қағида мәселесі. Ең алдымен, үкімет қазынасында өзінің заңды мақсаттары үшін жеткілікті мөлшерден артық ақша болмауы керек. Бірақ мұның сұраққа еш қатысы жоқ. Ақша жинап, оны өз қалауы бойынша жұмсау - адам баласының қолындағы ең қауіпті күш, әсіресе, бұл қаншалықты кедей екеніне қарамастан барлық адамнан тариф бойынша табыс жинайтын біздің жүйе үшін қорқынышты; бізде неғұрлым кедей болсаң, соғұрлым пропорционалды түрде көп төлейсің. Ең сорақысы, олар өзіне қаншалықты салмақ түсетінінен құлағдар болмай қысым көреді, өйткені АҚШ-та үкіметке нақты қанша төлейтінін білетін жан жоқ.
Демек, сіз біреуді жарылқап жатқанда, жағдайы одан да нашар мыңдаған адам көмексіз қалады. Осылай ақша беруге құқығыңыз болса және қалауыңыз бойынша кез келген соманы бере алсаңыз, онда 20 000$ да, 20 000 000$ да бере алар едіңіз. Біреуге ақша беруге құқығыңыз болса, онда бәріне беруге құқылысыз; және Конституцияда қайырымдылық пен оның мөлшері белгіленбегендіктен, өзіңіз қайырымдылық деп санайтын нәрсені өзіңіз дұрыс деп сенетін мөлшерде кез-келген адамға беруде еркінсіз. Көп ұзамай мұның алаяқтық пен сыбайластыққа, фаворитизмге алып келетінін, екінші жағынан, халықты тонауға жаңа мүмкіндіктер ашатынын түсінесіз.
Жоқ, полковник, Конгрестің қайырымдылық жасауға құқығы жоқ. Конгрестің жекелеген мүшелері өз ақшаларын қалағанынша бере алады, бірақ бұл мақсатта мемлекет ақшасының бір долларына да тисуге құқығы жоқ. Бұл округте Джорджтаунға қарағанда екі есе көп үй өртенсе, сіз де, Конгрестің басқа мүшелері де бізге жәрдем ретінде ақша бөлуді қарастырмайтын едіңіздер. Конгрестің екі жүз қырыққа жуық мүшесі бар. Олар зардап шегушілерге жанашырлық көрсеткісі келсе, өздерінің бір апталық жалақысын берсін, сонда 13 000 доллардан артық сома жиналар еді. Вашингтон мен оның айналасында 20 000 доллар берсе де, мүйіздері сынбайтын дәулетті адамдар көп-ақ. Конгрессмендер өз ақшасын қалталарында қалдыруды жөн көреді, есептерге сенсек, олардың кейбіреуі бұл ақшаның өзін дұрыс жұмсамайды екен; ал дәулетті Вашингтон тұрғындары олардың бір тиынын шығармай, біреудің есебінен ақша бергеніңіз үшін сізге қошемет көрсетеді. Халық Конгреске Конституция бойынша белгілі бір әрекеттерді іске асыру құқығын сеніп тапсырды. Соны іске асыру үшін ақша жинап, оны төлеуге рұқсат етілген; болды, басқа ештеңе жоқ. Мұнан бөлек нәрселердің бәрі - озбырлықпен тартып алу және Конституцияны бұзу».
«Демек, полковник, сіз мен үшін өмірлік маңызы бар Конституцияның қағидасын бұздыңыз. Бұл - ел үшін қауіп-қатерге толы прецедент, өйткені Конгресс өз билігін Конституция шегінен асыра бастағанда, оның шегі болмайды, халық үшін бұл қауіпті. Шын ниетпен әрекет еткеніңізге күмәнім жоқ, бірақ бұл жағдайды жақсартпады; сіз бұған тікелей қатыстыңыз, сондықтан енді сізге дауыс бере алмаймын».
«Мен қатты абыржып қалдым. Маған қарсы оппозиция болып, бұл кісі осылай сөйлесе, маған бәрін қарсы қояр еді және маған бұл ауданда ешкім дауыс бермес еді. Мен оған жауап бере алмадым және оның сөздерінің дұрыстығына сенімді болғаным соншалықты, үнсіз қалуды жөн көрдім. Бірақ оған жауап беруім керек болды, сөйтіп оған былай дедім:
«Солай, достым, Конституцияны түсінуге ақыл-ойым жетпегенін дөп бастыңыз. Мен оны басшылыққа алуға тырыстым, толық зерттей алдым деп ойладым. Мен Конгресте Конгрестің өкілеттігі туралы айтылған көп ойды естідім, бірақ соқа ұстап тұрып айтқан мына сөзіңіз мен естіген ең мағыналы, ең шынайы ой болды. Бұл сұраққа сіз тәрізді қарай алғанымда, сол дауысты бергенше басымды отқа тығар едім; мені кешіріп, қайтадан маған дауыс берсеңіз, тағы да солай Конституцияға сай емес заңға дауыс берсем, мені атып өлтіріңіз»
«Ол күліп жауап берді: «Иә, полковник, сіз бұған дейін Конституцияны ұстап, бір рет ант берген едіңіз, енді мен сізге бір шартпен ғана сене аламын. Сіз қате дауыс бергенімді түсіндім дейсіз. Сіздің мұны мойындағаныңыз сізді жазалағаннан пайдалырақ. Біздің округті аралап жүргенде адамдарға осы дауыс беру туралы айтып беріңіз және оның дұрыс емес болғанын мойындаңыз, сонда мен сізге дауыс беріп қана қоймай, оппозицияның қалыптасуына жол бермеймін: бұл менің қолымнан келетін сияқты»
«Олай істемесем, - деп мен жалғастырдым, - мені атып тастаңыздар; бұл сөздерді шын жүректен айтқанымды дәлелдеу үшін бір аптада не он күнде осы жерде кездесейік, сіз адамдарды шақырыңыз, мен олардың алдында сөз сөйлейін. Менің есебімнен барбекю жасайық».
«Жоқ, полковник, бұл ауданда бай адамдар тұрмайды, бірақ біз де барбекюге қосыла аламыз, ал ештеңесі жоқтарды тамақтандырамыз. Егін жұмыстары бірнеше күннен кейін аяқталады, содан кейін барбекюге бір бос күн таба аламыз. Бүгін бейсенбі; мен келесі сенбіні ұсынамын. Жұма күні маған келіңіз, екеуіміз бірге адамдарды шақырамыз, сізді тыңдауға игі жақсыларды жинауға уәде беремін».
«Келістік, мен келемін. Менің тек бір сұрағым бар. Сіздің атыңызды білгім келеді». «Менің атым Банс» «Горацио Банс емес пе?» «Иә».
«Ал, Банс мырза, сіз мені көрдім деп айтсаңыз да, мен сізді бұрын көрген емеспін, бірақ мен сізді жақсы білемін. Сізбен кездескеніме өте қуаныштымын және сізбен дос бола алсам, бұл мен үшін мәртебе болар еді».
«Оны кездестірген күнім - өмірімдегі ең сәтті күндердің бірі. Ол көпшілікпен аз араласатын, бірақ оны бәрі ақылды, шексіз адал және өзін тек сөзбен емес, іспен де дәлелдейтін жүрегі кең және қайырым адам ретінде білетін. Ол айналасындағы халықтың абызы сияқты, ал оның атын тек айналасындағылар ғана емес, алыстағы адамдар да білетін. Мен онымен бұрын-соңды кездеспесем де, ол туралы көп естіген едім, бірақ осы кездесу болмағанда, маған қарсы оппозиция пайда болып, мен соңында ұтылатын едім. Мен бір нәрсеге өте сенімді болдым: бұл ауданда осылай дауыс беру жалғасса, олар ешкімді шыдатпайтын еді.
«Белгіленген уақытта мен оның үйіне келдім, кеш бойы барлық кезіккен адамға алдыңғы оқиға туралы айтумен болдым, бұл адамдардың қызығушылығын оятып, маған деген сенімдерін арттыра түсті, дәл осындай реакцияны бұрын көрмеген едім.
«Оның үйіне жеткенде қатты шаршағанымды сезсем де, әдетте ертерек ұйықтап қалсам да, сол түні ұйқым шайдай ашылып, онымен түн ортасына дейін үкіметтің принциптері мен істері туралы сөйлестік, бұрын ойламаған, мән бермеген мәселелер бойынша жаңа ақпарат алдым, көзім ашылғандай болды.
«Келесі таңда барбекю жасадық, мыңға жуық адам келгенін көріп таңғалдым. Мен бұрын танымайтын көптеген адамдармен кездестім, олар досыммен бірге мені сондағы басқа халықпен таныстырды - олар мені бұрын да білсе, енді жақынырақ біле түсті.
«Уақыты келгенде маған сөйлейтінім туралы белгі берілді. Олар орнатылған мінбердің айналасына жиналды. Мен сөзімді былай бастадым:
«Құрметті азаматтар! Мен өзімді бүгін жаңа туғандай, басқа адам ретінде сезініп тұрмын. Мен жақында өзімнің дұрыс деп ойлаған көзқарастарымның надандық не соқыр сенімнің немесе екеуінің де әсерінен бұрмаланғанын түсіндім. Бұрын дұрыс көрсете алмаған қызметімді енді абыроймен атқара аламын деп ойлаймын. Бүгін сіздерден дауыс сұрауға емес, өз қателігімді мойындау үшін келдім. Мұны тек сіздер үшін мойындамаймын, бұл өзім үшін де маңызды. Маған дауыс беруге міндетті емессіздер».
«Мен оларға өрт туралы және жәрдем беру үшін дауыс бергенімді, содан кейін мұның неліктен дұрыс емес екеніндігі туралы айтып бердім. Өз сөзімді былай аяқтадым:
«Ал, азаматтар, сіздер аса қызығушылықпен тыңдаған баяндамамның көп бөлігі көршілеріңіз Банс мырзаның айтқан дәлелдерінен ғана тұрды. Ол менің қателігімді көрсетті.
«Бұл менің өмірімдегі ең жақсы сөйлеген сөзім болды, бұның бәрі Банстың арқасында еді. Менің көзқарасымды өзгерткеніне ол риза болды деп ойлаймын, енді шығып, оны өзі айтар».
«Ол мінберге келіп, былай деді:
«Құрметті азаматтар! Полковник Крокеттің өтінішін орындау - мен үшін зор қуаныш. Мен оны адал адам деп ойлаймын және бүгін сіздерге берген уәделерінің бәрін адал орындайтынына сенімдімін».
«Ол мінберден түскенде, Дэви Крокетке халық тоқтаусыз, риясыз қошемет көрсетті.
«Мен аса сезімтал емеспін, бірақ сол сәтте бір тамшы жас бетіме үзіліп түскенін байқадым. Шынымды айтсам, сол адамның айтқан жылы сөзі мен шын жүректен шыққан сол күнгі қошеметтер есіме түссе, әлі күнге дейін Конгресс мүшесі ретінде бар жинаған құрметім мен абыройымнан құндырақ болып тұрады.
-Мырза, енді - деп сөзін аяқтады Крокетт, - неліктен кеше бұлай дегенімді білесіз.
«Сіздің назарыңызды мынаған аудартқым келеді. Сізге бір апталық жалақыларыңызды беруді ұсынғаным есіңізде болар. Бұл палатада ауқатты адамдар көп - олар қаласа бір апталық жалақысын не одан да көп ақшасын бір мақсатыма жетемін деп еш ойланбастан кешкі асқа немесе шарап кешіне жұмсайды. Сол адамдардың кейбірі қайтыс болған адам алдындағы елдің қарызы ұшан-теңіз, оны тіпті ақшамен де өлшей алмаймыз, ал ұлт намысы сынға түскенде, 10 000 доллар сондай мардымсыз деген әдемі сөздер айтты.
Олардың ешқайсысы менің ұсынысыма жауап бермеді. Ал халықтың ақшасын жұмсау оларға түк емес. Бірақ олардың көпшілігі ақшаға ғана ұмтылады, оның жолында өз абыройын, адалдығы мен әділдігін құрбан етуге дайын»
Биліктегі адамдар сайлаушылардың бойынан табылатын басым көшбасшылық қасиеттерді - жақсыларын да, нашарын да көшіріп алады.
Горацио Банс - адал азаматтың жарқын мысалы. Ол сияқтылар біздің елде көбейсе, мемлекеттік қызметте жаңа есімдер көбірек болар еді; немесе Дэви Крокет сияқты жаңа Крокетттер пайда болар еді.
Жаңа есімдер мен жаңа Крокеттер пайда болсын десек, әрқайсымыз өз ішімізден Горационы іздеуіміз керек!
Қорытынды ойлар. Леонард Э. Ридтің осы әңгімеге қатысты пікірі туралы не ойласыз?
Биліктегі адамдар сайлаушылардың бойынан табылатын басым көшбасшылық қасиеттерді - жақсыларын да, нашарын да көшіріп алады.
Горацио Банс - адал азаматтың жарқын мысалы. Ол сияқтылар біздің елде көбейсе, мемлекеттік қызметте жаңа есімдер көбірек болар еді; немесе Дэви Крокет сияқты жаңа Крокетттер пайда болар еді.
Жаңа есімдер мен жаңа Крокеттер пайда болсын десек, әрқайсымыз өз ішімізден Горационы іздеуіміз керек!
Эдвард Эллистің "Полковник Дэвид Крокеттің өмірі" кітабынан «Иемденетіндей ол сіздікі емес». Бұл материалды Экономикалық Білім Қоры Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша ұсынды.
Саясат және сыртқы сауда
Авторы: Дуайт Ли
Ойландыратын сұрақ: Некіктен үкімет салық салып, сауданы шектейді?
Балама құн мен салыстырмалы артықшылық ұғымдарын қолданып, теориялық тұрғыдан да, эмпирикалық тұрғыдан да еркін сауданың артықшылығын мойындаймыз. Бір елдің халқы барлық затты өндіруде абсолютті артықшылыққа ие болса да, сыртқы саудадан олар да ұтады, себебі ешқандай мемлекет барлық тауар өндіруде салыстырмалы артықшылыққа ие бола алмайды.
Еркін сауданы қолдайтын теориялық аргументтерді көптеген эмпирикалық дәлелдер растайды. Мемлекеттер халықаралық саудаға қатысу арқылы өздерінің бар өндіргіш күшін салыстырмалы артықшылықтарына қарай бағыттаса, олардың жағдайы сауданы шектейтін елдерге қарағанда жақсырақ болмақ. Осы дәлелдерге қарамастан, ешбір ел еркін сауда саясатын ұстанбайды. Сирек және қысқа мерзімді ерекшеліктер де болуы мүмкін, бірақ үкімет импортқа салық немесе квоталар белгілеу арқылы экономикалық өнімділік пен азаматтардың әл-ауқатын төмендетеді. Неге? Бұл эсседе осы сұраққа жауап береміз.
Ынтымақтастық пен тәркілеуді салыстыру
Еркін сауданың артықшылықтарын ескерсек, саяси үдеріс нарықтық үдеріс тәрізді қоғамдық ынтымақтастыққа жол ашса, бірде-бір үкімет еркін саудаға тосқауыл қоймас еді. Саудаға шектеу қойылмаса, тұтынушылар ұтады, бірақ кейбір жұмысшылар мен инвесторлар ұтылады, көбі уақытша, ал кейбіреулері тұрақты түрде ұтылмақ. Салалық сауда қорғанысынан айырылып, біржола ұтылғандардың өзі, барлық отандық өнеркәсіптер қорғалған режимге қарағанда, еркін сауда экономикасында жақсырақ өмір сүреді. Жеке адамдар өздерінің салалық қорғанысынан пайда көрсе де, тұтынушы ретінде басқа салалардың қорғалуынан әлдеқайда көп жоғалтады.
Шетелдік бәсекелестікке ұшыраған саладағылар, өздерінің басқаларға тигізетін шығынын ескермесе, өздерін үкіметтің қорғағанын қалайды. Бұл шығындарды саланың өзі төлеуі керек болса, протекционизм енгізілмес еді, тұтынушыларға түсетін ауыртпалық қорғалатын саланың пайдасынан әрқашан көбірек.
Өкінішке орай, адамдар үкіметтен көмек алғанда, олар нарықтағы сияқты көмектің шынайы құнын төлеуге міндетті емес. Нарықтағы ынтымақтастық нарықтың шығын туралы ақпаратты жинау, жинақтау және көп адамға тарату қасиетінен туындайды, сөйтіп осы шығындарға жауапты тұлғалар оны ескереді. Керісінше, саяси себептермен берілген жәрдемнің шығыны халыққа бөлінген кезде, бұл шығындар еленбеуі мүмкін. Осылай үкімет ынтымақтастық арқылы емес, тәркілеу арқылы жеке артықшылыққа ие болудың құралына айналады.
Көпшіліктің әлсіздігі
Сауданы шектеуден түсетін пайда қорғалатын саладағы аз адамға беріледі, ал шығын барлық тұтынушылардың мойнына аз мөлшерде таратылады. Сауданы шектеудің шығыны миллиондаған тұтынушыға бөлінетіндіктен, адамдар қорғалатын өнімге берілетін қосымша, кішкентай төлемді сезбеуі мүмкін. Ақыр соңында, тұтынушылар жүздеген өнім сатып алады, ал әдетте бір тауардың бағасының аздап көтерілуі тұтынушының жалпы әл-ауқатына аз әсер етеді. Тұтынушы бұл қосымша шығын туралы білсе де, мұның сауданы шектеуге байланысты пайда болғанын білмеуі мүмкін. Ал ол кездейсоқ артық шығынның себебін біліп қойса да, оның саяси әдістермен күресуге ынтасы аз. Ол сауда шектеуін алып тастай алса да, оның жұмсайтын күш-жігері шектеудің құнындай немесе одан көбірек болады. Шектеуді жоюдың жалпы пайдасы орасан зор болғанымен, оның көп бөлігі олардың бұл күреске қатысқан/қатыспағанына қарамастан, басқа тұтынушыларға кетеді. Алайда адам жалғыз әрекет етсе, оның саяси іс-әрекетінен нәтиже шығуы екіталай.
Әрине, тұтынушылардың көп бөлігі бірге әрекет етсе, олардың саяси ықпалы зор болар еді. Тұтынушылардың саны өте көп болғандықтан, олардың әрқайсысының нәтижедегі үлесі өте кішкентай болғандықтан, оларды саяси бір мақсат үшін жұмылдыру мүмкін емес. Көбінесе саясаттан зиян шеккен адамның саны көп болған сайын, олардың саяси ықпалы әлсірей түседі.
Азшылықтың күші
Екінші жағынан, сауданы шектеуден салыстырмалы түрде аз адам пайда табады, сондықтан олардың лоббистік әрекеттері тиімді. Әр адамға келетін пайда айтарлықтай көп және әрқайсысы өзінің пайдасын да, оның қайдан келетінін де бес саусағындай біледі. Сондай-ақ, бенефициарлардың саны аз болғандықтан, оларды саяси бір мақсат үшін жұмылдыру оңайырақ. Шынында да, олар жалпы салалық және кәсіптік бірлестіктер арқылы әрқашан жақсы ұйымдасқан. Сондықтан сауданы шектеу туралы мәселе қаралғанда, саясаткерлер шектеуді қолдайтын көп адамды тыңдайды, ал оған қарсы келетіндерді сирек естиді не тіпті естімейді. Нәтижесінде азшылыққа шоғырланған пайда беріледі, ал көп, бірақ шашыраңқы шығынды ешкім елемейді. Осылайша, саясаттан пайда көретін адамның саны неғұрлым аз болса, олардың саяси ықпалы соғұрлым күштірек.
Сауда шектеулері (және басқа ерекше мүддені қорғайтын саясаттар) арқылы көпшіліктің есебінен пайда табатын шағын, ұйымдасқан топтар бар кезде, саяси процестер арқылы қоғамдық ынтымақтастыққа қол жеткізу қиын. Сол себепті үкімет еркін нарықтық әрекеттерден туындайтын қоғамдық ынтымақтастыққа үнемі қауіп төндіреді.
Кейбір шығындарды қарастырайық
Сауда шектеулерінің шығынын анықтау жоғарыда көрсетілгеннен күрделірек. Болат импортына қойылатын шектеулерді қарастырайық. Болатты тікелей сатып алатындар аз. Керісінше, олар болаттан жасалған бұйымдарды сатып алғанда оған жанама түрде төлейді. Сондай-ақ, импорттық шектеулер болаттың бағасын көтергенде, болатты ресурс түрінде қолданатын салаларда жұмыс орындары азаяды. Сауда шектеуіне байланысты жұмыс таппайтындар оның нақты себебін сирек біледі. Болат импортын АҚШ нарығының 15 пайызына дейін шектегенде, американдық тұтынушылар болат өндірісіндегі әр жұмыс орны үшін жылына 189 000$ төлейді және болат бағасының өсуіне байланысты АҚШ-тағы болат өндірісіндегі сақталған әр жұмыс орны үшін 3,5-тен астам жұмыс орны жойылады деп есептелген.(1)
Бекіту сұрағы: қайсысы қоғамдық ынтымақтастыққа әкеледі? Нарық па әлде үкіметтің әрекеті ме? Қоғамдық ынтымақтастықтың дәрежесі экономикалық прогресс пен адамдардың өмір деңгейіне әсер ете ме? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
- Arthur Denzau, “American Steel: Responding to Foreign Competition,” Center for the Study of American Business, Washington University, St. Louis, Mo., February 1985 қараңыз.↩︎
Дуайт Лидің «Саясат және сыртқы сауда». Бұл материалды Экономикалық Білім Қоры Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша ұсынды.
Энергия өндіру және үнемдеу
Авторы: Дуайт Ли
Ойландыратын сұрақ: Үкімет энергия өндірісі мен оны сақтаудың тиімді балансын анықтай ала ма? Түсіндіріңіз.
Ф.А.Хайек «Қоғамда білімді қолдану» (American Economic Review, September 1945) атты танымал мақаласында экономикадағы маңызды түсініктердің бірі туралы жазды. Хайектің қортындысы қарапайым болса да, мағынасы терең: ақылға қонымды экономикалық таңдау жасауға қажетті ақпарат тым шашыраңқы орналасқан және оны бір адам не сарапшылар тобы қолдана алатындай, қорытынды түріне келтіру өте қиын. Хайек өзінің мақаласында тек нарықтық бағалар арқылы адамдар өз ресурстарын ең пайдалы әрекеттерге жұмсайтындай, жеткілікті ақпарат алады деп баса айтты. Нарықтағы бағаны жойса немесе саяси себептермен бағаға бақылау жасалса, адамдарға тиімді шешім қабылдауға қажет ақпарат жүйелі түрде жойылады.
Өкінішке орай, адамдардың көпшілігі Хайектің айтқанымен жүрмейді. Әсіресе саясаткерлер мен журналистер Хайектің тұжырымдарын қолдамайды. Экономикалық мәселелер туындаған кезде оның шешімі надандықта деген көзқарас басым тәрізді.
Бұл көзқарасты көрсететін ең жаңа мысал - энергия өндіру мен оны сақтауға байланысты пікірталастар. Өндіріс пен энергияны үнемдеудің дұрыс үйлесімі туралы шешімді Конгресс маңызды энергия көздерінің "нарықтық" шекті бағаларын белгілегеннен кейін дұрыс қабылданды деп танылған. Business Week журналының 2001 жылдың 28 мамырында жарияланған редакциялық түсініктемесін қарастырайық: «Эко-экстремистердің кішкентай тобын қоспағанда, ешкім энергия дағдарысынан энергияны сақтау арқылы шығуға болады деп есептемейді. Бірақ өте аз адам оны сақтаудың еш әсері жоқ деп санайды. Конгресс алдағы аптада осы баланс туралы сұрақты шешуі керек». (Ескерту: Осы редакциялық мақалада бағаны бақылау ұсынылмағанын атап өтуіміз керек.)
Саясаткерлер энергия бағаларын бақылауға тырыспаса, энергияны "өндіру мен сақтаудың балансын анықтауға" алаңдамаса да болар еді. Бірақ бағаларға бақылау орнатылғаннан кейін саясаткерлердің де, басқалардың да өндіріс пен сақтаудың орынды мөлшерін анықтауы екіталай.
Энергияның қол жетімділігі туралы алаңдаған кезімізде сақтау мен өндіруге қатысты пікірталастар басталады. Бұл 1970-ші және 80-ші жылдардың басында ОПЕК-тің экспорттық шектеулеріне қатысты, кейін осы жылдың басында ОПЕК-тің өндірісті сәл қысқартуы мен саяси себептерден туындаған Калифорниядағы электр энергиясының жетіспеушілігіне жауап ретінде туындады. Бір топ кішкентай көлік айдап, қоғамдық көлікті көбірек пайдалануымыз керек, энергия үнемдейтін құрылғылар сатып алып, үй мен кеңселердің жылылығын жақсылап оқшаулап, оларды жазда жылы, ал қыста салқын ұстауымыз қажет деген және т.с.с идеяларды жақтайды. Ал екінші топ энергияны сақтасақ, дамымаймыз, сондықтан көбірек мұнай мен көмір өндіріп, электр станцияларын салу және атом станцияларын іске қосу арқылы көбірек энергия өндіруге тиіспіз дейді.
Әрине, пікірталастырушы екі топтың арасында сақтау мен өндірудің теңгерімін табу керек дейтіндер де бар. Алайда барлық тарап өздерінің саяси ұсыныстары дұрыс немесе екінші тараптың ұсынысы толығымен дұрыс емес деп сенеді.
Кімдікі дұрыс? Өндіру мен сақтаудың теңгерімі қандай? Оның жауабын ешкім білмейді. Ешкім! Вашингтондағы бірде-бір адам не сарапшылар тобы қанша энергия сақтап, қаншасын өндіруіміз керектігі туралы ештеңе білмейді.
Оны табудың жолы бар
Бірақ сақтау мен өндірудың ең тиімді теңгерімін анықтауға қажетті ақпараттың бір бөлігі эксперттік білім түрінде жиналады, бұлар - энергия ресурстарын қалпына келтіру, сол ресурстарды тұтынылатын энергияға айналдыру және оны ары қарай тұтынушыға тасымалдауға қатысты техникалық ақпараттар.Бұл ақпаратты әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын он мыңнан аса адам біледі, олардың аз бөлігі бір-бірімен тікелей байланыста болады. Қалай болғанда да, энергияға қатысты тиімді шешім қабылдау үшін барлық ақпаратты жинап, сәйкесінше өңдеп, оны дұрыс қолдана алатындарға жіберу керек.
Эксперттік біліммен қатар, оған еш қатысы жоқ, одан да шашыраңқы орналасқан ақпарат бар: бұл - миллиондаған адамның жағдайы мен қалауы және олар жасай алатын мәміле туралы ақпарат. Кейбіреулер ойланбастан автобуспен жұмысқа бара алады, ал басқалары қаланың сыртында немесе автобуспен бару өте қиын жерлерде жұмыс істейді. Кейбіреулер кішкентай көлікке ауысуға қарсы емес, ал енді біреулерінің өсіп келе жатқан балалары мен ерекше қажеттіліктері болуы мүмкін. Кейбіреулерге іштегі температура кішкене ыңғайсыздық әкелуі мүмкін, ал денсаулығы сыр берген адамдарға бұл жай ыңғайсыздық емес, көбірек зардабын тигізуі мүмкін. Кейбір адамдар қараңғылықтан қорқады және түнде жарықты сөндірмеу үшін басқа заттарды құрбан етуге дайын. Бұл ақпарат эксперттік ақпаратқа қарағанда бөлшектеліп, шашыраңқы орналасқанына қоса, өте субъективті және дәл, нақты емес. Бұл ақпарат өте қарапайым болып көрінсе де, энергия туралы дұрыс таңдау жасау үшін маңызы жағынан эксперттердің ғылыми тұжырымынан кем емес.
Бақытымызға орай, сақтау мен өндірудің дұрыс мөлшерін анықтау үшін барлық ақпаратты жинаудың, оны компьютер арқылы өңдеудің қажеті шамалы. Тіпті барлық ақпарат жиналса да, ешбір компьютер мұның бәрін бірден өңдей алмайды, тіпті өңдей алса да, ол есептеп біткенше ақпарат өзгеріп кетеді. Дұрыс энергетикалық шешім қабылдау үшін қажет ақпаратты оның иелерінен сәйкесінше қисынды шешім қабылдай алатын жауапты адамдарға жеткізетін жалғыз жол — саяси себептермен бұрмаланбаған нарықтық бағалар.
Нарықтық бағалар арқылы тұтынушылар өндірушілерге және өзара әр түрлі энергия көздерін қаншалықты бағалайтындығы туралы хабар береді. Ал өндірушілер тұтынушыларға әр түрлі энергия көздерін ұсынудың құны туралы хабарлайды. Осы ақпараттың негізінде тұтынушылар өздерінің ыңғайсыздық пен үнемінің балансын тауып, сәйкесінше энергияны пайдалануын азайтады. Өз кезегінде өндірушілер берілген бағаға сәйкес болу үшін тұтынушыларға ең көп пайда әкелетін энергия көздерін өндіруді көбейтеді және тұтынушылар қосымша энергияға оның өзіндік құнынан жоғары төлеуге дайын болса, өндіріс одан әрі кеңейе түседі. Нәтижесінде барлығымыздың мүддемізді барынша есепке алатын, сақтау мен өндірудің балансы шығады.
Баға сигналдары мінсіз емес, тіпті бағаның шектеулері болмаса да нарық энергияны сақтау мен өндірудің нақты мөлшерін анықтауға кепілдік бермейді. Алайда нарықтық бағалар негізінде қабылданатын энергетикалық шешімдер саясаткерлер мен бюрократтардың баға шектеулерін қойып құратын ақпараттық вакуумдағы шешімдерінен гөрі әлдеқайда жақсы.
Бекіту сұрағы: Баға сигналдарының негізінде жеке тұлғалар қабылдайтын энергетикалық шешімдер тиімділігін шенеуніктердің саяси көзқарасы негізінде қабылдайтын шешімдерінің тиімділігімен салыстырыңыз.
Дуайт Лидің «Энергия өндірісі мен оны сақтау».Бұл материалды Экономикалық Білім Қоры Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша ұсынды.
Әлеуметтік ынтымақтастық және нарық
Авторы: Дуайт Ли
Ойландыратын сұрақ: Осы материалды оқып, еркін және ашық нарық әлеуметтік ынтымақтастыққа ықпал ете ме деген сұраққа жауап беріңіз.
Экономиканың негізгі түсініктері өз мүдделерін көздейтін жеке адамдар басқаларға өз мүдделерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін таңдаулар жасайтындығын түсіндіруден туындайды. Бұл әлеуметтік ынтымақтастық бірден болмайды. Ол үшін адамдарға басқалардың да ойларын есепке алуға ынталандыратын ережелер қажет. Осы таңғажайып жетістікке әкелетін ережелер еркін нарықтық экономиканы анықтайды.(1)
Мәдени ерекшеліктерге байланысты еркін нарықтық экономика әртүрлі формада болуы мүмкін. Бірақ оның негізгі ережелерін жеке меншік тұрғысынан анықтай аламыз. Мүлік жеке меншік болып саналатындықтан жеке меншік иелері белгілі бір шектеусіз өз мүлкін қалауынша пайдалануға құқылы және меншік құқығын өзара келісім арқылы аудара алады. Бұл ережелердің әлеуметтік ынтымақтастыққа қалай түрткі болатынын қарастырмастан бұрын, осы жетістіктің қаншалықты керемет екеніне көз жеткізейік.(2)
Мүмкін емес болып көрінетін
Толық әлеуметтік ынтымақтастыққа қол жеткізу үшін әр адам өз шешімі арқылы әсер еткен басқа адамдардың қалауы мен ресурстардың салыстырмалы тапшылығына әсер ететін шарттардың өзгерісі туралы ақпаратты білуі керек. Мысалы, мақта өнімдерін пайдаланғысы келетін адам Бразилиядағы жасөспірімдердің джинсы киімдеріне деген сұранысы артты ма, Миссисипидегі ауа райының қолайсыздығынан джинсы өндіруге қажетті мақта жеткізілімі азайды ма немесе мақта алқабында жұмыс істегенде тыныс алу жүйесінің бұзылуы туралы жаңа дәлелдер бар ма деген тәрізді мәселелер бойынша хабардар болу керек. Онда адамдар мыңдаған өнімді тұтыну мен өндіруге әсер ететін миллиондаған нәрсені, көп ақпаратты білуі керек, сөйтіп бәріне тиімді, өзара үйлесімді шешім қабылдай алады. Мұндай кезде беріле салғың келеді, себебі бұл талаптарды қанағаттандыру мүмкін емес тәрізді.
Ақпаратты жеткізу - мәселенің бір бөлігі ғана. Адамдар тіпті хабардар болса да, сол ақпараттың негізінде әрекет етуге, басқалардың әл-ауқатын дәл өзінікіндей жақсартуға ынталы болуы керек еді.
Бірақ әлеуметтік ынтымақтастық үшін әлдеқайда жоғары дамыған ақпараттық желі мен қарапайым адамдар жиі көрсете бермейтін жоғары жанашырлық деңгейі қажет деп ат-тонымызды ала қашпастан бұрын, жан-жағымызға назар аударайық. Біз күнделікті өмірде дәл осы әлеуметтік ынтымақтастықтың пайдасын көреміз. Шын мәнінде, мұның жиі кездесетіні соншалық, көпшілігіміз оны қарапайым құбылыс деп қабылдаймыз.
Бұл қалай болғаны?
Бір-бірінің жағдайы туралы тікелей ақпарат білмейтін не бір-біріне қызығушылық танытпайтын миллиардтаған адамның әрекеттері қалай үйлеседі? Сұрақтың жауабы - ақпарат пен ынталандыру; олар адамдар нарықта жеке меншік пен ерікті айырбастың ережелеріне сәйкес өз мақсаттарына қол жеткізуге тырысқанда пайда болады.
Мүлік жеке меншіктің иелігінде және айырбас ерікті болса, сатып алушылар мен сатушылардың өзара байланысының нәтижесінде қойылатын баға көп ақпарат береді. Өнімнің бағасы басқа тұтынушылар оның қосымша бірлігін қаншалықты бағалайтындығын көрсетеді. Бразилиялық жасөспірімдер джинсы киімдерін көбірек бағаласа, бұл ақпарат олардың қосымша жасайтын саудалары арқылы тарайды, бүкіл әлемдегі мақта өнімдерінің бағасы сәл көтеріліп, басқаларға сигнал жіберіледі. Осы өнімдерді сатып алғысы келгендердің барлығы бұлардың басқалар үшін бағалырақ екенін бірден біледі. Бағалар сонымен қатар өнімнің салыстырмалы қол жетімділігін және оларды көбірек өндіргенде кететін шығынды көрсетеді.
Нарықтық бағалар адамдарды басқалардың мүддесіне өз мүддесіне қарағандай, жауап беруге итермелейді. Бразилиялық жасөспірімдердің әсерінен баға жоғарылағанда тұтынушылар: «Бразилиядағы жасөспірімдер джинсы киімінде қолданылатын қосымша мақтаны бізден гөрі жоғары бағалайтынын айтты; демек біз оны тұтынуды азайтсақ, бразилиялықтар өздерінің тұтынуын арттыра алады» деп пайымдайды. Немесе мақта жұмысшыларының денсаулығына зиян келгені туралы ақпарат дәлелденген жағдайда, тұтынушылар «Мақта алқаптарында зардап шеккен адамдардың санын азайту үшін мақта өнімдерін тұтынуды азайтамыз және осы тәуекелге барғысы келгендерге өтемақы ретінде қосымша ақша төлейміз» деп жоғары бағаға жауап беріп тұрғандай болады.
Әрине, тұтынушыларды осылай жауап беруге итермелейтін - өздері ешқашан кездестірмейтін адамдарға деген қамқорлық емес, бірінші кезекте өз жеке мүдделері. Шынында да, бағаның жоғарылауы тұтынушыларға мақта өнімдерінің не себепті қымбаттағаны туралы ақпарат бермейді (Әрине, бағаның төмендеуі де - маңызды ақпарат). Нарықтық бағалар өте тиімді, өйткені олар тұтынушыларға маңызы жоқ ақпарат беріп, басын қатырмайды.
Бағалар да өндірушілерді басқалардың мүддесін есепке алуға итермелейді. Бағаның қымбаттауы өндірушілерге тұтынушылардың тауарды көбірек бағалайтыны туралы хабар береді. Өндірушілер сәйкесінше жауап беруге өте ынталы. Алайда тұтынушылар өнімді азырақ алғысы келсе, өндірушілерге өздерінің келіспейтіндігі туралы ақпаратты жеткізе алады.
Тұтынушылар өндірушілерге жұмыс күші, жер, техника, жартылай фабрикаттар мен шикізаттың (материалдар) бағасы арқылы жанама түрде сигнал береді. Мысалы, тоқыма өндірушілерінің қолданатын ресурстарға төлейтін бағасы тұтынушылардың осы материалдармен өндіруге болатын басқа өнімдерді қаншалықты бағалайтынын көрсетеді. Тұтынушыларға басқа тауарлар құндырақ болса, тоқыма өндірушілері бұл ақпаратты қолданатын ресурстардың жоғары бағасы арқылы біледі және бұл ресурстар басқа салаға өтеді. Тоқыма өндірісі қысқарады және кейбір тоқыма өндірушілер банкротқа ұшырауы мүмкін. Өндірушілер өнім көлемін азайтса не банкротқа ұшыраса, олар: «Тұтынушылар мен қолданатын ресурстар басқа салаларда құндырақ деп жатыр, сондықтан басқалар оны тиімдірек қолдансын, мен азырақ пайдаланайын» деп айтып жатқан тәрізді болады.
Нарық өзінің жетістіктері үшін кінәлі емес
Нарық арқылы жеткізілетін ақпарат пен ынталандыру нәтижесінде туындайтын әлеуметтік ынтымақтастық мінсіз емес. Бірақ дәл нарық тәрізді адамдарға бір-бірімен тиімді ынтымақтастық орнатуға көмектесетін, өз мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін экономикалық жүйе жоқ. Нарықты көбіне сәтсіздігі үшін емес, жетістіктері үшін сынайды. Әдетте оны тапшылық туралы ақпаратты жеткізгені үшін айыптайды. Тапшылық ешкімге ұнамайды, бірақ бұған нарық кінәлі емес. Шын мәнінде, нарықтың жауап беруге лайықтыларды бірден әрекетке шақыруы - таңғаларлық құбылыс. Тапшылық үшін нарықты кінәлау өрт үшін өртке қарсы дабылды айыптаумен бірдей.
Тапшылық мәселесі әрқашан орын алмақ. Бірақ тапшылық мәселесін нарық арқылы ғана жүзеге асатын әлеуметтік ынтымақтастық кез-келген жүйеге қарағанда тапшылық шегін одан әрі артқа итеруге мүмкіндік береді.
Бекіту сұрақтары: Нарықтық бағалар адамдарды ынтымақтасуға ынталандыра ма? Жеке мүдде нарықтың жұмысына нұқсан келтіре ме? Ресурсымызды барынша тиімді пайдаланғымыз келсе, нарық арқылы әлеуметтік ынтымақтастық орнату маңызды ма? Түсіндіріңіз.
- Адам Смиттің «көрінбейтін қол» тұрғысынан әлеуметтік ынтымақтастықты талқылаған тұжырымы кеңінен танымал. The Wealth of Nations (New York, Modern Library, 1937 [1776]), p. 423 қараңыз.↩︎
- Осы тақырып туралы көбірек білу үшін Ф.А.Хайектің «Individualism and Economic Order» (Chicago: University of Chicago Press, 1980 [1948]) еңбегіндегі «Қоғамда білімді пайдалану» мақаласын оқуды ұсынамыз. Менің ойымша, бұл - аса маңызды экономикалық мақалалардың бірі.↩︎
Дуайт Лидің «Әлеуметтік ынтымақтастық және нарық».Бұл материалды Экономикалық Білім Қоры Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша ұсынды.
Украинадағы Конституциялық реформа
13 сәуір, 2016 ж
Авторлары: Роджер Майерсон, экономика ғылымдары бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (2007); Джерард Роланд, Беркли Калифорния университетінің Э. Моррис Кокс профессоры; Тимофий Мылованов, VoxUkraine-ның тең негізін қалаушы, KSE-нің құрметті президенті
Украинадағы тұрақты саяси дағдарыстар
2016 жылдың 10 сәуірінде Украинаның премьер -министрі Арсений Яценюк отставкаға кететінін мәлімдеп, болашақта президенттік сайлауға түсуге ниеті барын айтты. Яценюк мырза өз орнына Украинаның президенті Петр Порошенкоға адал деп саналатын, парламент спикері Владимир Гройсманды ұсынды.
Қайталанатын саяси дағдарыстар, үкіметтің қысқа уақыт жұмыс істеуі мен сыбайлас жемқорлықтың кең таралуы - Украинада қалыпты жағдай. Президент бар билігін біріктіретін жағдайларды қоспағанда, президент пен премьер-министр арасындағы саяси қақтығыс та қалыпты жағдай. Алайда күшті президенттер билікті асыра пайдалануға бейім және оларды тек көшедегі наразылықтар арқылы ғана тоқтатуға болады, шырқау шегі "Майданда" өтіп, кейде президентті биліктен кетіреді. Саяси қақтығыстар және соңғы Майданнан кейін реформалар мен сыбайлас жемқорлықпен күрестің баяу жүріп жатқанына көңілі толмаған Украина жұртшылығы ел үшін ең жақсы демократиялық жүйенің қандай болатынын белсенді түрде талқылауда. Украина тұрақты орын алатын саяси дағдарыстар мен сыбайлас жемқорлықтан құтылу үшін өз Конституциясына түбегейлі өзгерістер енгізуі қажет болуы мүмкін.
Конституцияда кемшіліктер болуы мүмкін бе?
Украинада аралас парламенттік-президенттік жүйе бар, онда премьер-министр де, президент те атқарушы үкіметтің әртүрлі бөліктерін басқарады. Президентті тікелей халық сайлайды, ал Премьерді парламент тағайындайды. Президент жергілікті үкіметтің басшылары мен ұлттық үкіметтің кейбір бөліктерін басқарады, ал Премьер -министр ұлттық үкіметтің көп бөлігін басқарады. Президенттің жергілікті үкіметті басқаруы, ал үкіметтік министрлердің парламентке есеп беруі Украинаға ғана тән.
Биліктің осылай бөлінуі бітпейтін саяси қақтығыстар мен бір-біріне кінә артуға әкеледі. Әсіресе, Президенттің жергілікті басшыларды тағайындау құзыреті мәселені ушықтырады. Президент тағайындаған жергілікті шенеуніктердің сайлаушылардың қалағанын орындауға ынталары төмен; олар Президенттің айтқанын орындайды. Сонымен бірге Премьер -министрдің билігі үкімет министрлерінің көпшілігіне жүреді. Президент пен Премьер -министр билік үшін бәсекелескенде, ұлттық және жергілікті үкіметтер екі оттың арасында қалады, сөйтіп түрлі деңгейдегі шенеуніктердің арасында да жанжал туады.
Тағы бір маңызды мәселе - Украинаға үкіметтегі сыбайлас жемқорлықпен күресуге бар күшін арнайтын ұлт көшбасшысы ауадай қажет. Украинаның Конституциясы Президентке парламенттің рұқсатымен бас прокурор мен қауіпсіздік қызметінің басшысын тағайындау құқығын береді. Бірақ Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізетін көшбасшы рөлін атқаруы үшін ол әкімшілік кадрдың құрамын тағайындау міндетінен босатылуы қажет. Кез-келген көшбасшыға өзі тағайындаған шенеуніктерді сыбайлас жемқорлықа қатысты айыптарын тергеу саяси тұрғыдан қиын болар еді.
Украина халқы атқарушы билікті тағайындау құқығын Жоғарғы Рада сайлаған Премьер-министрге және жергілікті кеңестер таңдаған жергілікті әкімдерге берсе ғана, өз Президентіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу жүргізуге сенімін арттырар еді. Сонымен қатар, бұл Президент пен Премьер -министрге атқарушы биліктің сәтсіздіктері үшін бір -бірін кінәлауға мүмкіндік бермес еді, сөйтіп саяси қақтығыстар азайып, үкіметтің ел алдындағы жауапкершілігі артар еді.
Президенттік және парламенттік жүйелерді салыстыру
Әлемдегі демократиялық елдер президенттік және парламенттік жүйеге бөлінеді. Әрине, мінсіз демократиялық жүйе жоқ. Әр түрлі демократиялық жүйелердің өз артықшылығы мен кемшілігі бар, олардың арасында бір таңдау жасау керек. Келесі екі бөлімде президенттік және парламенттік жүйені, олардың заң шығарушы органды сайлау ережелеріне тәуелділігін толығырақ салыстырып, талдау жасайтын боламыз. (Бұл талқылаудың қорытындысы осы мақаланың соңындағы кестеде берілген.)
Президенттік демократиялық елдерде атқарушы биліктің басшысын (Президент) заң шығарушы биліктен (Парламент) тәуелсіз, бөлек сайлайды. Осылайша Парламент ерекше импичмент жағдайларын қоспағанда, Президентті биліктен кетіре алмайды.
Парламенттік жүйеде атқарушы биліктің басшысын (Премьер -министр) Парламент сайлайды, сонымен қатар ол сенімсіздік танытса, үкіметті таратып жібере алады. Осылайша Конституция бойынша Парламенттік жүйеде атқарушы және заң шығарушы билік бөлінбейді.
Парламенттік жүйеде үкіметті басқаратын көпшілік коалициясы тез әрі тиімді шешім қабылдай алады. Премьер -министр заң шығарушы көпшілікке тәуелді болғандықтан, өзін қолдайтын заң шығарушыларға билікті әділ бөліп, саяси беделін жақсартуға ынталы. Сенім дауысы арқылы басқарушы парламенттік коалицияның мүшелерін заң жобасына қолдау көрсетуге итермелеуге болады. Нәтижесінде парламенттік жүйедегі партиялар президенттік жүйедегі партияларға қарағанда өздерін жақсы ұстайды, бірлігі жоғары болады.
Президенттік жүйеде Президент өзі қайта сайланғанда қолдау көрсететін тұлғаларға жәрдем көрсетіп, артықшылықтар беруі мүмкін. Парламенттік жүйеге қарағанда партиялық тәртіпті азырақ ұстанатын заң шығарушылардың қолдауына ие болу үшін заңнамаға «қазыналық ауызбастырық» қоса енгізіледі.
Парламенттік жүйеде заң шығарушы билікте ешбір партия көпшілік орынға ие болмаса, онда партиялар бірігіп, көпшілік болып келісімге келмейінше, үкіметтің қол аяғы байланады. Көбінесе сайлаудан кейінгі бірнеше апта солай өтеді, бірақ әдетте басқарушы жаңа коалиция тез қалыптасады. Алайда президенттік жүйеде президенттің партиясы заң шығарушы билікте басымдыққа ие болмаса, шешім қабылдаудың тоқтатуы бүкіл президенттік мерзім бойы жалғасуы мүмкін, бұған соңғы онжылдықтағы АҚШ-тағы жағдай мысал бола алады.
Парламенттік коалициядағы партиялар коалицияға қатысудан жеткілікті пайда алмаса, үкіметті таратып жібереміз деп қорқытуы мүмкін. Парламенттік жүйедегі мұндай қоқан-лоқылар тұрақты үкімет дағдарысына әкеледі және ел ұзақ уақыт бойы үкіметсіз қалады. Бірақ «конструктивті сенімсіздік білдіру» деп аталатын конституциялық ережемен бұл қауіптің алдын алуға болады, парламенттік үкімет өзін алмастыра алатын, балама көпшілік болған кезде ғана таратылады. Бұл ереже алғаш Германияда енгізілді және қазір көп елдерде қолданылады.
Жақсы жұмыс істейтін президенттік режимдер де бар, оларда атқарушы биліктің өкілеттігі шектелген, мұнда заң шығарушы билік Президенттің өз өкілеттігін кеңейту әрекеттеріне жақсы кедергі қояды. Ойымызға ең алдымен АҚШ пен Чили келеді. Бірақ әлемдегі президенттік режимдердің көпшілігіне автократия тән, өйткені Президенттер биліктің барлық тармағын өз бақылауына алғанға дейін әкімшілік өкілеттігін кеңейтуге тырысады. Бұл өз құзыретін шектеусіз деп ойлайтын президенттік режимге әкеледі, сөйтіп олар өз билігін теріс мақсаттарға пайдалануы мүмкін. Соңғы мысал ретінде Ресей мен Түркияны келтіре аламыз. Пост-кеңестік елдердің ішінде Молдовадан басқа елдер президенттік режимді қабылдады, нәтижесінде олардың көрсеткіштері Орталық Еуропа мен Батыс Еуропалық парламенттік режимдегі елдердің көрсеткішінен төмен. Украинаның соңғы 25 жылдағы тарихы - осының мысалы.
Кейбір елдерде, соның ішінде Украинада, аралас жартылай президенттік жүйе қолданылады, билік сайланған президент пен заң шығарушы органға жауапты премьер-министрге беріледі. Мұндай жартылай президенттік жүйені жақтаушылар мұнда президенттік және парламенттік жүйенің ең жақсы сипаттары бірігеді деп сенеді, бірақ сыншылар бұл жүйе керісінше екі жүйенің ең нашар жағын біріктіруі мүмкін деп алаңдайды. Әрине, кез келген жартылай президенттік жүйеде Президент пен Премьер-министр арасында атқарушы билік ішіндегі қақтығыстар туындауы мүмкін.
Алғашқы жартылай президенттік жүйенің бірі - Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін нацистер билікке келген кезде ыдыраған Германияның Веймар республикасы (1919-1933 жж). Қазіргі Францияны жиі жартылай президенттік жүйеге жатқызады, бірақ Франция көбірек парламенттік жүйеге келеді, себебі (Францияда қабылданған «қатар басқару» нормалары бойынша) Премьер-министр үкіметті басқарады, ал заң шығарушы органда Президенттің партиясынан бөлек партия басымдыққа ие.
Сайлау жүйесіне тәуелділік
Кейбір елдерде заң шығарушы ұйымнның мүшелері пропорционалды жүйемен сайланады, партияға берілетін орын саны олардың жинаған дауыстарының санына пропорционалды. Басқа елдерде заң шығарушылар мажоритарлық сайлау жүйесімен сайланады, онда әр округке бір орын бөлінеді және бұл орын ең көп дауыс жинаған кандидатқа беріледі.
Пропорционалды жүйенің нәтижесінде заң шығарушы органда әртүрлі шағын партиялар пайда болады, парламент сайланғаннан кейін басқарушы коалицияны қалыптастыру қиындайды. Шешімдер әдетте баяу қабылданады және мүшелер жиі тиімсіз ымыраға келеді. Бір немесе бірнеше тараптар үкіметті қолдауды тоқтатамыз деп қорқытуы мүмкін, сөйтіп үкіметтің тұрақтылығына жиі қауіп төнеді.
Алайда ықпалды азшылық топ өкілдері геоографиялық тұрғыдан кейбір аудандарда шоғырланбаса, мажоритарлы сайлау жүйесі бойынша заң шығарушы билікте аз немесе биліктен мүлде тысқары қалуы мүмкін. Сонымен қатар, мажоритарлы сайлау жүйесі өкілдері коалицияға кірмейтін округтерге қарсы географиялық фаворитизм мәселесін ушықтыруы мүмкін. Бұл проблеманы жергілікті билік органдарына едәуір өкілеттік беріп, орталықсыздандыру арқылы ішінара шешуге болады, осылайша ауданның өкілі басқарушы коалицияның мүшесі болмаса да, жергілікті үкімет жақсы қызмет ететін болады.
Азшылық топтарын ығыстырмас үшін, парламенттік жүйеде әдетте пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Пропорционалды сайлау жүйесі қолданылатын парламенттік жүйе мажоритарлық басқаруға қарағанда инклюзивті, әртүрлі топ өкілдерін қамтиды. Пропорционалды жүйенің тағы бір артықшылығы - ол таңдаулы топтарға пайда әкелетін игіліктерге емес, жалпыға ортақ қоғамдық игіліктерге басымдық береді, өйткені үміткерлер сайлауда белгілі бір ауданнан дауыс жинау үшін емес, жалпы дауыс бойынша бәсекелеседі. Осы арқылы азшылық топтар да қорғалады.
Алайда президенттік жүйеде партиялардың пропорционалды түрде ұсақталып бөлінуінен заң шығарушы орган Президентті бақылай алмауы мүмкін.
Президент дұрыс бақыланбаса, ол автократқа айналуы мүмкін, сондықтан көп адамдар заң шығарушы орган АҚШ пен Чилидегідей мажоритарлық сайлау жүйесімен сайланған кезде президенттік демократия жақсы жұмыс істейді деп санайды.
Украинада қай жүйе жақсы жұмыс істейді?
Украинаның жартылай президенттік жүйесінде ұлттық министрлер Жоғарғы Раданың алдында есеп береді, бірақ жергілікті үкімет басшыларын Президент тағайындайды. Биліктің бұлай бөлінуі Украинаға кем дегенде үш ауыр мәселе әкеледі. Біріншіден, бұл ұлттық министрлер мен жергілікті үкімет басшылары арасында тұрақты түрде ішкі қақтығыс тудырады. Екіншіден, сайлаушылар Президент аз дауыс жинайтын аймақтарда өзі тағайындаған жергілікті шенеуніктердің жемқорлық әрекеттеріне аз көңіл аударуы мүмкін екенін түсінеді, сондықтан мұндай аймақтағы сайлаушылардың барлығы дерлік Президентке қарсы шығуы ықтимал. Осылайша, бұл Украинадағы президенттік саясатқа қатысты аймақтық поляризацияның жүйелі түрде жоғарылауына әкелді.
Үшіншіден, Президенттің жергілікті әкімшіліктерді бақылауы сайлаушылардың жергілікті жерден болашағынан зор үміт күттіретін, жаңа ұлт көшбасшыларын табуын қиындатты. Көптеген табысты демократиялық елдерде жергілікті үкіметтің сайланған басшылары жергілікті жерде жақсы қызмет көрсетіп, өзінің мемлекеттік деңгейде қызмет ете алатындығын дәлелдей алады. Алайда Украина Президенті жергілікті үкімет басшыларын тағайындап, жұмыстан босататындықтан, ол өз билігін пайдаланып, өзіне қарсы бәсекелесе алатын жергілікті үкіметтегі ықтимал кандидаттарды өз жолынан алып тастайды. Осылайша, Украинаның жартылай президенттік жүйесі демократиялық бәсекелестікті әлсіретеді.
Бүгінгі Украинаға сыбайлас жемқорлықпен күресуге бар күшін салатын, шынайы берілген ұлт көшбасшысы ауадай қажет. Президент пен Премьер -министр үкіметтегі шенеуніктердің көбін тағайындағанда, кез келген сыбайлас жемқорлық туралы жанжал олардың беделін түсіреді. Украина халқы сыбайлас жемқорлықты әшкерелейтін, онымен күресетін Президентті қаласа, онда Президент үкіметтегі лауазымды тұлғаларды тағайындамауы қажет. Бұл - шынайы парламенттік жүйеге көшуге үлкен себеп, үкімет мүшелері Жоғарғы Рада алдында, облыстар мен аудандардағы жергілікті билік өкілдері тиісті облыстық немесе аудандық кеңестер алдында толық есеп беруі керек.
Австрия Украина үшін жақсы үлгі бола алады. Австрияның Президентін халық тікелей сайлайды, бірақ оның үкіметтегі билігі шектеулі. Осылай Австрия президенті үкіметті тікелей басқармағандықтан, ол қоғамның мүддесін ойлайтын, адал қорғаушыға айналды. Нәтижесінде, австриялық президенттер халық арасында өте танымал және (тіпті Президенттің партиясы басқа сайлауда жақсы нәтиже көрсетпесе де) үнемі көпшіліктің қолдауымен қайта сайланады.
Президент өкілеттігін қысқарту мен жергілікті басқару органдарын орталықсыздандыруға қатысты жоғарыдағы дәлелдер Украинаның сайлау жүйесін реформасына тәуелді емес. Бірақ кейбіреулер пропорционалды жолмен бөлінетін Жоғарғы Рададағы орындарды 50% -дан 100% -ға дейін көбейтетін сайлау реформасын талап етті. Бір мандатты округтер жойылса, онда партия сайлаушыларға үміткерлердің тізімін беруі керек, сонда сайлашылар өз аймағынан ұсынылған партия кандидаттарының ішінен қайсысын бірінші орынға орналастырғысы келетінін таңдайды. 20 немесе одан да көп үміткері бар ірі сайлау округтерінде пропорционалды жүйе қолданылса, онда Жоғарғы Радада басқарушы көпшіліке айналатын кез келген коалицияда әр сайлау округінің өкілі болуы әбден мүмкін. Осылайша, сайлау реформасы Украинадағы аймақтық поляризацияны төмендетуге көмектесер еді.
Украинада Конституцияға қандай реформа жасалса да, түпкілікті билік демократиялық түрде Украина азаматтарына тиесілі болуы керек. Әрине, биліктегі көшбасшылар өздерінің құзыретін төмендететін кез келген өзгеріске қарсы тұрады, сондықтан халық тарапынан жақсы сұраныс болмаса, конституциялық реформалар сирек сәтті болып аяқталады. Конституциялық реформаға қарсылық міндетті түрде жаман деп айта алмаймыз, өйткені биліктегі тұрақтылық та маңызды, сондықтан тек үлкен, шынайы қажеттілік болған кезде ғана Конституция өзгертілуі керек. Бұл эссе қазір Украина халқына Конституцияға реформа жасау мәселелерін байыппен, мұқият қарастыратын кездің келгенін айту мақсатында жазылды.
Әр түрлі демократиялық саяси институттардың артықшылығы мен кемшілігі
Президенттік мажоритарлық сайлау
Артықшылықтары:
- билік нақты бөлінуі мүмкін
Кемшіліктері:
- Президенттің қолында биліктің шамадан тыс шоғырлануы
- Төмен партиялық тәртіп, "қазыналық ауызбастырық" саясаты
- Үкімет дәрменсіз болуы мүмкін
Парламенттік мажоритарлық сайлау
Артықшылықтары:
- шешім тез әрі тиімді қабылданады
- партиялық тәртіп
Кемшіліктері:
- атқарушы және заң шығарушы билік бөлінбейді
- азшылық өкілдері үкіметтен ығыстырылады
- кейбір азшылық өкілдері мен елді мекендерге артықшылық берілуі мүмкін
Президенттік пропорционалды сайлау
Артықшылықтары:
- жоғарыдағыдай, билік нақты бөлінуі мүмкін
Кемшіліктері:
- жоғарыда айтылғандай, бірақ биліктің бөлшектелуі Президентті күшейтеді және клиентелизм одан әрі дами түседі
Парламенттік пропорционалды сайлау
Артықшылықтары
- инклюзивті көпшілік
- мықты партиялық тәртіп
- қоғамдық игілік бәріне қолжетімді
Кемшіліктері:
- атқарушы және заң шығарушы билік бөлінбейді
- шешімдер баяу әрі тиімсіз қабылданады
- азшылық топтан тұратын үкіметтің серіктестерінің шектен тыс билігі
- үкіметтің тұрақсыздығы
Бул макала VoxUkraine платформасы тарабынан тартууланды.
Ұсынылатын қосымша оқылымдар
Осы кітапты оқығанда экономиканың маңызды ғана емес, қызықты әрі өте жағымды екеніне көз жеткіздіңіз деп үміттенеміз. Тағы да көбірек білгіңіз келсе, экономикаға кіріспе іспетті бірнеше кітап бар (олардың біреуін осы кітап авторларының екеуі жазған), ол кітаптарда біз талқылаған идеялар бүге-шігесіне дейін жіліктелген және графиктері де көбірек. Сіздің экономикалық біліміңізді тереңдететін және тіпті математикаға ебі жоқ оқырман да түсінетін классикалық және бертінде шыққан кітаптар тізімін жасадық. Қай кітаптың ұнағанын, кітаптың келесі редакциясына қай кітаптарды қосуымыз керектігіне қатысты пікіріңізді suggestions@econfun.org жазыңыз. Бұл тізімді оқтын-оқтын жаңартып отырамыз, сондықтан бізге https://econfun.org сайты арқылы кеңес беруден тартынбаңыз. Ізденістеріңізе сәттілік!
Acemoglu, Daron, and James A. Robinson. Why Nations Fail: The Origins of Power, Prosperity, and Poverty. New York: Crown, 2012.
Acton, H. B. The Morals of Markets and Related Essays. Indianapolis: Liberty Fund, 1993.
Alchin, Armen A. and William R. Allen (ed. Jerry L. Jordan). Universal Economics. Indianapolis: Liberty Fund, 2018.
Barro, Robert. Nothing is Sacred: Economic Ideas for the New Millennium. Cambridge, MA: MIT Press, 2003.
Becker, Gary. The Economics of Life (Revised). New York: McGraw Hill, 1997.
Becker, Gary and Posner, Richard. Uncommon Sense: Economic Insights, from Marriage to Terrorism. Chicago: University of Chicago Press, 2009.
Boettke, Peter. Living Economics: Yesterday, Today and Tomorrow. Oakland, CA: Independent Institute, 2012.
Caplan, Bryan. The Myth of the Rational Voter: Why Democracies Choose Bad Policies. Princeton: Princeton, 2007.
Clark, Anthony. Economics Through Everyday Life: From China & Chili Dogs to Marx & Marijuana. Berkeley, CA: Zephyros, 2016.
Conard, Edward. Unintended Consequences: Why Everything You’ve Been Told About the Economy is Wrong. New York: Portfolio, Penguin, 2012.
Cowen, Tyler. Discover Your Inner Economist: Use Incentives to Fall in Love, Survive Your Next Meeting, and Motivate Your Dentist. New York: Plume, 2007.
Cowen, Tyler. Big Business: A Love Letter to an American Anti-Hero. New York: St. Martin’s Press, 2019.
Coyle, Diane. Sex, Drugs and Economics. New York: Texere Publishing, 2002.
Desai, Mihir. The Wisdom of Finance. Boston: Houghton Mifflin Harcourt, 2017.
de Soto, Hernando. The Mystery of Capital. New York: Basic Books, 2000.
Frank, Robert. The Economic Naturalist: In Search of Explanations for Everyday Enigmas. New York: Basic Books, 2008.
Friedman, David. Hidden Order: The Economics of Everyday Life. New York: Harper Business, 1997.
Friedman, Milton. Capitalism and Freedom. Chicago: University of Chicago Press, 2002.
Friedman, Milton and Rose Friedman. Free to Choose. New York: Harcourt Brace Jovanovic, 1980.
Gwartney, James D., Richard L. Stroup, Russell S. Sobel, and David A. MacPherson. Economics: Private and Public Choice, 16th edition. Mason, OH: South-Western Cengage, 2017.
Gwartney, James D., Robert Lawson, Joshua Hall, and Ryan Murphy. Economic Freedom of the World, 2019 Annual Report. Vancouver: Fraser Institute, 2019.
Hamermesh, Daniel. Economics is Everywhere. New York: Irwin, 2004.
Harford, Tim. The Logic of Life: The Rational Economist in an Irrational World. New York: Random House, 2008.
Harford, Tim. The Undercover Economist: Exposing Why the Rich Are Rich, the Poor Are Poor – and Why You Can Never Buy a Decent Used Car! Revised, Updated Edition. Oxford: Oxford University Press, 2012.
Harford, Tim. Dear Undercover Economist: Priceless Advice on Money, Work, Sex, Kids, and Life’s Other Challenges. New York: Random House, 2009.
Harford, Tim. The Undercover Economist Strikes Back: How to Run or Ruin an Economy. New York: Riverhead, 2014.
Hayek, Friedrich. Nobel Prize Lecture: The Pretence of Knowledge. 1974. Available online: https://www.nobelprize.org/prizes/economic-sciences/1974/hayek/lecture.
Havrylyshyn, Oleh. Present at the Transition: An Inside Look at the Role of History,Politics, and Personalities in Post-Communist Countries. Cambridge: Cambridge University Press, 2020.
Hazlitt, Henry. Economics in One Lesson. New York: Arlington House, 1979.
Henderson, David R. (ed.). Concise Encyclopedia of Economics. Indianapolis: Liberty Fund, 2008. Available online: http://www.econlib.org/library/CEE.html.
Heyne, Paul. Are Economists Basically Immoral? Indianapolis: Liberty Fund, 2008.
Kishtainy, Niall. The Economics Book: Big Ideas Simply Explained. London: DK, 2018.
Landsburg, Steven E. More Sex Is Safer Sex: The Unconventional Wisdom of Economics. New York: Free Press, 2008.
Landsburg, Steven E. The Armchair Economist: Economic & Everyday Life. New York: Free Press, 2012.
Landsburg, Steven E. The Big Questions: Tackling the Problems of Philosophy with Ideas from Mathematics, Economics, and Physics. New York: Free Press, 2009.
Lawson, Robert and Benjamin Powell. Socialism Sucks, Two Economists Drink Their Way Through the Unfree World. Washington, D.C.: Regenery, 2019.
Leiser, David and Yhonatan Shemesh. How We Misunderstand Economics and Why It Matters. Oxfordshire: Routledge, 2018.
Levitt, Steven and Stephen Dubner. When to Rob a Bank …And 131 More Warped Suggestions and Well-Intended Rants. New York: William Morrow, 2015.
Levitt, Steven and Stephen Dubner. SuperFreakonomics: Global Cooling, Patriotic Prostitutes, and Why Suicide Bombers Should Buy Life Insurance. New York: William Morrow, 2011.
Levitt, Steven and Stephen Dubner. Freakonomics: A Rogue Economist Explores the Hidden Side of Everything. New York: William Morrow, 2009.
Malkiel, Burton. A Random Walk Down Wall Street. New York: W. W. Norton & Company, 2015.
McCloskey, Deirde. Why Liberalism Works: How True Liberal Values Produce a Freer, More Equal, Prosperous World for All. New Haven: Yale University Press, 2019.
Note: All other books by McCloskey are worth reading.
Note: All other books by McCloskey are worth reading.
Mokyr, Joel. A Culture of Growth: The Origins of the Modern Economy. Princeton: Princeton University Press, 2018.
Norberg, Johan. In Defense of Global Capitalism. Washington, D.C.: Cato Institute, 2003.
Norberg, Johan. Financial Fiasco: How America’s Infatuation with Home Ownership and Easy Money Created the Economic Crisis. Washington, D.C.: Cato Institute, 2009.
North, Douglass C. Institutions, Institutional Change and Economic Performance. Cambridge: Cambridge University Press, 1990.
Novak, Michael. Free Persons and the Common Good. Seattle: Madison Books, 1989.
O’Rourke, P. J. Eat the Rich: A Treatise on Economics. New York: Atlantic Monthly Press, 1999.
O’Rourke, P. J. None of My Business: P. J. Explains Money, Banking, Debt, Assets, Liabilities and Why He’s Not Rich and Neither Are You. New York: Atlantic Monthly Press, 2018.
Oyer, Paul. Everything I Ever Needed to Know About Economics I Learned from On-Line Dating. Brighton, MA: Harvard Business Review Press, 2014.
Rosenberg, Nathan, and L. E. Birdzell. How the West Grew Rich. New York: Basic Books, 1986.
Schrager, Allison. An Economist Walks Into a Brothel (and Other Unexpected Places to Understand Risk). New York: Penguin, 2019.
Sirico, Robert. In Defense of the Free Market. Washington, D.C.: Regenery, 2012.
Skousen, Mark. The Making of Modern Economics (3rd ed.). Oxfordshire: Routledge, 2016.
Smith, Adam. The Theory of Moral Sentiments. Library of Economics and Liberty, 1759. Available at: http://www.econlib.org/library/Smith/smMS.html.
Smith, Adam. An Inquiry into the Nature and Causes of the Wealth of Nations. Library of Economics and Liberty, 1776. Available online at: http://www.econlib.org/library/Smith/smWN.html.
Sowell, Thomas. Basic Economics: A Common Sense Guide to the Economy, 5th Edition. New York: Basic Books, 2015.
Sowell, Thomas. Economic Facts and Fallacies. New York: Basic Books, 2011.
Sowell, Thomas. Applied Economics: Thinking Beyond Stage One. New York: Basic Books, 2009.
Tamny, John. Popular Economics: What the Rolling Stones, Downton Abbey, and LeBron James Can Teach You About Economics. Washington, D.C.: Regenery, 2015.
Tomasi, John. Free Market Fairness. Princeton: Princeton, 2012.
Velez-Hagan, Justin. The Common Sense Behind Basic Economics: A Guide for Budding Economists, Students, and Voters. Washington, D.C.: Lexington Books, 2015.
Wheelan, Charles. Naked Economics: Undressing the Dismal Science. New York: W. W. Norton & Company, 2002.
Zitelmann, Rainer. The Power of Capitalism. London: LID Publishing, 2019.
Видео дереккөздері
Осы еңбекте берілген бірқатар видео сілтемесін де беріп отырмыз. Әрине, бұл кітаптағы видеолардың аз ғана бөлігі және күн сайын жаңа видеолар жасалып жатыр. Кей видеоны мына жерден табасыздар:
Бізге айырықша ұнаған жаңа видеолар тізімін вебсайтқа оқтын-оқтын жариялап тұрамыз. Вебсайтты қарап тұрыңыз және бөліскіңіз келетін видео тапсаңыз, бізбен хабарласыңыз.
Глоссарий
Alt-A несиелері Қарыз алушылардың табыстарын, жұмыспен қамтылуын және олардың төлем қабілеттілігінің басқа көрсеткіштерін жөнді тексерусіз немесе растаусыз берілген несиелер. Нашар құжатталатындықтан, бұл несиелер қауіпті. ↩︎
ағымдық есеп-шоты Қаржы мекемесінде ақша сақтауға және қаражат тартуға мүмкіндік беретін депозиттік шот. Сонымен қатар талап ету шоты немесе операциялық шот деп атала тұра, өтімділігі жоғары депозиттік шот болып табылады. ↩︎
адами капитал Ағымдағы және болашақтағы өндірілетін өнім көлеміне ықпал ететін адамның қабілеттері, дағдылары мен денсаулығы. Білім саласына жұмсалған инвестициялар адами капиталды арттыра алады. ↩︎
акционер Ашық я жабық акционерлік қоғамының бір әлде одан көп акциясына ие болған адам немесе мекеме (соның ішінде, акционерліқ қоғам). Әрбір акция акционерлік қоғам меншігінің тең бөлігі болып табылады. ↩︎
акция(үлес) Акционерге корпорация әрекеттеріне дауыс беруге құқық беретін заңды құрал. Әрбір акционердің дауысы қолында бар акциялар саны барлық шығарылған акциялар санының бөлігіне тең. Ағылшынша акцияны білдіретін “stock” сөзі баяғыда “тауарлардың қоры” деген мағынаны білдірген. Алғашқы сауда корпорацияларда “stock” сатуға арналған “тауарлар қорын” білдірді. ↩︎
акция брокері Акция және үлестерді басқа адамдардың атынан сататын және сатып алатын тұлға не компания. ↩︎
акция нарығы (қор нарығы) ашық компаниялардың акцияларын сатып алу, сату және шығару бойынша тұрақты әрекеттер жүзеге асырылатын нарықтар мен биржалар жиынтығы. ↩︎
акция Корпорацияның меншік үлестері. Корпорациялар меншік үлестерін шығарып қаражат жинайды. Бұл акционерлерге фирманың табысының пропорционалды бөлігіне ие болуға құқық береді. Акционерлер корпорацияның қарыздарына, өздерінің бастапқы инвестициясынан артық жауапты емес. Алайда олардың бастапқы инвестициясын қайтаруына да, болашақта әлдебір қайтырым алуына да кепіл жоқ. ↩︎
акциялар Компания қорының бөлінісі. Компаниядағы меншік үлесін білдіреді. ↩︎
ақша нарығының сертификаты Банк немесе несие беру ұйымы сіздің ақшаңызды әртүрлі инвестицияларға салатын жинақ түрі. ↩︎
ақша ұсынысы Сатып алу үшін пайдаланылатын өтімділігі жоғары (қол жетімді) ақша көлемі. Ақша көлемі, әдетте, қолдағы ақша мен ағымдық есепшоттағы ақшаны қамтиды. Кең ауқымдағы анықтамасы ретінде, жинақтау шотындағы ақша сияқты төлемге оңай айналатын қаражаттар қосылады. Несиелік карталар ақша массасының бөлігі емес екенін ескеріңіз. Егер несиеілік картасындағы қарыз айдың соңында төленсе, есеп шоттағы ақшаны қайта санауға алып келеді. Орталық банктер Биткоинді (және басқа кибер валюталарын) ақша ұсынысы ретінде қабылдануы және қабылданса қай кезде жүзеге асатыны қызу пікірталас тұғызып тұр. ↩︎
ақша Сатып алушылар мен сатушылар тауарлар мен қызметтерге ақы ретінде жалпыға ортақ қабылданған зат; айырбас, жинақтау құралы және есеп бірлігі құралы. Ақшаның сипаты ретінде тасуға болатын, құны тұрақты, бірыңғай, ұзаққа жарамды және жалпыға ортақ болу керек. ↩︎
алмастырушы Ұқсас мақсатқа сай қызмет ететін өнімдер. Бір өнім бағасының өсуі екіншісіне сұраныстың өсуіне себеп болады. Сондай-ақ бірінің арзандауы екіншісіне сұраныстың төмендеуіне себеп болады. Мысалы, май мен маргарин. ↩︎
ашық нарық Жабдықтаушылар мемлекеттік ұйымдарының рұқсатынсыз кіре алатын нарықтар. ↩︎
әртараптандыру (диверсификация) Инвестициялау барысында туындайтын тәуекелді барынша азайту мақсатында акциялар, облигациялар және жылжымайтын мүлік сияқты қаржы құралдарына, сондай-ақ бірқатар фирмаларға, салаларға, яғни бір-біріне тәуелсіз құралдарға инвестициялау стратегиясы. ↩︎
бағаны бақылау Үкімет белгілейтін бағалар. Нарықтық баға деңгейінен жоғары немесе төмен орнатылуы мүмкін. ↩︎
бағаны спекулятивті өсіру Сатушы тауарлар мен қызметтер бағаларын ақылға қонымды немесе әділ деп танылғаннан әлдеқайда жоғары деңгейге бекітуі және әдепсіздік шегінен тыс баға деңгейі. ↩︎
бағаның төменгі деңгейі Тауарға немесе ресурсқа үкімет тарапынан белгілеген ең төменгі баға. ↩︎
балама құн Белгілі бір опцияны таңдау нәтижесінде құрбандыққа шалынатын ең құнды балама тауар немесе қызмет. ↩︎
баланстаған (теңдестірілген) бюджет Үкіметтің салықтардан, алымдардан және басқа көздерден түсетін ағымдағы кірісі мемлекеттік шығыстарға тең болған жағдайы. ↩︎
банкрот болу Борышкер несие берушіге төлемдерді төлей алмайтыны жөніндегі сот шешімі. ↩︎
бартер жүйесі Ақшаны пайдаланбай тауарларды немесе қызметтерді тікелей басқа тауарларға немесе қызметтерге айырбастау. ↩︎
бастапқы жарна Сіз бірдеңе сатып алған кезде төлейтін, бірақ тауардың жалпы құнының тек бір бөлігін құрайтын ақша сомасы. ↩︎
бәсекелестік Өндірушілер мен материалдарды жабдықтаушылар арасындағы бәсекелестігінің жанды үдерісі. Олардың әрқайсысы сапа, баға және өнім туралы ақпарат қарастыра отырып сатып алушыларға оңай мәміле жасауға тырысады. Бәсекелестік нарыққа оңай кіруді меңзейді. Жабдықтаушылар нарыққа кіруі үшін үкіметтен рұқсат алуы қажет емес. ↩︎
болжамсыздықтың әсері Мемлекеттік секторының біржақты әрекетінен шыққан қорлардың теріс үлестіруі. Ондай әрекеттер (1) қазіргі ұақытта пайдасы анық, бірақ белгілеуге қиын кейінгі шығындары бар ұсыныстарға жақтайды; және (2) қазіргі шығындары анық, бірақ кейінгі пайдалары нақты де айқын емес ұсыныстарға қарсы болады. ↩︎
бюджет профициті Белгілі бір уақыт кезеңіндегі, әдетте бір жыл ішіндегі мемлекеттік кірістер мемлекеттік шығындардан жоғары екенін көрсететін сома. ↩︎
бюджет Белгіленген уақыт кезеңіндегі жоспарланған кірістер мен шығыстар. ↩︎
бюждет дефициті (тапшылығы) Белгілі бір уақыт кезеңіндегі, әдетте бір жыл ішіндегі мемлекеттік шығыстар мемлекеттік кірістерден асқандағы сома. ↩︎
валюта айырбастау бағамы Жергілікті валютаның (мысалы теңгенің) шетелдік валютаға шаққандағы бағасы. Мысалы, бір украиналық гривенді сатып алу үшін 0,035 доллар қажет болса, доллар-гривена бағамы 0,035 құрайды. ↩︎
венчурлық капиталист Үміт күтерлік бизнес идеясы бар кәсіпкерлерге қарыз беруді ұйымдастыратын қаржы инвесторы. Көбінесе бұл идеялар тез өсуіне ықтимал, сондай-ақ аса қатерлі болады. Сондықтан олар банк қарызына сай келмейді. ↩︎
гиперинфляция Ұлттық экономикада күллі заттардың бағасының шектен шығып, тез өсуі. Әлі күнге дейін адамдар өте жылдам инфляцияның гиперинфляцияға нақты қай кезде айналатынына пікірталас жүргізуде (бағаның бір жылда 50% әлде 100% әлде одан да көп пайызға артуы). ↩︎
делдал Тауарларды немесе қызметтерді сатып алатын және сататын немесе сауда-саттықты ұйымдастыратын адамдар. Делдалдар транзакциялық шығындарды азайтады. ↩︎
депозиттік сертификаттар Ең төмен инвестиция талаптарынан тыс кез келген номиналда берілетін, мерзімі және пайыздық мөлшерлемесі белгіленген жинақ сертификаты. Мұндай құралдар инвестициялау аяқталу мерзіміне дейін қаражаттарға қол жетімділікті шектейді. Депозиттік сертификаттар - АҚШ-та қолданылатын ұғым. Аталмыш сертификаттар көптеген басқа елдерде де қолданылады, дегенмен атауы әр түрлі болуы мүмкін. ЕО-да олар «Белгіленген Мөлшерлеме» немесе «Белгіленген Депозит» шоттары деп аталады. ↩︎
дефицит Үкімет тепе теңдіктен төмен бағаны салғаннан соң, өндірушілерден сатуға ұсынған өнімнің саны алушылардың сатып алуға сұраған санынан төмен болған жағдай. ↩︎
дивиденд Компания акцияларына иелік ететін адамдарға төлейтін пайда (бөлігі). ↩︎
ең төменгі жалақы Жұмыс беруші жұмысшыға заңды түрде төлеуге тиіс ең төменгі жалақы мөлшері. ↩︎
еңбек бөлінісі Өнім өндірісі бірнеше нақты міндеттерге бөлініп, олардың әрқайсысын әр түрлі жұмысшыларға жүктеу әдісі. ↩︎
еңбек нарығы Жұмысшылар ұсынысты, ал жұмыс берушілер сұранысты қамтамасыз ететін, жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты құрайтын жұмыс нарығы. Жұмысшылар мен жұмыс берушілер бір-бірімен өзара әрекеттеседі - жұмыс берушілер ең жақсы жұмысшыны жалдау үшін, ал жұмысшылар ең қанағаттанарлық жұмыс табу үшін бәсекелеседі. ↩︎
ерекше мүдделер әсері Дауыс берушілердің негізгі бөлігі есебінен саналатын азын-аулақ қаражатқа жақсы ұйымдасқан мүдделі топтар үшін едәуір жеке пайда келтіретін бағдарламалар қабылдануына бет бұрған саяси процестің біржақтығы. Ондай бағдарламалар тиімсіз болса да, көп жағдайда қабылданады. ↩︎
ерекше мүдделер мәселесі Шағын ұйымдасқан азшылық топқа едәуір жеке пайда келтіретін, ал басқа дауыс берушілердің көпшілігіне азын-аулақ жеке шығын әкелетін мәселе. ↩︎
еркін сауда Үкімет немесе басқа да кез-келген реттеуші органдардың тарапынан шектеусіз, адамдардың басқа елдердегі адамдармен экономикалық мәмілелер жасау мүмкіндігі. ↩︎
жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) Белгілі бір кезеңде мемлекет ішіндегі өндірілетін барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің пайдалану кезіндегі (аралық емес) нарықтық құны. Ол әрі кірістің, әрі өнім көлемінің өлшемі. ↩︎
жанама әсерлер Дереу байқалмайтын, бірақ заман ағымымен сезілетін экономикалық өзгеріс салдары. ↩︎
жеке инвестициялар Жеке сектордың ұзақ мерзімді активтерге (негізгі инвестицияларға), сонымен қатар белгілі бір кезең ішінде тауарлық-материалдық қорларға (тауарлы-материалдық құндылықтар) қаражат ағымы. Бұл шығындар біздің болашақта тұтынушыларға көбірек пайда әкелу қабілетімізді арттырады. ↩︎
жеке меншік құқығы Иеленушіге я иеленушілер тобына толығымен тиесілі, және иеленушінің қалауымен басқаларға табыстыра алатын меншік құқығы. ↩︎
жинақ ақша (үнемдеу) Тұтынуға пайдаланбаған салық төлегеннен кейінгі табыстың бөлігі. ↩︎
жинақ есеп-шоты Банк немесе ұқсас мекемелерден пайыздық табыс табатын есеп шот. ↩︎
жинақ жоспары Жұмысшыға зейнетақы не басқа ұзақ мерзімді мақсаттар (жоғарғы білім не баспана алу) үшін салық салынғанға дейінгі еңбекақыны бөліп жинауға мүмкіншілік беретін жұмыс берушінің тарапынан ашылған біріккен инвестициялық есепшот. ↩︎
жұмыс күші Жұмыс күші - бұл жұмыспен қамтылғандардың және жұмыссыздардың қосындысы. Халықтың (популяцияның) осы екі тобы бірге қазіргі жұмыс күшін құрайды. ↩︎
заңның үстемділігі Кейбіреулердің ұстанбайтын занды қабылдауына жол бермейтін, барлық адамдар бірдей заңдарға бағынатынын ұйғаратын түсінік. ↩︎
игерілетін үлестік пай қоры Қорда қандай акциялар болатынын және оларды қашан сатып алу немесе сату керектігін шешетін портфолио менеджері бар үлестік пай қоры. Зерттеуші қызметкерлер қор менеджеріне жалпы қолдау көрсетеді. ↩︎
импорт Шетелде шығарылған, бірақ отандық сатып алушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтер. ↩︎
импорттық квота Белгілі бір мерзім ішінде елге әкелуге рұқсат етілген тауардың санына немесе құнына шектеу қою. ↩︎
инвестиция Адами және адами емес капитал түрлерін қамтитын капитал ресурстарын сатып алу, құру немесе дамыту. Инвестициялар капитал мөлшерін арттырады. ↩︎
инвестициялық тауарлар Болашақ экономикалық пайда алу мақсатында сатып алынған немесе салынған құралдар мен жабдықтар. Мысалы, оларға жалға берілетін үйлер, фабрикалар, кемелер немесе жолдар жатады. Оларды көбінесе капиталдык тауарлар деп те атайды. ↩︎
индекс қоры Standard & Poor’s 500 (S&P 500) индексі сияқты нарықтық индекстің компоненттерін сәйкестендіру немесе қадағалау үшін құрылған портфолиосы бар индексе байланған үлестік пай қорының түрі. ↩︎
индекске байланған үлестік пай қоры S&P 500 сияқты қор нарығының кең индексіндегі үлесімен (немесе салмағымен) сәйкес келетін акциялар портфолиосын ұстайтын үлестік пай қоры. Биржалық сауда-саттық пен зерттеулерге шығындары аз болғандықтан, бұл қорларға қатысты есептік шығындары, әдетте, өте төмен. Үлестік пай қоры акцияларының бағасы индексе қарап, бірге жоғары немесе төмен жылжиды. ↩︎
индустриялық саясат Өнеркәсіптің немесе нақты бір өнеркәсіп саласын дамуын ынталандыруға арналған мемлекеттік жоспар. ↩︎
инфляция Тауарлар мен қызметтер бағаларының жалпы деңгейінің үздіксіз өсуі. Инфляция кезінде гривен сияқты ақша бірлігінің сатып алу қабілеті төмендейді. ↩︎
инфляциядан қорғалған қазынашылық бағалы қағаздар (TIPS) АҚШ Қаржы Департаменті шығарған, инфляцияға индекстелген облигациялары. Олардың құны мен пайыз төлемдері инфляцияның мөлшеріне сай өзгертіледі, сондай ақ олардың нақты қайтарымы инфляциядан тәуелсіз болады. АҚШта TIPS 1997 жылының қаңтар айынан бастап шығарылады. ↩︎
ипотека несиесі бойынша әдепкі деңгейі Қарыз алушының тұрғын үй (ипотекалық) несие бойынша тоқсан немесе одан да көп күн кешіктірілген және өндіріп алуға тиесілі несие төлемдерінің бөлігі. Кейде бұл көрсеткішті мерзімі кешіктірілген қауіпті несие мөлшерінің көрсеткіші деп атайды. ↩︎
ипотека Үй сияқты активке қарыз қаражатын алуға арналған құрал. Актив кепіл ретінде пайдаланылады. Егер қарыз қаражаты уәде етілгендей өтелмесе, несие беруші үйді өндіріп алады және оны сатудан түскен қаражатты несиенің төленбеген қалдығын қалпына келтіруге жұмсай алады. ↩︎
капитал нарығы Акциялар мен облигациялар сияқты құнды қағаздар сатып алынатын және сатылатын кең мағынадағы нарық алаңдары. ↩︎
капитал түсімі Шетелдік инвесторлардың жергілікті акцияларға, облигацияларға және басқа активтерге құйған қаражаттары. ↩︎
капиталды қалыптастыру Болашақ өнімділікті арттыратын машиналар, құралдар және басқа жабдықтар шығару. Бұл термин, сондай ақ жұмысшылардың білімі мен шеберлігін арттыруға (адами капитал) және сол арқылы олардың болашақ өндіріс қабілетін арттыруға қолданыла алады. ↩︎
капиталдық инвестиция Болашақ өнімділікті арттыратын ғимараттарға, машиналарға, құралдарға және басқа жабдықтарға жұмсалған қаражат. ↩︎
капитилизм Мүлік, бизнес және өндіріс көздері жеке меншікте болатын, ұйымдар мен адамдар үшін барынша көп пайда табуға бағытталған экономикалық, саяси және әлеуметтік жүйе. ↩︎
кедейшілік Адамның немесе қоғамның ең төмен күнкөріс деңгейіне қаржы мен қажетті заттар жетіспейтін жағдай. ↩︎
кездейсоқ бағытта жүру теориясы Акциялардың қазіргі бағалары болашақ туралы барлық ашық ақпаратты көрсететініне негізделген теория. Сондықтан күтпеген оқиғалар акция бағасының болашақ өзгерістеріне себеп болады. Күтпеген оқиғалар бағаның болжауға болмайтын немесе кездейсоқ өзгеруіне әсер етеді. ↩︎
кәсіпкер Пайданы алуды көздей отырып, жаңашылдық тәсілдер мен өнімдерді дамытумен бірге жүретін тәуекелді өз мойнына алатын пайда іздеуші шешім қабылдаушы. Табысты кәсіпкердің іс-әрекеті ресурстар құнын арттырады. ↩︎
кәсіптік лицензиялау Жеке тұлғаның белгілі бір кәсіптік қызметті немесе белгілі бір кәсіпте жұмыс істеу үшін үкіметтен рұқсат алу талабы. ↩︎
кірісінен айрылу Сатудан түскен түсім тауарды немесе қызметті жеткізуге кеткен шығындарды жаба алмайтын сома. Қолданылған ресустар нәтижесінде күтілген құн жаратылмайтын болса өндіушілер кірісінен айырылады. ↩︎
конституция Мемлекет немесе басқа ұйым басқарылатынын мойындайтын негізгі қағидалар немесе белгіленген прецеденттер жиынтығы. ↩︎
корпоративтік акция Инвестордың компаниядағы немесе корпорациядағы меншік түрі. Инвесторға тиесілі әрбір акция оның осы компанияға үлесі болып табылады, дегенмен, бұл компанияның кредиторлары активтерден және пайдадан бірінші болып үлесін алу құқығына ие. ↩︎
корпорация Жеке меншікке ие болуға, несие алуға және келісімшарт жасасуға қатысты құқықтары мен артықшылықтарына ие заңды тұлға. Латынның «корпус» сөзінен шыққан, дене деген мағынаны білдіреді. «Инкорпорация» дегеніміз «денені қалыптасу» дегенді білдіреді. ↩︎
көрінбейтін қол Нарық бағаларының жеке тұлғалардың өз мүдделерін қоғамның жалпы мүддесіне қызмет атқаруға бағыттайтын тенденциясы (ықпалы). ↩︎
күрделі жылдық қайтарым мөлшері Он екі ай ішінде ақша сомасына төленген күрделі пайыздар мөлшері. ↩︎
күрделі пайыз Негізгі қарыз сомасына ғана емес, сонымен қатар сыйақыға да есептелетін пайыз. ↩︎
қазыналық ауызбастырық (pork-barrelling) Тіреушіге мол пайда әкелетін мемлекеттік жобалар немесе қаражаттар. Көбіне бұл қаражатты пайдалануға қатысы жоқ заңнамаларға енгізіледі. ↩︎
қазыналық ауызбастырық заңнама (pork-barrel legislation) Жергілікті аймақтарға тиімді, бірақ күллі салық төлеушілер төлейтін үкіметтің жобалары. Әдетте, жобалардың шығындары пайдасынан асып түседі; жергілікті аймақтардың тұрғындары шығындардың көп бөлігін төлемегендіктен, сол жобаларды қолдайды. ↩︎
қазынашылық вексель Пайызы қарыз мерзімінің аяғында төленетін қысқа мерзімді үкімет қарызы. Үкімет қысқа мерзімді ақша қажеттігіндегі ауытқуды дұрыстау үшін қолданады. ↩︎
қайтарым мөлшері Бастапқы салымға пайыз ретінде есептелген инвестициядан келген табыс мөлшері. ↩︎
қаржылық актив Активтер, акциялар, облигациялар және т.б. сияқты мүлік, бірақ жылжымайтын мүлік пен техника сияқты заттай активтер бұған кірмейді. ↩︎
қаржылық институт Қор биржалары, банктер, сақтандыру компаниялары, пай қорлары және инвестициялық фирмалар сияқты қаржылық қызметтерді ұсынатын компания. ↩︎
қарызды өндіріп алу мөлшері Қарыз алушы ай сайынғы төлемдерді төлемегендіктен, несие беруші мүлікке меншік құқығын алу пайызына тап болған ипотекалық қарыздардың бөлігі. ↩︎
қоғамдық таңдау Үкімет тәрізді бірлескен ұйымдардың қалыптасуы мен жұмысына әсер ететін шешім қабылдау барысын зерттеу. Жалпы экономика қағидалары мен әдіснамасы саясаттану саласында кеңінен қолданылады. ↩︎
қоғамдық тауарлар/игіліктер Мына екі сипатына ие өнімдер: (1) бірлескен тұтынуы—яғни бір топ тұтынушылар өніммен қамтамасыз етілетін болса, онда ол өнім барлығына қолжетімді болады; және (2) шектеуге келмейтін—яғни өнімге төлемейтін тұтынушыларға өнім пайдалануда шектеу қою қиын не мүмкін емес. ↩︎
қор (акция) биржасыакция нарығы (қор нарығы)қараңыз. ↩︎
қорғау қызметі (Үкіметтің)/қызметі Күш қолдану, алдау я ұрлықтан адамдарды және олардың меншігін қорғайтын ережелер мен заңдар жүйесі. ↩︎
қорғау тарифтері Импорттың бағасын көтеруге және елдің өндірісті шетел бәсекеден қорғауға арналған салық. ↩︎
қосылған құн салығы (ҚҚС) Өнімдер мен қызметтерді сатып алушысы төлейтін салықтың түрі. ↩︎
лоббистЛОББИ (етістік) Саяси контексте «лобби» жасау дегеніміз - заң шығарушыларды белгілі бір қаржылық немесе өзге де мүдделерге тиімді ережелер немесе заңдар қабылдауға көндіру. (зат есім) «лобби» дегеніміз - белгілі бір мәселе бойынша саясаткерлерге немесе мемлекеттік қызметкерлерге ықпал еткісі келетін адамдар тобы. Мұндай топтың жеке мүшесі «лоббист» деп аталады. Бұл термин лоббистер заң шығарушылар ғимаратының кіреберісінде заң шығарушыларға жиі жүгінгендіктен пайда болған. ↩︎
мамандандыру Кәсіпорын үлкен тиімділікке жету үшін өнімдердің шектеулі топтамасын шығаруға жұмылдырылатын өндіріс тәсілі. ↩︎
маркетинг Компанияның өнімді немесе қызметті сатып алумен және сатумен байланысты іс-шаралары. Ол жарнаманы, сатуды және өнімді адамдарға жеткізуді қамтиды. ↩︎
масштаб эффектісі (әсері) Үлкен зауыттар өнімнің үлкен көлемін шығарған кезде, өнімнің бір данасына кететін шығынның төмендеуі. ↩︎
мемлекеттік ережелер Кәсіптің жұмыс істеу тәсілін бақылайтын (үкімет белгілеген) ережелер. ↩︎
мемлекеттік кәсіпорын Үкімет тарапынан коммерциялық қызметке қатысу үшін құрылатын заңды тұлға. ↩︎
мемлекеттік облигация Мемлекеттік шығыстарды қамтамасыз ету үшін үкімет шығарған қарыздық құнды қағаз. АҚШ-тағы федералды мемлекеттік облигацияларға жинақ облигациялары, қазынашылық міндеттемелер және қазынашылық инфляциядан қорғалған құнды қағаздар (TIPS) жатады. ↩︎
монетарлық саясат (ақша несие саясаты) Үкіметтің ұлттық ақша массасын және, кей жағдайда, несие шарттарын нысаналы бақылау түріне жатады. Аталмыш саясат нарықтық алмасудың қалыптасуына жағдай жасайды. ↩︎
монополия (1) Басқа алмастырғыштары жоқ нақты анықталған өнімнің жалғыз сатушысымен; және (2) кез-келген басқа кәсіпорандардың осы өнімнің нарығына кіріуіне қиындық тұғызатын кедергілермен сиппаталатын нарық түрі. ↩︎
моральдық қауіп Тәуекелге қарсы қорғау іс-шараларының нәтижесінде арам және жағымсыз мінез-құлықты әрекеттерге итермелейді, себебі мұндай қорғау іс-шаралары ондай әрекеттердің жағымсыз салдарын азайтады. ↩︎
нақты құн Инфляцияға түзетілген құн ↩︎
нарық күштері Нарықтық бағалар арқылы жеткізілетін ақпарат пен ынталандыру; сатып алушылар мен сатушыларды шешімдерін үйлестіруге итермелейтін пайда мен шығындар. ↩︎
нарық қабілетсіздігі Қалыптасқан ынталандыру түрлері адамдарды экономикалық тиімділікке сәйкес келмейтін әрекеттерді жасауға итермелейтін жағдай. ↩︎
нарық Сұраныс пен ұсыныс күштерінің негізін қалайтын сатып алушылар мен сатушылардың сауда-саттық механизмдерін қамтитын абстракт тұжырымдама. ↩︎
нарықтық экономика Экономикалық шешімдер мен тауарлар мен қызметтерге баға белгілеу кезінде тек елдің жеке азаматтары мен кәсіпорындарының жиынтық өзара іс-қимылына негізделген экономикалық жүйе. Бұл жүйеде мемлекеттік араласу немесе орталық жоспарлау аз болады. ↩︎
Науқастарды қорғау және қолжетімді күтім туралы заң(НҚжҚКЗ) Көбінесе «Қол жетімді медициналық көмек» туралы заң немесе «Obamacare» деп аталады, бұл 2010 жылы президент Барак Обама қол қойған денсаулық сақтау саласындағы реформа туралы заң. ↩︎
нашар дамыған елдер Адамдардың жан басына шаққандағы табысы төмен, білім деңгейі төмен, сауатсыздық кең таралған және табысы жоғары елдерде негізінен ескірген деп есептелетін өндіріс әдістерін кең қолданатын елдер. Оларды кейде дамушы елдер деп атайды. ↩︎
негізгі қарыз Қарызға алынған қаражат мөлшері. Қарыз алушы осы сомадан пайыз төлейді. ↩︎
несие картасы Карта иесіне қарыз алуға мүмкіндік беретін қаржы компаниясы шығарған карта. Қаражат тауарлар мен қызметтерге төлем ретінде пайдаланылуы мүмкін. Кредит карталарын шығарған кезде, карта иесі несиенің бастапқы сомасын және әр қосымша келісілген төлемдерді төлейді. ↩︎
номиналды табыс Активтен ақшалай түрде түсетін табыс. Нақты табыстан айырмашылығы, ол бағаның жалпы деңгейінің өзгеруін (инфляцияны) есепке алмайды. ↩︎
нөлдік сома ойыны Ойындар теориясының бір адамның ұтысы басқа адамның ұтылысына тең болған жағдайы, сондай-ақ жинақы өзгерісі нөлге тең. Қаржы нарығында, транзакциялық шығынды санамағанда, опцион мен фьючерс сияқты ойындар оның мысалдары болып табылады. ↩︎
облигация Болашақта белгілі бір уақытта негізгі қарызды (қарыз сомасы) және сыйақыны қайтаруға уәде. Корпорациялар мен үкіметтер облигацияларды қарыз алу үшін шығарады. ↩︎
орталықсыздандыру (үкіметті) Биліктің орталықтан жергілікті басқаруға ауысуы. ↩︎
өзара көмек (логроллинг) Cаясаткерлердің бір мәселе бойынша қолдағаны үшін басқа саясаткерлерге келесі бір мәселеге қатысты көмек көрсетуі. ↩︎
өзіндік табыс Отандық үй шаруашылықтары мен корпоративті емес (жеке) кәсіпорындардың жиынтық табысы. ↩︎
өзін-өзі жұмыспен қамтыған Адамның жалақы төлейтін жұмыс берушіге емес, өзіне жұмыс істеуі. ↩︎
өндірістік ресурстар тауарлар мен қызметтерді өндеуге пайдаланылатын қорлар (яғни табиғат қорлары, адами ресурстары және өндіріс құралдары). ↩︎
өндірістік қызметі (мемлекеттің) (1) нарықтың бірқалыпты жұмыс істеуін құқықтық және монетарлық ортамен; және (2) нарық арқылы қамтамасыз етілуі қиын бірнеше өнімдермен үкіметтің қамтамасыз етуі. ↩︎
өнім Адам, техника, зауыт, ел және т.б. шығарған өнім көлемі ↩︎
өнімділік Белгілі мерзімде жұмысшы басына шығарылған өнімнің орташа мөлшері. Әдетте, бір жұмыс сағатына шығарылған өнім мөлшерімен өлшенеді. ↩︎
пай қоры Инвесторлардың қаражаттарын біріктіріп, оларды әртүрлі инвестициялар санаттарына салым жасайтын субъект. Үлестік пай қорлары, облигациялық қорлар, жылжымайтын мүлік қорлары және ақша нарығындағы қорлар сияқты әр түрлі пай қорлары бар. ↩︎
пайда іздеушілік Өздеріне тікелей не жанама түрде көбірек табыс бөлу мақсатында мемлекеттік саясатты өзгертуді талап еткен адамдардың я мүдделі топтардың әрекеттері. ↩︎
пайда Өндіріс құнынан асып кеткен табыс. Ол құнына өндірісте пайдаланылған, олардың ішінде фирманың меншігінде бар, барлық қорлардың балама құны кіреді. Өндірілген өнім я қызметтің құны оны шығару үшін керек қорлардың құнынан асып кеткенде пайда шығады. ↩︎
портфель Жеке тұлғалар немесе қаржылық институттарға тиесілі жинақтар, инвестициялар, және жылжымайтын мүлік сияқты нақты активтер жатады. ↩︎
профицит (нарықтағы) Үкімет тарапынан өнім бағасы тепе-теңдік деңгейінен жоғары қойылғанда, өндірушілер сатуға ұсынған өнім санының алушылар сұранысынан артық болуы. ↩︎
ресурс Экономикалық өнім және қызметті шығаруға пайдаланған кірістер. Мысалы, табиғи ресурстар, жұмыс күші, дағдылар, кәсіби талант және өндіріс құралдары. Адамзат тарихында адамдар қолжетімді, бірақ шектеулі ресурстардан өзімізге қажет өнімдерді (экономикалық өнімдер) жасауға тырысқан. ↩︎
реформа Жақсарту мақсатында үкімет тарапынан жасалған өзгеріс енгізу әрекеті, әсіресе институт немесе дағдыны. ↩︎
рецессия Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) төмендеп баруымен сипатталған экономикалық белсенділігінің құлдырауы. Экономисттердің шамалап айтуы бойынша, нақты ЖІӨ екі тоқсан қатар төмендеп бара жатқаны рецессия болып саналады. ↩︎
риэлтордың төлемақысы Жылжымайтын мүлік агенті немесе брокердің қызметі үшін төленетін ақы. Кейде сату бағасының пайыз мөлшерінде өлшенеді, сондай-ақ басқа моделімен есептелуі мүмкін. ↩︎
сақтандыру белгілі бір кірісінен айрылу, зақымдану, ауырған немесе қайтыс болған жағдайда компания немесе мемлекет өтемақы төлеуге кепілдік беретін келісім. ↩︎
салық төлеуге жатпайтын Егер жұмсаған ақшаңыздың бір бөлігі салық төлеуге жатпайтын болса, онда ол сома сіздің салық төлеуге тиесілі табысыңыздан шегереледі. ↩︎
салыстырмалы артықшылықтар заңы Жеке адамдардың, фирмалардың, аймақтардың немесе елдердің қалайша үлкен өнім өндіріп, сауда-саттықтан өзара табысқа қол жеткізе алатындығын ашатын қағида. Бұл қағида бойынша әрқайсысы арзан өндіре алатын (басқаша айтқанда балама құны төмен болатын) тауарларды өндіруде маманданады және өзіне қымбат түсетін тауарларға айырбастайды. ↩︎
саналы білімсіздіктің әсері Адам өзінің сайлау дауысының маңыздылығын күмәндағанда, сайлаушының саналы түрде білімсіздігі пайда болады. Сол себептен ол адам білікті дауыс беруіге қажет ақпаратты іздегісі келмейді, және ондай әрекеті бұл жағдайда орынды деп саналады. ↩︎
сапасы төмен (junk) облигациялар Әдетте өзінің тәуекеліне байланысты жоғары пайыздық мөлшерлемені төлейтін аз танымал (беделсіз) фирмалар тарапынан шығарылған тәуекелі жоғары облигациялар. ↩︎
саудагер Көтерме саудамен айналысатын, әсіресе шет елдермен айналысатын немесе белгілі бір саудаға тауар жеткізетін адам немесе компания. ↩︎
саяси іскерлік цикл Сайлау алдында экономиканы ынталандыруға және сол арқылы өздерінің және партияларының қайта сайлану мүмкіндіктерін жақсартуға үміттенетін қазіргі саясаткерлердің саясат құралдарын (фискалдық саясат, ақша-несие саясаты) манипуляциялауынан туындайтын іскерлік цикл. ↩︎
сертификаттау Жеке тұлғаның білімі, дайындығы және басқа да біліктілігін растайды. Лицензиядан айырмашылығы, сертификатталмаған тұлғаларға нарықта бәсекелесуге тыйым салынбайды. ↩︎
Smoot-Hawley тарифы 1930 жылының маусым айында АҚШта қабылданған заңнама. Оған сәйкес тариф мөлшері 50 пайызға жуық өсті. Басқа елдер бірдей өзгерістерді еңгезіп, халықаралық сауда күрт құлдырап кетті. Бұл заңнама Ұлы Тоқыраудың басты себепшісі болды. ↩︎
социализм Барлық адамдар теңдігін және олардың мемлекет ақшасының тең бөлігіне ие болуы керектігін айтатын пікірлер жиынтығы. Немесе сол пікірлерге негізделген саяси жүйе. ↩︎
стагнация/тоқырау Экономиканың өзгермей, өспей және дамымай бір орында тұрып қалуы. ↩︎
Standard & Poor's (S&P) 500 Индексі Бүкіл акция нарығын қайта таныстыру үшін таңдалған бес жүз акция қоржыны. АҚШ акциялары құнының жетпіс пайызы S&P 500 индексінде жиналған. ↩︎
субсидиарлық Мәселелерді шешуі ең кіші, төмен әлде жергілікті лауазымды мекемеге тиесілі деп санайтын ұйымдастыру қағидасы. Мүмкіндігінше саяси шешімдерді орталық үкімет емес, жергілікті атқарушы орган қабылдауы керек. ↩︎
субсидия Белгілі бір тауар өндірушілерге немесе тұтынушыларға арналған мемлекеттік төлем немесе салықтық жеңілдік. Мысалы, бидай өндірушілерге төленетін субсидиялар. ↩︎
сұраныс заңы Басқа жағдайлар тұрақты болған кезде, сатып алушылар сатып алуға дайын болатын өнім көлемі мен өнім бағасы арасындағы кері байланысты ұйғаратын заң. Өнім бағасы өскен сайын сұраныс көлемі азаяды. Баға төмендеген сайын тұтынушылар көбірек сатып алады. ↩︎
сыбайластық (сөз байласу, келіссөз) Әсіресе басқаларды алдау мақсатында құпия немесе заңсыз ынтымақтастық немесе қастандық. Қастандықпен айналысатын фирмалар тобын көбінесе картель деп атайды. ↩︎
сыртқы әсерлер Келіспейтін сыртқы тараптардың әл-ауқатына әсер ететін әрекетінің асып кететін әсерлері. Егер асып кететін әсерлері оң болса, оларды сыртқы пайда деп те атайды. Егер асып кететін әсерлері сыртқы тараптарға кері әсерін тигізсе, оларды сыртқы шығындар деп те атайды. ↩︎
тамыр-таныстық негізіндегі капитализм Нарық институттары жұмыс істейді, дегенмен бизнестің кірісі мен шығыстарының экономикалық және нарық күштердің ықпалымен емес, саяси шешімдердің нәтижесінде қалыптасуы. Үлкен дәрежеде бизнес-фирмалардың қызметі мемлекеттік субсидиялармен, келісімшарттармен және ережелермен бақыланады. Өз кезегінде көптеген коммерциялық фирмалар үкіметтің пайдасына бәсекеге түсу үшін жарналар мен басқа да саяси қолдау түрлерін қолданады. (crony, ағылшын - досы немесе беделді біреудің қолында жұмыс істейтін адам, әсіресе адал емес көмек беруге және алуға дайын адам.). ↩︎
тапшылық Адамдар табиғаттағы еркін және қолжетімді тауар не ресурс көлемін көбірек талап етуі. Бағаланатын кез келген зат тапшы болуы мүмкін. ↩︎
тариф Басқа елден әкелінген тауарларға салынған салық. ↩︎
тепе-теңдік Сұраныс пен ұсыныстың қарама-қайшы күштері тепе-теңдікте болатын жағдай. Нарық тепе-теңдікте болған кезде тұтынушылар мен өндірушілердің шешімдері үйлесімге келеді және нарықтың клиринг баға деңгейінде сұраныс мөлшері ұсынысқа тең болады. ↩︎
тозу Активтің немесе валютаның құнының төмендеуі. ↩︎
тонау Заттарды басқалардан тартып алу әрекеті. ↩︎
төлем қабілетсіздігі Жеке немесе заңды тұлға қарызын төлей алмайтын кезде қаржылық қиындықтарға тап болатын жағдай. Бұл ресурстардың (активтердің) жетіспеушілігінен немесе осы ресурстарды ақшаға (өтімділікке) айналдыра алмауынан туындайды. ↩︎
төлем қабіліттілігі төмен қарыздар Ұақытында өтелмеген қарызы бар немесе несие алу үшін тапсырған құжаттары (табысы, жұмыс тарихын және несие төлеу қабілетін растайтың басқа құжаттар) жеткіліксіз қарыз алушыға берілген несие. Негізінде төлем қабілеттілігі төмен қарыздардың пайыз мөлшері стандарттық қарыз алушыға белгіленген пайызынан артық болады. Қарыз алушыға лайық пайыз мөлшерін белгілеуге көмектесетін маңызды институты "қарыз рейтингі" болып саналады. Қарыз рейтингін есепші тәуелсіз мекеме адамның бұрынғы қарызды өтеу тәртібін қадағалайды. ↩︎
транзакциялық шығын Өнімдер мен қызметтерді іздеу, келіссөз жүргізу және алмасуды аяқтау үшін қажет уақыт, жігер және басқа да ресурстар. ↩︎
трансферттік төлемдер Үкімет көрсеткен қызметтеріне қарамастан жеке және заңды тұлғаларға төлейтін төлемдер. Бұл біреулерге салық салынатын, басқаларына аударылатын қаражат. ↩︎
тұрғын үй дағдарысы {2008-2009 жылдардағы} Бір осы уақыт ішіндегі көптеген елдерде тұрғын үй бағаларының күрт төмендеуі. 2007-2010 жылдар аралығында Ирландияда үй бағасы шамамен 35% -ке түссе, ал АҚШ-та тұрғын үй бағасы осы кезеңде шамамен 16% -ке төмендеді. Бұл құлдырау көптеген қарыз алушылардың үй құнының (нарықтық бағасы ипотеканың қарыз көлемі сомасына кемітілген мөлшері) төмендеуіне әкеледі. Көптеген қарыз алушылар өздерінің ипотекалық несиелерін төлеуден бас тартты, бұл бүкіл әлемдегі банктерге қиындықтар туғызды және үкімет тарапынан «құтқару» шараларына түрткі болды. ↩︎
үй шаруашылығы Бірге тұратын адамдар тобы, әдетте отбасы. ↩︎
үкіметтің қабілетсіздігі Саяси үдерістердің, соның ішінде демократиялық саяси шешімдер қабылдау, қалыптасқан ынталандыру құрылымы нәтижесінде жеке адамдарды экономикалық тиімділікке қайшы келетін әрекеттерді жасауға итермелейтін жағдай. ↩︎
үлестік пай қоры Инвесторлардың қаражаттарын біріктіріп, оларды акциялар пакетін сатып алуға пайдаланатын қор. Үлестік пай қорлары тіпті ұсақ инвесторларға да түрлі акцияларға иелік етуге мүмкіндік береді. ↩︎
ұлттық (мемлекеттік) қарыз Пайыздық төлемі бар облигациялар түріндегі үкіметтің өтелмеген борышының жиынтығы. Ол бюджет тапшылығы мен профицитінің жиынтық әсерін көрсетеді. ↩︎
ұлттық табыс Белгілі бір мерзім ішінде бір ел азаматтарының тапқан жиынтық табысы. ↩︎
ұсыныс заңы Басқа жағдайлар тұрақты болған кезде, өндірушілер сатуға дайын өнім көлемі мен өнім бағасы арасындағы оң байланысты ұйғаратын заң. Өнім бағасы өскен сайын ұсыныс көлемі артады. Баға төмендеген сайын ұсыныс көлемі азаяды. ↩︎
фаворитизм (таныс-тамыр) Әсіресе беделді біреудің тарапынан бір адамға немесе топқа көрсетілетін әділетсіз қолдау. ↩︎
физикалық капитал Тауарлар мен қызметтер жасауға қолданылатын адам қолымен жасалған ресурстар (мысалы, құралдар, жабдықтар мен құрылымдар). Олар біздің болашақтағы өндіріс қабілетімізді арттырады. ↩︎
халықаралық саудаеркін сауда анықтамасын қараңыз. ↩︎
чектік депозит Чек жазып беруге болатын депозит. ↩︎
шекті пайда Тауардың немесе қызметтің қосымша бір бірлігін тұтыну сияқты әрекеттен алынған жалпы құнның немесе пайданың өзгеруі. Бұл тұтынушының сол тауарға немесе қызметке ең көп төлеуге дайын болған соманы сипаттайды. ↩︎
шекті салық мөлшері Салық төлеуге жататын қосымша доллар кірісінің пайыздық бөлігі. Жеке шешімдер қабылдау кезінде шекті салық мөлшері маңызды. ↩︎
шекті шығын Өнімнің қосымша бір бірлігін өндіру сияқты іс-әрекет нәтижесінде жиынтық шығындардың өзгеруі. ↩︎
шекті Ағымдағы жағдайда өзгерістің әсерін сипаттау үшін қолданылатын термин. Мысалы, қазіргі берілген өндірістік құралы мен қуаты бола тура, шекті шығын өнімнің қосымша бір бірлігінен туындайтын жиынтық шығындағы өсім. ↩︎
шетелдік инвестициялар Басқа ел компаниясы немесе азаматы сіздің еліңіздегі компания активтерін немесе меншік үлестерін инвестициялауы. ↩︎
шығармашылық жойылу Ескі өнімдер мен өндіріс әдістерін тұтынушылар құнды деп санайтын инновациялық жаңаларына ауыстыру. Бұл үдеріс экономикалық өсу мен өмірдің жоғары деңгейіне әкеледі. ↩︎
ынталандыру құрылымы Белгілі бір іс-әрекетті ынталандыру үшін ұсынылатын сыйақы түрлері және альтернативті іс-әрекеттерге тосқауыл қоюға арналған факторлар. ↩︎
ынталандырулар Белгілі іс-әрекеттерден күтілетін нәтиже. Оң іс-әрекеттер марапатталады, ал теріс іс-әрекеттер айыппұлға әкеледі. ↩︎
экономика Тапшы ресурстардың бөлінуіне және таратылуына әсер ететін жеке тұлғалар, үкімет, кәсіпорындар мен басқа да ұйымдардың таңдаудын зерттейтін ілім. ↩︎
экономикалық жағынан тиімді Белсенділік жұмсалған ақшаға сай болған кезде экономикалық жағынан тиімді болады. ↩︎
экономикалық институттар Меншік құқығының қауіпсіздігіне, келісімшарттардың орындалуына және сауда көлеміне әсер ететін құқықтық, нормативтік және ақша-несиелік ережелер, заңдар мен әдет-ғұрыптар. Әсіресе сауда серіктестері бір-бірін танымаған кезде, тараптар арасындағы транзакциялық шығындарға үлкен әсер етеді. ↩︎
экономикалық өркендеу Жан басына шаққандағы кірістің үздіксіз өсуі және өмір деңгейінің жоғарылауы. ↩︎
экономикалық өсу Кезеңнен кезеңге нақты Жалпы Ішкі Өнімнің өсуі (белгілі бір экономикада белгілі бір кезеңде өндірілген өндіріс пен қызметтердің нақты құны). ↩︎
экономикалық тиімділік (1) шығындарға қарағанда көбірек пайда түсіретін барлық іс-шаралар жүзеге асырылған кезде; және (2) шығындар пайдадан асып түсетін іс-шаралар жүргізілмеген кезде орын алады. ↩︎
экспорт Елімізде өндірілген, бірақ шетелге сатылатын тауарлар мен қызметтер. ↩︎
Авторлар туралы
Джеймс Д. Гвартни Флорида мемлекеттік университетінің экономика профессоры, осы университетте ол Гас А. Ставрос атындағы көрнекі ғалым атағына ие. Ол қазір 16-басылымы шығып жатқан «Экономика: жеке және қоғамдықтаңдау» (Cengage South-Western Press, 2017) кітабы авторларының бірі, бұл кітапта экономиканың кеңінен қолданылатын қағидалары жазылған. Сондай-ақ, экономика әліппесі іспетті «Сауатты Экономика: байлық пен өркендеу туралы жұрттың бәрі не білуі керек» (St. Martin’s Press, 2016) кітабының да авторы. Ол «Әлемнің экономикалық еркіндігі (EFW)» жылдық есебінің авторы, онда 160-тан астам ел институттары мен стратегиясының экономикалық еркіндікке сай-сай еместігі туралы мәлімет берілген. Оның мақалалары American Economic Review, Journal of Political Economy, Southern Economic Journal және Journal of Institutional and Theoretical Economics журналдарында басылды. 1999-2000 жылдары ол АҚШ конгресінің Бірлескен экономикалық комиссиясының бас экономисі қызметін атқарды. Ол – Оңтүстік экономикалық қауымдастық пен Жеке кәсіпкерлікке оқыту қауымдастығының экс-президенті. Ол экономикадан Ph.D. дәрежесін Вашингтон университетінен алған.
Ричард Л. Строуп – Монтана мемлекеттік университеті мен Солтүстік Каролина мемлекеттік университетінің екеуінің де экономика ғылымдарының құрметті профессоры. Ол Ph.D. дәрежесін Вашингтон университетінен алған. 1982-1984 жылдары ол АҚШ Табиғи ресурстар және байырғы халықтар істері жөніндегі министрлігінде стратегияны талдау кеңсесі директоры қызметін атқарды. Строуп әлемнің жылынуы, жер телімдері қолданысын реттеу, археология және қоршаған ортаға қатысты саясатты жақсарту туралы сөз сөйлеп, мақалалар жариялаған. Оның зерттеуі «еркін нарық қоршаған орта» атты ұстанымды қалыптастыруға көмектесті. Ол «Экономика: жеке және қоғамдық таңдау» атты экономика қағидалары жазылған кітаптың тең авторы, бұл кітаптың 16-басылымы шықты. Оның «Экономика: экономика мен қоршаған орта туралы жұрттың бәрі білуі тиіс жәйттер» (Washington: Cato Institute, 2nd edition 2016) кітабын Жекеменшік мүлік және қоршаған ортаны зерттеу орталығы қаржыландырды, Строуптың өзі осы орталық құрылтайшыларының бірі.
Дуайт Р. Ли Ph.D. дәрежесін Сан-Диегодағы Калифорния университетінде 1972 жылы алған. Сол уақыттан бері ол Колорадо университеті мен Виржиния техникалық университетінде дәріс берді. 1985- 2008 жылдары Джорджия университетінде экономика мен жеке компания саласы бойынша Рамси профессоры болды. Ph.D. дәрежесін Сан-Диегодағы Калифорния университетінде 1972 жылы алған. Содан бері ол Колорадо университеті мен Виржиния техникалық университетінде дәріс берді. 1985- 2008 жылдары Джорджия университетінде экономика мен жеке компания саласы бойынша Рамси профессоры болды. Қазір ол Оңтүстік методист университетінде аға оқытушы және Болл мемлекеттік университетіндегі Саяси экономиканы зерттеу институтының құрметті оқытушысы. Профессор Ли қоршаған орта мен табиғи ресурстар экономикасы, саяси шешім қабылдау экономикасы, қоғамдық қаржы, құқық пен экономика және еңбек экономикасын қамтитын алуан түрлі саланы зерттеді. Карьерасы барысында профессор Ли ғылыми журналдарға 160-тан астам еңбегін, газет-журналдарға 300-ге жуық мақала мен ой-пікірлерін шығарып, он төрт кітаптың тең авторы болып, тағы бес кітаптың редакторы болды. Ол АҚШ-пен қатар Еуропа, Орталық Америка, Оңтүстік Америка, Азия және Африкадағы университеттер мен конференцияларда дәріс оқыды. 1994-1995 жылдары ол Жеке кәсіпкерлікке оқыту қауымдастығы, ал 1997-1998 жылдары Оңтүстік экономикалық қауымдастығының президенті болды.
Тоуни Хант Феррарини – Миссури штатындағы Сейнт Чарльз қаласындағы Линденвуд университетінің Хаммонд институтында Экономикалық білім беру бойынша Роберт. У. Пластер профессоры және аға экономист болды. Ол Солтүстік Мичиган университетінде Жеке компания саласы бойынша Сэм М. Коходас профессоры ретінде жиырма жыл қызмет етті, 2015 жылы Экономика оқытушыларының ұлттық қауымдастығының президенті болды және ол Экономика оқытушыларының ұлттық қауымдастығының Технология сыйлығы берілген алғашқы адам. Тоуни «Мұғалімдер де миллионер болғысы келеді»(енді шығады), «Америка тарихындағы экономика эпизодтары» (2019) және "Сауатты Экономика" (2016) кітаптарының тең авторы. Оның мақалалары беделді ғылыми журналдарға басылады және ол Экономикалық білім беру кеңесіне, АҚШ-тағы Жастар жетістігі курсы мен Канададағы Фрейзер институтына оқу жоспарын жазды. Әлем елдеріндегі университеттер, ұлттық кеңестер мен мемлекеттік емес ұйымдар оны сөз сөйлеуге, бағдарлама түзуге, семинар өткізуге және экономикалық сауаттылықты ашуға бағытталған әрекеттерді қаржыландыруға қолдау көрсетуге шақырады. Ол докторлық дәрежесін Сейнт Луистегі Вашингтон университетінен алды.
Джозеф П. Калхоун – Флорида мемлекеттік университетінің Еркін кәсіпкерлік пен экономикалық білім беруді жақсартумен айналысатын Ставрос атындағы орталық директоры және дәріс оқитын профессор. Қазір ол өткізетін экономика қағидалары пәніне жылына 2 мыңнан астам студент жазылады. Ол оқыту тақырыбындағы ұлттық конференцияларда аудиториядан медиа мен технологияны тиімді қолдану туралы презентацияларды жиі жасап тұрады. Шет елде оқу бағдарламаларын қызу қолдайтын ол Англия, Италия және Испанияда дәріс оқыды. Др Калхоун көп сыйлық алған, соның ішінде Флорида мемлекеттік университетінің бакалавриатқа сабақ беру сыйлығын да алды. Ол докторлық дәрежесін Джорджия университетінде қорғаған.
Рандалл К. Файлер – Хантер колледжі мен Нью-Йорктегі Сити университетінің магистратура орталығының профессоры және 1993 жылдан бері Чех республикасы Ғылым академиясы мен Чарльз университетінің бірлескен жұмыс орталығы CERGE-EI институтына барып, экономикадан дәріс оқып тұрады. Профессор Файлер 1994 жылдан бері CERGE-EI институтының Әкімшілік және бақылау комитетінде қызмет етіп келеді және ол Орталық және Шығыс Еуропа және бұрынғы Кеңес одағынындағы посткоммунистік транзиттік экономикалардағы экономикалық білім беруге зор қолдау көрсететін CERGE-EI қоры президенті. Ол Әлемдік даму желісінің Орталық және Шығыс Еуропа елдері бойынша үйлестіруші болып қызмет атқарады. Профессор Файлер – Грузиядағы Тбилиси халықаралық экономика мектебінің ғылыми кеңесінің мүшесі. Ол IZA (Бонн) және CESifo (Mюних) институттары зерттеушісі. Профессор Файлер Ph.D дәрежесін Принстон университетінен алған, онда Индустриал қатыстар бөлімі мен Тұрғындарды зерттеу кеңсесінде жұмыс істеді. Оның зерттеуіне өзгелермен қатар Ұлттық ғылым қоры, Еуропалық одақтың ACE бағдарламасы, Альфред Слоан қоры, Volkswagen қоры және Ұлттық өнер қоры қолдау көрсетіп, мақалалары The American Economic Review, The Journal of Political Economy, The Review of Economics and Statistics, The European Economic Review, The Journal of Development Economics, Economic Development and Cultural Change, and The Economics of Transition сияқты маңдайалды кәсіби журналдарда жарияланды. Профессор Файлер Чех Республикасында екі мәрте Фуллбрайт стипендиясына ие болды және Хорватиядағы Загреб қаласындағы Экономика институтының келіп жұмыс істейтін ғалымы болды. Оның пікірлері Wall Street Journal, New York Times, BBC, ABC, және Good Morning Saudi Arabia сияқты бұқаралық ақпарат құралдарына шықты.
Ғылыми кеңес комитеті
Борис Гота Загреб университетінің Экономика факультетінің профессоры және докторантурадағы халықаралық экономика және қаржы оқу бағдарламасының жетекшісі. Ол Загребтегі Экономика институтының директорлар кеңесінің мүшесі (1997–2000) және Хорватия республикасының Ғылым және жоғары білім одағының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болды (2003–2006). Ол Хорватия Ұлттық банкі кеңесінің мүшесі (2006–2013), Хорватия республикасы президентінің экономика бойынша арнайы кеңесшісі (2010–2012) және Хорватия республикасы президенті жанындағы Экономикалық кеңес президенті (2010–2015) қызметін атқарды.
Олег Гаврилишин Массачуссетс технологиялық институтында экономика бойынша Ph.D. дәрежесін алған, Варшавадағы Әлеуметтік және экономикалық зерттеу орталығының резидент емес Аға қатысушысы және қазір Карлтон университетінің Еуропа, Ресей және Еуразияны зерттеу институтының зерттеуші профессоры. Олег Украина үкіметі кеңесшісі қызметін атқарып, «Тәуелсіздіктен кейінгі реформалар тарихына шолу» есебін дайындады (2014-2016). Қазір ол «Неге кей ел ерте және қарқынды реформа стратегиясын таңдаса, кейбірі біртіндеп көшуді жөн көрді»? деген жаңа сұрақ қойылатын социализмнен нарықтық экономикаға көшу туралы кітап жазып жатыр. Бұл кітап посткоммунистік елдерде стратегиялық шешімдердің қабылдануына қатысты соны мәлімет береді.1991-2007 жылдары Олег Халықаралық монетарлық қордың Еуропа департаментінде директордың орынбасары қызметін атқарып, бұрынғы Кеңес одағы елдеріне жауапты болды. Ол Халықаралық монетарлық қордың директорлар кеңесінің атқарушы директорының орынбасары болды және біраз уақыт Украина қаржы министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Джозеф Пельцман Бостон колледжінен Ph.D. дәрежесін алған және Джордж Вашингтон университетінде экономика және халықаралық қатынастар профессоры, құқық пәні оқытушысы және экономика бойынша Ph.D. бағдарламасы директоры. 1980 жылы осы факультетке келгенге дейін ол Брукингс институты экономикалық стратегия курсы мүшесі және Оңтүстік Каролина университеті оқытушысы болды. Ол Грузиядағы Тбилиси мемлекеттік университетінің Халықаралық экономика мектебінің Халықаралық ғылыми кеңесінің құрылтайшы төрағасы қызметін атқарды(2006–08) және Украинадағы Киев экономика мектебінің халықаралық кеңесшілер кеңесі мүшесі болды (2002–17). Ол Вашингтондағы Сауда-саттық, көмек және қауіпсіздік коалиция мен Ғаламдық жұмыс қоры директорлар кеңесі мүшесі, халықаралық сауда және қаржы қауымдастығы президенті болған. Қазір ол Global Economy журналының басқарушы директоры.
Тақырып бойынша эксперттер
Мына адамдар осы кітапты посткоммунистік қоғамдардың бірегей жағдайына бейімдеу және аударманың нақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосты. Біз олардың құнды еңбегіне алғыс білдіреміз. Дегенмен барлық пікірлер мен қателер жауапкершілігі авторлар мойнында.
Зохид Асқаров экономикадан Ph.D дәрежесін Аустралияның Мельбурн қаласындағы Деакин университетінде алған, қазір Ташкенттегі Вестминстер халықаралық университетінде дәріс оқиды. Оның мақалалары World Development, European Journal of Political Economy, Public Choice және Journal of Housing Economics сияқты журналдарға шыққан. Оның еңбектері негізінен транзиттік елдердің экономикалық және институционалды дамуы мен олардың жанама әсері туралы. Ол ЮНЕСКО, БҰҰ Даму бағдарламасы, Жапон халықаралық ынтымақтасу орталығы, Сасакава бейбітшілік қоры, Деакин университеті, Антверпен университеті, Маастрихт менеджмент мектебі, Төменгі Саксониядағы неміс менеджмент агенттігі және Индонезияның Мемлекеттік әкімшілік ұлттық институтымен бірқатар оқыту және зерттеу жобаларына қатысқан. Зохид – CERGE-EI қорында оқытушы.
Гурген Асланян экономикадан Ph.D. дәрежесін Чех Республикасындағы CERGE-EI институтында алған. Ол Армениядағы Америка университетінде ассистент профессор, CERGE-EI қорында оқытушы және Орал федерал университетінің экономика зертханасында аға зерттеуші. Ол жеке және қоғамдық сектордың екеуіне де кеңес берген, соның ішінде Арменияның Орталық банкі де бар. Зерттеуші ретінде Пенсильвания университеті мен Чех ғылым академиясымен жұмыс істеген. Ол зерттеулерін шет елдерде презентация жасаған және жариялаған, түрлі сыйлықтар алған, қазір Армения экономика қауымдастығы президенті.
Ольга Флис экономикадан M.A. дәрежесін Чех республикасындағы CERGE-EI инстиутында алған, ал теориялық және қолданбалы статистикадан M.S. дәрежесін Львовтағы Иван Франко ұлттық университетінде алған. экономикадан M.A. дәрежесін Чех республикасындағы CERGE-EI инстиутында алған, ал теориялық және қолданбалы статистикадан M.S. дәрежесін Львовтағы Иван Франко ұлттық университетінде алған.
Арам Хазарян экономикадан Ph.D. дәрежесін Турин университетінде алған. Ол Армениядағы Америка университеті мен Ереван мемлекеттік университетінде экономикадан дәріс оқиды. Ол – «Мінез-құлық шешімдері орталығының» зерттеу және кеңес беру ұйымы құрылтайшысы.
Аида Гжика экономикадан Ph.D дәрежесін Ұлыбританиядағы Стаффордшир университетінде алған және Тирана университетінің экономика факультетінде дәріс оқиды. Ол 10 жылдан астам уақыт бакалавриат, магистратура және докторантура пәндерін (микроэкономика мен академиялық жазу) оқытып, түрлі халықаралық жобаларға көбіне деректерді талдауға білікті практик-экономист ретінде қатысып, кеңес берген. Оның зерттеулері фискалды орталықсыздандыру және экономикалық өсуге фокус жасайды, бірақ сонымен қатар ол фискалды саясат, темекі өнімдеріне салынатын салық және аймақтық өсуді де зерттейді. Аида – CERGE-EI қорының оқытушысы.
Майя Григолия экономикадан M.A. дәрежесін Грузиядағы Тбилиси мемлекеттік университетінің экономика мектебінде алған. Ол Тбилиси мемлекеттік университетінде Ph.D. дәрежесін алды. Қазір ол Кувейттегі Америка Таяу Шығыс университетінде оқытушы. Оның оқыту, зерттеу, жоба жазу және кеңес беру ісінде 10 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол фискалды саясат, қаржы саласындағы білім және жеке сектор дамуы салаларын зерттеуге қызығады. Ол макроэкономика, экономикалық саясат, экономика қағидалары , статистика және деректерді талдау пәндерін оқытқан. Ол бұрындары Дүниежүзілік банк (ДБ), Азия даму банкі (АДБ), Еуропалық комиссия және USAID сияқты түрлі халықаралық ұйымдарға жоба жазып, кеңес берген.
Анахит Ховханисян экономикадан M.A. дәрежесін Грузиядағы Тбилиси мемлекеттік университетінің халықаралық экономика мектебінде алған. Ол – Арменияның Орталық банкінің Монетарлық саясат департаментінде экономист.
Дрини Имами ауылшаруашылығы азықтары және саясаты экономикасынан Ph.D. дәрежесін Болонья университетінде алған. Ол Еуропадағы бірнеше маңдайалды зерттеу институтында зерттеу жасап, елуден астам ғылыми журналда мақаласы жарияланды. Ол мінез-құлық, саяси және институционалды экономикаларды зерттеуге қызығушылық танытады. Дрини Азық-түлік жөніндегі дүниежүзілік ұйым, Дүниежүзілік банк, Еуропадаға қауіпсіздік және даму банкі, Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы және Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінде кеңесі қызметін атқарған. Ол Тирана ауыл шаруашылығы университетінің агробизнес факультетінде қауымдастырылған профессор.
Лесли Макколл, дипломы бар қаржы аналитигі, MBA дәрежесі Виржиния университетіндегі Колгейт Дарден бизнес администрация мектебінде, ал бакалавр дәрежесін Веллесли колледжінде алған. Ол Уолл Стритте 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, қор нарығы, портфолио менеджменті және инвестициялық банкингте жетекші қызметтер атқарды. Тұтынушы табысы мен мінез-құлқы және оны акциялар саудасына әсерін алдын ала болжауға қатысты экономикалық зерттеуі оны тұтынушылар нарығы саласы сарапшысы ретінде қалыптасуына септесті. Қазір ол қор нарығы бойынша кеңесші.
Бахром Миркасимов – Ташкенттегі Вестминстре халықаралық университеті ректоры. Ол экономика бойынша Ph.D дәрежесін Берлиндегі Гумбольдт университетінде, ал экономика магистрі дәрежесін Вандербильт университетінде алған. Сонымен қатар ол Вестминстер университеті шығаратын, халықаралық дәрежеде рецензияланатын, кез келген зерттеуші мақаласын тіркей алатын Silk Road: A Journal of Eurasian Development жаңа журналының (www.silkroadjournal.online) басқарушы редакторы. Бахром Халықаралық қауіпсіздік және даму орталығымен (Берлин) зерттеу тұрғысында байланыста және Әлемдік еңбек ұйымына мүше. Ол Экономикалық зерттеу бойынша неміс институтында жұмыс істеп, Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты, Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, UNDP, UNPF, ILO және Халықаралық азық-түлік саясатын зерттеу институтында кеңесші ретінде қызмет көрсеткен.
Арбен Мұстафа экономикадан Ph.D. дәрежесін Ұлыбританиядағы Стаффордшир университетінде алған. Докторантурада оның зерттеу тақырыбы – «Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі банк секторындағы бәсеке және оның банктердің тәуекелге баруы мен сыйақы маржаларына әсері». Осы салада оның бірнеше мақаласы жарияланды. Арбен Косово республикасы Орталық банкінде түрлі қызмет, негізінен зерттеу мен экономикалық талдауға қатысты қызмет атқарды. Ол Косовоның Гниланесінде «Кадри Зека» университетінде экономика мен банкингке қатысты бірнеше сабақ береді. Ол CERGE-EI қорының оқытушысы.
Ирина Сабат қазір Португалияның Лиссабон қаласындағы Нова бизнес және экономика мектебінде Мария Склодовская-Кюри зерттеушісі ретінде экономикадан Ph.D. дәрежесін алу үшін ізденіс үстінде. Ол экономикадан M.A. дәрежесін Чех республикасындағы CERGE-EI институтында, ал халықаралық экономикалық қатынастар мен қаржы ісінен M.A. дәрежесін Украинаның Львов қаласындағы Иван Франко атындағы ұлттық университетте алған. Иринаның CERGE-EI қорының оқытушысы ретінде бакалавр және магистратура студенттеріне экономикаға қатысты пәндерді бес жылдан астам уақыт оқыту тәжірибесі бар. Ол университеттің экономика оқытушыларына педагогикалық білім беру үшін CERGE-EI қоры қаржыландыратын экономикалық ағартушылар командасына кіреді.
Едвин Зхлима ауылшаруашылығы азықтары және саясаты экономикасынан Ph.D. дәрежесін Болонья университетінде алған және Тирана ауыл шаруашылығы университетінде (AUT) қауымдастырылған профессор. Ол бірнеше салада, соның ішінде ресурстар экономикасы, мінез-құлық экономикасы және гендер экономикасына қатысты зерттеулер жасап, 40-тан астам мақаласын жариялаған. Ол кеңесші ретінде Азық-түлік жөніндегі дүниежүзілік ұйым, БҰҰ Даму бағдарламасы, Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы, USAID және Швейцария ынтымақтастығы бюросы сияқты халықаралық ұйымдарға жұмыс істеп, түрлі техникалық есептерді түзуге атсалысты.
Албан Зогаж экономика бойынша Ph.D. дәрежесін Италиядағы Марке политехникалық университетінде алған. 2005 жылдан бері ол «Riinvest Institute» аналитикалық орталығында жұмыс істеп келеді және көптеген зерттеу жасады немесе зерттеу мәліметтерін талдауға үлес қосты. 2016-2019 жылдары Албан өсу диагностиксы және экономикалық күрделілік зерттеуіне қатысып, Косово үкіметіне жұмыс істеді. Ол Риинвест колледжінде экономикадан дәріс оқиды.
Зураб Абрамишвили Ph.D дәрежесін Чех республикасындағы CERGE-EI институтында алған. Сонымен қатар ол Тбилиси мемлекеттік университетінің (ISET) халықаралық экономика мектебінде алған экономикадан M.A. дәрежесіне және Тбилиси мемлекеттік университетінде алған математика бойынша B.A. және M.A. дәрежелеріне ие. Ол ISET-те ассистант профессор, бакалавр бағдарламасының тең директоры және CERGE-EI қорының дәріс беруші зерттеуші бағдарламасының аймақтық үйлестірушісі.
Бакари Бараташвили экономика бойынша M.A. дәрежесін Тбилиси мемлекеттік университеті (ISET), ал бизнес әкімшілігінен Ph.D. дәрежесін Грузия техникалық университетінде алған. Ол ISET директоры орынбасары, Кувейттегі Таяу Шығыс Америка университетінде ассистант профессор болған. Бакаридің университеттерде экономика, статистика және қаржы ісі пәндерін оқыту тәжірибесі 15 жыл, сонымен қатар ол Грузияның мемлекеттік қаржы секторында, Халықаралық монетарлық қор мен Дүниежүзілік банкте де жұмыс істеген.
Леван Павленишвили экономика бойынша M.A. дәрежесін Тбилиси мемлекеттік университетінің халықаралық экономика мектебінде, экономика бакалавры дәрежесін Тбилиси мемлекеттік университетінде алған. Ол ISET университетінің Стратегия институты директорының орынбасары болған және халықаралық сауда мен қаржы, эконометрика мен табиғи ресурстар экономикасы сияқты экономика пәндерін 5 жылдан астам уақыт оқытқан. Леван операциялық зерттеуден M.S. дәрежесін Эдинбург университетінен алған.
Руслан Алиев экономикадан Ph.D. дәрежесін Чех республикасындағы CERGE-EI институтынан алған. Ол - Бакудегі ADA университетінің Бизнес мектебінде экономика бойынша ассистент-профессор. Руслан макроэкономика, монетарлық экономика, эконометрика, экономикалық өсу және даму салалары бойынша маманданған. Докторантураға дейін ол Әзірбайжанның Орталық банкінде ақша-несие саясаты бөлімінде үш жыл жұмыс істеген. Ол - Әзірбайжанның Экономика министрлігі, Азия даму банкі, Чехия Ұлттық банкі, Дүниежүзілік банк және Біріккен Ұлттар Ұйымы тәрізді ұлттық және халықаралық ұйымдардың кеңесшісі.
Хусейн Исмайылов – Әзербайжандағы ADA университетінің экономика бойынша қауымдастырылған профессоры. Ол PhD дәрежесін Нидерландыдағы Тилбург университетінен алған. Доктор Исмайылов, сонымен қатар, экономика бойынша M.A. дәрежесін Орталық Еуропа университетінде оқыған. Ол эксперименттік және мінез-құлық экономикасына қызығады. Оның мақалалары Experimental Economics, Journal of Economic Behavior and Organization және Journal of Economic Psychology сияқты журналдарда жарияланған. Ол - CERGE-EI қорының оқытушысы.
Қадырбек Сұлтакеев – қолданбалы зерттеулер мен оқытуда көп жылдық тәжірибесі бар даму экономист. Ол экономика саласындағы алғашқы PhD дәрежесін Қырғыз-Түрік «Манас» университетінде алды және қазіргі уақытта Гиссендегі Юстус-Либиг университетінің ауыл шаруашылығы саясаты және нарықты зерттеу институтында Volkswagen қоры қаржыландыратын ауыл шаруашылығы экономикасы бойынша екінші PhD докторантурасын жүргізеді. Ол Ганновердегі Лейбниц университетінде DAAD зерттеу грантында бір жыл зерттеуші ретінде жұмыс істеді. Ол Вашингтондағы IFPRI штаб-пәтерінде ғалымдармен қысқа мерзімді зерттеулер жүргізу үшін конкурстық негізде таңдалды. Ол фискалдық саясат, сандық әдістер, деректерді талдау, несиелік талдау және қаржылық талдау бойынша PhD және аға оқытушы ретінде әртүрлі курстардан сабақ берді. Қырғыз-түрік «Манас» университеті.
Барчынай Кимсанова 2019 жылдан бастап Volkswagen қоры қаржыландыратын SUSADICA жобасы аясында Лейбниц атындағы Транзит Экономикаларындағы Ауыл Шаруашылығын Дамыту Институтында (IAMO) зерттеуші докторант болып табылады. 2016 жылы ол Анкара университетінің саясаттану факультетінде “Мемлекеттік саясаттың өтімділікті шектейтін экономикаға әсері” атты жұмысын қорғағаннан кейін экономикалық теория саласында философия докторы дәрежесін алды. IAMO-ға келгенге дейін ол ОБСЕ академиясында және Қырғызстандағы Бішкек қаласындағы Манас Қырғыз-Түрік университетінде шақырылған дәріскер болды. Д-р. Барчынай Кимсанованың ғылыми қызығушылықтары экономикалық теориядан бастап қолданбалы экономика мен даму экономикасына, оның ішінде өсу теориясына дейін созылады.
Дамир Есеналиев академиялық зерттеулерде, халықаралық жетілдіруде және мемлекеттік қызметте кәсіби тәжірибесі бар экономикалық даму саласындағы экономист. Ол статистикалық микроэкономикалық зерттеулер, әсерді бағалау, топтық сауалнама және зерттеу әдіснамасы саласында тәжірибесі бар ғалым. Дамир 2013 жылдан бастап “Қырғызстандағы өмір” зерттеуінің академиялық координаторы болып табылады. Ол Лейбниц Көкөніс және Сәндік Дақылдар Институтында және Берлиндегі (ISDC) Халықаралық Қауіпсіздік және Даму Орталығында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Бұған дейін ол Стокгольм Халықаралық Бейбітшілік Мәселелерін Зерттеу Институтында (SIPRI), Германияның Экономикалық Зерттеулер Институтында (DIW Berlin), Дүниежүзілік Банктің Қырғыз Республикасындағы кеңсесінде және Қырғыз Республикасының Ұлттық банкінде жұмыс істеген. Ол Гумбольдт атындағы Берлин университетінде (Германия) экономика ғылымдарының докторы және Уильямс Колледжінде (АҚШ) экономикалық даму саласында магистр дәрежесін алды.
Зәуре Баданбекқызы Байтұрсын атындағы Тіл білімі институтында филология мамандығы бойынша кандидаттық дәрежесін алды (Алматы, Қазақстан). Оның білім берудегі тәжірибесі 50 жыл. Оның ғылыми қызығушылықтары лингвистика, оқыту әдістемесі және академиялық жазу. 203-ке жуық ғылыми мақалалары әртүрлі жергілікті және халықаралық журналдарында, соның ішінде Scopus журналдарында жарияланған. Оның 25-ке жуық оқулығы, экономикалық қазақша-ағылшынша сөздігі мен азаматтық авиация бойынша ағылшынша-қазақша-орысша сөздіктері жарық көрген.
Қуандық Тлеужанұлы КИМЭП Университетінде (Алматы, Қазақстан) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды. Ол Алматыдағы Narxos университетінде PhD кандидаты. Білім беру бағдарламаларын оқыту және басқару саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Оның ғылыми қызығушылықтары - тіл саясаты, еңбек экономикасы және даму экономикасы. Оның оқытушылық портфолиосына статистика және экономиканы мемлекеттік реттеу пәндері кіреді. Оның бұрынғы тәжірибесі КИМЭП, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Сәтбаев Университеті және Орталық Азия университеттеріндегі оқытушылық және әкімшілік лауазымдарды қамтиды.
Майра Жүнісова PhD, экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін Ресейдің Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетінде алған. Және ол Ұлыбританиядағы Лестердің Де Монфорт университетінде заң факультетін магистрлік бағдарламасында оқыды. Бірнеше жыл бойы Нархоз экономикалық университетінде қауымдастырылған профессор болып қызметін атқарды. Ұзақ жылдар бойы ол Қазақстан Үкіметінде жұмыс істеді және UNECE -тің Қоршаған ортаны қорғау тиімділігіне шолу (EPR) бойынша арнайы жұмыс тобының мүшесі болды. Бірнеше жыл Парижде, Гаагада, Миланда және Лондонда халықаралық компанияда жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы Азаматтық авиация академияның Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бас менеджер.
Аудармашылар командасы
Албан тілі
Бледар Е. Курти – ағылшын-албан тілдерінен ауызша/жазбаша аудармашы. Ол – ағылшын тілі мен әдебиеті бакалавры, дипломатия мен халықаралық қатынастардан ғылым магистрі және ауызша/жазбаша аудармадан ғылым магистрі.
Албан Схпата – жиырма жылдан астам тәжірибесі бар, қаржы, құқық, IT және маркетинг тақырыптарына маманданған ағылшын-албан тілді аудармашы.
Елвана Мур – ағылшын-албан тілді аудармашы. Ол – Лингвистер институтының, Ауызша және жазбаша аудармашылар институты және NRPSI-дің толық мүшесі. Ол аударма мамандығы бойынша дипломын Ұлыбританиядағы CIOL институтынан алған.
Армян тілі
Кристин Аршакян – ағылшын/неміс тілдерінен армян тіліне аударатын аудармашы және неміс тілі мен әдебиетінің жағары білімді лингвисі. Ол MBA дәрежесіне ие, қазір экономикадан Ph.D. дәрежесін қорғау үшін ізденіс үстінде.
Найра Мкртчян – ағылшын тілінен армян тіліне аударатын, 15 жылдық тәжірибесі бар аудармашы. Ол ағылшын және испан тілдерінен M.A. дәрежесіне және «аударма» мамандығының дипломына ие.
Грузин тілі
Ирина Готсадзе Мур – ағылшын-грузин тілді аудармашы, редактор, конференция аудармашысы және тілді меңгеру деңгейін бағалайтын маман. Оның 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Шығыс Каролина университетінен халықаралық зерттеулер магистрі дәрежесін алған.
Хатуна Гвелесиани –15 жылдан астам тәжірибесі бар, ағылшын-грузин тілді аудармашы. Ол негізінен экономика, халықаралық құқық және IT саласында аударма жұмыстарын жариялаған. Сонымен қатар, ол экономикалық ақпарат ғылымына маманданған «Ақпараттық ғылымдар мен басқару жүйелерінің» бакалавры. Хатуна –Premium Certified дәрежесіне ие аудармашы және Office Premium аудармашылар қауымдастығының толық мүшесі.
Тамар Кеинашвили 1999 жылы Тбилисидегі Илия Чавчавадзе атындағы Батыс тілдері мен мәдениеті мемлекеттік университетін бітірген. Ол экономика саласы бойынша ағылшын, орыс және грузин тілдерінен аудармашы. 2016 жылдан бері Грузиядағы Үлкен Төрттікке кіретін аудиторлық компанияларда (KPMG және EY) аудармашы болып жұмыс істеуде. Тамар осыған дейін экономика мен инвестиция бойынша бірнеше нұсқаулықты аударған.
Қазақ тілі
Талшын Тоқыжанова Оңтүстік Калифорния университетінде (Лос-Анджелес, АҚШ) экономикалық дамуды бағдарламалау саласында магистр дәрежесін алды. Қазіргі уақытта ол Таллин технологиялық университетінде (Таллин, Эстония) ерте сатыдағы зерттеуші және ғылым кандидаты. Онын алдында Талшын Сүлейман Демирель университетінде (Алматы облысы, Қазақстан) оқытушы болып жұмыс істеді және мемлекеттік бағдарлама аясында бакалавриатқа арналған оқулықтарды ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару жобасында қатысты.
Орыс тілі
Светлана Возиян – ағылшын тілінен орыс/украин тілдеріне аударатын аудармашы және шолушы, The ProZ.com Certified PRO желісінің «білікті аудармашы» куәлігін алған. Сонымен қатар ол автоматты инженериядан магистр дәрежесіне ие.
Катерина Мельниченко – ағылшын тілінен орыс/украин тілдеріне аударатын, он жылдан астам тәжірибесі бар аудармашы. Ол аударма ісінен М.А. дәрежесіне ие.
Александр Мартыненко – ағылшын тілінен орыс тіліне аудармашы.
Зоряна Дорак – ағылшын тілінен украин/орыс тілдеріне аудармашы (және редактор), 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол аударма ісі және саясаттанудан M.A. дәрежесіне ие.
Украин тілі
Наталья Горина – дипломды лингвист және ағылшын тілінен украин және орыс тілдеріне аудармашы. Ол ағылшын тілінен M.A. дәрежесіне ие.
Виктория Батарчук – ағылшын тілінен украин тіліне аудармашы және Америка аудармашылар қауымдастығының дауыс беру құқына ие мүшесі. Ол қолданбалы математикадан M.A. дәрежесіне ие.
Олександр Иванов – ағылшын тілінен украин тіліне аударатын Америка аудармашылар қауымдастығы куәлігіне ие аудармашы.
Зоряна Дорак – ағылшын тілінен украин/орыс тілдеріне аудармашы (және редактор), 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол аударма ісі және саясаттанудан M.A. дәрежесіне ие.
Өзбек тілі
Шухрат Мусинов – экономикадан Ph.D. дәрежесін Ноксвиллдегі Теннесси университетінде алған.
Окила Елбоева – экономикадан Ph.D. дәрежесін Ноксвиллдегі Теннесси университетінде алған.
Әзірбайжан тілі
Рашад Багиров бизнес әкімшілігі бойынша M.S. дәрежесін Түркиядағы Стамбул университетте және макроэкономикалық саясат бойынша M.S. дәрежесін Әзірбайжандағы Баку мемлекеттік университетінен алған. Ол мінез-құлық экономикасына қызығады және қазіргі уақытта ол - Батыс Каспий университетінің Бизнес мектебінің оқытушысы және медициналық компанияның қаржы директоры. Ол - ағылшын тілінен әзірбайжан тіліне аударатын аудармашы және шолушы.
Мирджалал Сейидов – 18 жылдан астам тәжірибесі бар ағылшын тілінен әзербайжан/түрік тілдеріне аударатын аудармашы (және редактор). Сондай-ақ, ол Стамбул университетінен компьютерлік ғылымдар бакалавры дәрежесін алған.
Қырғыз тілі
Алмаз Чороев Лондон Экономика және Саяси Ғылымдар Мектебінде (LSE) магистр дәрежесін алды. Қазіргі уақытта Алмаз жетекші медиа ұйымдардың бірінде жұмыс істейді. Ол ағымдағы оқиғаларға ақпарат өндіруде үлкен тәжірибесі бар және стратегиялық коммуникациялар саласында елеулі тәжірибесі бар медиа-кәсіпқой.
Таалайбек Әбдиев – 20 жылдан астам тәжірибесі бар ағылшын тілінен қырғыз тіліне аудармашы және редактор. Философия ғылымдарының кандидаты (1996, Санкт-Петербург, Ресей), Қырғыз-түрік «Манас» университетінің доценті.
Тынчтыкбек Чороев (Чоротегин) Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясында тарих ғылымдарының докторы дәрежесіне диссертация қорғады (Бішкек, 1998 ж.). Бұған дейін Өзбекстан ҒА Әбу Райхан Беруни атындағы Шығыстану институтында кандидаттық диссертациясын қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған (Ташкент, 1988 ж.). Қазіргі таңда Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің тарих және өлкетану факультеті өлкетану және қырғызтану кафедрасының профессоры. Ол Австрия, Қытай, Үндістан, Ресей, БАӘ, АҚШ және т. б. авторлардың кітаптарын ағылшын және орыс тілдерінен қырғыз тіліне аударып, редакциялаған. Ол BBC Қырғыз қызметінде (Лондон) және Азаттықтың Қырғыз қызметінде (Прага) жұмыс істеген. Қырғыз тарихы бойынша бірнеше монографиялардың, оқу құралдарының және мақалалардың авторы.
≡ | Сауатты Экономика | ← → |